Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

француз философиясы

.docx
Скачиваний:
53
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
46.81 Кб
Скачать

Қорытынды

Философия өзінің мазмұны, түрі және танымдық тәсілдері жағынан әрі дүниетаным, әрі ғылым болып табылады. Қандай да болмасын ғылымның міндеті -  ақиқатты танып-білу. Әр ғылым езіне тиісті салада өзіне тән зерттеу тәсілдерін қолдана отырып, даму заңдылықтарын ашуды көздейді. Әрбір ашылған жаңалық адамзаттың танымдық ауқымын кеңейте түседі. ғылымдағы қол жеткен табыстар, ашылған заңдар тылсым дүниенің тыныс-тіршілігін, қыр-сырын түсініп, оларды адамзат игілігіне жаратуға жағдай жасайды. Әр ғылымның өзіндік зерттеу саласына сәйкес ұғымдар жүйесі қалыптасады. Ғылымдар осыған орай, негізінен, жаратылыстану және қоғамтану ғылымдарына бөлінеді. Әр ғылымның өзіндік пәні болады. Ал, философияның ғылым ретіндегі ерекшелігі - ол табиғаттың да, қоғамның да, ойлаудың да ең жалпы заңдылықтарын зерттейді. Демек, ең жалпы заңдылықтарды зерттеу - философияның пәні боп табылады. Осыған байланысты философия жалқы, жекелеген, ерекше заңдылықтарды зерттейтін нақты ғылымдар үшін жолбасшылық (методологиялық) рөл атқарады және керісінше, жеке ғылымдар философияның дамуы үшін жағдай жасайды, олардың қол жеткен жетістіктерін, ашқан жаңалықтары мен заңдарын философия жалпылық биіктігінен тұжырымдап, болашақ даму үшін соны қағидалар жүйесін қалыптастырын отырады. Ал, философиялық ең жалпы ұғымдар (категориялар) жүйесі қандай да болмасын ғылым үшін жетекшілік рөл атқарады.

17