Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Программалау шпор ХЕ ХЕ ХЕ

.docx
Скачиваний:
43
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
209.79 Кб
Скачать

Класс және оның негізгі қасиеттері(С++).Класс – түрлі типті мәліметтерден және оларға жүргізілетін амалдардан тұратын, пайдаланушы анықтайтын тип.

Компиляциялар нұсқалары және компилятор хабарламасыКомпилятор комаендаларды орындамай тұрып, машиналық кодтарға толық аударатын программа осының нәтижесінде объектілік модуль деп аталатын программа жасалады . Олардың бірнешеуін біріктіру арқылы жүктеу модулі жасалып барып, осы модулді орындау арқылы есеп шешіледі. Программалық жүйелер жасайтын мықты фирмаларға Майкрасофт Корпорациясы және Борланд Интерешенал жатады. Майкрасофт фирмасы:Quick Basic, Visual Basic, Microsoft C++ програмаларын, ал Borland –Turbo Basic, Borland C, Turbo Pascal жасап таратуда. С ортасы программа компиляциядан өткен кезде пайда болған қатерлер жайлы толық мәлімет береді. Қате кездескен кезде орта автоматты Түрде бастапқы программа мәтінін экранға шығарып, курсорды қате табылған орынға орналастырады және редактордың жоғарғы жолында диагностикалық мәлімет пайда болады. F1пернесінен басқа кез келген пернеге бассаңыз, жоғарғы жол бастапқы қалпына келіп, интегралданған орта редакциялау режиміне ауысады. Егер қате жайлы мәлімет шыққаннан кейін Ғ1 пернесін басқанда, экранда қатені түзету жайлы нұсқаулар жазылған анықтама қызметінің терезесі пайда болады. Кейбір қателер

Конструктор және деструктор ұғымыФорматталған енгізу, шығару операторлары(С).Мұнда мәліметтердің бірнеше негізгі типтері қолданылады. Олар: char (8 бит) – символдық, яғни таңбалық тип, short – қысқа бүтін саint – бүтін сан типі, long – екі еселенген бүтін сан, unsigned – таңбасыз бүтін сан,float – нақты сан типі, яғни жылжымалы нүктелі сандар,double – екі еселенген нақты сан типі,long double – ұзартылған, әрі екі еселенген нақты сан типі Алғашқы төрт тип бүтін сандарды сипаттау үшін қолданылады. Төмендегі кестеде әр түрлі типтердің ұзындықтары көрсетілген. Си тілінің ішкі құрамындағы мәліметтер типтері мен олардың ені (ұзындығы)Printf және scanf функцияларыСи тілінде сыртқы ортамен мәліметтер алмасу <stdio.h>енгізу-шы­ға­ру функция­лары кітапханасын пайдалану арқылы орындалады. Ол тақы­рып файлы ретінде былай жазылады:#include <stdio.h>printf() функциясы мәліметтерді экранға шығару үшін қолданы­лады. Оның жалпы жазылу түрі:printf(<формат тіркесі>,<аргументтер тізімі>);

ҚҚҚҚҚҚҚҚҚҚҚҚҚҚҚ

Қасиеттер ұғымы.Қасиеттер өрістер сияқты объектілер атрибуттарын анықтайды. Бірақ өрістерден айырмашылығы қасиеттер объект өрісіндегі мәліметтерді оқуды немесе өзгертуді қамту (доступ) механизімін жүзеге асырады. Қасиеттер объект атрибуттарын, сонымен қатар есептелінетін мәндердіде өзгертуге мүмкіндік береді. Объект қасиетін сипаттауда оның аты, типі сонымен қатар сол қасиетті жар салудың кем дегенде бір қамту тәсілін көрсету керек. Объект қасиетін сипаттау синтаксисы келесі түрде болады:property қасиет атауы: сипаттау типі;Мысалдағы қасиет атауы ерекше болуы керек. Ал тип берілген қасиетке қандай типті мәліметтер жазылуы керектігін анықтайды. Сипаттау – сол қасиетті қамту амалын сипаттауды білдіреді. Объектінің кез келген қасиетінде қасиетті қамтудың кем дегенде бір міндетті тәсілі болу керек. Объект қасиетін қамтудың екі міндетті сипаттауы бар: қасиет мәнін оқу (read) және қасиет мәнін жазу (write). Міндетті сипаттау синтаксисы - read және write келесі түрде көрсетіледі:read өріс немесе әдісwrite өріс немесе әдісМұндағы өріс немесе әдіс – құраушы (компанент) қасиетінің мәні алатын немесе оған енгізетін өріс немесе әдіс. Read сипаттамасы құраушы қасиетінің мәнін оқуға, ал write сипаттамасы жазуға арналған өрісті немесе әдісті жар салады.

