Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Р ылмысты іс жргізу кодексі

.docx
Скачиваний:
59
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
590.35 Кб
Скачать

      130-бап. Қылмыстық iс бойынша дәлелдемеде жедел                 iздестiру қызметiнiң нәтижелерiн пайдалану

      1. Заң талаптарының сақталуы жағдайында алынған жедел iздестiру қызметiнiң нәтижелерi дәлелдемелердi жинауды, зерттеудi және бағалауды реттейтiн осы Кодекстiң ережелерiне сәйкес осы Кодекстің 53-бабында және 21-тарауында, сондай-ақ "Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғау туралы", "Жедел–іздестіру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген талаптар сақтала отырып, қылмыстық iстер бойынша дәлелдеуге пайдаланыла алады.       2. Жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органның қызметкері жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде тікелей қабылдаған нақты деректер аталған қызметкерден куә ретінде жауап алынғаннан кейін дәлелдемелер ретінде пайдаланылуы мүмкін.       Жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдарға жасырын негізде көмек көрсетуші адам тікелей қабылдаған нақты деректер оның келісімімен аталған адамнан куә, жәбірленуші, сезікті (айыпталушы) ретінде жауап алынғаннан кейін дәлелдемелер ретінде пайдаланылуы мүмкін.       Ұйымдасқан топқа, қылмыстық қоғамдастыққа (қылмыстық ұйымға), трансұлттық ұйымдасқан топқа, трансұлттық қылмыстық қоғамдастыққа (трансұлттық қылмыстық ұйымға) немесе тұрақты қарулы топқа (бандаға) ендірілген адамдар тікелей қабылдаған нақты деректер осы адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органның лауазымды адамынан куә ретінде жауап алынғаннан кейін дәлелдемелер ретінде пайдаланылуы мүмкін.       3. Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде анықталған істің мән-жайларын қылмыстық процесті жүргізуші адам тікелей қабылдауы қажет және мүмкін болған кезде істің бұл мән-жайлары осы Кодексте көзделген ережелер бойынша жүргізілетін тергеу не сот іс-әрекеттерінің хаттамаларында көрсетіледі.       4. Жедел-іздестіру қызметі барысында алынған заттар мен құжаттарды заттай айғақтар және құжаттар ретінде пайдалану тиісінше осы Кодекстің 121 және 123-баптарында көзделген ережелерге сәйкес жүзеге асырылады. Жедел-іздестіру қызметі материалдарын заттай айғақтар мен құжаттар ретінде іске қосу олардың пайда болуы туралы анық деректер болған ретте ғана осы Кодекстің 53 және 100-баптарының талаптары сақтала отырып жүргізіледі.       5. Анықтау органының бастығы қылмыстық процесті жүргізуші органның талап етуі бойынша не өз бастамасы бойынша жедел-іздестіру қызметі материалдарын табыс ету туралы шешім қабылдай отырып, осы Кодекстің 202-бабының ережелеріне сәйкес тиісті қаулы шығарады. Қаулыда: талап етуі бойынша жедел-іздестіру қызметінің нәтижелері табыс етіліп отырған, қылмыстық процесті жүргізуші орган; қандай жедел-іздестіру шарасының қандай нәтижелері және қандай көлемде табыс етілетіні; аталған нәтижелерді алу үшін пайдаланылған техникалық құралдар; қылмыстық іс материалдарына қосу үшін жіберілетін заттар мен құжаттар; қылмыстық процеске қатысушы адамдардың қауіпсіздігін, сондай-ақ мемлекеттік құпияларды қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі ұсынылатын шаралар көрсетіледі. Анықтау органының бастығы қылмыстық процесті жүргізуші органға жедел-іздестіру материалдарын өз бастамасымен табыс еткен жағдайда, қаулыда жедел-іздестіру қызметі нәтижелерін қылмыстық іс бойынша дәлелдеуде пайдалану қажеттігіне негіздеме де келтіріледі. Жедел-іздестіру қызметінің материалдары олардағы нақты деректерді олардың тергеліп (қаралып) жатқан қылмысты іске қатыстылығы, пайдалануға болатындығы және дұрыстығы тұрғысынан бағалауға мүмкіндік беретін көлем мен нысанда табыс етілуге тиіс.       6. Жедел-іздестіру қызметінің осы бапта баяндалған талаптарға сай келмейтін нәтижелері осы материалдарды ұсынған органға қайтарылады, бұл туралы дәлелді қаулы жасалады. Қаулыда жедел-іздестіру қызметінің нәтижелерін қылмыстық іске қоса тіркеуден бас тартудың себептері көрсетілуге тиіс.       Ескерту. 130-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2001.03.16 N 163, 2011.11.29 N 502-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      131-бап. Преюдиция

