Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Документ Microsoft Word (2)

.docx
Скачиваний:
40
Добавлен:
08.04.2015
Размер:
86.34 Кб
Скачать

36. Материя, оның өмір сүру формалары мен тәсілдері. Материяның өмір сүруінің көптеген қалыптары мен түрлері, оның жүйе есебінде ұйымдасуының әр түрлі материалдық деңгейлеріне сәйкес қозғалыстың да сапалық көп түрі болады. Бұл мәселені тереңірек зерттеп, бір арнаға түсірген Ф. Энгельс болатын. Ол материя қозғалысының негізгі бес түрін жіктеді:1)механикалық – кеңістікте қозғалып, орын ауыстыру;2)физикалық – электромагнетизм, гравитация, жылу, тағы басқалары;3)химиялық – атомдар мен молекулалардың затқа айналуы;4)биологиялық – тірі организмдердегі зат алмасуы;5)әлеуметтік – қоғамдық өмірдегі өзгерістер және ақыл-ой.Материя ұғымы-дүниені адамның санасынан тыс, әрі тәуелсіз обьективті шындық деп қарайтын дүниетанымның түп қазығы, мән-мағынасы болып табылатын ұғым.  Ежелгі материалистік ілімдерде дүние, бүкіл әлем үнемі қозғалыста тұрған материя, онда материядан басқа ешнәрсе жоқ сондықтан барлық құбылыстардың жалпыға ортақ субстанциясы материя деп есептеледі. Ежелгі грек философиясында барлық сан алуан заттардың түпкі тегі белгілі бір бастапқы зат деген көзқарас орын алды.Қозғалыс-материяның ажырамас мәнді қасиеті, атрибуты, өмір сүру тәсілі. Ол да материя сияқты жоқтан бар болмайды, жоғалып кетпейді. Қозғалыс дегеніміз – кез келген өзара әсер, өзара байланыс, кез келген өзгеріс. Материя өзін тек қозғалыс арқылы білдіріп, біздің санамызға, түйсік-сезімдерімізге әсер етеді. Источник: http://freeref.ru/wievjob.php?id=539145

37. Ортағасыр араб-мұсылман философиясы. Араб-мұсылман философиясы - Орта ғасырда мұсылман дінін қабылдап, араб тілін қолданған Шығыс халықтары ойшылдарының философия ілімдерінің жүйесі. Араб философиясы шығу тарихы мутазилиттер («ерекшеленушілер») қызметімен байланысты. IХ ғ-да арабтар антик. дәуірдегі жаратылыстану және философия ілімдеріне қатысты мұраларымен кеңінен таныса бастайды. Басты назарда Аристотель философиясы болды. Аристотель философиясы кейде мұсылман философиясы немесе араб тіліндегі философия деп те аталды. Себебі бұл ұғымға арабтардан өзге парсы, түркі, т.б. халықтар өкілдерінің философиялық көзқарастары да енеді. X - XIII ғ-ларда араб тіліндегі философияның мынадай бағыттары болған: 1) Шығыс перипатетизмі; 2) «Таза ағайындар» ілімі; 3) Сопылық ілім; 4) Мұсылман философиясы; Араб философиясының тарихи кезеңдері немесе оның орталықтары өзгеріп тұрған. IX - X ғ-да араб философиясы орталығы Халифатта болса, саяси себептерге байланысты X - XI ғ-да ол Орта Азия мен Иранға ауысқан. Бұхара, Самарқанд, Мере, Нишапур, Исфаһан, Рей, Хамадан, Отырар сияқты қалаларда ғылым, білім өріс алды. Араб философиясының үшінші орталығы мұсылмандық Батысқа (Испанияға) ауысты. Осыдан әрі қарай араб философиясы тұтастығынан айырылыс ұлттық сипаттарға ие бола бастады. Бұл тұста тек Мағриб ойшылы Абд әр-Рахман Әбу Зейд ибн Халдун (1332 - 1406) есімін ғана атаймыз. Араб философиясы тіліндегі философия түркі жұртында кеңінен өріс алды. Түркістан сопылық ілім орталығына айналды. Йасауи ілімі бүкіл түркі халықтары мәдениетінің дамуына елеулі әсер етті. Источник: http://freeref.ru/wievjob.php?id=539145

