Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Tarikh_1

.docx
Скачиваний:
113
Добавлен:
23.03.2016
Размер:
369.68 Кб
Скачать

40-Сұрақ 1868-1869жж.Орал,Торғай облыстарындағы және 1870ж.Маңғыстаудағы қазақ көтерілістері.

1867-1868жылдардағы реформалар отаршылдық езгіні тереңдетті:

-Жерді патша үкіметінің мемлекеттік меншігі етіп жариялады.

-Жаңа бекіністерді көптеп салды.

-Салықтар көбейтілді(шаңырақ және земство салығы).

Осы ауыртпалықтар қазақ шаруаларын азаттық күреске көтерді.

1868 жылдың желтоқсаны мен 1869 жылдың қазаны аралығы –Орал мен Торғайдағы көтеріліс отаршылдыққа қарсы және антифеодалдық сипатта болды.

Көтеріліс жетекшілері:Сейіл Түркібайұлы және Беркін Оспанұлы.Көтерілісті басқаруға артықшылықтарынан айырылған ру басылары қатысып,кейін көтерілістің бұқаралық,таптық бағытынан сескеніп ауытқыды.Көтерілісшілердің талаптары:еркін көшіп-қонуды сақтау;жер сатуды тоқтату;уезд бастықтарын бекіту шарттарын жою;салықты жою.

1869жылғы 6мамырда Жамансай көлі маңында 20000 көтерілісші фон Штемпель тобын 7күн бойы қоршап,жазалаушылар шайқаспай әскери шепке қайтып кетті.

1869жылғы наурыз-маусымда 30000 5аруа феодалдарға қарсы 41рет шабуылдады.Көтерілісшілерге қарсы подполковник Рукиннің,граф Комаровскийдің,генерал-губернатор Веревкиннің жазаушылар тобы жіберілді.

Ақсүйектер опасыздығынан көтеріліс талқандалды.Жеңілу себептері:қарудың аздығы,ауызбірліктің болмауы,ақсүйектер опасыздығы,шаруалардың түпкі мақсаттарын жете түсінбеуі.

1870 жыл-Маңғыстаудағы шаруалар көтерілісі.

Көтерілісшілер жетекшілері:Досан Тәжіұлы, Иса Тіленбайұлы.Көтерілістің себебі:40мыңдық шаңырақтан тұратын Адай руы екі жылда 160000 сом салық төлеуге тиіс болды.Көтеріліске түрткі болған оқиға:жазалаушылардың адайлықтардың мекендеріне жақындауы.

1870жылы 16наурызда Маңғыстау приставы подполковник Рукин тобы «Ережелерге»қарсылық білдіріп көшуге бел байлаған адайлықтарды күшпен тоқтатуға тырысты.

Бозащы түбегінде 200көтерілісші жазалаушыларды қоршап алып талқандады.Рукин атылып өлді.Қозғалыс бүкіл Маңғыстауға таралып,Николаевск станциясы мен Александровск фортының балық аулау кәсіпшіліктеріндегі жұмысшылар қосылып,көтерілісшілер тобы 10000-ға жетті.

1870жылғы 5сәуірде көтерілісшілер Александровск фортына шабуылдады.

1870жылғы мамырда Маңғыстауға Кавказдан әскери топ жеткізіліп,көтеріліс талқандалды.

Әскери министр Милютиннің«бұларды келістіріп жазалау керек» деген нұсқауына сәйкес Орынбор генерал-губернаторы Н.А.Крыжановский көтерілісшілерді 3ай бойы қудалады1870жылғы желтоқсанда И.тіленбайұлы,Д.Тәжіұлы,И.Көлұлыбастаған 3000 шаңырақ Хиуа хандығына өтіп кетті.Бұл көтерілістердің тарихи маңызы:тұңғыш рет қазақ жұмысшыларының күреске қатысуы;ХІХғ. 70-80ж.Ресейдегі азаттық қозғалыстың құрамдас бөлігі.

1869жылғы наурыз-маусымда 30000 шаруа феодалдарға қарсы 41рет шабуылдады.Көтерілісшілерге қарсы подполковник Рукиннің,граф Комаровскийдің,генерал-губернатор Веревкиннің жазаушылар тобы жіберілді.

Ақсүйектер опасыздығынан көтеріліс талқандалды.Жеңілу себептері:қарудың аздығы,ауызбірліктің болмауы,ақсүйектер опасыздығы,шаруалардың түпкі мақсаттарын жете түсінбеуі.

1870 жыл-Маңғыстаудағы шаруалар көтерілісі.

Көтерілісшілер жетекшілері:Досан Тәжіұлы, Иса Тіленбайұлы.Көтерілістің себебі:40мыңдық шаңырақтан тұратын Адай руы екі жылда 160000 сом салық төлеуге тиіс болды.Көтеріліске түрткі болған оқиға:жазалаушылардың адайлықтардың мекендеріне жақындауы.

1870жылы 16наурызда Маңғыстау приставы подполковник Рукин тобы «Ережелерге»қарсылық білдіріп көшуге бел байлаған адайлықтарды күшпен тоқтатуға тырысты.

Бозащы түбегінде 200көтерілісші жазалаушыларды қоршап алып талқандады.Рукин атылып өлді.Қозғалыс бүкіл Маңғыстауға таралып,Николаевск станциясы мен Александровск фортының балық аулау кәсіпшіліктеріндегі жұмысшылар қосылып,көтерілісшілер тобы 10000-ға жетті.

1870жылғы 5сәуірде көтерілісшілер Александровск фортына шабуылдады.

1870жылғы мамырда Маңғыстауға Кавказдан әскери топ жеткізіліп,көтеріліс талқандалды.

