Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

САЛА САХАБАЛАР

.pdf
Скачиваний:
250
Добавлен:
27.02.2016
Размер:
1.5 Mб
Скачать

Жәннатпен сүйіншіленген он сахаба

Бұдан кейін ол мұсылмандарға имам болып, он жеті рет намаз оқытты. Тіпті бір таң намазында Пайғамбарымызға (с.а.с.) имамдық ету бақытына да ие болды.

ПайғамбарымызЖаратушысынажанынтәсіліметкен кезде, Әбу Бәкір басқа жерде болатын. Халық қара жамылып, аза тұтып жатты. Әбу Бәкір хабар жете салысымен, ешкімге тіл қатпастан құстай ұшып, бірден Расулуллаһтың бөлмесіне кірді. Бетінде жабылған матаны көтеріп, Пайғамбардың маңдайынан сүйді. Содан кейін нар тәуекелге бел буып, тағдырдың жазғанына мойынсұнып былай деді:

Біз бәріміз Аллаһтың құлдарымыз және Оған ораламыз. Әке-шешем сенің жолыңда құрбан болсын. Сентірікездеәдеміедің,жаныңкеудеңненұшыпкетсе де,ажарыңатқантаңдайарайланыпқалаберіпті.Аллаһ тағала саған өлім ауыртпалығынан басқа бір қайғы бермейді. Бұл белесті де артқа тастадың.

Мұнафықтар Пайғамбарымыздың (с.а.с.) көз жұмған сәтін қапы жібермей, аярлыққа басып, тағы бір лаң шығарып, бүлік бастады:

Мұхаммедегерпайғамбарболса,өлмеседі,–деп мұнафықтармұсылмандардыңжанкүйзелісінпайдаланып, рухтарын түсіруге тырысып бақты.

Айтылған бұл ауыр сөздерге одан әрі төзе алмаған асыл ер хазірет Омар (р.а.) қылышын қынынан суырып:

Расулаллаһ өлген жоқ. Кімде-кім оны өлді десе, мына қылышыммен басын кеудесінен ұшырамын,– деді.

Осы кезде Әбу Бәкір салқынқандылық танытып, сахабалардың Пайғамбарымызға деген сүйіспеншілік-

51

Cаңлақ cахабалар

терінен туындаған рухтары мен көңілдеріндегі терең тебіреністі басқа оқиғалар арқауына желі боларын ойлап, бұған дер кезінде тосқауыл қоя білді. Ол:

– Кімде-кім Мұхамедке құлшылық еткен болса, біліп қойсын, ол өлді. Кім Аллаһқа құлшылық еткен болса, Ол Бақи (Өлімсіз) және өлмейді. Аллаһ тағала Құранда:“Мұхаммедтекпайғамбарғана.Оданбұрын

да қаншама пайғамбар келген. Егер ол өлтірілсе немесеөлсе,сіздерқайтыпескікүйлеріңізгеқайтаораласыздар ма? Кімде-кім кері оралар болса, Аллаһқа зиянкелтіреалмайды.Аллаһшүкіреткендергеоның сауабын береді (Әли-Имран, 144) деген аятты оқыды да:

– Аллаһтың діні өмір сүре береді. Аллаһ дінін кемеліне жеткізеді. Аллаһ өзінің дініне жәрдем етіп, оның туын жоғары желбіретер адамның көмекшісі болады. Қолыңызда Аллаһтың кітабы бар. Ол – нұр әрі шипа.Аллаһтыңадалқылғаныменхарамқылғанысонда мәлім етілген, – деп29, жиналған жұртқа басу айтып, Расулаллаһтың бұл дүниеден өтуімен оның қызметінің тоқтапқалмайтындығынбілдірді.Жұртшылықабдырап қалған сын сағатта Әбу Бәкір салқынқандылығымен, парасатыменадамдардыңмұңдыкөңілдерінедемберіп, қайғыға бел алдырмауы үшін қам жасады.

Әбу Бәкір беделді сахабалардың келісімімен бірауыздан халифа болып тағайындалды. Өйткені сахабалардың барлығы Пайғамбарымыздың (с.а.с.) көңіліндегі адам Әбу Бәкір екенін жақсы білетін. Әбу Бәкір халифа болып тағайындалған күннің ертесінде мешіттегі мінберге шығып, халыққа былай деді:

29Бухари, Жанаиз, 123; Ибн Мажә, Сунән, Бейрут, Ихяуттурасил араби, Жанаиз, 65; Сира, 4:305.