38. ХІХ ғ иррационализм философиясы: А.Шопенгауэр, С.Кьеркегор. ХІХ ғасырдағы бейклассикалық идеалистік философияның 2 бағыты бар Олар: иррационализм, өмір философиясы.Иррационализм – табиғатағы логикалық байланыстардың болуын, қоршаған дүниені тұтас және заңды деп қабылдауды терістеп, Гегель диалектикасын және ондағы даму идеясын сынады.Иррационализмнің басты идеясы – қоршаған дүниенің тұтастығы, ішкі заңдылығы жоқ, ақыла емес аффектіге, ерікке бағынады, әлем түйдектелген хаос деп түсіну.Иррационализмнің көрнекті өкілі Артур Шопенгауэр (1788-1860) – волюнтаризмді негіздеуші. Шопенгауэр философиясының орталық ұғымы –ерік. Ерік – абсолютті бастама, барлық мәнді анықтауға және оған ықпал етуге қабілетті идеалды күш;Ерік – тіршілік негізінде жатқан космостық күш;Ерік сана негізінде жатады және заттардың ең жалпы мәні болып табылады..Шопенгауэрдің адам тағдыры мәселесінде пессимистік сипатта болды. Адам табиғатқа ғана емес, өзіне-өзі билік ете алу мүмкіндігіне сенбеді.Серен Кьеркегор (1813-1855) Данияның философы. Ол Гегель философиясын сынға алды. әсіресе оның рационализмінің өз шегіне жетіп, панлогистік дәрежеге көтерілді. Гегель бойынша болмыс – ойлаумен тең, ал ақыл-ойдың шеңберінен шығатыннның бәрі ақиқат емес. Кьеркегор оған үзілді-кесілі қарсы тұрып, болмысты жүйелеу мүмкін емес.Кьеркегордың тағы бір қарсылығы адамды объект ретінде қарап зерттеу. Оның ойынша адам – рухтың басшылығымен өмір сүріп жатқан жан мен тәннің бірлігі, ол – рух. Ал рух – ойлаумен тең емес, яғни ой логика заңдарына тәуелді емес.Кьеркегордың анықтауынша, өмір сүру дегеніміз – ол тебірену, зардап шегу, соның шеңберінен шығуға бағытталған адамның еркі Источник: http://freeref.ru/wievjob.php?id=539145

39. Рационализм, эмпиризм, сенсуализм ұғымдарының анықтамасы. Рационализм - (латынша  ratio  -  ақыл-ой)  -  таным процесінің басты құралы ретінде ақыл-ойды, пайымды, ойлауды танитын метод және  оның негізінде қалыптасқан философиялық бағыттар жиынтығы.   Эмпиризм - (грекше emperia  - тәжірибе) - таным процесін тек сезімдік тәжірибемен (эмпирия) байланысты қарастыратын гносеологиялық бағыт, бүкіл ғылым, өмірлік тәжірибе және адамгершілік тәжірибеге ғана негізделуі тиіс деп түсіндіретін методологиялық принцип.СЕНСУАЛИЗМ - таным теориясындағы бағыт, сезімдікті нақты танымның басты формасы және танымның барлық мазмұны сезім мүшелерінің қызметінен туындайды деп есептейді. Источник: http://freeref.ru/wievjob.php?id=539145

40. Философияның негізгі мәселелері

Философияны шешетін бір қатар маңызды мәселелері бар. "Философияның негізгі мәселелері" деп аталатын олардың кейбіреулері мыналар:

— Дүниенің алғашқы, іргетастық негізі не?

— Бізді қоршаған дүние таныла ма?

— Адам өмірінің шынайы мағынасы неде?

— Тұтастай дүние мен оның кейбір тұстарының ғылыми зерттелуінің негізгі қатынасы қандай?

Философияның бұл мәселелері өзара тығыз байланыста болады. Сондықтан негізгі мәселе ретінде олардың біреуін алдыңғы орынға шығаруға болмайды. Философияның негізгі мәселесін тұжырымдаудың бұлардан өзге де жақтары болған және қазір де бар. Мысалы, ізгілік пен жауыздық, зорлық және келісім, өмірдің мәні және басқа мәселелер.

41. Алтынсариннің қоғамдық-саяси көзқарастарына шынайы да терең демократизм, өз халқының мүддесін қорғауға деген ұмтылыс тән. “Қырғыз қайғысы” деген жазбаларында ол 1868 жылғы отаршылдық қанауды күшейту мақсатында жасалған әкімшілік реформасына наразылығын білдірді. Xалыққа пайдалы реформа қандай болу керек деген сұраққа берер жауабы Шоқан Уәлихановтың “Сот реформасы турал” жазбаларындағы ойларына жақын. Тарих пен қоғамдық құбылыстар, қоғамды өзгерту жолдары турал мәселеде Алтынсарин ғылым мен ағартушылыққа, олардың түрленуші күшіне сенім білдіреді.

Шоқан Уәлихановтың әлеуметтік-ғылыми көзқарастары, оның демократиялық, гуманистік ой-пікірлері Петербургте және Сібір Кадет корпусында оқып жүргенде, сонымен бірге сол кездегі орыстың ұлы демократиялық өкілдерінің шығармаларын оқып, олардың кейбіреулерімен жақындасып, кездесіп, араласып жүргенде қалыптасты. Ол қазақты орыс мәдениетіне жақындату, орыс ғылымына идеясын жақтаған адам. Оның аққан жұлдаздай қысқа өмірі ғылым үшін өте құнды жылдар болған еді.

