Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

makro_esepter

.pdf
Скачиваний:
21
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
256.64 Кб
Скачать

16. Макроэкономика. Гальперин В.М., Гребенников П.И., Леусский А.И., Тарасевич Л.С. Санкт-Петербургский государственный университет экономики и финансов,

1997 17.Долан Э.Дж. Макроэкономика. – СПб., 1994.

18. Макроэкономика: глобальный подход. Сакс Дж.Д., Ларрен Ф.Б. – М.: «Дело»,

1996.

19.Микро-макроэкономика. Практикум. Задачи, тесты, ситуации. СПб., 1994.

20.Кругман П.Р., Обстфельд М. Международная экономика. Теория и политика: Учебник для ВУЗ-а. Пер. с англ. Под ред. В.П.Колесова. – МГУ экономический факультет, ЮНИТИ, 1997.

21.Лэйард Р. Макроэкономика. Курс лекций для российских читателей. - М.:Джон энд Санз, 1994.

22.Мэнкью Н.Г. Макроэкономика. М.: изд-во МГУ, 1994.

23.Макроэкономика: Учебник. Под общ.ред. А.А.Абишева, К.А.Хубиева.- Алматы: «Экономика», 2009.

24.Макроэкономика: Учебник. Агапова Т.А., Серегина С.Ф. - М.: «Дело и сервис»,

2001.

25.Тілеужанова М.Ә. Макроэкономика: Оқу құралы. – Алматы: «Экономика», 2008.

26.Вечканов Г.С. Макроэкономика. - СПб.: «Питер», 2006.

27.Макроэкономика: Оқу құралы. Ә.Ә.Әбішев, К.А.Хубиев. – Алматы: «Экономика», 2008.

28.Макроэкономика: Оқулық. Ү.С.Байжомартов, Б.А.Жүнісов, С.И.Игильманова. – Ақтөбе «Актобе-Принт», 2010.

29.Киселева Е.А. Макроэкономика: курс лекции. – М.: Эскмо, 2006.

Сабақ № 3 Ақшаға сұраныс және ұсыныс. Тауар және ақша нарықтарындағы макроэкономикалық тепе-теңдік. IS-LM үлгісі. Бюджет-салық саясаты.

Сабақтың мақсаты: ақша және тауар нарығын, бюджет-салық саясатын практикалық тұрғыдан зерттеу.

Материалдар мен жабдықтар: компьютер, интерактивті тақта, дәріс материалдары бар электронды тасымалдағыштар.

Жұмысты орындау мазмұны мен тәртібі:

1.«Жаттығулар» бөліміндегі 1-, 2-ші жаттығуларды орындау барысында мемлекеттің бюджет-салық саясатының салдары қарастырылады. Тапсырманы толыққанды орындау үшін Кейнс кресі үлгісін пайдалану керек. Ал, 3-ші, 4-ші жаттығулар ақша нарығының әрекет ету механизмін түсіну үшін арнайы формулаларды қолданып шығарылады.

2.«Блиц-тесттердің» жалғыз дұрыс жауабы беріледі.

3.Бақылау сұрақтарына жазбаша жауап берілуі тиіс.

4.Глоссарийде берілген терминдердің анықтамасы жазылуы керек.

5.Жұмыс А4 қағазында сол жағы 3 см, оң жағы 1,5 см, жоғары жағы 2 см, төменгі жағы 2 см параметрлерімен, жол аралығы 1 болатындай етіп, 14 Times New Roman шрифтімен рәсімделеді.

6.Оқытушыға «жаттығулардың» жазбаша нұсқасы тапсырылады.

13

7.Жұмыстың толықтығы, дұрыстығы, студенттің әдебиеттерді ұтымды қолдана білуі, дұрыс рәсімделуі, лабораториялық жұмысты бағалау барысында ескеріледі.

Жаттығулар:

1.Экономика төмендегі деректермен сипатталады:

C=20+0,8(Y-T+TR), I=60,

T=40,

TR=10,

G=30,

Табу керек:

А) табыстың теңдестік деңгейін; В) үкімет экономиканы ынталандыру мақсатында шығындарын 40 дейін өсіреді. Бұл

кезде жоспарланған шығындар қисығында қандай өзгерістер болады? Табыстың теңдестік деңгейі қалай өзгереді? Мемлекеттің шығындар мультипликаторы нешеге тең болады?