Қосымшаларды программалау ерекшеліктері Компоненттер тақтасы негізгі терезенің оң жақ бөлігінде негізгі мәзірдің астында тұрады және форма шығарушымен орналасқан көп компоненттерден тұрады. Компоненттер қосымша форма құрастыратын өзі құрылыс блоктары түрінде көрінеді. Барлық компоненттер топқа бөлінеді, палитра компонентінің әрқайсысын жеке жолға орналастырады, ал компоненттің өзі тиісті жұлдызшамен (пиктограммами) көрсетеді. Керекті үлесті тышқанның сол жақ батырмасын шертіп таңдалынады. Алғашқы палитра компоненттінде келесі қосымшалар болады: Standard – СтандарттыAdditional – ҚосымшаWin32 – 32-разрядты Windows интерфейсіSystem - Жүйелі функцияларға кіруData Access – BDE көмегімен деректер қорына кіруData Controls – Мәліметтерді басқару элементтерін құруADO – ActiveХ мәліметтерінің объектілерін пайдалана отырып деректер қорымен байланыс құруInterbase – Аттас негізгі деректер қорына тікелей кіруді қамтамасыз етуMidas – Үлестірілген деректер қоры үшін қосымшаларды өңдіруInternetExpress – Бір уақытта Web-сервер қосымшасы және үлестірілген деректер қорының қосымша-клиенті болып табылатын аттас қосымшаларды құру Internet – Internet торабы үшін Web-сервер қосымшаларын құруFastNet – Internet торабына кіруге арналған протоколдармен қамтамасыз етуDecision Cube – Көпөлшемді талдауQReport - Есеп беруді жасауDialogs – Стандартты сұхбаттық терезелерді құруWin 3.1 –Windows 3.х интерфейсіSamples – Үлгі ретінде тұрғызуActiveХ – ActiveХ-компоненттеріServers – Жалпы СОМ серверлерінің VCL сыртқы қабықшасыҚосымша парақтарының тізімі, саны және атыDelphi-дің версиясына байланысты болуы мүмкін. ADDITIONAL бетіADDITIONAL бетінде сұқбат терезелерінің түрін түрлендіруге мүмкіндік беретін 18 қосымша компоненттер орналасқан.Bitbtn– жазуы бар,питограммалы командалық батырма.SpeedButton - пиктографиялық батырма.Әдетте бас менюдің опцияларына жылдам кіру үшін пайдаланылады.MaskEdit - арнайы мәтіндік редактор.Енгізілген мәтінді сүзгілеуге мүмкіндік береді,мысалы, датаны дұрыс енгізу үшін қажет.StringGrid - жолдар кестесі.Бұл компонент мәтіндік ақпаратты кесте түрінде шығаруға мүмкіндік береді.DrawGrid - еркін кесте.StringGrid компонентінен айырмашылығы бұл компоненттің ұяшықтарында кез келген ақпарат, оның ішінде суретте сақталады.Image - сурет. Бұл компонент суреттерді, оның ішінде пиктограммалар мен метафайылдарды бейнелеуге арналған.Shape - фигура.Бұл компаненттің көмегімен терезеге дұрыс геометриялық фигураларды-тіктөртбұрыш, шеңбер, эллипс және т.б.-қоюға болады.Bevel - жиек.Терезенің жеке бөліктерін уш өлшемді қоршаумен немесе жолақпен ерекшелеуге арналған.ScrollBox - орағыш жолақтар панелі. Panel компонентінен айырмашылығы-егер онда орналасқан компоненттер оның шекараларымен қиылыспаса, онда орағыш жолақтарды автоматты түрде қояды.CheckListBox - жиындық таңдаулар тізімі. Стандартты ListBox компонентінен айырмашылығы әрбір опциясының қасынды бірнеше опцияны бірден таңдауды жеңілдететін CherBox тәрізді тәуелсіз ауыстырып қосқышы бар.Splitter - шекара.Бұл компонент формаға көрінетін екі компанентің арасына орналасады да,пайдаланушыға программаны жүргізу кезіндекомпоненттерді бір-бірінен бөліп тұрған шекараларын алмастыруға мүмкіндік береді.StaticText - статикалық мәтін. Стандартты Label компонентінен айырмашылығы өзінің жеке Windows терезесінің болуымен сипатталады.Ол мәтінге қоршау жүргізуге мүмкіндік береді.ControlBar - басқару жолағы.DRAG&DOGтехнологиясында «тақалып» тұратын компоненттерді орналастыратын контейнер қызметін атқарады.ApplicationEvents - оқиғаны қабылдаушы.Егер бұл компонент формаға орналасқан болса,онда программаға арналған барлық Windows хабарламаларын алып отырады.ValuelListEditor - атау=мән жұбынан тұратын жолдар редакторы.Мұндай жұптар Windows-де жиі пайдаланылады.LabeledEdit - бір жолдық редактор мен белгінің комбинациясы.ColorBox - жүйелі түстердің бірін таңдауға арналған арнайы ComboBox варианты.Chart-диаграмма.Бұл компонент мәліметтерді графикалық жолмен беруге арналған арнайы панельдерді құруды жеңілдетеді.ActionManager - әрекеттер менеджері. Төмендегі үш компонентпен бірге қосымшалар, интерфейс құруды қамтамасыз етеді.ActionMainMenuBar - меню жолағы,ол оның опциялары ActionManager көмегімен құрылады.ActionToolBar - ActionManager компонентінің көмегімен құрылатын пиктографиялық батырмаларды орналастыруға арналған жолақ. CustomizeDLG - баптау сұқбаты.Бұл компоненттің көмегімен пайдаланушы жұмыс программасының интерфейсін қалауынша баптай алады.