42.  Адамда априорлы  мораль болуы мүмкін емес. Адам баласы өмірге келгенде оның ішкі жан дүниесі таза тақта сияқты, тәрбие мен еңбектің арқасында адам өзіне білім жинақтайды, білім сол тақтаға жазылмақ дейді. Қоғамға діни шыдамдылық қажет, атеизмге жол жоқ, өйткені дінсіз қоғам болмақ емес, діни қағидалар болмаса қоғам азып кетеді деген ойды алға тартады.

43. Платон (б.д.д. 428/427 – 348/347 )- ежелгі грек философы, Сократтың шәкірті, объективті идеализмнің негізін қалаушы, 30-дан астам философиялық диалогтар ретінде жазылған еңбектердің авторы. («Парменид», «Теэтет», «Мемлекет», т.б.) Дүниеге идеалистік көзқарасты қорғаған Платон сол заманның материалистік ілімдеріне қарсы белсенді күресті.

Адамның жаны, рухы тәнге тәуелсіз о дүниеге идеяларда өмір сүреді. Ол материялық емес, мәңгілік нәрсе. Адам бойына уақытша ғана қонақтап, кейін тәннен ажырап, өзінің мәңгілік әлеміне қайта оралады. Платон философиясында «идеялар дүниесі»– «Эйдос» деп аталады.

Сезімдік дүние «идеялар» мен «материяның» туындысы, арасында, екеуінің ортасын,да тұрады. «Идеялар» мәңгілік, аспаннан да биік, олар туылмайды, пайда болмайды, өлмейді, салыстырмалы емес, кеңістік пен уақытқа тәуелді емес. Платон ілімі философияның кейінгі уақытта өркендеп, дамуына көрнекті роль атқарды.

Аристотель (б.д.д. 384-322 ж.ж.) – ежелгі грек философы, логика және басқада көптеген ілімдердің негізін қалаған энциклопедист-ғалым.  Аристотель философияны үш салада бөліп қарастырды: 1) Теориялық бөлімі – болмыстың кезеңдері, себептері мен түп негізі турасындағы ілім; 2) Практикалық бөлім – адамдардың іс-әрекеті жөнінде ; 3) Поэтикалық бөлім –(творчество) шығармашылық жөнінде. Ал ғылымның зерттейтін объектісі – адамның ақыл-ой өресі жететін дүние.

Аристотель табиғатты «материяның» «формаға», «форманың» «материяға» біртіндеп ауысуы түрінде қарастырды. Алайда материядағы қозғалыс бастамасының баяулығын байқап, түбінде қозғалыстың түп төркіні мен мақсатқа келіп тірелетін форманың белсенділігіне баса назар аударды. Қозғалыс атаулының түп төркіні – «өзі қозғалмайтын, қозғалтуға түрткі болатын» - Құдай деген тұжырым жасады.

44.  Ибн Рушд философияда «Қос ақиқат» ілімінің негізін қалаушы. «Қос ақиқат» идеясының негізгі мәні — философиялық және діни ақиқат әртүрлі, діндегі ақиқат деп саналатын кейбір құбылыстар философияда жалған болып есептелінуі мүмкін. Сол сияқты философиядағы ақиқат дінде де теріске шығарылуы мүмкін. «Қос ақиқат» теориясының негізгі мақсаты — философияны діннің шырмауынан босатып, өз алдына жеке  ілім ретінде қалыптастыру.

45. Эпистемология - ғылыми таным теориясы. Танымның мәнін, ерекшелігін, әдіс кұрылымын, деңгейін, басқа таным формалармен байланысын зерттейді.[1] Таным-бұл адамның бейнелеу әрекетінің ерекше түрі. Философия тарихында таным деп адамның дәлелденген білім алу үшін әлемді және ондағы өзін мақсатты түрде бейнелеу аталған. Таным дегеніміз-білім алу үшін шығармашылық ізденіс. Таным адамның практикалық іс-әрекетінің рухани жағы болып табылады. Таным-адам арнайы танымдық мәселе мен есептерді қойып, мақсатты түрде қол жеткізетін ақпараттық жоғарғы деңгейі. Таным процесі екі сатыдан тұрады: сезімдік таным және рационалдық таным. Бұл екі саты бірінен кейін бірі болатын жекелеген деңгейлер емес, олар біртұтас таным процесінің екі қарама-қарсы жағы‚ бір-бірімен өте тығыз байланысты, бірақ әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар. Оны көрнекті етіп көрсету үшін мынандай таблицаны жасауға болады: Сезімдік таным: 1.Тікелей бейнелеу; 2.Сыртқыны бейнелеу; 3.Жекеніі бейнелеу. Рационалдық таным: 1. Жанама бейнелеу; 2. Ішкіні бейнелеу; 3.Жалпыны бейнелеу.

