Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

ETKS9kaz

.pdf
Скачиваний:
44
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
2.46 Mб
Скачать

§ 44. ЖЕДЕЛ-КӨШПЕЛІ БРИГАДАСЫНЫҢ ЭЛЕКТРОМОНТЕРІ

2-разряд

Жұмыстың сипаттамасы. Кернеуі 0,4 кВ дейін тарату желілеріндегі бұзушылықтарды жою. Күрделілігі ІІІ дəрежелі кернеуі 35 кВ қосалқы станциялардың жабдықтарына жəне қосалқы станциясыз жоғары білікті электромонтердің басшылығымен күрделілігі ІІ дəрежелі тарату желілерінің жабдықтарына жедел жəне техникалық қызмет көрсетулер: режимді жəне апатты ауыстырып қосулар, жұмыс орындарды дайындау, қосалқы станциялардың тарату желілерінің жəне тарату құрылғыларының жабдықтарындағы бұзушылықтарды жою, аккумулятор батареяларының параметрлерін өлшеу. Кернеуі тоқтатылған кезде күш беретін трансформаторларда шықпаларды ауыстыру бойынша көлемі шамалы жұм ыстарды орындау.

Білуге тиіс: Қосалқы станцияның қызмет көрсетілуіндегі жабдықтарды орнықтыруды жəне принципті құрылғысын; алғашқы қосулардың жəне пунктер мен трансформаторлық қосалқы станциялар орналасқан қызмет көрсетілетін учаскелердің желілер таратушы қосалқы станциялардың өзіне қажетті желілердің сұлбаларын; қорғаныс релесі құрылғыларына жедел қызмет көрсетудің тəртібін; қосалқы станцияларда, кезекші пункттерде жəне жедел автомашиналарда орнатылған байланыс түрлерін жəне оларды пайдалану тəртібін; кернеуі 0,4 кВ дейін тарату желілерінде жиі болып тұратын ауытқушылықтарды жəне оларды жою əдісін; электр техника негіздерін.

Жоғары білікті электромонтердің басшылығымен күрделілігі ІІ дəрежелі кернеуі 35-110 кВ қосалқы станциялардың жабдықтарына, қосалқы станциясыз күрделілігі І дəрежелі тарату желілерінің жабдықтарына жəне кернеуі 35-110 кВт қосалқы станция жабдықтарымен бірге күрделілігі І жəне ІІ дəрежелі жəне күрделілігі ІІІ дəрежелі тарату желілерінің жабдықтарына жедел жəне техникалық қызмет көрсетулер кезінде - 3-разряд

§ 45. ЖЕДЕЛ-КӨШПЕЛІ БРИГАДАСЫНЫҢ ЭЛЕКТРОМОНТЕРІ

4-разряд

Жұмыстың сипаттамасы. Күрделілігі І дəрежелі кернеуі 35-110 кВ қосалқы станциялардың жабдықтарына жəне жоғары білікті электромонтердің басшылығымен күрделілігі І дəрежелі кернеуі 35-110 кВ қосалқы станциялардың жабдықтарымен бірге күрделілігі І дəрежелі тарату желілерінің жабдықтарына жедел жəне техникалық қызмет көрсету. Күрделілігі ІІІ дəрежелі кернеуі 35 кВ қосалқы станциялардың жабдықтарына жəне қосалқы станцияларсыз күрделілігі ІІ дəрежелі тарату желілерінің жабдықтарына жедел жəне техникалық қызмет көрсетулер. Кернеу, жүктеме, температура жəне басқа параметрлер бойынша белгіленген режимді қамтамасыз ету. Қосалқы станциялардың тарату құрылғыларында жəне тарату желілерінде режимді жедел ауыстырулар. Апат кезінде жедел ауыстырулар. Жабдықтарды тексеру. Тарату желілерінің жабдықтарында, қалқандарда жəне өзіне қажетті құрастыруларда, коммутациялық

31

аппараттардың жетектерінде, қосалқы станциялардың жабық жəне ашық тарату құрылғыларындағы екінші рет коммутациялау тізбегінде ақаулықтарды айқындау жəне жою. Жұмыс орындарын дайындау. Жұмысшыларды жұмысқа жіберу, олардың жұмысын бақылау. Жұмыс аяқталған соң жұмыс орындары қабылдау.