      1. Қылмыстық iс бойынша соттың заңды күшiне енген үкімі, сондай-ақ заңды күшiне енген басқа да шешiмдерi анықталған мән-жайларға да, олардың құқықтық бағалануына да қатысты барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар және азаматтар үшiн мiндеттi. Бұл ереже жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша соттың үкімі мен басқа да шешiмдерiн кассациялық және қадағалау тәртiбімен тексеруге, олардың күшiн жоюға және оларды өзгертуге кедергi жасамайды.       2. Соттың азаматтық iс бойынша заңды күшiне енген шешiмi оқиғаның немесе әрекеттiң орын алған-алмағандығы туралы мәселе жөнiнде ғана қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу кезiнде қылмыстық процестi жүргiзушi орган үшiн мiндеттi және сотталушының кiнәлi немесе кiнәлi еместiгi туралы қорытындыларды күнi бұрын шешуге тиiс емес.       3. Соттың талап-арызды қанағаттандыруға құқықты танитын заңды күшiне енген үкiмi сот үшiн осы бөлiгiнде оның азаматтық iс қарауы кезiнде мiндеттi.       4. Қылмыстық iзге түсу органы қаулысының сот үшiн мiндеттi күшi болмайды.       Ескерту. 131-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.17 N 565-IV (2012.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

4-бөлім. Iс жүргізулік мәжбүрлеу шаралары

17-тарау. Сезіктіні ұстау

      132-бап. Ұстауға негiз

      1. Қылмыс жасады деп сезiк келтiрiлген адамды ұстау - оның қылмысқа қатыстылығын анықтау және оған қамауға алу түрiндегi бұлтартпау шарасын қолдану туралы мәселенi шешу мақсатында қолданылатын iс жүргiзулiк мәжбүрлеу шарасы.       2. Қылмыстық iзге түсудi жүзеге асырушы орган мына негiздердiң бiрi болған жағдайда: P09007S       1) ол адам қылмыс жасау кезiнде немесе тiкелей оны жасағаннан кейiн ұсталғанда;       2) көрген адамдар, оның iшiнде жәбiрленушiлер қылмыс жасаушы ретiнде ол адамды тура көрсетсе не ол адам осы Кодекстiң 133-бабында көзделген тәртiппен ұсталса;       3) ол адамда немесе оның киiмiнде, өзiнде немесе оның тұратын үйiнде қылмыстың анық iзi табылған кезде;       4) жедел iздестiру қызметiнiң заңға сәйкес алынған материалдарында ол адамға қатысты ол жасаған немесе дайындап жатқан ауыр немесе аса ауыр қылмыс туралы анық деректер болған кезде бас бостандығынан айыру түрiнде жаза қолданылуы мүмкiн болатын қылмыс жасағандығына күдiк келтiрiлген адамды ұстауға құқылы.       3. Адамның қылмыс жасағандығына сезiктенуге негiз беретiн өзге де деректер болған кезде ол адам жасырынуға әрекет жасаған не оның тұрақты тұратын жерi болмаған, немесе сезiктiнiң жеке басы анықталмаған жағдайларда ғана ұсталады.

      133-бап. Азаматтардың қылмыс жасаған адамдарды ұстауға                 құқығы

      1. Жәбiрленушiнiң, сондай-ақ кез келген өзге де азаматтың жаңа қол сұғушылық жасау мүмкiндiгiнiң жолын кесу мақсатымен қылмыс жасаған адамды ұстауға құқығы бар.       2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларды ұсталған адамға ол қарсылық көрсеткен кезде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 33-бабында көзделген шекте дене күшi мен басқа да құралдар қолданыла алады. Егер ұсталған адамда қару немесе өзге де қауiптi заттар немесе қылмыстық iс үшiн мәнi бар заттар бар деп ұйғаруға негiз болса, оны ұстаған азамат ұсталушының киiмiн тексеруге және құқық қорғау органдарына немесе өзге де мемлекеттiк өкiмет органдарына беру үшiн ондағы заттарды алуға құқылы.