46. Конфуцийдің атымен тығыз байланысты. Конфуций (қытайша Кун Цю, Кун Чжунни, ал әдебиетте көбінесе Кун-цзы, ұстаз Кун деген атпен белгілі) б.ж.с.д. 551 79 жылдары Лу патшалығында өмір сүрген. Ол кедейленіп қалған ақсүйек әскербасының семьясында дүниеге келді. 22 жасынан бастап ұстаздық жұмыспен айналысты, атағы бүкіл Лу патшалығына жайылды. Конфуций мектебінде, негізінен, төрт пәннен дәріс оқытылатын. Олар – тіл, ахлақ, саясат және әдебиет. Конфуций елу жасында Лу патшалығында көрнекті саяси қайраткерге айналды. Конфуцийдің қазасынан кейін оның ілімі сегіз тармаққа бөлініп кетті. Олардың ішіндегі ең негізгілері идеалистік бағыттағы Мэн-цзы мектебі мен материалистік бағыттағы Сюнь-цзы мектебі. Бұл екі бағыт та Конфуцийдің шәкірттері Мэн және Сюньнің аттарымен аталады. Мэн-цзы Конфуций ілімдерін жинақтап, бір жүйеге түсірумен ғана айналыспаған, сонымен қатар, жаңа ойлармен толықтырьш отырған. Мысалы, «адамның табиғаты тек жақсылықтан жаратылған» деген қағида Мэн-цзы философиясының негізгі өзегі болып табылады. Сюнь-цзы Конфуций іліміне материалистік нышан енгізген. Әлемнің негізі материалдық күш (ци) және оның екі түрі болады (инь және ян). Әлем өзінің табиғи заңдылықтары арқылы өмір сүреді, көк тәңірі - әлемнің құрамдас бөлігі ғана, оны зерттеп, сырын ұқса адамдардың мақсат-мүдделеріне пайдалануға болады, Бақытты, бақытсыз болу, сау немесе ауру, бай немесе қайыршы болу адамдардын өзіне ғана байланысты. Бұл тұжырым Абайдың ауруды жаратқан Құдай, бірақ нақты адамды ауру қылған Құдай емес; байлық кедейлікті жаратқан Құдай: бірақ белгілі бір адамды бай немесе кедей қылған Құдай емес, адамның бақытты яки бақытсыз болмағы өзінен дейтін ойымен үндесіп жатыр. Тек тәрбиелеу жұмысы арқылы адамгершілікке баулып, адамның ежелгі табиғатын өзгертуге болады. Өмір бойы өзін-өзі жетілдіруте құлшыну - адамдық парыз.

Даосизм (қыт. 道教, dàojiào) - атақты ойшыл Лао Цзы идеяларына негізделіп құрылған ежелгі Қытай философиялық және діни дәстүрі (тікелей аудармасы«жол мектебі»), Даосизм - табиғат күштерін мойындаудың және онымен үйлесімділікте болудың маңыздылығын қолдайтынтеория.[1]

Даосизм - байырғы Қытай философиясындағы негізгі бір бағыт. Б.з.д. 4-3 ғасырда пайда болған. Даосизмнің негізгі идеялары «Лао-цзы» және «Чжуан-цзы» трактаттарда берілген.  Дао (әлемнің түпкі негізі, сезімге қонбас сырды, тіршіліктің бүтіндігі) жолына келеді деген ой-пікірді білдіреді. Осынымен бірге Даосизмдегі табиғатты зерттеуге шақырған идеялар Қытайда алғашқы іліми түсініктердің және ойлап табулардың шығуына көмекші болады.

«Лао-цзыда» дао түсінігі әлемнің маңызы және жаратылыс себебі деген мағына береді. Адам күрес пен қалаулардан бас тартып, өзі менен өзі болып, саяси істерге қатыспау, өкімет елдің тұрмысына зиян келтірмеуі керек деген көзқарастар айтылады.