Білуге тиіс: Қызмет көрсетілетін жабдықтардың құрылғылары; жедел токтың жəне қызмет көрсетілетін қосалқы станциялардың, тарату пункттердің сұлбаларын; қорғау релелерін орнатуды жəне қызмет аймағын; телемеханика автоматика құрылғыларының жедел қызмет көрсету ережелерін; қорғаныс құралдарының жəне аспаптардың сынақ мерзімін.

Күрделілігі ІІ дəрежелі кернеуі 35-110 кВ қосалқы станциялардың жабдықтарына жəне күрделілігі І дəрежелі кернеуі немесе күрделілігі І жəне ІІ дəрежелі тарату жабдықтарын кернеуі 35-110 кВ қосалқы станциялардың жабдықтарымен бірге күрделілігі І жəне ІІ тарату желілерінің жабдықтарына жедел жəне техникалық қызмет көрсету кезінде –5-разряд

Күрделілігі І дəрежелі кернеуі 35-110 кВ қосалқы станциялардың жабдықтарына жəне кернеуі 35-110 кВ қосалқы станциялардың жабдықтарымен бірге күрделілігі І жəне ІІ тарату желілерінің жабдықтарына жедел жəне техникалық қызмет көрсету кезінде - 6-разряд

§ 46. СЫНАҚ ЖҮРГІЗУ ЖƏНЕ ӨЛШЕУ ЖӨНІНДЕГІ ЭЛЕКТРОМОНТЕР

3-разряд

Жұмыстың сипаттамасы. Электр станциялар мен электр желілерінде жоғары білікті электромонтердің басшылығымен кернеуі 110 кВ дейін электр жабдықтардың параметрлеріне сынақ жүргізу жəне өлшеу. Кернеуі жоғары қорғаныс құралдары мен аспаптарына сынақ жүргізу. Оқшаулау кедергілерін, сөндіргіштер байланысының өтпелі кедергілерін, тарату құрылғыларының жерге қосу контурларының кедергілерін өлшеу. Кабельдерді жəне ауа желілерінің бұзылған орнын айқындау, өлшеу штангаларының көмегімен ақау оқшаулатқыштарды анықтау. Сынақ жүргізу жəне өлшеу кезінде қолданылатын аппаратураларға техникалық қызмет көрсету. Сынақ жүргізу үшін жұмыс орындарын дайындау.

Сынақ жүргізу мен өлшеуге арналған электр жабдықтардың жəне аппаратуралардың белгілерін жəне құрылуын; сынақ жүргізу мен өлшеудің күрделі емес түрлері кезінде сынақ жүргізу жəне өлшеу аппаратураларын қосу тəртібі; сынақ жəне өлшеу жүргізу үшін жұмыс орындарын дайындау тəртібі; электротехника негіздері.

§ 47. СЫНАҚ ЖҮРГІЗУ ЖƏНЕ ӨЛШЕУ ЖӨНІНДЕГІ ЭЛЕКТРОМОНТЕР

4-разряд

Жұмыстың сипаттамасы. Электр станциялар мен электр желілерінде жоғары білікті электромонтердің басшылығымен кернеуі 220 кВ дейін электр жабдықтардың параметрлеріне сынақ жүргізу жəне өлшеу. Жоғары кернеулі

32

жоғары вольтті электр қозғалтқыштарына жəне тұрақты ток машиналарына сынақ жүргізу. Күш беретін токтардың кемуін белгілеумен түзетілген жоғары кернеуге сынақ жүргізу. Трансформаторлардың ауыстырып қосу құрылғыларының айналма диаграммаларын алу. Токтың диэлектрлік шығыны жəне бос жүріс шығыны бұрышының сыйымдылығы мен тангенсін өлшеу. Трансформациялау коэффициентін, қысқа мерзімді тұйықталу кернеуін, күш беретін трансформаторлар орамдарының жəне май толтырғыш реакторлардың тұрақты токқа кедергісін өлшеу. Өлшеуіш трансформаторлардың, коммутациялық аппараттардың разрядтағыштарына сынақ жүргізу. Сынақ жүргізу мен өлшеулер кезінде қолданылатын аппаратураларға техникалық қызмет көрсету. Сынақтар жүргізу мен өлшеулер үшін жұмыс орындарын дайындау.

Білуге тиіс: Сынақ жүргізу жəне өлшеу үшін электр жабдықтар мен аппаратураларды белгілеуді жəне негізді құруды; күрделі жəне жауапты сынақтар жүргізу мен өлшеулерді жүргізу кезінде сынақ жəне өлшеу аппараттарын қосудың ережесін; сынақ мен өлшеулер жүргізу үшін жұмыс орындарын дайындаудың ережесін.