Әскери министр Милютиннің«бұларды келістіріп жазалау керек» деген нұсқауына сәйкес Орынбор генерал-губернаторы Н.А.Крыжановский көтерілісшілерді 3ай бойы қудалады1870жылғы желтоқсанда И.тіленбайұлы,Д.Тәжіұлы,И.Көлұлыбастаған 3000 шаңырақ Хиуа хандығына өтіп кетті.Бұл көтерілістердің тарихи маңызы:тұңғыш рет қазақ жұмысшыларының күреске қатысуы;ХІХғ. 70-80ж.Ресейдегі азаттық қозғалыстың құрамдас бөлігі.

41-Сұрақ ХIХ ғ. екінші жартысы мен ХХғ. басындағы Қазақстандағы Ресей империясының қоныс аудару саясаты.

Ұйғырлар мен дүнгендердің Қазақстанға қоныс аударуының себептері, мақсаты, барысы. Жетісу­да егіншіліктің да­му­ына XIX ғасыр­дың 70–90 жыл­да­рын­да Шығыс Түркістан­нан қоныс аударған ұйғыр­лар мен дүнген­дер ықпал етті. Қоныс­танды­ру екі ке­зеңде бол­ды. Бірінші ке­зеңде 1877 жы­лы Тоқмақ ауда­нына (Солтүстік Қырғызс­тан) шэнь­си дүнген­дерінің бір то­бы келді, 1881–1883 жыл­да­ры, Санкт-Пе­тер­бург шар­ты­на сәй­кес, Іле өлкесінен ұйғыр­лар мен дүнген­дердің негізгі көпшілігі қоныс аудар­ды. Қоныс­та­нушы­лар­дың жаңадан 5 бо­лыс: Жар­кент және Кет­пен (қазіргі Пан­фи­лов ауда­нының аумағын­да), Ақсу-Ша­рын (Ұйғыр ауда­нын­да), Ма­лыбай (Ше­лек ауда­нын­да), Қара­су (Еңбекшіқазақ ауда­нын­да) бо­лыс­та­ры құрыл­ды. Жетісу­да ең жақсы жер­лер ка­зак­тардың пай­да­сына тар­тып алы­нып қойған­дықтан, ұйғыр­лар мен дүнген­дер қол­дан су­лан­ды­рыл­майын­ша егіншілікке он­ша жа­рам­ды бол­маған учас­ке­лер ал­ды. Об­лыстың се­ло халқын жер­ге ор­на­лас­ты­ру жөнінде 1882 жы­лы Жетісу об­лыстық басқар­ма­сы белгіле­ген ере­желер негізінде дүнген­дер мен ұйғыр­лар әрбір ер­кек адамға 10 де­сяти­надан жер алуға тиісті еді. Алай­да 1885 жы­лы қоныс­та­нушы­ларға үлесті жер бөліп бе­ру қолға алынған кез­де, әрбір ер­кек адамға 4–5 де­сяти­надан ғана жер бөлініп беріліп, 1892 жыл­дың 1 қаңта­рынан бас­тап об­роктық алым – са­лық са­лына­тын бол­ды. Се­лодағы және қала­дағы ұйғыр мен дүнген ха­лықта­ры өздерінің әкімшілігі, мешіті және оны басқара­тын дінба­сы бар қауым­дарға бөлінді. Қоныс­та­нушы­лар­дың ке­дей­лен­ген бөлігі алғашқы кез­дерде өздеріне берілген үлесті жердің шағын учас­ке­лерін ғана иге­ре ал­ды. Со­ның нәти­жесінде қауым­дар ішінде өзінше бір арен­да­лық қаты­нас­тар қалып­та­сып, қауым­ның ке­дей мүше­лері өздерінің үлесті жер­лерін не­месе олар­дың едәуір бөлігін қауым­ның әлді мүше­леріне беріп отыр­ды, ал өздері «арен­да­тор­ларға» күнделікті жұмыс­шы­лар (мердігер­лер) ретінде өнімнің бір бөлігін ала­тын бо­лып жал­данды. Бұл үлесті жер­лер фор­маль­ды жағынан әлі де бұрынғы иелерінің атын­да бо­лып қалғаны­мен, іс жүзінде олар жаңа қожайын­дардың то­лық иелігіне көшетін. Сөйтіп, қауым­дардың жоғары бай топ­та­ры, дінба­сылар және дүнген, ұйғыр қауым­да­рының се­лолық әкімшілігінің өкілдері қауым­ның көпте­ген мүше­лерінің үлесті жер­лерін өз қол­да­рына шоғыр­ланды­рып, ірі жер иелеріне ай­нал­ды. Қауым­дық жер­лердің се­ло бай­ла­рының қолы­на шоғыр­ла­ну­ына дүнген­дер мен ұйғыр­лардың шет кәсіпке ке­туі де се­бепші бол­ды. Алған жер­лері құнар­сыз бо­лып, жұмыс көлігі мен ауыл ша­ру­ашы­лық құрал­да­ры бол­маған ке­дей­лер алым-са­лықтар төлеу жөніндегі жеңілдік берілген мерзім біткен­нен кейін мүлдем күй­зелді, өздерінің үлесті жер­лерін жап­пай тас­тап, қала­ларға жал­да­ма жұмыс­шы және ауыл ша­ру­ашы­лық ба­тырақта­ры бо­лып та­быс іздеп кетті. Дүнген­дер мен ұйғыр­лар өздерімен бірге Жетісуға жа­сан­ды жол­мен су­лан­ды­рыла­тын егіншіліктің қалып­тасқан дәстүрлерін әкелді. Дәнді дақыл­дар ішінде би­дай ба­сым бо­лып, жердің жар­ты­сынан ас­та­мына би­дай егілді. Ұйғыр­лар сон­дай-ақ мақта өсіру­мен және ішіна­ра жібек құртын өсіру­мен де ай­на­лыс­ты. Дүнген­дер мен ұйғыр­лар май дайын­дау үшін зығыр мен күнжіт, қыша екті. Кейіннен те­мекі өсіріп, оны жергілікті ры­нок­та тиімді етіп өткізе бас­та­ды. Жетісу­да қоныс ауда­ру қоныс­танды­рушы­ларға да әсер ет­пей қойған жоқ. Егер бұрын ұйғыр­лар мен дүнген­дер ша­ру­ашы­лығын­да ағаш са­бан­дар мен басқа да до­бал құрал-сай­ман­дар қол­да­нылып кел­се, енді олар темір соқалар­ды, тыр­ма­лар­ды, се­ял­ка­лар­ды, т. б. пай­да­лана­тын бол­ды, жаңа ауыл ша­ру­ашы­лық дақыл­да­рын: сұлы, те­мекі, кар­топ, по­мидор және басқала­рын егуді игерді. Байырғы ха­лықтар – қазақтар мен қырғыз­дардың әсерімен дүнген­дер мал ша­ру­ашы­лығымен ай­на­лыса бас­та­ды. Ұйғыр­лар мен дүнген­дердің та­рихи тағдыр­ла­ры Ре­сейдің бір бөлігі ретіндегі Қазақ өлкесі ха­лықта­рының тағды­рымен тығыз ас­та­сып кетті.