52

Жәннатпен сүйіншіленген он сахаба

Ей, әлеумет! Мен араларыңыздағы ең жақсы кісі болмасам да, сіздерге басшы болып сайландым. Құран мен Пайғамбарымыздың (с.а.с.) сүннеті бізге үйретілді. Біз не нәрсе білсек те, соның арқасы… Шамам келмейтін жауапкершілігі ауыр істі еріксіз мойныма алдым. Бұл міндетті абыроймен алып жүре алатын біреудің сайлануын қалар едім. Сіздерге Аллаһтан қорқыңдар деймін.

Аз-кемүнсіздіктенкейінӘбуБәкіржаңатыныспен қайта үн қатты:

Уа, халайық! Міндетімді өз деңгейінде дұрыс орындасын десеңіздер маған қалтқысыз бағынып, жәрдем етіңіздер. Егер жаман жолға бет алсам, тура жолға түсіріңіздер. Туралық – бір аманат, жалған – бір қиянат.Иншаллаһ,араңыздағыеңәлсізіменіңқасымда ақысын алғанша – ең күштіңіз, араңыздағы ең күштіңіз де – мойнында біреудің ақысы бар кезде оны иесіне алып бергенге дейін ең әлсізі болады. Мен Аллаһ пен Расулының жолынан ауытқымасам, сіздер де маған бағыныңыздар. Аллаһ пен елшісінің әмірлеріне қарсы келсем, маған бағынбасаңыздар да болады. Өзім және сіздер үшін Аллаһтан кешірім тілеймін30.

Әбу Бәкір Сыддық (р.а.) халифа болған соң Пайғамбарымызға (с.а.с.) деген ыстық ықыласын суытпай, мойнына жүктелген қызметті атқаруға кірісіп кетті. Ең алғашқы ісі – Пайғамбарымыздың (с.а.с.) аяқтай алмаған ісі – Усаманың басшылығындағы әскерді Сирияға аттандыру болды. Сахабалардың кейбіреулері сол кездері пайда болып келе жатқан “жалғанпайғамбарлар”мәселесіналғатартып,әскердің

30М. Юсуф Қандыхләуи, Хаятус-сахаба, Бейрут, 1972, 3:317;

Табақат, 3:182-183.

53

Cаңлақ cахабалар

жорыққа аттануын кейінге қалдыруды ұсынды. Бұған халифа Әбу Бәкір:

Аллаһқа ант етемін, егер жолбарыстар мен қасқырлар Мәдинаға келіп қауіп төндірсе де, Аллаһ расулының бұйрығын орындаймын. Өйткені, ол: “Усаманыңәскерінміндеттітүрдеаттандырыңдар”деп кетті, – деп жауап берді.

ХазіретОмарУсаманыңәліжасекендігінескертіп, оданүлкенірекбіреудіңқолбасшыетіптағайындалуын ұсынғанда:

Ей, Хаттабұлы! Усаманы Аллаһ елшісінің өзі қолбасшы етіп тағайындағанын біле тұра бұл әмірді қалай өзгерте аламын? – деп, Аллаһ расулына шынайы берілгендігін көрсетті.

Әскерді аттандырмас бұрын Әбу Бәкір Усамаға Исламныңсоғысқұқығынабайланыстымынамаңызды қағидаларын қатаң ұстануын бұйырды:

“Шектен шығып, қиянат жасамаңдар. Уәделеріңді бұзбаңдар. Өлтірілгендердің ағзаларын кеспеңдер. Балаларды, қарттарды және әйелдерді өлтірмеңдер. Құрма ағаштарын кесіп өртемеңдер. Жеміс беретін ешбір ағашты кеспеңдер. Қой, сиыр немесе түйелерді қажеттіліктен тыс соймаңдар. Жолда шіркеулерде құлшылық жасаушыларға тиіспеңдер!”

Усаманың басшылығындағы әскер Әбу Бәкірдің берген нұсқауы бойынша жүріп кетті. Гректерге кезікпеді. Бірақ кері қайтар жолда діннен шыққан Хуза‘алықтардың бір тобын ойсыратты. Осылайша әрі Аллаһ елшісінің (с.а.с.) әмірі орындалды, әрі бас көтеріпкележатқанүлкенбірбәлекеттенмұсылмандар аман қалды.

