Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Мсылман ыы

.docx
Скачиваний:
34
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
374.48 Кб
Скачать

Мұсылман құқығының жүйесі Ислам құқығының құрылымын айқындау оның ерекше құқық жүйесінің түсінігіне себеп болады. Шариат өмірдің барлық салаларында мұсылманның жүріс – тұрысын реттейді, сондай-ақ олардың сезімімен ой - санасына әсер етеді және осы күшке 4 элемент кіреді:

а) исламның дін нормалары;

б) мұсылмандық мораль мен әдебі;

в) абадат деп аталатын Алламен мұсылман қатынастарын реттейтін нормалары;

г) мұсылман еместермен және мұсылмандар арасындағы жүріс-тұрыс ережелері; («Му*амалат»). Мұсылмандық құқықшылар мұсылмандық құқық құрамында норма топтары бар деп есептейді. Бірінші топты Құран мен сүннаның заңды жазылымдары құрайды. Екінші топқа Ислам - құқықтық доктринасы, басқа да көздерге негізделе қалыптасқан, топтасқан нормалары жатады. Құранда 6 мыңнан аса аят жолдары бар және олардың ішінде 500-ін ғана мұсылмандардың өзара қарым-қатынастарына тән жүріс-тұрыс ережелері деп атауға болады, ал 150-і негізгі діни міндеттерді жүзеге асыратын тәртіптерін анықтайды. Егер классификацияға негізделген нақтылық дәрежесін алатын болсақ, онда Құран мен сүннаның барлық ережелерін екі топқа бөлуге болады. Біріншіге екі мағыналық түсіндірмелерге жатпайтын ережелерді кіргізуге болады. Бұл негізінен діни табынушылық қағидалары, сондай-ақ кейбір ережелер адамдардың өзара қарым-қатынастарын реттеуге сүйенеді. Екінші топ көңіл аудармайтындар мен анық емес жазылымдардан тұрады. Бұл ережелер көп мағыналық және адамдардың жүріс-тұрысын бағалауға қолданылмайды. Адамның өзара қарым-қатынастарын реттейтін Құранның нормалары діни – моралдық нысан сипаты бар ережелерден тұрады, яғни оларды түсіндіру үшін қолданады. Мұсылмандық құқық жүріс-тұрыстың жалпы ережелерін орнатады, сонымен қатар мұсылмандардың өздерінің арасында жүріс-тұрыс нысандарын орнатуға мүмкіндік беретінін көптеген зерттеушілер қолдайды. Уақыт өте келе дамыған қоғамдық қатынастарды реттеу үшін Құран мен сүннаның жазылымдарының жеткіліксіз екені анықталды. Сондықтан VIII ғасырдан бастап, мұсылман құқық мектебінің құқық-құрушылары осы мәселелерді жоюды өздерінің қолдарына алды. Заңгерлер ғасырлар бойы жалпы діни – танымдық бағыттарға заңды түсінік бере алды және олардың талғағыш түсініктеріне негізделе нақты құқықты нормаларды қалыптастырды. Көптеген мұсылман құқығының нормалары Құран мен сүннаның жалпы жазбаларында доктриналды түсініктің нәтижесінде пайда болды. Бұндай істердің шешу мүмкіндігін нақты мәселелерге байланысты осы кездері белгілеген өкімдердің түсінігімен байланыстырады. Мұсылман құқықшылары құқық нормаларының негізгі бөлігін діни сырдың ашылуы нәтижесі деп ойлады, оларды мәңгілік деп санады. Ислам құқықшыларына осындай тәсіл казуальдық нормаларды түсіндіру кезінде белгілі шешімдерден қайтып кетуге жаңа жүріс – тұрыс ережелерін қалыптастыруға, мұсылман құқығының нормативтік мазмұнын дамытуға мүмкіндік берді. Бұл осы құқық жүйесі үшін қажет [3, б. 36]. Қазіргі ислам құқықшылары Құран мен сүнна жүзеге асқан «рух» мәңгілікте болады, ал жеке нормалар өмір жағдайларының өзгеруіне байланысты екенін мәлімдеді. Құқықшылар айтылған тәсілдердің көмегімен ислам құқығының басты нормалардың бөлігін қалыптастырды. Мұсылман құқық жүйесі туралы айтқанда мұсылман құқығы ішкі және сыртқы нормаларға бөлінетінін білуіміз керек. Құран мұсылман құқығының басты көзі болып табылады, тікелей адамға назар аударады және өзінің қауымында, елінде әр түрлі жағдайларда оған белгілі жүріс – тұрыс нормаларын белгілейді. Адамның әлеуметтік мәртебесі қандай болсада, ол Құранға бағынады және онымен әрекет жасайды. Мұсылман құқық жүйесі ішкі және халықаралық құқықты жорамалдайды, яғни бір-бірінен жеке өмір сүре алады, сондай-ақ бір-бірімен өрлейді. Мұсылман құқығының көздері жөнінде тақырыптар шиеленіс жағдайлардың мысалы бола алады. Құран, сүнна, иджма және кияс ішкі мұсылман құқығына және халықаралық мұсылман құқығына арналған негізгі көздер болып табылады. Ислам елдеріндегі Конституциялық құқық осы және басқа да мұсылман елдерінің ішкі мемлекеттік құқықтарындағы исламға әсер етуі мысал бола алады. Көптеген мұсылман елдерінің конституция нормалары Құран нормалары және басқа да мұсылман құқықтарының арасында қарама-қайшылықтарын туғызады. Мұсылман құқық шығарушылары азаматтық құқықты «Му*амалат» деп атайды. Аталған мұсылман құқық саласының шекті ұсынылатын қарыздарды орындау үшін алынатын пайыздарға тыйым салынатын нормалардан тұрады. Мұсылмандық азаматтық құқық заңды тұлға туралы түсінікті құрастырмайды. Бұл құқық саласы сату-сатып алу, келісім шарттарын, қарыз, сақтау және т.б. ғана біледі. Мұсылман отбасын құру ерекшеліктерін көпшілік біледі. Бірақта, көпшілігі осындай отбасын құру тәртібі мен мұсылман елдерінде отбасылық құқық ерекшеліктерін реттейтін нормаларды біле бермейді. Әрине, отбасылық заң шығару барлық мұсылман елдерінде исламның әсерімен болады, ер адамды отбасы иесі, отбасылық құқық қатынастарында басты тұлға деп есептейді. Солай бола тұра, көптеген мұсылман елдерінің отбасы заңы отбасында және ажырасу процестерінде әйел адамдардың қызығушылығынан тұратын нормалары қарастырылады. Мұсылмандық деликті (қылмыстық) құқық қылмыстық жазалар жүйесі өзінің қаталдығымен ерекшеленетінімен белгілі. Кейбір мұсылман елдері (Иран, Ирак) қылмыс жасағаны үшін ислам нормаларының әрекеттерін қолданады. Исламның қылмыстық-құқық жүйесінің ерекшелігі: алкогольдік сусындарды қолданғаны үшін жазаларға тартылады, ал біздің заңнамамызда мас күйінде ұсталғандар тек қана әкімшілік құқық бұзушылықтар қатарына жатқызылады. Қылмыстық жазалаудағы қаталдылық (қолды, аяқты шауып тастау, құмға көму) біздің өркендеген заманымызда қолданылмайды. Мұсылман құқығындағы халықаралық құқық «сийар» терминімен аталады. Сийарға соғыс пен бейбітшілік түсініктері, мұсылмандық қауым мен елдер және басқа да мемлекеттер арасындағы келісім-шарттар, дипломатиялық қатынастар, адам құқығы, мемлекет одақтары кіреді. Мұсылмандық мемлекеттер жалпыға ортақ халықаралық құқықтармен басқарылады. Жалпы, мұсылман елдері халықаралық ислам құқық ерекшелігін құрайтын нормаларды (ережелерді) ұстанады. Мұсылман құқығының қайнар көздері Мұсылмандық құқық іліміне қатысты қайнар көздер зерттеліп өзіне тән қайнар көздер ерекшеліктері арқылы екі топқа бөлінеді [3, б. 43]:

    1. Құран және сүнна;

Иджма және қияс (осы иджмаларға және қиястарға әдет ғұрып та жатады). IX–X ғасырда мұсылман құқығының нормалары жасалынып бітті. Оны Фикһ немесе Шариат деп атайды. Мұсылмандық құқықтың құрылысын сипаттауда оның нормаларына мұсылмандық құқықтың мәні мен құрылысы әсер ете алмайды. Бұл нормаларды да екі топқа бөлуге болады: 1) кез келген адамның (іс әрекетіне) баға беруі жатады. Бұл іс -әрекеттер бес топқа бөлінеді: - Міндет; - Рұқсат ету; - Шектелген; - Кеңес беру; - Тиым салу; 2) белгілі бір жағдайларға немесе іс әрекеттің салдарына байланысты реттейтін нормалар жатады. (Есі дұрыс емес адамдармен келісім шарт жасаудың жойылуы). Өз кезегінде адамдардың қарым - қатынастарын реттейтін нормалар: - жеке адамдар мәртебесінің құқықтары; - қылмыстық құқықтар; - әкімшілік нормалар; - соттық құқықтар; - халықаралық құқықтар. Жеке адамдар мәртебесінің құқықтары діни қағидаларға негізделеді. Бұл нормалардың негізгі институттары: - неке; - ажырасу; - туыстық жөнінде; - отбасын мүліктік тұрғыдан қамтамасыз ету; - бала тәрбиелеу міндеттері; - қамқоршы; - мұрагерлік. Мұсылмандық мектептердің құқығы Ислам діні 67 мемлекетке тараған. Дін екі бағытта дамыды: сүнниттер (90 %) және шииттер (10 %). Исламның барлық қағидалары құран және ардақты Пайғамбарымыздың Хадистерінен тұрады. Сүннитер бағыты мұсылман мемлекеттерінің басшыларын, үкіметті сайлау арқылы басқаруды жақтайды. Ал шииттер жоғарғы билік үкімет басшыларының тағайындалуын мұрагерлік құқығы арқылы берілуін жақтайды. Себебі: ақсүйектер мен дін басшыларының бір болуын қалайды. XX ғасырдағы сүннитер мектептерінің бағыттары [3, б. 54]: Маликит, Ханифит, Ханбалит, Шафиит. Маликиттер. Малик ибн Анас (713–795). Олар Мәдинеде пайда болды. Мектептері: Марокко, Алжир, Тунис, Ливия, Кувейт, Бахрейн елдеріне тарады. Ханифиттер. Бұл мұсылман әлемінде құранды мағыналы түрде түсіндіруге арналған. Парсы имамы Абу Ханиф (699–767). Осы мектеп Балқан, Солтүстік Кавказ, Қара теңіз, Еділ, Орталық Азия, Үндістан, Индонезияға тарады. Ханбалиттер. Бағдат оқымыстысы Ахмад Ибн Ханбала (780–855) Мектептері: Сауд Аравиясы, Сирия мен Ливанда тараған. Шафиитер. Бұл мектептің мақсаты Ханифид пен Маликид мектептерін қорғау. Иман Мухаммед Али Шафи (767–820). Мектептері: Сирия, Ливан, Палестина және Иордания мемлекеттерінде тараған. Шығыс және Африка континенті мемлекеттеріне ислам құқығының әсері Ислам ұрандарының әсерінің арқасында дүниежүзі жағрафиялық карталарында жаңа мемлекеттер пайда болды. Осы мемлекеттер жаңа конституциялар қабылдады. Осы конституцияларда заңды түрде ислам дінінің қағидалары мен нормалары бекітілді. Шығыс елдеріндегі конституциялық құрылымдарға исламның мемлекеттік құқықтық концепциялары әр түрлі әсер етеді. 67 мемлекет ислам дінін қабылдап отыр [3, б. 60]. Пәкістан 1962 жылы 2 - ші конституциясын қабылдады. Сол конституциясының 7-8 баптарында барлық мұсылмандық мемлекеттермен қарым қатынасын нығайту керектігін және сол мемлекеттердің басқару органдары осы баптарды қолдануы керектігін ескерткен. Ислам дінін қолдауға шақырған. Ал, 1973 жылғы конституциясында құранды оқытуды алға қойды және исламдық өмірді өркендетуді басты міндеттері деп санады. Сауд Аравиясының елбасы ислам үкіметін құруға қатысады. 1958 жылғы заң бойынша шейхтер мен ақсақалдар үкімет құрамына кіргізілмеді. Ислам мемлекеттерінде мемлекет басшысын премьер - министр тағайындайды. Африка мемлекеттерінің ішіндегі келесі тоғыз ел мұсылмандық мемлекет елдер қатарына жатады: 1) Буркино – Фасо; 2) Сиерра – Мион; 3) Заир; 4) Камерун; 5) Кения; 6) Уганда; 7) Танзания; 8) Зимбабвэ; 9) Нигерия. Соттардың аталымы (немесе есімі) - Қади. Азаматтық істерге мұсылмандық және ежелгі құқықтар қолданылады: 1) некеге тұру; 2) некені ажырату; 3) қорғаушы;

4)мұрагерлік.

Му*Амалат мұсылмандық (азаматтық) жеке құқық Жеке адам мәртебесі - нормалары мұсылмандар ортасында мұрагерлік өсиет айту және оқулық қабілеттілігін шектеу мәселелері қаралып, жүзеге асырылады [3, б.74]. Бұл нормалар: мысалы, мұсылман әйелдерге, мұсылман еместерге тұрмысқа шығуға тыйым салынады. Неке қию кезіндегі куәлардың мұсылман болуын талап етеді. Мұсылман азаматтық құқықтарымен жеке меншікті реттей отырып, мұндағы бұл меншіктің ең жоғарғы иесі тек Алла деп санайды. Мұсылмандар сот процессуалдық құқықта сот лауазымын тек қана мұсылман дініндегі ислам талаптарын бұлжытпай орындайтын иманды адам иеленуі тиіс. Осы секілді талаптар куәлерге де қойылады. Бұл тарауда ант беруге зор маңыз беру арқылы сол адам істің ақ қарасын дәлелдейді. Бұл жерде сот кез келген мұсылман адамының дін алдында таза болатынын, өйткені, Алла бәрін біледі оның азабынан сақтануды бірінші орынға қоятынын ескереді. Мұсылмандық мемлекеттердегі ислам және отбасы құқығы Дербес заң институттары отбасы қатынастарының мұсылман құқығын реттейді. Отбасылық құқыққа ислам қамқоршы және тәрбиешілерден келіп түскен сұрақтарды белгілі уақытта тәртіпке келтіру, мұрагерлік өсиеттер, сыйлық түрлері жатады [3, б.79]. XIX ғасырдың аяғында Дербес заң құқығы мұсылмандық құқықтың нормаларын кодификациялау процестерімен бірге дамыды. Шариат. Мұсылмандарға төрт әйел алуға рұқсат етіледі. Егер әйел өмірге нәресте әкеле алмаса, онда оның жұбайы тағы үйленуге мүмкіндігі бар. Ал, бірінші әйелі ол үйден кетуге құқылы. Ер адамның бесінші рет үйленуіне мүмкіндігі бар. Араб елдерінде мұсылман қыздары мұсылман еместерге тұрмысқа шықпайды. Егер әйелі немесе күйеуінің біреуі діннен безсе, олардың некесін сот бұзады. Сирия мен Иракта күйеуі әйеліне өзінің туыстарын бірге тұруға шақыртқызбайды; тек қана жас балаларды ғана әкелуіне құқылы. Иорданияда күйеуі өзінің туыстарын күтуге міндетті. Мұсылмандық қылмыстық құқық Исламның деликті құқығы мұсылман елдерінің қылмыстық заңына, қоғамдық дамуына маңызды әсер етті [3, б.88]. Алланың еркімен анықталған мұсылманның ойы және барлық қылмыстары құқық бұзушылық теориясын құрастырады. Сонымен қатар, Құранда ұсынылған жазылымдар мен басқа да қасиетті мәтіндер ұстанымсыз болып табылады, сондықтан мұсылмандарда өзіндік жүріс-тұрыс варианттары бар. Сондықтан әбден ойланып істелген қылықтар мұсылмандық тыйым салу туралы жазылымдарда бұзушылық ретінде бағаланады. Бұл тыйым салулар дін, өмір, ұрпақ сүю, ақыл-ой, меншік сияқты исламның негізгі құндылықтарын қорғауға бағытталған. Исламның заңгерлері құқық бұзушылықтың классификациясын ұсынды. Осы классификацияның анализі исламның деликті құқық мәнін жақсы түсінуге мүмкіндік береді. Құқық бұзушылықтың классификациясы екі негізгі критерийге бөлінеді: жазалаудың нақтылық дәрежесі мен қызығушылық бұзықтың сипаты. Барлық құқық бұзушылыққа сәйкес классификация үш топқа бөлінетін классификациялардың бірі болып табылады:

