Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Бурашев Кайрат

.docx
Скачиваний:
13
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
117.69 Кб
Скачать

Түтін тартатын құбырлар. Түтін тартатын құбырлар өндірістік жылуэнергетикалық қондырғыларда пайда болатын түтінді газдарды әкетуге арналған.

Кірпішті түтін құбырының діңгегі биіктігі бойынша жекелеген белдеулерден тұрады. Бір белдеуден екінші белдеуге өту діңгектің ішкі жағынан ойық жасап,құрылыстың қалыңдығын кішірейту жолымен жүзеге асырылады. Жоғарғы белдеу діңгегінің қабырғасының қалыңдығы 1,5 кірпіштен кем емес. Ішкі кернеуді қабылдау үшін діңгектің сыртқы жағынан жолақты болаттан жасалған тартылған сақиналар орнатылады.

Монолитті темірбетонды түтіндік құбырлар қазіргі уақытта жеңіл полимерцементті бетонмен футерленіп,420 м биіктікке дейін жобаланады. Газ өткізетін діңгектер болаттан,қыштан,пластмассадан және басқа материалдардан жасалады.

Қазіргі уақытта көпдіңгекті құбырларды пайдалануға деген бетбұрыс байқалуда. Мұндай құбырларда әрбір өндірістік агрегат жекелеген газ өткізетін діңгекке қосылады,бұл барлық агрегаттарды тоқтатпай жөндеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді.

1.10. химиялық кәсіпорындарды жобалаудың арнайы сұрақтары

Ауаны жылыту,желдету және кондициялау. Үлкен көлемдегі (3000 м3 –ден көп) химиялық өндіріс ғимараттарын тәуліктік жұмыс кезінде,сондай-ақ тармақталған желдетуі бар бөлмелер мен ғимараттарды екі немесе үш ауысымды жұмыс кезінде жылытушы-циркуляциялық агрегаттарды қолдана отырып тармақталған желдеткішпен үйлестірілген әуе жылытқыштарымен жабдықтайды. Бір ауысыммен жұмыс істеу кезінде аралас жылыту қарастырылады: жұмыс уақытынды-тармақталған желдетумен үйлескен әуелей жылыту, жұмыстан тыс уақытта-жылытушы-рециркуляциялық агрегаттар түрінде немесе жергілікті жылытқыш құрылғылар арқылы кезекшілік жылыту.

Тармақталған желдетумен үйлескен әуе арқылы жылытуды ауамен араласқанда жоғары температураның әсерінен өздігінен жанып кете алатын булар мен газдар бөлінетін бөлмелерде қолданады. Сонымен қатар, тармақталған желдетумен үйлескен әуе арқылы жылытуды сумен немесе су буымен әсерлесу кезінде жанып кететін шаң бөлінетін немесе жарылғыш және зиянды булар мен шаңдар(фосфор,бертолет тұзы,алюминий опасы,кальций карбиді және т.б) бөлінетін бөлмелерде(көлеміне байланыссыз) пайдалануға болады.

Әуе жылытқышын толық немесе бөлшектеп рециркуляциялау ауада ауру тудыратын микроағзалар, қатты әсер ететін улы заттар,тез білінетін жағымсыз иістер бар болса;ауасында зиянды заттардың(тез буланатын сұйықтықтар,газдармен жұмыс істейтін өндіріс орындары,т.б)концентрациясы күрт өсіп кетуі мүмкін бөлмелер бар болса мүмкін болмайды

Барлық бөлмелерде олардың тағайындауларына қарамастан механикалық,табиғи немесе аралас желдету қарастырылады.

Әуе ағындарының бағытына қарай ағымдық желдету және ауа тартқыш- қайта сорғыш түрлеріне ажыратылады. Ағымдық-ауа сорғыш механикалық жүйелер табиғи немесе аралас желдетуді орнатуға болмайтын жерлерде жобаланады.

Ауаны желдету бөлмені өндірістік емес ақаулар мен апаттар кезінде аппаратуралар арқылы кірген зиянды заттардан тез тазарту үшін технологиялық режимді сақтау кезінде қажет болады,мұндай кезде өндіріс түрін,өзіндік қасиетін және шығаратын зиянының көлеміне ескере отырып арнайы авариялық ауа тартқыш желдету орын алады.

Желдетуді ауаның таза бөлмелерден ластанған бөлмелерге немесе ауаны сырттан сора алатындай жылжуын қаматамасыз ететіндей жобалайды.

Егер ауаның сырттан келуін қарастыратын болса,бөлме ішінде оның температурасының тұрақтылығын қаматамасыз ету үшін келген ауаны жылыту немесе қосымша жылыту құрылғыларын орнату керек. Жобалау кезінде жергілікті сорып алғыш құрылғылар үшін алдын-ала зиянды булар мен газдар бөлінуі мүмкін жерлер ескеріледі.

