Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

32

.pdf
Скачиваний:
1
Добавлен:
07.06.2023
Размер:
2.36 Mб
Скачать

ланған «Адамдық негізі – әйел» деген атпен басылған материалдың соңына «Семинарист Әуезов» – деп қол қойылғанмен де, Мұхтар «Өз жайымнан мағлұмат» атты өмірбаяндық мәліметтерінде: «Алғашқы жазуларым сырлы әдебиет бетінде болмай, жалпы газет, журнал мақалаларынан басталды. Ең алғашқы баспаға шыққан статьям «Сарыарқа» газетінде: «Адамдық негізі

– әйел» деген нәрсе еді. Бұл, анығында, менің жалғыз өзімдікі емес, Тұраш екеуіміздікі болатын. Негізгі пікір сонікі еді, мен соның пікірімен жаздым. Мақаланы бермегенімізде ешқай-сы- мыздың қолымыз жоқ еді. Басқармадағы Сәбит Дөнентай баласы ма, болмаса Әлімбеков пе, біреуі – мен әкеп берген соң, «Семинарист Әуезов» – деп аяғына қол қойып жіберіпті» деп түсініктеме береді [3, 71]. Елу жылдай ел көзінен ескерусіз қалған бұл мақаланы тауып, тұңғыш рет ғылыми айналымға түсірген – әдебиетші ғалым Рымғали Нұрғали.

М. Әуезовтің тұңғыш жарық көрген тырнақалды туындысы туралы айтқан академик Р. Нұрғалидың пікірінде: «Адамдық негізі – әйел» (1917) деген мақаласынан жиырмадағы бала жігіт Мұхтардың ой-өрісінің кеңдігі, білім дәрежесінің молдығы, қалыптаса бастаған азаматтық парасатының шамасы жақсы аңғарылады. Мақала арқауы – өмірдің жеке бір ғана фактісі емес, қиын-қыртыс түйін – әйел бостандығы тақырыбы. Автор құбылыстың сыртқы жадағай көріністерін жеңіл қарпымайды, проблеманың түп тамырын қазып, тарихи параллель жүргізуге ұмтылады», – делінген [27, 182].

М. Әуезовтің «Адамдық негізі – әйел атты» мақаласында әйел тақырыбы ғана көтерілді деген пікір аздық ететін сияқты. Себебі ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетіндегі өзек болған әйел тақырыбы мәселесін бұрынғы жаттанды көзқараспен Әуезовтің мақаласына теңгере салу дұрыс болмайды. Осы мақаланы зейінмен оқып отырған адамға жазушы көптеген терең ой салады. Адамның жаратылғанынан бастап, оның тіршілік етуі, күн көру кәсібі, әке мен ананың қамқорлығы, әйел мәселесі, сондайақ адам бойына ұялатар қасиеттері мен тәрбиесі сөз болған. Яғни шығармада Абайдың қарасөздеріндегі сияқты тәрбие, дін, мораль, адамгершілік мәселесі көтерілген. «Абай дәстүрінде, қазақ демократтарының үлгісінде жазылған бұл мақалада жиырмадағы Мұхтар сол кезеңнің әлеуметтік көкейкесті мәселесі – әйел

91

теңдігі проблемасын гуманистік идеялармен, педагогикалық тәрбиемен ұштастыра қарайды. Сөз саптау, сөйлем құрылысы, лексикалық байлық жөнінен стильдік даралық танылады. Әйел тағдыры, оқу-ағарту, ғылым, саясат, өнер, халықаралық жағдай, философия – осындай тақырыптарға белсенді түрде қалам тартқан Мұхтар Әуезов шығармашылығының алғашқы кезеңінде журналистика, публицистиканың алатын орны зор. Күнделікті ағымдағы құбылыстарға тез үн қату, пікірді ашық, ықшам айту, идеологиялық мәселелерге өз позицияңды анық білдіру – осы секілді баспасөз талаптары Мұхтар Әуезовтің саясатты, тарихты, философияны терең теңгеруіне, көркем шығармаларының идеялық нысанасына дөп табуына ықпал жасаған, қалыптасу кезеңінде пайда тигізген жағдайлардың бірі» [5, 243]. Мақаладағы көтерген мәселелерді Абайдың қарасөздерін оқып отырып салыстырғанда көзіміз жетеді. М. Әуезов өзінің рухани ұстазы Абайдың ойын сабақтай түскен. Мәселен: «Адамның ғұмыр кешірмек кәсібінің терең түбіне қарасақ, хайуанша күндік қоректі таспен атып, ағашпен ұрып аң аулап жеп немесе жеміс теріп жеп, қарны тойса, аңша бір жерге жата кетіп жүрген» [93, 7].