§ 48. СЫНАҚ ЖҮРГІЗУ ЖƏНЕ ӨЛШЕУ ЖӨНІНДЕГІ ЭЛЕКТРОМОНТЕР

5-разряд

Жұмыстың сипаттамасы. Электр станциялары мен электр желілерінде өздігінен кернеуі 220 кВ дейін, инженерлік-техникалық қызметкердің басшылығымен, ал кернеуі 220 кВ-дан артық электр жабдықтардың параметрлеріне күрделі емес сынақтар мен өлшеулер жүргізу. Жоғары кернеуде қорғаныс құралдары мен аспаптарына сынақ жүргізу. Оқшаулау кедергілерін, сөндіргіштер байланысының өтпелі кедергілерін, тарату құрылғыларының жерге қосу контурларының кедергілерін өлшеу. Кабельдерді жəне ауа желілерінің бұзылған орнын айқындау. Өлшеу штангтарының көмегімен ақау оқшаулатқыштарды анықтау. Сынақ жүргізу жəне өлшеу кезінде қолданылатын аппаратураларға техникалық қызмет көрсету. Сынақ жүргізу үшін жұмыс орындарын дайындау. Инженерліктехникалық қызметкердің басшылығымен қуаты 50 мың кВт дейінгі турбогенераторларға жəне 50 Мавр дейінгі үйлеспелік компенсаторларға жоғары кернеуде сынақ жүргізу. Сынақ жүргізу мен өлшеулердің нəтижелерін бірінші техникалық құжаттамада рəсімдеу.

Білуге тиіс: Жабдықтарға күрделі емес сынақ пен өлшеу жүргізудің ережесі, əдістері, тəртібі жəне мерзімдері; оның жарамдылығын тексеру нормалары; қосалқы станциялардың жəне электр станциялардың цехтарында жабдықтардың бірінші қосылуы мен орналасуының сұлбаларын; пайдаланылатын электр жабдықтардың негізгі техникалық сипатын жəне құрылғыларын; қорғаныс құралдары мен аспаптарына сынақ жүргізудің тəсілі, мерзімі; электр қондырғыларына қызмет көрсетудің ережесін.

33

§ 49. СЫНАҚ ЖҮРГІЗУ ЖƏНЕ ӨЛШЕУ ЖӨНІНДЕГІ ЭЛЕКТРОМОНТЕР

6-разряд

Жұмыстың сипаттамасы. Электр станциялары мен электр желілерінде өздігінен кернеуі 220 кВ дейін, инженерлік-техникалық қызметкердің басшылығымен, ал кернеуі 220 кВ-дан артық электр жабдықтардың параметрлеріне күрделі сынақтар мен өлшеулер жүргізу. Жоғары кернеулі жоғары вольтті электр қозғалтқыштарына жəне тұрақты ток машиналарына сынақ жүргізу. Күш беретін кабельдер токтарының кемуін белгілеумен түзетілген жоғары кернеуге жəне сыйымды токтарға сынақ жүргізу. Трансформаторлардың ауыстырып қосу құрылғыларының айналма диаграммаларын алу. Токтың диэлектрлік шығыны жəне бос жүріс шығыны бұрышының сыйымдылығы мен тангенсін, орамдардың ылғалдылығын, қосылу топтарын өлшеу. Трансформациялау коэффициентін, қысқа мерзімді тұйықталу кернеуін, күш беретін трансформаторлар орамдарының жəне май толтырғыш реакторлардың тұрақты токқа кедергісін өлшеу. Өлшеуіш трансформаторлардың, коммутациялық аппараттардың разрядтағыштарына сынақ жүргізу. Конденсаторлардың жəне өлшеуіш трансформаторлардың диэлектрлік шығыны жəне бос жүріс шығыны бұрышының сыйымдылығы мен тангенсін өлшеу. Сынақ жүргізу мен өлшеулер кезінде қолданылатын аппаратураларға техникалық қызмет көрсету. Сынақтар жүргізу мен өлшеулер үшін жұмыс орындарын дайындау. Инженерлік-техникалық қызметкердің басшылығымен қуаты 50 мың кВт дейінгі турбогенераторларға жəне 50 Мавр дейінгі үйлеспелік компенсаторларға жоғары кернеуде сынақ жүргізу. Сынақ жүргізу мен өлшеулердің нəтижелерін бірінші техникалық құжаттамада рəсімдеу.

