Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

tarikh_ekzamen-1_1

.docx
Скачиваний:
84
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
200.39 Кб
Скачать

24. Әбілхайыр хандығы 1428-1468жж. 15 ғ 20- жылдарында Ақ орданың ыдырауына байланысты Жошы әлеттерінің арасында феодалдық қырқыс басталды. Қазақстанның орталық, батыс, солт.батыс аудандарында тәуелсіз иеліктер пайда болды. Осы иеліктердің бірі Әбілқайыр хандығы. Билеушісі Әбілқайыр Жошы ханның 5- ші ұлы Шайбанидің ұрпағы. Әбілқайыр жастайынан жетім қалып, Жұмадық ханның қолында өскен. Әбілқайыр 17 жасында яғни 1428 ж 200 ден астам ақсүйектердің қолдауымен хан болады.Тарихи жазба деректерде жаңа құрылған хандықтың атауы «Өзбек ұлысы», «Шайбани ұлысы», «Әбілқайыр хандығы » деп аталады. Әбілқайыр өзі 40 жыл билік еткен соң хандықты Әбілқайыр хандығы деп аталады. Хандық 92 баулы ру- тайпадан тұрған.Алдымен өзінің қарсыласы Махмұд- Қожа ханды жеңеді. 15 ғасырдың 40- жылдары Балқаш өңірінің терістік батысын өз иелігіне қосады. 1431 жылы Тоқа- Темір ұрпақтарына қарсы соғыста Әбілқайыр жеңіске жетеді. Одан кейін Батый ханның астанасы болған Орда – Базарды жаулап алып өзінің астанасы етеді. Әбілқайыр хан 1446 жылы Атбасар маңында Мұстафа ханды тас талқан етіп жеңеді. Бұл жеңістің нәтижесінде ол Қаратау аймағындағы Сығанақ, Созақ, Аққорғна, Аркөк, Үзкент сияқты маңызды қалаларды басып алады. Осыдан бастап хандықтың астанасын Сығанақ қаласы етіп бекітеді. Қаланың орналасқан жері Орта Азия мен Дешті Қыпшақ арасындағы тоғыз жолдың торабы еді.Әбілқайыр ханның ендігі алға қойған мақсаты ОРта Азияның атақты қалаларын басып алу болса, одан соң Жетісудағы Моғолстанға шабуыл жасау еді. Ханның бұл ойы 1446 жылы Самарқанды алумен іске аса бастайды.Хандықтың ішінде алауыздықтар кобейіп кетеді. Халқының арасында әлеуметтік- экономикалық теңсіздік шиеленісе түседі. Ұрыс ханның ұрпақтары Керей мен Жәнібек ашық қарсылық корсетпесе де іштей Әбілқайырды қолдаған жоқ.Әбілқайыр 1456-145- ж.ж. Сығанақ түбінде Үз- Темір тайшы бастаған ойраттардан жеңіліп қалады. Хан бұл аймақты тастап Дешті Қыпшақ жеріне кетуге мәжбүр болған. Әбілқайыр жеңілістің себебін ішкі алауыздықтар мен қайшылықтарлың шиеленісуінен көріп, мемлекетті күшті қылуды қарастырады. Өзі күмәнданған ақсүйектерді жазалайды. Бұл одон сайын наразылықты туғызып Керей мен Жәнібек Жетісуға кошіп кетеді. Әбілқайыр оларды жазаламақ болып 1468 жылы Моғолстанға жорыққа аттанады. Жорық кезінде Әбілқайыр Алматы маңындағы Аққыстауда қайтыс болады. Хандық мүлде әлсіреп ыдырай бастайды. Халқының бір бөлігі Орта Азияға кетсе, бір бөлігі Қазақ хандығына қосыоады.Нәтижесінде Көшпелі Өзбек мемлекеті тарих сахынасынан жоғалады.