«... Адам баласы қызықты ғұмыр кешірмек боп қуанып үмітпен өсіп, жылдан жылға қызуы басылып, суынып, ақыры кейін өледі» [93, 7]. Абайдың 38-қарасөзінде «Жансыз жаратқандарынан пайда алатұғын жан иесі хайуандарды жаратып, жанды хайуандардан ақылды инсанды жаратыпты.

Жансыздарды еті ауырмайтын қылып, жан иесі хайуандарды ақыл адам баласы асырайтын қылып, һәм олардан махшарда сұрау бермейтұғын қылып, бұлардың һәммасынан пайда аларлық ақыл иесі қылып жаратқан» [42, 472-473]. Абайдың қарасөзіндегі адамның хайуаннан айырмашылығын: адамның күн көріс тіршілігі мен сана-сезімінің артықшылығында екенін М. Әуезов рухани ұстазының ойымен жалғастырады. Философ ғалым Алтай Тайжанұлының «Адамдық негізі – әйел» атты мақаланы сөз ете келе, Әуезовтің ұстазы Абаймен рухани жақындығы жайлы айтқан сөзіне назар аударайық: «... өзінің рухани әкесі Абаймен үндестігі. Осы тұрғыдан алғанда, М. Әуезов шығармаларындағы көптеген ойлардың Абайдың қарасөздері мен өшпес поэзиясындағы тағылыммен үндесіп тұрғанын көрмеу, елемеу мүмкін емес. Мәселен, Абайда адам проблемасы барынша өткір түрде қоғам-

92

дық-ағартушылық бағытта қойылған. Адам мен Алла, адам мен табиғат, адамның тәлім-тәрбиесі, адам мен иман, тән мен жан тазалығы, еңбек пен зейнет тағы басқалары – Абай шығармашылығының негізгі өзегі» [14, 19]. Бұл туралы М. Әуезов: «Абайдың... өз заманындағы қоғамдық-ағартушылық, тәрбиелік, ұстаздық педагогикалық мәселелерге, әсіресе адам мен адамгершілік ұждан, мораль философиясына тікелей қатынасы бар, толып жатқан бөлек-бөлек бір көлемді, әр сапалы ойшылдық пікірлері бар екені даусыз», – деп жазды [94, 171].

Абайдың жетінші қарасөзінде: «Жас бала да анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі – ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Бұлар – тәннің құмары, бұлар болмаса, тән жанға қонақ үй бола алмайды, һәм өзі өспейді, қуат таппайды. Біреуі білсем екен демелік. Не көрсе соған талпынып, жалтыр-жұлтыр еткен болса, оған қызығып, аузына салып, дәмін татып қарап, тамағына, бетіне басып қарап, сырнай-керней болса, даусына ұмтылып, онан ержетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, біреу күлсе де, біреу жыласа да тұра жүгіріп, «ол немене?», «бұл немене?» деп, «ол неге үйтеді?», «бұл неге бүйтеді?» деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі – жан құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деген» [42, 444]. Абайдың жетінші сөзіндегі оймен мақаладағы мына мысалдағы берілген үзінді сарындас келеді. «Неліктен? Адамда екі түрлі қылықтың жолы бар: бірі – тіршілік қамы, бірі – адамшылық қамы. Барша дүниедегі пайда-мақтан әуел басыма болса немесе туысқаныма, ең болмаса аталасыма болса деп неғұрлым өзіне қарай тартып талап қылу, бұл бір ғана тіршілік қамын көздеген хайуани салахият деп айтылады. Екінші – менен жақсылық тарап, адам баласына әлім келгенше пайдамды тигізсем екен деген жол. Бұл – инсаният, яғни адамдық жолы» [93, 7].

