Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

17

.pdf
Скачиваний:
2
Добавлен:
07.06.2023
Размер:
1.58 Mб
Скачать

Полученные данные дают возможность осуществлять отбор детей в группы«повышенногориска»припроведениидиспансерныхосмотров населения, а также рекомендовать виды спорта в соответствии с максимальнымипоказателями.

Изучение типов конституции позволяет определить многие характеристики организма, в том числе темпы и сроки созревания физиологических функций, которые важны для обучения детей, диапазон двигательных возможностей, а также риск возникновения различныхзаболеваний.

Использование и интеграция дерматоглифического и соматотипологического методов между собой будет способствовать использованию индивидуального подхода в профилактике, диагностике и лечении болезней, что соответствует требованиям персонифицированноймедицины.

ФОРТ-ШЕВЧЕНКАҚАЛАСЫ АЙМАҒЫНДА ӨСІРІЛЕТІН АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ МАЛДАРЫНА ЖАҒЫМСЫЗ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ФАКТОРЛАРДЫҢ ӘСЕРІН ЦИТОГЕНЕТИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ

Досыбаев Қ.Ж., Жомартов А.М., Аманбаева Ұ.Ы., Жансүгірова Л.Б., Жапбасов Р.

ҚР БҒМ ҒК Жалпы генетика және цитология институты,

Алматы, Қазақстан, kairat1987_11@mail.ru

Каспий аймағының құнды биологиялық ресурстары - жағымсыз экологиялық мәселелердің, соның ішінде теңіз деңгейінің көтерілуі, өткен және қазіргі экологиялық ластануының шешілмеген мәселелері, экожүйелердің үздіксіз деградациясы, мұнау өндіру жәнеөңдеукезіндегіластанусалдарынан биологиялықәртүрліліктің апатты құлдырауы және басқа да факторларға байланысты бірқатар қиындықтарды бастан кешуде. Соған байланысты ол аймақтағы қоршаған орта жағдайына әртүрлі физикалық, химиялық және биологиялық факторлардың әсері байқалуы мүмкін. Мұндай қоршаған ортаның зиянды факторлары жануарлардың организміне мутагенді, канцерогенді және тератогенді әсер етуі мүмкін, нәтижесінде сол ортада тіршілік ететін малдардың генетикалық аппаратына әсер етіп, соматикалық клеткаларында әртүрлі хромосомалық аберрацияларды болдырады. Ал, цитогенетикалық әдіс арқылы қоршаған ортаның зиянды әсерлерінен болған

111

өзгерістерді мал фенотиптінде байқалмай тұрып, ерте бастан олардың организміндегі генетикалық әртүрлі өзгерістерді анықтауға және олардың дамуына алдын ала болжам жасауға болады. Осы мәселелерді ескере отырып, Каспий аймағы Форт-Шевченка қаласы маңайында өсірілетін ауыл шаруашылығы малдарына цитогенетикалықзерттеулер жүргіздік.

Зерттеу нысаны ретінде Форт-Шевченка қаласының маңайындағы шаруашылықтарда өсірілетін жынысы әртүрлі 30 бас қой мен 10 бас ірі қара мал және бақылау тобы ретінде Алматы облысы "Мерей" шаруа қожалығынан 10 бас еділбай тұқымды қойлардан қан үлгілері алынып, "Жалпы генетика және цитология институты", "Жануарлар генетикасы және цитогенетикасы" зерханасына жеткізілді. Зертханада перифериялық қан лимфоциттері қоректік ортада өсіріліп, хромосомалық препараттар дайындалды. Зерттеугеалынған мал топтарының перифериялық қан лимфоциттерін қоректік ортада өсіру және хромосомалық препараттар дайындау әдісі Р. Жапбасов және т.б "Сүтқоректі жануарлардың соматикалық клеткаларындағы цитогенетикалық тұрақсыздық деңгейін қоршаған ортаның экологиялық жағдайына генотоксикалық тұрғыдан сипаттама беруге пайдалану" атты әдістемелік нұсқауыбойыншажүргізілді.

