Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
6-c аз тіл.doc
Скачиваний:
821
Добавлен:
15.02.2015
Размер:
1.71 Mб
Скачать

Cабақтың тақырыбы: Топтау сан есім

Сабақтың мақсаты:

а) Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету.Ойлау шеберлігін сөйлеу мәденеиетін арттыру.

ә) Түрлі әдістерді пайдалана отырып балаларды тапқырлық,жылдамдық,есте сақтау қабілеттерін арттыру.Сөйлеу тілін жетілдіріп,шешендік өнерге баулу.

б) Тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін,жерін Отанын сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,іздену

Сабақтың көрнекілігі: плакат,кеспе қағаздар

Халықтық педагогика

элементтерін қолдану: Алтау ала болса ауыздағы кетеді,

Төртеу түгел болса,төбедегі келеді.

Пәнаралық байланыс: математика,әдебиет

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау.

Үйге берілген тапсырманы тексеремін.Кеспе қағаздарды үлестіріп,жауап талап етемін.

1.Сан есім дегеніміз не?

2.Сан есім мағынасына қарай нешеге бөлінеді?

3.Сан есім құрамына қарай нешеге бөлінеді?

4.Дара сан есім дегеніміз не?

5.Күрделі сан есім дегеніміз не?

6.Есептік сан есім дегеніміз не?

7.Реттік сан есім қандай сұраққа жауап береді?

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Топтау сан есімдер заттың санын жекелеп емес,топтап көрсетеді де,нешеден? Қаншадан? деген сұрақтарға жауап береді. Топтау сан есімдер дара сан есімдер мен қосарланған сан есімдерге шығыс есептік жалғауы жалғану арқылы жасалады.Мысалы: екіден,жүзден,қырық-елуден,он-оннан,бес-алтыдан,үшеу-үшеуден т.б. Сөйтіп топтау сан есімдер дара түрде де(бестен,оннан т.б.) күрделі түрде де(жиырма бестен т.б.) қосарланған түрде де(укі-екіден,он-он бестен т.б.) қолданылады.

Кітаппен жұмыс: 172-жаттығу. Берілген ессептік сан есімдерден топтау сан есімдерін жасап,оларды сөзбен жазады . 3,5,8,10,6,2,40,70,80,100,1000.

Топпен жұмыс:Сөзбен берілген есептік сан есімдерден реттік,болжалдық және топтау сан есімдерін жасап жазады.

Екеуара жұмыс: Дәптерлеріне құрамында сан есімі бар мақал-мәтелдер жазғызамын.

Мысалы: Білекті бірді жығады

Білімді мыңды жығады

Білімді бекіту: 1. Топтау сан есім дегеніміз не?

2: Қандай сұрақтарға жауап береді?

3.Есептік сан есімнен қандай айырмашылығы бар?

4.Жинақтық сан есімнің айырмашылығы неде?

5.Сан есім сөйлемде қандай қызмет атқарады?

Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Бағалау:Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.

Үйге тапсырма:174-жаттығу.Сөйлемдерді жазып, сан есімдерді мағыналық түрлеріне,жасалу жолына қарай ажыратып жазып келуге беремін.

Сабақтың тақырыбы: Бөлшектік сан есім.

Сабақтың мақсаты: а) Оқушыларға ұлттық тіліміздің өркендеп оянуына ана тілімізді сүюге, ана тілін аяққа баспай мәртебесін биік ұстау жөнінде түсіндіру, соған дәріптеу..

ә) Оқушылардың бойына әдептілік, инабаттылық ,қарапайымдылық қасиеттерін қалыптастыру. б) Сабақ барысында оқушыларды сауатты, ұқыпты жазуға дағдыландыру

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, іздену

Сабақтың көрнекілігі: плакат,кеспе қағаздар

Халықтық педагогика элементтерін қолдану: Өтініш біреу, ой тоқсан

Пәнаралық байланыс: математика, әдебиет

Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу оқу құралдарын тексеру,сыныптың тазалығына назар аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау.

Үйге берілген жаттығуды текеремін.

1.Сан есім дегеніміз не? 2.Сан есім құрамына қарай нешеге бөлінеді?

3.Дара сан есім дегеніміз не? 4. Күрделі сан есім дегеніміз не?

5.Есептік сан есім дегеніміз не? 6.Топтау сан есім қандай сұраққа жауап береді?

7.Жинақтық сан есім қандай жұрнақтар арқылы жалғанады?

8.Болжалдық сан есім қандай жолдармен жасалады?

б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Бөлшектік сан есімдер заттың бөлшектік санын білдіреді.Бөлшектік сан есімдер,жай бөлшек және ондық бөлшек болып екі түрде қолданылады.Жай бөлшек сандар екі есептік сан есімнің бөлімі шығыс я ілік септікте алымы тәуелдік тұлғада жұмсалады,кейде тәуелдік жалғауы түсіріліп те айтылады.Мысалы: екіден бірін ал, үштің бірі, онның екісі немесе оннан екі т.б. Сол сияқты бөлшектік сан есімдер есептік сан есімге жарты,жарым,ширек сөздері тіркесіп келіп те жасалады. Мысалы: екі жарым,үш ширек.Ондық бөлшектік сан есімнің бөлімі ондық,жүздік, мыңдық сияқты болып жасалады.Мысалы:екі бүтін үш ондық немесе екі бүтін оннан үш ( 12,3 ) бес бүтін төрт жүздік немесе бес бүтін жүзден төрт (15,04)

Кітаппен жұмыс: 176-жаттығу, Цифрмен берілген бөлшектік сан есімдерді сөзбен жазады.

76,02, т.б.

Бүкіл оқушылармен жұмыс:Құрамында сан есімі барн шағын мәтін жазғызамын.

Білімді бекіту: Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын,

түсінбеген сұрақтарына жауап беремін

1.Есептік сан есім дегеніміз не? 2.Бөлшектік сан есім дегеніміз не?

3.Сан есім мағынасына қарай нешеге бөлінеді?

4.Сан есім құрамына қарай нешеге бөлінеді?

Бағалау: Үй тапсырмасын орындап,сабаққа белсенді қатысып отырып оқушыларды бағалаймын.

Үйге тапсырма: 177- жаттығу. Сөйлемдерді жазып, құрамындағы сан есімдерді мағыналық түріне қарай ажыратып келуге беремін.

Сабақтың тақырыбы: Есімдік 6-сынып

Сабақтың мақсаты :

а) Есімдіктің сөз табы ретіндегі ерекшелігін оның есім сөздермен байланысын түсіндіру

ә) Оқушыларға ұлттық тіліміздің өркендеп оянуына, ана тілімізді сүюге, ана тілін аяққа баспай мәртебесін биік ұстау жөнінде түсіндіру,соған дәріптеу.

б) Оқушыладың бойына әдептілік, инабаттылық, қарапайымдылық қасиеттерін қалыптастыру.

Сабақтың түрі : Аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,ойын түрінде

Сабақтың көрнекілігі: плакат,кеспе қағаздар

Халықтық педагогика элементтерін қолдану : мақал-мәтелдер, нақыл сөздер

Пәнаралық байланыс : әдебиет

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі

:

Оқушылармен амандасу, түгелдеу,оқу құралдарын тексеру,сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау.

1. Біздің өткен әр сабағымыз – қуаныш,әр қуанышқа кеңпейіл халқымыз шашу шашқан. Шашу – тіптен ,береке. Ендеше біз де сендердің нұрлы келешектеріңе қуаныш тілеп,шашу шашайық (шашу «кәмпит» шашылады.Сұраққа дұрыс жауап берген оқушы,шашудан ауыз тиген болып есептеледі)

а) Қандай сөз табын сан есім дейміз?

ә) Сан есім құрамына қарай нешеге бөлінеді?

б) Сан есімнің мағыналық түрлерін ата.

в) Сан есімнің емлесі.

г) Сан есім сөйлемде қандай қызмет атқарады ?

2. Сынып оқушылары «Алғырлар» мен «Тапқырлар» атты екі топқа бөлінеді де, «Қыз бен жігіт» айтысы өткізіледі.

Екі топ алдын ала бірнеше сұрақ әзірлеп, қима қағаздарға жазып, аударып тізіп қояды. Бір топтан қыз екінші топтан жігіт шығып,қыз жігіт жағынан,жігіт қыз жақтан сұрақ алып, тез арада жауап беруі шарт. Ұпай саны есептелініп отырады.

( Үш реттен жұптасып айтысады)

Жігіт: а) 2002 жыл – Денсаулықты сақтау жылы болып белгіленді ( қатесі бар ма? )

ә) 12 түйе,10 жылқы,9сиыр,5 тоқты ( шешуі не? )

Қыз : а) Оң оқыса да,теріс оқыса да бірдей мағынада айтылатын қай сан есім ?

ә) Жігіттің неше жұрты бар? Атап бер.

Жігіт: а)Жетіге дейін ғана санайтын қай сан есім ?

ә) Қазақтың ұлттық ойын түрлерін ата.

Қыз: а) Қырықтарда, үш- үштен, екеу, жүзден бір сан есімдерін мағынасына қарай ажырат

ә) Қыз тәрбиесіне байланысты қандай мақал-мәтел білесің? ( 14-5 мақал айту керек)

Қай жақтың жауабы кешіксе, сол жақтың қызы немесе жігіті жеңіледі.

Одан кейін «Бәйге» ойыны ұйымдастырылады

«Алғырлар» тобы құрамында сан есімі бар мақал,

«Тапқырлар» тобы құрамында сан есімі бар жұмбақтар айтып жарысады.

1. Жеті жұрттың тілін біл,

Жеті түрлі білім біл.

1. Бес ін,бес іннің аузы бір ін ( бес саусақты қолғап )

2. Ұлға отыз үйден тыю,

Қызға қырық үйден тыю.

2. Екеуі қарауыл қарап тұр,

Төртеуі ұйықтап жатыр ( Түйенің екі өркеші,аяғы және кү.йсегені )

3. Білекті бірді жығар,

Білімді мыңды жығар.

3. Екі достың бірі ыңғайлы,

Біреуінің ебі жоқ.

Екеуін де бірдей көрем,

Маған артық кемі жоқ. ( оң қол мен сол қол )

Қай топ тосылып қалса,аты бәйгеден қалған болып есептеледі.

б) Жаңа сабақты түсіндіру

Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар.Оның тәтті оралған мәні оятар (Абай) деген сөйлемде оның деген сөз өлеңнің бірінші жолындағы ән деген зат есімнің орнына қолданылған.

Бір шалдың төрт ұлы болыпты.Бірде шал сол ұлдарын жинапты.(ертегіден) деген сөйлемдерде сол сөзі төрт деген сан есімнің орнына қолданылған: төрт ұлын жинапты.

Кімді айтса ,сол келер (мәтел) деген сөйлемде сол сөзі кім дегеннің орнына жұмсалған да, кім дегеннің өзі адам ұғымы атауының орнына қолданылған.

Сөйтіп есімдіктер, есім сөздердің ( зат есім,сын есім, сан есімнің ) атын да, белгісін де, санын да атамай, тек соларды нұсқап, меңзеп көрсетеді де,солардың орнына қолданылады. Сондықтан да кейде есімдіктерді орынбасар сөздер деп те атайды.

Есімдіктер мағынасына қарай жеті топқа бөлінеді: 1.жіктеу,2.сілтеу,3.сұрау, 4.өздік ,5.жалпылау 6.болымсыз.

Кітаппен жұмыс:192-жаттығу. Мәтінді жазып,сөйлемдегі есімдіктер қандай сөздердің орнына жұмсалып тұрғанын айтады.

Білімді бекіту: 1. Есімдік дегеніміз не? 2. Есімдік мағынасына қарай нешеге бөлінеді? 3.Есімдіктер қай есім сөздердің орнына жұмсалады?

Бағалау: Жеңімпаз топ пен оқушылардың білім деңгейін ұпай санымен белгілей отырып,оқушылардың білімі бағаланады.

Үйге тапсырма : 193- жаттығу. Көшіріп жазып, есімдіктердің астын сызып келуге беремін.

Сабақтың тақырыбы : Жіктеу есімдігі

Сабақтың мақсаты :

а) Жіктеу есімдігі туралы түсінік беру

ә) есімдіктердің морфологиялық заңдылықтарын түсіндіре отырып,тілдік эстетикалық сезімдерін тәрбиелеу,ұжымдық жұмы жасау барысында адамдық қасиеттерін дмыту.

б) Оқушылардың белсенді ойлау қызметтрін жандандырып,сауатты жазу,оқу дағдыларын жетілдіру.

Сабақтығ түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, тіл дамыту,ой қорыту

Сабақтың көрнекілігі: плакат, кеспе қағаздар

Халықтық педагогика

Элементтерін қолдану: Талапты ерге нұр жауар

Пәнаралық байланыс: Әдебиет,орыс тілі

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген жаттығуды тексеремін

1.Есімдік дегеніміз не? 2.Есімдік мағынасына қарай нешеге бөлінеді? 3.Тіл білімі неше салаға бөлінеді?

4.Морфология нені зерттейді? 5.Синтаксис нені зерттейді? 6. Қазақ тілінде неше сөз табы бар?

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Белгілі бір заттық ұғыммен байланысты қолданылатын есімдіктің түрі жіктеу есімдігі деп аталады.

Жіктеу есімдіктері мен,сен, сіз,ол, біз,(біздер),сендер,сіздер, олар.Жіктеу есімдіктерінің үш жағы және жекеше, көпше түрі бар.

Олар мынадай:

Жақ Жекеше түрі Көпше түрі

1: мен біз,біздер

2. сен (анайы) сендер (анайы)

Сіз (сыпайы) сіздер (сыпайы)

3. ол олар

Бірінші жақ- айтушы,сөйлеуші жақ, Екінші жақ –тыңдаушы жақ.Бұлар –адмға байланысты атаулар,сордықтан кім? деген сұраққа жауап береді.

Үшінші жақ бөгде жақ.Ол адамға,адамнан басқа да затқабайланысты бола береді. Сондықтан кім? немесе не?деген сұраққа жауап береді.мыс: Бір ағашта екі алма,мен(кім?) де алмаймын, сен(кім?)де алма.

Кітаппен жұиыс: 193-жаттығу. Сөйлемдерді жазып,жіктеу есімдіктерін табады.

Екеуара жұмыс: Екі оқушыға шағын мәтінді беріп,жіктеу есімдіктерін теріп жазып,қай септікте тұрғанын көрсетеді.

Білімді бекіту: 1.Есімдік дегеніміз не?

2. Есімдік мағынасына қарай нешеге бөлінеді?

3. Жіктеу есімдігі дегеніміз не?

Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Бағалау: Оқушылардың білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: 195-жаттығу. Көшіріп жазып,жіктеу есімдіктерінің астын сызып, қай жақта, қай септікте тұрғанын айтуға беремін.

Сабақтың тақырыбы: Сан есімнің емлесі

Сабақтың мақсаты:

а) Күрделі сан есімнің жазылуы; әр сыңары бөлек ,цифрмен жазылғанда дефистің қойылу мәселелерін түсіндіру.

ә) Сөйлеу тілін, сөз мағынасын түсініп,шапшаң ой қорыта алуға, көркем ұқыпты жаза білуге дағдыландыру

б) Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету, щған құрметпен қарай алатын көзқарасқа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі: плакат , кеспе қағаздар

Халықтық педагогика Мың кісінің түрін білгенше

элементтерін қолдану: бір кісінің атын біл

Пәнаралық байланыс: математика,әдебиет.

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген жаттығуды тексеремін. Сан есімді қалай меңгергенін білу үшін бірнеше сұрақтар қоямын.

1.Сан есім дегеніміз не? 2.Сан есім мағынасына қарай нешеге бөлінеді?

3.Сан есім құрамына қарай нешеге бөлінеді? 4. Есептік сан есім дегеніміз не?

5. Реттік сан есім дегеніміз не? 6.Жинақтық сан есім қандай сұраққа жауап береді?

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

1) Күрделісан есімнің әр сыңары бөлек жазылады. Мыс: жүзбір, жиырма бесінші.

2) Цифрмен таңбаланатын дара және күрделі сан есімдерге жалғанатын жалғаулар дефис арқылы жазылады.мыс: Ол 25-ке толды.

3) Реттік сан есімдер араб цифрымен берілсе,-ыншы, - інші, - нші, -ншы, жұрнағының орнына дефис ( - ) жазылады да, рим цифрымен берілсе, дефис қойылмайды.мыс: 5-сынып,23-қаңтар, ІІІ том т.б.

Күн;жыл аттарымен тіркеліп келген сан есімдер араб цифрымен берілмесе де,дефис қойылмайды. Мыс:2010 жыл, 7 қазан.

4) Екі,алты, жеті деген сандарға болжалдық сан есімнің -ау, -еу жұрнағы жалғанғанда түбірдің соңындағы қысаң ы, і дыбыстары түсіп қалады.мыс: екі-екеу, алты- алтау.

5) Болжалдық сан есімдер цифрмен жазылғанда, оларға жалғанатын қосымшалар дефис арқылы жазылады.мыс: 100-деген, 1000-даған.

кітаппен жұмыс: 178-жаттығу. Өлең жолдарын оқып, септеліп тұрған сан есімдерді мағыналық жағынан ажыратып, оларды қай септікте тұрғанын айтады.

Бүкіл оқушылармен жұмыс:Мына сан есімдерді қатыстырып сөйлем құрайды.

Екі-екіден, бес-бестен,он-жиырмадан, отызға жуық,0, 5, оныншы, жетеу.

Білімді бекіту: 1. Күрделі сан есімдер қалай жазылады?

2.Рим цифрымен берілген сан есімнен кейін реттік сан қалай жазылады?

Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін

Бағалау: Оқушылардың ынтасына қарай білімдері бағаланады

Үйге тапсырма: 181-жаттығу. Мәтінді жазып, сан есімдерге толық талдау жасап келуге беремін.

]

6-сынып

Сабақтың тақырыбы : Сілтеу есімдігі

Сабақтың мақсаты:

а) Түрлі әдістерді пайдалана отырып балаларды тапқырлық,жылдамдық,есте сақтау қабілеттерін арттыру.Сөйлеу тілін жетілдіре отырып,шешендік өнерге баулу.

ә) Оқушылардың ойын кеңейтіп, тілді байытатын мазмұнды да көркем сөз үлгілері мен мақал-мәтелдер,нақыл сөздер үйрену.

Б) Оқушылардың бойына әдептілік, инабаттылық,қарапайымдылық қасиеттерін қалыптастыру.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, тіл дамыту

Сабақтың көрнекілігі: плакат,кеспе қағаздар

Халықтық педагогика Дос жылатып айтады,

элементтерін қолдану: Дұшпан күлдіріп айтады.

Пәнаралық байланыс: Әдебиет

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,щқу құралдарын тексеру,сыныптың тазалығына көңіл бөлу

ә) Үй тапсырмасын пысықтау.

Үйге берілген тапсырманы тексеремін.

1.Есімдік дегеніміз не?

2.Есімдік мағынасына қарай нешеге бөлінеді? 3.Жіктеу есімдігі дегеніміз не?

4. Неше жақта жіктеледі?

5. Үшінші жақтағы жіктеу есімдігі қандай сұраққа жауап береді?

б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Сілтеу есімдіктері мегзеу,нұсқау,көрсету мағыналарын білдіреді.Сілтеу есімдіктеріне бұл,сол,ол,осы,осынау,сонау,анау,ана,мына, мынау,әне,міне деген сөздер жатады.

Әдетте сілтеу есімдіктері сілтеу,мегзеу орнына жұмсалып,қай?деген сұраққа жауап беріп, анықтауыш қызметін атқарып тұрады.

Мысалы: Самғай бер асқардан асқарға мынау қырандай. Бұл ұрыста біз жеңеміз.

Кітаппен жұмыс: 196- жаттығу. Мәтіннен,жіктеу, сілтеу есімдіктерін тауып береді.

Бүкіл оқушылармен жұмыс: Оқушыларға кез-келген тақырыпқа мәтін жазғызамын.Мәтіннің ішінде сілтеу,жіктеу есімдігі болу керек.

Екеуара жұмыс:Екі оқушыға сөйлемдер беріп, фонетикалық талдау жүргіземін

Білімді бекіту: 1.Сілтеу есімдігі дегеніміз не?

2.Жіктеу есімдігі дегеніміз не?

3.Есімдік дегеніміз не?

4. Жіктеу есімдігі неше жақта жіктеледі?