Абайдың адам баласының екі түрлі мінезбен туатын – жан мен тән деген қасиетін, жазушы түсінікті ұғыммен тіршілік пен адамдық қылық деп береді. Ұлы ұстазы айтқанды қайталап, М. Әуезов тіршілік қамын – хайуани салахият, адамдық жолын – инсаният дейді. Абай қарасөзіндегі толық инсаният, инсанияттың кәмалаттығы, пенделіктің кәмалаттығы туралы танымдар – өте күрделі өзекті мәселелер. Инсаният арапша адамгершілік деген мағына береді. Ал Абайда толық инсаният деп, ақын таны-

93

мында өзекті желідей арқау болатын толық адам деген ұғымды білдіреді. Демек, Абайдың танымындағы адам баласына тән екі түрлі қасиетін жазушы рухани тұтастықпен өз шығармасында жалғастырады. Абайдың қарасөздеріндегі ұғымдарды қолданып, ақын танымындағы жарты адам мен толық адам жайлы тереңінен қозғаған пәлсапалық ойларын жазушы мақаласына пайдаланады. Мақаланы ары қарай оқып отырғанымызда, Абай қарасөзінен алынған мынадай үзіндіні кездестіреміз. «Бұлар бұрынғы Толстой сықылды хакимдердің айтуында екінші марқұм әкеміз Абайдың: «Әкесінің баласы – адамның дұшпаны, адамның баласы – бауырың» деген нақыл сөзі һәм пайғамбар ғалаис саламның: «Адамның жақсысы адамға пайдасын тигізген», – деген хадисі де көрсетеді» [93, 7]. М. Әуезов Абайдың отыз жетінші қарасөзінен «Әкесінің баласы – адамның дұшпаны, адамның баласы – бауырың» деген даналық сөзін мысалға алып оқырманға үлгі етеді. Жазушының мақалада ақынның дәл осы сөзін мысалға келтіруінде үлкен мән бар. Себебі жазушы адамгершілік асыл қасиеттерді сөз ғып отырғандықтан, Абайдың адамдық турасында айтқан афоризмдерін мақалаға пайдаланады. «Бұл мақалада Абай поэзиясының, әсіресе Абай қарасөздері әсерінің іздері сайрап жатыр. Жас қаламгер бірде Абайдың белгілі афоризмін қайталайды, екіншіде Абайдың «Әкенің баласы – адамның дұшпаны, адамның баласы – бауырың» деген даналығын мысалға келтіре отырып сөз сабақтайды. Абай әсері тұтас тіркестерден, жүйе-жүйе дидактикалық сарыннан байқалады», – деген академик Р. Нұрғалидың пікірі мақаладағы жазушы көтерген проблема Абай қарасөзінің мазмұнымен өзектес екенін айқындайды

[95, 7].

Алғашқы мақаласы «Адамдық негізі – әйел» атты мақаласын жиырма жасында жазған Мұхтар «Қазақ әдебиетінің қазіргі дәуірі» очеркіне дейін, негізінен, өсу үстінде көрінеді. Бұл эволюцияны ойдың тереңдеуінен, пікірдің өткірлеуінен, білімнің молаюынан, стильдің айқындалуынан байқаймыз. Мақалаларда айтылған жайлардың бірталайы кейін көркем шығармаларға азық болады, жаңаша пайымдау табады, өзгереді, публицистикадағы көп тақырыптылық, проблемалық, тереңдік Мұхтардың – зерттеулеріне, әңгімелеріне, пьесаларына, повестеріне, романдарына ауысады.

94

Қысқасы, қаламгерлік сапардың алғашқы кезеңіндегі айтылмыш туындылар – М. Әуезовтің аса күрделі жолының бастауы. «Адамдық негізі – әйел» «Адамның ғұмыр кешірмек кәсібінің терең түбіне қарасақ, хайуанша күндік қоректі таспен атып, ағашпен ұрып аң аулап жеп немесе жеміс теріп жеп, қарны тойса, аңша бір жерге жата кетіп жүрген», – дейді [93, 7].