Легистер (заңгерлер) Негізгі өкілдері Шан Ян (б.д.д IV ғ.), Хань-Фэй-цзы (шамамен б.д.д IIIғ.). Легистер конфуцийшылдардың мемлекетті әдептілікке негізделген заңдарды жүзеге асыру арқылы басқару керек деген пікірлеріне қарсы болып, керісінше, мемлекетті тек қана заңға сүйеніп басқаруға болады, себебі «мейірімділік пен адамгершілік» — қылмысқа апаратын бірден-бір жол, ал шын қайырымдылық өзінің бастамасын жазалаудан алады деп уағыздайды. Сөйтіп, легистер ар-ожданның орнына қорқынышты дәріптейді. Елде тәртіпсіздік болмас үшін: 1. Мақтаудан жазалау көп болу керек. 2. Аямай жазалау арқылы халық арасында үрей тудыру қажет. 3. Ұсақ қылмыс жасағандарды аямай жазалау керек, сонда олар үлкен қылмыс жасамайтын болады. 4. Адамдар арасында бір-біріне сенімсіздік тудыру керек. Осы қағидаларды бұлжытпай орындағанда ғана халық билеушінің айтқанын екі етпей орындайды және керек болса, өлімге де барады. Конфуцийшылдардың «Мемлекет — үлкен отбасы, оның басшысы — халықтың әкесі» деген ілімінің орнына легистер: «Мемлекет — өз алдына бір машина сияқты құбылыс, билеуші — өзін ата-баба аруағынан да, халықтан да, Аспаннан да жоғары қоятын деспот.

47. Утопия - (көне грекше: topos - орын, жер, яғни, жоқ жер) - әлеуметтік-саяси қиял түрі, орындалмайтын арман, ойдан шығарылған, ғылыми негізделмеген, шынайы өмірде жоқ, жүзеге асыру мүмкін емес, көбіне өмір сүріп отырған қоғамнан әлдеқайда жақсы, мінсіз жобалар.

"Утопия" үғымы утопиялық социализмнің негізін қалаушы Т.Мордың "Утопия" (1516) еңбегінен алынды. 1) ғылыми тұрде тұжырымдалған идеалды қоғамдық құрылысты бейнелеу. Утопия термині алғашқы рет 1566 ж. Т.Мордың осы аттас кітабынан алынған; 2) фантазия, іске аспайтын қиял-ғажайып құбылыс.[

Кампанелла Томмазо, 1582 жылы монах ретінде шашын күзегенге дейін Джованни Доменико (1568 – 1639) – италиялық философ, ақын, саяси қайраткер. Бастапқыутопиялық коммунизм ағымы өкілдерінің бірі. Кампанелла адамзаттың бірлігі мен игілігін армандады. 1599 жылы Италияны испан езгісінен азат ету мақсатымен көтеріліс ұйымдастыруға әрекет жасады. Астыртын әрекеті әшкереленіп, Кампанелла ауыр азаптаудан кейін түрмеге қамалып, онда 27 жыл отырды. Сонда отырып ол жеке меншіктен ада, жаппай молшылыққа кепіл болатын, бірақ тұрмысты реттеп отыратын, шын мәнінде абыздар билігі сипат алған мінсіз қоғам туралы өз утопиясы “Күн қаласын” (1602) жазды. Ол 1623 жылы жарияланды. “Күн қаласы” – кейінгі қоғамдық ой-пікірлердің дамуына елеулі ықпал жасады. Кампанелла көптеген канцон, мадригал және сонеттердің авторы.

48. Ұлы Абайды өмір, қоршаған дүние, табиғат, болмыс сыры, олардың заңдылықтары көп ойландырған, ол дүние сырына бойлап, өзін мазалаған сауалдарға жауап табуға тырысқан. Барлық адам баласы, жан-жануарлар да тамақтанады, ұйықтайды, қорғанады, артына ұрпақ қалдырады. Сонда адам баласының басқа жан иелерінен айырмашылығы неде? Міне, Абай әркімді де толғандыратын терең сырлы сұрақтарға жауап іздейді. Ол өзінің ілімінде, пәлсапалық шығармаларында адам баласының өмір сүру мақсатын, сол мұратына жету жолын, әлемдегі болмыстың мәні мен өзіндік ішкі байланысты, жалпы заңдылықтарын ашып көрсетеді.

