Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

32

.pdf
Скачиваний:
1
Добавлен:
07.06.2023
Размер:
2.36 Mб
Скачать

отарлық езгінің жаңа кезеңіндегі ел жайы барлық ақиқат қалпымен суреттеліп қана қоймай, жұрттың осы халге түсу себептері де саралай таратыла айтылған. Міне, осы жайды М. Әуезов те жақсы біліп, білгірлікпен шығармаларында көрсетіп отырды. «Бұл күнде қазақтың сол нәрлі мінезінің бәрі де азды. Қазіргі жұрт ұсақтады. Сыртқы халі қысып, күнде айдап тықсырып отырғандықтан болса да, басшыдан қалмайтын намыскер шыныққан қайратты елдің орнын бұл күнде қуанышқа қуана, күйінішке күйіне білмейтін салбыраған намыссыз, қорқақ, ұсақ өтірікші жұрт алды», – дейді [93, 15].

Қазақ даласындағы бұрынғы рулық билік жүйені ыдыратқаннан кейін, патша өкіметі территориялық принципке негізделген ел басқару саясатын енгізді. Бұл саясат қазақ халқының бе- реке-бірлігін жойып, алауыздық туғызған өрескел кесел әрекет еді. Себебі патша өкіметінен келген ояз, ұлықтар қазақ арасына сайлаулар өткізіп, оларды болыстыққа таластырып, ел ішін әу- ре-сарсаңға салып отырды. Бұл оқиғалар «Абай жолы» романэпопеясында шындықпен беріліп, өте әсерлі суреттелген. Бұрынғы аталас, рулас болып өмір сүріп жатқан халықты болыстыққа бөліп, үш жыл сайын болыс сайлауын өткізіп тұрды. Болыс болу үшін ел жуандары бар малын шығындап, ұлыққа жағынып, жалбарынып алуан түрлі айла-амалды қолданады. Енді болыс болғаннан кейін ол елге тізесін батыра бастайды. Екі жаққа тәуелді болып, патша өкіметінің қолшоқпарына айналады. Бұл көріністер Абайдың белгілі «Болыс болдым, мінеки» атты өлеңінде ащы сықақпен сыналған.

Бұдан кейін ел ішінде кесел мінездер пайда болып, етек алған кемшіліктер қаптап кетті. Жұрт арасында өтірік, өсек, ұрлық сияқты толып жатқан жаман қылықтар өріс алды. Халық азыптозды. Міне, бұл саясаттың нәтижесі қазақ халқының мінез-құл- қына көп кесірін тигізіп, психологиялық дағдарысқа түсуіне душар етті.

Осы ел ішіндегі етек алған кемшіліктерді Абай жүрегі ауыра отырып:

Ел қағынды, Мал сабылды,

Ұрлық, өтірік гуде-гу, –

101

дейді. Сондай-ақ он бірінші қарасөзінде: «Әуелі – ұрлық, ұры ұрлықпен мал табам деп жүр. Мал иесі артылтып алып, тағы да байимын деп жүр. Ұлықтар алып берем деп, даугерді жеп, құтқарам деп ұрыны жеп жүр. ...Осы бір ұры, бұзақы жоғалса, жұртқа да ой түсер еді. Шаруа да қылар еді. ...Анттың, серттің, адалдықтың, ұяттың бір тоқтаусызкеткені ме? Ұрыны тыю даоңай болар еді, бірақ осы бұзақының тіліне еретұғын, азатұғын байларды кім тыяды? – дейді [42, 448]. Елдің түбіне жетіп отырған ұрлық әрекетін сөз қылып, ұлықтарға қарсы сын айтады. Ұрлықты тыюдың жолдарын іздейді, ал оны туғызып отырған байларды кім тоқтатпақ деп ақынсұраққояды жәнеоқушығаүлкеной тастайды.

