Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

sayasat_shpor

.docx
Скачиваний:
48
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
120.69 Кб
Скачать

Халықаралық қатнастардың қазіргі жүйесіндегі гуманизация==Халықаралық қатынас -XX ғacыр соңғы он жылдығында халықаралық қатынастардағы жағдай түбегейлі өзгерді. 1980-ші жылдардың соңына дейін олардың басты сипатына әлемдік қауымдастықтың екі қарама-қарсы одаққа жіктелуі тән болды. Халықаралық қатынастар эволюциясы екі өзара байланысты процесcтердің елеулі әсеріне үшырады - капиталистіксипаттағы әлеуметтік қатынастарға негізделген әлемдік нарықтың бірлігін қалпына келтіру және жаһандану проңесінің қарқынды дамуы. Нәтижесінде елдер мен халықтардың өзара тәуелділігі артуда, шешімін табу үшін халықаралық әріптестікті дамытуды талап ететін жалпы әлемдік, ғаламдық сипаттағы мәселелердің көбеюі орын алып отыр. Қазіргі халықаралық қатынастардың экономикалық негізі - әлемнің метериалдық базасындағы елеулі өзгерістердің негізінде қалыптасушы жаңа әлемдік еңбек бөлінісі. Жаһандану нәтижесінде өнеркәсібі дамыған елдер өздерінің экономикалық орталық үстанымын нығайтуда, ал дамушы елдер одан тәуелді шет аймақ күйіне түсуде. Өнеркәсібі қарқынды дамыған елдер арасында АҚШбасым орын алуда, алайда Еуропалық Одақ онымен иық теңестіріп, кей жағдайларда одан басым түсіп отыр. Жапония бүрынғыдай үшінші келеді. 20-25 жылдан кейін Қытай әлемдікэкономиканың бас алпауытына айналуы мүмкін. Үндістан да одан қалыспауда. Осы кезде аймақтандырудың қарқынды проңесі жүріп жатыр - Еуропада (Еуропалық Одақ), Азияда(АСЕАН және өзге де тар шеңбердегі қүрылымдар), Африкада (Африкалық одақ), Солтүстік Америкада (НАФТА), Латын Америкасында (МЕРКОСУР, Анд тобы). Бүл аймақтық үйымдар өз кезегінде халықаралық қатынастар сахнасының белсенді әрі ықпалды ойыншы- ларына айналуда. Қалыптасып келе жатқан әлемдік азаматтық қоғамның үстанымдарын білдіретін үкіметтік емес үйымдар Халықаралық қатынастар саласында елеулі ықпалды рөл атқаруда.

Халықаралық қатынастардағы жаңаша саяси ойлау ==Халықаралық қатынастар деп халықтар, мемлекеттер,мемлекеттік жүйелер арасындағы дүниежүзілік деңгейдежүргізілген саяси, экономикалық, құқықгық, дипломатиялық,әскери, мәдени байланыстар және оларды іске асырушы әлеуметтікметтік, экономикалық, саяси күштер мен ұйыдардың өзара қатынастарының жиынтығын айтады. Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін капиталистік және социалистік системалардың арақатынасында "қырғиқабақ соғыс" пен қатал идеологиялық қарама-қарсылық кезеңі басталды. Ол 80 жылдардың ортасына дейін созылды.80 жылдардың ортасы-нан бастап, жаңаша саяси ойлау кезеңі басталды. Оған көптеген себептер болды. Біріншіден, ядролық-космостық дәуірде мемлекетгер, әсіресе блоктар арасында әскери қақтыгыстар болмауы керек. Әскери техниканы дамытып, жанталаса қарулану өзінің шарықтау шегіне жетті. Термоядролық соғыс басталса, барлық адамзаттың, жер бетіндегі тіршіліктің бәрінің құруына әкеліп соқтырады. Екіншіден, қазіргі заманда бүкіл жер шарын қамтитын глобальды, ғаламдық мәселелердің маңыздылығы артуда. адамзат екінші дүниежүзілік соғысқа дейін қанша минералдық шикізат пайдаланса, одан кейінгі 40 жылдың ішінде соншалықты пайдаланған екен. Табиғат байлықтарын аяусыз пайдаланумен қатар соңғы он-жылдықтарда жұртшылықты қатты аландатып отырған қатерлі мәселе — планетаны ластау. Әлемдік мұхит негізінеи мұнай өндіруді өрістетуден ластануда. Сонымен қатар оған миллиондаған тонна фосфор, қорғасын, радиоактивті қалдықтар және т.т. тасталуда. Өзен, көлдер, ағын сумен бірге келгентыңайтқыш-тар, пестицидтер, сынап, мышьяк, қорғасын, цинк т.б. сияқты зиянды заттармен улануда.Үшінші үлкен мәселе­ «үшінші елдердің» алдыңғы қатарлы Батыс державаларымен салыстырғанда эконқ артта қалу үрдістерінің күннен күнге артуы.Жаңаша саяси ойлау деп елдің сыртқы,ішкі саясатын белгілеп,жүргізгенде жалпыадамзаттық мұраттар мен қазыналарды жоғары қою жүйесін айтады.