Бұл жұмыс барысында ауыл шарушылығы малдарының диплоидты, гиподиплоидты және гипердиплоидты, сондай-ақ полиплоидты клеткалар мен олардағы хромосомалық аберрациялары бар клеткалардың кездесу жиілігі, аберрантты клеткалардағы хроматидті және хромосомалық аберрациялардың спектрі мен түрлері зерттелді. Зерттеу нәтижесінде "Видео-Карио- Тест" компьютерлік бағдарлама жүйесімен жабдықталған "Axioskop-40" микроскопы арқылы Форт-Шевченка қаласының маңайында өсірілетін қойлардан 1065 және ірі қара малдардан 880 метафазалық клеткалар талданды. Зерттеуге алынған ауыл шарушылығы малдарының соматикалық клеткаларындағы хромосомалық аберрациялар, геномдық мутациялар және жалпы цитогенетикалық тұрақсыздық деңгейінің мөлшері, қойларда сәкесінше 2,15±0,97%; 21,94±2,86% және 24,09% тең болса, ал ірі қара малдарында2,14±0,12%; 27,63±3,5% және 29,77% құрады.

Бақылау тобындағы қойларда хромосомалық аберрациялар1,39±0,22%, геномдық мутациялар 7,97±1,5% және

112

жалпы цитогенетикалық тұрақсыздық деңгейі 8,97±1,66% құраса, ал бұл көрсеткіштер бақылау тобындағы ірі қара малдарында тиісінше

0,33±0,2%; 14,49±1,5%; және 14,83±1,69% болды. Зерттеу тобындағы малдардың цитогенетикалық көрсеткішін бақылау тобындағы малдар мен салыстырғанда айтарлықтай айырмашылық бар және зерттеу тобындағы малдарда хроматидті аберрациялардың кездесу жиілігі жоғары екені анықталды. Нәтижесінде хромосомалықаберрациялар жәнехромосомалықбұзылулар спектрі бойынша алынған мәліметтер ауыл шаруашылығы малдарының организміне мұнай қалдықтары түрінде химиялық факторлардың әсер еткенін көрсетті.

«ҚОСШАҒЫЛ» КЕН ОРНЫНЫҢ АУМАҒЫНДАҒЫ МҰНАЙМЕН ЛАСТАНҒАН ТОПЫРАҒЫНАН МИКРОРГАНИЗМДЕРДІ БӨЛІП АЛУ

Есжанова Г.А., Жунусова А.К., Уалиева П.С.

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті e-mail: gauhar_eszhanova@mail.ru

Қазіргі таңда еліміздің экологиялық жағдайы жылданжылға нашарлап барады. Солардың ішінде өзекті мәселелердің бірі топырақтың мұнай және мұнай қалдықтарымен ластануы болып табылады. Ластану көзіне мұнай және газ өңдеу, оларды тасымалдаумен айналысатын өнеркәсіптер жатады. Әлемде жыл сайын мұнайды өндіру, тасымалдау, сақтау және пайдалану барысында миллиондаған тонна мұнай мен мұнай өнімдері жоғалады. Нәтижесінде топырақ мұнаймен ластанып, топырақ эрозиясы, дефляция, криогенез сияқты жағымсыз табиғи процестер жүру жылдамдығы артады. Көмірсутектерді тотықтырушы микроорганизмдер негізіндегі препараттармен мұнай және мұнайменластанғанэкожүйелердітазалауөзектіболыптабылады.

Зерттеу объектісі ретінде «Қосшағыл» кен орнының аумағындағы мұнаймен ластанған топырағы алынды. Топырақтан микроорганизмдақылдарынбөліпалуКохәдісібойыншажүргізілді. Микроорганизмдерді дақылдау үшін ЕПА, Сабуро, псевдомонадты агар және Эшби қоректік орталары қолданылды. Микроорганизмдердің қай түрге жататынын анықтау үшін морфологиялық, физиологиялық және биохимиялық қасиеттеріне зерттеу жүргізілді. Алынған нәтижелерді микроскоптап, түрге дейін

113

идентификациялау барысында ПТР әдісі қолданылды. Идентификация GeneBank халықаралық деректер базасында депонирленген ITS аймақтың тікелей нуклеотидті тізбегін анықтау әдісібойыншажүргізілді.