Абайдың “қара сөздерінің” философиялық мәні. Абайдың "Жетінші сөзінде" ұшырасатын "жанның тамағы" деген күрделі философиялық ұғым бар. Оны Абай біздің санамыздан тыс өмір сүретін объективті дүниенің санада сәулеленуі нәтижесіңде пайда болатын ғылым, білімнің жинақталған қоры ретінде қарайды.Осы себептен де Абай: "... құмарланып, жиған қазынамызды көбейтсек керек, бұл жанның тамағы еді",— деп қайыра түсінік беріп отыр...Абайдай ұстаз ақынның бұл "Жетінші сөзде" көздеген мақсаты адамның бойыңда туа пайда болатын жан құмары арқылы өз ұрпағының санасына тек қана жанның пайдалы тамақтарын сіңдіру еді. Міне, Абайдың ағартушылық көзқарасының тамыр алған бір саласының қайнар көзі осы жақта жатыр.Абай бұл бағыттағы ойларын өзге сөзбен "Ғылым таппай мақтанба" т.б. өлеңдерінде айтқан. Мұнда ол "жанның тамағы туралы" ұғымды өз заманынын тұрғысынан келіп, "адам болу" үшін қажет көп керектермен ауыстырады. Ақын толық адам болу туралы өзінің жүйелі де қалыптасқан көзқарасының тезисін ұсынады. Онысы:Адам болам десеңіз...Бес нәрседен қашық бол...,Бес нәрсеге асық бол, - деген жолдарда жатыр.Ақынның бүкіл шығармаларындағы негізгі бір тұтас тақырыпта өзекті идея болған. Абайдың пікірінше, ішкі рухани казынамыздың молығуы тікелей өзіміздің қолымыздағы іс. Осы реуішті пікір Абайдың "Он тоғызыншы сөзінде" де қайталанады. Абайдың дүние танымы бойынша сананың, ақылдың пайда болуы күнделікті өмір тәжірибесінің нәтижесінен ғана туындайтын табиғи құбылыс. Соңдықтан да Абай "Он тоғызыншы сөзінде":"Адам ата-анадан туғаңда есті болмайды: есітіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды-дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады... Сол естілерден есітіп білген жақсы нәрселерді ескерсе, жаман дегеннен сақтанса, соңда іске жарайды, сонда адам десе болады", — деп жоғарыдағы өлең үзіндісендегі ойын осы сөзіңде одан ары кеңіте отырып дамытатынын көруге болады. Источник: http://freeref.ru/wievjob.php?id=539145

49. Сопылық — дүниеден безуге, нәпсіні есептеуге, тәнге қатысы бар нәрселерден бет бұруға, нәпсіні тазалауға, Аллаһ тағалаға мағрифатқа немесе хақиқатқа иман келтіру арқылы қосылу

50. Астика – Ортодоксалды (Веданы мойындайтын) философиялық мектептер

Вайшешика. Ньяя. Йога. Миманса. Санкхья. Веданта.

Настика - Ортодоксалды емес (Веданы мойындамайтын) философиялық мектептер

Буддизм 

Жайнизм

51. Платон рухани әлемнің жеке идеялары туралы айтқанда, көбінесе “эйдос” деген ұғымды қолданады. Ежелгі грек тілінде идея да, эйдос та бір-біріне ұқсас мағына береді: түр, пішін, кейіп, тәсіл, т.б. Эйдостар сезімдік заттар үшін бір мезгілде әр түрлі міндет атқарады:

  1. себептілік;

  2. заттардың жаратылу кескіні үшін үлгі;

  3. заттардың түпнегізін бейнелейтін ұғым

Материалдық денелер өзгермелі, құбылмалы, ал эйдостар мәңгілік. Заттардың өзгермелілігін түсіну үшін бұл екі ұғым аз, сондықтан Платон оларға қосымша тағы бір ұғым — “хораны” (материя) кіргізді. Хора-материя — көрінбейтін, түрсіз, еленбейтін өзіне-өзі тең құбылыс. Бірақ ол кез келген түрді қабылдап, пішінделген (түрленген) материя болуға қабілетті. Платонның материясын таны Платон білуге болмайды, ол — бейболмыстың бір түрі. Материя көптүрліліктің, жалқылықтың, заттанудың, өзгерістердің, туу мен өлімнің, табиғи қажеттіліктің, жамандықтың және еріксіздіктің қайнар көзі. Материя мәңгі, ол өмірге идея арқылы келмейді. Платон материяның бұл түрінен физ. материя түрін ажыратып қарастырады. Физикалық материя антик. көзқарастарда қалыптасқан төрт негіз — от, жер, су, ауа түрінде өмір сүреді

Өзінің идеялар әлемі түсінікті болуы үшін Платон үңгір жөніндегі аңызды пайдаланады. Соңында бұл аңыз метафизика, гносеология және диалектиканың символына айналды. Көзімізге үңгірде, я болмаса зынданда, аяқ-қолы байланған адамдарды елестетейік.Үңгірдің аузы күншығысқа қараған, сондықтан оның сәулелері сондағы адамдар қарап отырған жаққа түсіп тұр. Жер бетіндегі керуен кетіп бара жатыр, адамдар әр түрлі заттарды көтеріп бір-бірімен сөйлесіп келеді. Үңгірде қамалған адамдарға солардың қозғалып бара жатқан көлеңкелері көрінеді, түсініксіз күңгірт дыбыстар естіледі. Олар бірақ жер бетінде шын өмір барын білмейді, сол көлеңкенің өзін шын өмір екен ғой деп есептейді. Бірақ сол қамалған адамдардың біреуі ойланып-толғанып, ақырында көлеңке әлемінде тұрып жатқанын түсінуі мүмкін. Ал екіншісі аяқ-қолын қалайда шешіп, үңгірдің сыртына шығып, күн көзінің сәулесіне көздері үйреннен кейін шынайы өмірдегі адамдарды, заттарды, соңында жарқырап тұрған күнның өзін көреді.Үңгір аңызына мынадай философиялық тұжырымдар жасауға болады: 1) болмыстың әр түрлі деңгейлігі жөнінде- сезімдік болмыс пен құдіреттті болмыстың бар екендігі; үңгірдің ішіндегі көлеңкелер- сезімдік әлем, ал жер бетіндегі адамдар мен заттар- нағыз болмысты құдіретті әлемді көрсетеді, ал күн- ол ізгілікті көрсететін идея.2) танымның деңгейлерін байқауға болады- ол сезімдік таным, ақыл-оймен тану, интуитівтік жолмен соңғы есебептерге жету; 3) бұл аңыздың моральдық, аксиологиялық жағын да байқауға болады. Өмірде тек қана сезім толқынының шеңбернінде бол- ол үңгірдегі өмір. Рухани өмір сатысына көтерілу- ол нағыз болмыс әлеміне көтерілумен тең. Ал күннің өзін көріп тамашалау- ол құдіретті күшті көрумен тең. Источник: http://freeref.ru/wievjob.php?id=539145

