Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
9-15--таырыптар,аз.т..docx
Скачиваний:
298
Добавлен:
04.02.2016
Размер:
8.01 Mб
Скачать

Пәннің мазмұны

Кіріспе

Пәннің мақсаты мемлекеттік тіл болып табылатын қазақ тілінің коммуникативтік бағытын жүзеге асыру. Қазақ тілін оқытудың қарастырылып отырған деңгейлеріне сәйкес лингводидактикалық үлгі негізінде, бірыңғай әдістемені жүйелі жетілдіру. ЖОО-да қазақ тілін қарым қатынас құралы деңгейіне айналдыру дағдыларын қалыптастыру. ЖОО түлектерінің еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, тілдік біліктілігі жоғары маман ретінде қалыптасыуна мүмкіндік жасау. Пән бойынша білім игертіп қана қоймай, өмірлік проблемаларды шешуге қажетті білік-дағдыларды меңгеруге бағыттау.

Пәннің міндеті қамтылған тілдік деңгейлер аясында қатысымдық (коммуникативтік) және танымдық (когнитивтік) міндеттердің орындалуы барысында жүзеге асырылады. Атап айтқанда:

  • орта көлемді және көлемді мәтінді жатық әрі шапшаң түсініп оқу;

  • тұрақты сөз тіркестері, кәсіби сөз мағыналары мен салалық терминдер ұғымын түсініп оқу;

  • монолог, диалог, полилог түрінде (хабарлама, танысырылым (презентация, баяндама, дискуссия және т.б.) әңгімелеу, сұхбат жүргізу;

  • жазба жұмыстарын (эссе, аннотация, түйіндеме, жоспар, тезис, мәлімдеме, пресс-релиз, өтініш, хат, аударма, реферат, мақала және т.б.) орындау;

  • қазақ тілінің функционалдық грамматикасы аясында тілдік дағдыларды шыңдай отырып, тілдік тұлғаның қазақ тілінде жүйелі талдау жасауға, өз ойын еркін жеткізуге және ұсынылған материалдар бойынша сипаттама, салыстырма, қорытыныды жасай білу сияқты т.б. тілдік біліктілерін жетілдіре дамыту;

  • әлеуметтік және кәсіби мыңызды ақпаратты жеткізу, болашақ қызметінде қазақ тіліндегі деректерді қолдану дағдысын қалыптастыру.

Пәннің әдіс-тәсілдері: «Қазақ тілі» пәнін жүргізу барысында тіл үйретудің әлемдік деңгейде танылған заманауи үлгілері, Отанды және шетелдік ғалымдардың авторлық озық әдіс-тәсілдері басшылыққа алынады. Жұмыс барсыныда уақыт көлемі, тақырып ерекшелігі, тіл үйренушінің қабілет-қарымы, оқытушының шеберлігі сияқты т.б. маңызды факторлар есепке алынып, соған сәйкес ақпараттық әдіс, түсіндіру әдісі, жаттығу әдісі, практикалық әдіс, кейс әдісі, ізденіс әдісі, ойын әдісі, жобалау әдісі сияқты т.б. әдіс түрлері мақсат міндетке сәйкес қолданылады.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Грамматикалық тақырыптар пәннің өзіндік ерекшеліктері мен мақсат, міндеттеріне сәйкес іріктеледі. Тіл үйренушінің грамматикалық дағдыларын қалыптастырудың тиімділігін арттыру мақсатында жиі қолданылатын грамматикалық, лексика-грамматикалық үлгілер ұсынылады. Грамматикалық дағдылармен қатар орфографиялық дағдылардың қалыптасуына назар аударылады. Грамматикалық тақырыптар біртіндеп күрделенеді. Ұсынылған функционалдық-грамматикалық минимум лексикалық тақырыптарды меңгеру барысында нәтиже көрсеткіші ретінде қолданылады. Грамматикалық тақырыптарды оқып үйрету барысында тақырыптар мен тақырыпшалардың мазмұнына, жаттығу, тапсырмалардың түріне, санына және олардың көлеміне назар аударылады.

(В1, В2 деңгейі)

Жай сөйлем. Жай сөйлемдегі сөздердің (сөйлем мүшелерінің) орын тәртібі, оның қалыпты, ауыспалы, тұрақты, жылжымалы, типтері. Интонация және оның хабарлау, сұрау, бұйыру, түсіндіру, шақыру, қуану, ренжу, таңырқау түрлері.