      134-бап. Қылмыс жасады деп сезiк келтiрiлген адамды                 ұстау тәртiбi

      1. Нақты ұстау сәтiнен бастап үш сағаттан аспайтын мерзiмде тергеушi немесе анықтаушы ұстаудың негiзi мен дәлелдерi, жерi мен уақыты (сағаты мен минутын көрсете отырып), жеке тiнтудiң нәтижелерi, сондай-ақ хаттама жасалған уақыт көрсетiлетiн хаттама жасайды. Хаттама ұсталған адамға жарияланады және бұл ретте оған осы Кодекстiң 68-бабында көзделген сезiк келтiрiлген адамның құқықтары, соның iшiнде оның қорғаушы шақыру және соның қатысуымен жауап беру құқығы түсiндiрiлiп, бұлар хаттамада көрсетiледi. Ұстау хаттамасына оны жасаған адам мен ұсталған адам қол қояды. Жүргiзiлген ұстау туралы анықтаушы мен тергеушi ұстау хаттамасы жасалған сәттен бастап он екi сағаттың iшiнде прокурорға жазбаша хабарлауға мiндеттi. P09007S       2. Ұсталған адамнан осы Кодекстің ережелеріне сәйкес жауап алынуға тиіс. Жауап алыну басталғанға дейін ұсталған адамға қорғаушымен оңаша және құпия жолығу қамтамасыз етіледі.       Ескерту. 134-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2004.12.09 N 10, 2009.12.11 N 230-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      135-бап. Ұсталған адамды жеке тiнту

      Ұстауды жүзеге асырған адам ұсталған адамды қару бар деп ұйғаруға негiз болған не ол өзiнiң қылмыс жасағандығын айғақтайтын дәлелдемелерден құтылуға тырысқан жағдайларда немесе өзге де қажеттi жағдайларда осы Кодекстiң 233-бабында көзделген ережелердi сақтай отырып, ұсталған адамға дереу жеке тiнту жүргiзуге құқылы.

      136-бап. Қылмыс жасады деген сезiк бойынша ұсталған                 адамды босатудың негiздерi

      1. Қылмыс жасады деген сезiк бойынша ұсталған адам, егер:       1) қылмыс жасады деген сезiк расталмаса;       2) ұсталған адамға қамауға алу түрiндегi бұлтартпау шарасын қолдануға негiз болмаса;       3) ұстау осы Кодекстiң 134-бабының талаптарын бұзу арқылы жүргiзiлсе, анықтаушының, тергеушiнiң, прокурордың қаулысы бойынша босатылуға жатады.       2. Ұсталу кезiнен бастап жетпiс екi сағаттың iшiнде сезiктiге қатысты осы Кодексте белгiленген тәртiппен қамауға алу түрiндегi бұлтартпау шарасы таңдалуға тиiс немесе ол босатуға жатады.       3. Егер ұстаған кезден бастап жетпiс екi сағаттың iшiнде ұсталушыны ұстау орнының бастығына айыпталушыны, сезіктіні қамауға алуға санкция беру туралы сот қаулысы келiп түспесе, ұстау орнының бастығы ұсталушыны өзiнiң қаулысымен бiрден босатады және ол туралы iс жүргiзiп жатқан адамға және прокурорға хабарлайды.       4. Ұсталған адамды ұстау орны әкiмшiлiгiнiң бастығы осы баптың үшiншi бөлiгiнiң талаптарын орындамаған жағдайда заңмен белгiленгендей жауапты болады.       5. Ұсталған адамды босату кезiнде соңғысына оны кiм ұстағандығы, ұстаудың негiзi, орны және уақыты, босатудың негiзi мен уақыты көрсетiлетiн анықтама берiледi.       Ескерту. 136-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2008.07.05 N 65-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан қараңыз) Заңымен.

