Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

73

.pdf
Скачиваний:
1
Добавлен:
07.06.2023
Размер:
6 Mб
Скачать

Жоқтау жыры қазақ ауыз әдебиетінің көне түрі. Сүйікті ата-анасы, жалғызы, жары, ел арадағы батыры, қадірлі адамдарды қайтыс болғанда, ішкі жан күйінішін сыртқа шығарып жоқтау айтатын болған.

Жоқтау да лирикалық жыр. Онда адамның азалы жан толғанысы, күйік – құсасы бейнеленген. Ауыз әдебиетінің басқа түрлері тәрізді жоқтауды шығарушылар да әуелде ақындар, өлең шығаруға

қабілеті барлар. Кейде өз жанынан өлең шығара алмайтындар бұрынғы жоқтауларды жаттап алып тастап, өзжанынансөзқосып, құрастырыптаайтатынболған. Бірақбеташар, тойбастартәрізді, жоқтау жаттап алып, айта беруге келе бермейді.Өйткені әр адамның өмірі, өткен ісі бірдей емес. Сондықтан қайтыс болған адамның өміріне сәйкес жоқтау да жаңа болуы керек.

Кісісі қайтыс болған кез келген үйдің адамының көбіне қолынан өлең шығару келе бермейді.Сондықтан жоқтауды ақындарға шығартады да, салт бойынша оны қайтыс болған адамның әйелі не қызы, не келіні, қарындасы айтады.

Халық үшін жаулармен талай айқасып қол бастаған, еліне қорған болған қанжығалы Бөгенбай батыр өлгенде Үмбетей ақын былай жоқтау айтқан:

Уа Алатайдай Ақшадан

Қорғасындай Бөгенбай...

Асып тудың, Бөгенбай,

Қалмақты қуып қашырдың,

Болмашыдай анадан

Қара Ертістен өткізіп.

Болат тудың,Бөгенбай!...

Алтай таудан асырды,

Темір жұмсап, оқ атқан,

Қалмаққа ойран салдырдың...

- деп, елардақтысыбатырынаегілежастөккен. Өзкезіндехалыққамқорыболып, елінжауданқорғаған батыр не басқа бір жақсы адамды жоқтаудың тамыры, түптеп келгенде, ел тілегінде жатыр. Жоқтау батыр жырларында да, лиро-эпикалық жырларда да жиі ұшырайды.Сондай-ақ Күлтегін батыр өлгенде бүкіл елдің қабырғасы қайысып, айтқан жоқтау-жырлары да эпостық жырлар сарының орайласып жатады. Мұның бәрі Күлтегін ескерткішіндегі жазу-қазіргі түркі тілдес халықтардың көне заманда-ақ елдікті, адалдықты ту етіп көтерген батырлық эпосының алғашқы үлгілері деп танып – білуімізге мүмкіндік береді. «Қорқы ата кітабының» үшінші жырында қазақ қауымына тән салт-сана, әдет-ғұрып басым болып келеді. Мәселен, осы жырдың мына шумақтары қазақтың жоқтау өлеңдерін еске салады:

Савук савук суларыны сұрар олсаң, Ағам Бейрагун ічіді іді.

Ағам Бейрак кедәлі ічарум йоқ, Тавла, тавла шахбаз атлары сұрар олсаң. Ағам Бейрагун бініді іді, Ағам Бейрак гедәлі бинарум йоқ .

Мазмұны: Суық –суық сулардан сұрар болсаң, Ағам Бейрак солардан ішкен еді. Ағам Бейрак кеткелі одан ішкенім жоқ.

Үйір-үйір қыран құстай жүйрік аттардың сұрасаң, Ағам Бейрак содларға мінген еді, Ағам Бейрак кеткелі мінгенім жоқ.

Қазақта ауыр қайғылы хабарды естірту көбіне жұмбақтап, тұспалдап айтылатын болған. Мысалы: Аққу ұшып көлге кетті.

Сұңқар ұшып шөлге кетті. Ол адасып кеткен жоқ, Әркім барар жерге кетті.

«Диуани лұғат ат-түркте» тұрмыс-салт жырларының барлық түрлері де бар деуге болады. Әсіресе, жоқтау, жұбату өлеңдері көбірек кездеседі. Бүкіл ел болып қадірлейтін батырды, аяулы азаматты жоқтап айтқан өлеңдер өзінің құрылысы, сарыны, мазмұны жағынан басқалардан гөрі қазақ фольклорлық жырларына жақын тұрған сияқты. Мәселен,қазақтың мұндай жоқтау өлеңдерінде де жау оғынан қазаға ұшыраған қаһармандардың тірі кезінде еліне көрсеткен істері, шексіз батырлығы, жасаған әскери жорықтары жырланады.

Міне, Махмұт Қашқари жинағындағы осындай жоқтау-өлеңдердің бірі – Алып Ер Тұңға өлгенде айтылған жоқтау. Бұл өзінің мән-мағынасы, терең ойлылығы, сезімге әсер етуі жағынан өзгелерден оқшауланып тұрады. Осы жоқтаудан бірнеше шумақ өлеңді оқып көрейік:

Алб Эртұңға өлдіму, Эсіз ажун қалдіму, Ұзлақ өчін алдіму,

141

Эмдіиурақиіртілур.(АлыпЕрТұңғаөлдіме? Мынадүниеоданқұтылдыма, заманаоданөшіналды ма? Бүгін ел-жұртын оған жан-жүректерімен қайғырып жатыр).

Иағы отін очургэн, Төйдің аны коургэн, Ішлэр түзүб кечірген Тегді оқі өлдүрур.

(Олдұшпанотынөшірушіеді. Ұрыскезіндеәскерсабынтәртіпкесалатын. Ал, өзідұшпанқосының қатарын бұзатын, қиын істерді атқаратын. Оған замана оғы тиді.

Беклер атін эрғұруб, Қазғу аны тұрғұруб, Маңгізі йузі сарғаріб,

Қорқұм энгар туртулар. (Бектер бұл өлімге аттарын шаптырып келді. Қасірет –қайғыдан, тіпті бектердің жүзі запыранымен боялғандай сарғайып кетті.),

Өлішіб эран бөрлайу, Иіртін йақа ұрлайу, Сікріб оні йуалайу,

Сіғтаб көзі өртулур. (Адамдар бөрідей шулады, Жағаларын жыртып жылады. Әуенге салып та боздады. Көздері жасқа толып, түк көрмей қалды.).

Алып Ер Тұңғаны осылай жоқтай келіп, тағдыр дәлдеп оқ атса қалғандарды ерлікке, елдікке шақырады.

Ежелгі түркі тайпаларының шежіресін аңыздар мен тарихи деректер негізінде баяндайтын бұл дастандағы Алып Ер Тұңғаның өлгеніне арнап айтып кеткен жыр шумақтарын жоқтау деп қараймыз, дегенмен аталмыш дастан ескерткіште қашалып жазылып, эпитафиялық өлең ретінде сақталынған.

Сонымен қатар, ХІХ ғ. 2-жартысында өмір сүрген белгілі күйші, ақын, жыраулардың жерленген бейттердегі құлпытастарында қашалып жазылған таңбалы эпитафиялар жақсы сақталған. Соның бірі – Қарамола бейіті әулеттік қорым. Онда белгілі күйші Дәулеткерей Шығайұлы және оның туыстары жерленген. Кешен19 ғасырдың2-жартысы- 20 ғ. басынажатады. Астраханоблыстықжерінде, Төменгі Басқұншақ кентімен солтүстік - батысқа қарай 15-20 км қашықтықта орналасқан. Бұл төре таңбалы эпитафия түгелдей дерлік сақталған. Зерттеушілер анықтаған жазбадағы дерек бойынша, Дәулеткерей 1814 ж. туып, 64 жаста қайтыс болған. Бұл эпитафиялық жәдігерлік әлі де зерттей түсуді керек етеді.