Абай қарасөзіндегі толғағы жеткен ой М. Әуезовтің «Ескеру керек» атты мақаласында жалғасын тапқан. Мәселен: «Қазақтың жай өмірінің шырқын бұзатын партия болса, оған солар басшы екен. Ұрлық болса, ұрыға құрық беретін тағы солар. Ел арасында жүрген жаман өзінің төрін жоғалтумен ұрлықтың тамыры құрымайды. Сол ұрылардың атасы болып отырған жуандар жақсы ұрыларын бауырына басып бермей қалады, не ұры еместі ұры қылып алады. Бұған қарағанда алдымен жаман ұрыға тыю қиянат секілді көрінеді. Және бір жуанға тисең бар жуан шұрқырап жиылып ара түседі. Осымен елдің шын тентегі тыюсыз кете барады», – делінген [93, 15]. М. Әуезов ел ішіндегі келеңсіз мінездерді туғызып отырған зорлықшыл жуандардың қылығын сынап, әділ үкімет орнатуды көздейді. «...Жуан ауыл – қырдағы бұзық мінездің ұясы. Ел ішіне күшті, әділ үкімет орнатып, нашар мен жуанды теңестіріп, жуан зорлықшылды не қылса да елден айырып әлсіретуге тырысу керек», – дейді [93, 17]. Жазушының әлеуметтік бұл көзқарасы Абайдың жиырма екінші қарасөзіндегі айтылған ой-ды еске түсіреді: «...Жә, кімді сүйдік, кімнің тілеуін тіледік? Өзі құрттанып шашылған болыс-билер тұра тұрсын. Енді, әлбетте, амал жоқ, момындығынан «Ырыс баққан, дау бақпас» деген мақалменен боламын деп, бергенінен жаға алмай, жарымын беріп, жарымын тыныштығымен баға алмай, ұры, залым, қуларға жеміт болып жүрген шын момын байларды алмасаң һәм соның тілеуін тілемесең болмайды. Сонан басқаны таба алмадым» [42, 455]. Абай кімді сүйіп, кімнің тілеуін тіледік деп елдегі шырғалаңнан шығатын жолды іздеп, тілеуін тілерлік жан таба алмай күйінеді.

102

М. Әуезов аталмыш мақаласында өзінің рухани ұстазының сөзін мысалға келтіреді: «Абайдың: «Мен закон қуаты қолымда тұрған кісі болсам, адам баласының мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім» деген сөзінің қазақ турасында еске алынатын кезі келді», – дейді [93, 17]. Міне, осы мысал арқылы байқағанымыз, М. Әуезовтің публицистикалық мақалаларын жазған тұста Абай мұрасына иек артқанына тағы да көзіміз жете түседі.

Келесі М. Әуезовтің «Қазақ қызметкерлерінің міндеті» атты мақаласында Абайдың ғылым-білімді насихаттап, мәдениетке, өнер-білімге шақырған ойларымен сабақтасып жатқаны білінеді: «... қазақтың қараңғыда жатқан қалың елінің бір тілегі соңынан қалмайды. Ол тілегі: елді мәдениетке жеткізіп ағарту, өнер-білім таратып, құралдандыру, дүниенің халін көруге көзін ашу, шаруасын түрлеп, ішінен жетілту», – дейді [93, 24-25].

«Енді елдің жоғарыда айтқан тілектеріне келейік. Ел тілегі белгілі – ағарту, көзін ашу. Мүмкін қадар шаруасын түзеп ортасына өнер-білімнің жарығын, үлгісін орнату» [93, 25]. Жазушының бұл сөздерінен Абай сүрлеуі, тағылымы байқалады.