42-Сұрақ ХХғ. басындағы Қазақстанның әлеуметтік – экономикалық және саяси жағдайы.

1905 – 1907 жж. бірінші орыс революциясының Қазақстанға әсері. Қазақстан еңбекшілерінің 1905–1907 жыл­дардағы ереуілдері орыс халқының ре­волю­ци­ялық күресімен тығыз бай­ла­ныс­ты еді. 1905 жы­лы ақпан­да Орал, Пе­ровск, Түркістан, Шалқар теміржол­шы­лары өздерінің эко­номи­калық жағдай­ла­рын жақсар­ту та­лабын қойған ереуіл жа­сады. 1904 жы­лы пай­да болған Сібір со­ци­ал-де­мок­ра­ти­ялық одағы, оның Ом­бы, Орын­бор, Са­ратов ко­митет­тері Қазақстан жерінде ре­волю­ци­ялық жұмыс­ты күшей­те түсті. 1905 жыл Қазан айын­дағы Бүкілре­сейлік ереуілдің әсерімен Қазақстан­ның бар­лық қала­ларын­да ше­рулер, ми­тингілер мен жи­налыс­тар бо­лып өтті. Пе­ровскідегі, Орал­дағы, Қарқара­лыдағы, Пав­ло­дар­дағы ма­нифес­та­ци­ялар неғұрлым ірі бол­ды. Олар­ды орыс­тар ара­сынан және қазақтар­дан шыққан жергілікті зи­ялы­лар ұйым­дастыр­ды. Қарқара­лыдағы 1905 жылғы 15 қара­шадағы үлкен са­яси ми­тинг­ке қазақтар­дан, та­тар­лардан, орыс­тардан және басқала­рынан тұра­тын 400-дей адам қатыс­ты. Олар пат­ша өкіметіне қар­сы бірқатар та­лап­тар қой­ды, отар­шы­лық әкімшілікке қар­сы күре­суге шақыр­ды. Кейіннен Қарқара­лы оқиғасы­ның бас­шы­лары қуғынға ұшы­рады. А. Байтұрсы­нов Орын­борға, Ж. Ақба­ев Яку­тияға жер ауда­рыл­ды. Пат­ша өкіметі 1905 жы­лы 17 қазан­да ел­дегі ре­волю­ци­ялық қозғалыс­ты ба­су мақса­тын­да ар­найы ма­нифест қабыл­да­ды. Бірақ бұл жоғары мәрте­белі ма­нифест жұмыс­шы қозғалы­сын бәсеңдет­кен жоқ, қай­та кейбір жер­лерде күшей­те түсті. Қазақ жұмыс­шы­лары мен ша­ру­ала­ры пат­ша өкіметіне орыс жұмыс­шы­лары­мен және қоныс­танған ша­ру­алар­мен қол ұста­са оты­рып қар­сы шықты. Қазақ ша­ру­ала­ры ең ал­ды­мен жер, су үшін, теңдік, бос­тандық пен тәуелсіздік үшін күресті. 1905 жы­лы жаз­да Се­мей, Торғай және Орал об­лыста­рын­да жер үшін толқулар бол­ды. Мәске­удегі жел­тоқсан қару­лы көтерілісінің әсерімен 1905 жыл 11 жел­тоқсан­да Ус­пен руд­нигіндегі жұмыс­шы­лар­дың ірі ереуілі өтті. Ереуіл ба­рысын­да орыс жұмыс­кері Петр То­пор­нин мен қазақ жұмыс­шы­сы Әлімжан Бай­шағыров басқарған «Орыс-қырғыз одағы» құрыл­ды. Жұмыс­шы­лар өздерінің жал­пы жи­налы­сын­да қабыл­даған та­лап­та­рын «Пе­тиция» ретінде руд­ник бас­шы­сы Н. Фелль­ге тап­сырды. Оның бірде-бір