25. Моғолстан мемлекеті. Моғолыстан 14ғ ортасымен 15ғ аяғы аралығында өмір сүрген.14ғ ортасында Шағатай ұлысы ыдырып екі бөлікке бөлінді.Шағатай ұлысының шығыс бөлігі-Оңтүстік Шығыс Қазақстан мен Қырғыстын аумағында Моғолыстан мемлекеті құрылды.Мемлекетті Шағатай ханға адал қызымет еткен дулат тайпасының әміршісі Поладшы басқарған.Бірак ол хан болуға құқы болмағандықтан,Шағатай ұрпағы Тоғылық-Темірді 1348ж хан етіп сайлайды.Тоғылық-Темір билікке саяси тұрақсыздық орнаған кезде келді.Бірак жағдайды біршама тұрақтандырып,Моғолыстанның бүкіл аймағын өз билігіне біріктірді.Ордасы Алмалық қаласы болды.Исламды мемлекеттік дін ретінде қабылдайды.Тоғылық-Темір өзінің билігн Мәуренахрға да жүргзбек болды.Өзінің сыртқы саясатында Шағатай ұлтының кезінде орныққан Орта Аэия жеріндегі билікті қалпына келтіруді көэдейді.1360-1361 жылдары Мәуреннахрға сатті жорықтар жасап,баласы ілияс Қожаны Мәуреннахрдың билеушісі етеді.Алайда Тоғылық-Темір қайтыс болады.Ілияс Қожа мұрагерлік құқын реттеу ушін Моғолыстанға оралады.Осы кезде Әмір Темір Мәуренахрда өз билігн орнату үшін Ілияс Қожаға қарсы шығады.Арасында бірнеше соғыстар болып Моғол ханы жеңіледі.Ақыры 1365ж 22 маусымында шешуші шайқаста Ілияс Қожа жеңеді.Одан кейн билікке Тогылық Темірдің соңғы ұрпағы Қызыр Қожа келеді.Бірақ осы кездері Әмір Темір бұларға жорықтар жасайды.Алғашқы жорық 1371-1372ж болды.Екіншісі 1375-1377ж болды.1380-90 жылдарында тағыда бірнеше рет жорық жасаған.Сонымен Әмір Темірдің шабуылдарынан әбден титығы жеткен Моғол хандығы мүлде әлсірейді.Қызыр Қожа Темірге өзінің тәуелділігін мойындайды.1405ж Темір қайтыс болған соң,Қызыр Қожаның ұлы Мұхаммед кезінде (1408-1410)тәуелсіздікке қол жеткізеді.Мұхаммед олген соң Моғолыстанда талстар қайтадан басталады.Моғол шонжарлары Қызыр Қожаның екінші немересі Уәйісті хан тағына отырғызады.1428ж Уәйіс қайтыс болған соңда талас-тартыс басылмыйды.Хандық үшін талас Уәйіс ханның екі ұлы Есенбұға мен Жүніс арасында жүреді.Дулат әмірлерінің қолдауымен Есен-бұға 1433-62ж хан тағына отырады.Бірақ Жүніс таласын тоқтатпайды.Ол Темір ұрпағы Әбу Саидтан комек сұрайды.1462ж Есен Бұға қайтыс болған соң Жүніс Моғолыстанға оралып өзін хан етіп жариялайды.Моғолыстан хандығы Жүністің немересі Абд-ар-Рашид ханның кезінде ыдырай бастайды.Ол Жетісу аймағы Қазақ ханығының құрамына енеді.Сонымен Моғолыстан тарих бетінен жойылады.

26. Батыс Қазақстан территориясы Ноғай Ордасы құрамында . Алтын Орданың ыдырауы,Ақ Орданың әлсіреуі барысында Қазақстанның Солтүстік –батысында Ноғай ордасы құрылды.Ноғай орданың алғашқы аумағы Еділ мен Жайық өзендерінің арасы Орданың негізгі халқының құрамы маңғыттар болды.Олармен бірге қоңрат,найман,арғын,қаңлы,алшын,қыпшық,тама т.б түркі тілдес тайпалар болды.Ноғай Ордасының Алтын Орда әскерінің қолбасшысы Ноғайдың есімімен аталған.Бірак Ноғайдын кейін бұл ел ешбір тарихи деректерге ұлыстық дарежеде кездеспейді.Тек 14ғ соңғы кезінде Едігенің уакытында Ноғайлардың аты шыға бастайды.Едіге Ноғай елін Алтын Ордадан оқшаулата бастайды.Едігенің баласы Нұраддиннің кезінде (1426-40) Ноғай ордасы өз алдына жеке мемлекет болып Алтын Ордадан бөлініп шығады.Орталығы Сарайшық қаласы болған.Едіге негізінен Алтын Ордада хандардың кеңесшісі болған.Едіге 14ғ 90жылдарында Тоқтамыс ханмен үздіксіз соғысумен болады.Оның басты себебі біріншіден билік үшін күрессе екіншіден Ноғай Ордасының беделін көтерп шекарасын ұлғайту үшін соғысады.