Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

3 дрісті таырыбы мен тезистері (КЮ, КЮСП)

.docx
Скачиваний:
8
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
37.84 Кб
Скачать

Үндеу лауазымды тұлғаларға, мемлекеттік органдарға, заңды және жеке тұлғаларға жіберіледі.

  Іс-тәжірибеде бұл қадағалау актісі жиі қолданылмайды, өйткені оны қолдануға әкеп соғатын жағдайлар мемлекет пен қоғамда аз.

Дегенмен де, олар кездеседі. Мысалы, Бас прокуратураның prokuror.kz. ресми сайтында орналастырылған 30.10.2014 үндеуінде Бас прокуратура заңдылықты орнату және құқық бұзушылықтарды алдын алу мақсатында Ауғанстан, Сирия, Ирак мемлекеттерінің аумақтарында Қазақстанның кейбір азаматтарының жауынгерлік әрекеттерге қатысуы, сондай-ақ кейбір азаматтардың Украинаның оңтүстік-шығысында жүріп жатқан қарулы қақтығысқа қатысу үшін кеткені туралы объективтік ақпарат бар екенін және осы фактілер бойынша құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдармен қылмыстық істер қозғалып, тергелуін, ал кейбір істер бойынша айыптау сот үкімдері шығарылғаны туралы хабарлаған. Біздің азаматтардың аталмыш елдерге кету фактілері жалғасып жатқанын ескере отырып, Бас прокуратура мұндай әрекеттердің ҚР Қылмыстық кодексіне сәйкес қылмыс екенін атап өтіп, бұл қылмыстардың аса қоғамдық қауптілігін, шет елдердің ғана емес өз еліміздің бейбіт өміріне қауіп төндіретінін көрсеткен. Сондықтан Бас прокуратура елімізден аталмыш мемлекеттерге кеткелі жатқан Қазақстан Республикасының азаматтарын қылмыстарды жасаудан бас тартуды, ал жасаған жағдайда қылмыстық жауапкершілікке тартылатындарын олардың естеріне салған. Сонымен қатар, аталмыш үндеуде ресми түрде мұндай сигналдардың міндетті түрде тиісті мемлекеттік органдармен мұқият тексерілетінін және жоспарланған немесе жасалған қылмыстар туралы объективті ақпаратқа қатысты тұлғалардың барлығы қылмыстық қудалауға ұшырайтындығы ескертілген. 

Заңды түсiндiру

"Прокуратура туралы" Заңының 26-бабына сай жеке не заңды тұлғалардың заңдарды бiлмеуi немесе дұрыс түсiнбеуi заңдардың не азаматтың немесе шектелмеген адамдар тобының құқықтары мен бостандықтарының бұзылуына әкеп соғуы мүмкін деп санауға жеткiлiктi негiздер болған кезде прокурор заңның мазмұнын түсiндiредi.

Осы норманы мұқият зерделесек, аталмыш қадағалау актісі нақты жағдайларда ғана шығарылады: тұлғаның заңдарды бiлмеуi немесе дұрыс түсiнбеуi заңдардың не азаматтың немесе шектелмеген адамдар тобының құқықтары мен бостандықтарының бұзылуына әкеп соғу мүмкіндігі анықталса. Мұндай жағдайды прокурор қай уақытта анықтайды? Тек қана өзі тиісті тексеру жүргізу нәтижесінде.

Сонымен қатар, Республиканың заңнамасына сәйкес заңды кез келген мемлекеттік орган немесе тұлға түсіндіре бермейді. Мұндай құзырет шектелген органдар санында ғана бар. Мысалы, тек қана Конституциялық Кеңес заңнамада көрсетілген тәртіппен Ата заңымыздың нормаларын түсіндіре алады. Тиісінше нормативтік құқықтық актілерінің нормаларын оларды шығарған орган түсіндіре алады.

Демек, прокурорға түскен кез келген заң түсіндіру туралы өтініш қанағаттандыруға, сондай-ақ өтініш берушіге заң түсіндірілуге жатпайды. Алайда прокурор тексеру жүргізу немесе басқа әрекетінің нәтижесінде Заңының 26-бабында көзделген жағдайларды анықтаса, заң түсіндіру қадағалау актісін шығаруға хақылы.