М. Әуезовтің «Оқудағы құрбыларыма», «Ескеру керек», «Қайсысын қолданамыз», «Философия жайынан», «Оқу ісі», «Ғылым тілі», «Ғылым» сынды мақалалары – ғылыми ізденіс, ойдың жемісі. Бұлардың әрқайсысында оқу-білім, мәдениет мәселесін жоғары көтере дәріптеу, өркениеті жоғары елдер жетістігінен үлгі алуға жетелеу бар» [102, 24]. Абай ғұмыр бойы халқының көзінің ашылуын, өнер-білімнің сәулесі орнауын армандады. Оны өз шығармаларында үнемі насихаттап та отырды. Адамшылыққа бастайтын жол, тіршілікке апарар жол ғылым екенін даналықпен жырлады. Адал еңбек етіп мал табу, ерінбейжалықпай ғылым үйрену қажеттігі туралы ойын қарасөздерінің бірнеше бабында әр қырынан келіп өрістетеді. Мысалы: «... малды сарып қылып, ғылым табу керек. Өзің таба алмасаң, балаң тапсын» [42, 448] Немесе отыз сегізінші сөзінде: «Біз ғы-лымды сатып, мал іздемек емеспіз. Мал менен ғылым кәсіп қылмақпыз. Өнер – өзі де мал, өнерді үйренбек – өзі де ихсан. Бірақ ол өнер ғадаләттан шықпасын, шарғыға муафих болсын. Адамға халінше ихсанды болмақ – қарыз іс [42, 478]. Ойшылдың осынау даналық сөздері М. Әуезовтің «Оқудағы құрбыларыма» атты кө-

103

семсөзіндегі оймен төркіндес келеді. «Біздің мақсатымыз – мал табу, шен тағу емес, надандық неше батпан болып, үстіне артылып зілдей қылып жатқан ауыр халқымызды өрге сүйреудің әдісін, тәсілін табуға тырысу екенін ұмытуға жөн бе? Қашан болса, адал махаббат ақтыққа жастай шөлдесе, жастай сағынып талпынса, ұлтын сүюге, адамшылыққа жетпекші емес пе?» – де-

лінген [103, 10].

1917 жылы жазған «Оқудағы құрбыларыма» деген мақаласында М. Әуезов сол кезеңдегі оқу оқып талпынып жүрген өз құрбыларына арнап халықтың бойына неше батпан зілдей болып артылып жатқан надандықтан құтқарып, өрге сүйреудің әдіс-тәсілдерін үйреніп, игерудің қажеттілігін ескертеді. «Жігіттер... ендігі уақыт жазғытұрғы күншуақтай жанға жайлы емес пе? Осы рахымды күннің шуағына қызып бір аз ғана білімімізді, аз ғана қайратымыздың кішкене қызметін адамшылық жолына салып, ақтыққа жұмылайық», – делінген [103, 10]. Оқудағы құрбыларын білімімізді, қайратымызды адамшылық жолына салайық деп, оларды береке-бірлікке шақырады. Сол кездегі әлі күнге дейін бірлікке, тірлікке үйренбеген құрбыларын адамшылық ақтыққа үндейді. Бұл ретте Мұхтар пікірлері кешегі Абай айтқан моральмен үндес жатады. Әуезов «оқыған азаматтардың» бойындағы кемшіліктерді сынап, оларды ауызбірлікке шақырады, адалдық, табандылық, білімділік сияқты қасиеттерді үлгі етеді.

Бұл мақаладағы жалпы айтайын деген ой – жастарды оқу-бі- лімге шақыру. Сонымен бірге жыл мезгілдерінің ішіндегі, адам көңілін елжірететін жайма шуақ жазғытұрымды суреттей келе, жігіттерге сол уақытты босқа өткізіп алмай қайрат, жігеріміздің барында білімді болуға тырысайық деген ақыл айтады. Публицистикалық мақаласынан жазушының салмақты қоғамдық ой айту, ағартушылық көзқарас аясын кеңейтуі байқалады.

Абай отыз екінші сөзінде: «Білім-ғылым үйренбекке талап қылушыларға әуелі білмек керек.

Әуелі – білім-ғылым табылса, ондай-мұндай іске жаратар едім деп, дүниенің бір қызықты нәрсесіне керек болар еді деп іздемекке керек», – дейді [42, 464]. Абай жастарды білім мен өнерге бойлатып, бір бағытта бірлікпен жүруге меңзейді.