52. Буддизм - (санскритше - बुद्ध धर्म, buddha dharma Будданың ілімі) - дүниежүзіне кеңінен таралған негізгі 3 діннің бірі. Б.з.б. V-VIҮндістанның бүгінгі Бихар штатында пайда болды. Буддизмнің негізін салушы Сиддхарта Гаутама деп есептеледі. Буддизм басқа ілім-танымдарды бойына оңай сіңірді және оның негізгі қағидасы жан иесіне жамандық жасамау болғандықтан, жер жүзіне соғыссыз тарады. Буддизм ілімі, 4 ақиқат, 8 шарты. Буддизм ілімінде төрт түрлі ақиқат ілімі негізделген.1.Азаптану.2.Азаптанудың себебі.3.Азаптанудан босану.4.Азаптанудан босануға апаратын жол.Азаптан құтылу үшін сегіз сатыдан тұратын талаптарды орнындаукерек:1. дұрыс қабылдау;2. дұрыс ойлау;3. дұрыс әрекет;4. дұрыс өмір сүру салты;5. дұрыс күш жұмсау; 6. ақылды дұрыс қолдану;7. дұрыс ой шоғырландыру;8. дұрыс сөйлеу.Аталған сегіз жолды дұрыс игерген адам «архат» деп аталады, яғни қайтатуу тоталады. «Архат» - әулие деген мағынаны білдіреді. Источник: http://freeref.ru/wievjob.php?id=539145

53. Фараби іліміндегі адам және әлем мәселесі. “Азаматтық саясат”, ”Аристотель философиясы” еңбектерінде Әл-Фараби әлемнің негізіне айналған бастапқы болмысты алты сатыдан тарқатып көрсетті. Бірінші негіз – Алла, екінші – аспан әлемі денелерінің өмір сүру сатысы, үшінші – іс-әрекетшіл ақыл-ой, төртінші – рух, бесінші – форма, алтыншы – материя. Әлемде заттар мен құбылыстардың өзгеруінің, дамуының өз табиғи заңдылығы бар. Фараби философиясындағы адамның танымдық қабілеті ерекше қойылады. Оның пікірінше, тек адамға ғана дүниені тану құштарлығы тән, өйткені оның дамуы ғана ақиқатқа жеткізетін білім жүйесі болып табылады. Сыртқы ортаны, табиғатты тану, өзін-өзі тану арқылы ғана адам ең жоғарғы құндылыққа айналады. Таным адамның мәні немесе оның мәнінің бір әрекеті. Адамның іс-әрекетінің мақсатқа сай жүруінің табиғат пен адам бірлігінде маңызы зор. Өмір сүретін табиғи заттар мен өздері өмір сүретін табиғи қасиеттер мен мәндер тығыз байланыста болады. Адам табиғатты таниды, пайдаланады, өзгертеді. Адамның іс-әрекеті мен табиғаттың бейімділігі, табиғаттың заңдылығымен байланысты болатындығы белгілі. Табиғаттағы заттар мен құбылыстар ең ұсақ бөлшектерден бастап біртұтас әлемге дейін танылады, дүниеде танылмайтын заттар жоқ, олар объективті түрде өмір сүріп, адамның түйсігіне, ақыл-ойына әсер етуі арқылы адамда өзін қоршаған ортаны танып-білуге, ол туралы белгілі бір білім жүйесін қалыптасрыру керек екендігін Әл-Фараби өз ілімдерінде дәлелдеп көрсетеді. Фарабидің пікірінше, бүгінгі өмір негізінде алсақ, дүние мен адам бірлігі туралы ой-тұжырымдардың синтезі ғылыми таным үшін өте қажет. Өйткені жалпы әлем туралы адамның дүниетанымында нақты жүйеленген, тарихилық пен логикалықтың бірлігі негізінде қалыптасқан білім теория болмаса ғылыми таным да болмас еді.  Источник: http://freeref.ru/wievjob.php?id=539145