Жазушы адам баласының қолынан келетін істерге, оның жасаған өнеріне тоқталады. Автор бұл өнердің барлығының адамгершілік жолымен ғана келетінін түсіндіреді. Бұл ойдың төркіні Абайда былай берілген: «Миллион хикмет бірлән жасаған машина, фабрик адам баласының рахаты, пайдасы үшін жасалса, бұл жасаушы махаббат бірлән адам баласын сүйгендігі емес пе? Кім сені сүйсе, оны сүймектік қарыз емес пе? Адам баласы қанағатсыздық бірлән бұл хайуандардың тұқымын құртып, алдыңғылар артқыларға жәбір қылмасын деп, малды адам баласының өзінің қызғанышына қорғалатып, өзге хайуандарды бірін ұшқыр қанатына, бірін күшті қуатына, бірін жүйрік аяғына сүйентіп, бірін биік жартасқа, бірін терең тұңғиыққа, қалың орманға қорғалатып, һәм әрбірін өсіп-өнбекке құмар қылып, жас күнінде, кішкене уақытында шафхат сәхәріменен бастарын байлап қамқор қылып қоймақтығы, адам баласына өсіп-өніп, теңдік алсын емес, бәлки адам баласының үзілмес нәсіліне таусылмас азық болсын дегендік» [42, 473]. Абайдың 38-сөзінде адамның жаратылғаннан кейінгі күнделікті күн көріс кәсібі мен адамның осы күнгі жасаған жетістіктері айтылады. «Өсиет ғақлияға Абайдың адамгершілік, мораль, мінез-құлық туралы мысал жөнімен келетін өсиет мазмұнды эссе ретіндегі сөздері және діни ғибрат ретінде жазған біраз дидактикалары жатады», – деп профессор Х. Сүйіншәлиев сипаттама береді [96, 914].

«Әуезовтің публицистік алғырлығы әйел теңсіздігін жалғыз қалың мал қырсығынан іздемеуден көрініп отыр. Ол бала тәрбиесіндегі ананың, отбасының орнын айтып, бұған әйел правосыздығының жасар қырсығын ашады, жас талант көзі көріп жиренген әділетсіздікке қарсы ашына үкім айтады. Ол жаңа заманның саналы буынының аузынан шыққан ереуілге шақырған ұрандай естіледі» [27, 183]. «Өмірде әділет, мархабат, махаббат деген нәрсенің атын естімеген ананың жүректегі уәжі мен от ба-

95

сынан, ғайбат өсектен аспаған анадан ақ жүрек, адал ниетті, қамқор тууы мүмкін бе?» – деп тебіренген жолдардан терең сезім, биік адамшылық аңғарылады.

Тіршілік талғажауын итшілеп жүріп тапқан сорлылықтан, қолы мың есе ұзарып, қуаты орасан артқан заманға дейінгі сан ықылым дәуірде өшпей, құрымай қалған бір кеселдің аты – жамандық. Талай қыршынның қанын өзендей сапырып, қырық пышақ болып соғысушы елдер әділетті неге ойламайды? Ағайынды екеуді жауша алыстырып қойған пәле қайдан? Тас қабырғадай меңіреу тығырықтан шығар жол бар ма? Мәселен: «Осы айтылған мағыналы адамшылық туралы өзіміздің ішімізге келсек, бір атаның көздің қарашығындай екі баласы бірімен бірі аңдысып, алдына таман, алысқа қарамай, бірін бірі қарауылдап, қыли болып отырғаны мынау. Адамның кейіп, «дүние шіркін-ай!» – деп өлмегі екі көздің бірінен күткен достығы қастық боп шығып, әмсе жерсоға бергендігінен. Әйтпесе, жасындағы алланың дүниесінің қысы, жазы, күні, түні өзгергеннен емес! Енді дүние осылай әмсе өте ме? Дауасы бар ма? Бұл туралы адамның ішкі сырын ақтара қарап аудара сынаған кемеңгерлердің сөзіне қарасақ әділет мархаметтің негізін былай деп шешеді» [93, 8]. Осы алуандас қабырғалы, мазасыз, ауыр сауалдардың сарқынды жауабын сарыла іздейді жас қаламгер. Сонда тапқан биі, жүгінген қазасы – жалпы гуманизм, адамшылық. Қоршаған орта әсері жайлы автор «Әуелі адам баласының келешектегі адамшылығына ірге болатын істі сол адамның шыққан ортасы бір сурет жасап беріп, соған өзі киген тонын кигізеді. Сонан кейінгі сол адамның өмір жолында көретін жақсы-жаман үлгісінің бәрі жамау я бояу болады», – дейді [93, 8]. Осы пікірді ұлғайта келіп, түйінді байлау жасайды.