104

Абайдың «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат», «Жүректе қайрат болмаса» атты өлеңдері аталмыш мақала мазмұнымен ұқсас. Ақын бұл өлеңдерінде жастарды білім жолына түсуге, қайратты, ақылды болуға шақырады. Себебі адам бойындағы үш қасиетті: ақыл, қайрат, жүректі баса айта отырып, ақын алдыңғы жас буынды бірлікке, ынтымаққа, адалдыққа тартады. Өз ортасының надандық қалпынан туындаған жат қылықтармен жалғыз алысқан ақын оларға жалпы адамзат баласының бойындағы үш асыл қасиетті қарсы қойып, оны меңгеруге үндейді:

Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті:

Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.

немесе:

Қайрат пен ақыл жол табар, Қашқанға да қуғанға, –

дейді. Абайдың толық адам жөнінде айтылатын терең гуманистік пікірлері қарасөздерінде де желілі түрде іліктесіп, үндесіп жатқан М. Әуезовтің көсемсөздеріндегі ойлар тобымен тоқайласқан бірлікті, тұтастықты сездіреді.

Жоғарыда айтылған мәселелер жазушының «Философия жайынан» атты мақаласында да қозғалған. М. Әуезов: «Адам баласының көкірегіне адамшылықтың таза нұры кіруіне үлгілі тәрбие шарт. Тәрбиенің мақсатын орындау үшін тәрбиешінің көкірегінде терең ойы болуына керек. Тәрбиенің жолымен өскен уақытта да адам баласын бауыр тұтып, бақытын ойлап, қамын жейтін болуға терең ой керек. Адамның бойындағы қандай таза мінез болсын жалғыз ғана, өзі болса, терең болуына болмайды. Билеп отырып, нығайтып әуелгі таза қалпында сақтайтын қарауылшысы – таза ақыл», – дейді [103, 15]. Жазушы адамға үлгілі тәрбие алуы шарт, ол үшін терең ой мен таза ақыл керек деп даналық ой айтады. М. Әуезовтің сөз саптауы мен даналық пікірлері, шешен сөз оралымдары өзінің рухани ұстазы Абайдың өлеңдері мен қарасөздеріндегі ақындық ойшыл толғамдарға ұқсас болып келеді. Абайдың дүниетанымындағы ұғымдар М. Әуе-

105

зовтің шығармаларында жиі кездесіп отырады. Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» атты өлеңіндегі терең ойды жазушы аталған мақаласында ерекше атайды. Ал Абай бұл жөнінде:

Талап, еңбек, терең ой, Қанағағат, рақым, ойлап қой – Бес асыл іс, көнсеңіз, –

дейді. Ғылым-білімді уағыздаған ағартушы ақын ақылды, білімді, адамды аса жоғары бағалауы әбден орынды. Не нәрсеге болсын ақыл – таразы, дүниенің сырын танып білуде ақылдың мүмкіндігі шексіз мол деп санайды.

Абай он жетінші сөзінде: «Ей, ақыл! Сенің айтқандарыңның бәрі де рас. Сенсіз ешнәрсе табылмайтұғыны да рас. Жаратқан тәңіріні де сен танытасың, жаралған екі дүниенің жайын да сен білесің. Бірақ сонымен тұрмайсың, амал да, айла да – бәрі сенен шығады. Жақсының, жаманның, екеуінің де сүйенгені – сен; екеуінің іздегенін тауып беріп жүресің, соның жаман, – депті» [42, 453]. Философиялық гуманистік негізде жазылған он жетінші сөзінде Абай айтар ойын ақыл, қайрат, жүректің арасындағы ой таласын беретін диалогқа құрып, үшеуінің өзара таласына төреші етіпғылымның атынанақылғаосысөздіайттырады.