Жүргізілген зерттеу нәтижесінде қатты қоректік орталарда өсіп шыққан микроорганизмдердің жалпы саны есептелінді Миркоорганизмдер Сабуро қоректік ортасында басым мөлшерде 2,3х105 КТБ/мл өсіп шықты. ЕПА –да өсіп шыққан клеткалар саны 2х105 КТБ/мл болса, псевдомонадты агарда өскен микроорганизмдердің мөлшері0,1х105 КТБ/млболды.

Идентификациялауға жақсы өсіп шыққан екі түрлі штамм алынды. Оларға ҚПс және ҚМ1 шартты атаулары берілді. Іріктеліп алынған штамдардың морфологиялықдақылдық және физиологиялықбиохимиялық қасиеттері зерттелді. Алынған нәтижелер негізінде штамдар туысқа дейін идентификацияланды. Морфологиялық белгілері бойынша ҚМ1 штамының клеткалары таяқша тәрізді, кішігірім, споралары сопақша келген, ал ҚПс штамыныңклеткаларыірі,таяқшатәрізді,споратүзеді.

ПТР анализі бойынша бөлініп алынған штамдардың идентификациясы жүргізілді. Филогенетикалық ағаштарды құру үшін – Mega 6 бағдарламасы пайдаланылды. Нуклеотидтер қатарын теңестіруүшінMuscleалгоритміқолданылған,ағаштыңтұрғызылуы жақын көршілердің қосылуы әдісі (Neiighbor-Joining NJ) бойынша жүргізілді. 16S рРНК гендерінің гомологтық нуклеотидтік қатарын іздестіру АҚШ-тың Ұлттық биотехнологиялық ақпарат орталығының GeneBank Халықаралық деректер базасында BLAST (BasicLocalAlignmentSearchTool)бағдарламасыменорындалуымен қатар, филогенетикалық ағаштардың құрылуы да қосымша жүргізілді.

«Қосшағыл» кен орнының аумағындағы мұнаймен ластанған топырақ микроорганизмдері дақылдарының морфологиялықдақылдық, физиологиялықбиохимиялық қасиеттері дәстүрлі әдістер және ПТРанализі бойынша зерттелді және осы әдістердің нәтижесі бойынша бөлініп алынған штамдар мынадай түрлерге жатқызылды: ҚМ1 штамы - Bacillus subtilis, ҚПс штамы - Bacillus cereus.

Ғылыми жетекшісі – б.ғ.к., профессор м.а. Уалиева П.С.

114

ТҰЩЫ СУ АЙДЫНДАРЫНЫҢ АУЫР МЕТАЛДАРМЕН ЛАСТАНУЫ

Жетпісбай Г.А.

А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті, Қостанай, Қазақстан, gulzatzhetpisbai@mail.ru

Қазақстан жер аумағы жағынан үлкен мемлекет, бірақ сол көп жерлердің көпшілігі құрақ, шөлейт жерлер. Қазіргі таңда тұрғындарды сапалы сумен қамтамасыз ету ғана емес,судағы биотаға оңтайлы өмір сыйлауда маңызы мәселе. Мәселе - тұщы су қорында емес, оның химиялық құрамы қандай элементтерден тұратындығында. Аса қауіпті ластану түрі – химиялық ластану, соның ішінде су айдындарының ауыр металдамен ластануы әр мекенде кездеседі.

Аса қауіпті ауыр металдардың бірімыс. Мыс суда үш түрлі болып келеді: жүзбе, коллоидті және еріген. Мыстың еріген күйіне мыстың бос иондарын және оның органикалық және бейорганикалық лигандаларымен кешенді байланысын жатқызамыз.

Табиғи су құрамындағы мыстың қалыпты көлемі 2-30 мкг/ дм3, теңіз суларында 0,5-3,5 мкг/ дм3. Мыстың жоғары концентрациясы (литрне бірнеше грамм) қышқыл шахта суларына тән. Мыс табиғи су айдындарына негізінен химиялық, металлургиялық өнеркәсіптерден және шахталардан шығатын ағын сулардан және балдырларды жоятын альдегидті реагенттерден түседі.