С) үкімет салықты 40-тан 50-ге дейін өзгертеді (G=30): - жоспарланған шығындар қисығы қалай өзгереді?

- табыстың теңдестік деңгейі қалай өзгереді? -мемлекеттік бюджет сальдосы қалай өзгереді?

D) үкімет бір мерзімде мемлекеттік шығындарды 30-дан 40-қа дейін, салықты 40-тан 50-ге дейін өзгертеді:

- табыстың теңдестік деңгейі қалай өзгереді? - мемлекеттік бюджет сальдосы қалай өзгереді?

2.Мемлекеттің сатып алу шығындары 500, салық формуласы Т=0,4Y, трансферттер формуласы TR=0,2Y, баға Р=1. Федеральдық қарыз D=1000, пайыздық ставка r=0,1. Өндірістік нақты көлемі 2000, потенциалдық көлемі 2500.

А) мемлекеттік бюджет сальдосы оң ба, теріс пе? В) бюджеттің құрылымдық тапшылығы қандай?

С) мемлекеттік бюджеттің циклдық тапшылығы қандай?

3.Коммерциялық банктің жиынтық резерві 220 млн.тг. құрайды. Депозиттер 950 млн.тг.тең. Депозиттерді міндетті резервтеу нормасы - 20%. Егер банк өзінің артық резервтерін түгелдей несие беруге бағыттаса, ақша ұсынысы қалай өзгереді?

4.Міндетті резерв нормасы - 20%. КБ артық резерв ретінде депозит сомасының 5%- ын сақтайды. Депозит көлемі 10000. Банктің несие беру үшін пайдаланатын ең жоғары сомасы қандай?

Блиц-тест:

1. Егер сіз ақшаңызды инвестицияға салу арқылы 15% табатын мүмкіндігіңіз бола тұра қаржыңызды 3,5% төлейтін арнайы шотта сақтап қойсаңыз, онда сіздің сақтаған ақшаңыздың балама құны тең болады:

14

А. 11,5% В. 18,5% С. 15% D. 3,5% Е. 14%.

2. Егер номиналды пайыздық мөлшерлеме 10 пайыз, ал бір жылдағы баға деңгейінің өсуі 3 пайыз болса, онда нақты пайыздық мөлшерлеме қандай

болады?

 

 

 

 

А. 7%

В. 13%

С. -3%

D. 3%

Е. –7%.

3. Егер ақша базасы 200 млрд. долл., Мs - 600 млрд. долл болса, онда ақша

мультипликаторы:

 

 

 

А.3

В.2

С.3,33

D.2,9

Е.2,5.

4. Мысалы, келісімге керекті ақша сұранысы атаулы ЖҰӨ-нің 10%-ы, ақша ұсынысы 450 млрд.долл., ал актив жағынан ақша сұранысы 200 млрд.долл., пайыз мөлшерлемесі 12%. Егер атаулы ЖҰӨ деңгейі 3 000 млрд.долл. болса, онда пайыз мөлшерлемесінің тепе-теңдігі қайсыған тең:

А. 13% В. 12%

С. 14%

D. 10%

E. 11%.

5.Қолма-қол ақша депозит қатынасы (сr) 10%-ға тең, депозиттер шамасы (D)

100млрд. теңгеге тең, онда ақша ұсынысы қанша болады:

А. 110 млрд. тг. В. 90 млрд. тг. С. 10 млрд. тг. D. 20 млрд. тг. Е. 50 млрд. тг.

6.Банк депозиттері 200 млн. тг-ге өсті. Осы кездегі резервтеу нормасы 20%-ды құраған. Ақша ұсынысының мүмкін потенциалды өсуіқаншаға тең:

А. 1000 млн.тг. В. 500 млн.тг.

С. 20 000 млн.тг. D. 2000 млн.тг.

Е. 1500 млн.тг.

7.Егернақтыөнімшығарудеңгейі 800болса,алжоспарланғанөнімкөлемі750,онда

жоспарланбағанөнімкөлемі:

А.50 В.180 С.80 D.100 Е.150.

8. Инвестиция 220, бюджет артықшылығы 10, экспорт 175, импорт 185. Жеке жинақты табыңыз:

А. 200 В. 190 С. 180 D. 150 Е. 210.