МММММММММММММММ

Массив түрлері және оның сипатталуы (Pascal).Массив - бір типтес, реттелген элементтер жиынтығы. Массив элементтерінің индекстері ерекше (қайталанбайтын) болып келеді. Массив элементтерінің индекстері болғандықтан бір элемент бірнеше рет қайталанып келе береді. Әрбір элемент массив аты, элемент индексі арқылы анықталады. Элемент индексі есептеуге икемді, сондықтан да көп мәліметті массивті өңдеу ыңғайлы және тиімді. Массив келесі түрде сипатталады:Type массив аты =array [аралық] of элемент типі;Array (массив) және of сөздері түйінді сөздер. Аралық (диапазон) массивтің төменгі, жоғарғы шегін және жалпы элементтер санын анықтайды. Массивтің типі әрбір элементтің типін анықтайды. Массивтер статистикалық және динамикалық болып екіге бөлінеді.Статистикалық массив – массив сипатталғанда индекстер шегі, өлшемі нақты анықталған массив.Динамикалық массив – сипатталғанда тек элементтер типі көрсетілетін массив. Динамикалық массивтің өлшемі программаның орындалу барысында өзгеріп отырады.

Массив түрлері және оның сипатталуы(С/С++). Массивтер. Бір өлшемді массивтерді қолдану арқылы программаны өңдеу.* Массивтің сипатталуы.Бір өлшемді массивтер щМассивтер деп бірдей типті мәліметтердің логикалық байланысқан элементтерден тұратын мәліметтер құрылымын айтамыз. Программаның орындалу барысында массивтің өлшемі тұрақты болады.