Білуге тиіс: Сынақ жүргізу жəне өлшеу үшін электр жабдықтар мен аппаратураларды белгілеуді жəне негізді құруды; күрделі жəне жауапты сынақтар жүргізу мен өлшеулерді жүргізу кезінде сынақ жəне өлшеу аппараттарын қосудың ережесін; сынақ мен өлшеулер жүргізу үшін жұмыс орындарын дайындаудың ережесін

§ 50. СЫНАҚ ЖҮРГІЗУ ЖƏНЕ ӨЛШЕУ ЖӨНІНДЕГІ ЭЛЕКТРОМОНТЕР

7-разряд

Жұмыстың сипаттамасы. Күш беретін трансформатордан, кернеуі 220 кВ дейінгі сөндіргіштерден жəне ток трансформаторларынан басқа, кернеуі 220 кВ дейінгі электр жабдықтардың параметрлеріне сынақ жəне өлшеу жүргізу. Жоғары кернеуге сынақ жүргізу. Оқшаулау кедергілерін өлшеу. Май толтырғыш трансформаторлар орамдарының сыйымдылығы мен ылғалдылығын, разрядтағыштардың кему тогын өлшеу, оқшаулаулардың жоғарысына жəне тартылған гирляндаларына кернеуді тарату, жерге қосу контурларының кедергілерін өлшеу. Сынақ жүргізу жəне өлшеу кезінде қолданылатын аппаратураларға техникалық қызмет көрсету жəне жөндеу.

34

Білуге тиіс: кернеуі 220 кВ дейінгі жабдықтарға сынақ жəне өлшеу жүргізу ережесін, тəртібін жəне мерзімдерін жəне оның жарамдылығын тексеру нормалары; электрлік өрісте жəне қоршаған ортада оқшаулаудың жұмыс қағидаты.

Кернеуі 220 кВ артық электр жабдықтарының параметрлеріне сынақ жəне өлшеу жүргізген кезде - 8-разряд

Кернеуі 750 кВ жəне одан жоғары электр жабдықтарының, күш беретін трансформаторлардың, кернеуі 220 кВ жоғары токтың сөндіргіштері мен трансформаторларының параметрлеріне сынақ жəне өлшеу жүргізу - 8*-

разряд.

7-8 разрядтарды алу үшін орташа арнаулы (кəсіби) білімді талап етеді.

§ 51. КАБЕЛЬ ЖЕЛІЛЕРІНІҢ ТАС ЖОЛДАРЫН ҚАДАҒАЛАУ ЖӨНІНДЕГІ ЭЛЕКТРОМОНТЕР

3-разряд

Жұмыстың сипаттамасы. Кабель желілерінің тас жолдарына жоспарлы тексеру жүргізу. Кабель желілері өтетін өңірде жер жұмыстарын жүргізу үшін құрылыс-жинақтау ұйымдарына рұқсат беру жəне оларды мерзімді бақылау. Ұйымдардың басшыларына кабель желілері өтетін өңірде жер жұмыстарын жүргізудің тəртібі туралы хабарламалар беру. Құрылысжинақтау ұйымдары жаңа кабель желілерін төсеген кезде электр қондырғылардың құрылу ережесінің сақталуын қадағалау.

Білуге тиіс: кабельдердің міндетін жəне оларды төсеудің ережелерін; кабель желілерінің тас жолдарын; кабель желілері өтетін өңірде жер жұмыстарын жүргізудің тəртібі; кабель желілерін механикалық зақымдануынан қорғау тəсілдерін.

§ 52. МАШИНА ЗАЛЫНЫҢ ГИДРОАГРЕГАТТАРЫНА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЖӨНІНДЕГІ ЭЛЕКТРОМОНТЕР

6-разряд

Жұмыстың сипаттамасы: Гидроагрегаттарды, трансформаторларды жəне басқа да технолгиялық жабдықтарды пайдалануға қызмет көрсету, 500 мың кВт жəне одан жоғары бірлі-жарым қуатты гидроагрегаттары бар гидроэлектр станцияларында олардың апатсыз жəне үнемді жұмысын қамтамасыз ету. Қоздырғыш құрылғыларда генераторларды қосу, тоқтату: бас сұлбада, өзіне қажетті сұлбада, екінші рет өзгертілген сұлбаларды, қорғаныс релелерін жəне автоматиканы ауыстырып қосу. Электр жабдықтарының жұмысында ақаулықтарды белгілеу жəне жою. Апат жағдайларды жою.