Өзі көрбала, үйкүшік, сорлы ана баласына қандай тәрбие бермек? – Мегзер биігі – көрші-қолаңнан артыл деу болса, ұсынар мұраты – тоқты-торымды көбейту жолы. Қызғаншақтық, өзімшілдік, мақтаншақтық, пайдакүнемдік, сұмырайлық мінездің бала бойына қаршадайынан сіңірілуі оның әуелгі тәрбиешісі, бірінші ұстазы – анасының шолақ қарымдылығынан, үлгісіздігінен, мәдениетсіздігінен деген ой айтады Әуезов.

«Адамдық негізі – әйел» атты мақаласы түгелдей дерлік осы тәлім-тәрбие, оқу-ағарту мәселесіне тікелей арналған. Мұнда ав-

96

тор адам баласының ең алғашқы үлгі-өнеге алатыны өзінің әлі жөргекте, бесікте жатқан кезден-ақ елжірей сүйетін анасы екендігі, оның омырауынан еміреніп, еріп шыққан ақ сүті баланың жүрегіне, сүйегіне нұр болып сіңіп, нық орнайтынын төгіле айтып дәлелдейді. «Барлық қаламгерлер сияқты, бұл кезеңде Әуезов те қоғамдық дамудың басты тетігі – халықтың адамгершілік құлқы, сана-сезімі, білім дәрежесіне тікелей байланысты деген көзқарасты ұстанған. Соған сәйкес мақалада автор қоғамды ілгері жылжытудағы, яғни адам баласының мінез-құлық, санасын тәрбиелеудегі әйелдің атқарар қызметін ерекше атап көрсетеді.

«Бұл туралы және сол білгіштердің шешуі мынау: адам баласы бір үлгі біреуден аларда, ең әуелі шын жүрегімен сүйген кісісінен күштеп алады. Сол сүйген кісісінен сүйіп алған үлгі жүрегіне нық орнайды дейді. Бұған қарағанда біздің ой буынымыз қатпай тұрған бала күнімізде ең әуелі елжіреп сүйетін кісі кім? Ол анамыз. Бұлай болғанда біз адамшылығымызға ірге болатын құлықты әкеміз қандай ғалым болсын, қой сауып, тезек теріп жүрген анамыздан аламыз. Бұлай болғанда өмірінде әділет, мархамет, махаббат деген нәрсенің атын естімеген ананың харакеті үй-іші мен от басынан, ғайбат өсектен аспаған анадан ақ жүрек адал ниетті қамқор тууы мүмкін бе?» [93, 8].

«Адамдық негізі – әйел» атты бұл мақаласын Әуезов мынадай тұжырым қорытындымен аяқтаған: «Қай уақытта, қай халықта болсын білім жолында, жұрт қатарына жетерлік халық болу жолында ең керекті шарт – ақ жүректі, екпінді ерлік. Халықты ілгерілететін дөңгелек солар. Оларсыз мақсатқа жақындау мүмкін емес. Бұлай болғанда, алғашқы сөзімді қайта айтамын. Адам баласы тағы болып, еркегі хайуандық дәрежеде жүргенде, әйелден бала туып, ол балалардың бәрі де жастық, қорғансыздықтан анасының айналасына үйіріліп, үй-ішінің бірлігін, одан туысқандық ұйымын кіргізген.

Бұған қарағанда, адамды хайуандықтан адамшылыққа кіргізген – әйел. Адам баласының адамшылық жолындағы таппақ тарақхиеті әйел халіне жалғасады. Сол себепті әйелдің басындағы сасық тұман айықпай, халыққа адамшылықтың бақытты күні күліп қарамайды. Ал, қазақ, мешел болып қалам демесең, әйелдің халін түзе!» [93, 8].