пункті қабыл­данбаған­дықтан «Орыс-қырғыз одағының» шақыру­ымен руд­никте ереуіл бас­талды. Руд­ник кеңсесі үстіне қызыл жа­лау көтерілді. Ус­пен руд­нигі жұмыс­шы­лары­ның ереуілі 1905–1907 жыл­да­ры Қазақстан­да болған ре­волю­ци­ялық қозғалыс та­рихын­да көрнекті орын ала­ды. Яғни, ол өлке­де ре­волю­ци­ялық қозғалыс­тың ең жоғарғы ша­рықтаған кезі деп са­нала­ды. 1906 жы­лы 6 қаңтар­да пат­ша­ның ар­на­улы жар­лығымен Ақмо­ла және Се­мей об­лыста­рының бүкіл аумағына соғыс жағдайы енгізілді. Солтүстік Қазақстанға Мел­лер-За­комель­скийдің жа­залау экс­пе­дици­ясы әкелінді. 1905–1907 жж. болған ре­волю­ци­ялық қозғалыс­тармен бай­ла­ныс­ты Қазақстан жұмыс­шы­лары­ның кәсіпо­дақ ұйым­да­ры бой көтерді. Алғашқылар­дың бірі бо­лып Орал­дағы теміржол­шы­лар­дың кәсіпо­дағы (1905 ж. қара­ша) құрыл­ды, оған Н. Сму­ров, Н. А. По­кати­лов және Н. И. Ульянов бас­шы­лық жа­сады. 1905–1906 жж. Орын­бор-Таш­кент теміржол­шы­лары­ның кәсіпо­дағы ең ірі ұйым бо­лып са­нал­ды. Оның 6 мың мүшесі болған. 1905 жы­лы жел­тоқсан айын­да I Мем­ле­кеттік Ду­маны шақыру ту­ралы пат­ша үкіметінің жар­лығы шығып, оған Қазақстан­нан 9 де­путат, оның ішінде 4 қазақ сай­лан­ды. Олар: Ә. Бөкей­ха­нов, А. Бірімжа­нов, А. Қал­ме­нов, Б. Құлма­нов. 1906 жы­лы та­мыз айын­да II Мем­ле­кеттік Ду­ма шақырыл­ды. Оған Қазақстан­нан 14 де­путат сай­лан­ды, оның ал­та­уы қазақ ха­лық өкілдері бол­ды. Олар: Ш. Қошығұлов – Ақмо­ла об­лы­сынан, Х. Нұре­кенов – Се­мей об­лы­сынан, Б. Қара­та­ев – Орал об­лы­сынан, А. Бірімжа­нов – Торғай об­лы­сынан, Т. Ал­ла­бер­ге­нов – Сыр­да­рия об­лы­сынан, М. Ты­ныш­ба­ев – Жетісу об­лы­сынан. Ұлттық қозғалыс­тың Ә. Бөкей­ха­нов, А. Байтұрсы­нов бас­таған же­текшілері ха­лықтың азат­тық қозғалы­сын конс­ти­туци­ялық мо­нар­хия, ли­берал –де­мок­ра­ти­ялық ре­фор­ма­лар жүргізу үшін күрес­ке бағыт­тағысы келді. 1905 жы­лы қазан­да ұлттық ин­телли­ген­ция өкілдері Орал­да бес об­лыстағы қазақтар­дың де­легат­та­рының съезін өткізіп, он­да олар­дың ұлттық мүддесін қорғауға тиісті Ре­сейдің конс­ти­туци­ялық-де­мок­ра­ти­ялық пар­ти­ясы­ның фи­ли­алын құрмақшы бол­ды. 1906 жы­лы сәуір-ма­мыр ай­ла­рын­да Се­мей­де қазақтар­дың екінші съезі бо­лып өтті. Қазақ еңбекші бұқара­сының 1905–1907 жыл­дардағы ұлт-азат­тық қозғалы­сы көп жағдай­да ұйым­даспаған түрде өтті.