Сондай-ақ мыстан жасалған су құбырлары және су жүргізгенде қойылған тағы басқа мысты құрылғылардың шіруі нәтижесінде пайда болады. Жер асты суларының мыс құрамдас тау жыныстарымен (халькопирит, халькозин, ковеллин, борнит, малахит, азурит, хризаколла) тікелей байланысуына байланысты орын алады.

Мыстың күнделікті тұтылымы 200-250 грамм болса адам денсаулығында күрделі өзгерістер енгізеді. Мыстың жоғары концентрациясының ұзақ мерзімді әсері адамдарда бүйрек, бауыр, ми қызметнің бұзылуына алып келсе, балықтардың (0,02— 0,2 мг/л) тіршілік үшін күрес, өсуі, көбею қарқынын төмендетеді. Балдырлардың көбісі мыстың жоғарғы концентрациясына бейімделіп 600 мг/кг құрғак күйіндегі

115

салмағына дейін өзінің бойында ұстап тұра алады. Нәтижесінде қоректік тізбектегі мыстың деңгейі көтеріледі. Мыс көп өсімдіктер үшін жоғары уытты метал болып табылады. Мыс өсімдіктерінің жасуша қабатының өткізгіштік қасиетін жоғарлатып, өсімдіктерді өте сезімтал күйге түсіретіндігі дәлелденген.

Тұрмыстық қолданым үшін мыстың шектік рұқсат етілген көрсеткіші 0,1мг/дм3 (жалпы санитарлы көрсеткіш), ал балық шаруашылық су айдындары үшін - 0.001 мг/дм3 .

Шешілетін мәселелердің бірі тиімді және оңтайлы су тазарту әдістерін ойлап табу.

Осы мақсатта Қостанай облысының минералды сорбенттерінің адсорбциялық қасиеті зерттелді. Табиғи сорбенттерді қолданудың кең таралуы сорбциялық қабілетінің жоғары болуымен қатар, бағасының арзандығымен байланысты. Суды мыстан тазартушы сорбенттер ретінде өңделеген цеолит, және Қостанай облысының минералдары асбест, көк саз, қызыл тағы басқа саздары алынды.

Сараптамаға алынған сорбенттердің адсорбциялық қасиетін ертіндідегі мыстың талдамаға дейінгі және кейінгі концентрациясын фотометриялық әдіспен есептеу арқылы шығарылды. Сынама сулардың әр қайсысының көлемі 50мл, ал сорбент-5г болды. Шайқау ұзақтығы 1, 2 және 3 сағат. Жүргізілген барлық зеттеулер нәтижелері цеолит және асбест жоғары, көк және қызыл саздар орташа, басқа түрлі түсті саздар төмен адсорбциялық қасиетеке ие екендігін дәлелдеді. Цеолит және асбесттің адсорбциялық қабілеті салыстырмалы қатынаста көк және қызыл саздың қабілетінен 1,5 есе, түрлі-түсті сазады топырақ қабілетінен 2,9 есе жоғары деген қортынды жасалды.

МҰҒАЛЖАР АУДАНЫНЫҢ ЕГІСТІК АЛҚАПТАРЫНДАҒЫ АСТЫҚ ТҰҚЫМДАСТАРЫНЫҢ АРАМШӨПТЕРІМЕН КҮРЕСУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

Жолаева Г.С.

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті, jolaeva_94@mail.ru

Арамшөп – егін арасында өсетін дала өсімдіктері. Табиғи шабындықтар мен жайылым шөбінің сапасын кемітетін улы

116

және азықтық қасиеті жоқ өсімдіктер де арамшөп қатарына жатады. Бір дақылдың арасында екінші бір дақыл, мәселен бидай егісінде арпа өсіп тұрса, мұны да зиянды өсімдік деп есептейді.

Арамшөп егіске зор зиянын тигізеді: ылғалға, қоректік заттарға ортақ болады, егіннің сапасын кемітеді, топырақты баптау жұмысын қиындатады, егіске зиянды жәндіктер мен ауру таратады.