1) Аллаға қарсылық пен қастандық;

2) қылмыс істегені үшін белгіленген жаза тағайындау; 3) қылмыс істегені үшін нақты жаза белгіленбеген. Біз айтқандай, бірінші топтағы жаза: бұл біреудің өміріне қастандық ойлау және мұсылмандық қауымға қызығушылығы. Бұл қылмыстық топтар нақты жазамен жазаланады, яғни мұсылмандық құқықта «хадд» деп аталады. Екінші топтағы қылмыстық жазаға белгіленген терминдар «кисас», «кавар» және «дия». Үшінші топтағы құқық бұзушылық пен қылмысты исламдық құқықта «тазир» деп атайды. Нақты жаза әлі де белгіленбеген, бірақ бұл жаза оларға жұмсақ болуы мүмкін, яғни осы топтар Аллаға қарсы қылмысты болғандықтан. Нақты осы топтағы көрсетілген жазалар, қылмыстың құрамына кіретін мұсылмандық қызығушылық жеке біреудің өміріне қастандық жасау. Ислам ішімдік қолдануға үзілді-кесілді қарсы, былайша айтқанда Аллаға деген сенімін және шындығын анық айтпау. Бірақ құранда жазаға қарсы нақты жоба жоқ, бұл қылмыс жасаған топта қарастырылады, бірақ нақты жаза сүннада көрсетілген. Аңызда, пайғамбар ішімдікке қарсы шығып дене жазасын және өлім жазасын көрсетті, егер бұл мұсылмандық қылмыс төрт түрлі жазада аяқталса. Маскүнемдерді пальманың бұтағымен соғып жазалады. Соңында халиф Омар ішімдікке салынғандардың көрсеткішін тоқтатуын тілеп, жазаны күшейтіп, қылмыс бұзғандар үшін 80 соққы беруін қабылдады. Егер ішімдік абайсыздан ішілсе және соңында күштеу көрсетпесе, онда ішімдік ішуші жауапкершіліктен босатылады. Келесі қылмыстың түрлері – ойнас (зина), бұл мұсылман моралында қол салу қылмысы болып саналады. Қылмыс бұл некеге тұрмағандарды «надд» сыртқы бойынша жазасын береді. Мұндай қылмыстың жазасын отбасы мен моралды құрады, ойнас қылмыстың куәгерлік өтініші төрт куәгерден болуы керек. Куәгерлер нақты қылмыстың болғанын анықтайды, яғни белгіленген қылмыстың фактісін дәлелдеп көрсетуі қажет. Егер төрт куәгер өтірік сөз айтса, оларға 80 соққы беріледі және екінші рет куәгер болдырмайды. Ұрлық қылмыс түріне жатады, яғни нақты жазаның белгісі. Құранда айтқандай ұрлықшылардың ұрлық жасағаны үшін қолын кеседі. Мұндай қатыгездікті түсіндіріп айту, бұл исламда жалғыз басты меншікті құндылық болып саналады, яғни құқықты сақтау тиіс. Ұрлықтың объективті және субъективті жағына қылмыстың нақты жасалынғаны жеткілікті. Кәмелетке толғандар мен сау кезінде болған адам қылмысты өз жауапкершілігіне алады. Осындай барлық жиынтық қылмыскердің оң жақ қолын кесу, ұрлық екінші рет қайталанса сол аяғын, үшінші ұрлық жасалса, сол қолын кесу және де төртінші рет ұрлық жасалса, оң аяғын кесу жағдайы қаралған. Егер де үшінші рет ұрлық жасалса, ұрлықшы ұрлығын тоқтатпаса, ол түзелмесе, соттың ұрыны өлім жазасына кесуге құқылы. Егер де ұрлық жасаушылар көп адам болса, олардың барлығында біркелкі жазалайды. Ұрлықшыны тірідей құмға көму жазасыда қолданылады. Мәскеудің ұрылары Біріккен Араб Эмиратында алым-салық түрінде өздерінің «нәрсеге барған» отандық жерлестерінен жүздеген мың доллар жинауларына тырысты. Осы қылмыскерді шөлді далаға апарып, құмға тірідей көмген. Енді өз өмірлерін шөл даладағы құмдарда өлуге қиятын әуесқойлар жоқ. Мұсылмандық құқыққа келісім доктринасы ұрлық куәгердің дәлелі мен қылмыскердің өзінің қателерін мойындайды. Егер де жәбірленуші қылмыскерді кешірсе, онда қылмыскер жауапкершіліктен босатылады. Бірақта жәбірленуші қылмыскерді кешірсе де, оның қолын заң бойынша кеседі. Аштық жылдарында да сот шешімі қылмыскердің қолын кеседі. Халиф Омар аштық жылдары мұндай шешім қолданылмасын, мұсылманның ортақ түріне өзінің қызығушылығын танытты. Исламды сатып кету - бұл діннен алыстау қылмысы болып есептеледі, яғни өлім жазасына кесу қаралады. Бұл логикалық факты, шариаттың дұрыстығын көрсетудің негізі болады. Сондықтан бұл діни табандылықтың сақталуын көрсетеді. Бірақ Құранда нормалар жоқ: нақты қарастырылған жазалар діннен алыстау, яғни мұнда қысқаша өлеңдер де құдайларды және тілдерді қарастырады. Алла біреудің көмегін қажет етпейді: «Шындығында, Алла сатып кеткендерді кешірмейді». Шығыс елдерінде Сауд Аравиясында исламды сатып кету - бұл адамдардың іс-әрекетіне тең, яғни дұшпандар жағына ауысып отандарын сатып кетумен пара-пар. Қарақшылық ең ауыр қылмыс санатына жатады. Қылмыстың басты жауапкершілік түрі: мұсылмандық еркек, кәмелетке толғандар, ақыл - есі толылар. Сол сәттегі жағдайда мүлікті тартып алу фактісі, яғни мұсылмандық меншікті және заңды білуі қажет. Шафиттер, егер ашық дүние-мүлікті тонап, өліммен аяқталса, қылмыскерге өлім жазасы беріледі,-деп есептейді. Дүние мүлікті тонамай, өліммен аяқталса да, өлім жазасы беріледі. Егер ұрлық жасаушы дүние-мүліктен айырылып, бірақ өлім жасалмаса, қылмыскерді кескілеп жазалайды. Егер дүние-мүлікті алмай және өлім жасамай жай ғана қорқыту болса, онда қылмыскер жер аударылады немесе бас бостандығынан айырылады. Барлық мұсылман мектептері қылмыс тонау мен өліммен аяқталса, оған байланысты өлім жазасы берілетін болса, онда осындай қылмыстар мұсылман қауымының қызығушылығын бұзу болып табылады. Қылмыскер ұсталғанға дейін өзінің жасаған қылмыстарына өкінсе, онда оны жазадан босатады. Егер ол жасаған қылмыстары үшін полицияға ұсталғаннан кейін өкінсе, онда ол жауаптылықтан босатылмайды. Қаза болған адамның мұрагерлері өлім жазасын жүргізуге құқылы, бірақта осы жағдайда өлген адамның әлеуметтік және субъективтік сапасы ұсынылған талаптарға сәйкес болуы қажет. Басқа сөзбен айтқанда, қаза болғанмен және өлтірушінің арасында әлеуметтік жағдайы, сенім, жынысына