9.Инвестицияның артуынан IS-LM моделі шеңберінде:

А. Өндіріс көлемі артады, ал пайыздық ставка төмендейді В. Өндіріс көлемі мен пайыздық ставка артады С. Өндіріс көлемі мен пайыздық ставка төмендейді

D. Өндіріс көлемі төмендейді, ал пайыздық ставка артады Е. Пайыздық ставка өзгермеген тұста өндіріс артады.

10.Экономика толық жұмысбастылық және теңдестік жағдайда делік. Үкімет мемлекеттік сатып алу шығындарын 10 млрд. теңгеге арттыруды және осы уақытта инфляция деңгейін көтеруді болғызбай, (яғни бұрынғы теңдестік ЖІӨ деңгейін сақтай отырып) салықты көбейтуді көздеді. Салықтың артуы шамамен неге тең?

А. 10 млрд теңгеден артық

15

В. 10 млрд теңгеге С. 10 млрд теңгеден төмен, бірақ нольден артық D. Нольге тең

Е. Толық жұмысбастылықты сақтау үшін салықтар төмендетілуі керек.

Бақылау сұрақтары:

1.Ақша нарығындағы сұранысқа қандай факторлар әсер етеді?

2.Ақша ұсынысы қандай компоненттен тұрады?

3.Өтімділік тұзағы деген ұғымды қалай түсінесіз?

4.Тауар нарығы мен ақша нарығының арасындағы байланыс қандай?

5.Бюджет-салық саясатының түрлері мен құралдарына тоқталыңыз.

Глоссарий:

 

Ақша

 

Ақша сұранысы

 

Ақша ұсынысы

 

IS-LM үлгісі

 

Бюджет саясаты

 

Дискрециялық фискалдық саясат

 

Дискрециялық емес фискалдық саясат

 

Фискалдық экспансия

 

Фискалдық рестрикция

 

Салық.

 

Жұмысты орындаушы:

Жұмысты қабылдаушы:

_______________________

__________________________

студент қолы, тобы, күні

оқытушы қолы, күні

Әдебиет:

1.Макроэкономика. Мамыров Н.К., Есенғалиева Қ.С., Тлеужанова М.Ә.- Алматы: «Экономика», КазЭУ, 2003.

2.Макроэкономика. Оқу құралы. Мухамедиев Б.М., Дуламбаева Р.Т., Рахматуллаева Д.Ж. - Алматы: Қазақ университеті, 2008.

3.Макроэкономика. Учебник. Агапова Т.А., Серегина С.Ф. – М.: «ДИС», 1999.

4.Бугаян И.Р. Макроэкономика. – Рост. на-Д. Феникс, 2000.

5.Макроэкономика. Бункина М.К. и др. – М.: «ДИС», 2000.

6.Макроэкономика: Европейский текст. Бурда М., Виплош Ч. – М.: «Судостроение», 1998.

7.Макроэкономика. Долан Э.Дж, Линдсей Д. – СПб., 1994.

8.Макроэкономика. Дорнбуш Р., Фишер С. – Алматы: «Білім», 1997.

9.Ивашковский С.Н. Макроэкономика. Учебник. – М.: «Дело», 2000.

10.Ивашковский С.Н. Экономика. Микро и макроанализ. – М.: «Дело», 1999.

11.Тарасевич Л.С. Макроэкономика. – СПб.: Унив. экономики и финансов, 1999.

12.Макроэкономическая статистика: Учебное пособие. – М.: «Дело», 2000.

13.Протас В.Ф. Макроэкономика: структурно-логические схемы. – М.: «Банки и биржи», 1997.

16

14.Селищев А.С. Макроэкономика: Учебник. Под ред. проф. А.И.Леусского. –

СПб.: «Питер», 2001.

15.Смирнов А.Д. Лекции по макроэкономическому моделированию. Учебное пособие. –М.: ГУ ВШЭ., 2000.

16.Макроэкономика. Гальперин В.М., Гребенников П.И., Леусский А.И., Тарасевич Л.С. Санкт-Петербургский государственный университет экономики и финансов,

1997

17.Долан Э.Дж. Макроэкономика. – СПб., 1994.