Массивтерді енгізу және шығару (С/С++). МассивтерМассив деп жалпы бір аты бар біртипті элементтердің тізбектелген жиыны. Массив элементі болып құрылымдықпен қоса әр түрлі типтердің деректері болуы мүмкін.Массивтің әр элементі массив атымен және индекспен(массивтегі элемент номері) немесе егер массив көпөлшемді болса, онда индекстермен анықталады.массивтің бөлек элементіне 111 үшін осы массивтің аты және квадрат жақшаға алынған элемент номері, мысалы arr[1,35] немесе arr[7].Индексті позициялар саны массив өлшемділігін анықтайды. Сонымен қатар массив өлшемділігі шектелмейді.Математикада бірөлшемді массив аналогі болып вектор , ал екіөлшемді массив аналогі болып матрица саналады.Массив элементтерінің индекстері қатарланған типке жатуы тиіс.Бір массивтің әр түрлі индекстерінің әр түрлі типтері болуы мүмкін.Ең жиі кездесетін индекс типі бүтін тип болып табылады.Массивтер динамикалық және статикалық болып бөлінеді.Статикалық массив индекс шекаралары және сәйкес оның өлшемдері хабарлаған кезде , яғни программа компиляциясынан бұрын белгілі болады.Сатикалық массивтің типінің жазылу форматы Array[индекстер типі] of <Элементтер типіМысал.Статикалық массивтерді хабарлау. Type tm=Array[1..10,1..100] of real;Var arr1,arr2:tm;Arr3:Array[20..100] of char;Arr4:Array[‘a’..’z’] of integer;arr1 және arr2 айнымалылары 1000 элементтен - 10 жол және 100 бағаннан тұратын екіөлшемді массив болып табылады. Осы массивтердің әр элементі real типті санды сипаттайды. arr1 және arr2 массивтерін хабарлау үшін tm арнайы типі енгізілген. arr3 және arr4 айнымалылары сәйкес 81 символ және 26 бүтін сан бірөлшемді массиві болып табылады. Динамикалық массив тек оның элементтерінің типі көрсетілетін, ал массив өлшемі программаның орындалу барысында белгілі болатын массив болып табылады. Динамикалық массив қолдану кезінде динамикалық массивтің типін суреттеу форматы 4 версиясынан бастап мүмкін болды:Array of<Элементтер типтері>;Программаның орындалу барысында динамикалық массивтің өлшемін беру SetLength (var S; NewLength:Integer) процедурасы арқылы жүзеге асады.Бұл процедура s динамикалық массивіне NewLength-ке тең жаңа өлшем орнатады.Динамикалық массив және оның элементтерімен операцияларды тек массив өлшемін енгізгеннен соң орындауға болады.Динамикалық массивтің өлшемін берген соң оның ұзындығын,минимал және максимал элементінің номерін анықтау үшін сәйкесінше Length(), Low() , High() функциялары қолданылады. Динамикалық массивтің номірленуі нолден басталады, сондықтан Low() функциясына ноль мәні қайтарылады.

Массивтің сипатталуы. Массивтер бірдей типті және бір атты логикалық байланысқан жадының ұяшықтар тобы болып табылады. Массивтің элементіне қатынас жасау үшін массивтегі осы элементтің массивтің атын және позициясының нөмірін көрсету қажет. Кез келген массивтің бірінші элементі нөлдік реттік нөмерге ие болады. Массивті баяндағанда массивтің атын, әрбір элементінің типін және элементтерінің санын көрсету керек. Массивтің элементтері массивті баяндаудың соңына теңдік белгісін және үтірмен бөлінген инициалданатын мәндер (фигурлы жақшаға алынған) тізімін қою жолымен инициалдауға болады. Төменде келтірілген программа бүтін типті массивті оң 10 мәндермен инициалдайды./* Баяндауда массивті инициалдау */#include <stdio.h> main(){ int i, n[10]={2, 27, 64, 18, 95, 14, 90, 70, 6, 3}; for (i=0; i<=9; i++)

Математикалық функциялардың қолданылуы(С/С++).Abs(x)-аргументтің абсолют шамасы (модулі)Abs(-3,5)=3,5arcTan(X)-аргументтің радианмен алынған аргтангенсі arcTan(1)=7,8539816340E-01cos(X)аргументтің радианмен алынған косинусы cos(PI/3)=5.0000000000E-01exp(X)-аргументтің экспонентасы (ЕніңХдәрежесі)exp(1)=2.71828182852E+00LN(X)натуралдықлогарифмLN(10)=2.3025850930E+00PI-PIсанының мәні PI=3.14159526563E+00Random-0 мен 1 арасындағы кездейсоқ санRandom(x)-0 мен х арасындағы кездейсоқ санSin(x)-аргументтің радианмен алынған синусыSqr(x)-аргументің квадратыSqrt(x)-аргументің квадрат түбірі

Мәліметтердің бүтін типтері (С/С++). Бүтін типті мәліметтер Delphi тілінде бірнеше бүтін типтер қарастырылған. Олардың ішінде ең жиі пайдаланылатыны – Integer типі.