Едіге Алтын Ордада Темір Құтлық ханның кезінде беделі бик болып оның кеңесшісі болады ж/е оған аға-әмір-беклір бек деген атақты береді.Бірақ Темір Құтлықтың баласы Темір ханның кезінде Едіге мен арада қарама қайшылық туады.Екеуінің арасында соғыстар болады.Едіге Тоқтамыстың ұрпақтарымен үздіксіз соғысуы нәтижесінде, Тоқтамыстың Қадырберді деген баласымен соғыста Едіге қайтыс болады. Кейбір деректерде 1419 жылы қаза болған дейді. Осыларға қарап отырып Едігенің ел билеуге уақыты да болмағанын көреміз. Едіге қайтыс болған соң орнына Ғази бек болады. Ол бірақ өте қатал болғандықтан оны 1428 жылы әмірлер өлтіреді. Маңғыт елі біраз нашарлап, Едігенің балалары жан жақа бытырап кетеді. Осы кезде билікке Едігенің кіші ұлы Нұраддин келеді. Ьіне осы кезде және Нұраддиннің баласы Уақас бидің кезінде Ноғай ордасы болып толық бекінді. Уақас биден кейін оның бауыры Аббас Ноғай ордасының бегі болады. Мұның кезінде 1446 жылы Сырдария бойындағы қалалар алынып ол Үзгент қаласында билік жүргізген. Орда өмірінде Мұса мырза Жанбыршы бидің атқарған қызметтері зор болған. 16 ғ 2- жартысында Ноғай ордасы ыдырай бастайды. 1550жылы Қазан, Астрахан хандықтары Ресейге қосылуына байланысты Ноғай ордасы бірнеше иелікттерге болініп кетеді. Ыдырау кезінде халқының біраз болігі Кіші жүздің құрамына енген. Ал тағы бір болігі Ресейге қосылып кетеді. Осылайша Маңғыт елі тарих бетінен жоғалды

27. 13-15ғ. ғ Қазақстанның рухани мәдениеті. ХІII-ХІV ғасырларда Алтын Орда (Дешті Қыпшакта), Мамлюктік Египетте қыпшақ тілінде көптеген шығармалар туды. Дешті Қыпшақ тілінде жазылып, ертеден бізге жеткен мұра 1245 жылы құрастырылған түрік-араб сөздігі. Өзінің сипаты жағынан алғанда бұл глоссарий кыпшақ (құман) тілі ескерткіштерінің бірі - "Кодекс куманикустың" (XIII ғасырдың аяғы - XIV ғасырдың басы) тіліне жақын. Біздің заманымызға дейін жеткен қыпшақ-орыс сөздігінің үзінділері де сол кезеңге қатысты. ХІII-ХІV ғасырларда түрік тілінде жазылған, Орта Азия мен Қазақстаннан шыққан белгілі жазба ескерткіштер де жоқ емес. Мәселен, XIII ғасырдың басында Мұхаммед ибн Қайс түрік тілі туралы грамматикалық шығарма жазды ("Үлкен кітаб"). Ғалым Хусам ад-дин Хамиди әл-Асими Баршынлығидың есімі әйгілі болды. Ол өз шығар-маларын үш тілде (араб, түрік, парсы) жазды.Моңғолдар үстемдік еткен кезеңде Дешті Қыпшақ түркі әлеуметінің дамуына Алтын Орданың Еділ жағалауындағы, Хорезмдегі, Қырымдағы мәдени ошақтардың маңызы зор болды. Жошы ұлысының Шығыс бөлігінен шыққан белгілі ғалым, әдебиетші Ахмет Хорезми өзінің "Махаббат наме" деген шығармасын жазды. Өзбек хан тұсында, XIV ғасырдың 30-жылдарында Алтын Орданың түркі тілді әдебиетінің әйгілі ескерткіші - Кұтыбтың "Хұсрау-Шырын" деген поэтикалық шығармасы жарық көрді.ХІІI-ХV ғасырларда халықтың ауызекі шығармашылығы күшті дамыды. Қыпшақтар мен басқа да түрік тайпаларының өркен жайған ауызша поэзиясы болды. Көркем сөздің нағыз шебері болған Сыпыра жырау мен Қодан тайшы (XIV ғ.), Асан Қайғы мен Қазтуған (ХV-ХVІ ғғ.) жыраулардың шығармашылығы кеңінен танылып, олар шығарған тарихи шындықты бейнелейтін батырлар жыры халық зердесінде сақталды. Алтын Орда мен Дешті Қыпшақ халкының тарихын бейнелейтін "Ер Тарғын", "Қамбар батыр", "Алпамыс батыр", "Қобыланды батыр", "Едіге батыр" және баска жырларды солардың қатарына жатқызуға болады.