Қаламгердің келесі өзекті мақаласының бірі – «Қазақтың өзгеше мінездері». Жазушының бұл мақаласы да басқа мақалаларындай өзіндік құнын жоғалтпай, кәдеге асып келе жатқан бір- ден-бір мақаласының бірі. Бұл мақала жөнінде белгілі ғалым К. Сыздықов мынадай мәлімет береді: «Ташкенде шығып тұрған «Алаш» газетінің 1917 жылғы 30 марттағы №16 санында жарияланған «Қазақтың өзгеше мінездері» атты мақаланы Жүсіпбек Аймауытовпен бірге жазғандығы еді» [87, 28]. Әуезовтің бұл мақаласының негізгі идеясы – ғылым мен білім. Яғни жазушы жастардан үлкен үміт күтеді, соларға ағалық пиғылмен сенім артады. Жазушы жастарға біздің ең бақытты құралымыз, қаруымыз оқу мен білім екендігін тілге тиек етеді. «...Жалғыз-ақ үмітіміз, қаруымыз оқығандарда. Оқығандар ендігі жас балаларды өздері үлгі болып, надандықтан шығарып, адамшылықтың жарық жағына сүйреуге міндетті», – дейді. М. Әуезовтің бұл пікірі Абайдың «Жастықтыңотыжалындап» аттыөлеңіндегімынаүзіндігеүндескеледі:

106

Жастықтың оты жалындап Жас жүректе жанған шақ...

Уайым – аз, үміт – көп, Ет ауырмас бейнетке.

Өз халқының үміт етерлік жаңа буындары жастарға ақын қамқорлық етеді. Ұстаздық борышым деп, алдыңғы бұзық қауым мінезінен бұларды арашалайды. Жастардан үлкен үміт күтеді. «Ақынның мораль философиясы ретінде айтқан көп сөздері адамшылықты сипаттайды. Сол адамшылықтың ақын өзі ұғынған айнымас шындық сипаттарын айтады. Сондай ойларының көбі

– жастарғаөсиет афоризмсияқты бопмолтараған» [99, 150]. Адамшылықтың бәрі Абай айтқан жүректің сезінуімен келген.

Жақсылық та, жамандық та, достық та, қастық та жүректің сезуі арқылыөтпек. Мысалы«Жақсылықұзақтұрмайды» аттыөлеңінде:

Үрпейген жүрек басылмай, Талапты көңіл елермес, –

десе, «Жүрегім, ойбай соқпа енді» өлеңінде:

Сорлы жүрек мұнша ауыр, Неге қатты соқтығар, –

дейді. Көкірегі көрсоқыр жандардан түңіліп, мұнша ауыр азап көрген өз басының уайымын айтады. Бұл өлеңдерінде ақын жүрекке ерекше мән береді. Абай шығармашылығында жиі қайталанатын жүрек сөзі М. Әуезовтің көсемсөздерінде де кездесіп отырады. Бұл жайды жазушының «Қазақтың өзгеше мінездері» деген мақаласынан анық байқаймыз. «Қазақтағы неше түрлі болып тұрған ауыр халдердің түпкі негізі, тамыры қайдан тарап, бұл күйге ұшырағанды ешкім қолға алып, ғылым жүзінде қозғап көрген жоқ. Сол үшін бұл терең сауалды жұрттың есіне салып, жүректі қыздыруға сөз бастап отырмыз». Қазақ халқының ауыр халге ұшырап, не күйде болғанын ешкім тексеріп, оның байыбына барып отырған жоқ деп қалың жұрттың жүрегіне терең сауал тастайды. М. Әуезов ел ішіндегі осындай мәселелерді қозғап, әлеуметтік-қоғамдық көзқарас танытады.

Осы мақаласында публицист енді жастарға ақыл-нақыл айтады. «Жастарға қазақтың мінезін тастап, айнымай, қажымай,

107

таза жүрекпен кемшіліктерге қарсы тұрып, бірлік жібіне жармасудан басқа не тілек ойлаймыз». Жазушы жастарға таза жүрекпен кемшіліктерге қарсы тұруға, қажымай-талмай бірлікке жетуге шақырады. М. Әуезовтің таза жүрек деген қолданысы Абайдың жылы жүрек немесе ақ жүрек деген ұғымдарымен сәйкес келеді. Мысалы:

Жүрегі жылы, бойы құрыш Туысы жаннан бөлекті.