Білуге тиіс: Гидроагрегаттардың, трансформаторлардың, сынапты қайта шығарушылардың жəне қосалқы электр жабдықтарының құрылғысын, жұмыс принципін жəне техникалық сипатын; өлшеу құралдарының жұмыс, гидроагрегаттар мен трансформаторлардың қорғаныс қағидатын жəне құрылғысын; сигнал беру жүйесін; қызмет көрсетілетін жабдықтардың шекті

35

ауытқуларын; гидроагрегаттар жұмысының техникалық-экономикалық көрсеткіштері; электр техникалардың, гидроэнергетиканың негіздерін.

§ 53. ҚОСАЛҚЫ СТАНЦИЯЛАРҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЖӨНІНДЕГІ ЭЛЕКТРОМОНТЕР

3-разряд

Жұмыстың сипаттамасы: күрделілігі ІІІ дəрежелі кернеуі 35 кВ қосалқы станциялардың жабдықтарына қызмет көрсету. Кернеу, жүктеме температура жəне басқа параметрлері бойынша белгіленген режимді қамтамасыз ету. Қосалқы станциялардың тарату құрылғыларында режимді жедел ауыстырып қосуды жүргізу. Апат жағдайларды жою. Қосалқы станциялардың жабдықтарын қарау. Тарату желілерінің жабдықтарында, қалқандарда жəне өзіне қажетті құрастыруларда, коммутациялық аппараттардың жетектерінде, қосалқы станциялардың жабық жəне ашық тарату құрылғыларындағы екінші рет коммутациялау тізбегінде көлемі бойынша шамалы жəне қысқа уақытты жұмыстарды жүргізу. Аккумулятор батареяларының параметрлерін белгілеу. Жарық беретін желілердің жəне лампалар мен сақтандырғыштарды ауыстырумен арматуралардың ақаулығын жою. Жұмыс орындарын дайындау. Жұмысшыларды жұмысқа жіберу, жəне олардың жұмысын қадағалау. Апат жағдайларды жою кезінде жұмыс орындарын қабылдау.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтардың міндетін жəне құрылуы; бірінші қосылулардың сұлбасын; өзіне қажетті, жедел токтың жəне электр магнитті блокировкалардың желілерін; қорғаныс реле жəне автоматика қызметінің міндетін жəне өңірін; телемеханика құрылғыларының міндетін; қорғаныс құралдарына жəне аспаптарына сынақ жүргізу мерзімі; қосалқы станцияларда белгіленген байланыс түрлері, оларды қолдану ережесі; электротехника негіздері.

Күрделілігі ІІ дəрежелі кернеуі 35, 110, 150 кВ қосалқы станциялардың жабдықтарына қызмет көрсету кезінде – 4-разряд.

Күрделілігі І дəрежелі кернеуі 35, 110, 150 кВ қосалқы станциялардың жабдықтарына қызмет көрсету кезінде – 5-разряд.

Күрделілігі ІІ дəрежелі кернеулі қосалқы станциялардың жəне кернеуі 500 кВ тұрақты ток қосалқа станциялардың жабдықтарына қызмет көрсету кезінде – 6-разряд .

Күрделілігі І дəрежелі кернеулі қосалқы станциялардың жəне кернеуі 500 кВ тұрақты ток қосалқа станциялардың жабдықтарына қызмет көрсету кезінде – 7-разряд .

Кернеуі 220 кВ айнымалы ток қосалқы станцияларының жəне одан жоғары кернеуі 1150 кВ тұрақты ток қосалқы станцияларының жабдықтарына қызмет көрсету кезінде – 8-разряд.

Кернеуі 500 кВ айнымалы ток қосалқы станцияларының жəне одан жоғары кернеуі 1150 кВ тұрақты ток қосалқы станцияларының жабдықтарына қызмет көрсету кезінде – 8*-разряд.

