Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
azastan_tarihy_7-kl_Keste_1420310632_76076.doc
Скачиваний:
452
Добавлен:
06.02.2016
Размер:
1.74 Mб
Скачать

§ 34. Қазақ хандығы құрылуының алғышарттары § 35. Қазақ хандығының құрылуы

ХІV – ХV ғ.тарихи жағдай

Керей мен Жәнібек

●Қазақ даласының негізгі тұрғындары үйсін,қаңлы,қоңырат,қыпшық,

Найман, керей,маңғыт т.б. тайпалар болды

● ХV ғ.қазақ хандығының құрылуы қарсаңында қазақ тайпалары мекендеген аймақтар:

Тайпалар аты

Мекендеген жерлері

Наймандар

Ұлытаудан Есілге дейін

Қоңыраттар

Түркістан мен Қаратау аралығы

Арғындар

Ертістен батысқа,Орталық Қазақстан

Керейлер

Жетісу,Тарбағатай,Ертіс бойы

Дулаттар

Іле,Шу, Талас бойы,Оңтүстік Қазақстан

Қаңлылар

Қаратау,Сырдария,Детісу өзендері бойы

Үйсіндер

Жетісуда

Жалайырлар

Қаратау, Сырдария бойы,Жетісу

●Қазақ халқының саяси бытыраңқылығын жойып, мемлекет етіп құру Керей мен Жәнібек сұлтандардың үлесіне тиді

●Қазақ хандығы құрылуының алғышарттарының бірі сол кездегі Қазақстан жеріндегі екі мемлекеттің –Әбілқайыр хандығы («Көшпелі өзбек мемлекеті») мен Моғолстан хандығының ішкі-сыртқы жағдайындағы оқиғалар болды

●Қазақстанның оңтүстік аймақтарындағы,Қаратау баурайындағы,Сырдария бойындағы,Түркістанның солтүстік бөлігіндегі тайпалардың басым көпшілігі ХV ғ.40-50 ж.өзінде-ақ Керей мен Жәнібек сұлтандардың төңірегіне топтасқан еді

●Әбілқайыр хандығындағы соғыстар,ішкі феодалдық қырқыстар қазақ хандығының дербес мемлекет болып қалыптасуына түткі болған алғышарттардың бірі болды

●Қазақ хандығының болашақ негізін салуға Батыс Жетісуға көше бастады

●Қазақ хандығы жаулап алушылық нәтижесінде құрылған жоқ,жергілікті экономикалық,этникалық негіздерден шықты

●Керей мен Жәнібек қол астына 200 мың адам көшіп келді

●Саяси және экономикалық байланыстардың үзілуіне әкеліп соқтырған үздіксіз жүргізілген соғыстар,ру-тайпа көсемдері арасындағы өзара талас-тартыстар мұндағы халықтардың бірігіп, нығаюын тежеп отырды

● ХV ғ.орта шенінде қалыптасқан саяси-экономикалық,тарихи жағдайлар Батыс Жетісу жерінде феодалдық негіздегі Қазақ хандығының құрылуына алғышарт жасады

Керей мен Жәнібектің Қазақ хандығын құру жолындағы күресі

Қазақ хандығының аумағы және халқы

●Әбілқайыр ханның ойраттардан жеңілуі оның ел ішіндегі беделін түсірді,осындай жағдайда Әбілқайыр хан Қазақстанның Оңтүстігінде өз билігіне мойынсұнбағандарды жазалай бастады,елде қатаң тәртіп орнады,Әбілқайырдың бұл әрекеттері халық наразылығын бұрынғыдан да өршітті

Керей мен Жәнібек Әбілқайырға қарсы шыққан қазақ тайпаларын бастап,Жетісуға,Моғолстанға қоныс аударды

Моғолстан ханы Есен –бұға Керей,Жәнібек сұлтандарды Әбілқайыр ханға қарсы пайдалану үшін құшақ жая қарсы алды