Жалпылама алмасушы желдету кезінде бөлмеде газдар мен басқа да зиянды заттар бөлініп жатса,жоғарғы аймақдағы суырманы төменгі аймақдан кетірілетін ауаның көлеміне тәуелсіз барлық цехтарда және барлық жағдайларда бөлменің бір реттік мөлшерінен аз емес көлемде қарастыралады. Жоғарғы аймақтағы суырма әдеттегідей табиғи болуы керек (дефлекторлар,шахталар арқылы,жекелеген жағдайларда-үрленбейтін шамдар арқылы)

Бөлінетін газдар мен булардың жоғары токсинділігі орын алатын бөлмелерде механикалық байланыс арқылы ауа тартқыш желдетуді ұйымдастырады. Толық аэрациялауды тек қана сырттан келетін ауаны жылытуға жететін ауаның артық мөлшері бар цехтарда ғана қарастырады(мысалы,химиялық зауыттардың пешпен жұмыс атқаратын бөлімдерінде,т.б.). Жылу бөлінумен қатар газ және шаң бөлініп отыратын цехтарда толық аэрация тек қана берілетін сыртқы ауа ластанған ауаның бөлмеден жоғарғы аймақ арқылы өз бетімен шығып кетуіне кедергі келтірмеген жағдайда мүмкін болады. Бұл шарт орындалмайтын жағдайда желдетудің ағымдық-ауа тартқыш жүйесі қарастырылады: жазғы кезеңге-толық аэрация,қысқы кезеңге- механикалық ағымды желдету мен табиғи ауа тартқыш желдету.

Қысқы уақытта бөлмеде сулы булардың шамадан тыс бөлінуі кезінде жылытылмаған ауаның берілуіне жол берілмейді. Жаңа ағымдық ауаны жұмыс аймағына механикалық желдеткіштер арқылы береді. Шаңдар мен газдардың бүкіл бөлмеге таралып кету мүмкіндігі болғандықтан,жаңа ауаны газдар мен шаңдардың неғұрлым көп шоғырланған жерлеріне беру керек

Әдетте жұмыс аймағына ағымдық ауаны жинақтап беру келесі талаптарға сәйкес келетін цехтарда орын алады: технологиялық құрылғы аралықтарындағы еркін өткелдері бар дұрыс қатарлармен орналасқан; құрылғыда жергілікті қайта сорып алғыштары бар,және бөлмелерде шаң бөлінбейді; қызмет көрсетуші персоналдың аз ғана көлемінде жабық технологиялық процесстің өзінде де тіркелген жұмыс орындары жоқ.

Апатты жағдайдағы ауа тартқыш желдеткішті бөлмеге қысқа мерзімде көптеген қауіпті өнімдер кіріп кетуі мүмкін болған жағдайда қарастырады. Апатты жағдайда қолданылатын желдеткіш құрылғылар арқылы шығарылған ауа ғимараттың жабынынан жоғары шығарылуы керек,бірақ та түтіндік құбырларға 20 м жақын болмауы керек. Апатты жағдайда қолданылатын желдеткіштер үшін ништарда орнатылатын осьтік желдеткіштер қолданылады. Қазіргі уақытта апатты жағдайда желдеткіштердің бір мезеттегі дыбыстық сигналдың берілуімен қатар газдар мен булардың концентрациясының санитарлық немесе өртке қарсы көрсеткіштерінің шекті рұқсат етілген мөлшеріне негізделген газоанализаторлар арқылы автоматты түрде қосылуы кең қолданылады.

Ауаның кондиционерленуі терезесіз,герметикалық жабық бөлмелерде қарастырылады. Ағымдық желдетуге арналған ауаның сыртқы қоршауы әлдеқайда оқшау және зиянды газдар,булар мен шаңдардың бөлінуінен қорғалған орындарда жасалады. Ауаның қоршауы мен оның ластануының ең жақын ошағының арасындағы ең аз қашықтық тігінен 6 м және көлденеңінен 10 м-ден аз болмауы керек.

Ауа қоршаушы жақтауларды ластанған ауаны жоюға арналған жақтаудан төмен орналастыру керек: жерден ауа қабылдаушы жақтауға дейінгі қашықтық 2 м-ден аз болмауы керек. Ауа қоршаушы жақтауларды желдің бағытын ескере отырып бағыттайды және желсіз жақтан орналастырады.