36

§ 54. ТҮРЛЕНДІРГІШ ҚҰРЫЛҒЫЛАРЫНА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЖӨНІНДЕГІ ЭЛЕКТРОМОНТЕР

5-разряд

Жұмыстың сипаттамасы: Сынақ жүргізу жəне өлшеу кезінде қолданылатын аппаратуралардың ақаулығын жою. Жұмыс орнын дайындау. Біліктілігі жоғары электромонтердің басшылығымен: түрлендіргіш көпірлерде қызмет көрсету кезінде кернеу, салмақ, температура жəне басқа да параметрлері бойынша белгіленген режимді қамтамасыз ету; түрлендіргіш құрылғылары жабдықтарын күрделі емес сынау жəне дайындау; тиристорлы блоктарда тиристорлы үштікті ауыстыру; 3 кВ күшті кернеулер генераторының, осциллографтың жəне мегаомметрдің көмегімен тиристорлы жəшіктердің бүтіндігін тексеру; резисторлар блоктарының параметрлерін, оларды ауыстырып жəне түзетіп өлшеу (қанығу дроссельдері, резисторлар, конденсаторлар жəне т.б.); тиристорларды стендтерде сынау, үштікке оларды негізгі электрлік сипаттамалары бойынша іріктеу, үштікті стендте сынау; тиристорлы үштіктің гидроқұлыптарын қысу тарировкасы; сулы суытуы бар блок модульдерінің құрылғысы жəне түсіру, блок модулін гидро сынау. Инженерлік-техникалық қызметкердің немесе жоғары білікті электромонтердің басшылығымен: сулы суытуы бар тиристорлы блоктарда (ССБТ) орналастырылған басқару, бақылау, қорғау каналдары аппаратураларын жөндеу; жарық жүргізу бұрауларында жəне жарық көздерінің шығысында сəулелендірудің қуатын өлшеу; жарық жүргізуді монтаждау жəне қайта монтаждау; тиристорлы блоктар шкафтарының (ТБШ) релелі бөлігін тексеру жəне бір күйге келтіру; электронды осциллографа көмегімен электр шамаларын өлшеу; жөндеу кезінде модульдерді жəне басқа да жабдықтарды монтаждау жəне қайта монтаждау; көпір блоктарын гидравликалық сынау жəне даярлау; кедергі бағаналарын, жеке тұрған су жүргізгіштерінің реакторларын тексеру, разрядтауыштарды тексеру жəне сынау.

Білуге тиіс: күрделі емес сынауларды жəне түрлендіргіш жабдықтарды өлшеу тəртібі, əдістері жəне мерзімдері; нысанда жабдықтарды бірінші қосу жəне орналасу сұлбасын; іске қосылатын жабдықтың негізгі техникалық сипаттамасын жəне құрылғысын; тиристорлы блоктар қызметінің құрылғысын жəне принциптерін; сынау стендінің сұлбасын; дайындау, сынау жəне өлшеу кезінде қолданылатын аппаратуралар қызметінің сұлбаларын жəне принциптерін; түрлендіргіш құрылғыларды жəне бақылау аппараттарын тексеру ережесін, тəртібін жəне мерзімін; ССБТ негізгі қорғаныстары, басқару каналдары жəне сигнализация қызметінің принципін; логикалық сұлбаны; түрлендіргіштің, трансформатордың, электр берілісі кабельді жəне ауа желілерінің жұмыс режимін; электр жəне радиотехника негіздерін.

§ 55. ТҮРЛЕНДІРГІШ ҚҰРЫЛҒЫЛАРЫНА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЖӨНІНДЕГІ ЭЛЕКТРОМОНТЕР

37

6-разряд

Жұмыстың сипаттамасы: түрлендіргіш көпірлерде қызмет көрсету кезінде кернеу, салмақ, температура жəне басқа да параметрлері бойынша белгіленген режимді қамтамасыз ету. Түрлендіргіш жабдықтарды сынау жəне даярлау бойынша жауапты жəне күрделі жұмыстарды орындау. Басқару блоктарының, тиристорларды бақылау датчигі (ТБД) жəне ноль арқылы ток өткізу датчигі блоктарының (НӨД) параметрлерін тексеру. Электр сəулелендіргіш құрылғыларының көмегімен модульдердің жұмыс істеуін, оларды ауыстырғаннан кейін осциллографтауды, ток қорғаныс блоктарын жəне т.б. тексеру. Ақау тораптарды ауыстырғаннан кейін көшкінді стабилитронды қорғауды, тиристорлы блоктардың сипаттамасын тексеру. Қисынды элементтерде сұлбаларды тексеру жəне баптау. Жарықпен сəулелендіру қуаты бойынша тапсырылған орнатуларға сəйкес жарықпен басқару арналарын баптау. Тексеру жүйелерін баптау, ток бойынша блоктау құрылғыларын (ТБҚ) жəне НӨД бірлескен тексеру жəне баптау жөніндегі жұмыстарды қосқанда. ССБТ басқару блоктарын жəне барлық дроссель блоктары мен ТБШ жөндеу жəне дайындау.