Соңғы ХХғ аяғы мен ХІғ өмір сүрген белгілі тұлғалардың эпитафиялық өлеңдері де баршылық. Зерттей келе, белгілі ақын, публицист –Аманхан Әлімұлының «Айтарым бар...» атты еңбегінен эпитафиялық сарындағы өлеңдерді жоғарыдағы мазмұнмен салыстырып көрелік:

Қас пен көздің, бауырым, арасында, Асқақ кеуде соңына қарасын ба? Басым кетіп барады санасында. Санам кетіп барады санасында.

О, Ажал, бар дертіме өзің бе емім, Жай тапты жаным сұмдық сезінгенім,- Қабірімнің басында жылап тұрған,

Қай кемпірсің, көрмейді көзім менің,-деп жазған. Бұл эпитафиялық өлең алдыңғы өлеңдерге қарағанда мазмұны жағынан ерекше. Ал, Жарасқан Әбдіраштың «Фәниден бақиға дейін..» атты еңбегінде

Мәрттің құлпытасындағы жазу

Кең дүниеде қиыспаған жандарғаЕр ұлымды қалдырдым!

Кең дүниеде сыйыспаған жандарға – Орынымды қалдырдым!...деп жазылған. Бұл еңбекте әр құлпытастарда жазылған Эпитафиялық

өлеңдердің бірнеше түрі анық, айқын көрсетілген.

Қорыта келгенде, эпитафиялық өлеңдер мен жоқтау өлеңдердің өзіндік үндесуін және әдебиет саласында өзіндік орны бар екенін байқауымызға болады.

Қазақ поэзиясындағы жоқтауға негізделген, қазіргі кезде эпитафия деген атпен әдеби әлемдік айналымға түскен ұғым ретінде алынып келеді. Сондықтан қазақ поэзиясындағы осы мазмұндас жоқтаудың озық үлгілерін эпитафиялық тәсіл ретінде қабылдауға болады деп білеміз.

Пайдаланған әдебиеттер

1.Батыс Қазақстан облысы. Эниклопедия.-Алматы: «Арыс» баспасы,2002ISBN9965 -607-02-8 2.Н.Келімбетов «Қ» Ана тілі,1998 ж.

142

3.Келімбетов «Қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірі» Алматы «Мектеп» 1996 4.Жұмалиев Қ.,Ақшолақов Т. «Қазақ әдебиеті» Алматы, «Мектеп» 2003 5.www.google.kz.

6.Ж.Әбдіраш «Құлпытас немесе екі дүние фәниден бақиға дейін...» Алматы. «Атамұра» 2001 ISBN 9965-05-360-2

Изимова А.С.

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Түрксой кафедрасының 1 курс студенті Ғылыми жетекшісі: Әбелдаев Ж.Ә. аға оқытушы

XX ҒАСЫРДЫҢ БАС КЕЗІНДЕГІ ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ТҮРІК ӘДЕБИЕТІНДЕГІ РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

Жалпы, әр елдің әдебиеті белгілі бір уақыт аралығында түрлі сипатқа ие болары хақ. Сол секілді XX ғасырдың басындағы қазақ және түрік әдебиеттерінің де өзіне тән ерекшеліктері бар. Олардың жалпы сипатын танып білу үшін әрине жеке-жеке қарастыру қажет-ақ.

Алдымен, XX ғасырдың басындағы қазақ әдебиетіндегі үрдістерге тоқталып өтсек. Бәрімізге белгілі болғанындай Ресейдегі XX ғасырдың басындағы революциялық қозғалыстар шеткергі ұлттық аймақтардың, соның ішінде қазақ әдебиетінің де жағдайына ерекше әсер етті. Аз ұлттардың зиялы қауым өкілдері осы жағдайды орынды пайдаланып, тәуелсіздік пен бостандық үшін өз ұлттарын ғасырлар бойғы ұйқыдан ояту үшін қос езгіден: патша өкіметінің отаршылдық бұғауынан және жергілікті патриархаттық-рулық зорлық-зомбылықтан құтқару жолында күрес жүргізді. Зиялылар өз халқын тәуелсіздік жолына бастады: білім-ғылым мен өнерді үйренуге шақырды. Бұл үрдісте қазақ халқының өмірін бейнелеуге және оның мүдделерін қорғауға өз үлесін қосқан казақ әдебиетінің рөлі де еш қалыс қалған емес. Қазақ қаламгерлерінің алдыңғы қатарлы легі Абайдың ағартушылықдемократиялық дәстүрін жалғастыра отырып, оларды отаршылдыққа қарсы күрес идеясымен сусындатуға тырысты. Ұлттық қозғалыстың ірі ұйымдастырушылары - Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлы әдеби-шығармашылық, коғамдық-саяси қызметінің революциялықдемократиялық бағытта болғаны айқын. Олар ұлт-азаттық идеясына шығармашылық қызметінде ғана емес, өздерінің қоғамдық-саяси қызметіне де ерекше мән берді. Бұған олардың 1905 жылғы бүкілхалықтық революцияға қатысуы, конституциялық-демократиялық партияның съезінде қазақтардың тәуелсіздігін талап етуі, бұл идеяны «Қазақ» газетінің (1913-1918) беттерінде нысанды бағытта дамытуы, сондай-ақ, патша өкіметі құлағаннан кейін Алаш автономиясын құруға әрекет жасауы осыған дәлел болып табылады. Сондай-ақ, XX ғасырдың басындағы қазақ әдебиетінде Ахмет Байтұрсыновтың халық бостандығы жолындағы күрес жылдары әдебиет саласында онымен қатар өрбіді. «Оян, қазақ!» атты халықтық мәселені өткір көтерген туындының авторы Міржақып Дулатұлының, қазақтың тәуелсіздік жолында күресіне сүбелі үлес қосып, халыктың прогресшілдік мәдениетінің дамуына зор үлес қосқан ақындар - Сұлтанмахмұт Торайғырұлы, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мағжан Жұмабайұлы және Жүсіпбек Аймауытұлының шығармалары жоталанып көзге түседі. Сәбит Дөнентайұлы, Мұхамеджан Сералыұлы, Бернияз Күлеев, Спандияр Көбеев сынды тұлғалы таланттардың қаламгерлік шеберлігі мен қайраткерлігі осы кезеңге тұспа-тұс келді. Сөйтіп, XX ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті «Алаш әдебиеті» деген атаумен көрініс тапты. Оны кейде ұлттық әдебиет кезеңі деп атайды. Яғни, шығармалардың басым көпшілігінің тақырыбы - саяси бостандық, патшалық езгіге қарсы күрес, елді жігерлендіру, ұйқыларынан оятып, білімге, өнерге шақыру.