Мәліметтердің нақты типтері (С/С++).Нақты типті мәліметтер Жиі пайдаланылатын нақты тип Real. Бұндай типті мәліметтерге кез келген таңбалы, ретсіз сандық мәліметтер жатады. Айнымалылардың көріну аймағы (С/С++).Айнымалылардың әрекет ету аймағы Айнымалылардың әрекет ету аймағы – программаның ағымдағы әрекеттеріне қандай мәліметтердің қатынасуға болатынын анықтайтын қағида. Айнымалылардың үш типі болады: ауқымды, локальді (жергі­лікті) және формальды. Жергілікті айнымалылардың әрекет ету айма­ғы – олар сипатталған программа бөлігі, яғни олар сол функция тұлға­сында ғана белгілі болып табылады. Программаның осы бөлігінен шыққан соң, жергілікті айнымалылар мен олардың мәндері жоғалады.Формальды айнымалылар – тұтынушы функциясының тақыры­бын­да көрсетілген параметрлер. Формальды параметрлер функция тұлғасында жергілікті айнымалылар сияқты қолданылады. Формальды параметрлердің әрекет ету аймағы – функция тұлғасы болып табы­латын блок.Ауқымды айнымалылар программадағы функциядан тыс сипат­та­лады. Олар программаның кез келген жерінде қолданылуы мүмкін, сондықтан ауқымды айнымалыларды алдын ала сипаттау және бас­тап­қы мәндерді меншіктеу керек. Ауқымды айнымалылардың әрекет ету аймағы – олар сипатталғаннан бастап, программа соңына дейін болып саналады. Си тілінде әрбір айнымалы компьютер жадының келесі төрт класының біріне жатуы тиіс, олар – автоматты (auto), сыртқы (extern), статикалық (static), регистрлік (register). Айнымалы класын көрсету үшін оның типі спецификациясының алдына қажетті түйінді сөз (auto, extern, static, register) қоса жазылады. Мысалы, register int a; Айнымалы үшін жады класы нақты көрсетілмеген жағдайда, ол auto класына жатқызылады.Си тілінде функцияны шақыру барысында аргументтер өздерінің осы программадағы мәндеріне сәйкес әрекеттер атқарады, яғни функцияға аргументтердің нақты мәндері емес олардың көшірме­лері жіберіледі. Компьютер жадында (стекте) функцияның формальды параметрлері үшін орын бөлінеді және функцияны шақыру кезінде сол бөлінген орындарға нақты аргументтер мәндері орналастырылады. Содан кейін функция осы мәндерді пайдаланады, бірақ функциядан шыққан кезде олар жоғалып кетеді.Қажет болған жағдайда, функцияны оған берілген аргумент­терді өзгерту үшін қолдануға болады. Ол үшін шақырылатын функцияға аргумент ретінде айнымалы мәнінің орнына оның адресін жіберсе болғаны. Ал аргумент негізгі (оригинал) мәнді пайдалануы үшін “*”