Қазақстан ғалымдарының көбінің пікірі бойынша, егіншіліктегі экологиялық маңызы қолайсыз салдарларды жете бағаламау пайдаланылған топырақ сапасының айтарлықтай нашарлауына, ондағы қарашірік мөлшерінің 20-30 %-ға төмендеуіне, агрохимиялық және агрофизикалық жағдайының нашарлауына, аса тығыздануына, эрозияның өршуіне, сондай-ақ шектес аймақтардағы тұтастай топырақ экологиясының бұзылуына және де ең маңыздысы егістіктердің арамшөппен ластануына әкеп соқтырды. Республиканың ауылшаруашылығы ғылымдарының алдында егіншілікті одан әрі дамыту, оның жоғары өнімділігін қолдаудың балама жолдарын іздестіру проблемасы туындады. Европаның бірқатар елдерінде оқымыстылар мен практиктер биологиялық егіншілікке көшуді ұйғаруда. Осылардың бәрі – егістіктегі арамшөптермен кешенді күрес жүргізудің нашарлауынан туындап отыр.

Ақтөбе облысына қарасты Мұғалжар ауданында арамшөптердің 18 тұқымдасқа біріккен 40 түрі бар. Айта кететін бір жағдай, Ақтөбе қаласының арамшөптерінің 27 тұқымдасқа біріккен 108 түрі бар екен. Бұл өте көп көрсеткіш. Жыл сайын арамшөптермен күресудің жаңа түрлері қарастырылып келеді. Суармалы егіншілікте арамшөп тұқымдарының су арқылы таралатындығы анықталған. Сумен арамшөп тұқымдары егістікке келмес үшін алдын ала мынадай күресу шараларын қолдану керек:

каналдардың, жол жағаларының жиегіне шыққан арамшөптерді

гүдегенге дейін жою керек;

су ағатын каналдардың түбін, қабырғаларын бетондау;

117

каналдан егістікке су келетін жеріне тұқымды сүзетін торсүзгіш қою.

Алдын алу мен жою шаралары кешенді ұйымдастырылады. Соның ішінде мынадай жолдары ұсынылады:

Механикалық өңдеу: топырақты сыдыра жырту, күз айдалған жер, көктемдегі егіс алдында өңдеу, қопсыту, шөптеу, жабындау.

Термиялық түрмен жою: арамшөптерді өртеу, қыста жер сабағын қатыру

Химиялық әдістер

Алдын алу шараларына мынадай іс – шараларды жатқызамыз:

Тезекті қолдану;

Өрістің уақпішіндігіне жол бермеу;

Суаратын суларды арамшөп дақылдарынан тазарту;

Машиналарды герметизациялау;

Карантинді шараларды ұстану.

Ең көп таралғаны және тиімдісі – химиялық әдіс болып табылады. Бұл әдісті қолдану барысында гербицидтерді қолданады.

Арамшөптермен егістіктердің ластануы жыл сайын қайталана беретін актуальді мәселелердің бірі болып табылады. Сол үшін жыл сайын кешенді шараларды қолданып, үздіксіз күрес жүргізе беруіміз керек.

БАЙҚОҢЫР ҒАРЫШ АЙМАҒЫНДАҒЫ СЫРДАРИЯ ӨЗЕНІ СУ САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІН БИОИНДИКАЦИЯ ӘДІСІ АРҚЫЛЫ БАҒАЛАУ

Жұмағұл М.Ж., Дауленов Д.

С.Ж. Асфендияров атындагы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті, mzhakypzhan@mail.ru

Адамзат үшінші мың жылдыққа өте күрделі экологиялық мәселелермен аяқ басты. Бұл мәселелердің шешілуі жер бетіндегі цивилизациялық даму және адамның өмір сүру жағдайларымен тікелей байланысты. Экологиялық қауіпті ескермей ғылыми-техникалық прогресстің қарқынды дамуы

118

адамзатты қоршаған ортамен биологиялық гормониядан айыруы мүмкін. Қоршаған ортаның аса ластануынан генетикалық үрдістердің тепе-теңдігі бұзылуы мүмкін. Қоршаған ортаның адамның тұқымқуалаушылығына әсері және оның тұқымқуалау материалын өзгерту, репродуктивті жүйе қызметін, жатыр ішілік дамуды өзгертетіндігі ғаламдық алаңдауды тудыруда. Бұл жерде бір ғана шешім бар – ол адам экологиялық генетикасын ғылыми тұрғыдан терең зерттеу және адамзаттың өмір сүру ортасын қорғау шараларын жүзеге асыру. Жаңа ғылыми әдістемелер арқылы адамның тұқымқуалаушылығына әсерін бағалауға мүмкіндік туды.