Енді түрік әдебиетіне шолу жасасақ. XX ғасыр Анадолы түріктері үшін ұлы өзгерістер ғасыры болды. Өйткені, алты ғасыр билік құрған ұлы Осман империясының саяси-экономикалық тұрғыдан шатқаяқтай бастауы, оны түрік халқы тез түсініп, жылдам іске кірісуінің арқасында жаңа саяси сипаттағы мемлекеттің құрылуы, ол мемлекеттің Түркия Республикасы деп аталуы, оның жаңашыл идеологиясын жасауда жасампаз түрік халқының жанкешті күрес жүргізуі, ұлттық күрестің түрік халқының жеңісімен аяқталуы Анадолы жерінде, жалпы алғанда, Таяу Шығыста жаңа геосаяси мәселелердің қалыптасуына негіз болды. XX ғасырдың ұлы қолбасшысы Мұстафа Кемал Ататүрік құрған жаңа мемлекет, осылайша, Анадолы жерінде жаңа саяси кезеңнің басталғанын әлемге жария етті. Бұл кезең қоғамның қай саласында болмасын «Жумхурийет» кезеңі деген атпен атала бастады. 1923 жылы түрікхалқының ұлы жеңісімен аяқталған соғыс әдебиетте де «Жумхурийет әдебиеті» деген кезеңді тудырды, өнерде де солай. Бұл әдеби кезең жаңа идеологияға – Ататүрікшілдік, яки Кемализм атты саяси ұстанымға негіз артты. Сондықтан, бұдан былайғы өмір өрімдері осы идеологияның шегінен шықпауды талап етті. Түркияның қоғамдық құлқы, мемлекеттік мінезі – ұлтшылдыққа негіз

143

артты.Әдебиеттанушы-ғалым Ахмет Кабаклы сол кездегі поэзиясын, оның дамуы, саяси-әлеуметтік мәселелері, өнер бағыттарының иілімдерін ескере отырып, әдеби-эстетикалық тұрғыдан былайша саралайды:

А) Ғаріпшілер немесе бірінші жаңа; Ә) Тәуелсіздер; Б) Жаңа дәстүршілер; В) Екінші жаңа;

Г) Социалист-қоғамшылдар; Ғ) Жаңа панисламистер; Д) Соңғы жаңалар;

Бұлардың бәрінің алдына қойған мақсаты - қалыптасқан дәстүрлі түрік өлеңін құлатып, жаңаша өлең түрін жасау, поэзияны һәм пішіндік һәм мазмұндық тұрғыдан өзгерту, белгілі бір көркемдікэстетикалық көзқарастың құрсауында кетпеу, поэзияда пунктуациядан құтылу, ой-пікір мен философиялық пайымдауларды поэзияға араластырмау, яғни жаңа тіл, жаңа стиль, жаңа көзқарас, жалпы алғанда «жаңалық» іздеу.

Жоғарыда біз XX ғасырдың басындағы түрік және қазақ әдебиетіне тоқталып кеттік. Соның нәтижесінде байқап отырғанымыздай оларға ортақ бір нәрсе бар. Ол рухани жаңғыру мәселесі. Яғни, ол дегеніміз ұлттық сананы оятып, жаңа нәрселерге ұмтылу, іздену. Қазақ арасында рухани жаңғыруға үлес қосқандар әрине аз емес. Бірақ солардың ішінен Ахмет Байтұрсынұлына тоқталғым келіп отыр.

Ахмет Байтұрсынұлы (15.1.1872, қазіргі Қостанай облысы Жангелдин ауданы Сарытүбек ауылы – 8.12.1937, Алматы қаласы) – қазақ халқының XX ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, ақын, публицист, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы. Байтұрсыновтың саяси қызмет жолына түсуі 1905 жылға тұс келеді. 1905 жылы Қоянды жәрмеңкесінде жазылып, 14500 адам қол қойған Қарқаралы петициясы (арыз-тілегі) авторларының бірі Байтұрсынұлы болды. Қарқаралы петициясында жергілікті басқару, сот, халыққа білім беру істеріне қазақ елінің мүддесіне сәйкес өзгерістер енгізу, ар-ождан бостандығы, дін ұстану еркіндігі, цензурасыз газет шығару және баспахана ашуға рұқсат беру, күні өткен Дала ережесін қазақ елінің мүддесіне сай заңмен ауыстыру мәселелері көтерілді. Онда қазақ даласына орыс шаруаларын қоныс аударуды үзілді-кесілді тоқтату талап етілген болатын.1913–1918 жылы өзінің ең жақын сенімді достары Ә.Бөкейхан, М.Дулатұлымен бірігіп, сондай-ақ қалың қазақ зиялыларының қолдауына сүйеніп, тұңғыш жалпыұлттық «Қазақ» газетін шығарып тұрды. Газет қазақ халқын өнер, білімді игеруге шақырды.Байтұрсынұлы сонымен қатарАлашпартиясыбағдарламасындаярлағаншағынтоптыңқұрамындадаболды. Байтұрсынұлыпен Дулатұлы қазақ арасында бұрыннан келе жатқан рулық немесе жүзаралық алауыздыққа байланысты Алаш Ордаүкіметініңқұрамынасаналытүрдеенбейқалды, алайда, олардыңқазақұлттықмемлекеттік идеясын жасаушы топтың ішінде болғандығын замандастары жақсы біліп, мойындады.Тұтас буынның төл басы болған Байтұрсынұлының алғашқы кітабы – «Қырық мысал» 1909 жылы жарық көрді. Ол бұл еңбегінде Ресей отаршыларының зорлық-зомбылығын, елдің тұралаған халін жұмбақтап, тұспалдап жеткізді. Байтұрсынұлы мысал жанрының қызықты формасы, ұғымды идеясы, уытты тілі арқылы әлеуметтік сананың оянуына ықпал етті. Ақынның азаматтық арман-мақсаты, ой-толғамдары кестеленген өлеңдері «Маса» деген атпен жеке кітап болып жарық көрді (1911). «Масаның» негізгі идеялық қазығы – жұртшылықты оқуға, өнер-білімге шақыру, мәдениетті уағыздау, еңбек етуге үндеу. Ақын халықты қараңғылық, енжарлық, кәсіпке марғаулық сияқты кемшіліктерден арылуға шақырды.Ахмет Байтұрсынұлы қазақ әліппесі мен қазақ тілі оқулықтарын жазуды 1910 жылдардан бастап қолға алады. Онымен қоса қазақ графикасын жасауға кіріседі. Қазақ графикасының негізіне қазақтың мәдени дүниесінде көп ғасырлық дәстүрі бар, өзге түркі халықтарды да пайдаланып отырғандықтан, туыстық, жақындық сипаты бар араб таңбаларын алады. Оны қазақ фонетикасына икемдейді, ол үшін қазақ дыбыстары жоқ таңбаларды алфавиттен шығарады, арабша таңбасы жоқ дыбыстарына таңба қосады, қазақ тілінің жуанды - жіңішкелі үндестік заңына сай жазуға ыңғайлы дәйекші белгі жасайды. Сөйтіп, 24 таңбадан тұратын өзі «қазақ жазуы» деп, өзгелер «Байтұрсынов жазуы» деп атаған қазақтың ұлттық графикасын түзеді. Одан осы жазуды үйрететін әліппе жазады. Сөйтіп, оқуағарту идеясына сол кезіндегі интелегенциясы жаппай мойын бұрды. Әрбір зиялы азамат халқына қара танытып, сауатын ашуды, ол әрекетті «Әліппе» құралдарын жазудан бастауды мақсат етті. Сол 1911-1912 жылдары жасалып, Уфа, Орынбор қалаларының баспаханаларында жарық көрген. АхметБайтұрсынұлыныңәліппесі«Оқу құралы» дегенатпен1912-1925 жылдарыарасында7 ретқайта басылып, оқыту ісінде ұзақ әрі кең пайдаланылды. 1926 жылы ғалым «Әліп-бидің» жаңа түрін жазды. Ахмет Байтұрсынұлының қазақ тілінің табиғатын, құрылымын танып-танытудағы қызметі енді мектепте қазақ тілін пән ретінде үйрететін оқулықтар жазумен ұласады. Осы тұста оның атақты «Тіл –