      137-бап. Қылмыс жасады деген күдік бойынша ұсталғандарды                 қамауда ұстау тәртiбi

      Қылмыс жасады деген күдік бойынша ұсталғандар уақытша ұстау изоляторларында ұсталады. Қылмыс жасады деген күдік бойынша ұсталған әскери қызметшiлер және жазасын бас бостандығынан айыру түрiнде өтеп жүрген адамдар да тиiсiнше гауптвахталарда және бас бостандығынан айыру түрiндегi жазаны орындайтын қылмыстық-атқару жүйесiнiң мекемелерiнде ұсталуы мүмкiн. Осы Кодекстiң 65-бабының үшiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларда қылмыс жасады деген күдік бойынша ұсталғандар анықтау органының бастығы айқындайтын арнайы ыңғайластырылған үй-жайларда ұсталады. Төтенше жағдай режимі кезінде қылмыс жасады деген күдік бойынша ұсталғандар жергілікті жердің коменданты айқындайтын, осы мақсаттар үшін ыңғайластырылған үй-жайларда ұсталуы мүмкін. Қылмыс жасады деген күдік бойынша ұсталған адамдарды қамауда ұстау тәртiбi мен шарттары Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.       Ескерту. 137-бап жаңа редакцияда - ҚР 03.07.2013 № 121-V Конституциялық заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      138-бап. Сезiктiнiң туыстарына оның ұсталғандығы туралы                 хабарлау

      1. Анықтаушы, тергеушi он екi сағаттың iшiнде оның отбасының кәмелетке толған мүшелерiнiң бiреуiне, ал олар болмаған жағдайларда - басқа туыстарына немесе жақын адамдарына сезiктiнiң ұсталғандығы және оның қай жерде екендiгi туралы хабарлауға немесе мұндай хабарлау мүмкiндiгiн сезiктiнiң немесе айыпталушының өзiне беруге мiндеттi.       2. Егер ұсталған адам басқа мемлекеттiң азаматы болып табылса, онда аталған мерзiмде ол мемлекеттiң елшiлiгi, консулдығы немесе өзгеде өкiлдiгi хабардар етiлуге тиiс.       3. Алып тасталды - ҚР 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.       Ескерту. 138-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

18-тарау. Бұлтартпау шаралары

      139-бап. Бұлтартпау шараларын қолдану үшiн негiздер

      Айыпталушы анықтаудан, алдын ала тергеуден немесе соттан жасырынады, не iстi сотта объективтi зерттеуге және талдауға бөгет жасайды, немесе қылмыстық әрекетпен шұғылдануды жалғастырады деп ойлауға жеткiлiктi негiздер болған кезде, сондай-ақ үкiмнiң орындалуын қамтамасыз ету үшiн қылмыстық процестi жүргiзушi орган өз өкiлеттiгi шегiнде ол адамға осы Кодекстiң 140-бабында көзделген бұлтартпау шараларының бiрiн қолданады.

      140-бап. Бұлтартпау шаралары және қосымша шектеулер

      Бұлтартпау шаралары мыналар болып табылады:       1) ешқайда кетпеу және өзiн дұрыс ұстау туралы қол қойдыру;       2) жеке кепiлдiк беру;       3) әскери қызметшiнi әскери бөлiм командованиесiнiң бақылауына беру;       4) кәмелетке толмағанды қарауға беру;       5) кепiл болу;       6) үйде қамауда ұстау;       7) қамау.       2. Әскери қызметшiнi әскери бөлiм командованиесiнiң бақылауына беруді және қамауды қоспағанда, қажет кезде бұлтартпау шарасы қолданылған адамға қатысты электрондық ізге түсу құралдары қолданылуы мүмкін.       Бұлтартпау шарасын қолдану туралы қаулыда электрондық ізге түсу құралдарын қолдану және айыпталушыға олардың мақсатын түсіндіру туралы белгі жасалады.       Электрондық ізге түсу құралдарын қолдануға оларды айналадағылардың байқауынан жасыру шаралары қолданылған жағдайда жол беріледі, ол айыпталушының баратын жері және оның орнын ауыстыратын жолдар, сондай-ақ жасы, денсаулығы, отбасылық жағдайы мен өмір салты ескеріліп жүзеге асырылуға тиіс.       Ескерту. 140-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      141-бап. Бұлтартпау шараларын таңдау және қосымша                шектеулер белгілеу кезiнде ескерiлетiн                мән-жайлар

      Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      Бұлтартпау шарасы және оның қайсысын қолданудың қажеттiгi туралы, сондай-ақ осы Кодекстің 140-бабының екінші бөлігінде көрсетілген қосымша шектеулерді белгілеу туралы мәселенi шешу кезiнде осы Кодекстiң 139-бабында аталған мән-жайлармен қатар, тағылған айыптаудың ауырлығы, айыпталушының жеке басы, оның жас мөлшерi, денсаулық жағдайы, отбасы жағдайы, немен шұғылданатындығы, мүлiктiк жай-күйi, тұрақты тұратын жерiнiң бар-жоғы және басқа мән-жайлар ескерiлуге тиiс.       Ескерту. 141-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      142-бап. Сезiктiге қатысты бұлтартпау шараларын қолдану

      1. Айрықша жағдайларда осы Кодекстiң 139-бабында көзделген негiздер болған кезде және 141-бабында көрсетiлген мән-жайлар ескерiле отырып, бұлтартпау шаралары күдіктiге қатысты қолданылуы мүмкiн. Бұл ретте айыптау күдіктiге бұлтартпау шарасы қолданылған кезден бастап он тәулiктен кешiктiрiлмей, ал Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 163168169171233 – 237 және 241-баптарында көзделген қылмыстардың ең болмағанда біреуі жасалған жағдайларда – отыз тәуліктен кешiктiрiлмей, ал егер күдiктi адам ұсталып, содан кейiн қамауға алынса, - ұсталған кезден бастап дәл сондай мерзiмде тағылуға тиiс. Егер бұл мерзiмде айып тағылмаса, бұлтартпау шарасының дереу күші жойылады.       2. Күдіктіге айып тағу кезінде сот оған бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алуды қолдану туралы мәселені осы Кодекстің 150-бабында көзделген тәртіппен қайтадан қарайды. Егер осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім аяқталғанға дейінгі жиырма төрт сағат ішінде күзетпен ұстау орнының бастығына соттың айыпталушыны қамауға алуға санкция беру туралы қаулысы келіп түспесе, күзетпен ұстау орнының бастығы ол туралы қылмыстық іс жүргізуінде жатқан органды немесе тұлғаны, сондай-ақ прокурорды хабардар етуге міндетті. Егер осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім аяқталғанға дейін бұлтартпау шарасын тоқтату немесе айыпталушыны қамауға алуға соттың санкция бергені туралы тиісті шешімдер келіп түспесе, күзетпен ұстау орнының бастығы оны өзінің қаулысымен босатып, қаулының көшірмесін жиырма төрт сағат ішінде қылмыстық іс жүргізуінде жатқан органға немесе тұлғаға және прокурорға жолдайды.       3. Қамауға ұстау орны әкiмшiлiгiнiң басшысы осы баптың екiншi бөлiгiнің талаптарын орындамаған жағдайда заңмен белгiленгендей жауапты болады.       Ескерту. 142-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2009.12.10 № 227-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.01.18 N 547-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      143-бап. Бұлтартпау шараларын қолдану тәртiбi

      1. Айыпталушыға (сезiктiге) бiр мезгiлде екi және одан да көп бұлтартпау шараларын қолдануға болмайды.       2. Қылмыстық процестi жүргiзушi орган бұлтартпау шараларын қолдану туралы адамға ол сезiктi болған немесе айыпталатын қылмыс пен осы бұлтартпау шарасын қолдану үшiн негiздiң көрсетiлуiн қамтитын қаулы шығарады. Қаулының көшiрмесi соған қатысты шығарылған адамға тапсырылады және онымен бiр мезгiлде оған осы Кодексте көзделген бұлтартпау шарасын қолдану туралы шешiмге шағымданудың тәртiбi түсiндiрiледi.       3. Сезiктi, айыпталушы оны болдырмау үшiн осы Кодекстiң 144, 145, 146, 147, 148, 149-баптарында көзделген шаралар қолданылған әрекеттердi жасаған жағдайда оған неғұрлым қатаң бұлтартпау шарасы қолданылады, ол туралы айыпталушыға, сезiктiге тиiстi қаулының көшiрмесiн тапсыру кезiнде жариялануы тиiс.