Сұрау мәнді сөйлем.Сұрақтардың ашық сұрақ, жабық сұрақ, альтернативті сұрақ, күмәнді сұрақ сияқты мағыналық түрлерінің жасалу жолдары.

Бөгде сөз. Бөгде сөздің түрлері. Төл сөз. Төл сөздің қолданылу жолдары. Төл сөзді төлеу сөзге айналдыру амалдары. Деу көмекші етістігінің қызметі. Төлеу сөздің етістік+ғандығын (-гендігін, -қандығын, -кендігі, - атындығын, -етіндігін, -йтындығын, -йтіндігін) тіркесі арқылы жасалуы.

Болымсыздық категориясы. Болымсыздық мәннің арнайы қосымшалар (-ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе)және емес, жоқ сөздері арқылы жасалу ерекшеліктері. Болымсыздық есімдіктерінің (ешкім, ешнәрсе, ешбір және т.б.) болымсыздық мәнді айқындауы.

Сан-мөлшер категориясы. Көптік жалғауларының қолданылу ерекшеліктері. Көптік мағына білдіретін барлық, барша, күллі, бірнеше, біраз, көп, көптеген, талай және т.б. сөздер қолданысы. Көптік ұғымның сан есімдер арқылы берілуі.

Анықтауыштық қатынас. Сапалық анықтауыштың сын, есімдік, есімше, зат есім және т.б. арқылы жасалуы. Меншіктік анықтауыштың жасалуындағы ілік септігінің рөлі.

Көмекші есімдер қызметі. Көмекші сөздердің изафеттік байланыста қолданылуы. Көмекші есімдердің мезгілдік, мекендік және т.б. мәнде жұмсалуы.

Меншік мәнді сөйлем. Изафеттік тіркес және –нікі, -тікі, -дікі қосымшалары арқылыменшік мәнді сөйлемнің жасалуы.

Қимыл есімдердің қызметі. Қимыл есімдерінің жасалуы. Септелуі. Тәуелденуі. Придикаттық мәнде қолданылуы. –уға (-уге) баптау, -ға (-уге) тырысу, -уға (-уге) кірісу сияқты және т.б. тіркестер қолданысы.

Міндет, жауапкершілік мәнді сөйлем. Маған ... етістік+у керек (қажет), Менің ... етістік+у+ТЖ керек (қажет), Мен ... етістік+БС+тиісті+ЖЖ тіркестерінің 3 жақта түрленіп қолданылуы.

Тыйым мәнді сөйлем. –(у)ға (-(у)ге, -қа, -ке) болады (болмайды) лексика-грамматикалық тіркесінің түрленуі.

Етістік жіктелуі. Етістіктің түбір тұлғасы. Етістіктің шақ категориясы. Шақ жұрнақтарына жіктік жалғауларының қысқа және толық түрде жалғану ерекшіліктері. Түбір етістік+ШЖ+ЖЖ моделі. Субъектілі-предикаттық қатынас. Қалып етістіктерінің функционалдық ерекшеліктері.

Есімше категориясы. Есімше категориясының функционалдық қызметі. Есімшенің тәуелденуі. Есімщенің оңаша түрде тәуелденуі. Еімшенің ортақ түрде тәуелденуі. Орыс тіліндегі күрделі сөйлемдердің қазақ тіліне есімше тұлғасы арқылы жай сөйлем түрінде аударылуы.

Етіс категориясы. Етістің түрлері. Етістің жұрнақтары және олардың функционалдық қызметі.

Көмекші етістіктер. Көмекші етістіктердің түрі. Көмекші етістіктердің негізгі етістіктерімен тіркесіп қимыл фазаларын (кезеңдерін) немесе өту сипатын білдіруі. Түбір етістік +а (-е, -й) бастау, түбір етістік +а (-е, -й) бару, түбір етістік +ып (-іп, -п) қою, түбір етістік +ып (-іп, -п) алу, түбір етістік +ып (-іп, -п) шығу, түбір етістік +ып (-іп, -п) болу және т.б. тіркестер арқылы жасалуы.

Көсемше категориясы. Көсемшенің жұрнақтары. Қызметі. Түрі. Кейіпті көсемшенің немқұрайлық, созылыңқылық, кенеттік және т.б. мәнде қоданылуы. Түбір етістік +а (-е, -й) салу, түбір етістік +ып (-іп, -п) тұру, түбір етісік +ып (-іп, -п) қалу және т.б. тәсілдер арқылы шақ, жақ бойынша түрленіп жасалуы.