144

құрал» атты үш бөлімнен тұратын, үш шағын кітап болып жарияланған оқулықтар жазылды. «Тілқұрал» тек мектеп оқулықтарының басы емес, қазақ тілін ана тілімізде танудың басы болды, қазіргі қазақ тілі атты ғылым саласының, іргетасы болып қаланды. Жалпы қазақ тіл білімін қалыптастырып, зерттеп, танып-білу тарихымызда Ахмет Байтұрсынұлының «Оқу құралы» мен «Тіл құралдарының» орны айрықша. Қазақ тіл білімінің ана тіліміздегі іргетас қалаудағы Ахметтің тағы бір зор еңбегі - ғылымының осы саласының терминдерін жасауы. Ғалым қазақ тілі грамматикасына қатысты категориялардың әрқайсысына қазақша атау ұсынды. Осы күні қолданылып жүрген зат есім, сын есім, етістік, есімдік, одағай, үстеу, шылау, бастауыш, баяндауыш, жай сөйлем, құрмалас сөйлем, қаратпа сөз деген сияқты сан алуан лингвистикалық атаулардың баршасы Ахмет Байтұрсынұлынікі. Бұлар не бұрынғы қарапайым сөздің мағынасын жанғырту арқылы, не жаңа тұлғадағы сөз жасау арқылы дүниеге келген соны сөздер, сәтті шыққан атаулар екенің олардың күні бүгінге дейін қолданылып келе жатқандығы.Қазақ оқушыларының бірнеше буыны сауатын Байтұрсынұлының әліп-биімен ашып, ана тілін Байтұрсынұлының “Тіл құралы” арқылы оқып үйренді.Көріп отырғанымыздай, Ахмет қазақ халқына саяси тұрғыдан да, әдебиет, тіл тұрғысынан да үлкен үлес қосты.

Түріктер арасынан Ахмет Байтұрсынұлы сияқты өз халқының дамуына әдебиет және тіл арқылы әсер еткен тұлғалардың бірі – Зия Көкалып. Зия Көкалып түрікшілдік қозғалысының көрнекті өкілі, ойшыл, ақын, публицист. Түркия Республикасының қалыптасуына өлшеусіз еңбек сіңірген қоғам қайраткері. Алғашқыда “Жас түріктер” ұйымының ықпалында болған ол 20 жасында “Бірлік және даму” астыртын ұйымына мүше болып, саяси қызметпен айналысады. “Жас қаламгерлер” журналына өлеңдері мен мақалалары жиі жарияланып тұрды. Айрықша, әйгілі “Тұран” поэмасын, “Кермарал”, “Алтын дастан”, “Ауыл”, “Тіл”, “Отан” , “Мәдениет” т.б. өлеңдерін жариялады. Түрікшілік, ұлысшылық ұғымының кеңінен қанат жайып, дамуына зор еңбек еткен Зия Көкалып “Түрікшілдік – түрік ұлтын өркендету, биіктету” деп анықтама берді. Оның пікірінше: “Ұлт дегеніміз – тілі, діні, этикасы мен эстетикасы ортақ, яғни тегі бір тұлғалардан құралған топ”. Түрік ұлысының өркениетке жету жолы: “Түркияшылдық, оғызшылдық-түрікменшілік және тұраншылдық”. Тұран болса, түркі ұлыстарының “бұрын шындыққа айналған немесе болашақта шындыққа айналатын - Ұлы Отаны”. Зия Көкалып түрік тіліндегі араб, парсы грамматикалық ережелерін алып тастауды, шетелдік сөздерді тілдік қолданыстан шығаруды қажет деп санаған. Өз көзқарасын, пікірлерін тарату мақсатымен дидактикалық өлеңдер жазған.

Зия Көкалып Стамбұл диалектісінің жалпы түркі әлеміне ортақ тіл болуы керектігіне сенетін. Көкалыптың пікірінше Стамбұл диалектісін жалпы түркі әлеміне ортақ әдеби тілге айналдыру барлық түріктердің міндеті еді. Бұл міндет орындалғанда түріктер бір ұлт болып қалыптасады. Көкалып осы пікірлерімен өзінен кейінгі ұрпақтарға мұра ретінде бір нысана қалдырды. Ол - Түркиядан тыс түркі тектес қоғамдармен ең жоғары сатыда мәдени ынтымақтастықты орнату.Көкалып түрік тіліне жеткілікті көңіл бөлінбегені себепті түрік қоғамдарында ілгерілеудің баяу дамығанын және халық пен элитаның бір-бірінен ажырағанына назар аударады. Көкалып тілді жеңілдету және түрік тілін жандандыруды жақтап, түркі әлемінде ортақ бір тіл бірлігін қамтамасыз ету керектігін айтады. Бұл тек қана Анадолыны қамтитын бір тіл бірлігі емес, бүкіл түрік дүниесі түсінісетін бір тіл бірлігі еді. Көкалып түркі әлемінің бірігуі үшін түріктердің ортақ бір түрік тіліне көшу керектігін байқады. Бұл үшін Стамбұл диалектісін жалпы түрік дүниесіне ортақ тіл ретінде ұсынады. Зия Көкалыпты «пікірлерімнің көкесі» деп атаған Түркия Республикасының құрушысы Мұстафа Кемал Ататүрік үшін де түркі әлемінде ынтымақтастығы басым өзекті тақырыптардың бірі болып табылады. Түркия Республикасы1923 жылданбастапнегізгімақсаттыжалғастырғантұрақтыжәнеақылдысыртқысаясат жүргізіп келеді. Республика кезеңінде түріктің сыртқы саясатының негіздері Ататүрік тарапынан қаланды және қалыптастырылды. Мұстафа Кемал Ататүрік үшін түркі әлемінде ең маңызды міндет алдымен мәдени бірлікті қамтамасыз ету болды. Бұл жағдайды мына сөздерден айқын түсінеміз:

«Түркиядантысөмірсүріпжатқанөзгетүркіхалықтарыменалдыменмәденибайланысорнатуымыз керек. Осылайша біз ‘түрікшілдік’ ұғымын жағымды тұрғыдан қолға алатын боламыз. Ұлы түрік тарихына, түрік тілінің қайнарына, бай диалектілеріне, бұрынғы түрік тілінде жарық көрген шығармаларына мән береміз. Байқал көлінің арғы жағындағы якут түріктерінің тілі мен мәдениетін дешеттеқалдырмаймыз». Ататүрік1928 жылы1 қарашакүнілатынәліпбиінеөтуреформасынжүзеге асырды. Бұл әліпбидің жүзеге асуымен түркі әлемі арасындағы мәдени алшақтықты жою бағытында үлкен мүмкіндік пайда болды. Дегенмен, түркі әлемінде ынтымақтастық пікіріне қатты алаңдаған Кеңес Одағы екінші дүниежүзілік соғыстың алдында өзінің қоластындағы түркі халықтарына кириллицаны пайдалануға итермеледі.