немесе «Онегиннің Татьянаға жазған хатында» мынадай тіркес бар:

Ақ жүрегің енді ұнатпас.

«Абай поэзиясының тілінде адамның жан тебіренісін, көңіл толғанысын, жүрек лүпілін, сезімнің сан құбылып ойнақшуын көрсететін сипаттамалар... өте көп кездеседі. ...Осылардың көбін ақын өзі туралы өз көңіл күйін, сезімін жеткізу мақсатымен айт-

қан» [100, 446].

М. Әуезовтің публицистикалық шығармаларын талдау барысында, Абайдың өлеңдері мен қарасөздеріндегі ой өзегінің желісін аңғаруға болады. Абай қарасөздеріндегі дүниетанымдық ой-түйіндері М. Әуезовтің көсемсөздерінде жалғаса түскен. Жазушының алғашқы мақалаларындағы гуманистік идея басымдығына, қоғамдық пікірлерінің өткірлігіне Абай мұрасының игі әсері болған. Яғни Абай қарасөздеріндегі даналық ойлар М. Әуезовтің көсемсөздерімен сабақтас әрі идеялық, жанрлық, стильдік тұрғыдан ұқсас деген қорытындыға келдік.

1.4. Абайдың сөз өрнектері М. Әуезов әңгімелерінде

М. Әуезовтің артында қалдырған мол мұрасы ұрпақтан-ұр- паққа жалғасатын маңызды рухани игіліктерге қосылады. Себебі жазушының алғашқы әңгімелерінің өзі кезінде әлемдік деңгейге көтерілген еді. М. Әуезовтің алғаш әңгімелері мен повестерін жазған тұста-ақ оның суреткерлік шеберлігі еуропалық

108

деңгейдегі жазушы деген бағаға ие болғаны бүгінгі жұртшылыққа белгілі. Академик жазушы С. Мұқанов: «1921 жылы жазылған «Қорғансыздың күні» атты алғашқы әңгімесімен Мұхтар шын мағынасындағы европалық прозаның дәрежесіне көтерілді», – деп әділ баға берген еді [104, 25-26]. «Жазушының жиырма төрт жасында жарық көрген «Қорғансыздың күні» әңгімесі қазақ топырағындағы прозалық шығарма жазудың балаң шағы мен таптаурын тәсілін жаңа сатыға көтеріп, туған әдебиетіміздің абыройын европалық деңгейге шығарған айтулы туынды бол-

ды» [105, 39].

М. Әуезовтің күллі прозасына тән болып қалыптасқан шеберлік қырлары да осы әңгімеден кейін жалғасын табады. 2030 жылдары жазған прозалық шығармалары ұлттық әдебиетімізде жаңашылдықтың жаршысы болды. Сан алуан ұлттық рухани игіліктерімізді жаңғыртып, екшеп, жаңа түрмен алдымызға әкелді. Жазушы туындыларында сомдалатын кейіпкерлер өмірі, олардың портреттері мен характерлері, ішкі психологиясы, табиғат құбылысын адам көңіліне лайықтап суреттеу шеберлігі қаламгердің қас дарынын танытады. Әуезов прозасына тән ерекшеліктер мынадай: пейзаж бен адам психологиясы астасып жатады, оқиға желісі реалистік дәлдікпен беріледі, көркем шығармадағы кейіпкерлер психологизмі терең жарасыммен сипатталады. Қай кезеңде, қай туындысын алсақ та, Әуезов әңгімелерінің тақырыбы мәңгілік мәселені қозғайды. Қазақ халқының өткен тарихын қозғап, ел тұрмысының шынайы болмысын баяндап, адамдар тағдырының шындығын суреттейді.