54

Жәннатпен сүйіншіленген он сахаба

Бұлжауапкершілігімолхалифалықістіңқиындығы жайлы Әбу Бәкірдің қызы – Айша анамыз (р.а.) былай дейді:

“Бұлміндет–тауғажүктелерболса,онытас-талқан етерліктей ауыр міндет. Бірақ Әбу Бәкір бұл міндетті Аллаһтың қолдауы мен мұсылмандардың жәрдемінің арқасында ең жақсы түрде атқарды. Халифа болып тұрған кезеңінде Құран мен хадисте ашық бір дәлел табылмаған мәселелерді сахабалармен кеңесіп, келісіп шешетін”.

Хазірет Әбу Бәкір біреуге жауапкершілігі мол істі жүктеген кезде, сол адамның қабілетіне қарап лайықтыларын қапысыз таңдап тағайындай алатын кемеңгер басшы еді. Мысалы, оның қаржы істеріне Пайғамбарымыздың (с.а.с.) “Үмбеттің сенімдісі” деп атаған Әбу Ұбайда ибн Жаррахты, құқық істеріне әділеттің үлгісі – Омар Фаруқты, жазу және тіркеу істеріне уахиді жазып алушылардан Зәйд ибн Сәбитті тағайындауы бұған айғақ бола алады.

Ол әкімдер мен әскер басшыларына үнемі жазбаша түрде кеңес беріп тұратын. Осындай кеңестерінің бірі Икримаға (р.а.) жіберген мына хатында көрініс тапқан:

“Істеймін деп уәде берген ісіңді істе. Сөз берсең, оны орында. Ескерту жасаудан қорықпа. Бірақ бұны істегенде нені айтып, нені айтпау керектігін абайла. Кінәліге кінәсінен артық жаза берме. Жазаға лайық болған адамның жазасын беруді кешіктірме”.

ӘбуБәкірдіңқарапайымдылығы,кішіпейілдігімен әділдігі халифа болып тағайындалғаннан кейін де бір мысқал өзгермеді. Ол өз күнін өзі көріп, отбасының нәпақасынөзмаңдайтеріментабудыңжолдарынойлап,

55

Cаңлақ cахабалар

соған ұмтылды, мемлекет қазынасынан ақша алу үш ұйықтаса түсіне кірмейтін. Ол саудамен айналысқысы келді. Сондай күндердің бірінде базарға беттеген оның алдынанхазіретОмаршығып,оғанхалифаболғандығы үшін “байтул-малдан” (мемлекет қазынасынан) айлық тағайындалуынұсынды.ХазіретӘбуБәкір:“Алғанбұл айлығымды кері өтей алмаймын ба деп қорқамын”, – деген еді. Бірақ Омар оған уақытының тек мемлекет істерінеғанажетерін,саудажасауғауақытқалмайтынын айтып, ақырында қазынадан күн көруіне жетерлік айлық алуға көндірді. Бірақ ол қайтыс боларда алған айлығының өзінің мирасынан есептелініп, өзінен кейін келетін халифаға берілуін өсиет етіп жазып кеткен31.

Әбу Бәкірдің (р.а.) халифа болып тұрған кезіндегі жасаған қызметтеріне қысқаша тоқтала кеткен жөн. Пайғамбарымыз (с.а.с.) қайтыс болмай тұрып-ақ Ямама,Йеменжәнебасқадажерлердежалғанпайғамбарлар шыға бастаған еді. Олар тайпаларын өздерінің ырқына бағындырғысы келіп, Пайғамбарымыздың (с.а.с.) көз жұмуын пайдаланып, әрекетке көшті. Әбу Бәкір (р.а.) оларға әскер жіберіп, жаңадан бой көтеріп келе жатқан бүлікті басып тастады.

Пайғамбарымыз (с.а.с.) қайтыс болғаннан кейін кейбірарабтайпаларыдінненшығабастады.Яһудилер менхристиандардақарапжатпады.Бұлмұсылмандардың жағдайын қиындатты. Әбу Һурәйраның айтқанындай, “егерӘбуБәкірболмағанда,Пайғамбарымыздың(с.а.с.) дүние салуынан кейін мұсылмандар күйреуге ұшырар еді”. Бұл жайлы кезінде қаталдығымен танылған Омар ибн Хаттаб:

31 Хаятус-сахаба, 2:148.