Қорытындылай келе, рухани жаңғырудың сонау XX ғасырдың басынан бастау алғандығын нық сеніммен айта аламыз. Бұны біз қазақтың заңғар ұлы Ахмет Байтұрсынұлы мен түріктің біртуар ұлы Зия Көкалыптың өмірлік тәжірибелерінен танып білдік. Шынында да қазіргі таңда жүзеге асырылып

145

жатқан “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” бағдарламасы сол кездерден бастап көрініс табады. Мысалы, қазіргі кезде біз қазақ тілін толықтай латын әліпбиіне көшіру жолындамыз. Бұл арқылы біз басқа халықтар да латын әліпбиін пайдаланғандықтан қазақ тілін тез меңгеруіне мүмкіндік туғызамыз. Жоғарыда айтып кеткендей, А.Байтұрсынұлы да қазақ графикасын жасауда қазақ мәдениетінде көп ғасырлық дәстүрі бар, өзге түркі халықтары да пайдаланып отырғандықтан, туыстық, жақындық сипаты бар араб таңбаларын алды. Сол сияқты Зия Көкалып түрікшілдікті насихаттап, жалпы түрік халқына ортақ болатын тілді жасауды насихаттау нәтижесінде Ататүріктің шешімімен түрік тілі латын әліпбиіне көшкен болатын. Рухани жаңғыруда келесі қарастырылатын мәселе – білімнің салтанат құруы, бәсекелестіккетөтепберу. Яғни, білімді, көзіашық, көкірегі ояу жастардытәрбиелеугеұмтылу. Екі елдің де XX ғасырдағы әдебиетіндегі негізгі тақырыбы – іздену, білім аясын кеңейту, қараңғылық шырмауынан құтылу болып табылады. Бәсекелестік тек қана білім бар жерде орнай алады, білім болмаса сәйкесінше бәсекелестік те болмайды. Келесі қарастыратын мәселе – ұлттық сананы қалыптастыру. Бұған Зия Көкалыптың түрікшілдік идеясын алсақ болады. Алайда ұлттық сана дегеніміз олардың өздеріне ғана тән қалыбы мен тәжірибесін басқа халықтар мен өркениеттердің ерекшеліктерін ескермей, бәріне жаппай еріксіз таңуында емес, бойыңдағы жақсы қасиеттерді, яғни болашаққа сенімді нығайтып, алға бастайтын қасиеттерді алға тартып, кежегесі кері тартып тұратын, аяқтан шалатын әдеттерден құтылуында. Көріп отырғанымыздай рухани жаңғыру бір күнде болған үдеріс емес. Ол сонау XX ғасырдың басындағы әдебиеттен бастау алып, 2004 жылы «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында Қазақстан аумағындағы тарихи-мәдени ескерткіштер мен нысандарды жаңғыртумен, 2013 жылы «Халық – тарих толқынында» бағдарламасы арқылы әлемнің ең белді архивтерінен төл тарихымызға қатысты құжаттарды жүйелі түрде жинап, зерттеумен жалғасты және әлі күнге шейін жалғасуда. Ал оны ары қарай өрбітіп, дамыту біздің қолымызда.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1.“Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық”. — Алматы, 2010 жыл.

2."Қазақ Энциклопедиясы",4 том 3 бөлім.

3.Ө.Әбдіманов “Ұлттық әдебиет”.

4.Тарихи тұлғалар. Танымдық — көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. – Алматы. “Алматы кітап баспасы”, 2009.

5.Б.Ө.Жақып “Түрік поэзиясы” —2012 жыл, 400 бет.

Алина А.

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Қиыр Шығыс кафедрасының 1-курс магистранты Ғылыми жетекшісі: филол.ғ.к. Ментебаева А.Е.

МҰҚТАР ӘУЕЗОВ ПЕН КИМ ДОН ИННІҢ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ «ҰЛТТЫҚ ИДЕЯ» ҰҒЫМЫ

Ежелгі кезеңдерден бері көптеген халықтар мен мемлекеттер «ұлттық идея» түсінігін іздеумен болды. Қазақстанболса, тәуелсіздікалғанкезденберіұлттықидеятүсінігінеерекшекөңілбөліпкеледі. Бұған дейін тарихи себептермен тегімізді, рухани байлығымызды белгілеп, өз елімізде бұл мәселені ашық түрде көтере алмағанымызбен, ата-бабамыздың арқасында «өз-өзімізді», ұлттық сәйкестігімізді сақтап қалдық.

Бізден бөлек Шығыс өркениеттері өздерінің рухани және тарихи тұрғыда «ұлттық идеясына», Батыс өркениеттеріне қарағанда ерекше көңіл бөлді деп айта аламыз. Сол себепті көптеген Шығыс елдері Батыс державаларының қол астында болып, қатты ықпалға ұшырағанымен, әлі күнге дейін өзіндік сәйкестігін қастерлеп келеді. Ал оны сақтау үшін бар күшін салып күресті, шайқасты, түрлі салалар арқылы насихат жұмыстарымен айналысты деуге болады.

Күресудің, ашық түрде ой білдірудің бірден-бір әдісі ол – тіл. Сол себепті, біз осы мақалада қазақ халқының ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің майталманы Мұқтар Әуезов пен корей халқының танымал жазушысы Ким Дон Иннің шығармашылығындағы «ұлттық идея» түсінігі оқырмандарға қалай жеткізілгенін қарастырамыз.

Алдымен, тақырыптың өзегі болып табылатын «ұлттық идея» түсінігіне тоқтала кеткен жөн. Философия тұрғысынан «ұлттық идея» өте кең ұғымды қамтиды. «Ұлттық идея – жүйеленіп жалпыланған ұлттық сана-сезім. Ұлттық идея белгілі бір этнос, халық немесе ұлт өмірінің мағынасын анықтайды. Бұл өнер туындылары немесе түрлі философиялық мәтіндер арқылы білдірілуі мүмкін. Ұлттық идея халықты сипаттайтын бірқатар сұрақтарға жауап беруге бағытталған. Атап айтқанда, тарихтың және ұлттың пайда болуының мәселесі, сондай-ақ тарихи миссия мен өмір сүрудің мәні туралы мәселелерді қарастырады» [1]. Ал енді қазіргі мамандардың ұлттық идея жайлы ой-пікіріне

146

тоқталар болсақ, «ұлттық идея – туған жер, өскен орта әсерлерінен қалыптасып, халықтың тілі, ауыз әдебиеті, салт-санасы, әдет-ғұрпы, ырымдары мен тыйымдары арқылы жүйеленген этностық сезім. Ол

– ұлттың болмысы, психологиялық өзіндік ерекшелігі. Ұлт бар жерде ол да бар. Ұлтпен бірге өмір сүреді, жойылмайды, құбылып өзгермейді» - делінген [2].

Әдебиет әрдайым қоғамның моральдық және рухани-әлеуметтік жағдайын бейнелейтін әлемдегі барлық нәрселерге қатысты өзіндік пікірі бар өнер. Көркем әдебиеттің мәні өмірді басқа қырынан суреттеу, заттар мен дүниеге ерекше, өзіндік көзқараспен қарау, яғни қоршаған ортаны тек өзіне тән құралдармен көру мүмкіндігіне ие.

Ал ХХ ғасырдың басындағы әдебиетте шынайлыққа ұмтылу, адамның өмірдегі орны, өмірдің мәні, жазушы мен ақындардың әлеуметтік өмірдегі рөлі, мәдени және рухани ерекшеліктердің жаңаша сипатқа ие болуы тақырыптары қозғалған. Ал ұлттық идея, саяси, әлеуметтік жағдайға қарай әр мемлекетте әрқилы танылып отырды. Біз қарастырып отырған Қазақстан мен Кореяда тарихи оқиғаларға сай сырттан билеуші мемлекеттің қыспағын көргендіктен, бұл екі елде де «ұлттық идеяның» мәні кезеңнің ерекшелігіне орай халықтың маңызды рухани, мәдени, сана-сезімдік деңгейін ояту мақсатында қолданылды. Прозаиктер қарапайым халыққа ұлттық идея түсінігін жеткізуге тырысты. Өздерінің еңбектері арқылы Мұқтар Әуезов те, Ким Дон Ин де шынайы бұқара халықтың өмірін суреттеп, әрқайсысы өзінің халқының ұлттық сәйкестігін, киелі этностық сезімін жоғалтып, ғасырлар бойы қанға сіңген тәрбие, мәдениет, білім, рух маңызының жойылып, орнына моральдық құлдырауды – әңгімелеріндегі негізгі кейіпкерлердің өмірбаяны, оның өмір сүрген ортасы, жағдайы, ой-толғаулары арқылы айқын көрсеткен еді.