Халықаралық саясаттың мәні мен функциялары==Халықаралық саясат деп мемлкеттік не топтық мүдделерді жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттер,жеке адамдар және т.б. арасындағы қоғамдық қатынастар.Халықаралық саясатқа мемлекеттік ұйымдар мен қатар саяси партиялар мен қозғалыстар,әлеуметтік топтар мен жеке адамдар және т.б. мемлекеттік емес ұйымдар қатысуы мүмкін.Қазіргі кезде әлемдік саясатты жүргізуде қоғамдық-саяси ұйымдар мен қозғалыстардың белсенділігі артып келе жатыр.Х.с-пен тығыз байланысты тағы бір ұғым-ұлттық мүдде.Ол өз халқының,мемлекетттің мақсат-мүддесін сезініп,біліп,оны іске асыруға тырысушылықты айтады.Х.с.фун-ы:ұлтты еркін және тәуелсіз мемлекет ретінде ұстау,сыртқы қауіп қатерден сақтау,ұлттың жақсы тұрмысын өрлетіп,дамыту,халықаралық майданда мемлекеттің экономикалық және саяси бағытын қорғау,әлемдік саясатта өз ықпалын кеңейту жатады.

ХХ ғасырдағы саяси ілімдер?==Шарль Луи Монтескье (1689-1775) «Заңдар рухы» атты еңбегінде алғаш геосаяси тұжырымдаманың негізін салған. Оның ойынша, әртүрлі факторлар: климат, географиялық орта, заң, дәстүр, дін тағы да басқалардың әсерінен халықтық рух қалыптасады. Оны қазіргі тілмен менталитет деп атайды.Жан Жак Руссо (1712-1778) тек теоретик қана емес, қоғам қайраткері болған адам. Оның ойынша алғаш адамдар өздерінің тұлғалық қасиеттерін ортақ игілік үшін қоғамға бере отырып, мемлекетті қалыптастырады, ал кейіннен сол мемлекет өзінің заңдары мен нормалары арқылы азаматтарын қайта тәрбиелеп шығарады. Адами құндылықтар тек мемлекет пайда болғаннан соң өмір келген деп есептейді. ХХ ғасырдың бірінші жартысында Батыс елдерінде солидаризм ілімі кең өріс алды. Бұл ілімнің негізін салушы француз ғалымы Л.Дюгидің (1859-1928) пікірінше әрбір тап өмірде өз міндетін атқаруы, қоғамның ынтымақтастығы мен үйлесушілігін қамтамасыз етуі қажет. ==ХХ ғасырда кең жайылған аристократиялық теориялардың бірі -элитаризм. Элита деген сөз француз тілінде ең жақсы, іріктелген, сұрыпталған, таңдаулы деген мағынаны білдіреді. Бұл теорияны жаңа жағдайда жаңғыртып, толықтырып, жетесіне жеткізгендер итальяндық саясатшылар Г.Моска мен В.Паретто болды. Олардың ойынша халық өзін-өзі басқара алмайды, оған қабілеті, бейімі жетпейді.Ханна Арендт (1906-1975) австриялық саясаттанушы. «Тоталитаризм тамыры» атты еңбегінде тоталитаризмнің пайда болуын және мәнін зерттеген. Тоталитаризмді үшке бөледі: коммунизм, национал-социализм, фашизм. Тоталитаризмнің тек ХХ ғасырға тән құбылыс екенін дәлелдейді.ХХ ғасырда елімізге көп қайғы-қасірет әкелген тоталитаризм теориясы дамыды. Ол- мемлекет тарапынан қоғамның және әр азаматтың өмірін қатаң бақылауға алатын мемлекеттік-саяси құрылыс. Морис Дюверже (1917 ж туған) француз саясаттанушысы. Еңбегі: «Саясат идеясы». Саясатқа мынадай анықтама береді: «Саясат, бір жағынан алып қарағанда әділдікті орнатушы күш, ал екінші жағынан идеялар мен принциптер арасындағы келіспеушілік». Дау-жанжалдың екі түрін көрсетеді: горизанталды және вертикалды.

Этникалық жанжалдар==Этносаяси жанжалдарға этностар,ұлттар арасындағы даулар,шиеленістер жатады.Саяси жанжалдар көпұлтты мемлекете әр түрлі тілде сөйлейтіндердің,әр түрлі дінге сенетіндердің,әр түрлі нәсілдер арасында болуы мүмкін.Әдетте мұндай қақтығыс әртүрлі этникалық топтардың арасындағы елеулі экономикалық теңсіздіктен туады.Этносаяси жанжал тудыратын мәселелердің бірі – этникалық ұлтшылдық. Ол идеология немесе қозғалыс ретінде көрініс беруі мүмкін. Ондай этнос негізгі үш мақсатты алға қояды:1)автономия мен өзін-өзі басқаруды қамтамасыз ету;2)белгілі бір жерге, аумаққа иелік ету құқығын алу;3)өз мәдениетін жалпымемлекеттік мәдениетпен бірдей мәртебеге жеткізу.Этностық ұлтшылдықтың басты саяси мүддесі түптеп келгенде өзінің мемлекеттігін орнату.Этносаяси шиеленістердің пайда болуына түрткі болатын себептің бірі этностың өз тілі,мәдениеті,діні,әдетғұрпының тағдырына қалыптан тыс,асыра қауіптенушілік.Әдетте ұлттық идеяны көтеріп,этносаяси жанжалдарға әкелетіндер билікке таласушы топтар мен олардың басшылары.Олар өз саяси мақсаттарына жету үшін ұлттық факторды пайдаланады.Бұл салада біздің елімізде бірталай іс істелуде.1995 ж 1 наурызында Н.Ә.Н тың Жарлығымен Қазақстан халықтарының Ассамблеясы құрылды.Ол республикадағы барлық ұлттық мәдени орталықтарды қамтиды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]