Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Galia_otchet_ped_praktika.docx
Скачиваний:
314
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
859.69 Кб
Скачать

Мінездеме

Магистрант Қуанышбаева Ғалия 01.09.2014-10.12.2014ж.ж. аралығында «Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу, еңбек құқығы» кафедрасында педагогикалық тәжірибеден өтті.

Педагогикалық тәжірибемен танысу кезінде студенттердің сабақ жоспарын қалай жасау және көрнекі құралдарды қалай қолдану керектігімен танысты. Ал, тәжірибе барысында дәріс, семинар және СОӨЖ сабақтарына тиянақты дайындалып, әр сабағын қызықты және мазмұнды өткізуге тырысты. Сабақтардың методикалық құрылымын дұрыс құрастырып, дәріс сабағына жан-жақты және толық дайындалып, ал, семинар мен СОӨЖ сабақтарына аса жауаптылықпен қарап, студенттерді ынталандырып, обьективті түрде бағалауға тырысып отырды.

Тәжірибе барысында магистрант әр сабаққа ұқыпты және негізді, өте жоғары деңгейде дайындалып келіп отырды. Дәрістің құрылымы қажетті талаптарға сәйкес болды. Магистрант жалпы және арнайы әдебиеттерді жинау және саралау бойынша барлық ұсыныстарды ескерді. Семинар сабақтарын өткізу кезінде магистрант студенттердің назарын тақырыптың ең негізгі, актуальді тұстарына ерекше көңіл аударды.

Қуанышбаева Ғалия өзін жауапкершілігі мол, ұқыпты және салмақты магистрант әрі оқытушы ретінде таныта білді. Заңгер ретінде барлық құқық саласы бойынша жоғары білімді және сол білімін студенттерге үйретуге, жеткізуге барынша тырысады. Студенттермен достық қарым-қатынас орната алады. Дәрісті көптеген көрнекі құралдар (карточкалар, слайд, плакаттар, сөзжұмбақтар) қолданып, қызықты өткізу арқылы студенттердің сабаққа деген қызығушылығын оятып, ынталандыра алады.

Қуанышбаева Ғалия тәжірибе барысында өзін тәртіпті жағынан көрсете білді және педагогикалық тәжірибе барысында ескерту мен сөгістер алған жоқ. Студенттерге де, өзіне де жоғары талап қояды және өзін әдепті, сыпайы ұстайды. Осы тәжірибе барысында ол өзін тек жақсы жақтарынан көрсетті, келешекте қабілетті оқытушы болатынына сеніміміз мол.

Ғылыми жетекші: з.ғ.к., доцент Ермухаметова С.Р.

Педагогикалық

тәжірибе жетекшісі: з.ғ.д., доцент Алдашев С.М.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің юп-303 тобының студенті Шоман Ұлан Төлегенұлы Мінездеме

Туған күні: 11.07.1995

Мамандығы: Заң

Денсаулық жағдайы: Жақсы, физикалық дамуы жасына сай және орнықты. Созылмалы аурумен ауырмайды, дене шынықтыру сабағынан босатылмаған.

Мектеп бітіру жылы: 2012 ж

Жұмыс стажы: жоқ

Ата-аналары: қызметкерлер

Отбасы жағдайы: толық

Отбасы қатынасы стилі: белсенді активист

Шоман Ұлан әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде 2012 жылдан бастап «Заңтану» мамандығы бойынша білім алуда. Университет қабырғасында үш жыл оқу барысында Ұлан өзін тек жақсы жағынан көрсетіп келеді.

Оқу әрекеті: Оқуға деген ынтасы жоғары. Сабаққа белсенді араласады және терең білім алуға ұмтылады. Оқу үлгерімі мен тәртібі «өте жақсы» деп бағалауға тұрарлық.

Логикалық ойлауы жоғары, өз пікірін емін-еркін және ашық білдіре алады. Пікір алмасуға өте қолайлы серіктес. Мәселеге қорытынды, талдау жасау қабілеті жақсы дамыған. Қорытынды жасау кезінде дербестік қасиеттерін көрсетеді.

Ұжыммен қарым-қатынасы: Университет, факультет көлеміндегі іс-шараларға белсенді араласып келеді. Топпен университеттің жетістіктері мен сәтсіздіктеріне ерекше сезіммен қарайды. Оқу орнының, жатақхананың, студентердің әлеуметтік, саяси, материалдық, тәрбиелік мәселелерін шешу барысы толғантады және ол мәселелерді шешу жолдары туралы өзіндік ұсыныстары бар. Топтағы барлық студенттерді өзіне дос тұтады, барлығымен тату, олармен қарым-қатынаста ашық және сыпайы.

Тәртіп ерекшелігі: Ұлан сәтсіздік немесе қысым жағдайында эмоциясын басқара алады. Атқарылуы қиын тапсырмаларда өзінің табандылығы мен қайсарлығының арқасында әрқашан жақсы нәтижеге қол жеткізіп келеді. Оқытушылардың және топтағы студенттердің ескертулеріне сын көзімен қарайды.

Адам бағыттылығы: Ғылыми, психологиялық және әдеби көркем шығармалар оқығанды ұнатады. Болашақта өз ісінің нағыз маманы болғысы келеді. Жеке адам ретінде табанды және қайсар жігіт. Оқытушылар тарапынан берілген тапсырманы мұқият орындап, өзінің білімділігімен, жоғары моральдық қасиеттерімен көзге түседі.

Топ белсендісі ретінде достары арасында беделді. Келешекте Ұлан сапалы білімді, саналы тәрбиелі маман иесі болатынына сенімім мол.

Психолог: п.ғ.д.,профессор Бердібаева С.Қ.

Магистрант: Қуанышбаева Ғ.Б.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]