байланысты тепе-теңдік болуы қажет. Көптеген құқықшылар мұсылман әйелін немесе құлын өлтірген мұсылманды өлім жазасын беруге көндірді. Барлық мұсылман құқық мектептері (шафиттерден басқа) кәмелетке жетпегендер мен есінен ауысқандар өлім жасағаны үшін тек қана «дия» (төлеп алу) жазасы қолданады. Көптеген мұсылман мектептері, егер өлімге бірлесіп бірнеше орындаушылар қатысса, онда олардың барлығына да өлім жазасы беріледі. Егер де орындаушылардың ішінде біреуі өзінің жеке мінезіне байланысты дарға асылмаса немесе ол абайсыз әрекет жасаса, онда осы өлімге қатысқандардың барлығы ережеге сәйкес осы жазаның жазаларынан босатылады және ол әдетте төлем алумен ауыстырылады. Мұндай санкциялар өлтірушінің жеке мінезі күмәнсіз болған жағдайларда қолданылады. «Тазир» 11 әр түрлі жазаларды бере алады. Оның ішінде мынадай санкциялар бар: өтірікші куәгерлердің басын қыру, қаланың көшесінде адамның жасаған қылмыстарын айту және жарты денесін ашық ұстап жүргізу, үш күн керіп тастап тамақ бермеу сияқтылары бар. Бас бостандығынан айыру, материалды санкциялар немесе тән жазалары (ұру,соғу) мұсылман құқығында жалпы қылмыстық жазалар ретінде қолдану өзгешеліктері бар. Ислам соттарында бостандығынан айырылған қылмыскерлер арнайы түрмелерде қамалмай, өздерінің үйінде немесе мешітте қамалып ұсталынады. Бір жылдан артық мерзімді қамтитын жер аударулар ешкімге берілмейді. Жазалар шаралары ретінде айыппұл төлеу, дүние мүлікті құрту (арақ-шарап сатушы дүкендерді) кеңінен қолданылады. Осылардың қатарына шафит және ханбалит мектептері, көптеген маликиттер қылмыскер жасаған қылмысына өкінген уақытына дейін дүние мүлкісінің бәрін немесе жартылай бөлігін алуларына мүмкіндіктер беріледі. Сот шешімі бойынша дарға кесілгендердің толығымен дүние мүлкін тәркілеу қажет деген көзқарастар бар. Ханифиттер «Тазирдің» осындай түрін жүзеге асыру құқықсыз деп санайды. «Тазирдің» осындай түрі әр түрлі түсіндіріледі, сондықтан оны қолдануды реттейтін әр түрлі нормалар бар. Мәселен, ханбалит мектептері денені жазалауды жүзеге асыру кезінде 3-тен 10-ға дейін таяқпен ұруды жүргізуге болады деп есептейді. Аңыздарға келетін болсақ, пайғамбар «хадд» категориясының қылмыстарына жатпайтын қияңқылықтар үшін 10-нан асатын соққы жасатпады. Ханифиттік мектептер «тазир» жазасы «хадд» санкциясының аз болуы қажет деп есептейді. Осыған байланысты денені жазалаудың максималды шегі бостандықтағы мұсылман үшін 39 соққы және құлдар үшін 19 соққы деп құрастырған. Шафииттік мектеп барлық мұсылмандар үшін 19 соққыны құрастырған. «Тазир» өте қатерлі қылмыс үшін дене жазалаудың мөлшерін 100 соққыдан асырмауы керек деп есептейді. Ұрлық жасаған тұлғаларға дене жазалаудың мөлшері 99 соққы делінген. Ислам заңгерлері «тазирдің» әр түрінің арасында болатын өлім жазасына аса көңіл бөледі. Осы жазалаудың шаралары ауыр қылмыстарда қолданылады. Маликиттік мектеп жауына қарсы тыңшылдық жасаған, яғни осының салдарынан мұсылмандар соғысқа душар болатын қылмыстарда өлім жазасын қарастыруды талап етеді. Шафииттер мен ханбалиттер мұндай жазалаудың шаралары тәртіпсіздікке Құран мен сүннада тыйым салынған ислам сенім принциптерінен бас тартуға арналған деп ойлайды. Ханифиттер «тазирдің» бөлігі бойынша тұтасынан өлім жазасына қарсы, бірақ рецидивистік-қылмыскерлердің қарым-қатынасына жазалаудың осындай түрлерін қолдануға қолдау көрсетеді. Мұсылман құқығында рецидивистердің қарым-қатынасына өмір бойы бас бостандығынан айыру үшін қолдануы мүмкін. Мұсылман қауымының қызығушылығына әсер еткен жағдайда өлім жазасын белгілеуі мүмкін. «Тазирді» қолдану кезінде дәлелдік базасы бұзақының мойындауынан немесе куәгерлердің берген жауаптарынан тұрады. «Тазирдің» айырмашылығы «Хадда» немесе «қисаса» сонда, ол әр тұлғаға, соның ішінде кәмелетке толмағандарға қолданылады, сондай-ақ әр құқық бұзушыларды бағалау кезінде «күмән» тудыратын жағдайларға да қолданылады. «Тазирдің» ерекшелігі – нақты құқық бұзушылықты жасағаны үшін белгілі қатал санкциялар жүйелері болып табылмайды және сот органы өзінің қалауы бойынша қылмыскердің тұлғасы мен қылмыстың сипатына байланысты жазалаудың мөлшерімен нақты түрін таңдай алады. Егер қылмыскер өз кінәсін мойындаса «Тазир» жазалауы тоқтатылады.

Ислам заңнамасындағы дәлелдеу теориясы Мұсылмандық құқық заң алдында барлық теңдіктің қағидасын уағыздайды [3, б.107]. Мысалы, Пәкістан Республикасының Мұсылмандық Конституциясының 5 бабында (1956 ж.) «барлық азаматтар заң алдында бірдей және заңның барлық қорғанысына құқықты» деп бекітілген. Әрбір адам қылмысқа айыпталуы мүмкін болғандықтан, оған белгілі құқықтарды қамтамасыз ету керек. Дегенмен бұл құқықтар қоғам құқығымен әділ жазаның қолдануымен өлшенуі керек. Бұл баланс факті дәлелдеудің және қылмыс құрамының бекітілген жүйесімен жетіледі. Сонымен қатар, қылмыстық құқықтың қазіргі заманғы жүйелері ақырғы сот үкімін шығаруды қажет етеді. Факт және құқықтық қорытынды арасындағы барлық қарама - қайшылықтарды минимумға дейін төмендетуді, ал негізінде мүлдем жоғалатын дәлелдемелер жүйеленуі қажет. Конституцияда бекітілген және мұсылмандық құқықтың дәлелдеме жүйесінің негізі болып айыпталуының кінәсіздігінің презумпция принципі болып табылады. Бұл қылмыс фактісінің дәлелдемесінің ауырлығын және оны нақты адаммен жасалғаны шындықта жатыр деген мағынаны білдіреді. Бұл ереже құранның келесі бөлігіне негізделеді. «Егер де кімде - кім өзінің айыпсыздығына төрт куәгерді көрсетпесе, онда оны сексен соққысымен жазаландар», - делінген. Мұхаммед Пайғамбар: «Дәлелдеме ауырлығы айыбына жатады, айыптыға өзінің кінәсіздігі үшін ант беруі де жеткілікті», - деген. Мұсылман заң қызметкерлері арасында сот шешімін шығарғанда, дәлелдемелердің қандай түрлеріне сүйенуі керегі жөнінде көптеген соттаудың түрлері бар. Шафиит, ханифит және ханбалит мектебінің заңшылары куәгер жауаптары дәлелдеме болғандықтан деп есептейді, өйткені Құран көп жағдайда осындай көрсетулер негізгі дәлелдемелерді сипаттайды. Келесі заң қызметкерлері (Ибн Тайлимя, Ибн ал – Кайум және Ибн ал-Гарс): «Дәлелдемелер тек куәгерлер жауаптарымен шектелмеуі керек», - деп айтады. Олардың ойынша, осындай шектеулер анықталмаған. Олар «дәлелдеу» деп Алла мен Пайғамбардың шындықты айқындауға