28. «Қазақ» этнонимі. «Қазақ» термині.«Қазақ» терминінің шығу тарихының бірнеше болжамы:Тарихшы Бартольд : Өз мемлекетінен, тайпа, руынан бөлініп жеке өмір сүруші адам.М.Ақынжанов: қас-сақ, нағыз сақ деген атаудан қазақ шыққан.XII-XV ғ-рда түркі тілінде жазылған деректерде: еркіндік аңсаушы, батыл мағынасын білдіреді.Түркологтардың пікірінше, ҚАЗАҚ терминінің бастапқы таралған жері- Шығыс Дешті Қыпшақ.Жазбаша әдебиетте ҚАЗАҚ термині 1245 ж мамлюктік Египет мемлекетінің қыпшақтары кезінде шыққан араб-қыпшақ сөздігінде бірінші рет қолданылған. Қазақ этнонимының туу тарихы ұзақ уақыт бойы зерттеушілердің қызу айтыстарына айналды. Түсіндіретін түпкілікті пікір алайда қалыптасқан жоқ. Қазақ сөзіне үндес терминдер Қазақстаннан шалғай аймақтардан да кездеседі. Қазақ деген термин ертедегі екі тайпалық (каза және саха) одақтардың атынан шыққан. Олар сонау ықылым заманда алып одақ құрып сонау Мысырға дейін жаулап алған. Сонда Каза-саха деген қала салынған. Кейбір ғалымдар (Н. М. Карамзин, А. Вамбери т.б.) Шығыс Ромей империясының императоры Константин «Қызылтуған» (10 ғ. орта шені) берген мәліметтер бойынша Казахия елін Кавказдың солтүстік-батысында орналастырады (Қырым хандығы мезгілінде Қарачу немесе Қарачай деп белгілі аймақ). В. Минорский Константин хабарында Казахия деп касогтар айтылатынын дәлелдейді. Араб тарихшысы Әбу-л-Хасан Әли әл-Масуди «Өсиет және қайта қарау кітабі» шығармасында Құбан өзенінің төңірегіндегі тайпалар арасында әл-касакия тайпасын көрсетеді. Неміс шығыстанушысы И. Маркварт бұл екі сөз бір ғана этнос — касогтардың атауын береді деді. Парсы тілді «Худуд әл-алам» жоғрапия туралы кітапта Қара теңіз жағалауында Касаг қаласының орналасуын деректейді. Көне Русьтегі жазылған «Повѣсти временныхъ лѣтъ» жылнамасындаСвятослав (965) пен Мстислав (1022) князьдері касогтармен соғыс жасайды. Ал касог терминін, алғаш рет 8 ғ. аяғы — 9 ғ. басында монахЕпифаний келтірілген. жоғарыдағы мәліметтерге қарағанда касах, казахия, касак, кашак, касог алдыңғы орта ғасырларда Кавказдағы шағын тайпа, немесе тайпалар бірлестігін білдіретін алуан түрлері болғаны байқалады. Қазақ этнонимінің жоғарыда көрсеткен касог, т.б. атауларымен барлық жағынынан байланысы әлі де зерттеу борышы боп тұр. Фин алтайшысы Г. И. Рамстедт және А. А. Семёнов қазақ терминін «Қасиетті жылнамада» (13 ғ.) моңғ. хасаг-терген арба ұғымы бар сөз тіркесінен шығарады. Ал Қазақстанды қоныстаған түркі тайпалар осы қоссөзді пайдаланғанына ешбір тарихи мағлұмат табылмаған. Әйгілі түркітанушы В. В. Радлов Енесай өзенінің төңірегіндегі көнетүркі мұраларынан көнетүркіше: қазғақым оғлым — «менің асырап алған ұлдарым» деген тіркесті тапқан. Қазғақ жәнеқазақ сөздерінің дыбыс және мағына ұқстастығына сүйеніп, В. П. Юдин ғ дыбысы соңыра түсіп қалып, қазақ терминіне айналды деп болжам шығарған. Бұл көзқарас түркі тілдерінің тарихи фонетикалық заңдылықтарымен үйлеспейтідіктен, мамандар тарапынан қолдау табылмады. Кейбір деректерде бұл термин әлеуметтік мәнінде қолданылған «қазақлық» «қашақ» деген атаудан шықты дейді. «Қазақ» термині 1245 жылы Мамлюк мемлекетіндегі қыпшақтардың ортасында жазылған ерте қыпшақ жазба ескерткіштерінде (түрік-араб) сөздігінде кездеседі. Мұнда «қазақ» деген сөз басы бос кезбе деген мағына береді. Бұл семантикалық ұғым бойынша «қазақ» терминіне әлеуметтік мағына беріледі, яғни еншісі бөлек, үлкен ұлдардың ата шаңырақтан бөлініп уақытша ру, тайпалардан кетіп, күнкөріс үшін әскери жорықтарға қатысуын санаған. Кейбір деректерде бұл термин әлеуметтік мәнінде қолданылған «қазақлық» «қашақ» деген атаудан шықты дейді. «Қазақ» термині 1245 жылы Мамлюк мемлекетіндегі қыпшақтардың ортасында жазылған ерте қыпшақ жазба ескерткіштерінде (түрік-араб) сөздігінде кездеседі. Мұнда «қазақ» деген сөз басы бос кезбе деген мағына береді. Бұл семантикалық ұғым бойынша «қазақ» терминіне әлеуметтік мағына беріледі, яғни еншісі бөлек, үлкен ұлдардың ата шаңырақтан бөлініп уақытша ру, тайпалардан кетіп, күнкөріс үшін әскери жорықтарға қатысуын санаған.