Бұйрық мәнді сөйлем. Етістіктің бұйрық райының жекеше, көпше, сыпайы, қалыпты түрдегі тұлғалары арқылы жасалуы. –шы (-ші) жұрнақтары және т.б. тәсілдер арқылы жасалуы.

Өтініш, тілек мәнді сөйлем. Етістік+уыңызды (-уіңізді) өтінемін лексика-грамматикалық тіркесінің шақ, жақ бойынша түрленуі. Етістік+айын (-ейін, -йын, -йін, -айық, -ейік, -йық, -йік) тіркесі және т.б. тәсілдер арқылы жасалуы.

Шарт мәнді сөйлем. Егер ... етістік+са (-се)+ЖЖ, онда ... лексика-грамматикалық тіркесінің шақ, жақ бойынша түрленіп қолдану ерекшілігі. Етістік+ған (-ген, -қан, -кен)+ЖС, етістік+атын (-етін, -йтын, -йтін) еді+ЖЖ тіркесі және т.б. тәсілдер арқылы жасалуы.

Білік, дағды мәнді сөйлем. Етістік+а (-е, -й) алу лексика-грамматикалық тіркесінің шақ, жақ бойынша түрленіп қолданылу ерекшелігі.

Қалау мәнді сөйлем. Жасалу жолы. Етістік+ғы (-гі, -қы, -кі)+ТЖ келу, етістік+ған (-ген, -қан, -кен)+ТЖ+ТС қалау тіркестері және т.б. тәсілдер арқылы шақ, жақ бойынша түрленіп, болымсыз, сұраулы түрлерінің жасалуы.

Мезгіл мәнді сөйлем.Мезгіл үстеулері,септік шылаулары,-ғанда, -генде, -кенде, -қанда және т.б. грамматикалық тіркестер арқылы жасалуы.

Ниет мәнді сөйлем. –мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек қосымшалараның қызметі. ... –айын (-ейін, -айық, -ейік) деп ..., ... –айын (-ейін, -айық, -ейік) деп еді тіркесінің 3 жақта түрленіп қолдануы және т.б. тәілдер арқылы жасалуы.

Болжау мәнді сөйлем. ар, -ер, -р қосымшаларының қызметі. Шамамен сөзінің қолданысы. Сан есімидер мен жуық, шамалы, шақты сөздерінің тіркесі. Етістік+ған(-ген,-қан,-кен, -атын, -етін, -йтын, -йтін) шығар+ЖЖ, етістік+ған (-ген, қан, -кен, -атын, -етін, -йтын, -йтін) сияқты+ЖЖ тіркестері және т.б тәсілдер арқылы жасалуы.

Мақсат мәнді сөйлем. ...+у үшін тіркесі және қимыл етістігінің барыс септігінде қолданылуы және т.б. тәсілдер арқылы жасалуы.

Бұйрық мәнді сөйлем. Етістіктің бұйрық райының жекеше, көпше, сыпайы, қалыпты түрдегі тұлғалары арқылы, -шы (-ші) жұрнақтары және т.б тәсілдері арқылы жасалуы.

Қарсы мәнді сөйлем. Қарсылықты жалғаулықтар (бірақ, дегенмен, алайда, әйтсе де, сонда да) және т.б. тәсілдер арқылы жасалуы.

Себеп-салдар мәнді сөйлем. Себеп-салдар жалғаулықтар (себебі, өйткені, сондықтан, сол себепті) және т.б. тәсілдер арқылы жасалуы.

(С1, С2 деңгейі)

С1, С2 деңгейлерінде тіл үйренушіден мынадай коммуникативтік тапсырмаларды орындай алуы талап етіледі.

Айтылған ой, ақпаратты тез түсіну. Ғылыми бағытта жазылған мәтндерді оқып, мазмұнын баяндай алу. Мәжіліс, семинар, конференцияларда қажетті ақпарат пен мәліметтерді жазу. Мамандық аясында пікір айтып, кеңес бере алу. Ғылыми зерттеу тақырыбы бойынша мақала, баяндама жазып оны қорғау. Ғылыми еңбек негізінде эссе, жоспар, пікір, түйіндеме жазу.