18.Макроэкономика: глобальный подход. Сакс Дж.Д., Ларрен Ф.Б. – М.: «Дело»,

1996.

19.Микро-макроэкономика. Практикум. Задачи, тесты, ситуации. СПб., 1994.

20.Кругман П.Р., Обстфельд М. Международная экономика. Теория и политика: Учебник для ВУЗ-а. Пер. с англ. Под ред. В.П.Колесова. – МГУ экономический факультет, ЮНИТИ, 1997.

21.Лэйард Р. Макроэкономика. Курс лекций для российских читателей. - М.:Джон энд Санз, 1994.

22.Мэнкью Н.Г. Макроэкономика. М.: изд-во МГУ, 1994.

23.Макроэкономика: Учебник. Под общ.ред. А.А.Абишева, К.А.Хубиева.- Алматы: «Экономика», 2009.

24.Макроэкономика: Учебник. Агапова Т.А., Серегина С.Ф. - М.: «Дело и сервис»,

2001.

25.Тілеужанова М.Ә. Макроэкономика: Оқу құралы. – Алматы: «Экономика», 2008.

26.Вечканов Г.С. Макроэкономика. - СПб.: «Питер», 2006.

27.Макроэкономика: Оқу құралы. Ә.Ә.Әбішев, К.А.Хубиев. – Алматы: «Экономика», 2008.

28.Макроэкономика: Оқулық. Ү.С.Байжомартов, Б.А.Жүнісов, С.И.Игильманова. – Ақтөбе «Актобе-Принт», 2010.

29.Киселева Е.А. Макроэкономика: курс лекции. – М.: Эскмо, 2006.

Сабақ № 4 Капиталдың жинақталуы және экономикалық өсу. Бюджеттік тапшылық және мемлекеттік қарыз.

Сабақтың мақсаты: экономикалық өсу теориясын практикалық тұрғыдан зерттеу. Бюджет тапшылығы мен мемлекеттік қарызды есептеу әдістемесін меңгеру. Материалдар мен жабдықтар: компьютер, интерактивті тақта, дәріс материалдары бар электронды тасымалдағыштар.

Жұмысты орындау мазмұны мен тәртібі:

1.Есептер мен жаттығуларды орындауда Кобб-Дугластың өндірістік функциясы, Солоудың экономикалық өсу үлгісі қолданылады.

2.«Блиц-тесттердің» жалғыз дұрыс жауабы беріледі.

3.Бақылау сұрақтарына жазбаша жауап беріледі.

4.Глоссарийде берілген терминдердің анықтамасы жазылуы керек.

17

5.Жұмыс А4 қағазында сол жағы 3 см, оң жағы 1,5 см, жоғары жағы 2 см, төменгі жағы 2 см параметрлерімен, жол аралығы 1 болатындай етіп, 14 Times New Roman шрифтімен рәсімделеді.

6.Оқытушыға «жаттығулардың» жазбаша нұсқасы тапсырылады.

7.Жұмыстың толықтығы, дұрыстығы, студенттің әдебиеттерді ұтымды қолдана білуі, дұрыс рәсімделуі, лабораториялық жұмысты бағалау барысында ескеріледі.

Жаттығулар:

1.Өндірістік функция Y=AK0,4L0,6. Егер өндіріс факторларының жиынтық өнімділігі жылына 2%-ға артып отырса, өндірістің өсу қарқыны жылына 3,4% болса, ал жұмыс жасайтындардың саны жылына 1%-ға өссе, капитал өсімінің қарқыны қандай болады?

2.Елдегі жинақтау нормасы 28%, халықтың өсу қарқыны 1%, еңбекті үнемдеуші технологиялық прогресс 2%-ды, ал кету нормасы 4%-ды құраса, бір адамға есептегендегі тұрақты табыс деңгейі қандай болады?

3.Экономиканың 5 жыл бойғы жай-күйі кестедегі мәліметтермен сипатталған.

 

 

 

 

 

 

Жыл

s

k*

y*

c*

MPK

1-ші

0,1

4,0

4,0

3,6

0,5

2-ші

0,2

16,0

8,0

6,4

0,25

3-ші

0,4

64

16

9,6

0,125

4-ші

0,5

100

20

10

0,1

5-ші

0,8

256

32

6,4

0,0625

Осы кезең аралығындағы кету нормасы 10%. «Алтын ережеге» сәйкес, тұрақты теңдестік жағдайы қай жылы орын алады?