43-Сұрақ Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт – азаттық көтеріліс 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің себептері,барысы, нәтижесі және маңызы. 1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтеріліс қазақ халқының азаттық қозғалысы жылнамасының жарқын беттерінің бірі. Ол әлемдік империалистік соғыстың шиеленіскен уақытында. Ресейде шаруалар мен жұмысшылар қозғалысының белең алған кезінде өтті. Ресейден шаруаларды жаппай қоныс аудару саясаты, қазақ шаруашылығының құлдырауы, азамттық құқықтың шектелуі Қазақстанда ұлттық қатынастың шиеленісуіне әкелді. 1916 жылы патша әкімшілігі ресейлік отаршылдар үшін жаңадан жер тартып алуды ойластырды. А.Байтұрсынұлы сонау 1913 ж өзінде: «Қазақ ұлтының өмір сүруінің өзі проблемаға айналды»,-деп жазған еді. Көтерілістің негізгі себебі ұлттық және әлеуметтік езгінің халықтың кегін қайнататын деңгейге жетуінен болды. Қазақтан қара жұмысқа жігіт алу- көтеріліске себеп болған негізгі фактор еді. 1916ж 25маусым күні орыс емес «бұратана» халықтардың 19-43 жас аралығындағы ер-азаматтары соғысып жатқан армия ауданында қорғаныс құрлыстарын салу мен тыл жұмыстарына «реквизицияланатыны» жөніндегі патша жарлығы жарияланды. Алдын ала жасалған есеп бойынша,390 мың адам алу көзделді.Аталған Жарлық қазақ далысын өте ауыр жағдайға қалдырды.Тыл жұмыс-тарына жұмылдыру егін өнімдері мен пішін жинау,малды қысқы жайылымдарға айдауға дайындық кезінде жүргізілді.Іс жүзінде жұртшылық аштан қырылуға душар болды.Байырғы халықты тыл жұмыстарына ша-қыру халықтың ашу-ызасын тудырып,Орталық Азия халықтарының Ресей отаршылдығына қарсы қуа-тты көтерілісінің басталуына себепші болды.Көтерілістің құлаш сермеуінен сескенген патшалық өкімет орындары 20 шілдеде шақыруды егін өнімдерін жинағанға дейін,ал 30 шілдеде 1916жылдың 15 қыркүйегіне дейін кейінге қалдыра тұру жөнінде хабарлады.Бірақ өкімет орындарына отарлық езгіге қарсы көтеріліс жалынын өшірудің сәті түспеді.Көтерілістің негізгі әлеуметтік-экономикалық және саяси сипатты факторлары:отарлық езгінің күшеюі,еңбекшілерді аяусыз қанау,күшпен орыстандыру жөніндегі патша саясаты,ұлт араздығын қоздыру,еңбекші бұқараның соғысқа байланысты жағдайының нашарлауы. Стихиялы түрде басталған қозғалыс біртіндеп ұйымдасқан сипат ала бастады. Оның Торғай мен Жетісуда дала халқы-ның танымал өкілдері,көпке белгілі жетекшілері Амангелді Иманов,Әліби Жангелдин, Тоқаш Бокин,Бекболат Әшекеев т.б.бастаған ірі орталықтары пайда болды.Қазақтарды тыл жұмыстарына алу жөніндегі патша Жар-лығы Орынборға 1916жылғы 28 маусымда жетті.Торғай обл-ның әкімшілігі метро-полияның тікелей өкілдігі ретінде патша жарлығын сөзсіз,бұлжытпай орындау жөніндегі шешім қабылдады.Алайда ха-лық наразылығы күн санап өсе түсті.Қостанай,Ырғыз,Ақтөбе уездерінде шаруалардың стихиялық бас көтерулері басталды.Көтерілісшілер тау шатқалда-рына топтасып,пошта бекеттеріне шабуыл жасады,темір жолды бұзды,болыстық басқармаларды тал-қандап,болыстарды өлтірді.Көтеріліс Солтүстік Қазақстанның көптеген облыстарын қамтыды.Торғай уезінде А.Иманов бастаған ірі көтерілісшілер жасағы құрылды.Көтеріліске дейін-ақ Амангелді даладағы халық бостандығын жақтаушы,орталық тәтіптің бітіспес қарсыласы ретінде танылған еді.Ол бірнеше рет те түрмеге де түсті,заңсыз сотталған жерлесте-рінің ісімен Петербургке де сапар шекті1916ж шілдеде Амангелді қазақ жасақтарын көтерілісшілердің бірыңғай сапына жинай бастады.Көтерілісшілер Амангелдіні көтерілісшілер әскерінің бас қолбасшысы–сардарбек,Оспан Шолақты оның көмекшісі етіп,Әбдіғапар Жанбосыновты хан етіп сайлады.Амангелдінің әскері көтерілісшілердің басқа жасақтарынан ұйымдасқандығы және тәртібімен ерекшеленді.Сарбаздар ондық,жүздіктер мен мыңдықтарға бөлінді.Басқару жұмысы штаб міндетін атқарған Әскери Кеңес арқылы жүзеге асырылды.Ақпан революциясының қарсаңында,Қазақстанның басқа облыстарында әскери қимылдар тоқтаған-да,Торғай даласында жазалаушылар отрядтары мен көтерілісшілер арасындағы шайқастар жалғасып жатты.Ақпан төңкерісінің жеңісінен соң даладағы көтерілісшілер отрядтарының саны шұғыл өсті,ал 1917 ж-ң соңында Амангелді Торғайды алды.Көтеріліс Жетісу өлкесіне кең тарады.Мұндағы өзгешелік жаппай бой көрсетулерге тек қазақ еңбекшілері ғана емес,бас-қа халықтардың өкілдерінің де қатысуы еді.1916-1917 ж-ы көтеріліс бүкіл Қазақстанды қамтып,ұлт-азаттық қозғалыс дәрежесіне дейін өсті.Ол патшаның әскери-басқыншылық саясатына,әрі белгілі дәрежеде даланың жемқор бай феодалдарына қарсы бағытталды.Бұл көтерілістің негізгі мақсаты ұлттық және саяси жағынан азаттыққа қол жеткізу,Қазақстанның барлық азаматтарына тең қарым-қатынас пен құрметті талап ету еді.Көте-рілістің негізгі қозғаушы күші қазақ шаруаларының қалың бұқарасы,сонымен бірге қалыптасып келе жатқан жұмысшы табының өкілдері,қолөнершілер болды.Көтеріліс сипаты жағынан ұлт-азаттық,соғысқа,патшаға қарсы көтеріліс болды. Антифеодалдық сипаты да бар еді.1916 ж көтеріліс Қазақстан мен Орталық Азия халықтарының ұлттық сана сезімінің өсуіне қуатты түрткі болды Сонымен бірге зиялы қауым өкілдері майданға қара жұмысқа аттанған жігіттерге барынша жәрдем жасады, арнайы майдан даласынада барды.Тарихи маңызы: Қазақ халқының рев-қ таптық санасы өсті, Қазақстан халықтары ұлттық мүдделерінің ортақтығын ұғынды, қозғалыс барысында өкімет құрылымы, қарулы күштер, басқару аппараты құрылды, Ресей империясындағы азаттық күрестің шырқау шыңы болды.