97

Елге білім тарату, ғылымды меңгеру тақырыбы Абай шығармашылығының негізгі де өзекті тақырыбы болып саналады. «Абай өз заманындағы жас ұрпаққа, «көкірегі сезімді, көңілі ойлы» адамдарға үміт артып, олардың жүрегін оятып, оларды өзінің озат мақсат-мұраттарына тартуға ұмтылды. Жастардың өнімді еңбек етіп, ғылым мен білімге ұмтылуы, алға қойған мақсатқа жетуде табандылық көрсетуі – міне, осындай асыл қасиеттерді уағыздау Абайдың бүкіл творчествосының негізгі идея- лық-тақырыптық үзілмес желісінің біріне айналды», – деп, академик З. Ахметов Абай поэзиясының негізгі мазмұны терең гуманизмге құрылғандығын түсіндіреді [97, 75].

Абай поэзиясында кеңінен қозғалатын ғылым-білім мәселесі М. Әуезовтің көсемсөздерінде де тереңінен сөз болады. Абайдың:

Дүние де өзі, мал да өзі, Ғылымға көңіл бөлсеңіз, –

деген ақынның адам атаулыға қаратып айтқан өсиеті М. Әуезовтің де басты ұстанымы екені анық. Ол «Қайсысын қолданамыз?» атты мақаласында Абайдың ойын сабақтайды. «Жұрт оянып, көзін ашып, жұрттыққа бетін түзесе, күннен күнге мұқтажы табылып көбеймек. Осы күнгі біздің көп мұқтажымыздың ішінде ең ірісі – ғылым» [93, 9]. М. Әуезов халықтың сусап тұрғаны, тұрмыстағы ең қажеттісі ғылым екенін ескертеді. «Қайсысын қолданамыз?» деген мақаласында Әуезов халықты ағартудың, қазақ арасына ғылым, білімді таратудың нақты мәселелерін арнайы сөз етеді» [98, 30]. Ал Абай оныншы сөзінде: «Ғылымсыз ахирет те жоқ, дүние де жоқ. Ғылымсыз оқыған намаз, тұтқан ораза, қылған қаж, ешбір ғибадат орнына бармайды», –

деген [42, 448].

Жазушы «Ескеру керек» деген мақаласында қазақ халқының басынан өткен тарихы мен билік жүйесін кеңінен толғайды. «Кешегі ешкімге бағынбай, елді хан билеп, көсем би билеген заман – киіз туырлықты қазақтың тарихында әркімге белгі, бір дәуір. Ол заман өтті. Одан бергі біздің хал бұлқынбай, жатқа бағынудың жолында болды», – дейді М. Әуезов [94, 14]. Халқымыздың тәуелсіз өмір сүрген, хандық билікке бағынған, көсем билердің басқарған тұсын аса құрметпен бағалайды. Киіз

98

туырлықтың астында еркін кең далада өмір сүрген кезін сағынышпен еске алады. Кейіннен қазақ даласында билік құрған рулық жүйені патша өкіметінің енгізген саясаты бұзды. Патшалық отарлау саясаты бір тудың астында өмір сүріп жатқан халықты боданына алып, бөлшектеп жіберді. «ХІХ ғасырдың орта кезіне дейін Қазақстан округтерге бөлініп биленуші еді. 1868 жылғы жаңа тәртіп бойынша, енді қазақ даласындағы патшалықтың әкімшілік аппараты басқа түрлі болды. Бар Қазақстан бірнеше облысқа бөлінумен қатар, сол облыстар уездерге бөлінеді. Уезд болыстыққа бөлінеді. Болыстық ауылнайларға (старшиналарға) жіктеледі [99, 7]. Осы деректер М. Әуезовтің «Ескеру керек» атты мақаласында былай берілген: «Кең қазақ даласын әлденеше указ сайқалдап шықты. Көп өзгеріс жаңалықтар болды. Әуелгі қазақтың халықтық қалпы неше толқып, неше кішірейіп, шым-шытырық түрлерге түсті. Әртүрлі указдардан шыққан өзгеріс халық бақытын мысқылдап жылжытып, құлдық құшағына тастағалы әкелді [93, 14]. М. Әуезовтің бұл айтып тұрған кезі Абай ғұмыр кешкен уақыт еді. Патшалық отарлау саясатының зардабын көрген халықтың іргесі сөгітіліп, береке-бірлігінің қашқан заманы болатын. Абай осы жағдайды түсініп:

Өздеріңді түзелер дей алмаймын, Өз қолыңнан кеткен соң енді өз ырқың, –

деп күйінеді.