көмегі бар», - деп ойлайды және солай деп санайды. Сондықтан, айыпшы оның барлық айыптау шындығын (объективті дәлелдеу, заттық дәлелдеу) бекітетін барлық дұрыстықты келтіруі керек. Бірінші көзқарас жақтаушылары басқа дәлелдеу құралдары тек әкімшіл сипатты құжаттарда қолданылатынын айтады. Осы заң қызметкерлерінің көзқарасы бойынша, осы қылмыстың іс жүзінде дәлелделуі тек айыпталушының кінәсінің мойындағанымен және куәгерлердің жауаптарымен шектеледі. Мұсылмандық құқықтың дәлелдеу теориясының даулы сұрақтарының бірі боп сот қабілеттігінің дауласуы бойынша өзіндік алдын ала білім негізінде шешім шығаруы болып табылады. Әкімшілік және жалпы құқық аумағында сот шешімі куәгер жауаптарының және расталған құжат дәлелдеуіне негізделуі тиіс. Бұл соттың ойлауы мен оның өзінің білімдерімен негізделген шешім қабылдауды рұқсат етпеу талпынысымен түсіндіреді. Әкімшілік және жалпы құқықта кейбір кездерде сотқа сотта бейнеленбеген мәліметтерді қарастыру сипатымен және қатысты істерді білгені үшін істі қарастырудан бас тартуды ұсынады. Бірақта бұл принцип барлық мұсылмандық заңгерлерімен қарастырылады. Заң қызметкерлерінің кейбір бөлігі әділдік пен шындыққа жету үшін сотқа оған белгілі осы іс бойынша алдын ала алынған, қосымша мәліметтер негізінде шешім шығаруға тыйым салу тиіс емес деп есептейді. Осы тақырып бойынша мұсылмандық заңгерлер үш көзқарасты топқа бөлінеді: 1) соттың ісі бойынша (қылмыстық, азаматтық) басқа алынған мәліметтерін қолдануына тыйым салынуы керек; 2) соттың қылмыстық және азаматтық іске негіз болатын алдын ала алынған мәліметтерге сүйенуі керек. Осыған байланысты мынадай тезис пайда болады: егер сот бір жақтың кінәлі екенін білсе, онда оны жазасыз қалдыру әділетсіздік болар еді; 3) құранда тек қана алдын ала алынған мәліметтерге сүйене отырып, арнайы көрсетілген қылмысқа үкім шығаруға тыйым салады. Әдетте, жұбайылық опасыздық бойынша мәселелерді қарастырғанда жеке тұжырымға тыйым салынады. Бұның негізі мынамен түсіндіріледі, Пайғамбар былай деп санаған: күдіктінің осы қылмысты істегені жөнінде күдік туса, онда оны жауапкершіліктен босатуын қалаған. Сонымен қатар, егер күдікті кісі барлығын теріске шығарса, онда сот осы тектес қылмыстарға өзінің білімі негізінде үкім шығара алмайды. Осы тұжырымдарды талқылай отырып, мынадай қорытынды шығаруға болады: исламдық құқықтану сотқа қылмыстық істер бойынша шешім қабылдауға тыйым салынатын тенденция бекітіледі. Исламдық құқық мына шарттар ретін бекітеді, онда айып тағудың негізі болып дәлелдемелер табылады. Екінші шарт: дәлелдеме өзінің күшін үкім шығарғанға дейін сақтау керек. Егер куәгер өзінің берген жауабынан немесе айыпталушы өзінің мойындауынан бас тартса, онда делелдеме және соның негізінде шығарылған шешім нақты болып табылмайды. Үшінші шарт: дәлелдемелердің кейінге шегерілуі, не болмаса кешіктірілмеуі керек, я болмаса олардың нақты болып саналмауы тиіс. Осы шарттарды сақтамау дәлелдемелерді жоққа шығаруы мүмкін. Исламдық заңгерлер істің ұзаққа созылуы жөнінде үш түрлі көзқараста: 1) дәлелдемелер өзінің күшін жойып алмау үшін немесе шүбә келтірмеу үшін, бұл мерзімді бір ай, не жарты жылға созуды құптайды. Ал үшінші жақ: сот алқасы қабылдауға болатын мерзімді өзі анықтайды деген көзқарас пысықталуы мен орын алған дәстүрді еске алып, дәлелдемелердің кешігуіне рұқсат етеді. Бұл мерзімдер Құранда қарастырылған. Ішімдік ішуден басқа барлық негізгі қылмыстың түрлеріне қолданылуы мүмкін. Құқықтанушы мектептер ханифиттер мен шафииттер бөлігі былай деп санайды, яғни соттың дәлелдемелерді өзі бағалап және өзі жинауы керек, сонымен қатар оған басқа сот бағыттаған дәлелдемелерді қабылдауға рұқсат етілмейді. Барлық құқық мектептері сот өзінің сот үрдісінде беретін дәлелдемелеріне сенімді болу керек деген бір пікірде. Сотқа келесі өкілеттілік берілген: дәлелдемелердің сенімділігіне куәгердің жауабын және айыпталушының мойындауына, оның шыншылдығы мен сенімділігіне сенбесе, оларды елемеуге хақысы бар. Үлкен мағыналы дәлелдемелердің түрлері қылмыстық тәжірибеде қолданылады. Исламдық құықтанушылардың көбі дәлелдемелердің басым бөлігімен куәгерлердің жауабына сенеді. Сонымен қатар, дәлелдеме ретінде айыпталушының жеке мойындауы да ескеріледі. Басқа дәлелдемелердің түрлері презумпция деп аталатын жорамалды құрайды. Исламдық әділ сотта куәгердің жауабы былай басталады: «Куәгерлік, жасаймын... », яғни ол куәгер болып табылатыны және барлығын өз көзімен көргендігі жайында баяндайды. Куәгерге жауап беруіне мәжбүр етпеу керек, бірақ жауап беруден себепсіз бас тартуы діндік міндеттемелерді бұзу болып табылады. Бұл ретте әлеуметтік жағдайда және дінге жатқызылмайтын тәуелсіз құқықтанушы адам шақырылады. Бірақ, басқа діндегі адам дін жайында куәгерлік ете алмайды. Шындықты анықтау үшін куәгер бас бостандығы бар екі еркек адам жеткілікті. Еркек адамның жауабы екі әйел адам немесе екі құл жауаптарымен теңестіріледі. Баласының тууы туралы куәлік ететін жағдайда бір ғана құл әйел ғана куәгер бола алады. Жалған куәгерлік айыбы ашылған куәгер, жалған жауап бергені үшін жауапқа тартылады, ал оның куәгерлік етуі енді бұдан былай тыңдалмайды. Қоғамдық өмірде куәгер - әр түрлі қоғамдық өмірдегі көріністерді өзіне міндеттеме ретінде мойнына алатын жеке тұлға. Оның отандастарының істерінде сенімді адамы болуы мүмкін, істі қалай жүргізу керек екендігіне кеңес беруіне мүмкіншілігі бар. Ең бірінші барлығы келіскен және ортада сенімге ие адамдар куәгер бола алады. IX-X ғасырлардан бастап куәгерлерге үлкен талап қойыла бастады. Біреулердің айтуы бойынша, куәгерде кади қасиеттері болу керек, басқалары оның қасиеттерімен қатар адамгершілігі болу керек деп санайды. Ал кемшіліктер әр жеке істе назарға алынады, мысалы, соқыр адам бір жағдайларды көргендігі жайында, ал сауатсыз адам оқығандығы жайында айта алмайды. Бірақ барлық куәгер адамдар берік қоғамдық жайдағы адамдар болуы керек деген ойға келеді. Сол уақыттардан бастап, куәгерлер тізімі билік басындағылармен жасалып тұжырымдалды. Теория мен тәжірибеде куәгердің жауабына келесі талаптар қойылады: 1) куәгер ересек кісі болу керек. Көбінесе, жас баланың жауабы назарға алынбайды, бірақ кейбіреулері кісі өлтіру оқиғасы үрдісінде басқа