Мұқтар Әуезов – көпұлтты кеңес әдебиетінің дамуына баға жетпес үлес қосты. Өзінің кез-келген еңбегінде қазақ халқының жан-жақты бай, салт-дәстүр мен әдет-ғұрпын сипаттап, аласапыран кезең бұқара халықтың жағдайына, сана-сезіміне қаншалықты әсер еткенін, ұлттық идея мәнісінің тұрақсыз болуын көптегеншығармаларындабейнелегенболатын. Онытүзету үшін«...постигнутьмир идеи, мир великих ценностей, понимать и уважать людей и сосзнать самих себя как величайшую ценность» деп халық өзінің тарихына көз жүгірту керек, сонда құндылықтарын ешқашан ұмытпайды деп айтып кеткен [3].

Мұқтар Әуезов шын мәнінде сарқылмас әдеби мұра қалдырған тұлға. Ол алғашқы қазақ эпопеялық романын жазып, драматург әрі керемет аудармашы болған. Жазушы қазақ әдебиетінде проза, драмматургия, сыншылдықтыңқалыптасуынаүлесқосып, әртүрліжанрлардағықазақдәстүрін, ерекше стилистикалық жолдармен этностық мәнін ашуға тырысты.

М. Әуезовтың еңбектері эмоциялық қарқындылыққа, көркемділік және лиризмге толы, жұмыстарындатүстердің, кейіпкерлердің, құмарлықтардыңконтрасысезіледі. Оныңшығармаларында қазақ фольклоры мен шынайы эпикалық дәстүрлі бейнелер келтіріліп, өзінен кейін қалған жұмыстары қазақтыңрухын, ұлттықсана-сезімін, байтарихынсипаттаудыңарқасында, жазушыныңәдіс-тәсілдері, оның ұлттық сәйкестікке ерекше көңіл бөлгенінің бірден-бір дәлелі болып, біз қарастырып отырған «ұлттық идея» түсінігін толық айғақтайды.

Оның замандасы, корей жазушысы Ким Дон Инмен ұқсас тұстары болды, бірақ аймыршалықтары да жеткілікті. Енді «ХХ ғасырдың басындағы әдебиеттің қандай болуы керек, оның шығараларындағы «ұлттық идея» түсінігі қалай ашылды, екі жазушылардың арасындағы ұқсастық неде?» деген сұрақтарға жауап іздеп көрейік.

Ким Дон Ин үшін, шынайы өмірдегі кейіпкерлердің жағдайына өзінің туындыларын еліктету емес, көркем өнер актісі, оның шығармаларындағы кейіпкерлердің әлемі Ким Дон Иннің өз қылқаламынан шыққан дүниесі болды. Осылайша, Ким Дон Ин әдебиет – бұл бөлек өнер автономиясы деп көріп, ол оқырманғатекащышындықтыңқайғылыкөрінісінжеткізукерекдеппайымдады. Соныменқатар, Ким Дон Ин Кореяның көркем әдебиетінің, корей тілінің жаңашылы болды. Оның еңбектерінің арқасында оған дейін болған жазушылардың қолданған баяндау, суреттеу, оқиға желісін жеткізу тәсілдері күрт өзгерді. Ким Дон Иннен кейін қазірдің өзінде жазушылар еңбектерінде оқиғаны өткен шақта бейнелеу немесе әңгімені үшінші жақтан баяндау секілді әдіс-тәсілдер қолданылады. Ким Дон Ин өзінің әңгімелерінен бұрынғы біріңғай баяндау элементтерін жоюға тырысты. Соның арқасында өз кезеңінің, ғасырдың жаңашыл авторы атанды [4].

Ким Дон Ин әңгімелерінде өмір мағынасын іздеп жүрген кейіпкерлер мен жеке тұлғаның қайғысы тақырыптары көтерілді. Ол ерекше назар аударған жаңа уақыт нысандарын сипаттау және енгізу – оның шығармаларын терең шытырманды оқиғаға толы етеді.

Ким Дон Иннің жазушы ретінде қалыптасу кезеңінде Кореяда натурализм эстетикасы мен шынайлылық элементтерінің пайда болуы қалыптасып жатты. Сондай-ақ, Ким Дон Ин керемет суреткер, суреттемешеберіболды. Бірақкөптеген ғалымдардыңпікірінше, КимДонИндәстүрлікорей әдебиетінің кағидаларынан аластап, жаңашылдыққа жақын болды. Оның «әңгімедегі әңгіме» әдісі

147

«Ессіз өрт сонатасы» («Соната безумного огня») еңбегінде, «Есуас суретші» әңгімесінде де кездеседі

[4].

Табиғаттың сұлулығын сипаттайтын Ким Дон Ин корей ұлттық ән мәтіндерін шығармаларына енгізіп, Кореяның этно-мәдени дәстүрін сипаттап отырады. М. Әуезов болса, жоғарыда айтылғандай, қазақ халқының ерекше бірігейлігін, нақтырақ айтқанда тұрмыс-салтын, салт-дәстүрлері мен құндылықтар тақырыптарын әр туындысына арқау етіп, оқырманына жеткізе біледі.

Ким Дон Иннің әңгімелерінде халық жағдайының маңызы мен мәні келтірілгенімен, статикалық кейіпкерлер, конфуцийшілдік стильде жазу мүлдем байқалмайды. Оның туындыларында қандайда бір конфуцийшілдік қағидалар мен ережелер айтылмайды, яғни, жазушының пікірінше, жаңа дәуірде ондайескілікоқырманүшінқызықемес, оләсемділікпенқиялоқиғалардыкелтіргенімен, кейіпкерлері шынайы, натуралистік ортада өмір сүрді деп айта аламыз.

Әдебиет адамның сана-сезіміне әсер етудің бір құралы. Ол құралды жан-жақты зерттеген Мұқтар Әуезов шынайлықты дәл келтіріп қана қоймай, әртүрлі әдістер арқылы психологиялық талдау жүргізе білді. Мысалы оның «Қорғансыздың күні» атты әңгімесі негізгі идеяны, кейіпкерлер табиғатын ашу көбінесе ішкі монологтар арқылы жүріп, адамның қоршаған ортамен байланысты алуан түрлі әлеуметтік салаларға тоқталды. Кейіпкерлер арасындағы қақатығыс арқылы әр тұлғаның өзіндік ерекшелігін бейнелеп, пейзаждың, қоршағанортаныкөркем штрих, детальдармен жеткізугетырысқан. М. Әуезов сол кезеңдегі халықтың өмірі, ғұрпы мен қиын жағдайын сипаттай келе, біз бұл жағдайға халықтың өзі жеткенін аңғара аламыз. Олардың бұрынғы болған батырды сыйлап, әрдайым мақтанып, Күшікбай батырды қастерлегендерімен, оған ұқсауға тырыспайтынын, дамуға құмары жоқтығын түсіндіреді. Бұныңарқасында, бізавтордыңөзхалқынаосыныжеткізгісікелгенінбайқаймыз. Кезіндегі ерліктісақтағаныңдұрыс, өзруханиятыңдысақта, қорға, жетілдір, әйтпесехәлдеріңосығандейінжетті дегенге саяды. Мұқтар Әуезовтің негізгі ұлттық идеяның дәнін салып, оны оқиға желісі арқылы дамытып отырады. Себебі, идеяны күштеп, міндеттеп жеткізу мүмкін емес, адамн өз ақыл-ойы, түйсігі арқылы өзі жету керек. Сол себепті жазушы өз туындыларында өзінің негізгі азаматтық ұстанымын, көзқарасын және идеясын жеткізуге тырысты.