Модульдер және оның құрылымы.Программа жұмысын ұйымдастыру үшін Delphi тілі модулдерді құрады және оларды пайдаланады. Модул (unit) айнымалыларды, тұрақтыларды, ішкі программаларды және т.с.с. программаның түрлі элементтерін жазу үшін қолданылады. Әрбір модул pas кеңейтілуімен жеке файлда орналасады. Модулді программа ретінде орындауға болмайды. Оны программада пайдалану үшін алдымен тіркеу керек. Ол үшін модулдің аты негізгі программаның uses бөлімінде көрсетіледі.Функциялар Ішкі программалар және модулдер Ішкі программа – арнайы түрде құрастырылған, тілдік командалардан және операторлардан тұратын кішігірім программа. Ішкі программа программа көлемін кішірейтуге арналған және негізгі программаның кез келген жерінен шақырылады. Программаның көлемін кішірейту негізінен программаның белгілі бір бөліктерінің қайталанып келуінде. Бұл бөліктерді ішкі программа ретінде бөліп шығарып, қажетті жерде шақыруға өте ыңғайлы.Ішкі программа өзінің құрлымы бойынша жай программаға ұқсас, бірақта ішкі программада uses бөлімі болмайды. Сонымен қатар ішкі программа тақырыбында да бір қатар өзгешеліктер бар. Ішкі программамен жұмыс істемей тұрып, оны алдымен сипаттау керек. Сипаттау барысында алдымен ішкі программаның аты, параметірлер тізімі, ішкі программа орындайтын іс-әрекеттер анықталады. Ішкі программа параметірі ретінде онда сипатталған кез келген айнымалы бола алады. Параметірлер - негізгі программадағы мәліметтерді ішкі программаға беру үшін пайдаланылады. Ішкі программаны шақырған кезде оның аты, параметірлер мәні көрсетіледі. Ішкі программа параметірсіз де болып келеді. Delphi модулдерінде алдын ала сипаттауды қажет етпейтін он шақты стандартты ішкі программалар бар. Delphi тіліндегі барлық ішкі программалар екі топқа бөлінеді:процедуралар;функциялар;Функциялар – қортынды мәнді өзінің «атымен» қайтаратын ішкі программа. Функцияның ең қарапайым түрі ретінде sin(x) функциясын мысалға келтіруге болады. A:=sin(x) жазбасы х санының синусын тауып, функция атымен қорытынды нәтижені қайтарып, оны А айнымалысына меншіктейді. Функцияны сипаттау екі бөлімнен тұрады: тақырыптан және бөлімнен (блок).Функция тақырыбының жалпы түрі мынандай:Function функция аты (параметірлер): нәтиже типі;Мұндағы функция аты – функцияны шақыру үшін қажетті, кез келген анықтаушы (идентификатор). Параметірлер – функцияның міндетті емес бөлігі болып келетін, функцияға берілетін айнымалылар тізімі. Нәтиже типі – функция орындалғандағы қорытынды нәтиженің типін анықтайды. Нәтиже типі файлдық типтен басқа кез келген тип бола алады. Функция бөлімі (Блок функции) – кем дегенде бір меншіктеу операторынан тұратын программалық бөлім:Функция аты := функцияның орындалу нәтижесі;Немесе Result:=функцияның орындалу нәтижесі;Бұл меншіктеу амалдары (біріншісі де, және екіншісі де) функцияның негізгі программаға қайтаратын соңғы қорытынды мәнді меншіктейді. Мысалы:function MyFunc: Integer;// MyFunc функциясы бүтін типті //мәнді қайтарады.begin MyFunc: = 17; // Функция атына соңғы қорытынды мәнді // меншіктейміз.endФункция соңы.жәнеfunction MyFunc: Integer;Result: = 17;Функция атына соңғы қорытынды мәндіend; // меншіктейді. Екі функцияның да орындалуы бір нәтижеге алып келеді. Көрсетіліп отырған функция барлық уақытта 17 мәнін қайтарып отырады. Функцияның аты және одан кейінгі жақшаның ішінде орналасқан аргументтер тізімі арқылы функцияны шақыру жүзеге асады. Барлық аргументтер типі функция тақырыбындағы параметірлер типтеріне сәйкес келуі