Сонымен қатар, құқықтық актiнiң жобасы заңға сәйкес келмеген жағдайда, прокурор актiнi қабылдайтын органға немесе лауазымды тұлғаға заңның талабын түсiндiредi.

  Іс-тәжірибе көрсеткендей, прокурорлық қадағалау актілері орындалмаған жағдайлар да болған.

Сондықтан 2002 жылғы 9 тамыздағы Заңмен "Прокуратура туралы" Заң жаңа 26-1-баппен толықтырылған. Бұл бап прокурордың құқықтық актілерін мәжбүрлеп орындату шараларын көздейді.

Олар келесілер:

1) прокурордың қаулылары мен ұйғарымдарын өз еркiмен орындамаған жағдайда, ол мүлкiнен мәжбүрлеп айыруды көздейтiндерiн қоспағанда, прокурордың талаптарын мәжбүрлеп орындату туралы қаулы шығаруға және оны орындау үшiн уәкiлеттi мемлекеттік органдарға жiберуге құқылы. Уәкiлеттi мемлекеттік органдар прокурордың тиiстi қаулысын алған бойда оны орындауға дереу шаралар қолдануға мiндеттi.

2) лауазымды тұлғалар, азаматтар айғақтар беру үшiн прокуратура органдарына келуден бас тартқан жағдайда, прокурор ондай тұлғаны прокуратура органдарына жеткізу (күштеп әкелу) туралы қаулы шығаруға құқылы, оны жиырма төрт сағат iшiнде iшкi iстер органдары орындайды.

Прокурорлық қадағалау актісін мәжбүрлеп орындату туралы қаулының - атқарушылық құжаттың түрі болып табылады, сондықтан "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" ҚР Заңына сәйкес орындалуға жатады.

Заңның 27-бабына сәйкес өз қызметiнiң жариялылығын қамтамасыз ету үшiн прокуратура органдары адамның және азаматтың конституциялық және заңмен қорғалатын өзге де құқықтарын, заңды тұлғалар мен мемлекеттiң мүдделерiн бұзған органдар мен лауазымды тұлғалардың заңсыз iс-әрекеттерi мен шешiмдерiне прокурорлық қадағалау актілерін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялай алады.

      «Прокуратура туралы» Заңының 8-бабында прокурордың актілерінің шағымдану мүмкіндігі көзделген.

Яғни прокурордың iс-әрекеттерi мен актiлерiне жоғары тұрған прокурорға немесе сотқа шағым беруге болады. Прокурордың талаптары мен актiлерiне шағым беру олардың орындалуын тоқтата тұрмайды.

      Бірақ сот не жоғары тұрған прокурор прокурордың iс-әрекетiне немесе актiсiне арыз (шағым) бойынша шешiм шығарылғанға дейiн олардың орындалуын тоқтата тұра алады.

      Жоғары тұрған прокурор азаматтардың және (немесе) заңды тұлғалардың шағымдары бойынша не өз бастамасы бойынша төмен тұрған прокурор актiлерiнiң күшiн жоя алады не оларды қайтарып ала алады.

Бұл норманың мәтініне сай прокурордың кез келген актісі шағымдалуы мүмкін сияқты. Бірақ мына мәселеге назар аудару қажет.

Бүгінгі күні Жоғарғы Соттың тәжірибесіне сәйкес тек қана белгілі немесе нақты әрекеттерді жасауға мәжбүрлейтін немесе міндетті түрде орындалуға тиіс прокурорлық қадағалау актілері ғана сотқа шағымдалуы мүмкін. Олардың ішінде қаулы, санкция, ұйғарым.

3. Прокурордың актілерінің екінші түрі прокуратура органдарының немесе жеке алынған прокуратураның ұйымдастыру қызметімен байланысты. Олардың қатарына буйрықтар, нұсқаулар, өкімдер, ережелер, нұсқаулықтар жатады.

Аталмыш актілердің кейбіреуі нормативтік құқықтық сипатта болуы мүмкін, және оларға "Нормативтік құқықтық актілер туралы" ҚР Заңының талаптары ықпал етеді.