44-Сұрақ ХIХ ғ екінші жартысы – ХХ ғ. басындағы Қазақстан мәдениеті. Қазақтың ұлы ағартушылары мен ойшылдары Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбайұлы және т.б., ғылым мен мәдениетке қосқан үлесі мен маңызы. XIX ғ. 60-жыл­да­ры Қазақстан­да бас­та­уыш мек­тептердің ашы­луы Ы. Ал­тынса­риннің есімімен тығыз бай­ла­ныс­ты. 1867–1868 жыл­дардағы ре­фор­ма­лар­дан кейін мұндай мек­тептер Қазақ өлкесінің көпте­ген ай­мақта­рын­да жұмыс істей бас­та­ды. 1868–1869 жыл­дарды Орал об­лы­сын­да 24 орыс-қазақ мек­тебі, 2 екі сы­нып­тық, 6 се­лолық 1 сы­нып­тық, 14 жоғары сы­нып­тық мек­теп және 2 же­кеше учи­лище бол­ды. 1877 жылға қарай Орал ка­зак әскерінің 47 мек­тебінің бе­сеуі қыз­дар мек­тебі еді. Об­лыста 70-жыл­дардың ба­сынан бас­тап мек­теп ісі едәуір жан­да­на түсті. Ер ба­лалар және қыз­дар гим­на­зи­яла­ры мен про­гим­на­зи­яла­ры, мұғалімдер да­яр­лай­тын се­мина­рия, ер ба­лалар оқитын уездік при­ход учи­лище­лері, ок­ругтік әске­ри учи­лище, ста­ница­лық және басқа да оқу орын­да­ры ашыл­ды. 1883 жы­лы қазақ ба­лала­рын оқытуға ар­налған ер ба­лалар ин­терна­ты об­лыс ор­та­лығы Се­мей­де, уездік қала­лар Пав­ло­дар­да, Өске­мен мен Зай­сан­да жұмыс істеді, ал қазақ қыз­да­рын оқытуға ар­налған ин­тернат­тар Се­мей мен Пав­ло­дар­да ғана бол­ды. Сыр­да­рия об­лы­сын­дағы орыс­тарға ар­налған алғашқы мек­тептер 1860 жы­лы Райым (Қаза­лы) бекінісінде және Пе­ровскіде (Қызы­лор­да) ашыл­ды. Жетісу об­лы­сының аумағын­да алғашқы мек­тептер 1868 жыл­дан бас­тап ашы­ла бас­та­ды. Вер­ный және Қапал бекіністерінде при­ход мек­тептері құрыл­ды. Об­лыстың қалған уез­дерінде 12 ста­ница­лық және по­сел­келік бас­та­уыш мек­теп болған еді. XIX ғ. Екінші жар­ты­сын­да бо­лыс­тар мен ауыл­дардағы қазақ ба­лала­ры әдет­те мұсыл­ман мек­тептері мен мед­ре­селер­де оқыды. Пат­ша үкіметі Қазақ да­ласын­да мұсыл­ман мек­тептерінің ашы­лу­ына жол бер­меу үшін ша­ралар қол­данды. Ол жергілікті отар­лық ор­гандар мен оқу бас­тықта­рына мұсыл­ман мек­тептерін қатаң бақылау жөнінде нұсқаулар мен ере­желер жіберді. Қан­дай да бол­ма­сын шек­те­улер­ге қара­мас­тан жер-жер­де, әсіре­се Қазақстан­ның ис­лам дінінің ықпа­лы күшті болған оңтүстік об­лыста­рын­да мұсыл­ман мек­тептері ашы­ла берді. Қазақ ба­лала­ры жаз­дыгүні киіз үй­лер­де, ал қыс­тыгүні жертөле­лер­де оқыты­латын. Бұл ке­зеңнің оқу құра­лы «Ша­ри­ат-ул-иман» не­месе «Иман-шарт» бол­ды. Құран оқумен бірге, та­тар және араб тілдеріндегі кітап­тар бойын­ша ис­ламның негізгі қағида­лары мен бас­ты ғұрып­тық ере­желер оқытыл­ды. Мек­тептер­де көбіне­се 8–17 жасқа дейінгі ба­лалар білім ал­ды. Мед­ре­селер­де мек­тепте білім алған және өз білімін те­реңде­туге тілек білдірген адам­дар оқыды. Мед­ре­сеге түскен­дер «та­либ-улам» (білімге ұмты­лушы­лар) не­месе шәкірттер деп атал­ды. Олар Ор­та Азияға және Еділ та­тар­ла­рына жал­пы белгілі оқулықтар мен оқу құрал­да­ры бойын­ша араб фи­лоло­ги­ясын және мұсыл­ман діні құқығын, сон­дай-ақ діни фи­лосо­фияға қатыс­ты басқа да бірқатар пәндерді оқыды. Мед­ре­селердің «мұғалімдеріне» ке­летін бол­сақ, олар негізінен алған­да дін жо­лын ұста­нушы­лар­дың ұсы­нысы бойын­ша тиісті үкіметтік ор­гандар бекітіп, тағайын­даған мол­да­лар бол­ды. Бұл мол­да­лар мешіттер­де діни қыз­мет атқара жүріп, мед­ре­селер­дегі істерді басқар­ды және шәкірттерді оқыту­мен ай­на­лыс­ты. XIX ғасыр Қазақстан­ның мәде­ни өміріндегі ағар­ту­шылық ғасыр деп ата­лады. Білім мен мәде­ни­еттің да­му­ына ал­дыңғы