Білуге тиіс: түрлендіргіш жабдықтарды құру жəне дайындау жөніндегі қолданыстағы нұсқау мен нұсқаулықты, қызмет көрсетілетін жабдықтың сұлбаларын, міндеттерін жəне құрылғыларын; басқару блоктары жұмысының сұлбасы мен қызмет қағидаттарын; сынаулар мен өлшеулерде қолданылатын аппаратураның, кернеу импульсінің генераторы, осциллограф құрылғысын жəне қызметінің қағидатын; осы секілді жəне стабилитронды көшкінді қорғаудың сұлбаларын жəне құрылғыларын; нысанда орнатылған байланыс түрлері, оны пайдаланудың ережелері; түрлендіргіш коммутацияның сұлбасы; зақымданулардың жəне жұмыс уақытын бұзу түрлері; тұрақты ток пен кернеудің трансформаторларына қойылатын негізгі талаптарды жəне оларды сөндірудің сұлбаларын; желіні автоматты түрде қайта қосу (АҚҚ) міндетін; резервтің автоматы қайта қосылуының міндеттері жəне негізгі талаптары; квантты механиканың негіздерін.

§ 56. ТҮРЛЕНДІРГІШ ҚҰРЫЛҒЫЛАРЫНА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЖӨНІНДЕГІ ЭЛЕКТРОМОНТЕР

7-разряд

Жұмыстың сипаттамасы: түрлендіргіш жабдықтарды сынау жəне дайындау жөнінде аса күрделі жұмыстарды орындау. Фототранзисторларды, стабилитрондарды жəне диодтарды ауыстыру. Тұрақты ток көзінен жоғары кернеулі тиристорлы блоктарды сынау. ССБТ басқару жүйесін фазалау. Қисынды жəне интегралды элементтері бар сұлбаларды тексеру жəне баптау. Жартылай өткізгіштік квантты генераторларды (ЖКГ) монтаждау жəне демонтаждау. Басқару жəне қорғау шкафтарын жөндеу жəне дайындау.

Білуге тиіс: телемеханика құрылғыларына қызмет көрсету ережелері; импульсті топтар генераторының, электрлі-сəулелі осциллографтың, басқару,

38

қорғау жəне сигнал беру шкафтары (БҚжСШ) модульдерінің құрамына кіретін кернеу импульстері генераторының, қисынды жəне интегралды элементтердің сұлбаларын жəне құрылғыларын; тиристорлы блоктар мен модульдерді тексеру сұлбалары.

Орташа арнаулы (кəсібі) білімді талап етеді.

§ 57. ЭЛЕКТР СТАНЦИЯНЫҢ ЭЛЕКТР ЖАБДЫҚТАРЫНА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЖӨНІНДЕГІ ЭЛЕКТРОМОНТЕР

8-разряд

Жұмыстың сипаты: Электр станцияның электр жабдықтарына қызмет көрсету жəне оның сенімді жұмысын қамтамасыз ету. Релелік қорғаныс, дистанциялық басқару, сигнал беру жəне электрлі автожуу жағдайын, турбиналық генераторлардың жұмыс режимін бақылау. Тарату құрылғыларында жедел ауыстырып қосу. Генераторларды сутекті салқындатудан ауалы салқындатуға жəне керісінше ауыстыру. Электр жабдықтарды оқшаулау жағдайын мегаомметрмен тексеру. Электр өлшеуіш тістеуік шымшуырлармен электр параметрлерін өлшеу. Жөндеу жұмыстарын орындау үшін жұмыс орындарын дайындау жəне жұмысшыларды жұмысқа жіберу. Жабдықтарды іске қосу. Апат жағдайларды жою.

Білуге тиіс: электр жабдықтардың міндетін жəне құрылғысын; тарату құрылғыларының электрлі сұлбасы; электр параметрлерін өлшеу, айнымалы токты түзеткіш құралдардың құрылғысын жəне міндеттерін; релелік қорғаныс, электр автоматика, сигнал беру міндетін, қызметінің қағидатын жəне сұлбаларын; электр станцияның негізгі мен қосалқы жабдықтарының орналасуын жəне техникалық сипаттамасын; жылу жəне электр энергия өндірісінің технологиялық процесін; электр жабдықтардың зақымданған жерін табу тəсілдері; электр техника мен жылу техникасының негіздерін.