29. Қазақ хандығының құрылуы.Дешті Қыпшақтың, Жетісу мен Түркістанның қазақ рулары мен тайпаларының этникалық және саяси топтасуы осы кездерде барған сайын күшейе түсті. Керей мен Жәншбек Ақ орда билеушісі Ұрыс ханның ұрпақтары. Керей мен Жәнбек Әбілқайырдың қол астында болды.Әбілқайырға шейін Дешті Қыпшақта Керей мен Жәнбектің ата -бабалары билік жүргізген. Аталары ешқашан хан болмаған Әбілқайыр билікке келуі. Бұған Керей мен Жәнбек наразы болды. Бірақ наразылығын ашық білдірмеген. Олар Шығыс ДештіҚыпшақта Ақ орда ьхандары әулетінің билігін қалпына келтіру үшін Шайбани әулетіне қарсы күресе отырып, халық бұқарасының наразылығын пайдалана білді. Керей мен Жәнбек өз әулетінің саяси билікке деген құқығын қорғай отырып, қазақ рулары мен ақсүйектерін жинап дербес мемлекет құруға алғышарт жасады. Әбілқайыр хан 1456-1457 жылдары Сығанақ түбінде ойраттардан жеңілуі, халықтың наразылығын одан сайын күшейте түсті. Әбілқайыр соғыста маған көмек көрсетпеді деп Жошы әулетінен шыққан сұлтандарға қысым жасай бастады. Осы кезде Керей мен Жәнбек қол астындағы халқымен бірге Моғолстанға көшіп кетті. Не үшін Моғолстанға көшті деген сұрақ туындайды. Өйткені Моғолстан да Әбілқайырдың жауы еді. Сол үшін Керей мен Жәнбек «МЕНІҢ ЖАУЫМНЫҢ ЖАУЫ – МАҒАН ЖАУ ЕМЕС » деген принсипті ұстанып сол жаққа көшті. Сол кездегі Моғолстан ханы Есен- Бұға хан оларды шын ықыласымен қабылдап, Моғолстанның батыс шебін құрайтын Шу және Қозыбасы Жерлерін берді. Мұхаммед Хайдар Дулати "Тарих-и-Рашиди" атты еңбегінде былай деп көрсетеді: "Сол заманда Әбілхайыр хан қыпшақ даласына түгелдей билігін жүргізіп тұрған еді. Ол Жошы ұрпағы сұлтандарға көп жайсыздық туғызып, Жәнібек хан мен Керей хан одан қашып, Моғолстанға кетіп қалған. Есенбұға хан оларды құрметпен қарсы алып, Шу өзені өңіріндегі "Қозыбасыны" тапсырған еді. Ол аймақ Моғолстанның батыс шеті. Олар бұл аймақта бейбіт өмір кешті. Әбілхайыр қайтыс болған соң, Өзбек ұлысы өзара тартысып, араларында көп келіспеушілік туды. Біразы Керей хан мен Жәнібек ханның маңына жиналған еді. Саны екі жүз мыңға жетеді. Олар өзбек-қазақ деп аталатын".Екі сұлтанның арманы М.Х.Дулатидің жазуына қарағанда хижраның 870 жылы біздің жыл санауымызбен 1465-1466 жылдары Қазақ хандығын құрды. 1468 жылы Әбілқайырдың қайтыс болуына байланысты сол хандықтың біраз бөлігі Қазақ хандығына келіп қосылды. Осы уақытта халық саны 200 мыңға жетті.Билікке алғаш Керей хан отырады (1458-1473 жж.). Одан кейін қазақ ханы болып Жәнібек сайланды (1473-1480 жж.). Бұлардың тұсында Жетісу халқы, 1462 жылы Моғолстан ханы Есенбұға өлгеннен кейін ондағы тартыстың күшеюіне байланысты, өзара ынтымақтықты нығайтуға үлес қосты. Әбілхайыр хандығынан көшіп келушілер Жәнібек пен Керейдің қазақ хандығын күшейте түсті. Едәуір әскери күш жинапан және Жетісуда берік қорғанысы бар Жәнібек пен Керей, Жошы әулетінен шыққан сұлтандардың Шығыс Дешті Қыпшақты билеу жолындағы күресіне қосылды. Бұл күрес 1468 ж. Әбілхайыр өлгеннен кейін қайтадан өршіді. Қазақ хандарының басты жаулары Әбілхайырдың мұрагерлері- оның ұлы Шайх -хайдар мен немерелері Мұхамед Шайбани мен Махмұд сұлтан болды. Қазақ хандығы алғашқы қарым- қатынасты моғол хандығымен жасасты. Моғолстан ханы Есен- Бұға 1462 жылы қайтыс болған соң Жетісуда Қазақ билеушілеріне қарсы тұра алатын нақты күш болған жоқ. Осы себептер мен Моғолстан жерінің батыс бөлігінің біразы қазақ хандығының құрамына енді.. Қазақ хандығының құрылуына септігі тигізген ол Ақ орда тайпалары десек артық айтпағанымыз. ӨЗ әулетінің билігін қалпына келтіруге тырысқан Керей мен Жәнбек бытырап жүрген тайпаларды біріктірп, Қазақ хандығын құрды. Осы уақыттан бастап яғни 15 ғасырдың 2 – жартысынан бастап тарих бетінде жаңа хандық «ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ» пайда болады