     144-бап. Ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау туралы                қолхат

      1. Ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау туралы қолхат қылмыстық процесті жүргізуші органның күдіктіден, айыпталушыдан анықтаушының, тергеушінің немесе соттың рұқсатынсыз тұрақты немесе уақытша тұратын жерінен (елді мекеннен) кетпеуі, сотта істі тергеуге және қарауға кедергі келтірмеуі, қылмыстық процесті жүргізуші органның шақыруы бойынша белгіленген мерзімде келуі жөнінде жазбаша міндеттеме алуынан тұрады.       2. Күш қолданумен немесе оны қолдану қаупін төндірумен байланысты қылмыс жасалған кезде қылмыстық процесті жүргізуші орган жәбірленушінің жазбаша өтініші бойынша күдіктіге, айыпталушыға жәбірленушіні іздестіруге, оның ізіне түсуге, оған баруға, онымен ауызша, телефон арқылы сөйлесуге және өзге де тәсілдермен байланыс жасауға тыйым салу туралы жазбаша түрде ескертеді.       Ескерту. 144-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.12.04 N 215-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен, өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      145-бап. Жеке кепiлдiк

      1. Жеке кепiлдiк сенiмге ие болған адамдардың олар сезiктiнiң немесе айыпталушының өзiн дұрыс ұстауына және олардың қылмыстық процестi жүргiзушi органның шақыруы бойынша келетiндiгiне кепiлдiк беретiндiгi туралы жазбаша мiндеттемесiнен тұрады. Кепiлдiк берушiлердiң саны екеуден кем болмайды.       2. Бұлтартпау шаралары ретiндегi жеке кепiлдiктi таңдауға тек кепiлдiк берушiлердiң жазбаша өтiнiшi мен оған қатысты кепiлдiк берiлетiн адамның келiсiмi бойынша ғана жол берiледi.       3. Кепiлдiк берушi оған қатысты өзi кепiлдiк беретiн адамның айыбының мәнi, кепiлдiк берушiнiң оған сезiктi, айыпталушы бұлтартпау үшiн осы шара қолданылған әрекеттi жасаған жағдайда ақшадай айып салынатындығынан тұратын жауаптылығы түсiндiрiлгендiгiн растайтын жеке кепiлдiгi туралы қолхат бередi.       4. Кепiлдiк берушi қылмыстық iс бойынша iс жүргiзудiң кез келген сәтiнде кепiлдiк беруден бас тартуға құқылы.       5. Сезiктi, айыпталушы оны болдырмау үшiн жеке кепiлдiк қолданылған әрекеттердi жасаған жағдайда, әрбiр кепiлдiк берушiге сот осы Кодекстiң 160-бабында көзделген тәртiппен жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде ақшалай айып салуы мүмкiн.

      146-бап. Әскери бөлiмдер командованиесiнiң әскери                 қызметшiлердi байқауы

      1. Әскери бөлiмдер командованиесiнiң әскери қызметшiлер немесе оқу жиынына шақырылған әскери мiндеттiлер болып табылатын сезiктiлердi, айыпталушыларды байқауы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi мен Iшкi әскерлерiнiң жарғыларында көзделген және ол адамдардың тиiстi мiнез-құлқы мен олардың қылмыстық процестi жүргiзушi органның шақыруы бойынша келуiн қамтамасыз етуге тиiстi шаралардың қолданылуынан тұрады.       2. Әскери бөлiмнiң командованиесiне ол бойынша аталған бұлтартпау шарасы таңдалған iстiң мәнi туралы хабарланады. Әскери бөлiмнiң командованиесi: байқау орнатылғаны туралы осы бұлтартпау шарасын таңдаған органға жазбаша хабарлайды.       3. Сезiктi, айыпталушы оны болдырмау үшiн аталған бұлтартпау шарасы таңдалған әрекеттi жасаған жағдайда әскери бөлiмнiң командованиесi ол туралы осы бұлтартпау шарасын таңдаған органға жедел хабарлауға мiндеттi.       4. Өздерiне жүктелген байқау жөнiндегi мiндеттi орындамағанына кiнәлi адамдар заңдарда көзделген тәртiптiк жауаптылыққа тартылады.

