Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Laborator_Modul1.doc
Скачиваний:
8
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
204.8 Кб
Скачать

Іс тәжірибелік жұмыстар №2

Тақырыбы: Delphi қосымшаларында берілгендерді енгізу және шығару.

Жұмыс мақсаты: Программа жасауда деректерді енгізумен шығаруды үйрену.

Тапсырма: 1. х=4,8 үшін y=2x+5/3 функциясының мәнін есептеу керек.

  1. Программаны InputBox және ShowMessage функциялары арқылы құру;

  2. Программаны Edit компоненті көмегімен құру.

Теория: Delphi-де айнымалы мәнін жадыға енгізу үшін Паскалда пайдаланылатын Read (оқу) операторы жоқ. Программада ол үшін басқа тәсілдер де қолданылуы мүмкін:

  1. меншіктеу командасы;

  2. енгізу терезесін пайдалану;

  3. форманың Edit компоненті өрісін пайдалану.

Меншіктеу командасының программада жазылуы әдеттегідей: мысалы: х=0,2. Енгізу терезесі Delphi-дің стандартты InputBox функциясының терезесі. Программада InputBox (енгізу қорабы) функциясын пайдалану командасының жазылу үлгісі: <айнымалы>:= InputBox (‘<тақырып>’, ‘<түсініктеме>’, ‘<мән>’)

мұндағы

айнымалы – мәні енгізу терезесіне енгізілетін жолдық типті айнымалы атауы (InputBox функциясының мәні әр кезде жолдық, яғни String) типті). Мән меншіктелетін айнымалы (х) программада х: string; түрінде сипатталуы қажет.

тақырып – енгізу терезесінің тақырыбы ішінде жазылатын түсініктеме мәтін;

түсініктеме – енгізу терезесінің ішінде жазылатын түсініктеме мәтін;

мән – енгізу терезесі көрінген кезде оның енгізу өрісінде көрінетін мәтін. Әдетте оны бос символдық етіп енгізеді.

Программада қолданылатын компоненттер:

Edit – жолдық мәнді, енгізу, редакциялау;

Label – бір жолдық мәтінді енгізу

Button – командалық түйме.

Іс тәжірибелік жұмыстардың орындалуы

1 Тәсіл

  1. Form1-дің қасиеттер терезесінен Events қосымша бетін ашып, OnCreate (форманы жүктеу) оқиғасын таңдау.

  2. Ашылған код терезесіне келесі процедураны жазу:

procedure TForm1.FormCreate(Sender: TObject);

var x, y: real; x1:string;

begin

x1:=InputBox('', 'x=','');

x:=StrToFloat(x1); y:=3*x+5/3;

ShowMessage(FloatToStr(y));

end;

2 Тәсіл

Компонент

Қасиет

Мән

Form1

Button1

Button2

Edit1

Edit1

Label1

Label2

Caption

Color

Caption

Font

Caption

Font

Text

Text

Caption

Caption

Функция

clYellow

Есептеу

Полужирный, 12 размер

Шығу

Полужирный, 12 размер

Edit2 мәнін өшіру

Edit2 мәнін өшіру

X=

Y=

  1. Button1-ді 2 рет шертіп, келесі кодты жазыңыз: 4. Button2-ді 2 рет шертіп, келесі кодты жазыңыз:

procedure TForm1.FormCreate(Sender: Tobject);

var x,y: real;

Begin

procedure TForm1.Button2Click(Sender: TObject);

x:=StrToFloat(Edit1.Text);

begin

y:=3*x+5/3;

Close

Edit2.Text:=(FloatToStr(y));

end;

end;

Іс тәжірибелік жұмыстар №3

Тақырыбы: Delphi ортасының TForm, TButton, TLabel, TEdit, TMemo компоненттерімен жұмыс істеу.

Мақсаты: TForm, TButton, TLabel, TEdit компоненттерімен олардың қасиеттерін оқып-үйрену.

Тапсырма:

1. Формаға 5 Button компонентін орналастырып, олардың Caption қасиеттеріне сәйкесті түрде қызыл, көк, сары, жасыл, қызғылт мәндерін енгіземіз. Button басылған кезде форма фоны сол түске айналуы керек.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]