54. “Адам-барлық заттың өлшемі” афоризмін талдау. Адам (homo sapіers) — жер бетіндегі ең жоғарғы даму сатысындағы тіршілік иесі, қоғамдық-тарихи әрекет пен мәдениетті жасаушы. . Адам мәселесі, оның пайда болуы, өмірде алатын орны, тіршілігінің мәні мен мақсаты адамзат танымының формалары — әпсаналардағы мифологиядағы), діндегі, философиядағы, ғылымдағы ең негізгі мәселе. Бұл жөніндегі әңгімелер ертедегі Стоя қаласының ойшылдары (Сенеке т.б.) мен Сократтан басталады. (Протагор: “адам — заттардың өлшемі”, Сократ: “өзіңді өзің танып біл”). Ежелгі Үнді, Қытай,Грек филос-сында адам әлемнің бір бөлігі ретінде қарастырылады. Демокрит түсіндірмесінде адам микрокосм, “кіші әлем”, ол сондай-ақ түпнегіздерден құралады; Адам денесі мен рухы ақиқаттың екі аспектісі (аристотелизм) немесе екі ерекше түпкізаты (платонизм). Үнді филос-сындағы жанның көшуі туралы ілім тіршілік иелері арасындағы шекараны белгілейді, бірақ тек адам ғана эмпириялық өмір сүру тұсауынан кармасансара заңы арқылы құтылуға ұмтылады. Антикалық философия үшін (Аристотель) адамды қоғамдық өмірге икемді тіршілік, рух, парасат иесі ретінде тану анықтаушы фактор болды. Адамды тану мәселесінде Пифагор шығармашылығында анық көрінді. Ол: «Адам дүниедегі барлық зат, болмыс өлшемі» деген ой қалдырған. Барлық антика философиясының өкілдеріне тән Пифагор да – адамды космостың бір бөлігі, болмыстың уақыттан тыс біртұтас жүйесі деп түсінеді. «Кіші әлем» яғни микрокосмос – әлем дүниесінің макрокосмосының рәміздік белгісі деп біледі. Осы жерде Пифагор ойындағы әлем ұғымын зерделейтін болсақ, әлем – біртұтас әлем дүниесі, универсум, сөзсіз тұтастық, келісім, бірлік. 

55. ХХ ғ Батыс философиясының бағыттары мен ілімдері. Қазіргі батыстық философияда мынадай ағымдарды және олардың тармақтарын атауға болады: позитивизмнің қазіргі түрі - неопозитивизмнің тармақтары; экзистенциализм жөне иррационализмнің басқа түрлері; діни философияның түрлері — неотомизм, персонализм т.б. Бүлардан басқа тағы да прагматизм, философиялық антропология, феноменология деген түрлері бар. Бұлардың барлығы, сайып келгенде, субъективтік және объективтік идеализмдердің бағытын ұстайды. Неопозитивизм прогресті "метафизикалық функция" деп атады. Неопозитивизм – тілдік ілім.Бүл философиялық бағыт ағылшын тілінде сейлейтін елдерде кең тараған.. Неопозитивизм — XIX ғасырдың 30-жылдарыңца пайда болган субъективтіё-идеалистік бағыт — позитивизм идеяларын жаңа тарихи жағдайларға жоне ғылым дамуының жаңа деңгейіне сәйкес өрі қарай дамытушы философиялық ағым. Прагматизм ілімі жеке адам факторын талдау.Прагматизм қазіргі заманғы субъективтік идеализмнің американдық түрі. Прагматизмді жақтаушылар дәстүрлі философиялар адамдардың күнделікті іс-ерекеті үшін пайдасыз, өйткені "болмыс", "сана", "материя", "идея" деген сияқты дерексіз үғымдармен айналысқандықтан, адамдардың мақсат-мүдделеріне қызмет етпейді, сондықтан ондай дерексіз жалпы проблемаларды, меселен обьективтік шындықтың мені, философияның негізгі меселесі жайындағы мәселелерді, т.б. лақтырып тастап, тікелей практикалық істермен айналысса ғана дағдарыстан шыға алады деп делелдеуге тырысады. Демек, философияның міндеті, дейді олар, дерексіз бос сөзбен айналыспай, адамдардың бақытты тұрмысқа жетуіне кемектесуде.Прагматизм ілімі бойынша, тәжірибедегі шешуші фактор жеке адам, оның ақыл-ойы мен көңіл күйі, мақсаты мен іс-әрекеті, яғни субъективтік бастама болып табылады. Философияның негізгі меселесінің бүл субъективтік-идеалистік шешімінен практикалық қызметтің де идеалистік түсінігі келіп шығады..  Источник: http://freeref.ru/wievjob.php?id=539145