қатар­лы орыс зи­ялы­лары үлкен ықпал жа­сады. 1847–1857 жыл­дарда ук­ра­ин ақыны Т. Г. Шев­ченко Қазақстан­да ай­да­уда бол­ды. Қазақстан Орыс ге­ог­ра­фи­ялық қоғамы бөлімше­лерінің зерт­теу обьектісіне ай­нал­ды, мұнда мәде­ни-ағар­ту ме­кеме­лері мен ста­тис­ти­калық ко­митет­тер жұмыс істеді; өлке­тану мұра­жай­ла­ры ашы­лып, ер­те­дегі ес­керткіштер, ха­лықтың ауыз­ша шығар­ма­шылығы және құқықтық заңдар, со­ның ішінде қазақтар­дың дағды­лы құқығы зер­де­ленді; орыс-қазақ мек­тептері мен кітап­ха­налар ашыл­ды. Қазақтар өз ба­лала­рына білім бе­руге ұмты­лыс жа­сап, ба­лала­рын ка­дет кор­пуста­ры бар Ом­бы мен Орын­борға жібе­ру үшін мүмкіндік іздестірді. Білім алуға де­ген жап­пай ұмты­лыс пен ықылас жағдайын­да Шоқан Уәли­ханов, Абай Құнан­ба­ев, Ыбы­рай Ал­тынса­рин бас­таған қазақ ағар­ту­шыла­рының то­бы қалып­тасты. Шоқан Уәли­ханов (1835–1865). Аса көрнекті ағар­ту­шы, ғалым және зерт­те­уші Ш. Уәли­ханов Құсмұрын бекінісінде туған. 12 жа­сына дейін Шоқан Құсмұрын­дағы же­ке меншік мек­тепте оқып, мұсыл­ман діні ілімімен та­ныс­ты. 1847 жыл­дың күзінде Шоқан Ом­бы ка­дет кор­пу­сына оқуға түсті. Ка­дет кор­пу­сын­да Шоқан Уәли­ханов белгілі ғалым, ге­ог­раф және Ази­яны зерт­те­уші Г. Н. По­танин­мен бірге оқып, дос­та­сып кетті. Ол орыс тілін та­маша меңгерді. Дос­то­евс­кий мен Ш. Уәли­ханов­тың дос­тық қарым-қаты­нас­та­рын олар­дың түрлі уақыт­та жа­зысқан хат­та­ры дәлел­дейді. Ф. М. Дос­то­евс­кий өзінің хат­та­рын­да дос ретінде Шоқанға пай­да­лы кеңес­тер беріп, ру­хын көтеріп, оның ал­ды­на аса зор игі міндет­тер қояды. 1853 жы­лы Шоқан ка­дет кор­пу­сын бітірген­нен кейін Сібір ка­зак әскеріне қыз­метке жіберіледі. Көп ұза­май Ба­тыс Сібір ге­нерал-гу­бер­на­торы Гас­форт оның қабілеттілігіне на­зар ауда­рып, 1854 жы­лы Шоқан оған адъютант бо­лып тағайын­далды. 1855 жы­лы Ш. Уәли­ханов Гас­форт­тың Ом­бы­дан Іле Ала­та­уына дейінгі са­пары­на қаты­сады. Бұл са­пар қара­пайым ха­лықтың өмірін та­нып-білудің ба­сы бол­ды, олар­дың та­рихи аңыз-әңгіме­лері мен жыр­ла­рын жа­зып алуға мүмкіндік берді. 1856 жыл­дың көктемінде бо­лашақтағы Шығыс зерт­те­ушісінің өмірінде өшпес із қал­дырған ай­ту­лы оқиға бол­ды – ол аса көрнекті ғалым, белгілі ге­ог­раф П. П. Се­менов-Тянь-Шанс­кий­мен та­ныс­ты. Сол жы­лы Шоқан Уәли­ханов екі экс­пе­дицияға қатыс­ты – біреуі Ор­та­лық Тянь-Шань арқылы Алакөлден Ыс­тықкөлге дейінгі; екіншісі дип­ло­мати­ялық тап­сырма бойын­ша Құлжаға са­пар. 1857 жы­лы Уәли­ханов ала­тау қырғыз­да­рына тағы да са­пар ше­геді, он­да көшпелі қырғыз халқының өмірімен, тұрмы­сымен бұрынғыдан да жақсы та­нысып, оның та­рихын, эт­ногра­фи­ясын және ха­лықтық по­эзиясын те­реңірек зерт­те­уге мүмкіндік ал­ды. Осы жо­лы ол қырғыз халқының эн­цикло­педи­ялық дас­та­ны «Ма­нас­ты» жа­зып ал­ды. Ш. Уәли­ханов­тың ғылы­ми қыз­метінің жаңа ке­зеңі 1858 жылғы Қашғарияға құпия са­пары бол­ды. 1859 жыл­дың күзінде Шоқан Әске­ри ми­нистрліктің шақыру­ымен Пе­тер­бург­ке са­пар шекті. Оның «Қыр­дағы мұсыл­маншы­лық ту­ралы», «Қырғыз­дардың көші-қон­да­ры ту­ралы», «Сот ре­фор­ма­сы ту­ралы» жаз­ба еңбек­тері бар. 1864 жыл­дың көктемінде Уәли­ханов Чер­ня­евтің Оңтүстік Қазақстан аумағын Ре­сей­ге қосып алу­ды мақсат ет­кен әске­ри жо­рығына қаты­сады. 1864 жыл­дың жа­зын­да Вер­ныйға қай­та­ды. Со­дан соң ал­бан ру­ының аға сұлта­ны Те­зек төренің ауылы­на ба­рып тұра­ды. Төренің қарын­да­сына үй­ле­неді. Сол кездің өзінде Шоқан өзін на­шар сезініп, жо­рықтағы өмірдің ауырт­па­лықта­рын көте­ре ал­ма­са ке­рек. Ол 1865 жыл­дың сәуірінде Ал­ты­немел жо­тасы­ның етегіндегі Көшен-тоған де­ген жер­де Те­зек сұлтан ауылын­да қай­тыс бол­ды. Ыбы­рай Ал­тынса­рин (1841–1889). Аса көрнекті ағар­ту­шы Ыбы­рай Ал­тынса­рин 1841 жы­лы 20 қазан­да Қос­та­най об­лы­сын­да туған. Әкесі ер­те­рек қай­тыс бо­лып, ата­сы – Орын­бор ше­кара­лық ко­мис­си­ясы­ның әске­ри стар­ши­насы Балғожа (Жаңбыр­шин) бидің қолын­да тәрби­еленді. 