Бағалау: Оқушылардың ынтасына қарай білімдері бағаланады

Үйге тапсырма:Үйге «Менің борышым» атты тақырыпта шағын шығарма жазып келуге беремін.

Қазақ тілі. 6-сынып.

Сабақтың тақырыбы: Сан есімнен өткенді қайталау.

Сабақтың мақсаты:

а) Оқушылардың ойлау қабілетін сабаққа деген қызығушылығын және негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету.

ә) Түрлі әдістерді пайдалана отырып балаларды тапқырлық,жылдамдық,есте сақтау қабілеттерін арттыру,сөйлеу тілін жетілдіріп,шешендік өнерге баулу.

б) Сабақ барысында оқушыларды сауаттылыққа баулу

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,тіл дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: плакат,кеспе қағаздар

Халықтық педагогика Алтау ала болса ауыздағы кетер

элементтерін қолдану: Төртеу түгел болса төбедегі келер

Пәнаралық байланыс: математика,әдебиет.

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу,түгелдеу, тексеру. Оқушылардың зуйінін сабаққа аудару

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген жаттығуды тексеремін. Кеспе қағаздар үлестіріп,жауап талап етемін

  1. Сан есім дегеніміз не?

  2. Сан есім құрамына қарай нешеге бөлінеді.?

  3. Сан есім мағынасына қарай нешеге бөлінеді?

  4. Есептік сан есім дегеніміз не?

  5. Реттік сан есім қандай жұрнақтар арқылы жалғанады?

б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Сынып оқушылары « Алғырлар» мен « Тапқырлар» атты екі топқа бөлінеді де, « Қыз бен жігіт» айтысы өткізіледі

Екі топ та алдын ала бірнеше сұрақ әзірлеп,қима қағаздарға жазып,аударып тізіп қояды. Бір топтан қыз, укінші топтан жігіт шығып,Қыз жігіт жағынан,жігіт қыз жағынан сұрақ алып,тез арада жауап беруі шарт. Ұпай саны есептеліп отырады.

Жігіт: а) 2002 жыл – Денсаулықты сақтау жылы болып белгіленді ( қатесі бар ма? )

ә) 12 түйе, 10 жылқы,9 сиыр, 5 тоқты. ( шешуі не? )

Қыз: а) Оң оқыса да, теріс оқыса да бірдей мағынада айтылатын қай сан есім?

ә) Жігіттің неше жұрты бар?

Жігіт: а) Жетіге дейін ғана саналатын қай сан есім?

ә) Қазақтың ұлттық ойын түрлерін ата.

Қыз:: а) Қырықтарда, үш-үштен, екеу, жүзден бір сан сан есімдерін мағынасына қарай ажырат.

ә) Қыз тәрбиесіне байланысты қандай мақал-мәтел білесің?

Қай жақтың жауабы кешіксе, сол жақтың қызы немесе жігіті жеңіледі.

Білімді бекіту: сабақтың соңынан « Бәге» ойыны ұйымдастырылады

« Алғырлар» тобы құрамында сан есімі бар мақал, «Тапқырлар» тобы құрамында сан есімі бар жұмбақ айтып жарысады.

Қай топ тосылып қалса,аты бәйгеден қалған болып есептеледі.

Бағалау:Жеңімпаз топ пен оқушылардың білім деңгейін ұпай санымен белгілей отырып,оқушылардың білімі бағаланады.

Үйге тапсырма: Сан есімнің мағыналық түрлеріне мысалдар жазып,құрамына қарай талдап келу.

Сабақтың тақырыбы: Сұрау есімдігі қазақ тілі

Сабақтың мақсаты :

а) Сұрау есімдіктерінің басқа сөз таптарына қатыстылығын, сұрау есімдіктерінің түрленетіндігін түсіндіру

б) Оқушылардың ойлау қабілетін сабаққа деген қызығушылығын арттыру және негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету.

в) Оқушылардың бойына әдептілік,инабаттылық, қарапайымдылық қасиеттерін қалыптастыру.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың мақсаты: сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі: плакат, кеспе қағаздар

Халықтық педагогика

элементтерін қолдану: мақал-мәтелдер

Пәнаралық байланыс: әдебиет,тарих

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелшдеу,оқу құралдарын тексеру. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау.

Үйге берілген жаттығуды тексеремін.

1.Есімдік дегеніміз не?

2. Есімдік мағынасына қарай нешеге бөлінеді?

3.Жіктеу есімдігі дегеніміз не?

4.Жіктеу есімдігі неше жақта жіктеледі?

5.Сілтеу есімдігі дегеніміз не?

6.Сілтеу есімдіктерін ата.

Мыныа сөйлемдердің ішінен жіктеу, сілтеу есімдіктерін тап.

  1. Ол қайтып оралмады.

  2. Оның ішінде қарлығаштар да бар еді.

  3. Ол ұядан он алты балапан ұшырды.

  4. Анау Абай ағаға жүгінемін.

  5. Мұнан басқа сөз айтып та үлгерген жоқ.

  6. Күлтайдың баяғы оқыған ағасы осы ауылға қызметке келді.

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Жауап алу мақсатымен сұрау мағынасына да қойылған сұрақтар сұрау есімдігі деп аталады.

Сұрау есімдіктері: кім? не? қай? қандай? қанша? неше? нешеу? қешінші? қайда? қайдан? қалай?

қашан? қайдағы? қашанғы?

Зат есімге және зат есім орнына қолданылатын ( заттанған ) сөздерге қойылатын сұрақтарға көптік, тәуелдік, септік, жіктік жалғаулары қойылады. Мысалы: кім? кімім? кімдер? кімі? кімдерің?кімге? неге? қайсысы? нешеуі? кіммін?т.б.

Кітаппен жұмыс : 197-жаттығу Өлеңдерді мәнерлеп оқып, дауыс сазына назар аударады.

Тақтамен жұмыс : Мына сөздерді жіктеу;сілтеу сұрау есімдіктеріне бөліп жазады..

Ол, осы, неше?, қанша?, мен, анау, міне,біз,олар,қайсысы?,сен, сонау,қашан?, сіздер,сол.

Білімді бекіту: 1. Сілтеу есімдігі дегеніміз не?

  1. Сұрау есімдігі дегеніміз не?

  2. Жіктеу есімдігі дегеніміз не?

  3. Есімдік дегеніміз не?

  4. Есімдік мағынасына қарай нешеге бөлінеді?

Бағалау: Оқушылардың үй тапсырмасын орындап келгендерін және сабаққа жақсы қатысып отырғандарының білімдері бағаланады

Үйге тапсырма: Мына сөздерге сөйлем құрап икелуге беремін.

Бұл,ол,осы,осынау,мен,сен,қанша?,нешінші?. 6-сынып.

Сабақтың тақырыбы : Есімдік 6-сынып

Сабақтың мақсаты:

а) Есімдіктің сөз табы ретіндегі ерекшелігі,оның есім сөздер мен байланысын түсіндіру.

ә) Түрлі әдістерді пайдалана отырып балаларды тапқырлық,жылдамдық, есте сақтау қабілеттерін арттыру. Сөйлеу тілін жетілдіре отырып, шешендік өнерге баулу

б) Тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін, жерін Отанын сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,өз бетінше іздену

Сабақтың көрнекілігі: плакат, кеспе қағаздар

Халықтық педагогика Білімдіге дүние жарық

Элементтерін қолдану Білімсіздің күні қаріп

Пәнаралық байланыс әдебиет,тарих

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына назар аударып,қажетті көрнекті құралдарды алу.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген жаттығуды тексеремін. Кеспе қағаздарды үлестіріп жауап талап етемін.

  1. Сан есім дегеніміз не?

  2. Сан есім мағынасына қарай нешеге бөлінеді?

  3. Сан есім құрамына қарай нешеге бөлінещді?

  4. Дар сан есім дегеніміз не?

  5. Күрделі сан есім қалай жасалады?

« Бәйге» ойыны ұйымдастырылады.

«Алғырлар» тобы құрамында сан есімі бар мақал, «Тапқырлар» тобы құрамында сан есімі бар жұмбақ айтып жарысады.

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар.Оның тәтті оралған мәні оятар( Абай ) деген сөйлемде оның деген сөз өлеңнің бірінші жолындағы ән деген зат есімнің орнына қолданылған. Бір шалдың төрт ұлы болыпты.Бірде шал сол ұлдарын жинапты деген сөйлемдерде сол сөзі төрт деген сан есімнің орнына қрлданылған:

Сөйтіп,есімдіктер есім сөздердің ( зат есім және сан есім, сын есімнің ) атын да белгісін де санын да атамай, тек соларды нұсқап, меңзеп көрсетеді де, солардың орнына қолданылады.

Есімдіктер мағынасына қарай жеті топқа бөлінеді: 1) Жіктеу есімдігі 2)сілтеу есімдігі 3) сұрау есімдігі 4)өздікң есімдігі,5)жалпылау есімдігі, 6)болымсыздық есімдігі, 7) белгісіздік есімдік.

Кіиаппен жұмыс: Мәтінді көшіріп жазып сөйлемдегі есімдіктер қандай сөздердің орнына жұмсалып тұрғанын айтады.

Топпен жұмыс: Құрамында есім сөздері бар шағын мәтін жазғызамын.

Білімді бекіту: 1.Есімдік дегеніміз не? 2. Есімдік мағынасына қарай нешеге бөлінеді? 3.Есімдік қай сөз таптарының орнына жүреді?

Бағалау: Оқушылардың ынтасына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: 192- жаттығу. Көшіріп жазып,ішіндегі есімдіктердің астын сызып келуге беремін.

Қазақ тілі Сабақтың тақырыбы: Өздік есімдігі

6-сынып Сабақтың мақсаты:

а) «Өз» есімдігінің зат есіммен байланыстылығы, жеке тұлғада тұрып зат есімге анықтауыш болатындығы; жіктеу есімдіктерімен тіркесіп күрделі сөз құрауын түсіндіру..

ә) Оқушылардың ойлау қабілетін, сабаққа деген қызығушылығын арттыру және негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету.

б) Сабақ барысында оқуыларды сауаттылыққа баулу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі: плакат, кеспе қағаздар

Халықтық педагогика Ердің тозғанын Иесі емес - ат білер

Элементтерін қолдану: Ағайынның азғанын өзі емес жат білер

Пәнаралық байланыс: трарих,әдебиет

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау.

Үйге берілген тапсырманы тексеремін. Оқушыларға кеспе қағаздар үлестіріп жауап талап етемін..

1. Есімдік дегеніміз не?, 2. Есімдік мағынасына қарай нешеге бөлінеді?,3 Жіктеу есімдігі дегеніміз не?, 4.Сілтеу есімдігі дегеніміз не? 5. Сұрау есімдігі дегеніміз не?.

б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Өздік есімдігіне әрқандай тұлғадағы өз деген бір ғана сөз жатады. Өз есімдігі көбінесе тәуелдеулі,көптеулі, септеулі түрде қолданылады да,жіктеу есімдіктерінің немесе зат есімнің орнына қолданылады.

Мысалы: менің өзім,сенің өзің,баланың өзі,оқушылардың өздері,біздің өзіміз,сіздердің өздеріңіз т.б.Өздік есімдігі түбір тұлғада зат есімді анықтап тұрнады.

Мысалы өз баласы, өз ісім, өз жұмыстарын т.б.

Кітаппен жұмыс: 198-жаттығу. Мақал-мәтелдерді көшіріп жазып,өздік есімдігін тауып,олардың қандай тұлғада тұрғанын анықтаңдар.

Мысалы: өзінің- өздік есімдігі,түбірі -өз, -і-2- жақ тәуелдік жалғауы, -нің - ілік септігінің жалғауы, бұл сөз анықтауыш қызметін атқарып тұр.

Топпен жұмыс: Оқушыларға құрамында өздік есімдік бар мақал-мәтелдер айтқызамын.

1. Кісі елінде күркірегенше,

Өз еліңде дүркіре.

2. Өз үйім-өлең төсегім.

3. Отанға опасыздық еткенің- Өз түбіңе жеткенің.

Білімді бекіту: Өздік есімдігін талдата отырып, оқушыларға бірнеше сұрақтар қойып бүгінгі сабақты пысықтаймын.

1. Өздік есімдігінің қолдану ерекшелігі қандай?

2. Сілтеу есімдіктері қандай сөз таптарының орнына жүреді?

Бағалау:Оқушылардың ынтасына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: 199-жаттығу. Өздік есімдігінің қандай сөзбен тіркесіп тұрғанын және мағыналық ерекшелігін айтып келуге беремін.

Сабақтың тақырыбы: Сілтеу есімдігі 6-сынып Сабақтың мақсаты :

а) Сілтеу есімдігінің өзіндік белгілері:

1) меңзеу, нұсқау, сілтеу мағынасын білдіреді;

2) қай сұрағына жауап беретіндігі,

3) сөйлемде анықтауыш болатындығын түсіндіру.

ә) Сөйлеу тілін, сөз мағынасын түсініп, шапшаң ой қорыта алуға, көркем,

ұқыпты жаза білуге дағдыландыру.

б) Тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін, жерін

Отанын сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап, тіл дамыту

Сабақтың көрнекілігі : плакат, кеспе қағаздар

Халықтық педагогика

элементтерін қолдану: мақал-мәтелдер

Пәнаралық байланыс: әдебиет

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру.

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару

ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы тексеремін.

  1. Есімдіктің мағыналық ерекшелігі неде?

  2. Не себепті есімдікті орынбасар сөз табы деп атауға болады?

  3. Есімдіктің қандай мағыналық түрлері бар?

  4. Жіктеу есімдіктерінің негізгі ерекшеліктері неде?

  5. Жіктеу есімдіктерінің жаққа қатынасы қандай?

  6. Жіктеу есімдіктері қандай сөз табының орнына жүреді?

  7. Жіктеу есімдіктерінің жіктелу ерекшеліктері қандай?

б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Сілтеу есімдіктері мегзеу,нұсқау, көрсету мғыналарын білдіреді.Сілтеу есімдіктеріне бұл,сол, ол,осынау,сонау, анау, ана,мына, мынау, әне, міне деген сөздер жатады..Әдетте сілтеу есімдіктері сілтеу,мегзеу мәнін білдіріп,сын есімнің орнына жұмсалып, қай? деген сұраққа жауап беріп, анықтауыш қызметін атқарып тұрады.

Мысалы: Самғай бер асқардан асқарға мынау қырандай, Бұл ұрыста біз жеңеміз.

Кітаппеен жұмыс: 196-жаттығу. Мәтіннен жіктеу,сілтеу есімдіктерін табыңдар

Бүкіл оқушылармен жұмыс: Оқушыларға шағын мәтін жазғызамын. Мәтіннің ішінде жіктеу,сілтеу есімдіктері болу керек.

Екеуара жұмыс: Екі оқушыға тақтаға сөйлемдер жазғызып, лексикалық фонетикалық талдау жасатамын.

Білімді бекіту: «Шығамын білім шыңына» ойыны арқылы сабақты қорытындылаймын

  1. Сілтеу есімдіктері қандай сөз таптарының орнына жүреді?

  2. Сілтеу есімдіктерін ата

Бағалау: Оқушылардың сабаққа қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: «Алғашқы қар» тақырыбына мәтін жазып келуге беремін.

Cабақтың тақырыбы: Жалпылау есімдігі қазақ тілі 6-сынып

Сабақтың мақсаты:

а) Жалпылау есімдігінің мағынасы қандай деген сұраққа жауап беретіндігі,бастауыш, анықтауыш

қызметінде жұмсауын түсіндіру.

ә) Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету. Ойлау шеберлігін өйлеу мәдениетін

арттыру.

б) Оқушылардың білімін бақылау арқылы дұрыс жаза білуге үйрету.

Сабақтың түрі : Аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап, тіл дамыту

Сабақтың көрнекілігі : плакат, кеспе қағаздар т.б.

Халықтық педагогика Өтіріктің құйрығы бірақ тұтам.

Элементтерін қолдану :

Пәнаралық байланыс :

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру.

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау.

Үйге берілген жаттығуды тексеремін.

  1. Есімдіктің мағыналық ерекшенлігі неде?

  2. Не себепті есімдікті орынбасар сөз табы деп атауға болады?

  3. Есімдіктің қандай мағыналық түрлері бар?

  4. Жіктеу есімдіктерінің ерекшеліктері неде?

  5. Жіктеу есімдіктерінің жаққа қатынасы қандай?

  6. Жіктеу есімдіктері қандай сөз табының орнына жүреді?

  7. Жіктеу есімдіктерінің жіктелу ерекшеліктері қандай?

  8. Сілтеу есімдіктері қандай сөз таптарының орнына жүреді?

б) Сабақты түсіндіру.

Жалпылау, жинақтау мағыналарын білдіретін есімдіктің түрі жалпылау есімдігі деп аталады. Жалпылау есімдігіне бәрә,барлық,бар,барша, бүкіл, күллі,бүтін,түгел,тегіс деген сөздер жатады.

Мысалы: Бар ойы- өлең айтып,ән салайық.

Түгел сөздің түбі бір,түп атасы-Майқы би.

Кітаппен жұмыс : 200-жаттығу. Мына сөйлемдерді жазып жалпылау есімдігін табыңдар.

1.Панасыз балалар үйін қазына түгел өз мойнына алды.

2.Енді ол үшін бүкіл дүние тас қараңғы, барлығы мәңгілік сөнді де тынды.

3.Бүкіл тіршілікте жұмысы жоқ, үн-түнсіз жалғыз жататын болады.

Екеуара жұмыс : Екі оқушыға мына өлең шумағын беріп,ішінен жалпылау есімдігін тапқызамын.

Жазасыз жақын елдің бәрін шапты,

Дарияның суындай қандар ақты.

Шапқан жердің бәрін де бодан қылып.

Өкімет пен қолына тартып апты.

Білімді беіту : 1.Жалпылау есімдігінің мағыналық ерекшелігі неде?

2. Өздік есімдігінің қолдану ерекшеліктері қандай?

3. Сұрау есімдіктерінің ерекшелігі неде?

Бағалау : Оқушылардың ынтасына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : 201- жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазып, жалпылау есімдіктерінің астын сызып келуге беремін.

Сабақтың тақырыбы : Болымсыздық есімдігі 6-сынып. Қазақ тілі.

Сабақтың мақсаты :

а) Болымсыздық есімдігінің мағыналық ерекшелігі ;

болымсыздық есімдігінің еш сөзімен сұрау есімдіктерінің

бірігуінен жасалатындығын түсіндіру.

ә) Түрлі әдістерді пайдалана отырып балаларды тапқырлық,

жылдамдық есте сақтау қабілеттерін арттыру.сөйлеу тілін

жетілдіріп,шешендік өнерге баулу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі. Сұрақ-жауап,тіл дамыту

Сабақтың көрнекілігі: плакат,кеспе қағаздар

Халықтық педагогика Ештен кеш жақсы

элементтерін қолдану:

Пәнаралық байланыс: әдебиет.

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Көрнекіліктерді тақтаға іліп дайындау.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген жаттығуды тексеремін. Оқушыларға үлестірмелі кеспе қағаздарды таратып жауап аламын.

1.Есімдік дегеніміз не?

2.Есімдіктің қандай мағыналық түрлері бар?

3.Жіктеу есімдіктері қандай сөз таптарының орнына жүреді?

4.Сұрау есімдіктерінің ерекшелігі неде?

5.Өздік есімдігінің қолдану ерекшелігі қандай?

б) Жаңа сабақты тексеру:

Болымсыздық мағынаны білдіртін есімдіктің түрі болымсыздық есімдігі деп аталады.Болымсыздық есімдігі: ештеңе,ештеме, ешкім,ешқандай ешбір,ешқашан,ешқайдан,ешқайсысы,дәнеңе,дәнеме,

Мысалы. Көнбеді ешкім сөзіме,Әдетіне қарысып. Болымсыздық есімдіктерінің ешкім,ешқайсысы,дәнеңе,ештеңе дегендерді үстеу немесе мезгілдік,мекендік мағынаны білдіретін сөздердің орнына жұмсалады. Мысалы : Бұл жерде ешкім сырымды білмейді,айтып не істейін?

Болымсыздық есімдіктері көбінесе еш сөзі мен бір,кім,қашан,қандай қайдан,қайсысы тәрізді есімдіктердің бірігуі арқылы жасалған.Сондықтан да олар бірігіп жазылады.Ал еш сөзі басқа сөздермен тіркесіп,бөлек жазылады.