56

Жәннатпен сүйіншіленген он сахаба

”Діннен шығушыларға қарсы жасалған соғыста Әбу Бәкірдің менен де қатал және өте ынталы екенін көрдім. Ол халифа болып тұрған кезінде халықты Ислам әдептеріне керемет баулығаны соншалық, мен билікті қолыма алған кезімде оларды басқаруда еш қиындықкөрмедім”,–депболмысынанжұмсақмінезді Әбу Бәкірдің ақиқатты қорғауға келгенде босаңдық танытпай, үлкен жаупкершілікпен қарағандығын атап көрсеткен. Әбу Бәкір Аллаһтың көмегі мен өзінің басшылық қабілетінің арқасында мұсылмандарды бұл қорқынышты апаттан құтқарып, Ислам бірлігін сақтап қалды.

Оның Ислам үшін атқарған ең маңызды ісінің бірі – Құранды жинатуы. Ямама соғысында көптеген хафыздардың шейіт болуы, сонымен бірге әр түрлі материалдарға жазылған Құран аяттарының жоғалып кету қаупін туғызды. Хазірет Омардың жасаған ұсынысынаӘбуБәкіралғашында:“Пайғамбарымыздың (с.а.с.) көзі тірі кезінде жасамағанын мен қалай жасаймын?” деп тартыншақтаса да, бұл істің маңыздылығын сезінгеннен кейін Құранды жинастыруды бұйырды.

Құранның жинастырылуы үшін арнайы алқа құрылып,жетекшілігінеҚұрандыеңжақсыоқып-білетін жасЗәйдибнСәбиттағайындалды.Пайғамбарымыздың (с.а.с.) көз алдында жазылғандығына екі куәгердің куәлік етуі шартымен Құран аяттары жинастырылды. Біржылдыңішіндебөлек-бөлекболғанҚұранпарақтары біржергежиналды.ӘбуБәкірдіңәмірібойыншаҚұран ең жақсы білетін сахабалардан құрылған арнайы алқаның алдында оқылып, бірауыздан қабылданды.

Халифа Әбу Бәкір жинастырылған бұл Құранды өмірінің соңына дейін өзінің жанында сақтады. Ол

57

Cаңлақ cахабалар

қайтыс болғаннан кейін бұл нұсқа Омар ибн Хаттабқа, одан кейін Омардың қызы әрі Пайғамбарымыздың (с.а.с.) жұбайларынан Хафса (р.а.) анамызға берілді32.

Аллаһ расулының (с.а.с.) халифасы Әбу Бәкір Исламды мұқтаж көңілдерге жеткізу үшін әскер жасақтады. Ол Аллаһтың қылышы атанған Халид ибн Уәлидтің басшылығындағы бір әскерді Иракқа жолдады. Бұл әскер жеңістен жеңіске жетіп, Ирактың үлкен бөлігінқоластынақаратты.ИрактыалғаннанкейінХалид ибн Уәлидті Сирияға аттандырды, бірақ ол жердің алынғаны жайлы сүйінші хабарды есту пешенесіне жазылмапты. Хижраның он үшінші жылында Әбу Бәкір дүние салды.

Ол тақуалығымен және Аллаһқа шын берілген құлдығымен де ерекшеленді. Бір күні сахабалар Пайғамбарымыздың (с.а.с.) айналасына жиналып отырған кезде Аллаһ елшісі (с.а.с.) оларға:

“Бүгінкіморазаұстады,кімжаназағақатысты,кім бірпақырдытойдырды,кімаурудыңкөңілінсұрапбар- ды?”,–депжеке-жекеқойғансұрақтарыныңбәрінеӘбу Бәкір “мен” деп жауап берген. Сол кезде Ардақты елші (с.а.с.) күлімсіреп: “бұл ерекшеліктер кімнің бойынан табылса, ол Жәннатқа кіреді” деген еді33.

Хазірет Әбу Бәкір Құранды мақамдап өте әдемі оқитын. Ол Құран оқыған кезде өзі де егіліп, өзгені де толқытатын. Исламның алғашқы жылдарында Меккедегі мүшріктердің әйелдері, балалары мен құлдарының өзі де оның Құран оқығанын тыңдау үшін айналасына жиналып қалатын. Бірақ мүшріктер бала-

32Бухари, Фадаилуль-Куран:2.

33Муслим, Фадаилус-сахаба:12.