Химиялық өндіріс кәсіпорындары атмосфералық ауаның зиянды газдармен және шаңмен ластануының негізгі көзі болып табылады. Мұндай қалдықтардың шығарылуы химиялық кәсіпорындармен көршілес тұрушылар немесе жұмыс істеушілердің денсаулығына зиян келтіреді. Атмосфералық ауаның өндірістік қалдықтармен ластануымен күресудің негізгі шаралары: атмосфераға қалдық газдардың шығарылуын болдырмайтын технологиялық процесстерді ұйымдастыру; технологиялық қондырғылардың герметизациясы; ашық типтегі қоймалар мен резервуарларды қолданудан бас тарту; зауыттың құрылысына тиімді орын таңдау және бас жобада зиянды цехтардың желасты жақта орналасуы; сыртқа шығарылатын ауаны тазартатын қондырғы.

Ауаны және газды өлшенген бөлшектерден(шаң немесе тұман) тазарту төрт топқа бөлінетін шаң және тұманаулағыш арнайы қондырғылардың көмегімен жүзеге асырылады:

1. Механикалық шаңаулағыштар (шаңотырғыш камералар,инертті және жалюзді шаң және шашыратқы аулағыштар,циклондар,мультициклондар). Бұл топтың қондырғылары дөрекі түрде тазарту үшін қолданылады.

2. Дымқыл газтазалағыштарда өлшенген бөлшектер газдан сұйықтықпен шаю арқылы бөлініп алынады.

3. Фильтрлер,газдарда өлшенген бөлшектерді ұстап қалады,қатты газдардан жұқа тазалау үшін қолданылады,ал кейбіреулері-сұйық бөлшектерден бөліп алу үшін қолданылады.

4. Элекрофильтрлер,қатты және сұйық өлшенген бөлшектерді газдардан электрлік күштердің көмегімен бөліп алады.

Газ бен бу түріндегі зиянды қосындыларды әдетте сұйық реагенттер(абсорбция арқылы) мен қатты заттармен(адсорбция арқылы) жұту арқылы бөліп алады. Кейбір газтүзуші өнімдерді жағу жолымен залалсыздандыруға болады. Жекелеген жағдайларда бірнеше әдістің комбинациясын қолданады.

Сумен жабдықтау. Химиялық өндіріс зауыттары судың өте көп мөлшерін пайдаланады. Химиялық өндірісте жақын маңайдағы су қоймасынан әкелінген суды,сонымен қатар айналымдағы суды,яғни тазалаудан кейін өндірістік циклға қайтарылған суды қолданады.

Табиғи сулар әртүрлі қосындылардан тұрады: газдар,еріген тұздар,каллоидты бөлшектер. Судың құрамындағы қосылыстардың көлемі мен құрамы оның шығу тегіне байланысты(атмосфералық,жерүсті және жерасты). Өндірістік қажеттіліктерге жұмсалатын суға қаттылығына,өлшенген қосылыстардың құрамына қарай белгілі бір талаптар қойылады.

Кейбір өндірістер үшін тазартылған су қажет(жұмсартылған,тұзсыздандырылған,сонымен қатар оттегінің шектелген мөлшерімен). Судың талап етілетін қасиеттерін алу үшін соған сәйкес келетін өңдеу мен тазарту қарастырылады. Суды дайындаудың негізгі операцияларына өлшенген қосындылардан тазарту,тұндыру,фильтрлеу,жұмсарту т.с.с жатқызылады.

Химия кәсіпорындарында әдетте судың бірнеше айналымдық циклын құрастырады, табиғи ауа ағынымен немесе оның күштеп берілуі жүзеге асырылатын градирлердің әртүрлі типі қолданылады.

Негізгі айналымдық сумен қамтамасыз етуші су бергіштерді жеке объектілерге тармақталып кететін коммуникациялық дәлізге қою керек. Айналымдық сумен қаматамасыз етуші жүйені кешенді түрде жобалап,технологиялық процестердің жекелеген түрлеріне телу керек. Айналымды сумен қаматамасыз етуші жүйенің құбырларын қою басқа да сым құбырларымен бірге жоғары тіреулер мен эстакадалар бойынша ашық болуы мүмкін немесе аласа тіреулер,шпалдар арқылы болуы мүмкін. Жекелеген жағдайларда бұл құбырларды жер астымен де салуға рұқсат етіледі.

Канализация. Ластану деңгейіне қарай ағын сулар бірнеше түрге бөлінеді. Химиялық ластанбаған сулар, көп реттік қолданылатын, жаңбырмен бірге табиғи су қоймаларына жіберілетін сулар,бірақ олар ұдайы бақылауда болады. Ластанған суларда химиялық құрамы бойынша зиянды әртүрлі қосылыстар бар. Бұндай сулар табиғи су қоймалары үшін қауіпті.