Кітаппен жұмыс : 203-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазып,құрамындағы болымсыздық есімдіктерін тауып, астын сызыңдар.

Бүкіл оқушылармен жұмыс: Шағын мәтін жазғызамын, ішінде міндетті түрде есімдіктер болу керек.

Білімді бекіту:

1.Болымсыздық есімдктерінің мағыналық, құрамдық ерекшеліктері қандай?

2. Жалпылау есімдігінің мағыналық ерекшелігі неде?

3.Өздік есімдігінің қолдану ерекшелігі қандай?

Бағалау: Оқушылардың ынтасына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: 204-жаттығу. Көшіріп жазып,есімдіктерді мағыналық түрлеріне қарай ажыратып келуге беремін.

6-сынып Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы : Етістік

Сабақтың мақсаты :

Етістіктің сөз табы ретіндегі ерекшелігі ; етістіктің зат есіммен байланысы ;

Етістіктің өзіндік ерекшелігі ; Етістіктің тұлғасына қарай негізгі , туынды

болып бөлінетіндігін түсіндіру.

Түрлі әдістерді пайдалана отырып балаларды тапқырлық,жылдамдық ,есте

сақтау қабілеттерін арттыру.Сөйлеу тілін жетілдіріп , шешендік өнерге баулу

Сабақтың түрі : Аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап , тіл дамыту әдістері

Сабақтың көрнекілігі : плпакат,үестірмелі кеспе қағаздар

Халықтық педагогика Батыр болсаң,жауды қайтар

элементтерін қолдану: Шешен болсаң дауды қайтар

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу ,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру, көрнекі құралдарды

тақтаға ілу.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Өткен тапсырманы еске түсіріп ,оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1. Тіл білімі неше салаға бөлінеді? 2. Лексика нені зерттейді?

3.Қазақ тілінде неше сөз табы бар? 4. Зат есім дегеніміз не?

5.Сын есім дегеніміз не? 6. Сан есім қандай сұрақтарға жауап береді?

7.Есімдік дегеніміз не? 8. Есімдік мағынасына қарай нешеге бөлінеді?

9.Сын есім құрамына қарай нешеге бөлінеді?

б) Жаңа сабақты түсіндіру :

Етістік - заттың қимылын, іс-әрекетін білдіретін сөз табы. Етістік не істеді? не қылды? қайтті? деген сұрақтарға жауап береді

Мысалы : Көп ойласаң, дан,а боласың, көп ойнасаң, бала боласың. Берілген мысалдарда ойласаң,ойнасаң ( сен не істесең?) боласың деген сөздер заттық ұғымдағы сөздердің ( сен ) қимылын, іс-әрекетін білдіріп тұр. Мұндай сөздер етістіктер деп аталады.

Етістік құрамаына қарай негізгі түбір етістік және туынды түбір етістік болып екіге бөлінеді.

Сөздің негізгі түбірі етістік болса, ол негізгі түбір немесе негізгі етістік деп аталады.

Мысалы: кел, бар, жүр , көп.

Басқа сөз таптарынан сөз, тудырушы жұрнақ арқылы жасалған жұрнақ арқылы жасалған етістіктер туынды түбір немесе туынды етістік деп аталады. Мысалы: ойна , шегеледі, қарайып ,көгерген деген түбірлерге –а,-ле,-й,-ер,-қар,-ей жұрнақтары жалғану арқылы етістік жасалған.

Жаттығумен жұмыс : 221-жаттығу Етістіктердің негізгі түбірін жазып көрсетіңдер.

Негізгі түбір ; туынды етістік ; жұрнақ ;

аял аялда -да

аз азай -ай

жас жасар -ар

Білімді бекіту : 1. Етістік дегеніміз не? 2.Қандай сұрақтарға жауап береді? 3. Етістік құрамына қарай нешеге бөлінеді?

Бағалау : Оқушылардың ынтасына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : 222-жаттығу. Зат есімнен жасалған туынды етістіктерді тауып жазыңыздар.

Сабақтың тақырыбы: Дара және күрделі етістік

Сабақтың мақсаты :

а) Етістіктердің құрамына қарай дара күрделі болып бөлінетіндігі.

Күрделі етістіктердің құрамын жасау жолын түсіндіру

ә) Оқушылардың ойлау қабілетін сабаққа деген қызығушылығын арттыру және

негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету

б) Оқушыларды сауатты жазуға дағдыландыру.

Сабақтың түрі : Аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,тіл дамыту

Сабақтың көрнекілігі : плакат,кеспе қағаздар

Халықтық педагогика Еңбек етпесең елге өкпелеме

элементтерін қолдану : Егін екпесең жерге өкпелеме.

Пәнаралық байланыс : әдебиет,география

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үйге берілген жаттығуды тексеремін.Етістікті қалай түснгендігін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын.

1.Етістік дегеніміз не?

2.Етістік тұлғасына қарай қалай жасалады?

3.Қазақ тілінде неше сөз табы бар?

4.Етістік қандай сұрақтарға жауап береді?

5.Есімдіктің мағыналық ерекшелігі қандай?

6.Өздік есімдігінің қолдану ерекшелігі қандай?

7.Сілтеу есімдіктері қандай сөз таптарының орныныа жүреді?

б) Жаңа сабақты түсіндіру :

Етістіктер құрамына қарай дара етістік және күрделі етістік болып екіге бөлінеді

Бір ғана сөзден тұратын негізгі етістік дара етістік деп атлады.Мысалы : Өнер-білім бар жұрттар тастан сарай салғызды.Қозының маңырағанын Байторының сақ құлағы бағана сезген.Бұл сөйлемдердегі салғызды, жамырағанын,сезген деген етістіктер дара етістіктер болып табылады.Өйткені бұлар бір ғана сөзден тұратын негізгі етістіктер.

Екі я одан да көпсөзден құралып, бңр ғана мағынаны білдіріп,бір сұраққа жауап беріп,сөйлемнің бір ғана мүшесі қызметін атқаратын етістіктер күрделі етістіктер деп аталады.Мысалы : Ауылда қосақтағы қойлар маңырап жатыр екен.Бір кішентай қыз әкесінің шапанын жамап отыр екен.

Әдетте күрделі етістіктің құрамындағы бірінші етістік негізгі етістік болады да,негізгі мағынаны сол білдіреді,кейінгісі оған көмекші етістік болады.

Жаттығумен жұмыс : 224-жаттығу. Дара,күрделі етістіктерді ажыратыңдар.

Мәтінде қзақтың қандай ата дәстүрі байқалады? Осы дәстүр туралы өз ойларыңды айтыңдар.

Білімді бекіту : 1.Етістік құрамына қарай қалай бөлінеді? 2.Туынды етістіктер қалай жасалады?

3.Етістік нені білдіреді? 4.Етістік қандай сұрақтарға жауап береді?

Бағалау : Оқушылардың ынтасына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : 225-жаттығу. Күрделі етістіктің құрамын анықтаңдар.Олардың қалай жсалғанын айтыңдар.

Қазақ тілі. 6-сынып.

Сабақтың тақырыбы : Болымды және болымсыз етістіктер

Сабақтың мақсаты : а) Іс-әрекеттің жүзеге асуына қатысты етістіктердің болымды, болымсыз түрлерінің жасалуын түсіндіру

ә) Түрлі әдітерді пайдалана отырып балаларды тапқырлық, жылдамдық,есте сақтау қабілеттерін арттыру. Сөйлеу тілін жетілдіріп, шешендік өнерге баулу.

б) Оқушылардың білімін бақылау арқылы дұрыс жаза білуге үйрету.

Сабақтың түрі : Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі : плакат,кеспе қағаздар

Халықтық педагогика Ел ағасыз болмас

элементтерін қолдану : Тон жағасыз болмас

Пәнааралық байланыс : әдебиет, тарих

Сабақтың барысы : а) Ұйымдастыру кезеңі : Оқушылармен амандасу,түгелдеу, сыныптың тазалығына назар аудару,көрнекіліктерді дайындау.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау : Үйге берілген жаттығуды тексеремін.

1. Етістік құрамына қарай нешеге бөлінеді? 2. Етістік нені білдіреді ? 3. Етістік қандай сұрақтарға жауап береді ?

4.Туынды етістіктер қалай жасалады ? 5.Дара етістк дегеніміз не ? 6.Күрделі етістік қалай жасалады?

7.Күрделі етістікке мысал келтір.

б) Жаңа сабақты түсіндіру :

Етістік негізгі түбірде де, туынды түбірде де қимылдың, іс-әрекеттің болуын білдіреді. Сондықтан етістік негізгі я туынды түбір күйінде болымды мәнді білдіреді.Оларды болымды етістік дейді.Сонымен бірге етістік қимылдың, іс-әрекеттің болиауын,іске аспауын да білдіреді.Ондай етістіктерді болымсыз етістік дейді.Болымсыз етістік негізгі я туынды түбір етістіктерге –ма,-ме,-ба,-бе,-па,-пе жұрнақтары жалғану арқылы және белгілі шақ тұлғасындағы, болымды етістікке жоқ, емес сөздерініңтіркесуі арқылы жасалады : Мысалы : бар-ма,көбей-ме,тістеме-ме айт-па.

Топпен жұмыс : Оқушыларға болымды етістікті жазғызамын.Олар болымды етістікті болымсыз етістікке айналдырады.

Мысалы: асық-асықпа,асық,жүгір, шула ,айқайла, тарық, кешік, бөгел,сүрін, күл, жағалас,сыз,теп,ти,ұмыт,жоғалт,атта, секір,боя,өмір,қи,ал,аш,тасы,сұра,топ.

Жаттығмен жұмыс : 229-жаттығу. Мәтіндегі іс-әрекетті білдіріп тұрған сөздерге сұрақ қойып етістіктің қай түрі болып тұрғанын айтыңдар.

Білімді бекіту : Оқушыларға бірнеше тыйым сөздер айтққызып ішінен болымсыз етістікті тапқызамын. Мысалы : Үйде ысқырма,Тамды айналып жүгірме,Сыпырғыны тік қойма,Бей уақытта ұйықтама,Адамды санама.

Бағалау : Оқушылардың үй тапсырмасын орындағандарына және сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : 231-жаттығу. Сөйлемдердің құрамындағы етістіктерді тұлғасына қарай талдаңдар.

6-сынып.

Қазақ тілі.

Сабақтың тақырыбы : Сабақты етістік пен салт етістік.

Сабақтың мақсаты : а) Етістік білдіретін мағынасына қарай салт, сабақты болып бөлінуін,Сабақты етістікті ажырата білу жолдарын түсіндіру;

ә) Сабақты және салт етістіктің жасалу жолдарын меңгерту;

б) Сабақты және салт етістіктің жасалу жолдарының өздік етіс арқылы өзгеруін меңгнрту.

Сабақтың түрі : Аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі : плакат,үлестірмелі кеспе қағаздар

Халықтық педагогика

элементтерін қолдану : Әркімнің өзі шығар биігі бар.

Пәнаралық байланыс : әдебиет,география.

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі : Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру,оқушылардың зейінін сабаққа аудару

ә) Үй тапсырмасын пысықтау: Үйге берілген тапсырманы тексеремін. 1.Болымсыз етістік қандай жалғаулар арқылы

жалғанады? 2.Болымды етістік қалай жасалады? 3.Дара етістік дегеніміз не? 4.Күрделі етістік қалай жасалады? 5.Етістік нені білдіреді ?

6.Етістік қандай сұрақтарға жауап береді?

б) Жаңа сабақты түсіндіру :

Етістіктер мағынасына қарай сабақты етістік және салт етістік болып екіге бөлінеді.Мағынасы жағынан тура обьектіні, табыс септіктегі сөзді қажет етіп тұратын етістіктер сабақты етістіктер деп аталады.Сабақты етістіктер кімді? нені? деген сұрақтарға жауап беретін табыс септіктегі сөзбен байланысады Мысалы ; Сөзді сен баста.Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін.Баламды медресеге біл деп бердім.Бетті бастым.Бұл сөйлемдердегі баста,жазбаймын,бердім,бастым деген сөздердің табыс септікте тұруын талап етіп тұр.

Мағынасы жағынан тура обьектіні-табыс септікткегі сөзді қажет етпейтін етістіктер салт етістіктер деп аталады.Салт етістіктер барыс,жатыс,шығыс,көмектес септіктегі сөздермен тіркесе беруі мүмкін,бірақ табыс септіктегі сөзбен байланыспайды

Бүкіл оқушылармен жұмыс:Мақал-мәтелдер айтқызып,ішінен етістіктерді тауып,олардың қай септіктегі сөзбен тіркесіп тұрғанын

сұрақ қою арқылы анықтаңдар.

Жаттығумен жұмыс: 234-жаттығу. Көшіріп жазып,етістікті мағынасына қарай ажыратыңдар.

Білімді бекіту: 1.Етістік мағынасына қарай нешеге бөлінеді? 2. Сабақты етістік қалай жасалады? 3. Салт етістік дегеніміз не? 4.Етістік

құрамына қарай нешеге бөлінеді? 5.Күрделі етістік қалай жасалады? 6.Дара етістік дегеніміз не?

Бағалау:Оқушылардың білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: 236-жаттығу. Сабақты етістігі бар сөз тіркестерін бір бағанға, салт етістігі бар сөз тіркестерін екінші бағанға жазыңдар

Сабақтың тақырыбы : Етістер

Өздік етістер

Сабақтың мақсаты :

а) Етістіктердің –іс істеушімен іс-әрекеттің арасындағы қатынасты білдіретін етістіктің түрі екендігі, етістің төрт түрге бөлінетіндігін түсіндіру.

ә) Етіс түрлеріне тоқталу,жаслу жолдарын көрсете отырып,айырмашылықтарын айқындау

б) Оқушылардың бойына әдертілік,инабаттылық,қарапайымдылық қасиеттерін қалыптастыру.

Сабақтың түрі : Аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі : плакат, кеспе қағаздар

Халықтық педагогика Жылы киім тәнді жылытар

Элементтерін пайдалану : Жылы сөз жанды жылытар

Пәнаралық байланыс : әдебиет

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үйтапсырмасын пысықтау.

Үйге берілген жаттығуды тексеремін

  1. Етістік нені білдіреді?

  2. Етістік тұлғасына қарай нешеге бөлінеді?

  3. Етістік құрамына қарай нешеге бөлінеді?

  4. Етістік мағынасына қарай нешеге бөлінеді?

  5. Сабақты етістік дегеніміз не?

  6. Салт етістік дегеніміз не?

б) Жаңа сабақты түсіндіру :

Қимылдың, іс-әрекеттің орындаушыға, яғни қимыл иесінің істелетін іске қатысын білдіру үшін белгілі бір қосымшалар арқылы жасалатын етістіктің түрі етіс деп аталады. Мысалы :Ол жуынды.Ол баласына сабақ оқытты.Әңгіме айтылды.деген сөйлемдерде жуу қимылы іс иесініңөзіне қарай бағытталғанын білдіреді.

Қимыл, іс-әрекет орындаушысына,іс иесіне бағытталып, тікелей соған қатыстылығын білдіріп,әдетте сабақты етістіктерге –ын, -ін, -н жұрнағы жалғану арқылы жасалатын етістіктің түрі өздік етіс деп аталады.Мысалы : Таң атқанша тарандық

Жаттығумен жұмыс : 238-жаттығу.Берілген сөздердіен қажетті жұрнақ апқылы өздік етіс жасап жазыңдар.

Үлгі: сабақты етістіктер: жұрнақтар: өздік етістер:

Ора -н оранды

. . . . . . . . .

Білімді бекіту : 1.Етіс дегеніміз не? 2. Етіс нешеге бөлінеді?

3.Өздік етіс дегеніміз не? 4. болымсыз етістік жұрнағы қай жұрнақтан кейін жалғанады? 5.Күрделі етістік дегеніміз не? 6.Туынды етістік қалай жасалады?

Бағалау : Оқушыларды ынтасына қарай бағалаймын.

Үйге тапсырма : 239-жаттығуКөшіріп жазып өздік етістің астын сызыңдар,қалай жасалғанын айтыңдар.

6-сынып.Қазақ тілі.

Сабақтың тақырыбы : Ырықсыз етістер

Сабақтың мақсаты :

а) Оқушылардың ойлау қабілетін,сабаққа деген қызығушылығын арттыру және негізгі мәселелерге көңіл бөлуге үйрету

ә) Оқушыларға ұлттық тіліміздің өркендеп оянуына,ана тілімізді сүюге,ана тілін аяққа баспай мәртебесін биік ұстау жөнінде түсіндіру,соған дәріптеу.

б) Оқушылардың білімін бақылау арқылы дұрыс жаза білуге үйрету.

Сабақтың түрі : Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап, « Шығамын білім шыңына» ойын түрінде.

Сабақтың көрнекілігі : плакат, үлестірмелі кеспе қағаздар

Халықтық педагогика

элементтерін қолдану : әдебиет,тарих

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру,сыныптың тазалығына көңіл бөлу.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау.

Үйге берілген жаттығуды .тексеремінОқушыларға кеспе қағаз үлестіріп жауап талап етемін.Ондағы сұрақтар:

1.Етістік нені білдіреді? 2.Негізгі етістік дегеніміз не?

3.Етістік құрамына қарай нешеге бөлінеді? 4.Етістік мағынасына қарай нешеге бөлінеді?

5.Болымсыз етістік қалай жасалады? 6.Етістер дегеніміз не?

7.Өздік, етіс қандай жұрнақтар арқылы жасалады?

б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Іс-әрекеттің атқарушысы,қимыл иесі арнайы айтылмай ,өздігінен істелетіндігі көрініп,-ыл,-іл,-л түбірдің ішінде л дыбысы болса, -ын, -ін, -н жұрнақтары арқылы жасалатын етіс түрі ырықсыз етіс деп аталады.Ырықсыз етіс тек сабақты етістіктен жасалады және өзі жалғанған сабақты етістікті салт етістікке айналдырады:сөз айт-ыл-ды,шарт жасалды.

Кітаппен жұмыс : 244-жаттығу.Етістіктердін түбірі мен қосымшаларын дефис арқылы ажыратып жазыңдар. Мысалы : Жина-л-ма-ды,аш-ыл-ды,атта-н-дыр-ыл-ды

Екеуара жұмыс : Берілген етістіктерге жұрнақ жалғап,ортақ етіс жасаңдар.Түбір мен қосымшаның арасын дефис арқылы ажыратып жазыңдар. Үлгі : айт-ыс-ты.

Бөге.Тасы.Тік.Бақ.Тазала.Жу.Айт.Қой.Жөнде.Анар.Тоқы.Тер.Жаз.Жина.Тара.Сал.Бітір.Тұрғыз.

Сөйле.Іл.Ақта.Көтер.Жек.

Білімді бекіту : Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Оқушылар сабақты қалай меңгергенін білу үшін бірнеше сұрақтар қоямын.

1.Етістер дегеніміз не?

2.Етістің қандай түрлері бар және олар қалай жасалады?

3.Өздік етіс дегеніміз не?

4.Өзгелік етіс қандай жұрнақтар арқылы жасалады

Білімді бағалау: Оқушылардың ынтасына қарай білімдері бағаланады

.

Үйге тапсырма : 245-жаттығу Төленді,салынды,отырғызылды,кешіктірілмеді,шақырылды,өсірілді деген ырықсыз етістерді қолданып сөйлем құраңдар.

Үлгі: Қазақстанның көптеген аудандарында жаңа мектептер мен балабақшалар салынды.

Сабақтың тақырыбы : Диктант

Сабақтың мақсаты :

а) Балалардың есте сақтау қабілетін дамыту,өз ойын еркін жеткізе білуге,сауатты жазуға дағдыландыру.

ә) Мұхият тыңдап, ұқыпты жаза білуге үйрету.

б) Өз ісіне ұқыпты,мейірімді,кешірімшіл болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі : қайталау

Сабақтың әдісі: баяндау

Сабақтың көрнекілігі : диктанттар жинағы

Халықтық педагогика мақал-мәтелдер.

элемен н қолдану ттері:

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі : Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқушылардың зейінін аудару.

Тақтағы бүгінгі күн мен диктанттың тақырыбын жазып қоямын.

Ана

Ана! Бұл сөз жер бетіндегі әр елде бар.Ол-көркем,сүйкімді де ұлы сөз.Бесікте жатқан бала соны айтып былдырайды Оны жасөспірім мен қартайған шал да,боранмен алысып жүрген эвенк пен кепесінде отырған үндіс те қайталап айтады.Байлығы шалқыған үйден де,кедейдің лашығынан даосы сөз құдіретті естіледі.