Қарыштап дамыған ғылыми-техникалық прогресс табиғи ортаның қайтымсыз бұзылуына соқтыруда. Экология соңғы жүз жылдықта өзгергені сонша, тек адам денсаулығына ғана емес барлық түрдің эволюциялық процесіне әсер етуде.

Зерттеу жұмысының мақсаты: Байқоңыр ғарыш аймағындағы Сырдария өзені су сапасының көрсеткішін биоиндикация әдісі арқылы бағалау, гидробиологиялықэкологиялық талдау жасау.

Мақсатқа жету үшін алға қойылған міндерттер:

- Сырдария

өзенінің гидрографиясын және тарихын

сипаттау;

 

-Сырдария өзенінің гидрохимиялық көрсеткіштеріне талдау жасау;

-Сырдария өзенінің гидрофаунасының түрлік құрамы мен таралуына экологиялық мониторинг.

-биоиндикациялық әдіс бойынша Сырдария өзенінің гидрофаунасына

экологиялық-систематикалық талдау.

Алғаш рет Байқоңыр ғарыш аймағындағы Сырдария өзенінің су сапасы биоиндикациялық әдіспен анықталды және гидрофаунасының токсономиялық түрлік құрамы айқындалды.

Зоопланктонды ағзалардың маусымдық сукцессиясы жыл мезгілдері мен су нысандарының экологиялық жағдайына және түрдің төзімділік жағдайына тәуелді екені анықталды.

Зерттеудің барлық нәтижелерін жинақтай отырып, жер айналасындағы кеңістікте сіңіруді жоққа шығару үшін немесе ең

119

болмаса табиғатқа келтірілетін зиянды азайту үшін бірнеше төмендегідей шешімдер ұсынылды:

1.Халықаралық деңгейде зымыранмен улы жағармай компоненттерін тасуға тыйым салу;

2.Жер-орбита-жер бір сатылы кеме корабль-зымыранды жасауға арналған мүмкіндіктері бар мемлекеттер күшін біріктіру;

Байқоңыр жиынтықтықты зымыран ғарыштық аймағына жақын орналасқан Сырдария өзен суының экологиялықгеографиялық жағдайына мониторинг жүйесін жүргізу.

Қорытындыда айта кететін жәйт, зымыран-ғарыш жүйесі Жердің барлық континенттерінің қауіпсіздігі мен аймақтарын қозғап отырғаннан кейін өңдеу және пайдалану мәселелері тек осы жүйені өндіруші-елдердің ғана артықшылығы болып қалмауы керек, яғни әлемдік деңгейде қарастырылуы қажет.

ПРИОРИТЕТНЫЕ ЭКОЛОГИЧЕСКИЕ ПРОБЛЕМЫ АКТЮБИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Изимова Р. Нұрман Л., Шәкіржан А.

Актюбинский региональный государственный университет им К.Жубанова, roza.izimova@mail.ru

Гармонизация взаимодействия человека и окружающей среды, создание экологический благоприятной среды обитания является одним из приоритетов долгосрочной стратегии «Казахстан - 2030». В ней записано «применять нарастающие усилия в том, что бы наши граждане были здоровыми на протяжении всей жизни и их окружало здоровая окружающая среда». Более того ухудшение экологической ситуации законом РК определено как одна из угроз национальной безопасности страны и важнейшим аспектом государственных приотитетов.

В Западном регионе Республики Актюбинской область занимает доминирующие положение по функционированию крупнейших многопрофильных промпредприятии черной металлургии, нефте – газодобычи, развита аграрный сектор, стройиндустрия, всевозрастающие количества автотранспорта и др.

120

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]