1850 жы­лы Ыбы­рай ше­кара­лық ко­мис­сия жа­нынан қазақ ба­лала­рына ар­нап ашылған мек­тепке түсіп, оны ал­тын ме­даль­мен бітірді. Мек­теп бітірген­нен кейін Ал­тынса­рин үш жыл­дай (1857–1860) ата­сының қолас­тында кеңсе қыз­меткері, со­дан соң 1859 жыл­дың 1 та­мызы­нан бас­тап Орын­бор басқар­ма­сын­да тілмаш бо­лып қыз­мет етті. 1860 жы­лы об­лыстық басқар­ма оған Орын­бор бекінісінде (Торғай) қазақ ба­лала­рына ар­налған бас­та­уыш мек­теп ашу­ды тап­сырды да, өзін сол мек­тепте орыс тілінің мұғалімі етіп тағайын­да­ды. 1864 жы­лы 8 қаңтар­да мек­теп сал­та­нат­ты түрде ашыл­ды. 1868 жы­лы Ал­тынса­рин Торғай уездік басқар­ма­сына іс жүргізуші ретінде қыз­метке ор­на­ласып, со­дан соң уезд бас­тығының аға көмекшісі және уақыт­ша уездік судья міндет­терін қатар атқар­ды. Ал­тынса­рин пат­ша өкіметінің са­яса­тына қар­сы бол­ды. 1879 жы­лы Ал­тынса­рин Торғай об­лы­сы мек­тептерінің инс­пек­то­ры бо­лып тағайын­далды. Қазақстан­да қыз ба­лаларға білім бе­рудің бас­та­луы да Ы. Ал­тынса­риннің есімімен бай­ла­ныс­ты. 1888 жы­лы ол Ырғыз қала­сын­да қазақ қыз­да­рын оқыта­тын, ин­терна­ты бар мек­теп ашып, пат­ша әкімшілігінен ин­тернат­та­ры бар қыз­дар учи­лище­лерін ашуға рұқсат ал­ды. Ал­тынса­рин көзінің тірі кезінде төрт екі сы­нып­тық ор­та­лық «орыс-қазақ» учи­лищесін, бір қыз­дар учи­лищесін, бес бо­лыс­тық учи­лище, орыс ша­ру­ала­рының ба­лала­рына ар­налған екі учи­лище аш­тырды. Ол орыс-қазақ мек­тептерінің оқушы­лары­на ар­нап «Қырғыз (қазақ) хрес­то­мати­ясы» және «Қырғыз­дарға (қазақтарға) орыс тілін үй­ре­туге алғашқы бас­шы­лық» ат­ты екі оқу құра­лын жаз­ды, олар­ды Торғай об­лы­сы мек­тептерінің инс­пек­то­ры қыз­метіне тағайын­далған­нан көп бұрын бас­тап, 1869 жы­лы аяқта­ды. Абай Құнан­ба­ев (1845–1904). Абай Құнан­ба­ев 1845 жы­лы 10 та­мыз­да Се­мей об­лы­сының Шыңғыс та­уын­да туған. Абай­дың әкесі Құнан­бай то­бықты ру­ының стар­шы­ны бол­ды. Алғашын­да ауыл мол­да­сынан са­бақ алған Абай­ды әкесі Се­мей­дегі имам Ах­мет-Ри­за мед­ре­сесіне оқуға жіберді. Алай­да­Абай­дың қала­дағы оқуын бітіртпей, әкесі оны қай­та­дан ауылға шақыр­тып алып, бірте-бірте дау-шар­ды тек­серіп төрелік ай­туға, ке­лешек­тегі ру­басы­ның әкімшілік қыз­метіне үй­ре­те бас­та­ды. Абай ше­шендік өнерінің түрлі тәсілдерін ше­бер меңгерді. Сот ісі қазақтар­дың ғасыр­лар бойы қалып­тасқан дағды­лы құқығы негізінде жүргізілді. Ру тар­ты­сына еріксіз ара­ласқан Абай да­улы мәсе­лелерді ше­шу ба­рысын­да жөнсіздікке, әділетсіздікке және қаты­гездікке, би­ле­уші топ пай­да­сын көзде­ген та­лап, мүдде­ге қар­сы­лық білдіріп отыр­ды. 1886 жыл Абай­дың өміріне үлкен өзгеріс әкел­ген жыл бол­ды. Ол алғаш рет өлеңіне («Жаз») өз атын жа­зып, көркем шығар­ма­шылыққа то­лығымен ден қояды. Абай қала­мынан өлеңдер­мен қатар, қара сөзбен жа­зылған ғиб­раттар, «Ес­кендір», «Масғұт», «Әзім әңгімесі» дас­танда­ры дүни­еге келді. Абай­дың мол әде­би мұра­сын­да аудар­ма­лары еле­улі орын ала­ды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]