Даңққа бөленген әртіс әр уақытта анасын жадында сақтайды,ақын өлеңдері мен әндерінде жырлайды,суретші оның бейнесін мәңгі қалдырады.Мүсінші оны тастан қашайды.Ана-барлық адамның жәнебүкіл дүниенің символы спетті.

Ана баласын мейлі ол әйгілі немесе елеусіз болсын,мейлі олбілімсіз немесе білімді болсын, мейлі ол алжыған шал немесе жас болсын, патша немесе неесе қайыршы болсын – бәрібір сүйеді, ана үшін-бұл менің ұлым деген қарапайым да жоғары,қастерлі бір-ақ ұғым. Ана одан басқа ештеңені білмейді. Ол оны құрсағында өсіреді,оған өмір береді,өз өмірін де соған арнаған.Ол баласымен бірге күледі,сонымен бірге күреске шығады-бәрінде де,барлық істе де ол сонымен бірге. Ана махаббаты қандай ғажап еді! Ол көбімізді ерлікке жігерлендіреді ( 110 сөз )

Жазып болғаннан кейін мәтіннен етістіктерді тапқызып,құрамына қарай таладатамын.

Үйге тапсырма : Мына етістіктерге сөйлем құрап келуге беремін.

Өткіз.Төсе.Алмастыр.Жина.Бергіз.

6-сынып Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы : Есімше

Сабақтың мақсаты :

а) Есімше,оның жасалу түрлері,ерекшеліктері,сөйлмдегі қызметі туралы түсінік беру;

ә) Оқушы бойында адамгершілік қасиеттерін қалыптастыра отырып,танымдық белсенділігін артыру;

б) Сауттылыққа баулу,алған білімінегізінде ойлау қабілетін дамытып,шығармашылық қабілетін дамыту;

Сабақтың түрі : Аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,тіл дамыту әдістері

Сабқтың көрнекілігі : плакат, кеспе қағаздар

Халықтық педагогика Батамен ел көгерер

элементтерін қолдану Жаңбырменен жер көгерер

Пәнаралық байланыс : әдебиет

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу, түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1.Етіс дегеніміз не ? 2. Етіс нешеге бөлінеді ?

3.Өздік етіс дегеніміз не? 4.Өзгелік етіс қандай жұрнақтар арқылы асалады?

5. Ырықсыз етіс дегеніміз не? 6. Ортақ етіс дегеніміз не?

7.Етістік құрамына қарай нешеге бөлінеді? 8.Етістік мағынасына қарай нешеге бөлінеді?

9.Болымсыз етістік қалай жасалады?

б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Есімше етістіктің ерекше түрі.Себебі есімше сөйлемде екі түрлі мәнде, екі түрлі қызметте қолданылады.Бірде ешқандай қосымшасыз тұрып,қандай?қай? деген сұрақтарға жауап беріп анықтауыш қызметін ал кім? не? деген сұрақтарға жауап беріп бастауыш я баяндауыш қызметін де атқарады. Мысалы :Көрген көзде жазық жоқ. Ардақ бағана кетіп қалған.

Есімше етістіктің негізгі және туынды түбірлеріне,сондай-ақ етіс және болымсыз етістік тұлғаларына төмендегідей жұрнақтар қосылу арқылы жасалады.

  1. -қан,-кен,-ған,-ген жұрнақтары арқылы өткен шақ есімше жасалады : ал-ған,, көр-ген,-айт-қан

  2. -ар,-ер,-р және болымсыз етістіктен кейін –с жұрнақтары қосылу арқылы болжалды келер шақ есімше жасалады : бар-ар,көр-ер,сөйле-р

  3. –мақ-мек,-бақ,-бек,-пақ,-пек жұрнақтары арқылы мақсатты келер шақ есімше жасалады: бар-мақ

  4. –атын,-етін,-йтын,-йтін жұрнақтары арқылы ауыспалы өткен шақ есімше жасалады : бар-атын

Кітаппен жұмыс : 251-жаттығу. Қарамен жазылған есімшелердің қандай жұрнақтар арқылы жасалып тұрғанын және олардың мағынасын түсіндіріңдер.

Білімді бекіту. 1.Есіімше дегеніміз не? 2. Есімшенің жасалуы мен түрлерін айтып бер. 3.Етістер нешеге бөлінеді?

Бағалау: Оқушылардың үй тапсырмасын келгені және сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : Құрамында есімше кездесетін бес сөйлемнен тұратын мәтін құрастырыңыздар

Сабақтың тақырыбы : Көсемше

Сабақтың мақсаты :

а) Оқушылардың ойын кеңейтіп тілді байытатын мазмұнды да көркем сөз үлгілері көп мақал-мәтелдер,нақыл сөздер үйрету.

ә) Түрлі әдістерді пайдалана отырып балаларды тапқырлық, жылдамдық,есте сақтау қабілеттерін арттыру. Сйлеу тілін жетілдіріп,шешендік өнерге баулу

б) Сымбатты,шымыр туған жердің табиғатын сүйе білетн, оған құрметпен қарай алатын көзқарасқа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі : Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі : плакат,кітаптар

Халықтық педагогика Тұлпар шаба жетіледі

элементтерін қолдану : Сұңқар ұша жетіледі.

Пәнаралық байланыс : әдебиет , тарих

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу, түгелдеу оқу құралдарын тексеру.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару

ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін

1.Есімше дегеніміз не? 2.Етіс нешеге бөлінеді?

3.Етістік мағынасына қарай нешеге бөлінеді? 4.Етістік тұлғасына қарай нешеге бөлінеді? 5.Туынды етістік қалай жасалады? 6.Сабақты етістік дегеніміз не?

7.Болымды етістік дегеніміз не? 8.Болымсыз етістік қалай жасалады?

б) Жаңа сабақты түсіндіру :

Көсемше де етістіктің ерекше түрі.Есімше сияқты көсемше де екі түрлі мәнде.екі түрлі қызметте қолданылады.

Бірде жіктеліп келіп немесе күрделі етістіктің негізгі етістік сыңары көсемше тұлғасында келіп,көмекші етістік жіктеліп,қимылды,іс-әрекетті белгілі бір шаққа байланысты білдіреді де, сөйлемнің баяндауышы қызметін атқарады.

Мысалы: Қораның төбесі ашылып қалыпты.

Көсемше сонымен бірге кейде қимыл,іс-әрекеттің тура өзін білдірмей ,орың амалын,сынын,себебін,мезгілін,болу мақсатын білдіріп,үстеу мәнінде жұмсалады.Мысалы:Абай да,Жұмабай да,қызыға тыңдасты.Көсемше етістік түбірлеріне немесе етіс,болымсыз етістік тұлғаларына мына жұрнақтар жалғану арқылы жасалады :

1)-а,-е,-й

2)-ып,-іп,-п

3)-ғалы,-гелі,-қалы,-келі

Кітаппен жұмыс: 257-жаттығу. Көсемшелерді теріп жазып,тұлғалық талдау жасаңдар.Мәтініне ат қойыңдар.Қазақтың ұлттық ат ойындарын атаңдар.

Топпен жұмыс: Бір қатардағы оқушыларға етістіктің құрамында көсемшенің жұрнағы бар мақал айтқызамын екінші қатардағы оқушылар талдайды.

1.Ақылды кісі азбайды,

Алтын бұйым тозбайды

  1. Оқып сөйлеме

Көңіліңе тоқып сөйле

Білімді бекіту: 1.Көсемше не себепті етстіктің ерекше түрі деп аталады? 2.Көсемшенің жіктелу ерекшеліктері қандай? 3.Көсемшенің қай түрі жіктелмейді?

Бағалау : Оқушылардың ынтасына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : 258-жаттығу. Көсемшелерді тауып,сұрақ қойып,сөйлемде қандай мүшенің қызметін атқарып тұрғанын айтыңдар

Сабақтың тақырыбы: Тұйық етістік

Сабақтың мақсаты :

а) Оқушыларға ұлттық тіліміздің өркендеп оянуына,ана тілімізді сүюге,ана тілін аяққа баспай биік ұстау жөнінде түсіндіру,соған дәріптеу.

ә) Тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін,жерін Отанын сүюге тәрбиелеу.

б) Оқушылардың білімін бақылау арқылы дұрыс жаза білуге үйрету.

Сабақтың түрі : Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі : плакат,үлестірмелі кеспе қағаздар

Халықтық педагогика Оқу инемен құдық қазғандай

элементтерін қлолдану:

Пәнаралық байланыс: Әдебиет

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген тапсырманы тексеремін. Кеспе қағаздарды үлестіріп жауап талап етемін.

1.Есімше дегеніміз не? 2. Көсемше қандай жолдармен жасалады?

3. Ырықсыз етіс қандай жолдармен жасалады? 4.Ортақ етіс қалай жасалады?

5.Етістік мағынасына қарай нешеге бөлінеді?

б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Тұйық етістік – етістіктің ерекше тнрі.Мағынасы жағынан ол қимылдың,іс-әрекеттің атын білдіреді де,шақпен де,жақпен де,байланысты болмайды Сөйтіп,тұйық етістік қимылдың, іс-әрекеттің атауы ретінде қолданылады да,жақтық мағынаны да білдірмейді.

Тұйық етістік етістіктің негізгі және туынды түбіріне,етіс және болымсыз етістік тұлғаларына –у жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Мысалы: сұра-у, жүр-у, бар-у.

Тұйық етістіктердің кейбірі белгілі заттың,көбіне қимылдың атын білдіріп,зат есім болып кеткен. Тілімізде көскеу,( отты, шоқты көсейтін темір),сабау(жүнді сабайтын шыбық),егеу(темірді егейтін құрал)сияқты зат есімдер тұйық етістіктен жасалған.

Кітаппен жұмыс: 260-жаттығу Көшіріп жазып, тұйық етістіктердің астын сызыңдар.

Бүкіл оқушылармен жұмыс : Оқушыларға мақал-мәтелдер айтқызып,тұйық етістікті тапқызамын.

1.Отанды сүю от басынан басталады.

2. Аяққа кісен салуға болар,

Тілге кісен салынбас.

3. Жақсының қасиеті-жарастыру,

Жаманның қасиеті- таластыру

Білімді бекіту: 1.Тұйық етістік дегеніміз не? 2.Көсемше қандай жұрнақтар арқылы жасалады?

3.Етіс нешеге бөлінеді? 4.Ортақ етіс дегеніміз не? 5.Есімше қандай жұрнақтар арқылы жасалады?

Бағалау : Оқушылардың ынтасына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : Жалғау,Көсеу,Құрсау,Оқу,Басу,Жабу етістіктеріне сөйлем құрап келуге беремін.

Сабақтың тақырыбы : Тұйық етістіктің емлесі

Сабақтың мақсаты: . а) Тұйық етістіктің –д жұрнағының жалғану ерекшеліктері: бірде дауысты,бірде дауыссыз болуы –у жұрнағының түбірдегі дыбыстарды өзгертуін түсіндіру.

ә) Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету. Ойлау шеберлігін,сөйлеу мәдениетін арттыру.

б) Оқушылардың білімін бақылау арқылы сауаттылыққа баулу.

Сабақтың түрі : қайталау

Сабақтың әдісі : тіл дамыту

Сабақтың көрнекілігі : плакат, кеспе қағаздар

Халықтық педагогика Орынсыз ашу – от шашу

элементтерін қолдану :

Пәнаралық байланыс : әдебиет

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу, түгелдеу,оқу құралдарын тексеру. Сыныптың тазалығына назар аудару

ә) Үй тапсырмасын пысықтау.ты :

а) Тұйық етістіктің –д жұрнағының жалғану ерекшеліктері : бірде дауысты,бірде дауыссыз болуы –у жұрнағы

Үйге берілген жаттығуды тексеремін. Өткен сабақтарды қалай меңгергенін білу үшін оқушыларға кеспе қағаздар үлестіріп,жауап талап етемін.

1.Сабақты етістік пен салт етістіктің мағыналық ерекшеліктері неде?

2.Етіс нені білдіреді?

3. Етістің қандай түрлері бар және олар қалай жасалады?

5. Көсемшенің қай түрі жіктелмейді ?

4.Бір түбірге бірнеше етіс жұрнағы қалай жалғанады ?

6. Не себепті көсемше етістіктің еоекше түрі деп аталады ?

б) Жаңа сабақты түсіндіру :

1. Дауыссыз дыбыстарға біткенетістіктерге тұйық етістіктің –у жұрнағы дауысты болып жалғанады : бар-у, қайт-у, көр-у,кел-у.Дауысты дыбыстарға біткен етістіктерге тұйық етістіктің –у жұрнағы дауыссыз болып жалғанады : ойна-у, сөйле-у, барма-у, келме-у.

2. Дауысты ы,і, дыбыстарына біткен етістіктерге тұйық етістіктің –у жұрнағы жалғанғанда,түбірдің соңындағы ы,і, дыбыстары жазылмай, у дыбысының құрамына еніп кетеді де,ол,(у) дауысты дыбыс болып есептеледі.

Мысалы : оқы+у=оқу, тасы+у=тасу, ері+у= еру.

3. Қатаң п,к,қ дыбыстарына біткен етістіктерге тұйық етістіктің –у жұрнағы жалғанғанда, түбір соңындағы п дыбысы б-ға қ,к дыбыстары ғ,г дыбыстарына айналады.

Мысалы : тап+у=табу, үк+у=үгу, ақ+у=ағу.

Тақтамен жұмыс : 263-жаттығу. Тұйық етістіктерді тауып,олардың қандай септіктерде тұрғанын ажыратыңдар.

Үлгі : ұнауымен – ұнау –тұйық етістік, -ы- тәуелдік жалғауы, -мен- көмектес септігінің жалғауы.

  1. Сөз-ұлы құдірет,ұлылығы - сөзбен адамдарды табыстыруға болады ?

  2. Тіл мен ойлау еңбектің жемісі

  3. Ана тілін құрметтемеу – анаңды да сыйламау деген сөз.

Білімді бекіту : Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Бағалау : Оқушылардың сабаққа жақсы қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : 264-жаттығу.

Сабақтың тақырыбы : Етістіктен өткенді қайталау

Сабақтың мақсаты :

а) Етістікті қайталай отырып,сатылый кешкнді таладау арқылы етістіктің мағыналық түрлрімен жұмыс істеу.

ә) Сатылай кешенді талдаудың сызбасын негізге ла отырып,етістіктің құрамын,тұлғасын,құрылысын талдауға баулу ;шешен сөйлеуге мақал – мәтелдің оқушы тілінде қолдныс аясын кеңейту.

б) Өз ойын дұрыс айта білу негізінде әдемі сөйлеуге баулу,адамгершілік тәрбиесін бойына сіңіру.

Сабақтың түрі : Қайталау

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі : плакат,кеспе қағаздар

Халықтықпедагогика

элементтерін қолдану : нақыл сөздер

Пәнаралық байланыс : әдебиет

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін.

1.Етістік нені білдіреді ? 2.Етістік қандай сұрақтарға жауап береді ?

3.Етстік құрамына қарай қалай бөлінеді ? 4.Туындыетістіктер қалай жасалады ? 5.Етістіктің түбірі қандай тұлғамен сәйкес келеді ?

6.Етістіктің түбірі мен бұйрық райдың тұлғасын қалай ажыратуға болады ?

7.Болымсыз етістік дегеніміз не және ол қалай жасалады ?

8.Сабақты етістік пен салт етістіктердің айырмашылығы неде ? 9.Етіс нені білдіреді ?

б) Жаңа сабақты түсіндіру :

Етістік – заттың қимылын,іс-әрекетін білдіретін сөз табы. Етістік не істеді ? не қылды ? қайтті деген сұрақтарға жауап береді.

Кітаппен жұмыс : 264-жаттығу. Етістіктерді тауып,олардың нешінші жақта қалай жіктеліп тұрғанын айтыңдар.

Топпен жұмыс : Оқушыларға мақал-мәтелдер айтқызып,етістікті тапқызып,талдатамын.

1.Кісі елінде күркірегенше

Өз еліңде дүркіре

2.Өз үйім - өлең төсегім.

3. Отанға опасыздық еткенің-

Өз түбіңе жеткенің

4. Ер қанаты - өнер.

5.Баланың бас ұстазы – ата-анасы.

Екеуара жұмыс : Екі оқушыға бірнеше сөйлем беріп,фонетикалық,морфологиялық талдау жасатқызамын.

Білімді бекіту : 1.Етістік тұлғасына қарай нешеге бөлінеді ? 2.Ырықсыз етіс қандай жұрнақтар арқылы жасалады ?

3. Көсемше дегеніміз не ? 4. Есімшенің жасалу жолдарын түсіндір.

Бағалау : Оқушылардың ынтасына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : 267-жаттығу. Есімшелерді бір бөлек,көсемшелерді бір бөлек теріп жазыңдар.

Сабақтың тақырыбы : Үстеу

Сабқтың мақсаты :

а) Үстеудің сөз табы жүйесіндегі орны : оның іс-әрекетті яғни етістікті жан-жақты сипаттайтыны оның түрленбейтіндігін түсіндіру.

ә) Түрлі әдістерді пайдалана отырып балаларды тапқырлық,жылдамдық, есте сақтау қабілеттерін арттыру.Сөйлеу тілін жетілдіріп,шешендік өнерге баулу.

б) Оқушыларды сауаттылыққа баулу.

Сабақтың түрі : Аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,тіл дамыту

Сабақтың көрнекілігі : плакат,кеспе қағаздар

Халықтық педагогика

элементтерін қолдану : Уәдені бұзу ұяны бұзумен тең.

Пәнаралық байланыс : әдебиет,география

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін.Оқушыларға деңгейлік тапсырма беремін.Үлгерімі нашар оқушыларға қосымша сұрақтар қоямын.

1.Не себепті көсемше етістіктің ерекше түрі деп аталады ?

2. Сабақты етістік пен салт етстіктің мағыналық ерекшеліктері неде ?

3.Етіс нені білдіреді ? 4.Етістің қандай түрлері бар және олар қалай жасалады ?

5.Біртүбірге бірнеше етіс жұрнағы қалай жалғанады ? 6.Етістік нені білдіреді ?

7.Етістік құрамына қарай қалай бөлінеді ?

8.Болымсыз етістік дегеніміз не және ол қалай жасалады ? 9. Туынды етістіктер қалай жасалады ?

б) Жаңа сабақты түсіндіру :

Тілімізде қимылдың, іс-әрекеттің әр түрлі белгісін,амалын,тәсілін,мекенін,мезгілін,себебін, мақсатын сипаттарын білдіретін сөздер үстеу деп аталады. Мысалы : Ескі Еділ көрген бұрын талай.Ауыл ілгері көшті. Көзіңді ашып-жұмғанша жылдам хабар алғызды.Жоғары-төмен үйрек-қаз ұшып тұрса сымпыңдап. Ішім өлген,құр денем сау, Босқа үрейім жүр менің.Берілген мысалдардағы бұрын,талай,ілгері , жылдам,жоғары-төмен,босқа бекер деген сөздердің мағынасына,тұлғалық ерекшеліктеріне назар аударып қарайық. Бұрын сөзі көру іс-әрекетінің болған мерзімін, іске асу мезгілін білідріп, қашан ? деген сұраққа жауап беріп тұр.

Жаттығумен жұмыс : 269-жаттығу. Көшіріп,үстеулерді табыңдар.Сұрақ қою арқылы олардың қай сөзге қатысты екенін анықтаңдар.

Бүкіл оқушылармен жұмыс : Оқушыларға шағын мәтін жазғызамын.Ішінде міндетті түрде үстеу болатын болсын.

Топпен жұмыс : Сөйлем жазғызып морфологиялық талдау жүргіземін.

Мысалы : Асхат бүгін сабаққа келмеді.. Сен кешке үйге кел.

Білімді бекіту : 1.Үстеу нені білдіреді ? 2.Үстеудің ерекшеліктері қандай ? 3. Үстеу қандай сөз табымен тіркесіп қолданылады ?

Бағалау : Оқушылардың ынтасына қарай білімдері бағаланады?