30. XV-XVIII ғ. бірінші ширегіндегі Қазақ хандығы туралы жазба деректер. Дулати Хұсайынұлы Мұхаммед Хайдар (1499-1551) - әйгілі тарихшы, әдебиетші, Моғолстан мен оған іргелес елдердің тарихы жөнінде аса құнды деректер беретін «Тарихи Рашиди» кітабы мен «Жаханнама» дастанының авторы. "Тарихи Рашиди" атты еңбекте қазақ хандығының қалыптасуы туралы, мұнан кейінгі Жетісу мен Шығыс Дешті— Қыпшақта болған оқиғалар, Моғолстанның құлауы, феодалдық соғыстар, қазақтар, қырғыздар және өзбектердің сыртқы жауға қарсы күресте өзара одақтасуы туралы көптеген мәліметтер бар. Сонымен бірге бұл еңбекте ХV-ХVI ғасырлардағы Оңтүстік жөне Шығыс Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы, орта ғасырлық Қазақстандағы Жетісудың тарихи жағрапиясы, қалалық және егіншілік мәдениеті туралы құнды мәліметтер бар. Қазақ хандығының құрылуы мен қалыптасуы, одан кейінгі кезеңдері, олардың қырғыздармен, өзбектермен қарым қатынасы жайында кеңінен сөз болады. Қадырғали Жалаири деп аталған бұл кісі ХVI-ғасырдың ортасы мен ХVII-ғасырдың басында өмір сүріп (1530-1605 жылдары), қазақ халқының тарихында өшпес із қалдырған. Ресейдің атақты патшасы Борис Годуновтың қол астында жүріп, 1602 жылы "Жылнамалар жинағын" жазып бітірген. Бұл — қазақ тілінде жазылған тұңғыш ғылыми еңбек. Туған жері — Қазақстан жеріндегі Сырдария бойы."Жылнамалар жинағының" жалғыз көшірме данасын Қазан Университеті кітапханасына татар галымы И.Халфин тапсырған екен. Өтеміс қажы ибн Маулана Мұхаммед 16 ғасырдың 2-жартысында өмір сүрген тарихшы, “Шыңғыснаманың” авторы. Хорезмдегі Шайбани әулетіне қызмет еткен ықпалды отбасынан шыққан. Өзі Елбарыс ханның (1512 – 1525) сарайында, қызмет еткен. Сол кезден-ақ қыпшақ даласында билік еткен Шыңғыс хан ұрпақтарының тарихы туралы көптеген мәліметтерді жинап, аңыз-әңгімелерді көп білетіндігімен танылады. Олардың көпшілігі “Шыңғыснамаға” енген. “ Шығарма шамамен 16 ғ-дың орта кезінде жазылған. Жошы әулеті тарихы баяндалады. Қолжазбаның жалғыз данасы Өзбекстан ҒА-сында сақтаулы. Еңбек жартылай сақталып, Тоқтамыс туралы айтылатын жылдармен тәмамдалған. Шығарманың Қыпшақ даласындағы Жошы әулетінің билік құрған кезеңін баяндайтын тарауы негізінен аңыз, әңгіме тұрғысында сипатталады. Дегенмен, көптеген тарихи мәліметтер нақты деректерге сүйеніп жазылған. Автор географиядан едәуір хабардар болып, өзі Хорезмнен Еділге дейін, одан әрі Каспий бойымен оңт-ке саяхат жасаған. В.В. Бартольд осы қолжазбаны зерттей келіп, оның біржақтылық бағытын атап көрсетеді. Өйткені ол Шайбани әулеті билеушілеріне көбірек тоқталып, олардың басқа әулеттерден артықшылықтарын баса көрсетіп отырады. Соған қарамастан “Шыңғыснама” Оңтүстік және Батыс Қазақстанның 13 – 14 ғ-лардағы тарихы жазылған құнды еңбек.Осман Кухистани (т.-ө.ж.б.) — 15 ғ-дағы көшпелі өзбектердің тарихы жайлы жазылған “Тарих-и Абулхайр-хани” атты еңбектің авторы. Ол Әбілхайыр ханның баласы — Сүйініш ханның, кейін Шайбани әулетінің ұрпағы Әбу әл-Латиф ханның сарайында қызмет етті. 1540 — 51 ж. дүниеге келген аталмыш еңбекте дүниенің жаралуынан бастап, 15 ғ-дың 60-жылдарына дейінгі аралық қамтылған. Шығарманың шағын он тараудан тұратын қорытынды бөлімінде көшпелі өзбектердің Әбілхайыр хан тұсындағы әскери-саяси тарихы баяндалған. Әбілғазы Баһадүр Хан(1603 — 1664) — Хиуа ханы (1645—63), тарихшы-шежіреші. Әбілғазы жазған “Шежіре-и Тарахима” (“Түрікмен шежіресі”, 1661 жылы) және “Шежіре-и Түрк” (“Түрік шежіресі”, 1665 ) атты тарихи екі шығарма шығыстануда, оның ішінде түркітану мен қазақтануда кеңінен танымал болды. “Шежіре-и түрк” ғыл. ортаға 18 ғасырдың бас кезінде мәлім болды.