Ал Ким Дон Инге келетін болсақ, ол өзінің «Картоп» әңгімесінде кейіпкерлердің шынайы өмірдегі қайғы-қасіретін көрсетуге ұмтылған. Басты кейіпкер Покнённің кедейлік пен өз өмірінің пайдасыздығынан кез келген жақсылыққа үміті үзілгені, ақыры ұят, бейбастық жағдайға тап болып, одан шыға алмай, өзінің негізгі түйсік сезімдері арқылы күн көріп жүргені баяндалады. Бас кейіпкер басындағы қиын жағдайынан жезөкшелікпен айналысып, байлық пен ақшаға арам жолмен жетуге тырысады. Бұдан біз Ким Дон Инннің өз дәуіріндегі моральдық құлдырау, әлеуметтік-саяси ахуалдың адамдарды түрлі қылықтарға итермелегенін, үлкен әлеуметтік жүйедегі әр тұлғаның өмір сүру үшін «ұлттық идея» концепциясын сыртқа шегеріп, тек өздерін сақтау түйсігіне бағынып кету мәселелері көтеріледі.

Мұқтар Әуезов әлеуметтік, мәдени салалармен бірге Ким Дон Ин секілді тұрмыстық жағдайға баса көңіл бөлген. Ким Дон Ин кейіпкерлерінің портретін суреттеу арқылы жеке бас ерекшеліктерін негіздеген. Ал М. Әуезов болса, бас кейіпкерлердің ішкі жан дүниесін аша отырып, портреттік суреттеуді оқиғаның мұңлы стилін сақтау үшін екінші дәрежедегі кейіпкерлерге қолданған.

Мұқтар Әуезов пен Ким Дон Ин бір кезеңде өмір сүргендіктен шығармаларында көтерген мәселелердіңұқсастұстарыбайқалады. Екіқаламгердезаманныңшындығынсипаттап, кейіпкерлердің өмір жолындағы келеңсіздіктердің түпкі себебін, халықтың жанға батар аянышты жағдайы мен рухани құлдырауын жеткізуге тырысқан.

Бұндай ахуал сол кезеңдегі қазақ және корей халықтарының «ұлттық идея» түсінігінен бірте-бірте алшақтай бастағанның кесірінен екендігі сөзсіз. Қос қаламгер рухани, әлеуметтік, мәдени құндылықтарды қайта жаңғыртуды мақсат еткен. Олар өз көзқарасын оқырманға ой тастау арқылы жағдайды түзетуге барынша тырысып, көпшіліктің өмірін бейнелейді. Әр шығармадан оқырман өзін тауып, өмірқұндылықтарынқайтаталқығасалып, өзінемаңыздықорытындыжасаймадепүміттенетін тәрізді.

Пайдаланған әдебиеттер:

1.В. А. Алексеева. Национальная идея. Философская энциклопедия

2.Ұлттық идеяны қалыптастыру мәселелері. http://e-history.kz/kz/contents/view/1206

3.А.Т. Тайжанов. Мировозрение Мухтара Ауэзова. Алматы: Гылым, 1997№ - 224 с.

4.Солдатова М.В., Пак К.А. Современная литература Кореи. Учебное пособие. Владивосток: Издательство Дальневосточного государственного университета, 2003. – 284 с.

148

Байтұрсын А.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Қиыр Шығыс кафедрасының 4-курс студенті

Ғылыми жетекші: аға оқытушы Амирбекова У. А.

МИХАИЛ ПАК ПРОЗАСЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Әрақын-жазушыныңөзіндікқолтаңбасы, өзіндіктілерекшелігіболады. МихаилПактыңкөркемдік әлемін сөз еткенде оның өзіндік қолтаңбасына айрықша көңіл аударған жөн. Заманауи әдебиеттану ғылымының негізгі категорияларының бірі – көркем әлем түсінігі болып табылады. Бұл мәселеге белгілі ғалымдар мен әдебиет сыншыларының еңбектерінде ерекше көңіл бөлінеді.

Д.С.Лихачев, Ф.П.Федоров, М.Л.Гаспаров және т.б. еңбектерінде «көркем әлем» ұғымына қатысты өз көзқарастарын білдіріп, оның бірнеше анықтамасын береді. Мысалы, Ф.П.Федоров: «көркем әлем – бұл эстетикалық мәнге ие мәтінде берілген әмбебап рухани қарым-қатынастар жүйесі» және «жалпы объективтіәлемдіемес, теконыңжергілікті, «таңдалған» бөлігінбейнелейді», бұл– «ықшамдатылған» әлем», - деп айтады [1].

Ал, белгілі әдебиеттанушы М.Л.Гаспаров шығармада ескерілген заттар мен құбылыстардың тізімін, оның бейнелерінің тізімдемесін «көркем әлем» деп атауды ұсынады [2]. Л.П.Чудаковтың анықтамасы бойынша: «Көркем әлем – бұл ауызша жеткізілген заттар мен рухани құбылыстардың бірегей әрі қайталанбас көрінісі», - болып табылады [3].

Миркурбановтыңпікірінше, «Көркем әлем» түсінігінетереңірекүңілгенде, олтекәдебиетпенемес, соныменқатарфилософия, психологияжәнеөнермендеөзарақарым-қатынастаекендігіанықболады» [4]. Сонымен, әдебиеттарихшыларыныңкөзқарасыбойынша, көркемәлем– бұлжазушыжасағанжәне оның шығармашылығында немесе жеке шығармасында іске асырылған бірегей әрі толыққанды әлем. Яғни, шығарманың көркемдік ерекшелігі дегеніміз автордың өзі жазған романға, хикаятқа немесе әңгімеге енгізген шығармашылық қолтаңбасы, дүниетанымы, ойы, баяндау бірегейлігі.

Осындай өмірлік жағдайлардың көп бояулы палитрасын өзіне сіңірген бірегей әрі толыққанды әлемді Михаил Пак өзінің көркем суреттерінде жасап келеді. Өзбекстандағы шағын ғана Аққорған ауылында дүниеге келіп, Тәжікстан астанасы Душанбеде бейнелеу өнері бойынша білім алып, Қазақстанның интеллектуалды астанасы Алматыда көптеген жылдар бойы жұмыс істеген, ал ХХ-ғ. 90жылдарының соңынан бастап Мәскеуде өмір сүре бастаған жазушы әрі суретші Михаил Пак қазір Ресей Суретшілер одағының және Жазушылар одағының мүшесі. Михаил Пак өзі берген көптеген сұхбаттарындаөзініңекіұлттықстихиядан: корейжәнеорысхалқыныңрухынаннәралғандығынүнемі есте сақтап жүретіндігі туралы айтады.

Бұл айтылған ойға Игорь Михайловтың төмендегі сөздерін дәлел ретінде келтіруге болады: «...

Михаил Пак ғашықтардың бір-біріне қосылуына бөгет болып тұрған тосқауылдардың барлығынан сүрінбей өтіп, мәдени кеңістіктің жырымдалған бөлшектерін біріктірген «Чхунхян туралы аңыздағы» атышулы кейіпкер Монненді еске түсіреді» [5].

ТМД кеңістігіндегі корей диаспорасының арасында жазушылар аз, ал кәсіби жазушылар – біренсаран. Михаил Пактың шығармашылығы қаламдастарының шығармаларынан ерекше интонациямен және байсалды шабытпен ерекшеленеді. Олар прозашының әңгіме, хикаят, романдарымен танысқандардың, суретшінің көркем туындыларынан өзіне қандай да бір жақындықты көргендердің, жазушының әр қилы, сан қырлы және көп дауысты көркем әлеміне терең бойлағандардың ішкі сезімдерімен үндес болып келеді.