Тыңдалым.

  • Мамандық бойынша бейтаныс мәтін мазмұнын жақсы түсіну;

  • Мамандық бойынша монолог мазмұнын еркін түсіну;

  • Ресми-іскери кездесулерде диалог, полилог жүргізу.

Оқылым әрекетібойынша мәтінді оқып, тіл үйренушіден:

  • Мәтіннің негізгі мазмұнын, оның жеке мағыналық бөліктері арасындағы логикалық байланысты түсіне білу;

  • Оқылған ақпарат, дереккөздер бойынша түйіндеме жасап, автордың ойына баға бере білу;

  • Қойылған сұрақтарға жауап бере білу талап етіледі.

Жазылым бойынша жұмысты орындауда студенттер таңдаған тақырып мазмұнын терең түсініп, оны өз сөзімен жазбаша жеткізе білуі және сонымен қатар өзінің осы тақырып бойынша жеке көзқарасын, тұжырымын, шығарма, шағын эссе түрінде жеткізе білгені жөн.

Студент сонымен қатар:

  • Мамандығы бойынша таңдап алған тақырыпқа жоспар құру арқылы осы тақырып бойынша естіген, оқыған мәтін мазмұнында берілген ойды қайта жаңғырту, толықтыру, өз бетінше өңдей білуі тиіс;

  • Ғылыми баяндама, мәлімдеме, хабарлама жазу үшін ойды логикалық жүйемен жазбаша құра білу тиіс;

Нақты мамандығы бойынша оқыған кітаптары, мақалалары немесе тыңдаған хабарлары жайында шағым мәлімдеме, түйіндеме жаза білуі қажет.

Әдеби шығармане мақалаларға сыни баға беріп, күрделі жоспар, эссе, түйіндеме пікір жаза алады.

Сыни ойлау дағдысын қалыптастыруға бағытталған тақырып бойынша дербес пікір айту, ойды қорыту сияқты тапсырмаларды өз бетінше орындай алады.

Айтылым бойынша студенттер өздеріне ұсынылған тақырыптардың біріне таңдауы бойынша сұхбат (сөйлесім) құрады. Ұсынылған тақырып бойынша қандай да бір атау (ұғым, түсінік) таңдап алып, оған қарапайым анықтама немесе түсіндірме береді. Алдын ала берілген атаулар бойынша өз бетінше жұмыс істейді.

Таңдаған тақырыпқа сай сөйлесімде төмендегідей шарттар ескеріледі: Студенттің берілген тақырып бойынша таңдаған кәсібі, мамандығысжайында әңгімелеп айта білуі, баяндама жасай алуы, сұхбат құра білуі тиіс. Егер тапсырма жеке немесе шағын топқа арналған монологтық сөйлеу болса, айтылым уақыты 4-5 минутболуы тиіс. Диалогтік сөйлеу болса, айтылым қарқыны – минутына 160-18 сөз.

Диалогтік сөйлеуде студент:

  • Айтушының ой-пікіріне өзінің тұжырымдарымен жауап беріп, әр түрлі сұрақтар қою негізінде өзіне қажетті ақпаратты ала білуі;

  • Мамандығы бойынша жаңалықтармен бөлісіп, ол жайында өз көзқарасын серіктесіне жеткізе білуі;

  • Естіген ақпарат жайында өз тұжырымын дәлелдей білуі тиіс.

Студент мағынаның түрлі реңктерін дәл беретіндей тыныс белгілермен дауыс ырғағын ұтымды қолдана отырып, тез және ешқандай қиындықсыз хабарлама жасай алады. Күрделі тақырыпты талабына сай мейлінше жеңілдетіп, түсінікті дәл жеткізе алады. Аудиторияда берілген кез-келген сұраққа жауап береді.

Идиомалық және ауызекі оралымдарды, нақыл сөз, мақал-мәтелдердің мән-мағынасын түсініп қолдана алады. Мағыналық реңктерді дәл бере алады. Пайда болған қиындықтар мен жіберілген қателерді тез тауып, түзей алады.

С1, С2 деңгейлерінде өтілетін граммтикалық тақырыптар арнайы берілмегенімен, құрмалас сөйлемнің түрлері негізінде В1, В2 деңгейлерінде меңгерілген лексика-грамматикалық тіркестерді қажеттілігіне қарай пысықтап отыруға болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]