58

Жәннатпен сүйіншіленген он сахаба

шағамызды дінімізден бездіреді деп қорқып, бұған кедергі жасаумен болатын.

Ол Құранды түсіну және сүннетті білу жағынан да сахабалардың арасындағы ең білгірі. Өйткені, үнемі Расулаллаһпен бірге жүріп, бойындағы бар қабілетін Исламды,Құрандыүйренугебағыттағанеді.Сондықтан даПайғамбарымыз(с.а.с.)тірікезініңөзіндеоғанпәтуа беругерұқсатеткен-ді.ХазіретӘбуБәкірқайаяттыңне үшін және қалай түскендігін өте жақсы білетін.

Ол жомарттығы жағынан да алдына жан салмайтын.Жомарттығысоншалық,тіптібүкілдәулетінАллаһ жолында жұмсауға дейін баратын. Бұл жайлы хазірет Омар былай дейді:

“Исламның кең таралуы үшін Расулаллаһ бірде жәрдемдесуіміздібұйырды.Бұлменіңбайлығымныңең көп кезі. Ішімнен “әй, осы бүгін Әбу Бәкірден озбасам ба” дедім. Мал-мүлкімнің жартысын Аллаһ елшісіне әкеліп табыс еттім. Аллаһ елшісі “Ей, Омар! Отбасыңа не қалдырдың?” – деді. “Дүние-мүлкімнің жартысын қалдырдым”, – дедім.

БіразданкейінӘбуБәкіркелді.Олмал-мүлкінтегіс алып келген екен. Расулаллаһ (с.а.с.) одан, “Ей, Әбу Бәкір, сен отбасыңа не қалдырдың?”, – дегенде оның жауабы мынау болды: “Оларға Аллаһ пен Расулының сүйіспеншілігінқалдырдым”.Мұныестігенмен“бұдан кейін жақсылық жасау жолындағы жарыста мен Әбу Бәкірден ешқашан да оза алмаспын” деп түйдім.

АллаһтыңСүйіктіелшісі(с.а.с.)ӘбуБәкірдің(р.а.) жомарттығы мен жанқиярлығын үнемі жоғары бағалап мақтан тұтатын. Ол :

59

Cаңлақ cахабалар

“Маған дүние-мүлкі мен сұхбаттасуы жағынан адамдардың ең жомарты Әбу Бәкір” десе, басқа бір хадисінде:

“Әбу Бәкірден басқа істеген істерінің құнын өтей алмаған ешкімім жоқ. Біздің қасымызда оның жомарттығы сондай, қиямет күні оның қарымын тек Аллаһ қана бере алады”, – деген34.

Аллаһ елшісі (с.а.с.) хазірет Әбу Бәкірдің Ислам діні үшін жасаған жақсылықтарын, шынайылығы мен жанқиярлығын әрдайым мақтап, оны басқаларға үлгіөнеге ететін. Пайғамбарымыздың ішкі жан дүниесін ең жақсытүсінетіндеӘбуБәкір(р.а.)еді.Пайғамбарымызға дегенсүйіспеншілігіменИсламдінініңкеңжайылуындабүкілсахабаныңішіндеоныңорныерекшеболатын. Ол жақсылық пен жомарттық шыңына шықты. Оның өмірі мен қызметтерін толық қамтып айту – өз алдына бөлек кітап жазуды қажет етеді. Адамды таңғалдырып, тамсандырарғұмыркешкенадалсерік,абзалтұлғажайлы Мұхаммед Мұстафаның (с.а.с.) сөздерінен бірнеше мысал берейік.

Ибн Омар былай дейді:

– Пайғамбарымыз (с.а.с.) үйінен шығып мешітке кірді.Оңжағында–ӘбуБәкір,солжағында–Омарбар еді.Екеуініңқолдарынанұстаптұрып:“Қияметкүнінде біз осылайша қайта тірілтілеміз”, – деді35.

Басқа бір хадисінде: “Кімде-кім Аллаһ разылығы үшін садақа берсе, Жәннатта “Ей, Аллаһтың сүйікті құлы! Мына жерге кел. Бұл есікте көп жақсылық пен мол берекет бар”, – деп шақырылады. Көп намаз оқығандар – Жәннаттың намаз есігінен, мужаһидтер –

34Муслим, Фадаилус-сахаба:2; Тирмизи, Манакиб:15.

35Ибн Мажа, Мукаддима: 11; Тирмизи, Манакыб: 16.

60