Үйге тапсырма : 271-жаттығу. Үстеулерді тауып,сұрақ қою арқылы қандай мағына білдіріп тұрғанын көрсетіңдер

Сабақтың тақырыбы : Үстеудің құрамдық түрлері

Сабқтың мақсаты :

а) Негізгі үстеулердің мағынасы. Туынды үстеулердің жасалу жолдары : жұрнақтар арқылы : септіктердің көнеленуінен қалыптасқан үстеулерді түсіндіру.

ә) Түрлі әдістерді пайдалана отырып балаларды тапқырлық,жылдамдық, есте сақтау қабілеттерін арттыру.Сөйлеу тілін жетілдіре отырып шешендік өнерге баулу.

б) Сауаттылыққа дағдыландыру.

Сабақтың түрі : Аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап, тіл дамыту

Сабақтың көрнекілігі : плакат,кеспе қағаздар.

Халықтық педагогика Білекті бірді жығар

Элементтерін қолддану : Білімді мыңды жығар

Пәнаралық байланыс : әдебиет,география

Сабқтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы тексеремін..Оқушыларға кеспе қағаз үлестіріп,жауап талап етемін.

  1. Үстеу дегеніміз не ? Етістік мағынасына қарай нешеге бөлінеді ?

  2. Етістік нені білдіреді ? Болымды етістік дегеніміз не ?

  3. Есімше қалай жасалады ? Көсемше қандай жұрнақтар арқылы жасалады ?

  4. Тұйық етістік дегеніміз не ? Салт етістік дегеніміз не ? Етістер нені білдіреді ?

  5. Ортақ етіс дегеніміз не ? Ырықсыз етіс қандай жұрнақтар арқылы жасалады ?

б) Жаңа сабақты түсіндіру :

Үстеулер құрамына қарай негізгі түбір үстеулер,туынды түбір үстеулер және күрделі үстеулер болып үшке бөлінеді.

I Негізгі үстеулерге қазіргі кезде құрамы жағынан түбір және қосымшаға бөлшектеуге келмейтін үстеулер жатады. Мысалы : жылдам,тез,ерте,кеш

II Туынды үстеулерге жұрнақ арқылы және кейбір септік жалғауларының түбірімен сіңісіп, көнеленуі арқылы жасалған үстеулер жатады. Туынды түбір үстеу тудыратын жұрнақтар :

  1. –ша, -ше, адамша

  2. –лай, -лей, -дай, -дей, -тай, -тей

  3. –дайын, -деін, -тайын, -тейін

  4. –шана, -шене

  5. –майынша, -мейінше, -пайынша, -пейінше, -байынша, -бейінше

II Күрделі үстеулер екі я одан да көп түбірдің немесе сөздің бірігіп, тіркесіп немесе қосарланып тұрақтануынан жасалады

Кітаппен жұмыс : 272-жаттығу. Көшіріп жазып,үстеулерді тауып, оларды құрамы жағынан талдаңдар.

Шығармашылық жұмыс : Төмендегі үстеулерді кірістіре отырып , мәтін құраңдар Кеше, Жаздай, Зорға, Байқаусызда, Биыл.

Білімді бекіту : 1.Үстеу құрамына қарай нешеге бөлінеді ? 2. Негізгі үстеу дегеніміз не ? 3. Күрделі үстеу қалай жасалады ? 4. Туынды

үстеу дегеніміз не ?

Бағлау : Оқушылардың ынтасына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : Өздерің қалаған көркем әдеби мәтіннен үстеулерді тауып, құрамына қарай талдаңдар.

Сабақтың тақырыбы : Үстеудің мағыналық түрлері

Мезгіл үстеуі.

Сабақтың мақсаты :

а ) Оқушыларға ұлттық тіліміздің өркендеп оянуына ана тілін аяққа баспай мәртебесін биік ұстау жөнінде түсіндіру, соған дәріптеу

ә) Тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін, жерін Отанын сүюге тәрбиелеу.

б) Оқушылардың білімін бақылау арқылы дұрыс жаза білуге үйрету.

Сабақтың түрі : Аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі : плакат,кеспе қағаздар

Халықтық педагогика Бейіш анаңның

элементтерін қолдану : аяғының астында

Пәнаралық байланыс : әдебиет

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру. Оқушылардың зейінін сабққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін.Оқушыларға кеспе қағазды үлестіріп беріп жауап талап етемін.

1.Үстеу дегеніміз не ? 2.Үстеу құрамына қарай нешеге бөлінеді ? 3. Негізгі үстеу дегеніміз не ?

4.Туынды үстеу қалай жасалады ? 5.Күрделі үстеу қалай жасалады ? 6. Үстеу қандай сөз табымен тіркесіп қолданылады ? 7. Есімше қалай жасалады ? 8. Көсемше қалай жасалады ?

9. Тұйық етістіктің емлесін айтып бер.

б) Жаңа сабақты түсіндіру :

Үстеулер білдіретін мағынасына қарай мынадай түрлерге бөлінеді : 1) мезгіл үстеуі 2) мекен үстеуі 3) сын-қимыл үстеуі, 4)мөлшер үстеуі,5)күшейту үстеуі,7) себеп-салдар үстеуі.

Мезгіл үстеуі қимылдың, іс-әрекеттің мезгілін, мерзімін білдіреді де, қашан? Қашаннан ? деген сұрақтарға жауап береді.Мезгіл үстеуі етістікпен тіркесіп қолданылады.Мысалы : бүгін келді,ертең барады, таңертең тұрады,бұрын жүрді,күні бойы дайындалды,күні-түні оқиды,жазғытұрым келеді.

Мезгіл үстеулері құрамы жағынан негізгі я туынды түбір немесе күрделі түбір бола береді.

Кітаппен жұмыс : 276-жаттығу. Төмендегі сөйлемдерді көшіріп жазыңдар.Мезгіл үстеулерінің қалай жасалғанын айтыңдар.

Шығармашылық жұмыс : Төменде берілген мезгіл үстеулерге сөйлем құрастырып жазыңдар.

Бүгін,биыл,кешке,қазір,ендігәрі,күндіз,ертеден,бағана, қыстыгүні,әлгіде,таң сәріде т.б.

Білімді бекіту : 1.Үстеудің мағыналық сипаты қандай? 2.Үстеу нені білдіреді ? 3.Үстеудің ерекшеліктері қандай ? 4.Үстеу қандай сөз табымен тіркесіп қолданылады ? 5.Үстеудің құрамдық түрлері қандай ? 6. Туынды түбір үстеулердітудыратын жұрнақтарды атап мысал келтіріңдер.7.Үстеу тудыруда кейбір септік жалғауларының қандай мәні бар? 8. Күрделі үстеулердің жасалуы мен емлесін айтып мысал келтіріңдер.

Бағалау : Оқушылардың ынтасына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : 277-жаттығу. Мезгіл үстеуінің құрамдық бір түріне үш сөйлемнен мысал келтіріңдер.

Сабақтың тақырыбы : Мекен үстеуі

Сабақтың мақсаты :

а) Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету.Ойлау шеберлігін,сөйлеу мәдениетін арттыру.

ә) Сымбатты, шымыр туған жердің табиғатын сүйе білетін, оған құрметпен қарайтын көзқарасқа тәрбиелеу.

б) Оқушыларды ана тілдерін бұрмаламай,анық,таза сөйлеуге дағдыландыру.

Сабақтың түрі : Аралас сабақ

Сабқтың әдісі : сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі : плакат,кеспе қағаздар

Халықтық педагогика

элементтерін қолдану : нақыл сөздер

пәнаралық байланыс : әдебиет

сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру,сыныптың тазалығына назар аудару.Оқушылардың зуйінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін.

1.Үстеу дегеніміз не ? 2.Үстеу қандай сөз табымен тіркесіп қолданылады ? 3.Үстеу құрамына қарай нешеге бөлінеді ? 4.Негізгі үстеу дегеніміз не ? 5.Күрделі үстеу қандай жолдармен жасалады ? 6. Туынды үстеу қандай жолдармен жасалады ? 7.Үстеу мағынасына қарай нешеге бөлінеді ? 8.Мезгіл үстеу дегеніміз не ?

9.Етістік тұлғасына қарай нешеге бөлінеді ? 10. Күрделі етістік қалай жасалады ? 11.Есімдік дегеніміз не ? 12. Өзгелік етіс қандай жұрнақтар арқылы жасалады ?

б) Жаңа сабақты түсіндіру :

Мекен үстеуі қимылдың, іс-әрекеттің болу орнын,бағытын білдіріп,қайда ? қайдан ? деген сұрақтарға жауап береді. Мекен үстеулері де негізінен етістікпен тіркеседі. Мысалы : ілгері жүр, жоғары тартты,төмен түсті,алды-артын орады,әрі-бері жүрді,жолшыбай ала кетті т.б.

Мекен үстеулері де құрамы жағынан негізгі я туынды түбір немесе күрделі түбір бола береді.

Кітаппен жұмыс : 278-жаттығу. Мекен үстеулерін тауып,сұрақ қою арқылы қандай сөзбен тіркесіп тұрғанын көрсетіңдер.

Шығармашылық жұмыс : Берілген мекен үстеулерін кірістіре отырып,сөйлем құраңдар.

Кейін,Алда, Бері.Жоғары. Ілгері. Төмен.

Топпен жұмыс : Оқушыларға бірнеше сөйлемдер жазғызып морфографиялық талдау жүргіземін.

Мысалы : Шоқан кліп екі төреге аттан түсіп сәлем берді.

Білімді бекіту : 1.Үстеу мағынасына қарай нешеге бөлінеді ? 2.Мезгіл үстеу дегеніміз не ? 3. Мекен үстеу дегеніміз не ? 4.Үстеу құрамына қарай нешеге бөлінеді ?

Бағалау : Оқушылардың ынтасына қарай білімдері бағаланады

Үйге тпсврма : 280-жаттығу. Мекен үстеулерін тауып,қалай жасалғанын айтыңдпр.Сұрақ қою арқылы тіркесіп тұрған сөзін табыңдар.

Сабақтың тақырыбы : Сын-қимыл үстеуі

Сабақтың мақсаты:

а) Оқушылардың ойлау қабілетін,сабаққа деген қызығушылығын арттыру және негізгі мәселелерге асакөңіл бөлуге үйрету.

ә) Оқушылардың бойына әдептілік,инабаттылық,қарапайымдылық қасиеттерін қалыптастыру.

б) Оқушылардың білімін бақылау арқылы сауатты жазуға дағдыландыру.

Сабақтың түрі : Аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,іздендіру

Сабақтың көрнекілігі : плакат, кеспе қағаздар

Халықтық педагогика «Ұяда не көрсе,

элементтерін қолдану : ұшқанда соны ілер»

Пәнаралық байланыс : әдебиет.

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеғңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін. Кеспе қағаздарды үлестіріп жауап талап етемін.

1.Үстеу дегеніміз не ? 2.Үстеу құрамына қарай нешеге бөлінеді ?

3.Үстеу мағынасына қарай нешеге бөлінеді ? 4. Негізгі үстеу дегеніміз не ?

5. Туынды үстеу қандай жұрнақтар арқылы жасалады ? 6.Күрделі үстеу қалай жасалады ?

7.Мезгіл үстеу нені білдіреді ? 8.Мекен үстеуі қандай сұрақтарға жауап береді ?

9. Үстеу қай сөз табымен тіркеседі ? 10.Етістік тұлғасына қарай нешеге бөлінеді ?

11.Көсемше дегеніміз не ? 12.Есімше қалай жасалады ?

б) Жаңа сабақты түсіндіру :

Сын-қимыл үстеуі қимылдың,іс-әрекеттің амалын, сынын. Бейнесін, тәсілін білдіріп, қалай? Қайтіп? Қалайша? Кімше? Деген сұрақтарға жауап береді. Сын-қимыл (бейне) үстеуі көбінесе етістікпен тіркесіп,жұмсалады. Мысалы : ақырын жүрді,тез келді,бірден сөйледі,шалқасынан құлады, балаша мәз болды,емін-еркін отырды,бостан-бос жүрді т.б.

Сын-қимыл (бейне) үстеулері де құрамы жағынан негізгі я туынды, түбір немесе күрделі түбір бола береді.

Кітаппен жұмыс : 281-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазып,сын бейне үстеулерінің астын сызыңдар, олардың қалай жасалғанына көңіл аударыңдар.

Үлгі : емін-еркін – қосарланып жасалған.

Шығармашылық жұмыс : Берілген сын-қимыл үстеулерін қатыстыра отырып,мәтін құраңдар.

Әрең,бірте-бірте,осылай,келе сала, лезде, сөйтіп.

Топпен жұмыс : Оқушыларды екі топқа бөліп,құрамында үстеуі бар мақал-мәтел айтып жарыстырамын.

Жылай-жылай арық қазсаң,

Күле-күле су ішерсің.

Білімді бекіту : 1.Сын-қимыл үстеуі дегеніміз не ? 2.Мезгіл үстеуі нені білдіреді ? 3.Мекен үстеуі қандай сұрақтарға жауап береді ? 4.Үстеу қай сөз табымен тіркесіп қолданылады?

Бағалау : Оқушылардың ынтасына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : 282-жаттығу. Берілген сөйлемдерді көшіріп жазып, сын бейне үстеулерінің астын сызыңдар

Сабақтың тақырыбы : Мөлшер үстеуі

Сабақтың мақсаты :

а) Түрлі әдстерді пайдалана отырып балаларды тапқырлық,жылдамдық,есте сақтау қабілеттерін арттыру.Сөйлеу тілін жетілдіре отырып,шешендік өнерге баулу.

б) Оқушыларға ұлттық тіліміздің өркендеп оянуына,ана тілімізді сүюге,ана тілін аяққа баспай мәртебесін биік ұстау жөнінде түсіндіру,соған дәріптеу.

в) Оқушыларды сауттылыққа баулу.

Сабақтың түрі : Аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,тіл дамыту

Сабақтың көрнекілігі : плакат,кеспе қағаздар

Халықтық педагогика мақал-мәтелдер

элементтерін қолдану :

пәнаралық байланыс : әдебиет,тарих

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына назар аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін.

1.Сын-қимыл үстеуі дегеніміз не ? 2.Мекен үстеуі қандай сұрақтарға жауап береді ?

3.Үстеу мағынасына қарай нешеге бөлінеді ? 4.Үстеу құрамына қарай нешеге бөлінеді ?

5. Мезгіл үстеу нені білдіреді ? 6. Үстеу қай сөз табымен тіркесіп қолданылады ?

7. Үстеу нені білдіреді ? 8.Негізгі үстеу қалай жасалады ?

9.Туынды үстеу қандай жұрнақтар арқылы жасалады ? 10.. Күрделі үстеу қалай жасалады ?

б) Жаңа сабақты түсіндіру :

Мөлшер үстеуі қимылдың немесе сынның мөлшерін,көлемдік дәрежесін,шама-шарқын білдіреді де, қанша ?қаншама ? қаншалық ? қаншасы ? және кейде қалай ? қалайша ? деген сұрақтарға жауап береді. Мөлшер үстеулері бірде етістіктермен тіркесіп,қимылдың мөлшерін,шама-шарқын білдірсе,енді бірде сын есімдермен тіркесіп,сынның мөлшерін білдіреді.

Мысыалы : онша жараспайды,анағұрлым көбейді,недәуір өсіпті деген де етістікпен тіркесіп,

қалай ? қанша ? деген сұраққа жауап беріп,онша биік емес,анағұрлым үлкен,недәуір ұзын дегенде,онша,анағұрлым,недәуір мөлшер үстеулері биік(емес) ұзын,үлкен тәрізді сын есімдермен тіркесіп,қалай ? немесе қанша ? деген сұраққа жауап беріп, сынның мөлшерін,көлемдік дәрежесін білідіріп тұр.

Мөлшер үстеулері құрамы жағынан туынды не күрделі түбір болып келеді.

Кітаппен жұмыс : 283-жаттығу.Сөйлемдерді көшіріп жазып,мөлшер үстеулерінің астын сызыңдар.Тіркескен сөзімен байланыстырып,сұрақ қойып айтыңдар.

Үлгі : біраз : қанша иіскелеп алған соң ? – біраз иіскелеп алған соң.

Шығармашылық жұмыс : Мына берілген мөлшер үстеулеріне сөйлем құраңдар.

Сонша,анағұрлым,бірталай,әжептеуір,мұншама.

Білімді бекіту : 1.Мөлшер үстеуі дегеніміз не ? 2.Сын-қимыл үстеуі дегеніміз не ? 3.Мекен үстеуі дегеніміз не ?

4.Мезгіл үстеуі дегеніміз не ?

Бағалау : Оқушылардың ынтасына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : 284-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазып,мөлшер үстеулерінің қалай жасалғанын айтыңдар.

Сабақтың тақырыбы : Күшейткіш үстеуі

Сабақтың мақсаты :

а) Күшейткіш үстеудің қимыл мен сынның белгісі мен сапасын күшейтіп не солғындатып көрсететіндігін меңгереді

ә) Күшейткіш үстеу туралытолық мағлұмат алады,сөз мәдениеті және ойлау қабілеті дамиды,топта жұмыс жүргізе отырып қорытынды шығарады

б) Оқушыларды тілдерін бұрмаламай ашық, таза сөйлеуге дағдыландыру.

Сабақтың түрі : Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,ойын түрінде

Сабақтың көрнекілігі : плакат,кеспе қағаздар

Халықтық педагогика

элементтерін қолдану : Әркімнің өзі шығар биігі бар.

Пәнаралық байланыс : әдебиет

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру,сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қойып,жауап талап етемін.

  1. Үстеу дегеніміз не ?

  2. Үстеу мағынасына қарай нешеге бөлінеді ?

  3. Үстеу құрамына қарай нешеге бөлінеді ?

  4. Үстеу қай сөз табымен тіркесіп қолданылады ?

  5. Негізгі үстеу дегеніміз не ?

  6. Туынды үстеу қандай жұрнақтар арқылы жасалады ?

  7. Күрделі үстеулер қалай жасалады ?

  8. Мезгіл үстеуі дегеніміз не ?

  9. Мекен үстеу дегеніміз не ?

  10. Сын-қимыл үстеу дегеніміз не ?

  11. Мөлшер үстеу дегеніміз не ?

  12. Мөлшер үстеуі қай сөз таптарымен тіресіп қолданылады ?

б) Жаңа сабақты түсіндіру :

Күшейткіш үстеу сынның немесе қимылдың іс-әрекеттің белгісін я сапасын күшейтіп я солғындатып көрсетеді.Күшейткіш үстеулер көбінесе сапалық сын есімдермен тіркесіп жұмсалады да, онымен тұтасып келіп,сын есімнің күшейтпей шырай түрін жасауға негіз болады.Мысалы : ең әдемі,тым биік, өте жақсы,аса терең,орасан зор т.б.

Күшейткіш үстеулердің біразы етістікпен тіркесіп қалай ? деген сұраққа жауап беріп қимылдың сипатын күшейте я солғындата көрсетеді.Мысалы : мүлдем білмейді,әбден шаршаған,сәл жүгіріңкіре, керемет сөйлейді т.б. Құрамы жағынан күшейткіш үстеулер негізгі үстеулер болып келеді.

Кітаппен жұмыс : 285-жаттығу. Күшейткіш үстеулерді тауып,қандай сөзбен тіркесіп тұрғанын және қандай мағына беріп тұрғанын ажыратыңдар.

Шығармашылық жұмыс : Тым,аса,орасан,нағыз,әбден,дәл,сәл,мүлдем үстеулерімен сөйлем құрап,ерекшеліктерін көрсетіңдер.

Білімді бекіту : 1.Күшейткіш үстеуі дегеніміз не ? 2.Мезгіл үстеуі дегеніміз не ? 3. Мекен үстеуі дегніміз не ? 4.Мөлшер үстеуі дегеніміз не ? 5.Сын-қимыл үстеуі дегеніміз не ?

Бағалау : Оқушылардың ынтасына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : Үстеулерді қатыстырып,шағын мәтін құрап келуге беремін.

Сабақтың тақырыбы : Мақсат үстеуі

Сабақтың мақсаты :

а) Оқушылардың ойлау қабілетін,сабаққа деген қызығушылығын арттыру негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету.

ә) Оқушылардың бойына әдептілік,инабаттылық,қарапайымдылық қасиеттерін қалыптастыру.

б) Оқушылардың білімін бақылау арқылы саутты жазуға дағдыландыру.

Сабақтың түрі : Аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі : плакат,кеспе қағаздар

Халықтық педагогика

элементтерін қолдану : мақал-мәтелдер

Пәнаралық байланыс : әдебиет

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру. Сыныптың тазалығына көңіл аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін.Оқушыларға кеспе қағаздарды үлестңрңп жауап талап етемін.