Тұрмыстық немесе шаруашылық-фекальды сулар жалпықалалық канализация жүйесіне келіп түседі. Ары қарай бұл сулар көгалдандыру алаңдарында,фильтрация алаңдарында немесе биологиялық тазарту станцияларында тазаланады.

Өндірістік ластанған ағынды суларды олардан улы заттар тазаланғаннан кейін пайдалануға болады.

Ағынды суларды кетіруге арналған канализациялық жүйелер ашық және жабық қабылдағыш жабдықтардан(астаулардан,трап-қақпандардан),тазалағыш құрылғылардың тұндырғышынан,шолушы құдықтардан,қайта айдау станцияларынан тұрады.

Өндірістік канализацияның магистральды жүйесіне түсер алдында өндірістік ағын сулар жергілікті қондырғылар немесе өндірістік топтарға арналған қондырғыларда бірінші реттік тазалаудан өтуі керек. Ол жерде ағынды сулар қышқылдар мен сілтілерден залалсыздандырылып,өрт және жарылыс қаупі бар заттардан,майлардан,шайыр мен басқа да токсинді заттардан арылғаннан кейін майсызданып,биологиялық тазалау құрылыстарына және су қоймаларына лақтырылады.

Араласу кезінде токсинді және жарылыс қаупі бар қоспалар немесе тұнбалар түзе алатын әртүрлі ағынды сулардың ағынын қосуға тиым салынады. Жоғары қысыммен жұмыс атқаратын құрылғылардан сұйықтықтардың түсірілімін біріктіруге жол берілмейді,ол қысымды теңестіру орын алып,тек содан кейін ғана гидравликалық бекітпе арқылы сұйықтық канализацияға ағатын аралық сиымдылық арқылы жүзеге асырылады.

Газдар мен булар әрбір оқшауланған канализациялық құрылғының аумағынан,сондай-ақ тұндырғылардан,қақпандар мен тазалаушы құрылымдардан бөлектенеді. Ластанған суағарлардың канализация жүйесін сырттай желдету үшін ағынды сулардың шығарылу орындары мен трасса бұрылыстарында желдеткіш құбырларды орнатады.

Өртке қарсы сумен жабдықтау химиялық өндірісте қолданылатын өртке қарсы техниканың өрт сөндіру құралдарының бірі болып табылады. Өртке қарсы су құбырлары жоғары және төмен қысымды болып келеді. Үзіліссіз су беріліп тұруын қамтамасыз ету үшін өрт сөндірудің сумен қамтамасыз ету жүйесін сақиналы етіп жасайды; жеке тұрған ғимараттар үшін 200 м ұзындыққа дейінгі бір ұшты сызықтар қолданылады. Гидранттарды өткелдер мен жолдардың бойында бір-бірінен 100 метр,ғимарат қабырғаларына 6 м жақын емес және жолдан 2 м алыс емес қашықтықта орнатады. Гидранттардан өрттің ошағына дейінгі қашықтық жоғары қысымды су құбырлары үшін 100 м-ден, төменгі қысымды су құбырлары үшін 150 м-ден аспауы керек.

Химиялық өндіріс орындарында бір мезгілде дабыл беру арқылы өрттің шығу кезінде автоматты түрде сөндіруге арналған спринклерлі және дрейчерлі қондырғылар қолданылады.

Ғимараттардың жарылыс қаупі мен өртке қарсы қауіпсіздігінің шарттары.

Химиялық өндіріс кәсіпорындарының цехтарында ұшқындардан жанып кете алатын күкірт көміртегінің,ацетиленнің,этил эфирінің және де басқа заттардың газды немесе булы қосындылары бар болса,еденді соққы кезінде ұшқын шығармайтын материалдардан (әкті толтырғышы бар асфальт,глазурленбеген керамикалық плиткалар,қиын жанатын пластиктер және т.с.с.) жасау керек.

Көмірсутектерді (бутан,бутилен,пропан,пропилен,дивинил және басқалар) пайдаланатын цехтарда едендерді соққы кезінде ұшқын шашпайтын және осы заттардың әсерінен еріп кетпейтін материалдардан жасайды. Ең үлкен қауіпті шамдары мен терезелері жоқ ғимараттардағы түтіндену туғызады. Бұндай ғимараттардан түтінді кетіру үшін түтіндік люктерді қарастыру керек.

Жоғары өрт қаупі бар өндіріс орындарына арналған шамсыз ғимараттарда

В зданиях без фонарей, предназначенных для производств с повышенной пожароопасностью, устраиваются вытяжные шахты для удаления дыма с дистанционным управлением их открывания и поперечным сечением не менее