4.Елдегі іскерлік белсенділікті ынталандыру үшін салықтық реформа жүргізілді. Нәтижесінде тікелей салықтардың көлемі 100 млрд.долл. қысқарды. Тұтынуға шекті бейімділік 0,6 тең. Анықтау керек:

А) салық мультипликаторының мәнін; В) осы жылғы күтілетін таза ішкі өнімнің өсімі қандай?

5.Экономика келесі деректермен сипатталған:

-мемлекеттік шығындардың көлемі 800-ді құрайды;

-бюджетке түсетін салықтық түсімдер 200-ге тең;

-мемлекеттік трансферттер 100-ге тең;

-тұтыну шығындары 2300-ді құрайды;

-таза экспорт(-200)-ге тең;

-мемлекеттік бюджеттің жалпы тапшылығы 800-ге тең.

Мемлекеттік қарызды өтеу бойынша бюджеттік төлемдердің шамасы қандай болады?

18

Блиц-тест:

1.Өндіріс факторлары санының 2 есеге көбеюі нәтижесінде өнім шығару көлемі 2 еседен жоғары болды. Бұл жағдай мынаны білдіреді:

А. Өндіріс ауқымының ұлғаймалы қайтарымдылығын В. Халықтың тұрмыс деңгейінің өскенін С. Өндіріс ауқымының тұрақты қайтарымдылығын

D. Өндіріс ауқымының кемімелі қайтарымдылығын

Е. Бұл жағдай өндіріс ауқымына ешқандай әсер етпейді.

2.А елінде өндіріс функциясы Y = K0.5 * L0.5. Ығысу мөлшері 6%. Халық жылына 2% өседі. Техникалық прогресс есепке алынбайды. «Алтын ереже» бойынша тұтынудың ең үлкен көлемі қанша:

А. 3,125 В. 6,25 С. 2,65

D. 3,56 E. 39,0625.

3.А елінде капиталдың шекті өнімділігін 1/5, ал В елінде 1/3. Тұтынуға шекті бейімділік екі елде де бірдей. Домар үлгісі бойынша нақты өнім өндірудің өсу қарқыны А елінде:

А. В еліндегі өсу қарқынының 60%-ын құрайды В. В еліне қарағанда 45% төмен С. В еліне қарағанда 1,67 есе жоғары

D. В еліне қарағанда 40% жоғары Е. В еліне қарағанда 13% төмен.

4.«AD-AS» моделінде экономикалық өсу қалай бейнеленеді:

А. AD мен AS қисықтарының бір мезгілде оңға жылжуы арқылы В. AS қисығының солға жылжуы арқылы

С. AD қисығының оңға жылжуы арқылы

D. AD қисығының солға жылжуы арқылы

Е. AS қисығының оңға жылжуы арқылы.

5.Бюджет артықшылығы төмендегідей теңдеумен берілген: ВS= t x Y-G. Мұндағы ВS – бюджет артықшылығы, t - салықтық ставка, Y - табыс, G - бюджет шығындары. Мемлекеттік шығындардың 100-ге артуы төмендегі жағдайға әкеледі:

А. Бюджет артықшылығын 100-ден кіші шамаға төмендетеді В. Бюджет артықшылығын 100-ге төмендетеді С. Бюджет артықшылығын 100-ге көбейтеді

D. Бюджет артықшылығының мүмкін өзгеру шамасы туралы нақты ешнәрсе айтуға болмайды Е. Бюджет тапшылығы 0-ге тең болады.

6.Қарыз ауыртпалығының көрсеткіші КарызЖІО артады, егер:

А. Жұмысбастылық пен өндірістің өсу қарқыны төмендесе В. Күтілетін инфляция деңгейі өссе С. Номиналды пайыздық ставка өссе

19

D. Мемлекеттік бюджеттің нақты тапшылығы төмендесе

Е. Құрылымдық бюджет тапшылығының ЖІӨ-дегі үлесі төмендесе.