1.Үстеу дегеніміз не ? 2.Үстеу құрамына қарай нешеге бөлінеді ?

3. Негізгі үстеу дегеніміз не ? 4. Күрделі үстеу қалай жасалады ?

5.Үстеу мағынасына қарай нешеге бөлінеді ? 6. Мезгіл үстеуі дегеніміз не ?

7. Мекен үстеуі дегеніміз не ? 8. Сын-қимыл үстеуі дегеніміз не ?

9. Мөлшер үстеуі дегеніміз не ? 10.Туынды үстеу қандай жұрнақтар арқылы жасалады ?

11. Үстеу қай сөз табымен тіркесіп қолданылады ? 12. Күшейткіш үстеуі дегеніміз не ?

13.Етістік дегеніміз не ? 14.Етістік тұлғасына қарай нешеге бөлінеді ?

15.Етістік мағынасына қарай нешеге бөлінеді ?

б) Жаңа сабақты түсіндіру :

Мақсат үстеуі қимылдың,іс-әрекеттің болу мақсатын білдіреді де,қалай? Не мақсатпен деген сұрақтарға жауап береді.Мақсат үстеулері сан жағынан көп емес.

Оған : әдейі,жорта,әдейілеп,қасақана т.б. сөздер жатады. Мысалы : әдейі келдім,жорта айтты,әдейілеп шақырды,қасақана үндемеді т.б.

Кітаппен жұмыс : 290-жаттығу. Сөйлемдерден үстеулерді тауып,сұрақ қою арқылы түр-түріне ажыратыңдар.

Үлгі : күні-түні,қашан ұшып ? – мезгіл үстеуі

Топпен жұмыс : Оқушыларға мақсат үстеулерін құрастра отырып,сөйлем құратқызамын.

әдейі,әдейілеп,жорта,қасақана т.б.

екеуара жұмыс : Екі оқушыны шығарып, мақал-мәтел айтқызып жарыстырамын.Бір оқушы мақалдың бір сыңарын айтады,ал екінші оқушы екінші сыңарын жалғастырады.

Мысалы: Түстік өмірің болса

. . . . . . .. . . . .

Білімді бекіту : 1.Мақсат үстеуі дегеніміз не ? 2.Сын-қимыл үстеуі дегеніміз не ?

3. Мүстеуі дегеніміз не ? 4. Мезгіл үстеуі дегеніміз не ?

Бағалау : Оқушылардың ынтасына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : Мына мақсат үстеулеріне сөйлем құрап келуге беремін.

әдейі,әдейілеп,жорта,қасақана т.б.

Сабақтың тақырыбы : Себеп-салдар үстеуі

Сабақтың мақсаты :

а) Оқушылардың ойын кеңейтіп,тілді байытатын мазмұнды дакөркем сөз үлгілері мол мақал-мәтелдер,нақыл сөздер үйрету.

ә) Оқушылардың оқулықпен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіре отырып, логикалық ойын дамыту,оқу материалына сын көзбен қарап жолдасының көмекке қашанда әзір болу қасиетіне,ұллтық дәстүрді қастерлеуге үйрету.

б) Оқушыларды сауаттылыққа баулу

Сабақтың түрі : Аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі : плакат,кеспе қағаздар

Халықтық педагогика Отыз тістен шыққан сөз,

элементтерін қолдану : отыз рулы елге жайылады.

Пәнаралық байланыс : әдебиет,тарих

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру,сыныптың тазалығына назар

аудару. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоя отырып білімдерін бағалаймын.

1.Үстеу дегеніміз не ? 2.Үстеу құрамына қарай нешеге бөлінеді ?

3. Үстеу мағынасынақарай нешеге бөлінеді ? 4.Мезгіл үстеуі дегеніміз не ? 5.Мекен үстеуі дегеніміз не ?

6.Мөлшер үстеуі дегеніміз не ? 7.Мақсат үстеуі дегеніміз не ? 8.Сын-қимыл үстеуі дегеніміз не ?

9. Үстеу қай сөз табымен тіркесіп қолданылады ? 10.Сөз дегеніміз не ? 11. Сөйлем дегеніміз не ?

12. Етістік нені білдіреді ? 13.Есімдік мағынасына қарай нешеге бөлінеді ?

б) Жаңа сабақты түсіндіру :

Себеп-салдар үстеуі қимылдың,іс-әрекеттің болу себебін білдіреді де, не себепті ? неге ? қалай ? деген сұрақтарға жауап береді.

Себеп-салдар үстеуіне : босқа, құр босқа, амалсыздан,лажсыздан,шарасыздан, бекерге сияқты сөздер жатады. Мысалы : босқа әуре болма, амалсыздан келіп отыр, бекерге айтқансың т.б.

Кітаппен жұмыс : 287-жаттығу. Сұрақ қою арқылы мақсат және себеп-салдар үстеулерін тауып, бір-бірінен айырмашылығын көрсетіңдер.

Үлгі : әдейі : не мақсатпен (қалай) қонған ?- мақсат үстеуі;

Амалсыздан : қалай айтқанда ?-себеп-салдар үстеуі.

Тақтамен жұмыс : Әдейі,жорта,амалсыздан,босқа, бекерге деген мақсат және себеп-салдар үстеулерін қатыстырып, бірнеше сөйлем құрап жазыңдар.

Топпен жұмыс : Оқушыларға бірнеше сөйлемдер жазғызып морфологиялық таладу жүргіземін.

ж.е үст з.е ж.е з.е б.е ет кж жж

Біз биыл жаз│да ауыл│ға бар│а│мыз.

Білімді бекіту : 1. Себеп-салдар үстеуі дегеніміз не ? 2.Үстеудің мағыналық сипаты қандай ?

3. Үстеу қандай сөз табымен тіркесіп қолданылады ? 4.Үстеудің құрамдық түрлері қандай ?

5. Күрделі үстеулердің жасалуы мен емлесін айтып, мысал келтіріңдер.

Бағалау : Оқушылардың ынтасына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : 290-жаттығу. Сөйлемдерден үстеулерді тауып,сұрақ қою арқылы түр-түріне ажыратыңдар.

Сабақтың тақырыбы : Үстеудің емлесі

Сабақтың мақсаты :

а) Оқшылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету. Ойлау шеберлігін сөйлеу мәдениетін арттыру

ә) Оқушыларға ұлттық тіліміздің өркендеп оянуына ана тілімізді сүюге,ана тілін аяққа баспай мәртебесін биік ұстау жөнінде түсіндіру,соған дәріптеу.

б) Оқушылардың білімін бақылау арқылы дұрыс жаза білуге үйрету.

Сабақтың түрі : Қалыпты сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі : кеспе қағаздар

Халықтық педагогика

элементтерін қолдану : нақыл сөздер

Пәнаралық байланыс : әдебиет

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру,сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін. Оқушыларға кеспе қағаздар үлестіріп жауап талап етемін.

  1. Үстеу құрамына қарай нешеге бөлінеді ?

  2. Негізгі үстеу дегеніміз не ?

  3. Туынды үстеу қандай жұрнақтар арқылы жасалады ?

  4. Күрделі үстеу қалай жасалады ?

  5. Үстеу қай сөз табымен тіркесіп қолданылады ?

  6. Мекен үстеуі дегеніміз не ?

  7. Мезгіл үстеуі дегеніміз не ?

  8. Мөлшер үстеуі дегеніміз не ?

  9. Мақсат үстеуі дегеніміз не ?

  10. Себеп –салдар үстеуі дегеніміз не ?

  11. Сын-қимыл үстеуі дегеніміз не ?

б) Жаңа сабақты түсіндіру :

1. Негізгі және туынды үстеулер көбінесе айтылуынша жазылады. Мысалы : ертең,кешке,кейін,сонда,әрі,бері,төмен,бірге,әрең,талай т.б.

2. Сөздердің бірігуінен жасалған күрделі үстеулердің көпшілігі сыңарлары қалай дыбысталса солай жазылады.

Мысалы : бүгін,биыл, қыстыгүні, жаздыгүні,ендігәрі,анағұрлым т.б. сөздер осылайша айтылуынша жазылады. Бұлар

Бұл+күн,бұл+жыл,қыстың+күні, жаздың+күні, ендігіден+әрі деген сөздерден біріккен.

3. Сөздердің қайталануынан я қосарлануынан жасалған күрделі үстеулер дефис (-) арқылы жазылады.

Мысалы : тез-тез, бірте-бірте (жүріп кетті) жол-жөнекей (соқты), қолма-қол (берді), емін-еркін(отырды),күні-түні (істеуі) т.б.

4. Сөздердің тіркесуінен құралған күрделі үстеулердің әрбір сыңары бөлек жазылады. Мысалы :таң сәріде (тұрды),күні бойы (дайындалды).

Кітаппен жұмыс : 292-жаттығу. Сөйлемдерді оқып,үстеулерді табыңдар.Оларды түрлеріне қарай ажыратыңдар.

Тақтамен жұмыс : 296-жаттығу. Сөйлемдерді оқып шығып,негізгі үстеулерді бір бөлек, туынды үстеулерді бір бөлек тіркескен сөздерімен бірге теріп жазыңдар.

Білімді бекіту : Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Бағалау : Оқушылыардың ынтасына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : 294-жаттығу. Мәтіндегі үстеулерді тіркескен сөздерімен бірге теріп жазыңдар.

Сабақтың тақырыбы : Еліктеу сөз

Сабақтың мақсаты :

а) Еіктеу сөздер туралы түсінік беру,оның басқа сөз таптрынан ерекшеліктерін таныту,өірден түрлі мысалдар келтіре отырып,еліктеу сөздердің түрлерін ұқтыру.

ә) Оқушылардың сауаттылығын,танымдылығын,сабаққа деген қызығушылығын арттыру,сөйлеу тілін,ой жүйелеу шеберлігін дамыту.

б) Тіл өнерінің құдіретін ұғына білуге,туған жнрін сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі : Жаңа сабақты өздігінен меңгерту

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,ойландыру,оқушы әрекетін ұйымдастыру,ізденушілік қабілетін ояту.

Сабақтың көрнекілігі : плакат, кеспе қағаздар,түрлі құралдар

Халықтық педагогика Алтау ала болса

элементтерін қолдану : ауыздағы кетеді

Пәнаралық байланыс : әдебиет.

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын иексеру. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару

ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін.Оқушылар үстеуді қалай меңгергенін білу үшін кеспе қағаздарды үлестіріп,жауап талап етемін.

Үстеудің мағыналық сипаты қандай ?

  1. Үстеудің ерекшеліктері қандай ?

  1. Үстеу қандай сөз табымен тіркесіп қолданылады ?

  2. Үстеудің құрамдық түрлері қандай ?

  3. Үстеу тудыруда кейбірсептік жалғауларының қандай мәні бар ?

  4. Күрделі үстеулердің жасалуы мен емлесін айтып,мысал келтіріңдер.

  5. Үстеудің мағыналық түрлері мен әрқайсысының ерекшеліктері қандай ?

б) Жаңа сабақты түсіндіру :

Айналадағы (табиғатты) әр түрлі құбылыстардың дыбыстарына,қимыл-әрекеттеріне еліктеумен немесе олардың бейнелерімен байланысты туған сөздер еліктеу сөздер деп аталады. Мысалы : тырс (етті), сарт (етті), күмп (берді), саңқ (етті), былш (етті), шарт (сынды), гүрс (етті), тарс (айырылды),шіңк (етті), дүңк (етті),сырт (уту қалды), дыз (ете түсті),қолп (ете қалды), жалт-жұлт,қалт-құлт,бүгжең-бүгжең,арбаң-арбаң.

Мысалдардан көргендей еліктеу сөздердің басқа сөз таптарынан өзіндік ерекшеліктері бар. Біріншіден, бұл сөздер айналадағы құбылыстардың әр түрлі дыбыстарынан есту арқылы және түрлі қимылдарына еліктеуден туған.

Мысалы : сарт (етті),саңқ (етті),гүрс (етті), қорс (етті),сарт-сұрт, бұрқ-сарқ,қаңғыр-күңгір, тасыр-түсір дыбысқа еліктеуді білдірсе, жылт(етті),қалт-құлт,бүгжең-бүгжең т.б. әр түрлі қимыл іс-әрекетке,құбылысқа еліктеуді білдіреді. Сондықтан да олар еліктеу сөздер деп аталады.Екіншіден еліктеу сөздер көбінесе көмекші етістікпен тіркесіп немесе қайталанып, қосарланып келіп қолданылады.

Кітаппен жұмыс : 297-жаттығу.Еліктеу сөздерді тауып,қандай сөздермен тіркесіп тұрғанын көрсетіңдер.

Үлгі : зу-зу ете қалды.

Білімді бекіту : Оқушыларға сұрақ қоя отырып жаңа сабақты қорытындылаймын.

Бағалау : Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : 298-жаттығу. Абай өлеңдерінен берілген үзінділерден еліктеу сөздерді тауып олардың білдіріп тұрған мағынасын көрсетіңдер.

6 – сынып Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы : Еліктеу сөздің түрлері

Еліктеуіш сөздер

Сабақтың мақсаты :

а) Түрлі әдстерді пайдалана отырып балаларды тапқырлық,жылдамдық,есте сақтау қабілеттерін арттыру.Сөйлеу тілін жетілдіре отырып,шешендік өнерге баулу.

б) Оқушыларға ұлттық тіліміздің өркендеп оянуына,ана тілімізді сүюге,ана тілін аяққа баспай мәртебесін биік ұстау жөнінде түсіндіру,соған дәріптеу.

в) Оқушыларды сауттылыққа баулу.

Сабақтың түрі : Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,

Сабақтың көрнекілігі : плакат,кеспе қағаздар

Халықтық педагогика нақыл сөздер

элементтерін қолдану :

пәнаралық байланыс : әдебиет

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына назар аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін.

1.Еліктеу сөздердің мағыналық ерекшеліктері қандай ?

2.Еліктеу сөздердің басқа сөз таптарынан айырмашылығы қандай ?

3.Еліктеу сөздердің екі түрге бөлінуі неге байланысты ?

4.Еліктеу сөздердің етістікпен тіркесіп қолдануында қандай ерекшелік бар ?

5.Еліктеу сөздерден басқа сөз таптары қалай жасалады?

б) Жаңа сабақты түсіндіру :

Еліктеу сөздер мағынасы жағынан айналадағы әр түрлі дыбысқа және жеке қимылға,іс-әрекетке еліктеуді білдіруіне байланысты елітеуіш сөздер және бейнелеуіш сөздер болып екіге бөлінеді.

Табиғатта заттардың қозғалуы,бір-бірімен қақтығысуы,соғылуы сияқты алуан түрлі қимыл,амал әрекеттердің нәтижесінде әр түрлі дыбыстар пайда болады. Оларды біз құлақпен естиміз.Сол дыбысқа еліктеу арқылы пайда болған сөздер еліктеуіш сөздер деп аталады.

Мысалы : Боз,күрең,жирен,ала,шұбар. Өтеді ауыздығын қарш-қарш шайнап. Ырғалып қарға қарқ етті.

Еліктеуіш сөздер көмекші етістікпен (көбінесе көмекші етістігімен) тіркесіп жұмсалады

Мысалы : тырс етті, сарт етті, саңқ етті. Еліктеуіш сөздер қайталанып та,қосарланып та жұмсалады. Ондайда көмекші етістікпен тіркесіп,онымен бір қызметте немесе жеке тұрып қимылдың әрекетін білдіреді :

Мысалы : тарс-тұрс етті.

Тақтамен жұмыс : 299-жаттығу. Еліктеуіш сөздерді тауып,қандай сөздермен тіркесіп тұрғанын көрсетіңдер.

Топпен жұмыс : Бірнеше еліктеу сөздеріне сөйлем құрап жазыңдар.

Саңқ-саңқ, жарқ-жұрқ,жалт,селт, шып-шып, ербең-ербең.

Білімді бекіту : Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Бағалау : Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : 300-жаттығу. Еліктеуіш сөздердің қай сөзбен тіркесіп тұрғанын көрсетіңдер

6 – сынып Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы : Бейнелеуіш сөздер

Сабақтың мақсаты :

а) Оқушылардың ойын кеңейтіп,тілді байытатын мазмұнды дакөркем сөз үлгілері мол мақал-мәтелдер,нақыл сөздер үйрету.

ә) Оқушылардың оқулықпен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіре отырып, логикалық ойын дамыту,оқу материалына сын көзбен қарап жолдасының көмекке қашанда әзір болу қасиетіне,ұллтық дәстүрді қастерлеуге үйрету.

б) Оқушыларды сауаттылыққа баулу

Сабақтың түрі : Аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі : плакат,кеспе қағаздар

Халықтық педагогика нақыл сөздер

элементтерін қолдану :

Пәнаралық байланыс : әдебиет,тарих

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру,сыныптың тазалығына назар аудару. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін. Оқушыларға кеспе қағаздарды үлестіріп, жауап талап етемін.

1.Еліктеу сөздердің мағыналық ерекшеліктері неде ?

2.Еліктеу сөздердің басқа сөз таптарынан айырмашылығы қандай ?

3.Еліктеу сөздердің екі түрге бөлінуі неге байланысты ?

4.Еліктеу сөздердің етістікпен тіркесіп қолдануында қандай ерекшелік бар ?

5.Еліктеу сөздерден басқа сөз таптары қалай жасалады ?

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Бейнелеуіш сөздер – табиғаттағы заттардың қозғалысын,күйін көру арқылы сипаттайтын,бейнелейтін сөздер. Мысалы : Аттылар бұрылып келіп,дөңгелене отырған жиынға жапыр-жұпыр сәлем берісіп амандасып қалды. Берілген мысалдардағы жапыр-жұпыр сөзі бірнеше адамның бірінен соң бірі рет сақталмай-ақ тез-тез сәлем беруін білдіріп тұр.

Бейнелеуіш сөздер көмекші етістікпен (көбінесе ет ) көмекші етістігімен тіркесіп жұмсалады.

Мысалы : жалп ете түсті,жалт қарады,қалт етті,ербең етті,құржаң қақты,сыпаң етіп шыға келді,тыржың етті.

Бейнелеуіш сөздер қайталанып,қосарланып,көмекші етістікпен тіркесіп жұмсалады. Мысалы : маң-маң басты,жалт-жұлт етті,далаң-далаң жүгірді,қызараң-қызараң етті.

Кітапен жұмыс : 302-жаттығу. Бейнелеуіш сөздерді тауып,олардың мағынасын және қай сөзбен тіркесіп тұрғанын көрсетіңдер.

Үлгі : шып-шып терлеп-жаппай терлеп,денеде кішкене тамшы-тамшы болып тұру.

Шығармашылық жұмыс : Мына бейнелеуіш сөздерді қатыстырып сөйлем құраңдар.

Селк,қалт,жалт,қызарң,қайқаң.

Білімді бекіту : 1.Еліктеу сөз дегеніміз не ? 2.Еліктеу мағынасына қарай нешеге бөлінеді ?

3.Еліктеу сөздер дегеніміз не ? 4.Бейнелеуіш сөздер дегеніміз не ?

Бағалау : Оқушылыарды білімдеріне қарай бағалаймын.

Үйге тапсырма : 306-жаттығу. Дене тәрбиесі сабағында жасалатын қимылдарды бейнелеуіш сөздермен беру арқылы әңгәме құраңдар

Сабақтың тақырыбы : Негігі және туынды еліктеу сөздер

Сабақтың мақсаты :

а) Оқушылардың ойын кеңейтіп тілді байытатын мазмұнды да көркем сөз үлгілері көп мақал-мәтелдер,нақыл сөздер үйрету.

ә) Түрлі әдістерді пайдалана отырып балаларды тапқырлық, жылдамдық,есте сақтау қабілеттерін арттыру. Сйлеу тілін жетілдіріп,шешендік өнерге баулу

б) Сымбатты,шымыр туған жердің табиғатын сүйе білетн, оған құрметпен қарай алатын көзқарасқа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі : Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі : плакат,кітаптар

Халықтық педагогика нақыл сөздер

элементтерін қолдану :

Пәнаралық байланыс : әдебиет , тарих

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу, түгелдеу оқу құралдарын тексеру.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару

ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін

1.Еліктеу сөздердің мағыналық ерекшеліктері неде ?

2.Еліктеу сөздердің басқа сөз таптарынан айырмашылығы қандай ?