      147-бап. Кәмелетке толмағанды қарауына беру

      1. Кәмелетке толмағанды ата-анасының, қамқоршыларының, қорғаншыларының немесе басқа да сенiмге ие адамдардың, сондай-ақ ол тұрып жатқан арнаулы мекеме әкiмшiлiгiнiң қарауына беру аталған адамдардың бiреуiнiң кәмелетке толмағанның тиiстi мiнез-құлқы мен оның қылмыстық процестi жүргiзушi органның шақыруы бойынша келуiн қамтамасыз етуді, соның ішінде оның үйден тыс жерде болуын шектеуді, қылмыстық процесті жүргізетін органның рұқсатынсыз басқа жерге кетуіне жол бермеуді мойнына алып, жазбаша мiндеттеме қабылдауынан тұрады.       2. Кәмелетке толмағанды ата-анасының және басқа да адамдардың қарауына беру тек олардың жазбаша өтiнiшi бойынша ғана мүмкiн болады.       3. Қарауына қабылдау туралы қолхат алынып қойылған кезде ата-аналарға, қамқоршыларға, қорғаншыларға, арнаулы мекемелер әкiмшiлiгi өкiлдерiне кәмелетке толмаған сезiк келтiрiлген немесе ол айыпталған қылмыстың сипаты туралы және қарауына алу жөнiндегi өздерiне қабылданған мiндеттерiн бұзған жағдайдағы олардың жауаптылығы туралы хабардар етiледi.       4. Қарауына кәмелетке толмаған берiлген адамдарға олар қабылдаған мiндеттемелерiн орындамаған жағдайда осы Кодекстiң 145-бабының бесiншi бөлiгiнде және 160-бабында көзделген жазалау шаралары қолданылуы мүмкiн.       Ескерту. 147-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2010.12.29 N 372-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      148-бап. Кепiл

      1. Кепiл сезiктiнiң, айыпталушының өзi не басқа жеке немесе заңды тұлға соттың депозитiне сезiктi, айыпталушы анықтау, тергеу органдарына немесе сотқа олардың шақыруы бойынша келуi жөнiндегi мiндеттерiн орындауын қамтамасыз етуге енгiзетiн ақшадан тұрады. Кепiл ретiнде прокурордың немесе соттың рұқсатымен басқа да бағалы заттар мен жылжымайтын мүлiк қабылдануы мүмкiн. Кепiлдiң бағалылығын дәлелдеу кепiл берушiге жүктеледi. Кепiлдiң сомасын айыптаудың ауырлығын, сезiктiнiң, айыпталушының жеке басын, кепiл берушiнiң мүлiктiк жағдайын ескере отырып, осы бұлтартпау шарасын таңдаған адам белгiлейдi. Аса ауыр қылмыс жасады деп айыпталған адамдарға қатысты кепiл қабылданбайды.       2. Кепiл прокурордың санкциясымен не соттың шешiмi бойынша ғана қабылданады.       3. Кепiлдiң мөлшерi: шағын ауырлықтағы қылмыс жасағандығына айыпталуы кезiнде - айлық есептiк көрсеткiштiң жүз еселенген мөлшерiнен; орта ауырлықтағы байқаусызда жасалған қылмысқа айыпталуы кезiнде - айлық есептiк көрсеткiштiң үш жүз еселенген мөлшерiнен; орташа ауырлықтағы, қасақана қылмыс жасағандығына айыпталуы кезiнде - айлық есептiк көрсеткiштiң бес жүз еселенген мөлшерiнен; ауыр қылмыс жасағандығына айыпталуы кезiнде - айлық есептiк көрсеткiштiң мың еселенген мөлшерiнен кем болмайды.       4. Кепiл берушiге, егер оның өзi сезiктi немесе айыпталушы болмаса, оған қатысты осы бұлтартпау шарасы қолданылатын адамның айыбының мәнi түсiндiрiледi. Кепiлдiң қабылданғандығы туралы сезiктiге, айыпталушыға осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген мiндеттерi түсiндiрiлгендiгi, ал кепiл берушiге сезiктi, айыпталушы шақыру бойынша келуден жалтарған жағдайда кепiл мемлекеттiң кiрiсiне айналатындығы туралы ескертiлгендiгi атап өтiлген хаттама жасалады. Хаттамаға осы бұлтартпау шарасын таңдап алған лауазымды адам, сезiктi, айыпталушы, сондай-ақ ол басқа адам болса кепiл берушi қол қояды. Соттың депозитiне кепiл енгiзiлгендiгi туралы хаттама мен құжат iстiң материалдарына қосылады, ал кепiл берушiге хаттаманың көшiрмесi тапсырылады.       5. Сезiктi, айыпталушы қылмыстық процестi жүргiзушi органның шақыруы бойынша келмеген жағдайда бұлтартпау шарасы неғұрлым қатаңырақ етiп өзгертiледi.       6. Осы баптың бесiншi бөлiгiнде көрсетiлген жағдайда прокурор сотқа кепiлдi мемлекеттiң кiрiсiне айналдыру туралы ұсыныс жолдайды. Сот кепiл берушi жоғары тұрған сотқа шағымдануы мүмкiн болатын тиiстi шешiм қабылдайды.       7. Қалған жағдайларда сот iстi тоқтату туралы үкiм немесе қаулы шығарған кезде кепiлдi кепiл берушiге қайтару туралы мәселенi шешедi.       8. Қылмыстық iс алдын ала тергеуде тоқтатылған кезде кепiл анықтау немесе алдын ала тергеу органының қаулысы бойынша кепiл берушiге қайтарылады.