31. Қазақстандағы этникалық процесстер және қазақ халқының қалыптасуының аяқталуы.Моңғол шапқыншылығы салдарынан Қазақстан жеріндегі ру-тайпалардың арасындағы тарихи қалыптасқан жағрафиялық ортақтастық пен мәдени-экономикалық байланыстар бұзылды. Моңғол басқыншылары көптеген қалалар мен елді мекендерді, егіншілік ошақтарын талқандап, өлкенің өндіргіш күштерін күйзелтті. Мұндағы экономикалық және мәдени байланыстарды үзді. Көптеген бейбіт халық: егінші, малшы, зергер тағы басқа да кәсіп иелері қырылды. Ірі ру-тайпалардың бірсыпырасы қоныс аударуға мәжбүр болды. Мәселен, қыпшақтардың бір бөлігі Солтүстік Қазақстан мен Батыс Сібірге көшті. Моңғол феодалдарының, Шығыс Қазақстан мен Жетісуда тандаулы жайылымдарды тартып алуы, әсіресе, жергілікті халықтын жиі-жиі ығысуына әсерін тигізді. Моңғол әмірлері өз үстемдігін берік ұстау үшін жаулап алған елдерді ұлыстарға бөліп, этникалық жағынан туыстас жергілікті халықты бір-бірінен беліп тастауға тырысты. Қазақстан жерінде қаншалықты жойқын шапқыншылық болғанымен, халық болып қалыптасудың негізгі шарты - тіл бірліғі жойылмайды. Қайта, керісінше, уақыт өткен сайын моңғол шапкыншыларының өздері өз тілдерінен айырылып, жергілікті ру-тайпалардың қалыптасқан түркі тіліне, әдет-ғұрпына, салт-санасына көшіп, XIV ғ. өзінде-ак толық түркіленіп кетеді. Бірақ бұл кезде бұрыңғы екі үлкен расаның /нәсілдің/ байырғы еуропеидтік және кейін қосылған моңғолоидтық нәсілдердің күрделі араласу нәтижесінде қазіргі қазақ халқы құрамының /антропологиялық, этникалық және лингвистикалық негізде/ бірыңғай тұтас қосындысы /қорытпасы/ келіп шығады.

Алайда, бүкіл Қазақстанның жерінде өмір сүрген ру-тайпалар түркі тілінде сөйлегенімен территориялық бөлінуге ұшырап, Моғол, Әбілхайыр, Ноғай, Көшім хандықтарының қол астында өмір сүріп жатты. Олар саяси, мәдени және экономикалық жағынан бытыраңқы болды. Атақты "92 баулы қыпшақ" атты шежіреде көрсетілген бұл ру-тайпалардың барлығы кейін қазақ халқының құрамына кірген.XIV-XV ғасырларда феодалдық қатынастардың нығаюы негізінде Моғолстан, Ақ Орда, Әбілхайыр хандығы, Ноғай Ордасында толассыз тоқтамай жүріп жатқан феодалдық соғыстар мен тартыстарға қарамастан, халықтар арасында өзара бірігу, топтасуға ұмтылу процестері барған сайын белең алды. Қазақстанның ежелгі тайпалары өз мекендерінің тарихи-жағрафиялық, экономикалық және саяси оқшау-лануының тарихи қалыптасқан жағдайларына /түрлі тайпалық одақтар мен ертедегі феодалдық мемлекеттерге кіруі/ байланысты этникалық жағынан біртұтастық пен бүтіндікке ұмтыла отырып, үш негізгі этникалық - шаруашылық топқа бөлінді. Яғни, жағрафиялық жағдайына байланысты үш жүз қалыптасты. Олар: Ұлы, Орта және Кіші жүз. Ұлы жүздің орталығы - Жетісу, Оңтүстік Қазақстан, Орта жүздің орталығы - Орталық Қазақстанда және Кіші жүздің орталығы — Батыс Қазақстанда болды.Ұлы жүз Сырдариядан бастап Жетісу жерін түгел жайлайды. Оның құрамына үйсін, қаңлы, дулат, албан, суан, сіргелі, ысты, ошақты, шапырашты, жалайыр, шанышқылы, қатаған, т.б. ру-тайпалар кіреді. Орта жүз Орталық Қазақстан аудандары мен Солтүстік-Шығыс Қазақстанның бір бөлігін коныс етеді. Оның құрамында қыпшақ, арғын, найман, қоңырат, керей, уақ, тарақты тайпа-рулары бар. Кіші жүздің мекені - Сырдарияның төменгі жағы, Арал теңізінің жағалауы, Каспий ойпатының теріскей бөлігі. Оның құрамындағы тайпалар одағы - Әлімұлы /қарасақал, қаракесек, кете, төртқара, шөмекей, шекті/; Байұлы /адай, алшын, жаппас, алаша, байбақты, беріш, есентемір, қызылқұрт, шеркеш, ысық, таз, масқар/; Жетіру /табын, тама, кердері, жағалбайлы, кереит, телеу, рамадан/. Жүздердің ұйымдасқан уақыты, қалай құрылғаны әлі жете зерттелмеген.Үш жүздің пайда болуына ертедегі ел билеудің әскери тәртіпке негізделуінің де әсер етуі ықтимал