3. Еліктеу сөздердің екі түрге бөлінуі неге байланысты ?

4.Еліктеу сөздердің етістікпен тіркесіп қолдануында қандай ерекшеліктер бар ?

5.Еліктеу сөздерден басқа сөз таптары қалай жасалады ?

б) Жаңа сабақты түсіндіру :

Еліктеу сөздер құрамына қарай негізгі,туынды және күрделі болып келеді.

1.Негізгі елітеу сөздерге, әр түрлі дыбыстар мен қимыл, іс-әрекетке тікелей еліктеуден туған түбір сөздер жатады.

Мысалы : тарс,тырс,күрс,дін,жылт,жалт,топ,шіңк,морт,қарс,ырс.

2.. Туынды еліктеу сөздер негізгі түбір еліктеу сөздермен басқа да сөздерден –аң,-ең,-ың,-ің,-ң жұрнағы арқылы жасалады :

а) негізгі түбір еліктеу сөздерден жасалған туынды еліктеу сөздер : арс-аң,болп-аң,елп-ең, кілт-ің,сымп-ың т.б.

ә) етістіктерден жасалған туынды еліктеу сөздер : ағар-аң,былға-ң,домала-ң,иір-ең.

3.Күрделі еліктеу сөздер негізгі және туынды еліктеу сөздердің қайталануынан немесе қосарлануынан жасалады.

Мысалы : борт-борт, гүрс-гүрс, дүр-дүр,зырқ-зырқ,баж-бұж

Жаттығумен жұмыс : 307-жаттығу Еліктеу сөздерді тауып,құрамына қарай ажыратыңдар.

Шығармашылық жұмыс : Бейнелеуіш сөзднрі бар мақал-мәтелдер,жұмбақтар айтыңдар.

Жылт-жылт еткен,

Жылғадан кеткен.

Білімді бекіту : « шығамын білім шыңына» ойыны арқылы сабақтықорытындылаймын.

Бағалау : Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : 312-жаттығу. Көп нүктенің орнына төмендегі еліктеуіш сөздердің тиістісін қойып,көшіріп жазыңдар

Сабақтың тақырыбы : Одағай

Одағай сөздер туралы түсінік

Сабақтың мақсаты :

а) Одағай туралы түсінік беру.Толық мағынасы жоқ,сөйлемде одағайлар басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түспей,оқшау айтылатындығын түсіндіру. .

ә) Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету. Ойлау шеберлігін,сөйлеу мәдениетін арттыру.

б) Оқушылардың білімін бақылау арқылы сауаттылыққа баулу.

Сабақтың түрі : аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жпуап

Сабақтың көрнекілігі : плакат, кеспе қағаздар

Халықтық педагогика нақыл сөздер

элементтерін қолдану :

Пәнаралық байланыс : әдебиет

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу, түгелдеу,оқу құралдарын тексеру. Сыныптың тазалығына назар аудару

ә) Үй тапсырмасын пысықтауты :

Өткен тоқсандағы сабақтар бойынша оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1.Еліктеу сөздердің мағыналық ерекшеліктері қандай ?

2.Еліктеу сөздердің басқа сөз таптарынан айырмашылығы қандай ?

3.Үстеудің мағыналық сипаты қандай ?

4.Үстеудің ерекшеліктері қандай ?

5.Не себепті көсемше етістіктің ерекше түрі деп аталады ?

6.Сабақты етістік пен салт етістіктің мағыналық ерекшеліктері неде ?

7.Етіс нені білдіреді ?

8.Етістің қандай түрлері бар және олар қалай жасалады ?

9.Етістік қандай сұрақтарға жауап береді ?

б) Жаңа сабақты түсіндіру :

Толық мағынасы жоқ,сондықтан затты,құбылысты,әрекетті нақты білдірмей,тек адамның әр түрлі күйін,сезімін білдіретін жан-жануарларға қаратылып айтылатын сөздер одағай сөздер деп атлады.

Одағай сөздер таңырқау,қуану,шаттану,ұнату,ренжу,түңілу,өкіну,шошыну,жекіру,күрсіну сияқты көңіл күйін білдіреді немесе жан-жануарларды,малды шақыру,күйін білдіредінемесе малды шақыру,қуу үшін қолданылады. Мысалы : Япырым – ау, қайда сол күндер ?! Қап барлық еңбектері далаға кетеді –ау! Аухау-аухау деп кешкі тымық даланы басына көтерді.

Берілген мысалдардағы япырым-ау, қап деген одағайлар армандауды,өкінгендікті білдіріп,тұрса,аухау-аухау деп сиырды шақыру үшін айтылады.

Одағай біріншіден лексикалық мағына болмайды. Екіншіден сөйлемде одағайлар басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түспей,оқшау айтылады. Сондықтан одағай сөйлем мүшесі бола алиайды.

Жаттығумен жұмыс : 314-жаттығу. Одағайларды тауып, Қандай мағынада жұмсалып тұрғанын көрсетіңдер.

Үлгі : Әй-шақыру,назар аударту,бері қарату мәнінде жұмсалған.

Білімді бекіту : 1.Не себепті одағайлар сөйлем мүшесі бола алмайды ?

2. Одағай сөздер дегеніміз не ?

Бағалау : Оқушылардығ жауаптарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : 315-жаттығу. Алақай,бәрекелді,әттең,құрау-құрау,қош-қош,пай-пай деген одағайларды кірістіріп сөйлем құраңдар

Сабақтың тақырыбы : Одағайдың түрлері

Сабақтың мақсаты :

а) Одағайдың білдіретін мәніне қарай түрлері : көңіл-күй,жекіру,шақыру.Одағайдың емлесін түсіндіру

ә) Түрлі әдістерді пайдалана отырып балаларды тапқырлық, жылдамдық,есте сақтау қабілеттерін арттыру. Сйлеу тілін жетілдіріп,шешендік өнерге баулу

б) Оқушылардың білімін бақылау арқылы дұрыс жаза білуге үйрету..

Сабақтың түрі : Аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі : плакат,кітаптар

Халықтық педагогика мақал-мәтелдер

элементтерін қолдану :

Пәнаралық байланыс : әдебиет ,

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу, түгелдеу оқу құралдарын тексеру.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару

ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін

1.Атауыш сөз дегеніміз не ? 2.Көмекші сөз дегеніміз не ?

3.Одағай сөз дегеніміз не ? 4.Одағай сөздерде толық мағына бола ма ?

5.Не себепті одағайлар сөйлемде оқшау айтылады ?

6. Одағайдың сөйлем мүшесі бола алуының себебі неде ?

8.Үстеу құрамына қарай нешеге бөлінеді ? 7.Үстеу дегеніміз не ?

9. Еліктеу сөздер дегеніміз не ? 10.Тұйық етістік дегеніміз не ?

11.Етіс нешеге бөлінеді ? 12.Ортақ етіс қалай жасалады ?

б) Жаңа сабақты түсіндіру :

Одағайлар ойға үстейтін мәніне қарай үш түрге бөлінеді.

1. Көңіл күй одағайлары шаттану,таңырқау,аңсау,қуану,ұнату,ренжу,түңілу,өкіну,шошыну,назар ауару сияқты мәнді білдіреді. Олар : пәлі,ойпырмай, шақай,бәрекелді т.б.

2. Жекіру одағайлары жекіру,тыйым салу,бұйыру сияқты мәнді білдіреді.Олар тәйт,тек,жә т.б.

3. Шақыру одағайлары мал,ит,құсты шақыру,қуумен байланысты мәнді білдіреді. Олар : шөре-шөре,кә-кә,қош-қош т.б.

Одағайлар сөйлемдегі ойға қатысты болғанымен ондағы жеке сөздермен грамматикалық байланысқа түспей оқшау айтылады.Әрі одағайдың толық мағынасы болмайды, олар сөйлем мүшесі қызметін атқара алмайды

Одағай сөйлем басында да,ортасында да,соңында да қолданыла береді.Одағай сөйлемнің басында келсе,оның алдынан үтір қойылады.

Одағай сөйлемнің ортасында келсе,оның алдынан үтір қойылады.

Жаттығумен жұмыс : 316-жаттығу. Одағайларды тауып,түрлеріне қарай ажыратыңдар.

Шығармашылық жұмыс : Мына одағай сөздеріне сөйлем құраңдар : әттең,Уh,ойпырымай,бәрекелді,алақай,өй,ой т.б.

Білімді бекіту : 1. Одағай нені білдіреді ? 2.Одағайдың қандай түрлері бар ?

3. Одағайлы сөйлемде қандай тыныс белгілері қолданылады ?

Бағалау : Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : Өздерің оқып жүрген көркем әдебиеттен одағайдың түр-түріне мысалдар келтіріп,тыныс белгілерін түсіндіріңдер.

6– сынып Қ а з а қ т і л і

Сабақтың тақырыбы : Тіл ұстарту

Сабақтың мақсаты :

а) Оқушылардың ойлау қабілетін,сабаққа деген қызығушылығын арттыру және негізгі мәселелерге асакөңіл бөлуге үйрету.

ә) Оқушылардың бойына әдептілік,инабаттылық,қарапайымдылық қасиеттерін қалыптастыру.

б) Оқушылардың білімін бақылау арқылы сауатты жазуға дағдыландыру.

Сабақтың түрі : қайталау

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі : кеспе қағаздар

Халықтық педагогика

элементтерін қолдану : Аттың сыры иесіне мәлім

Пәнаралық байланыс : әдебиет.

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын иексеру. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау

Үйге берілген жаттығуды тексеремін. Оқушыларға өткен сабақтар бойынша сұрақтар қоямын.

1.Одағай нені білдіреді ? 2.Одағай сөздерде толық мағына бола ала ма ?

3.Не себепті одағайлар сөйлемде оқшау айтылады ?

4.Одағайдың сөйлем мүшесі бола алмауының себебі неде ? 5.Одағайдың қандай түрлері бар ?

6.Одағайлы сөйлемде қандай тыныс белгілері қойылады ? 7.Етістік нені білдіреді ?

8.Морфология нені зерттейді ? 9.Синтаксис нені зерттейді ?

10.Етіс дегеніміз не ? 11. Болымсыз етістік дегеніміз не ?

12.Күрделі етістік дегеніміз не ? 13.Бейнелеуіш сөздер дегеніміз не ?

б) Жаңа сабақты түсіндіру :

Өткен сабақтар бойынша шолу жасап,оқушыларды сөйлемдерді фонетикалық морфологиялық синтаксистік талдау жасауға үйретемін.

Бүкіл оқушылармен жұмыс : Тақтаға бір оқушыны шығарып морфологиялық талдау жүргіземін.

З.е з.е\ ш.с ет\ к.ж ет\ е.ж шылау з.е з.е\ б.е з.е ет\ кж\ ж.ө.н

1) Төстік ауыл│дан ұза│п шық│қан соң шалұұйрық ат│қа тіл біт│е│ді.

З.е\ т.с ет \ өе. К.ж з. е \ ж.е з.е ет / к.ж қ. Ет.

Терезе│ні сықырла│т│ып дала│да жел соғ│ып тұр.

з.е к.ж з.е б.е ет к.ж з.е ет кж ет к.ж ет ж.ө.ж.

Қонақ│тар үй│ге кір│іп, қымыз іш│іп, тынығ│ып жат│ты.

2) Отарда жалғыз үй отырған Қамқа баласының хатын күн батарда алды.

▬●▬▬● ▬ ● ▬▬ ● ▬ ● ▬ ● ▬▬▬ ~~~~~~~~~ ~~~~ — •– • – • – • ====

Мінайдар демін жақындата түсіп, Маржанкүлдің бетінен сүйіп алды.

————— – • – • – • – • – • – • – • – • ~~~~~~~~~~~ - - - - - - - ===========

Күн бата бригада ауылға келгенде, Бұзаубақтың үйінің жанында үш-төрт адам тұр еді.

• – • – • – ——— – • – • – • – • – •– ~~~~~~~~~~ • — • — • — • — ~~~~~~~ ——— ======

Білімді бекіту : Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Бағалау : Оқушылардың жауптарына,сөйлемді талдағандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : Кез келген көркем шығармадан сөйлемдер алып синтаксистік талдау жасап келуге беремін.

Сабақтың тақырыбы : Көмекші есімдер

Сабақтың мақсаты :

а) Оқушылардың ойын кеңейтіп тілді байытатын мазмұнды да көркем сөз үлгілері көп мақал-мәтелдер,нақыл сөздер үйрету.

ә) Сөйлеу тілін,сөз мағынасын түсініп,шапшаң ой қорыта алуға,көркем,ұқыпты жаза жаза білуге дағдыландыру.

б) Сымбатты,шымыр туған жердің табиғатын сүйе білетн, оған құрметпен қарай алатын көзқарасқа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі : Аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі : кеспе қағаздар

Халықтық педагогика Сыйлық қымбат емес, сүю қымбат

элементтерін қолдану :

Пәнаралық байланыс : әдебиет ,

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу, түгелдеу оқу құралдарын тексеру.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару

ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін. Оқушыларға кеспе қағаздарды үестіріп,жауап талап етемін.

1.Қазақ тілінде неше сөз табы бар ? 2.Түбір дегеніміз не ?

3.Қосымша дегеніміз не ? 4.Қосымша нешеге бөлінеді ?

5.Жұрнақ нешеге бөлінеді ? 6.Жалғау нешеге бөлінеді ?

7.Неше септік бар ? 8.Жалқы есім дегеніміз не ?

9.Деректі зат есім дегеніміз не ? 10.Сан есім дегеніміз не ?

11.Есімдік дегеніміз не ?

б) Жаңа сабақты түсіндіру :

Лексикалық мағынасынан айырыла бастап,сөйлемде екінші бір сөздің жетегінде ғана қолданылатын зат есімдер бар.

Мысалы : сырт,іш,маң,тұс,алд/ы /,арт/ы /,аст/ы/,үст/і/,қас/ы/ сияқты сөздер сөйлемде екінші зат атаулының жетегінде жұмсалады : Ауылдың жаны терең сай.Осындай сөздер көмекші сөздер деп айтылады.Әдетте көмекші есім тәуелдік жалғауында тұрып,негізгі зат есіммен тіресіп,сөйлемнің бір ғана мүшесі болады.

Жаттығумен жұмыс : 319-жаттығу. Мәтінді оқып шығып,көмекші есімдерді табыңдар.Оларды тіркесіп тұрған сөздермен бірге теріп жазыңдарда, сөйлемнің қай мүшесі қызметін атқарып тұрғанын айтыңдар.

Бүкіл оқушылармен жұмыс : Оқушыларды үш топқа бөліп,бірінші топ тоғыз сөз табының ережесін,екінші топ мағынасын,үшінші топ құрамын айтып береді.

Білімді бекіту : 1.Көмекші есімдер дегеніміз не ? 2.Көқмекші есімдерге қандай сөздер жатады ?

3. Көмекші сөздер қай сөз табымен тіркесіп қолданылады ?

Бағалау : Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : Мына көмекші есімдерге сөйлем құрап келіңдер.

Сырт,іш,маң,тұс,алды,арты,асты,үсті,қасы.

Сабақтың тақырыбы : Көмекші етістіктер

Сабақтың мақсаты :

а)Оқушылардың жұмыс істеу дағдыларын жетілдіре отырып,логикалық ойын дамыту оқу материалына сын көзімен қарап жолдастың көмекке қашанда әзір болу қасиетіне,ұлттық дәстүрді қастерлеуге үйрету.

ә)Тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін,жерін,Отанын сүюге тәрбиелеу..

б)Оқушыларды саутты жазуға баулу..

Сабақтың түрі : Аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі : плакат, кеспе қағаздар

Халықтық педагогика Қайтып кірер есікті

элементтерін қолдану : қатты жаппа

Пәнаралық байланыс : әдебиет ,

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу, түгелдеу оқу құралдарын тексеру.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару

ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін.Оқушыларға өткен сабақтар бойынша бірнеше сұрақтар қоямын.

1.Көмекші есімдер дегеніміз не ?

2.Олар қандай сөз табымен тіркесіп қолданылады ?

3.Одағай нені білдіреді ?

4.Одағайдың түрлерін ата ?

5.Не себепті одағай сөйлем мүшесі бола алмайды ?

6. Неге одағай сөйлемде оқшау айтылады ?

б) Жаңа сабақты түсіндіру :

Етістіктер білдіретін мағынасына қарай сөйлемде атқаратын қызметіне қарай екі түрге бөлінеді.

Жеке тұрып сұраққа жауап бере алатын және өз алдына сөйлем мүшесі бола алатын толық мағыналы етістіктер негізгі етістік деп аталса,өз алдына жеке тұрып сөйлем мүшесі бола алмайтын толық мағынасы жоқ,тек негізгі етістіктермен,есім сөздермен тіркесіп қолданылатын етістіктер көмекші етістіктер деп аталады.

Қазақ тілінде тек төрт етістік қана : е (еді,екен,емес ),жазда,ет,де (деп,десе,деген,дер ) көмекші етістік мәнінде пайдаланылады. Бұлар негізгі етістік болып жұмсалмайды,жұмсалса да,өту сирек қолданылады.Өйткені бұлар лексикалық мағынасына бүтіндей айырылып қалған етістіктер.

Жаттығумен жұмыс : 320-жаттығу. Мәтінді жазып,етістіктерді табыңдар,олардың қайсысы көмекші екенін айтып беріңдер.

Білімді бекіту : 1.Көмекші етістіктер дегеніміз не ? 2.Етістіктер нешеге бөлінеді ?

3. Негізгі етістік дегеніміз не ? 4. Көмекші етістік дегеніміз не ?

Бағалау : Оқушылардың білімдеріне қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : 321жаттығу. Негізгі және көмекші етістіктерді ажыратып,олардың сөйлемдегі қызметін анықтаңдар.

Сабақтың тақырыбы : Қысқарған сөздер

Сабақтың мақсаты :

а) Күрделі сөздердің бір түрі қысқарған сөздің жасалу жолдарын және емлесін түсіндіру,алған білімдерін пысықтау,тексеру,бағалау ;

ә) Оқушылардың білім дағдыларын жинақтау,деңгейлік тапсырмалар арқылы дамыта оқыту ;

б) Оқушыларды елжандылыққа,инабаттылыққа,әдемілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі : Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,тіл дамыту

Сабақтың көрнекілігі : плакат,кеспе қағаздар

Халықтық педагогика

элементтерін қолдану : Қанатты сөздер.

Пәнаралық байланыс : әдебиет

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру,сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін.

1.Сөз құрамына қарай нешеге бөлінеді ?

2.Біріккен сөздер дегеніміз не ?

3.Күрделі сөздер дегеніміз не ?

4.Қос сөздер дегеніміз не ?

5.Қос сөздер нешеге бөлінеді ?

б) Жаңа сабақты түсіндіру :

Кейбір күрделі атаулар,мемлекет,мекеме,ұйым аттары бірнеше сөздің тіркесінен құралып,кейде қысқартылып та қолданыла береді. Мысалы : Америка Құрама Штаттары деген АҚШ болып,Біріккен Ұлттар Ұйымы деген БҰҰ болып,Алматы мемлекеттік университеті деген АлМУ болып қысқарып та жұмсалады.Осындай күрделі атаулардың белгілі тәсілдермен қысқартылып шығуын қысқарған сөздер дейді.

Күрделі атаулар әр түрлі жолмен қысқартылады.

1. Күрделі атау құрамындағы бас әріптерінен құралады. Мысалы : БҰҰ - Біріккен Ұлттар Ұйымы,

ҚРҰҒА – Қазақстан Республикасы Ұллтық ғылыми академиясы т.б. Мұндай қысқарған сөздер бас әріппен жазылады да,қосымша дефис ( - ) арқылы жалғанады. Мысалы : АҚШ-тың ( Америка Құрама Штаттарының )

2. Күрделі атау құрамындағы бірінші сөздің басқы буыны мен кейінгі сөздердің бас әріптерімен құралады. Мысалы : ҚазМИи– Қазақстан медицина институты.

3. Күрделі атаулардың құрамындағы сөздердің бірінші буындарынан немесе бірінші сөздің басқы буыны мен келесі сөз тұтас қалпында бірігіп құралады.

Білімді бекіту :

1. Қысқарған сөздер дегеніміз не ? 2. Күрделі сөздер жасалу жолдарына қарай нешеге бөлінеді ? 3.Қайталама қос сөз дегенңмңз не ? 4. Қосымша қос сөз дегеніміз не ?