●Керей мен Жәнібек сұлтандарға Шу бойынан қоныс бөліп берді

●Керей мен Жәнібек сұлтандар Батыс Жетісуда, Қозыбасы деген жерде қазақ хандығының туын тігіп, 1464-1466 жылы Қазақ хандығын құрды

●Жаңа құрылған Қазақ хандығының тағына жасы үлкен Керей отырды,ақылдасар тірегі Жәнібек болды

§ 36. Қазақ хандығының ішкі –сыртқы жағдайы

● Қазақ хандығының бастапқы кездегі алып жатқан жері Батыс Жетісу жері –Шу мен Талас өзендерінің аумағы болды

●1462 жылы Моғолстан ханы Есен –бұға қайтыс болды, Моғолстан хандығында ішкі талас –тартыс өрши түсті

●Тарихшы Мұхаммед Хайдар Дулати «Та,рих –и Рашиди» атты еңбегінде «Қазақ сұлтандары хижраның 870 жылдары (1465-1466ж) билей бастады,Керей мен Жәнібектің маңына жиналғандар саны 200 мыңға жетті» деп жазды

●●Жаңа құрылған Қазақ хандығының тағына жасы үлкен Керей отырды,ақылдасар тірегі Жәнібек болды

ЖәнібекБарақ ханның баласы

Керей –Барақ ханның ағасы Болат сұлтанның баласы (екеуі немере)

●Моғолстан ханы Есен-бұғаның Керей мен Жәнібекті қарсы алу себебі –Әбілқайыр хан мен Темір әулетіне қарсы күресте Моғолстанның батыс шекарасының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ұмтылды және ойраттар шабуылына қарсы қазақтар күшін пайдаланбақ болды

Қазақ хандығының сыртқы жағдайы

●Қазақ хандығы өз алдына мынадай міндеттер қойды:

1/ Көшпелі шаруалардың жайылымдарды пайдаланудағы Дешті Қыпшақ даласында бұрыннан қалыптасақан тәртібін қалпына келтіру

2/ Сырдария бойындағы Сығанақ,Созақ,Отырар,Йасы (Түркістан) т.б. қалаларды Қазақ хандығы құрамына қарату

3/ Қазақ тайпаларының басын қосып,қазақтың этникалық аумағын біріктіру

●Сыр бойындағы қалалардың саяси –экономикалық және әскери-стратегиялық маңызы зор болды

● ХV ғ. 70- ж.қазақ хандары Сырдария бойы мен оған жалғас жатқан Қаратау өңірін басып алды

●Сыр бойындағы қалалар үшін Әбілқайырдың немересі Мұхаммед Шайбани ханмен соғысы 30 жылдан астам уақытқа созылды

1470 жылы Керей хан әскерімен Түркістанға, Жәнібек хан Созаққа шабуыл жасады, Сауран түбінде Мұхаммед Шайбани жеңіліп,Бұхараға қашты

●Шайбани хан Мауараннахрға қоныс аударуға мәжбүр болды

●● ХV ғ. 80- ж.Мұхаммед Шайбани Моғолстан ханынан қолдау тауып,Аркөк пен Сығанақты екінші рет басып алды

●Шайбани хан Аркөкте 40 күн қоршауда отырып,жеңіліп, Йасыны тастап,Хорехмге кетті

1482-1485ж.Моғолстан ханы Жүніс Ташкент,Сайрамды басып алды және Отырарды басып алып,Шайбаниға сыйлады,Шайбани Сауран мен Йасыны басып алды

●Созақ түбіндегі шайқаста Шайбани жеңіліп, келісімге келді

Қазақ хандығы мен Шайбани хан арасындағы келісім:

1/Отырар, Йасы,Аркөк, Бозкент қалалары мен Түркістан аймағының бір бөлігі Мұхаммед Шайбаниға қарады

2/ Сығанақ,Сауран,Созақ қалалары мен Түркістан аймағының солтүстік бөлігі Қазақ хандығы құрамында қалды

3/ Ташкент,Сайрам қалалары Моғолстан хандығының құрамына кірді

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]