куәгерлер болмаған жағдайда, жас балалардың жауаптары ескеріледі; 2) куәгер ақылды, дені сау болуы керек; 3) куәгердің жақсы жады болу керек, өйткені ол түсініп және оқиғаларды есте сақтауы керек. Есте сақтай білу қабілеті нашар болса, онда ол куәгер бола алмайды; 4) куәгер сөйлей алатын болуы керек. Кейбір мектептер керең мылқаулардың жауаптарын ескереді, егер ол жауабын қағаз бетіне түсіре алатын жағдайда болса; кейбіреулері мұндай жауаптарды мүлдем жаратпайды; 5) куәгердің көзі көре білуі керек, яғни куәгер болып тұрған адамының жағдайын көре білуі керек; 6) куәгердің көрегенді болуы керек, яғни өзіне құдайшылдық пен ақылын біріктіре алуы керек; 7) куәгер анық жауаптарын беру керек, яғни басқалардың сөзін емес, өз көзімен көрген қылмыстарды айтуы керек. Куәгерге деген келесі негізгі талаптар: оның ислам дініне жатуы керек, бірақ ханифиттік мектеп мұсылман еместің мұсылманға куәгер болуына рұқсат етеді. Басқа мектептер мұндай тәжірибеге қарсы. Исламдық құқықта куәгердің берген жауабын жарамсыз деп тануына негіз бар. Олардың арасында қан бойынша туыстарға куәгер болу, дұшпандық қарым қатынастарда болған жағдайда жарамсыз деп жарияланады. Процессуалдық құқық ерлі-зайыптылық опасыздық ісі бойынша берілген жауаптарға ерекше көңіл бөледі. Біріншіден, кем дегенде төрт сенімді куәгерлер болуы. Егер төрт куәгер болмаса, онда куәгерлер өтірік үшін айыпты болады. Сонымен қатар, барлық айыптаушы куәгерлердің еркек жынысты болуы керек. Бірақ екі куәгер әйел жауаптары бір еркек куәгер мен теңестіріледі. Сонымен бірге, куәгерлердің жауаптарымен қатар дәлелдің екінші түрі болып, айыпталынушының өзі істеген қылмысын мойындауы арқылы іске асады: 1) мойындау өз еркімен және зерделі нормасына сай өзінің ойын дұрыс жеткізе алатын болуы керек; 2) мойындау тек бірмағыналы, анық, түсінікті және ешқандай күдік туғызбайтындай болуы керек; ол соттық үрдіс кезінде айтылуы керек. Жеке құқықтанушылар былай деп санайды, яғни айыпталушы мойындауын осы іске қанша куәгер керек болса, сонша рет қайталауы керек. Мойындау сыбайластарына емес, тек қана айыпталушының өзіне қатысты болады. Мысалы, егер еркек адам жұбайлық опасыздық істегенін мойындаса, сонымен қатар, басқа әйелмен қатысы болса, ол әйел кінәлі болмайды. Өйткені, ол әйелге қарсы айып жоқ. Бұл жағдайда тек қана еркек адам кінәлі болады. Мойындау кінәні білдіреді, егер сот оның шыншылдығына сенген жағдайда, жазаға алынады. Бұл үшін мойындау басқа да пысықтаулар мен сәйкес болуы керек. Кінәлі әр жағдайда өзінің мойындауынан жалтаруы мүмкін, егер сот шешімі тек қана мойындау негізінде қабылданған болса, мұнда соттың шешімі жарамсыз деп табылады. Кейбір исламдық құқықтанушылар презумпция деп аталынатын айқын көрсеткіштерге дәлел түрінде рұқсат етіледі. Презумпция логикалық қорытындыны білдіреді, ол әрекеттен және сонымен қатар пысықтаулардан жасалады. Ол әлсіз (тұрлаусыз), және әлді (негізгі) дәлелдемелер болуы мүмкін. Бірақ дәлелдеме сапасы ретінде ол тек қана жеткілікті сендірерлік болған жағдайда ғана қабылданады. Бұл айқындылық істі анық және белгілі болдыру керек. Исламдық заңгерлер арасында осы мәселе бойынша әр түрлі көзқарас қалыптасқан. Кейбіреулері презумпцияны жоққа шығарады, демек, дәлелдемені тек қана куәгер жауабы ретінде және мойындау ретінде қабылдайды. Басқалары айқындылықты қолдануды оқиға ретінде рұқсат етеді. Мысалы, жүктілік ол зорлықтың дәлелі болып табылады, егер әйел адам тұрмыста болмаған жағдайда. Ішімдіктің иісі - адамның ішкендігінің дәлелі. Сонымен, исламдық қылмыстық құқықта дәлелдемелер жүйесі айыпталушының құқығы мен қоғамның құқығы арасында тепе теңдікке жетуге бағытталған. Қоғам қылмысты түп тамырымен құрытуға мүдделі, екінші жағынан, бір де бір кінәсіз адам азап шекпеуін қарастырады. Адамның құқықтары дәлелсіз кінәлі болуы емес, дәлелдердің нанарлық және анық болуын болжайды. Исламдық құқық соттың өзіне дәлелдемелерді бағалауына құқық береді. Бірақ нық критерийлерді құрастыру керек. Бүгінде исламдық құқықтың жүйесі, негізгі жаза қағидалары және дәлелдемелер теориясы өзінің логикалық ретін және бағытын қарастыруда. Исламдық ілімді және онда құрылған құқықтық ғылымды әлемнің ғалымдары мен құқықтанушылары әр түрлі қабылдайды. Бұрынғы уақыттарда демократиялық дамыған елдерде және кеңес одағынан кейінгі кеңестік кеңістіктегі елдерде қылмыстың өсуіне жол бермеу мақсатында үлкен іскерлік көрсетеді. Әсіресе, ауыр қылмыстық істерді және әр түрлі пайдақорлықтарды болдырмау үшін ислам елдерінің құқық қорғау органдарының тұрақтылықты болуы қоғамға қарсы көріністердің санын азайту болып табылады. Батыстың қоғамдастығымен қаталдық және цивилизациялық емес көрінулер қабылданады. Бұл жәйттерге қай жағынан келсек те, қоғамның құқықтық қатынастарының кез келген жүйесіне сыйластықпен қарауымыз керек. Минималды түрде білу және зерттеу, ал соңында мүмкіндігінше және түсіну. Мұсылман мемлекеттерінің халықаралық құқық субъектілігі Жер бетінде Ислам дінін ұстанатын 1 млрд – артық адам тұрады. Егер ғаламшарымызда 6 млрд 500 млн - астам адам өмір сүретінін ескерсек, мұсылмандар Жер бетіндегі халықтың бестен бір бөлігін құрайды деген сөз. Қай мемлекетте қанша Ислам дінін ұстанатын адам тұратынын есептеп көрсе де қызық. Мұсылман халықтарын, олардың санына қарай келесі топтарға бөлуге болады [3, б. 116]: а) мұсылман мемлекетінің негізін құрайтын, мұсылман халықтары (олар барлық жиынының 70 % – 100 % құрады); б) мұсылман халықтары, мемлекет халқының шамамен тең жартысын құрайтыны; в) әртүрлі елдерде ислам диаспорасы ретінде өмір сүретін мұсылман халықтары. Бірінші топқа халқының 99 % мұсылмандар құрайтын, Ауғанстанды жатқызуға болады; Албания – 70 %, Бангладеш – 82 %, Бахрейн – 93,3 %, Египет – 91,1 %, Гамбия – 87 %, Газа – 98 %, Индонезия – 80 %, Иран – 98 %, Ирак – 96 %, Кувейт – 96 %, Ливия – 98 %, Мальдивы – 100 %, Мали – 80 %, Мавритания – 99 %, Марокко – 99 %, Нигер – 87 %, Оман – 99 %, Пакистан – 97 %, Катар – 95 %, Сауд Арабиясы – 99 %, Сенегал – 91 %, Сомали – 99 %, Судан – 72 %, Сирия – 87 %, Тунис – 99 %, Түркия – 99 %, Біріккен Араб Эмираты – 90 %, Йемен – 99 %. Екінші топқа келесі мемлекеттерді жатқызуға болады: Чад – 51 %, Эфиопия – 35 %, Гвинея -69 %, Гвинея – Биссау – 38 %, Нигерия – 45 %, Танзания – 30 %, Буркина – Фасо – 44 %, Малайзия – 49 %. Үшінші топқа халқының 0,1 % – нан 21 % - ға дейін мұсылмандар құрайтын әртүрлі мемлекеттер жатады: Аргентина, Австрия, Австралия – 2 %, Бельгия – 0,7 % , Бенин 16 %, Бразилия, Гондурас – 0,1 %, Бирма – 3,6 %,Бурунди, Франция, Габон, Вьетнам, Замбия – 1 % дан , Канада – 0,6 %, Орталық – Африка Республикасы – 8 %, Қытай – 1,4 %, Кипр – 18,5 %, Экваторлық Гвинея – 0,7 %, Гана – 15 %, Израиль – 12,5 %, Ямайка – 0,2 %, Либерия – 21 %, Мадагаскар – 2 %, Малава – 16 %, Маврикий – 17 %, Моңғолия – 9 %, Мозамбик -13 %, Непал – 5 %, Панама – 4 %, Филиппины – 5 %, Румыния – 1,2 %, Цейлон – 8 %, Суринам – 14 %, Тайвань – 0,5 %, Тайланд – 4 %, Того – 16 %, Тринидад және Тобаго – 6 %, Уганда – 6 %, Ұлыбритания – 1,4 %, АҚШ – 0,6 %, Заир – 1,4 %, Зимбабве – 0,9 %. Мұсылман халықтары және диаспоралары 118 мемлекетте және әлемнің әр бөлігінде де өмір сүріп жатыр. Азияда мұсылмандар 50 мемлекетте өмір сүрсе, Африкада – 45, Америкада – 11, Еуропада -10, Австрия мен Мұхит елдерінде – 2 мемлекетте мұсылман халықтары тұрады. Азияда планетадағы мұсылмандардың басым бөлігі тұрады. Мұсылман халықтары деген түсінік нақты анықтаманы қажет етеді. Мұсылман халқы бұл – барлық азаматтары, немесе басым бөлігі мұсылман дәстүрлерін сақтап, күнделікті мешітке баратын және ислам нормасы мен тәртібіне бағынатын халық. Қазақ, Қырғыз, Түркімен, Тәжік, Өзбек халықтарын мұсылман халықтары деп атау жағымды. Орталық – Азия аймағындағы халықтар аталған анықтамадағы талаптарға сай ма? Аймақ халықтарының аздаған бөлігі ғана мұсылман дәстүрлерін толық сақтайды, бірақ тарихынан бастау алған факторлар мен ислам дінін қабылдануын ескерсек, бұл халықтар да мұсылман халықтарының қатарына жатады. Әрбір мемлекет халқы өзінің өмір сүру мөлшерін құрайды, оған қоса халық сайлау немесе революциялық төңкеріс жолымен өз мемлекетін де құра алады. Осы себепті де мұсылман халықтары әртүрлі елдерде өз мемлекетін құрады және оның бағытын анықтайды. Әрине, кейбір жағдайларда, басқару режимі мен мемлекет қалыбы және мемлекеттің орнауы бөлек әскери топтың әскери төңкерісі нәтижесінде өзгеруі мүмкін. Бірақ халықтық белгісі болғаныменен ол халықаралық құқық субьектісі болып табылмайды, өйткені ішкі істерге көбірек көңіл бөлінеді, ал сыртқы, халықаралық істермен күнделікті және үздіксіз мемлекеттік аппараттарда жұмыс істейтін анықталған бөлімшелердегі анықталған кәсіби даярланған мемлекеттік қызметкерлер айналысады. Міне осы себепті де мемлекет халықаралық құқық субьектісі болып табылады. Мұсылман халықтарымен мұсылман мемлекеттері турасында да осылай деуге болады. Әлемде Ислам Конференциясы Ұйымы құрамына кіретін 40 - тан кем емес мемлекеттер өмір сүреді. «Мұсылман мемлекеті» деген терминді естігенде, біз негізін мұсылман дінін ұстанатын азаматтар құрайтын мемлекет деп түсінеміз. Осы тұрғыдан, Ислам діні мемлекеттік дін деп мойындалуы міндетті емес. Аталған 40 мемлекеттің ішінде тек кейбіреулерінде ғана Ислам мемлекеттік дін деп жарияланған (Сауд Аравиясы, Бахрейн), дегенмен олардың барлығы мұсылман мемлекеттері деп аталады, себебі бұл мемлекеттердің халқы мұсылман. Мұсылман мемлекеттері халықаралық құқық субьектісінің мынадай элементтерін қамтиды. Мұсылман мемлекеттері халықаралық шарт жасасуға және оны іске асыруға құқылы. Мұсылман елдері екіжақты, аймақтық және әмбебап шарттарға қол қояды. Әрбір мұсылман мемлекеті ХХ ғасырда орташа есеппен 5 тен 10 мыңға дейінгі әртүрлі шарттар, келісімдер мен конвенцияларға қол қойған. Мұсылман мемлекетінің халықаралық құқық субьектісі ретіндегі келесі бір элементі, халықаралық билікаралық ұйымдарға мүше болу және осындай халықаралық ұйымдар қызметіне қатысу. Мысалға, мұсылман мемлекеттерінің барлығына жуығы БҰҰ мен оның мамандандырылған мекемелеріне мүше болып табылады. Мұсылман мемлекеттерінің барлығына жуығы Ислам Ұйымы Конференциясының үлескерлері, қатысушылары және мүшелері болып табылады. Азия мен Африка континенттерінің әртүрлі аймақтарында орналасқанымен, олар аймақтық мұсылман мемлекетаралық ұйымдардың көп бөлігін құрамайды.Бұдан басқа, осы мұсылман мемлекеттері басқа жалпыконтиненттік халықаралық, билікаралық ұйымдарға кіреді. Міне осылай олар мұнай экспорттаушы және т.б. – елдер ұйымының мүшесі болып табылады. Дипломатиялық және елшілік қатынастарға түсу, дипломатиялық және елшілік, өкілдік қатынастармен алмасу ислам елдерінің халықаралық құқық субьектісі ретіндегі элементі болып табылады. Мұсылман мемлекеттері өзара дипломатиялық елшілік және өкілдіктерімен алмасады; бұдан басқа мұсылман мемлекеттері дипломатиялық елшілік және өкілдіктерімен мұсылман емес мемлекеттермен де алмасады. Мысалға, Иран, Түркия, Ауғанстан, Сауд Аравиясы, Ливия, Марокко және басқалары өзара дипломатиялық елшілік және өкілдіктерімен алмасады; осы және басқа мұсылман елдері өздерінің дипломатиялық қатынастарымен елшілік өкілдіктерін басқа мелекеттерге Ресейге, АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Канада және т.б. ұсына алады. Осындай жолмен, әрбір мұсылман мемлекеті қазіргі заманғы халықаралық құқықтың толыққанды және толық құқылы субьектісі бола алады. Халықаралық мұсылман құқығының (сийяр) дүниежүзілік халықаралық құқықпен арақатынасы XVIII ғасырдан бастап Қазақстан Ресей империясы құрамында, ал 1917 жылдан – негізі Ресей болып табылатын Кеңес одағы құрамында болды. Ресей Еуропалық өмір салтына бейімделе бастағандықтан Қазақстан да Ресеймен бірге еуропалық білім мен ғылымға мойын бұра бастады [3, б. 121]. Осы себепті қазіргі таңда Қазақстанның құқықтық, халықаралық құқықтық ғылымы мен ғылымды әлемдік қабылдауы еуропалық мінезге ие. Мұндай үрдіс, еуропалықтардың одан кейін азиялықтардың Жаңа әлемге эмиграциясынан АҚШ пайда болуынан, ал испандықтар мен португалдықтардың латынамерикандық мемлекеттерді құрудағы белсенді әрекетінен көрініс табады. Еуропалықтар (француздар, бельгиялықтар, ағылшындар, германдар) өздерінің ғылыми әлемдік дамуын Африканың колониялық территорияларына және Азияның бірқатар аймақтарына сіңірді. Мұның бәрі жалпы алғанда бізге құқықтың ерекше жүйесі, ғылым ретінде халықаралық құқықты еуропалық ғылыми