Михаил Пактың 5 роман, 6 хикаят, 20-дан астам әңгіме, 2 пьесасы жарыққа шыққан. Жазушы шығармалары әртүрлі халықаралық және ресейлік сыйлықтардың иегері. Михаил Пак екі мәрте Валентин Катаев атындағы сыйлыққа, корей Пен-Клубы мен Лос-Анжелестің әдеби журналының жүлдесіне ие болған. Өзінің тарихи отаны – Оңтүстік Кореяда да оның шығармашылығы KBS мемлекеттік телерадиокомпаниясының сыйлығына ие болып, жоғары бағаланған. Жазушының төрт кітабы корей тіліне аударылып, Сеулде жарық көрген. Жекелеген әңгімелері мен өлеңдері Германия мен Канадада аударылып, басып шығарылған.

МихаилПакбіразжылдарданберіәйгілі«Юность» журналыменбіргежұмысістепкеледіжәнеосы журналдың авторы әрі суретшісі ретінде өз қолтаңбасы мен стилі, қоршаған ортаға деген өз көзқарасы, философиясы бар, түстер мен бейнелеу құралдары арқылы қайталанбас дүниелерді жазып жүрген жазушылардың қатарына жатады.

149

Михаил Пак «Пристань ангелов» (1997) жинағының, «Танец белой курицы» (2000), «Смеющийся человечек Хондо» (2004) және «Легкое путешествие по реке» (2008) романдарының, «Облака на юге» (2009) әңгімелер жинағының авторы. Оның әйгілі шығармаларының бірі – «Мандарины для Хелен»

(2013) романы.

М. Пактың «Мандарины для Хелен» романы өз атымен-ақ оқырмандарды өзіне баурап алады. Осыған орай әрбір оқырманда «Хелен деген кім?», «неге мандарин?» – деген сұрақ туындауы мүмкін. Хелен – ол романның бас кейіпкері Соволь алыс Африкаға жұмыс істеу мақсатымен барғанда кездестірген африкалық қыз. Роман кейіпкері – Кан Соволь саяхатшы, ақын және журналист. Африкадағы Эфиопия мемлекетіне қайырымдылық мақсатымен барып келген Кан Соволь екі жылдан соңеліне, туғанқаласы Сеулгеоралады. ЕкіжылданкейінСовольелінеоралсада, Сеулғақайтаүйрене алмай, өзін еркін сезіне алмады. Африка, сары дала, ашық аспан, қамыстан жасалған дөңгелек үйлер, басында сәлдесі бар бедуиндер (көшпелі араб халқы), ұсақталған кофенің иісі, арпа наны мен інжір оның түсіне кіріп, мазалап жүрді. Өзі Кореяда болғанымен ойы Эфиопияда болды. Сол үшін оның шулы қаладан аралға кетуі туған жерінде қалыптасқан жағдайдан шығудың ең жақсы амалы еді. Ал, Миссис Эйко жариялаған Чечжудоғы Мандарин бағы жайлы кездейсоқ хабарландыру ол үшін тиімді мүмкіндік болды. Миссис Эйконың екі қабатты үйі, көгалдандырылған ауласы, шағын тоғаны және мандарин бағы – жердегі жәннаттың көрінісін берді. Мүмкін осыдан болар, Чечжудо аралы «Құдайлар бағы» немесекорейлікГавайяретіндетанымал. Чечжудокейде«цитрусаралы» дептеаталады, өйткені ол Кореядағы мандариндер өсетін жалғыз ғана жер. Көктемде бүкіл егістікке ашық сары толқын құйылады және адамдар бұл ғажайыпты көру үшін әлемнің жан-жағынан келеді. Оқу барысында бұл роман сені баурап алады, кейіпкермен бірге Чечжудо аралында болып, саяхаттап, өзің үшін көп жаңа, қызық нәрселерді тауып, ашасың. Чечжудода, не болмаса жалпы Кореяда болмағандар, Михаил Пак романының көмегімен сол елге барып, көре алады. Оның шығармасын оқығанда, бейнелеу өнері музейінде әдемі бір картинаны тамашалап тұрғандай сезімде боласың. Ол бас кейіпкеріміз Кан Соволдің түсіне кіріп жүрген Африка мен орымо тайпасының қызы Хеленнің, «көгілдір аспанда» көшіп жүрген «ақ боз бұлттардың», «дөңгелек қамыс» лашықтардың, «сап-сары шөл даланың», «есек арбалардың», Кореяның да, Сеулдың да, Чечжудо аралындағы ауылдың, Халласан тауының, «сөнген жанартаудағы үңгірдің», өзінің кейіпкерлері мен қаһармандарыныңда суретін салып, көрсетеді. Олардың ішінде өзі де бар: «Менің үстімде жейде, комбинезон бар, аяғымда кроссовки. Басымда – бейсболка. Айнымаған ферма иесі. Осы күйде суретке түсіріп алу керек еді...»

Сонымен, Чечжудо және Эфиопия, Халласан және Килиманжаро таулары, шөлдер мен аралдар, мандарин және кофе – бір уақытта әлемнің қарама-қайшы бейнесі іспеттес. Әйгілі ғалым, әдебиеттанушы Н.М.Миркурбанов М.Пактың «Мандарины для Хелен» романындағы әлемді көпполярлық әлем ретінде сипаттайды [7].

Михаил Пак өз прозасында да суретші, кескіндемеші. Ол өз түр-түсі, бояуының әртүрлі реңктері, жарық пен көлеңкенің үйлесімділігі бар сөздермен кескіндеп, көркемдейді.

Орыс жазушысы Лев Толстойдың айтуынша, - біздің өміріміз біз жақсылықты қалай түсінгеніміз бен жақсылықққа ұмтылуымыздан тұрады [7]. Ал, осы жақсылыққа ұмтылуды біз жазушы әрі суретші Михаил Пактың «Мандарины для Хелен» романын баяндаудағы бас кейіпкердің мінезі мен ісәрекеттерінен көре аламыз.

Жазушының кейіпкерге әрбір корей үшін ерекше маңызды ат – Соволь есімін беруі тегіннен тегін емес. XX ғасырдың 30-жылдары жас кезінде дүниеден өткен Ким Соволь бүгінгі Кореяның ең әйгілі ақыны болып табылады.

М.Пактың кейіпкері – Кан Соволь өз аттасынан табиғатқа деген махаббатын, сүйіспеншілігін мирас етіп алған. Ауылға деген қатынасты, ауылдастардың идеологиялық әлемін оқырман кейіпкердің лирикалық сезімі арқылы қабылдайды. Михаил Пактың жазушылық мақамы өзіне тән жұмсақ жайбарақат, алайда «баяулық» оған тән қасиет емес. Бұл М.Пактың шығыстан уақыт пен кеңістік экзистенциалдық сезімін, менталдық тыныштығын қан бойынша мирасқа алғанының нәтижесі болуы мүмкін. Пактың шығармасын оқу барысында оқырман тек мәтінді оқып қана қоймай, көркемдік кескіндемелерді көреді, бояу палитраларына үңіліп деталдарды айырады. Әңгімелеудің ырғақтығы сөздің көрнекі қабылдануына мүмкіндік туғызады.

Хелен– кейіпкердіңкөкжиекәлеміндегіеңбастыжәнежарқынжұлдызы, оғандегенсезіміөтежеке әрі құпия болып табылады. Соволь өмір жолында кез болған әрбір әйелдің бойынан өзі де әлі толық түсінбеген күйде алыс африкалық орымо тайпасы қызының бейнесін табуға әрекет етеді.

Михаил Пак прозасының тілі қарапайым, айқын, мөлдір, өзінің құрылымы бойынша өте органикалық және үйлесімді, сөздері бір-біріне сәйкес келіп, әрқайсысы өз орнында тұрады. Әңгімені оқығаннан кейін оқырманда таза бұлақтың суына шомылған сияқты ерекше бір сезім пайда болады,

150

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]