М. Әуезов алғашқы әңгімелерінде сол кездегі қазақ тұрмысындағы толғағы жеткен мәселелерді көтереді. Төңкеріске дейінгі қазақ аулындағы әлеуметтік теңсіздікті, әділетсіздікті, озбырлықты, адамдар арасындағы қым-қиғаш қайшылықтарды нанымды бейнелейді. Қорғансыздар мен панасыздар, жетімдер тағдыры реалистік тұрғыдан көрінеді. М. Әуезов бұл әңгімелерінде гуманизм мәселелерін жоғары көтереді.

Жазушының осы тұңғыш прозалық шығармаларының өзі- нен-ақ реализмнің өзгеше бір сипаты анық байқалады. Жазушы ащы шындықты ақтара ашуға ұмтылып, қарапайым жандардың қатал тағдырына жаны ашып, кейіпкерлеріне іш тартады. Қаламгер өзі сомдаған кейіпкерлерінің ауыр тағдырына арашашы

109

болып, оларды авторлық көркемдік идеямен қорғайды. Сондайақ жазушының бұл шығармалары терең психологизмге құрылған. Оның мұндай шығармаларын оқушы көкірегін қарс айырып, егіліп отырып оқиды.

М. Әуезов шығармаларына тән нәрсе – стильдің қайталанбауы, ондағы кейіпкерлердің зор сезімталдығымен, нанымдылығымен, психологиялық тереңдігімен ерекшеленіп тұратындығы. Профессор Р. Бердібай М. Әуезовтің қазақтың көркемсөз өнеріне қосқан жаңалығын атап көрсетеді: «М. Әуезовті қазақтың қазіргі жазба әдеби тілін жасаушылардың бірі ғана емес, бірегейі деп білеміз. Оның қаламынан қазақтың сөз байлығы, сөйлеу дәстүрі өзгеше құлпырып, гүлденіп, түрленіп шығатын. Ол қаншама сөзді қайта тірілтуші, көп сөздерді жаңадан жасаушы немесе өңдеуші ұста еді. Суреткердің шығармалары халқымыздың көркемдеп ойлау мәдениетін шыңға көтерді» [106, 181]. Жазушының шағын әңгімелері ғажайып талантын танытып, үлкен прозаға бастайтын алтын көпір болды. «Мұхтар Әуезовтің халық даналығынан нәр алған, өмір өзенінің тұнығынан суарылған тағылымы мол, тартымды шығармаларын қайталап оқыған сайын рухани дүниемізді байытып, баға жетпес жан азығы бола бермек», – деп жоғары баға береді З. Ахметов [2, 35]. Расында да, М. Әуезов ауыз әдебиетінен және Абай поэзиясынан нәр алып, шығыс әдебиеті мен орыс, батыс әдебиетінің озық үлгілерін бойына сіңіріп, қазақ әдебиетіне өзіндік даралығымен келіп, бүкіл әлем әдебиетіне қосылған ірі құбылыс болды.

«Мұхтар Әуезов – кесек тұлға, таным тамырлары шеңгелдене ұйысқан күрделі талант иесі. Оның жан сарайын түсінуге тырысу да талантқа көрсетілген тағзым. Оның... өміртанымын, көзқарасын сөз еткенде ұлы Абайдың рухани дәстүрінсіз талдау мүмкін емес. Онсыз Мұхтар тұлғасы толық ашылмайды», – деп ғалым-жазушы Т. Жұртбай Абай дәстүрінсіз Мұхтар шығармалары туралы сөз қозғау мүмкін еместігін ескертеді [3, 10].

Мұхтар Әуезов шығармашылығының нәр алған негізгі қайнар бұлағы – Абай мұрасы. Абай мұрасынан нәр алып сусындаған, ақын дәстүрін бойына сіңіріп өскен М. Әуезов оған рухани жағынан өте жақын болып кеткен. Абай мұрасы Әуезовтің шығармаларында көрініп, өзгеше үйлесімдікпен жалғасып, келісімді тұтастықпен түрленіп отырады. Әуезовтің әр шығармасында

110

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]