ООООООООООООООО

Объектілі Паскаль тіліндегі мәліметтер типтері.Delphi қатаң типтелген тіл болып келеді. Бұл өз кезегінде типтерді анықтағанда аса назар аудару қажеттігін талап етеді. Мәліметтер типі программа айнымалысының немесе элементінің қабылдай алатын мәндер жиынын анықтайды. Мәліметтердің типтеріне байланысты олармен қандайда бір іс-әрекеттерді жасауға болады. Мысалы: нақты типті айнымалыларымен кез келген арифметикалық аламадарды орындауға болады. Ал жолдық айнымалылармен ондай операцияларды жүргізе алмаймыз.Delphi-дегі барлық типтер шартты түрде бес түрге бөлінеді:жай;құрлымды;көрсеткіштік;процедуралық;варианттық;Жай типті мәліметтерЖай типті мәліметтер – құрамына басқа типті мәліметтер кірмейтін типтер. Бұндай типтерге мыналар жатады:бүтін(integer);нақты (real);логикалық (Boolean);символдық (char);Мұндағы нақты типті мәліметтерден басқасы реттік (порядковые) типті мәліметтерге жатады.Реттік типті мәліметтерге белгілі бір реттілікпен орналасқан, айырмашылығы бір бірлік болып келетін, бүтін сандар тізбегін құрайтын мәліметтер жатады.Бүтін типті мәліметтерDelphi тілінде бірнеше бүтін типтер қарастырылған. Олардың ішінде еңжиі пайдаланылатыны – Integer типі. Логикалық типті мәліметтерDelphi-де логикалық мәндерді сипаттау үшін Boolean типі пайдаланылады. Логикалық типті айнымалы тек бір байт жадыны алып, тек екі мән ғана қабылдай алады: 1 немесе 0. 1 деген мән true (ақиқат), ал 0 деген мән false (жалған) шамаларына сйкес келеді.Қосымша үш тип бар:ByteBool – реттік сандық шама: 0 ден 255 дейін. 0 деген мән false мәніне, ал қалғандары true деген мәнге сәйкес келеді.WordBool – реттік санды шама: 0 ден 65 535 дейін. 0 деген мән false мәніне, ал қалғандары true деген мәнге сәйкес келеді. Бұл тип екі байт жадыны алады.LongBool – реттік сандық шама: 0 ден 4 294 967 295 дейін. 0 деген мән false мәніне, ал қалғандары true деген мәнге сәйкес келеді. Бұл тип төрт байт жадыны алады.Символдық типті мәліметтерНегізгі символдық тип Char. Бұл типASCII кестесінің символдарын сақтау үшін пайдаланылады. Кестедегі әрбір символ 0 мен 255 аралығындағы сандық мәнмен көрсетіледі. Сондықтанда бұндай типті айнымалы бір байт жадыны алады.Delphi-деChar типіне қосымша екі тип қарастырылған:AnsiChar типі Char типінің толық егізі болып келеді. Бір байт жадыны алады.WideChar типі UNICOD кодтаушысы символдарын сақтауға арналған. Бұл кодтаушы 256 мен емес, 65 536 мен шектелген. Екі байт жадыны алады. Символдық типті мәліметтер жұмыс жасау үшін екі функция қарастырылған: Chr (x) – бүтін х кодына сәйкес символды қайтарады;UpCase (c) - кіші с символын үлкен символға айналдырып қайтарады.Құрлымдық типті мәліметтерҚұрлымдық типті мәліметтер – әр түрлі типті мәліметтерден құралады. Бұндай типті мәліметтерге:жиын (set);массив (array);жолдар (string);жазбалар (record);файлдар (file);жатады. ЖиындарЖиындар – бір жай типке жататын мәліметтер жиынтығы. Жиынға кіретін элементтер тек жай типпен ғана шектеледі. Жиын элементтерінің саны 256 дан аспауы тиіс.Жиын келесі түрде сипатталады:Type жиын типі = set of жиынның мәндер аралығы;Жиын мәндер аралығы ретінде элементтер саны 256 аспайтын, кез келген типті көрсетуге болады: Char,Byte, 0..255, TfootballTeam және т.с.с.

Объектілі Паскаль тіліндегі программа құрылымыDelphi тіліндегі программа мәтіні жолдардан тұрады, әр жолда бір немесе екі сөз болуы мүмкін. Жол кез келген позициядан басталады. Бұл программаның көлеміне әсер етпейді.Delphi-дегі кез келген программа:программа тақырыпшасынан (program heading);uses бөлімінен (бұл бөлім программа құрлымына кірмеуі де мүмкін);сипаттау және орындаубөлімінен (block of declarations and statements).Программа тақырыпшасы ең басында орналасады, программаның атын анықтау үшін қажет:Program MyProject1; //мұндағы MyProject1 – программа аты.Uses бөлімі осы программада қолданылатын программалық модулдер (units) тізімінен тұрады:Uses Forms, Unit1 in ‘Unit1.pas’(Form1);Сипаттау және орындау бөлімдері. Бірінші бөлімде программа элементтерінің сипаттамасы, екінші бөлімде орындаушы операторлар орналасадыСипаттама бөліміне әдетте:белгілерді сипаттау;тұрақтыларды сипаттау;типтерді сипаттау;айнымалыларды сипаттау;процедуралар менфункцияларды сипаттау;бөлімдерінен тұрады.