7.Мемлекеттік қазынаның артықшылығы бұл:

А. Кірістің шығыннан артуы В. Қазыналық тапшылық

С. Шығынның кірістен асып кетуі D. Қарыздың табыстан артып кетуі Е. Мемлекеттік несиенің өсуі.

8.Мемлекеттік бюджет тапшылығы төмендегінің салдарынан азаюымүмкін:

А. Салық жүйесін жетілдіру есебінен бюджетке түсетін түсімдерді арттыру В. Мемлекеттік капитал салымдарын арттыру С. Мемлекетпен алынатын салықтардың ставкаларын төмендету

D. Халықтың әлжуаз топтарына төлемдерді арттыру

Е. Мемлекеттің басқа мемлекеттер алдындағы барлық қарыздарын тез арада өтеуі туралы шешім қабылдауы.

9.Бюджет профициті - бұл:

А. Табыстардың мемлекеттік шығындардан асып түсуі В. Мемлекеттік шығындардың табыстардан асып түсуі С. Мемлекеттік шығындар табыстарға тең

D. Салық түсімдері мемлекеттік шығындардан төмен Е. Бюджет балансы.

10. Қоғамда мемлекеттік бюджет тапшылығы болады, егер:

А. G-T>0

В. -T<0

С. G+T>0

D. G+T<0

Е. G-T =0.

Бақылау сұрақтары:

1.Экономикалық өсу түсінігі мен оның факторларына тоқталыңыз

2.Мемлекеттік бюджеттің тапшылығы ненің себебінен орын алады?

3.Мемлекеттік қарыз қалай қалыптасады және оның ауыртпалығы қандай?

Глоссарий:

Экономикалық өсу Интесивті өсу Экстенсивті өсу Бюджет тапшылығы Бюджет тапшылығы Мемлекеттік қарыз.

Жұмысты орындаушы:

Жұмысты қабылдаушы:

_______________________

__________________________

студент қолы, тобы, күні

оқытушы қолы, күні

20

Әдебиет:

1.Макроэкономика. Мамыров Н.К., Есенғалиева Қ.С., Тлеужанова М.Ә.- Алматы: «Экономика», КазЭУ, 2003.

2.Макроэкономика. Оқу құралы. Мухамедиев Б.М., Дуламбаева Р.Т., Рахматуллаева Д.Ж. - Алматы: Қазақ университеті, 2008.

3.Макроэкономика. Учебник. Агапова Т.А., Серегина С.Ф. – М.: «ДИС», 1999.

4.Бугаян И.Р. Макроэкономика. – Рост. на-Д. Феникс, 2000.

5.Макроэкономика. Бункина М.К. и др. – М.: «ДИС», 2000.

6.Макроэкономика: Европейский текст. Бурда М., Виплош Ч. – М.: «Судостроение», 1998.

7.Макроэкономика. Долан Э.Дж., Линдсей Д. – СПб., 1994.

8.Макроэкономика. Дорнбуш Р., Фишер С. – Алматы: «Білім», 1997.

9.Ивашковский С.Н. Макроэкономика. Учебник. – М.: «Дело», 2000.

10.Ивашковский С.Н. Экономика. Микро и макроанализ. – М.: «Дело», 1999.

11.Тарасевич Л.С. Макроэкономика. – СПб.: Унив. экономики и финансов, 1999.

12.Макроэкономическая статистика: Учебное пособие. – М.: «Дело», 2000.

13.Протас В.Ф. Макроэкономика: структурно-логические схемы. – М.: «Банки и биржи», 1997.

14.Селищев А.С. Макроэкономика: Учебник. Под ред. проф. А.И.Леусского. – СПб.: «Питер», 2001.

15.Смирнов А.Д. Лекции по макроэкономическому моделированию. Учебное пособие.

–М.: ГУ ВШЭ., 2000.

16.Макроэкономика. Гальперин В.М., Гребенников П.И., Леусский А.И., Тарасевич Л.С. Санкт-Петербургский государственный университет экономики и финансов,

1997

17.Долан Э.Дж. Макроэкономика. – СПб., 1994.

18.Макроэкономика: глобальный подход. Сакс Дж.Д., Ларрен Ф.Б. – М.: «Дело», 1996.

19.Микро-макроэкономика. Практикум. Задачи, тесты, ситуации. СПб., 1994.