Бірлі-жарым қуатты турбогенераторлары бар жылу электр

станцияларында электр жабдықтарына қызмет көрсету кезінде:

4-

60 мың кВт дейін -

разряд

5-разряд

60-тан 240 мың кВт дейін -

240-тан 500 мың кВт дейін -

6-разряд

500 мың кВт-тан жоғары -

7-разряд

7-разрядты

беру үшін

орташа арнаулы (кəсіби) білімді талап етеді.

 

Ескерту.

 

Электр станцияның электр жабдықтарына қызмет көрсету жөніндегі аға электромонтер турбогенератордың тиісті бірлі-жарым қуаты кезінде бір разрядка жоғары тарифтелінеді.

§ 58. ТАРАТУ ЖЕЛІЛЕРІНЕ ЖЕДЕЛ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЖӨНІНДЕГІ ЭЛЕКТРОМОНТЕР

39

3-разряд

Жұмыстың сипаты. Біліктілігі жоғары электр монтердің басшылығымен электр желілері ауданының (ЭЖА) электр жабдықтарына жедел қызмет көрсету: күрделілігі ІІ дəрежелі тарату желілері, күрделілігі ІІІ

дəрежелі 35 кВ кернеулі қосалқы станциялармен бірлескен күрделілігі ІІ дəрежелі тарату желілері, жабдықтарды жөндеуге шығаруға тапсырыс қабылдау жəне келісу, оны жұмысқа қосу, жұмыстан шығару немесе резервке қою. Электр желілері ауданы бөлімшелерінің жұмысы туралы жедел ақпарат жинау жəне тапсыру.

Білуге тиіс. Тарату желілерінде жəне қосалқы станцияларда жабдықтарды орнатуды жəне міндетін; ЭЖА жабдықтарын пайдалану бойынша қолданыстағы нұсқаулар мен нұсқаулықтарды; ЭЖА электр сұлбасын; электр техниканың негіздерін.

Біліктілігі жоғары электр монтердің басшылығымен күрделілігі ІІ дəрежелі 35-110 кВ кернеулі қосалқы станциялармен бірлескен күрделілігі ІІ дəрежелі тарату желілері мен күрделілігі І, ІІ жəне ІІІ дəрежелі 35-110 кВ кернеулі қосалқы станциялармен бірлескен күрделілігі ІІ дəрежелі тарату желілерінің электр жабдықтарына қызмет көрсету кезінде –

4-

разряд

§ 59. ТАРАТУ ЖЕЛІЛЕРІНЕ ЖЕДЕЛ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЖӨНІНДЕГІ ЭЛЕКТРОМОНТЕР

5-разряд

Жұмыстың сипаты. Электр желілері ауданының (ЭЖА) электр жабдықтарына жедел қызмет көрсету: күрделілігі ІІ дəрежелі тарату желілері, күрделілігі ІІІ дəрежелі 35 кВ кернеулі қосалқы станциялармен (ҚС) бірлескен күрделілігі ІІ дəрежелі тарату желілері. Қызмет көрсетілетін электр жабдықтардың сенімді жəне үнемді жұмыс режимін енгізуді қамтамасыз ету. Тұтынушылардың нормалы кернеу деңгейін қамтамасыз ету. Жабдықтарды жөндеуге шығаруға, оны іске қосуға, істен шығаруға немесе резервке қоюға тапсырыстары қабылдау жəне келісу. Диспетчер пункті ҚС орналасқан кезде тарату құрылғыларын ауыстырып қосу жəне жабдықтарды тексеру. Жедел байланыс жабдықтарына ақауларды жою бойынша жұмыстарды бақылау. Жұмыстарды ҚС жүргізген кезде жұмысшыларды жұмыс орнына жіберу. Электр желілері бөлімшелерінің жұмысы туралы жедел ақпарат жинау жəне тапсыру. Апат жағдайларды жоюға басшылық ету.

Білуге тиіс: электр желілері жəне ҚС жабдықтарының міндетін жəне құрылғысын; АЭЖ жабдықтарын пайдалану жөніндегі қолданыстағы нұсқаулар мен нұсқаулықтарды; АЭЖ электр сұлбаларын; қызмет көрсетілетін ҚС жедел ток сұлбаларын жəне блоктауды; АЭЖ негізгі жабдықтарының пайдалану сипаттамасын; қорғаныс релелерінің жəне автоматты құрылғылардың міндетін жəне қызмет өрісін; АЭЖ

40

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]