Объектілі-бағытталған программалау негіздеріПрограммалаудың пайда болуы және дамуы процедуралық программалау негізінде өрбіді. Программалау негізі алгоритім және мәліметтерді өңдеу процедурасы болды. Объектілі-бағытталған программалау (ОБП) – түбірінде объект ұғымы жатқан программаларды жобалау әдістемесі. ОБП әдістемесін пайдаланып шешкен есеп, объек және оған жүргізілетін амалдар терминалогиясында қарастырылады, ал мұндай ұстамдағы программа объектілер және олардың арасындағы байланыстар жиынтығы ретінде анықталады. Объектіге түсініктеме бермес бұрын, ең алдымен класс түсінігін қарастырайық.Класс – түрлі типті мәліметтерден және оларға жүргізілетін амалдардан тұратын, пайдаланушы анықтайтын тип.Сонымен класс дегеніміз – сипаттама, ал объект дегеніміз – бұл сипаттамаға сәйкес жасалынған зат. ОБП тілі пайда болмас бұрын мәліметтер және оларға жүргізілетін амалдар жеке элемент ретінде қарастырылған. Объектінің не екенін түсіну үшін жазбалармен жұмыс жасауды еске түсірсек болғаны. Жазбалар өрістерден тұрады. Өрістер түрлі типтегі мәліметтерден тұрады.Объектілер – түрлі типті мәліметтердің жинағы. Объектідегі мәліметтер өрістер (fields) деп аталады және жазба өрістеріне ұқсас. Бірақ объектілердің жазбалардан ерекшелігі, қосымша сол объектінің өрістеріне қолданылатын процедуралар мен фукнциялардан тұрады. Бұл процедуралар мен функциялар әдістер (methods) деп аталады. Объекті өрістерін объект қасиеттері (properties) арқылы өзгертуге болады. Delphi-де объектінің әрбір қасиеті өріс мәнін беруге және оларды оқуға мүмкіндік беретін, өрістер және әдістер арқылы сипатталады (қамту әдістері). Қасиеттерді қосымшаны жобалау барысында объектілер инспекторы арқылы беруге, өзгертуге болады.Объектілі-бағытталған программалаудың негізгі принциптеріне мыналар жатады:инкапсуляция;мұрагерлік;полиморфизм;Инкапсуляция – класс ішінде, сыртқы пайдаланушыдан, мәліметтерді және оларды өңдеуші әдістерді біріктіру, жасыру. Мұрагерлік жаңа объектілерге басқа объектілердің (оларды арғы ата деп атайды) қасиеттері мен әдістерін алуға мүмкіндік береді. Мұрагер-объектілер арғы аталарынан барлық өрістерді, қасиеттерді және әдістерді алады. Бұл қасиеттер, әдістер және өрістер мұрагер-объектіде өзгеріссіз сақталуы немесе өзгертілуі мүмкін. Бұған қосымша мұрагер-объекті өзінің құрамына қосымша өрістер, әдістер және қасиеттер қоса алады. Полиморфизм – әр түрлі объектілердің әдістері бірдей аталғанымен, олар өздерінің құрамымен ерекшеленуі мүмкін деген түсінікті білдіреді. Бұл мұра қалдырушы объектінің мұрагер-объектіге берілетін әдісінің алдын ала анықталу қасиетіне байланысты. Осындай жағдайларда мұра қалдырушы объектідегі және мұрагер-объектідегі бірдей әдіске жүгіну әр түрлі нәтижелер береді.

Оқиғалар ұғымыОбъектілер инспекторы терезесінің екі парағы (қосымша бет) бар: Properties (Қасиеттері) және Events (Оқиғалары).Properties парағы Форма құрастырушысы терезесіндегі ағымдық (таңдалып алынған) компонент туралы мәлімет береді және форманы жобалау кезінде компоненттердің көптеген қасиеттерін өзгертуге мүмкіндік береді.Events парағы көрсетілген оқиға туындаған кезде компонент орындауға тиісті процедураны анықтайды. Егер қандай да бір оқиғаға арнайы жазылған процедура болса, қосымшаның орындалу барысында процедура сол оқиға туындаған кезде автоматты түрде шақырылады.Мұндай процедуралар оқиғаларды өңдеуге арналған, сондықтан да оларды өңдеуші-процедуралар немесе жай ғана өңдеушілер деп атайды. Оқиғалар сондай-ақ сәйкес өңдеушілерді көрсететін қасиеттер де болып саналады.Әрбір компоненттің өзіндік ерекшеліктері мен жеке қасиеттерін анықтайтын қасиеттер мен жағдайлар жиынтығы бар