Абай патшалық отарлау жүйесінің қазақ даласына енгізген саясатына наразы болып, оны улы тілмен әшкереледі. Отарлық езгіге түскен елінің мүшкіл халіне күйзеле отырып, өзінің шығармашылық өмір жолындағы ұстанған бағытының бағдарламалық ойлары жинақталған бұл өлең – Абайдың хакімдік болмысының айнасындай туынды.

Ақын қазақтың бұрынғы рулық билігін қостады. Өзінің үшінші қарасөзінде: «Бұл билік деген біздің қазақ ішінде әрбір сайланған кісінің қолынан келмейді. Бұған бұрынғы «Қасым ханның қасқа жолын, Есім ханның ескі жолын», әз Тәуке ханның Күлтөбенің басындағы күнде кеңес болғанда «Жеті жарғысына» білмек керек», – дейді [42, 442]. Осы жөнінде академик З. Ахметов былай дейді: «Ел билейтін адам заман ағымын, елдің

99

мұң-мұқтажын жақсы біліп, сонымен қатар «Есімханның ескі жолы», Тәукенің «Жеті жарғысы» секілді бұрыннан келе жатқан ел басқару тәсілдерін жаңа заманның ыңғайына қарай орнымен пайдалана білмек керек дейді» [100, 445]. М. Әуезов те билер заманын аңсайды. Елдік мәселесі мен жұрттың басындағы келеңсіздіктерді өз ішінде шешіп отырған, сөздің құдіретін түсінетін шешен билерді публицист ерекше қадірлейді. Ол туралы былай дейді: «Заман талқысы шапқыншылық, бассыздық еріксіз сондай қылып отырса да, кешегі өткен ердің құнын екі ауыз сөзбен бітіретін елшіл билердің заманы, жұрт мінезінде ол да өзінше бір із қалдырды. Одан бергі арты бұл күнге шейін сейілмей отырған, ел қамқоры басшыдан, берекеден, тәртіптен, намысқайраттан айырылып, құлдық пен зорлық арқанында матаулы болған заман тағы да басқа түрлі із тастап, келешектегі жұртшылыққа өзгеше бір рухты бұл да беріп кетіп отыр» [93, 14-15]. Шешен билер күрделі әлеуметтік мәселелердің шешімінің қиыннан қиысқан түйінін бір-ақ ауыз сөзбен айтып отырған. Орынды айтылған сөзге, уәжге тоқтау – қазақ халқының ұлттық ерекшелігі. Тұрлаулы мәселелерді шешуге сөздің майын тамызған шешендер, көркем сөзден кесте тоқыған ақын-жыраулар қатысқан. «Абай халықтың шешендік сөздерінің байлығынан мол сусындап, шешендік өнерді еркін меңгерген. Ел билеу ісіне жас кезінен араласқан Абай шешендік сөздерді көп құнттап, үйреніп, орынды жерінде үнемі қолданып жүреді. Абай айтты деген сөз үлгілерінен, ақынның шығармаларынан біз оның шешендік сөзге жүйрік болғанын анық байқай аламыз» [100, 445]. Осындай бұрыннан келе жатқан халқымыздың қасиетті ата дәстүрінің бұзылып, ендігі жерде басынан билігінің кеткенін Абай біліп, қатты күйінеді.

Бас-басына би болған өңкей қиқым, Мінеки бұзған жоқ па елдің сиқын, –

дейді. «Өз тұсындағы өмірдің сәуле түсірмес көлеңкелі жақтарын көре білген ақын қай заманда да аз болмаған. Тек солардың түп-тамырына үңіліп, арғы себебін аша білген ақын ғана көрегендік дәрежесіне көтеріле алған», – [101, 76] деп, профессор Ж. Ысмағұлов жазғандай, бұл шығарма 1868 жылдан басталған

100

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]