33. Қазақ хандығының өркендеуіндегі Қасым ханның қызметі. Kерей мен Жәнібек хандардан кейін Керейдің ұлы Бұрындык (1473/1474-1511ж) хан болған. Егер Жанiбек пен Керей хандар Казак хандыrынын, ipre тасын қалыптастырып, онын аумаrын ұлrайта бастағандығымен көрінсе, ал Бұрындық ханның аты Сырдария өзенi бойындағы калаларды Әбілқайыр ұрпағынан өздерiне карату жолында болған ұрыстардан көрінген. Алайда ханның ел iшiнде беделi болмағандықтан және қаталдығының нәтижесінде Самарқанға көшiп кеттi. Бұдан кейiн Бұрындықтың кезiнде оның әскери қолбасшысы болған Жанiбек ханның баласы Қасым сұлтанның ел iшiнде беделi күштi болған. Қасым ханның кезiнде хандыктын саяси жағынан болсын, алеуметтiк- ¬экономикалык жағынан болсын дамығандығы белгiлi. Тiптi алыс жакын жаткан елдерге Қасымның аты айгiлi болып, қазақ хандығы куатты, iргелi елге айналған. MiHe сол Қасым 1411 жылы хан болды. Ал тарихшысы М.Х.Дулати Касымнын букiл Дештi Кыпшак даласына билiк жургiзгенiн, оның халкы санының миллионнан астам болғандығын айтады. Жошыдан кейiн бұл жұртта одан ұлы хан болған емес дейді. Хан өз мемлекетінің коғамдык өмiрiнде карама-карсы кайшылыктарды болдырмау үшiн түрлi заң шығарушы заңгер де болған. Онын шығарған заңдары "Касым ханның қасқа жолы" деген атаумен осы күнге дейiн ел аузында айтылып келедi. Бірақ ол жазбаша түрде сакталмаған. Осы заң арқылы ол елді мін шығармай басқарған. Хан өзінің заң жинағымен ел iшiндегi жағдайды бiраз түзеп, хандык өкіметін баскаруды күшейтiп алады. Қазақ хандығының нығаюына және бiр себеп ол Шайбаниліктердің Азияға карай бiржола ауып кетуімен және кетпей қалған ру-тайпалардың барлығы ендi қазақ хандығына өзiнiң жерiмен косылып халкының санының өсуіне, шекарасының кеңеюіне де үлкен үлес косқан. Қасым хан өзінің өмірінің сонгы кезiнде астанасы Сарайшык каласында билiк жүргiзген. Сарайшық сол кездегі ең маңызды қала қатарынан болған. Қасым хан тұсында Казак хандығынын нығаюы және оның күшеюi мемлекеттiң беделiн арттырып. сырткы саясатта айтарлыктай табыстарrа кол жеткiздi. Орта Азия хандарымен. Едiл бойындағы елдермен, Батыс Сiбiр хандығымен, Ресеймен сауда-саттық, жане дипломатиялык байланыстар жасаған.XVI ғасырдың басында қазақ ханы Касым ханның сырткы саясатының басты бағыты Сырдария бойындағы калаларды каратып алу жолындағы күрес болды. Бул күресте Қасым хан Мауереннахр билеушiсi Шайбани хан мен және оның ұрпактарымен токтаусыз күрес жургiздi. Сырдария бойындағы шурайлы жерлер мен калаларда билiк жургiзу үшiн күресін жалғастыра бердi. Өйткенi калалар қазақ хандығының экономикасын көтеруде жанды мәселелердің бiрi болды. Мұхаммед Шайбани хан қаза болғаннан кейiн, хан ұрпақтары арасында хандык билiкке өзара талас басталды. Осы жаrдайды пайдаланған Касым хан шабуылға шыrғып, Сайрамды өзiне қаратты. Осыдан соң Ташкенттi билеп тұрган Шайбани ұрпағы Сүйiнiш қожаға қарсы аттанды. Бірақ Ташкент каласының түбiндегi ұрыс сәтсіз болып, хан кайта оралады. Қасым хан Мұхаммед Хайдардың деректерiнде 1518 жылы қайтыс болган. Алайда, орыс деректерiне қараганда Қасым хан 1521 жылы кыста Сарай каласында қаза болған.Қасым хан тұсында қазақтар өз алдына тәуелсiз, дербес мемлекет есебiнде Орта Азия мен Шығыс Еуропаға белгiлi болды. XVI ғасыр Қазақ хандығының дәуiрлеу кезеңі болды. Жер көлемi ұлғайды. Оңтүстікте Сырдария алабын қамтып, Түркістан аймағындағы, Сыр бойындағы қалаларды косып алды. Онтустік шығыста Жетiсу жерінің басым бөлiгi Шу, Талас, Қаратал, Iле өзендерінің алкабы қарады. Солтүстік және солтүстiк шығыста Ұлытау мен Балкаш көлiнен асып, Қарқаралы тау тарамдарына дейiн жеттi. Солтүстiк батыста Жайык өзенiнің алабын қамтиды. Miнe Қасым ханның халкының саны да бiр миллионнан асқан. Сонымен қазақ хандығы көркейіп бүкіл әлемге танымал болды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]