түсінікпен қарауға басым көңіл бөлетін, еуроорталықтағы, бүкіләлемдік халықаралық құқық түсінігін береді. Оған қоса мұсылман әлемі – адамзат тарихына, оның ғылыми әлемді түсіну және әлемді сезіну, аймақтық және әмбебап халықаралық құқыққа маңызды әсер ететін ерекше әлем. Бұл арабтардың жаулап алушылығы нәтижесінде құрылған, территориясы Сауд Аравиясы мен бүкіл Таяу және Қиыр Шығысты, Азия континентіндегі Орта Азияны, және Ислам діні құдайды танудағы, идеология, құқық, ғылыми әлемдік көзқарас болып табылған Еуропаның Перенейлік жарты аралы мен Африканың солтүстік территориясына дейінгі аймақты қамтыған ірі мемлекеттің құрылуы кезінде орын алған еді. Тіпті еуропалықтардың араб тілін білуі мен Халифаттың университеттерінде оқуды абырой санаған кезеңі де болған. Қайта өрлеу дәуірінде Ислам діні едәуір уақыт үстемдік құрған Испания және Италиядан шыққан жалпы халықаралық құқықтың негізін салушылар Виттория, Джентили өмір сүрген. Бұл елдерде соғыс құқығы ислам философиясының әсерінен құрылған, және осы авторлардың еңбектері халықаралық мұсылман құқығы (сийяр) теориясының джихад туралы сауалдарына әсер етеді десек артық айтқанымыз емес. Өз кезегінде Ислам құқығы да екі бірдей күшті еуропалық мәдениеттің, Ежелгі Греция және Ежелгі Румның әсерін анық сезінді. Кейінірек ислам орталығы Осман империясына ауысқанда, аталған империяның күшіне және ислам идеологиясына деген құрмет, оның еуропалық аулаларда, оның «Ғажайып Порт» деп аталуына әкеп соқты. Қазіргі кезде көптеген діндердің, оның ішінде ислам дінінің де қайта өрлеу үрдісі орын алуда. Осы себепті де, әлемде ислам діні мен оның құндылықтарының, ислам құқығының, оның ішінде сийяр - халықаралық мұсылман құқығының қайта өрлеуі жүріп жатыр. Сийяр бұл – ислам халықаралық құқықты білдіретін термин. Мұсылман елдерінде және исламтану ғылымның дамыған саласы болып табылатын кейбір мемлекеттерде бірқатар оқымыстылар (М. Гунайми, М.Хамидулла, М.Хаддури және т.б.) халықаралық мұсылман құқығы туралы салиқалы монографиялар мен оқулықтар жазған. Мысалға, Мухаммед ибн – Хаван Шайбанидың «Халықтардың ислам құқығы: сийяр шайбанидың көзқарасымен» деген кітабын Мадшид Хаддури аударып, 1966 жылы Балтиморда (АҚШ) жарыққа шығарды. М. Гунайми 1969 жылы Гаагада « Халықаралық құқықтағы ислам концепциясы және батысқа жақындауы» деген кітапты жарыққа шығарды. М. Хамидулла өзінің халықаралық мұсылман құқығы туралы түсінігін 373 – беттен тұратын аты өте ұзақ « Мұсылмандық биліктегі мемлекет сийяр туралы оқулық сияқты яғни бебітшілік пен соғыс және нейтралитет нормаларынан тұратын халықаралық құқықты исламдық түсіну туралы..» деген кітабында халықаралық құқықты өзінің қалай түсінетіні туралы мазмұндайды. 1991 жылы Мәскеуде жарыққа шыққан «Әлемдік тәртіптегі Ислам концепциясы» деген кітаптың авторы И.В. Жданов та жақсы еңбек жазған. Әртүрлі елдерде жарық көрген сийяр туралы кітаптар мен өзгеде еңбектер, халықаралық мұсылман құқығының әлі де терең зерттеулерге лайықты екенін айтып тұрғандай. Батыстық мамандар халықаралық құқықтың табиғатын анықтау үшін ішкі құқықтың қағидаларын анықтауға тырысады, осыдан кейін де халықаралық құқықтың мәнін анықтау қиын іс болып қала береді. Ал бұлай істеудің тіпті қажеті жоқ. Қажет емес, өйткені мемлекеттің ішкі құқығы және халықаралық құқық екеуі екі бөлек жатқан дүние. Олардың бір – бірінен айырмашылығы бар, әсіресе субьектісінде: егер халықаралық құқықтың субьектісі негізінен мемлекет болса, ішкі құқықтың субьектісі азаматтар болып табылады. Келесі ерекшелік мазмұнында: халықаралық құқық бұл – тәуелсіз әрекеттер координациясының құқығы, ішкі құқық бұл – мемлекеттің өз азаматтары арасындағы субординация құқығы. Халықаралық құқық ішкі мемлекеттік құқықтың бір бөлігі болып табылмайды; оған қоса, ол барлық мемлекеттер құқығы жүйесінің арифметикалық қатынасын да қарастырмайды. Ішкі және халықаралық құқық бұл бірдей құқық саласы олардың арасында айтарлықтай айырмашылық жоқ деп санайтын, дуалистік теорияға қарсы монистикалық теорияда бар. Егер халықаралық мұсылман құқығын батыстық халықаралық құқықпен салыстырсақ, мұсылман құқығы – діни бағыттағы құқық, ал батыстық халықаралық құқық қазіргі кезде зайырлы құқық екенін ескеруіміз керек. Халықаралық құқықтың осы екі бағытының арасындағы айырмашылықты түсіну үшін ислам табиғатынан жалпы көлемді болып табылатынын, оның мұсылман адамның діни, зайырлы және діни емес өмірін реттейтінін ескеруіміз керек. Бұдан шығатын қорытынды: исламдық құқық, дін және адамгершілік екеуі арасында нақты айырмашылықты ережелерге бағындыру. Егер батыстық халықаралық құқық өзінің негізгі қайнар көзі ретінде халықаралық келісім шарт мемлекетаралық шарт деп таныса, халықаралық мұсылмандық құқықта да халықаралық шарт қайнар көзі деп танылады, бірақ бұл құқықтық жүйеде ең бастысы тек ішкі ғана емес сонымен қатар халықаралық құқықта да негізгі қайнар көз болып Құран саналады. Мұсылман құқығын зерттеушілердің бірі Хамидулла халықаралық мұсылман құқығы деген түсінікке мынадай анықтама береді: «Бұл – өзге мемлекеттермен арақатынас кезінде мұсылман мемлекеттері қатаң түрде сақтайтын келісім – шарттық міндеттемелер, құқық және дәстүр». Оның ойынша мұсылман мемлекеттері халықаралық мұсылман құқығы жүйесін және түсінігін қабылдайды. Халықаралық мұсылмандық құқық тек конвенциялық міндеттемелерден ғана емес, сонымен қатар шариаттан тарайтын міндеттемелерден де тұрады. Тағы бір мұсылман құқығын зерттеуші Хаддури «халықтар құқығы» деген термин исламға қатысты ережелер мен тәжірибелердің өзге халықтармен арақатынасын білдіреді деп есептейді. Бұл анықтама исламдық және исламдық емес деп екіге бөлінген, әлем талқылаған исламдық доктринада да қаралды. Себебі халықаралық мұсылман құқығы тек мұсылман мемлекеттерінің мұсылман емес мемлекеттермен арақатынасын ғана емес, ол мұсылман мемлекеттері арасындағы өзара қатынастарды да реттейді. Басқаша айтқанда, халықаралық мұсылман құқығының халықаралық қатынастарда ислам дінімен реттелетін нормалардың қатынасын суреттейді. Екі теорияға сәйкес халықаралық құқықтың негізгі міндеттемелерін мыналар құрайды: а) мемлекеттердің табиғи немесе фундаментальды құқығы;

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]