      149-бап. Үйде қамап ұстау

      1. Үйде қамап ұстау сезiктiге, айыпталушыға қамауға алу түрiндегi бұлтартпау шарасын таңдауға мүмкiндiк беретiн шарттар болған, бiрақ адамды толықтай оқшаулау қажет бола қоймайтын немесе жасы, денсаулық жағдайы, отбасылық жағдайы және басқа да мән-жайлар ескерiле отырып, дұрыс емес деп ұйғарылған кезде осы Кодекстiң 150-бабында көзделген тәртiппен соттың санкциясымен қолданылады.       2. Бұлтартпаудың аталған шарасын таңдау туралы қаулыда қамауға алынған адамға қолданылатын бостандығын нақты шектеу және белгiленген шектеулердiң сақталуына қадағалауды жүзеге асыру жүктелген орган немесе лауазымды адам көрсетiледi. Қамап ұсталатын адамға белгiлi бiр адамдармен қарым-қатынас жасауға, хат-хабар алуға және жөнелтуге, кез келген байланыс құралдарын пайдалану арқылы сөйлесуге тыйым салынуы, сондай-ақ тұрғын үйден шығуға шектеу белгiленуi мүмкiн. Қамап ұсталатын адамның тұрғылықты жерi күзетiлуi мүмкiн. Қажет болған кезде оның мiнез-құлқын қадағалау белгiленедi.       Қамауға алынған адамның тұрғын үйден шығуына белгіленген шектеулерді сақтауын қадағалауды жүзеге асыру кезінде қылмыстық процесті жүргізуші орган тәуліктің кез келген уақытында оның тұрғылықты жерінде болуын тексеруге құқылы.       Тексеру күндізгі уақытта екі реттен артық және түнгі уақытта бір реттен артық жүргізілмейді. Лауазымды адамның қамауда отырған адамның тұрғын үйінде болуына осы адамның және онымен бірге тұратын адамдардың келісімімен жол беріледі және ол отыз минуттан аспауға тиіс.       3. Үйде қамауда ұстаудың мерзiмi, оны ұзартудың және оған шағымданудың тәртiбi осы Кодекстiң 110, 153 және 496-499-баптарында белгiленген ережелермен айқындалады.       Ескерту. 149-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2008.07.05 N 65-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан қараңыз), 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.