20.Кругман П.Р., Обстфельд М. Международная экономика. Теория и политика: Учебник для ВУЗ-а. Пер. С англ. Под ред. В.П.Колесова. – МГУ экономический факультет, ЮНИТИ, 1997.

21.Лэйард Р. Макроэкономика. Курс лекций для российских читателей. - М.:Джон энд Санз, 1994.

22.Мэнкью Н.Г. Макроэкономика. М.: изд-во МГУ, 1994.

23.Макроэкономика: Учебник. Под общ.ред. А.А.Абишева, К.А.Хубиева.- Алматы: «Экономика», 2009.

24.Макроэкономика: Учебник. Агапова Т.А., Серегина С.Ф. - М.: «Дело и сервис»,

2001.

25.Тілеужанова М.Ә. Макроэкономика: Оқу құралы. – Алматы: «Экономика», 2008.

26. Вечканов Г.С. Макроэкономика. - СПб.: «Питер», 2006.

27. Макроэкономика: Оқу құралы. Ә.Ә.Әбішев, К.А.Хубиев. – Алматы: «Экономика»,

2008.

28. Макроэкономика: Оқулық. Ү.С.Байжомартов, Б.А.Жүнісов, С.И.Игильманова. – Ақтөбе «Актобе-Принт», 2010.

29. Киселева Е.А. Макроэкономика: курс лекции. – М.: Эскмо, 2006.

21

Сабақ № 5 Төлем балансы және валюта бағамы. Айырбас бағамының тәртіптері және жиынтық сұраныс. Халықаралық сауда және сауда саясаты.

Сабақтың мақсаты: сыртқы сауда көрсеткіштері мен валюта нарығындағы сұраныс пен ұсыныстың қалыптасу ерекшелігін меңгеру.

Материалдар мен жабдықтар: компьютер, интерактивті тақта, дәріс материалдары бар электронды тасымалдағыштар.

Жұмысты орындау мазмұны мен тәртібі:

1.Есептер мен жаттығулар валютаның айырбас бағамдары мен валюта нарығындағы теңдестікті ескеріп шығарылады.

2.«Блиц-тесттердің» жалғыз дұрыс жауабы беріледі.

3.Бақылау сұрақтарына жазбаша жауап берілуі тиіс.

4.Глоссарийде берілген терминдердің анықтамасы жазылуы керек.

5.Жұмыс А4 қағазында сол жағы 3 см, оң жағы 1,5 см, жоғары жағы 2 см, төменгі жағы 2 см параметрлерімен, жол аралығы 1 болатындай етіп, 14 Times New Roman шрифтімен рәсімделеді.

6.Оқытушыға «жаттығулардың» жазбаша нұсқасы тапсырылады.

7.Лабораториялық жұмысты бағалау барысында жұмыстың толықтығы, дұрыстығы, студенттің әдебиеттерді ұтымды қолдана білуі, дұрыс рәсімделуі, ескеріледі.

Жаттығулар:

1.А елінде Х тауарына деген сұраныс функциясы D=100-10P, ұсыныс функциясы S=-50+20P түрінде берілген. В елінде Х тауарына деген сұраныс функциясы D=505P, ұсыныс функциясы S=20+10P түрінде берілген. Егер Х тауары осы екі елдің ғана экспорт/импортында болса, А және В елдері арасындағы белгіленген сауда қатынастары жағдайында дүниежүзілік нарықтағы Х тауарының бағасы мен сату көлемі қандай болады?

2.Экономика швейцарлық франктің сұранысы мен ұсынысының төмендегі картасы арқылы сипатталады:

Франктің бағасы

Франкке деген сұраныс

Франктің ұсынысының

(доллармен)

көлемі (млн. франк)

көлемі (млн. франк)

0,8

300

400

0,7

320

370

0,6

340

340

0,5

360

310

0,4

380

280

а) доллардың теңдестік валюталық курсын есептеңіздер; ә) швейцарлық франктің теңдестік валюталық курсын есептеңіздер;

б) теңдестік жағдайында валюта нарығында доллар мен швейцар франкісінің қанша көлемі сатып алынады?

3. АҚШ-та ІВМ компьютерінің бағасы 5000 долл., Германияда Siemens компьютерінің бағасы 20000 марка делік. Валюта айырбастаудың номиналды курсы

22

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]