Үйге тапсырма : 103-жаттығуда қысқарған сөздер берілген соған сөйлем құрап келуге беремін.

Сабақ соңында оқушылардың білімдері бағаланады.

Сабақтың тақырыбы : Диктант

Сабақтың мақсаты :

а) Балалардың есте сақтау қабілетін дамыту,өз ойын еркін жеткізе білуге,сауатты жазуға дағдыландыру.

ә) Мұхият тыңдап, ұқыпты жаза білуге үйрету.

б) Өз ісіне ұқыпты,мейірімді,кешірімшіл болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі : қайталау

Сабақтың әдісі: баяндау

Сабақтың көрнекілігі : диктанттар жинағы

Халықтық педагогика мақал-мәтелдер.

элемен н қолдану ттері:

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі : Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқушылардың зейінін аудару.

Тақтағы бүгінгі күн мен диктанттың тақырыбын жазып қоямын.

ә) Жаңа сабақты түсіндіру:

Бүркіт.

Бүркітті үйге енгізіп,тұғырдың үстіне қондырды.Жәнібек қасынан қалмай жүр.Қыранды жақыннан көргені –осы. Көзі қандай өткір ! Жанжал іздегендей жалт-жалт етіп шытынай қарағанда, өңменіңнен өтеді.Тұмсығы қалмақы қылыштай қайқая біткен. Үлпілдеген балақ жүні мен мойнында ғана қызғылт жолақ бар.Басқа жері көмірдей қап-қара. Сары сақтиян саусақтары бұж-бұж боп,шорланып біткен.Бұл да Базекеңнің өзіндей кәрі болса керек.Шар болаттай қара көк тегеуріні мұқала бастаған.. Жем бере қоймадың деп ызаланды ма,шұрық-тесік тұғырды сықырлата қысып жіберді.

-Тәк –тәк ... Бүгін сіресі су көтермей,шөлкестеніп отыр.Бәлем тұра тұр,томағаңды кигізіп қояйын.

Базар сөйлей жүріп бір қуыс былғарыны бүркіттің басына кигізе салды. Жаңа ғана шатынап тұрған тентек құс баладай момақан күйге түсті. ( Қ.Жұмаділов,110 сөз )

Үйге тапсырма : Күрделі сөздерді оның түрлерін оқып келуге беремін

Сабақтың тақырыбы : Бақылау жұмысы

Сабақтың мақсаты :

а) Оқушылардың ойлау қабілетін,сабаққа деген қызығушылығын арттыру

ә) Мұхият тыңдап, ұқыпты жаза білуге үйрету.

б) Өз ісіне ұқыпты,мейірімді,кешірімшіл болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі : қайталау

Сабақтың әдісі: баяндау

Сабақтың көрнекілігі : түсінігі қиын сөздерді тақтаға жазу

Халықтық педагогика мақал-мәтелдер.

элемен н қолдану ттері:

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқушылардың зейінін аудару.

Тақтағы бүгінгі күн мен диктанттың тақырыбын жазып қоямын.

ә) Жаңа сабақ.

Ұлы достық

Ағыбай мен Төреқұлды табыстырған тағдырдың өзі-жатқан бір тарих. Сонау отызыншы жылдардың басында бұлар үй-ішімен қырғыз асып барып,күнгей бетте бір жыл қыстап қайтуға тура келген.Төреқұлдың әкесі Ералыны мұның әкесі Жұмахан бұрын да сырттай біледі екен.Қиыншылық кезде қара тартыпбарып,соларды паналаған. «Ашаршылықта жегенқұйқаның дәмі аузыңнан кетпес» деп,қырғыз ағайындардың сондағы істеген жақсылығы естен,сірә,кетер ме ? Ералының бұларға бір бөлмені босатып беріп,аздаған азық-түлігін бала-шағасының аузынан жырғандай етіп,топты жанды бір қыс асырап шыққанын қалай ғана ұмытарсың ?! Жұмахан оны қашан дүниеден өткенше ұмытқан жоқ,бірақ көзінің тірісінде Ералының сол қарымтасын қайтаруға үлгермей,өлерінің алдында Ағыбайға аманат етіп,табыстап кетті.Әкелер арасындағы байланысты кейін балалар жалғастырған.Әке аманатын Ағыбайдың қаншалықты орындай алғанын кім білсін,әйтеуір,қырық жылдан бері Төреқұлмен қатынасы үзілген жоқ,заманына қарай екеуінің арасында жорға ауысқан кездер де,дорба ауысқан кездер де болып тұрады.

Үйге тапсырма : Күрделі сөздердің түрлерін оқып келуге беремін.

Сабақтың тақырыбы : Тіркесті сөздер

Сабақтың мақсаты :

а ) Оқушыларға ұлттық тіліміздің өркендеп оянуына ана тілін аяққа баспай мәртебесін биік ұстау жөнінде түсіндіру, соған дәріптеу

ә) Тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін, жерін Отанын сүюге тәрбиелеу.

б) Оқушылардың білімін бақылау арқылы дұрыс жаза білуге үйрету.

Сабақтың түрі : Аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі : плакат,кеспе қағаздар

Халықтық педагогика Жаздың бір күні

элементтерін қолдану : Қыстың мың күнін асырар

Пәнаралық байланыс : әдебиет

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру. Оқушылардың зейінін сабққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін.

  1. Сөз құрамына қарай нешеге бөлінеді ?

2. Дара сөздер дегеніміз не ?

3. Күрделі сөздер дегеніміз не ?

4. Біріккен сөздер дегеніміз не ?

5. Қос сөздер дегеніміз не ?

6. Қысқарған сөздер дегеніміз не ?

б) Жаңа сабақты түсіндіру :

Екі я одан да көп сөздер тіркесіп келіп бір ұғымды білдіретін күрделі сөздер тіркесті сөздер деп аталады.Бұлар мағынасы жағынан біріккен сөздер сияқты бір ұғымның атуы болып келеді,бірақ бір-бірінен бөлек жазылады.

Мысалы : боз торғай,сөз таптары,қара торы,үш жүз т.б.

Тіркесті сөздерге күрделі зат есімдер ( мәдениет сарайы,Алматы қаласы,ауыл шаруашылығы т.б. ) күрделі сын есімдер (қара кер,бидай өңді,ат жақты,ұзын бойлы т.б. )

Күрделі сан есімдер ( он үш,екі жүз,сексен бес т.б. ) күрделі үстеулер (күні бойы,ала жаздай,ертеден қара кешке дейін т.б. ) жатады.

Жаңа сабақты түсіндіргеннен кейін,жаттығумен жұмыс жүргіземін.

104-жаттығу. Араластырыла берілген түбір сөздерден біріккен сөздер жасаңдар.

Білімді бекіту : 1. Тіркесті сөздер дегеніміз не ? 2.Қысқарған сөздер дегеніміз не ?

3. Қос сөздер дегеніміз не ? 4.Бірккен сөздер дегеніміз не ?

5. Күрделі сөздер жасалу жолдарына қарай нешеге бөлінеді ?

Үйге тапсырма : 104-жаттығуды жазып келуге беремін.

Сабақ соңында оқушылардың білімдері бағаланады.

6– сынып Қ а з а қ т і л і

Сабақтың тақырыбы : Сөзжасамнан өткенді қайталау

Сабақтың мақсаты :

а) Сөзжасамның зерттейтін мәселелері сөздердің жаңа мағынаға ие болуы,түрлеп жолдарын түсіндіру.

ә) Практикалық білім дәрежелерін одан әрі кеңейту,оқушлардың ой - өрісін,сауаттылығын,тілін дамыту

б) Оқушыларды өзара сыйласымдыққа үйрету,табиғатты сүюге,елін құрметтеуге тәрбиелеуу.

Сабақтың түрі : қайталау

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі : кеспе қағаздар,плакат

Халықтық педагогика Ақылды адам-батпан-ақ,

элементтерін қолдану : Ақылсыз адам-сасқалақ.

Пәнаралық байланыс : әдебиет.

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын иексеру. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау

Үйге берілген жаттығуды тексеремін

1. Сөз құрамына қарай нешеге бөлінеді ? 2.Дара сөздер дегеніміз не ? 3. Күрделі сөздер дегеніміз не ?

4.Біріккен сөздер дегеніміз не ? 5.Қос сөздер дегеніміз не ? 6.Қысқарған сөздер дегеніміз не ?

7. Тіркесті сөздер дегеніміз не ? 8.Қос сөздер нешеге бөлінеді ? 9.Қысқарған сөздер нешеге бөлінеді ?

б) Жаңа сабақты түсіндіру :

Сөз түрлі бөлшектерден тұрады. Сөз бөлшектерінің өзіне тән белгілі бір мағынасы және қызметі болады. Мысалы : жолдастыққа деген сөз мынадай төрт бөлшектен тұрады : жол-дас-тық-қа.Бірінші жол бөлшегі «салған із» немесе «сапар» деген мағынаны білдірсе,оған –дос қосымшасы қосылған жолдас сөзі «серік» деген мағынаны беріп тұр. Бұл сөзге – тық қосымшасы жалғанып,адамдар арасындағы қатынас мағынасын білдіретін сөз жасалған. Соңғы – қа бөлшегі бұл сөзге жаңа мағына үстеп тұрған жоқ,басқа сөзбен байланыстыру қызметін атқарып тұр.

Сөйтіп,сөздің тұлғасы деген ұғымға түбір және қосымша деп аталатын бөлшектер кіреді.Сөз жалғыз бір түбірден де (мысалы,үй,әке,бала т.б,) қосымшалы түбірден де (мысалы; маңдай-ша,өнер-паз,біл-ім т.б. ) екі түбірден де )мысалы: некен – саяқ,жақсы-жаман ) құралады.

Сабақты түсіндіргеннен кейін жаттығумен жұмыс жүргіземін..

Білімді бекіту : 1.Сөзжасам дегеніміз не ? 2.Түбір дегеніміз не ?

3.Қосымша нешеге бөлінеді ?

4. Жұрнақ нешеге бөлінеді ? 5. Жалғау нешеге бөлінеді ?

Үйге тапсырма : 108-жаттығудағы күрделі сөздерді теріп жазып келуге беремін

6– сынып Қ а з а қ т і л і

Сабақтың тақырыбы : Сөзжасамнан өткенді қайталау

Сабақтың мақсаты :

а) Сөзжасамнан өтлген тқырыптарды пысықтау.Сөзжасамның зерттейтін мәселелерін түсіндіру

ә) Практмкалық білім дәрежесін одан әрі кеңейту,оқушылардың ой - өрісін,сауаттылығын,тілін дамыту.

б) Оқушыларды өзара сыйласуға үйрету,табиғатты сүюге,туған жерін,елін құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі : өтілген тақырыптарды пысықтау

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,ой қозғау,топпен жұмыс т.б.

Сабақтың көрнекілігі : кеспе қағаздар,плакат

Халықтық педагогика Оқусыз білім жоқ

элементтерін қолдану : білімсіз күнің жоқ

Пәнаралық байланыс : әдебиет,биология,география,музыка т.б.

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын иексеру. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау

1. Сөз құрамына қарай нешеге бөлінеді ? 2.Дара сөздер дегеніміз не ? 3. Түбір дегеніміз не ?

4. Қосымша нешеге бөлінеді ? 5. Жұрнақ нешеге бөлінеді ? 6. Жалғау нешеге бөлінеді ?

б) Жаңа сабақты түсіндіру

Сөз


Сөз тұлғасы

 

Дара

Күрделі

Түбір сөз

Қосымшалы,

қосымшасыз

Туынды

Түбір сөз

Қос сөздер

Біріккен

Сөздер

Тіркескен

Сөздер

Қысқарған

Сөздер


Талдау үлгісі :

Олар өздері атап отырып,Әйгерімнің осы жаз бойы Біржаннан үйренген бар әндерін кезек-кезек айтқызды(М.Әуезов)

Олар-дара,түбір сөз өздері-дара түбір сөз атап – дара,туынды түбір,ат-а,зат есімнен етістік жасаушы –а – жұрнағымен жасалған. Отырып – дара,түбір сөз. Әйгерімнің – күрделі,біріккен сөз,әй және керім сөздерінің бірігуі арқылы жасалған кіріккен сөз. осы – дара,түбір сөз. жаз бойы – күрделі,тіркескен сөз,жаз және бойы сөздерінің тіркесуінен жасалған. Біржаннан – күрделі,біріккен сөз,бір және жан сөздерінң бірігуінен жасалған. Үйренген – дара,түбір сөз. бар – дара,түбір сөз. әндерін – дара,түбір сөз. кезек-кезек – күрделі, қос сөз,қайталама қос сөз. айтқызды – дара,туынды түбір,етістіктен етістік жасаушы – қыз жұрнағымен жасалған.

Білімді бекіту :

1.Күрделі сөздер жасалу жолдарына қарай нешеге бөлінеді ?

2.Біріккен сөздер нешеге бөлінеді ? 3.Қос сөздер нешеге бөлінеді ?

4.Қайталама қос сөздер дегеніміз не ? 5.Қысқарған сөздер дегеніміз не ?

6.Тіркесті сөздер дегеніміз не ?

Үйге тапсырма : Үйге кез келген шығармадан сөйлем алып сөздерді тұлғасына қарай талдап келуге беремін.

Сабақ соңында оқушылардың білімдері бағаланады.

Сабақтың тақырыбы : Тіл ұстарту

Сабақтың мақсаты :

а ) Оқушыларға ұлттық тіліміздің өркендеп оянуына ана тілін аяққа баспай мәртебесін биік ұстау жөнінде түсіндіру, соған дәріптеу

ә) Тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін, жерін Отанын сүюге тәрбиелеу.

б) Оқушылардың білімін бақылау арқылы дұрыс жаза білуге үйрету.

Сабақтың түрі : Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі : плакат,кеспе қағаздар

Халықтық педагогика Білімдіге дүние жарық

элементтерін қолдану : білімсіздің күні кәріп

Пәнаралық байланыс : әдебиет

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру. Оқушылардың зейінін сабққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін.

1.Сөз құрамына қарай нешеге бөлінеді ? 2. Дара сөздер дегеніміз не ?

3..Күрделі сөздер дегеніміз не ? 4. Күрделі сөздер жасалу жолдарына қарай нешеге бөлінеді ?

5.Біріккен сөздер дегеніміз не ? 6.Біріккен сөздер нешеге бөлінеді ?

7.Қос сөздер дегеніміз не ? 8.Қайталама қос сөз деп қандай сөздерді айтамыз ?

9.Қысқарған сөздер дегеніміз не ? 10.Тіркесті сөздер дегеніміз не ?

б) Жаңа сабақты түсіндіру :

Сөздерді жасау тәсіліне қарай талдау

Қазақ тіліндегі жаңа сөздер сөзжасамның үш түрлі тәсілмен жасалатынын түсіндіре келіп,мына кестені пайдаланамыз.

Тіліміздегі сөзжасам тәсілдерімен жасалған сөздердің ішінде синтетикалық,аналитикалық тәсілдермен сөздер көбірек жасалады.

Сөзжасам түрлері

Синтетикалық тәсіл

Аналитикалық тәсіл

Лексика семантикалық тәсіл

Негізгі түбірге

Сөз тудырушы жұрнақ жалғану арқылы жасалады

Туынды түбірге сөз тудырушы жұрнақ жалғану арқылы жасалады

Бірігу

Қосарлану

Тіркесу

Қысқару

Сөз мағынасының кеңеюіне солғындау арқылы жаңа мағынада жұмсалады

Сөздердің омонимдік қатарда жұмсалып түрлі мағынада қолданылады

Бірнеше сөздерді,сөйлемдерді талдатамын.

 Кеспе қағаздармен жұмыс жүргіземін.

 «Шығамын білім шыңына» ойыны арқылы сабақты қорытындылаймын.

Білімді бекіту : 1.Қазақ тілінде неше сөз табы бар ? 2.Неше сөйлем мүшесі бар ? 3.Неше жалғау бар ?

4.Жұрнақ нешеге бөлінеді ? 5.Зат есім дегеніміз не ? 6. Етістіктің неше шағы бар ?

Бағалау : Оқушылардың ынталарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : Үйге сөйлемдерді талдап келуге беремін 6 – с ы н ы п Қ а з а қ т і л і

Сабақтың тақырыбы : Қорытынды сабақ.

Сабақтың мақсаты :

а) Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету.Ойлау шеберлігін сөйлеу мәдениетін арттыру

ә) Оқушылардың оқулықпен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіре отырып,логикалық ойын дамыту жолдастық көмекке қашанда әзір болу қасиетіне,ұлттық дәстүрді қатерлеуге үйрету.

б) Оқушыларды тілдерін бұрмаламай ашық, таза сөйлеуге дағдыландыру.

Сабақтың түрі : Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,тіл дамыту әдістері

Сабақтың көрнекілігі : плакат,кеспе қағаздар

Халықтық педагогика

элементтерін қолдану : Көз жетпеген жерге сөз жетеді

Пәнаралық байланыс : әдебиет

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру,сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы тексеремін.

1.Сөз құрамына қарай нешеге бөлінеді ?

2.Дара сөздер дегеніміз не ?

3.Күрделі сөздер дегеніміз не ?

5.Біріккен сөздер дегеніміз не ?

6. Кіріккен сөздер дегеніміз не ?

б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Сөздің мағына беретін ең негізгі түпкі бөлшегі негізгі түбір немесе түбір сөз деп аталады. Мысалы : адам,бала,студент,өнер,мен,оқы т.б.

Жеке тұрғанда мағынасы жоқ,сөзге жалғанып сөздің мағынасын өзгертетін не түрлендіретін бөлшек қосымша деп аталады. Қосымшаның екі түрі бар. 1.Жұрнақ 2.Жалғау.

Өзі жалғанған сөздің мағынасын өзгертетін немесе қосымша мағына үстейтін қосымшаны жұрнақ дейміз.Жұрнақ екіге бөлінеді. 1.Сөз тудырушы 2.Сөз түрлендіруші.

Сөз тудырушв жұрнақ сөздің бастапқы мағынасын згертіп жаңа шағына тудырады.Мысалы : өн-ім,аш-ық,ег-ін.

Сөз түрлендіруші жұрнақ сөздің бастапқы мағынасын өзгертпей қосымша мағына үстейді : Мысалы : көн-шіл,қала-шық,әке-тай.

Сөзге грамматикалық мағына үстейтін, сөз бен сөзді байланыстыратын қосымшаны жалғау дейміз.

Қазақ тілінде төрт жалғау бар. 1.көптік, 2.септік, 3.тәуелдік, 4.жіктік,

Көптік жалғау. Заттың көптік мағынасын беретін қосымшасы Мысалы : бала-лар,оқушылар

Септік жалғау. Сөзге грамматикалық мағына үстеп сөз бен сөзді байланыстырады.

Тәуелдік жалғау.Бір заттың екінші затқа меншіктігін білдіреді.

Жіктік жалғау.Бастауыш пен баяндауышты байланыстырады

Жаттығумен жұмыс жүргіземін.

Білімді бекіту : 1.Қазақ тілінде неше сөз табы бар ?

2.Зат есім дегенімз не ? 3.Сын есім дегеніміз не ?

4.Етістік дегеніміз не? 5.Жалғау нешеге бөлінеді ?

6.Жұрнақ нешеге бөлінеді ?

Үйге тапсырма : «Қараша күз белгісі» Тақырыбқа мәтін құрап келуге беремін Сабақ соңында оқушылардың білімі бағаланады.

Сабақтың тақырыбы : Морфология

Сөз түрлері

Сабақтың мақсаты :

а) Тіл білімінің салаларынан түсінік беру. Сөздердің мағынасы менқызметіне қарай атауыш,көмекші,одағай болып қолданылатындығы,әрқайсысының өзіндік ерекшеліктерін түсіндіру.

ә) Сымбатты,шымыр туған жердің табиғатын сүйе білетін,оған құрметпен қарай алатын көзқарасқа тәрбиелеу

б) Сөйлеу тілін, сөз мағынасын түсініп,шапшаң ой қорыта алуға,көркем,ұқыпты жаза білуге дағдыландыру

Сабақтың түрі : Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,тіл дамыту әдістерін қолданамын

Сабақтың көрнекілігі : плакат,кеспе қағаздар,қосымша дидактикалық материалдар т

Халықтық педагогика Үлкенді сыйласаң-қадірлі боларсың

элементтерін қолдану : Кішіні сыйлааң-құрметті боларсың

Пәнаралық байланыс : әдебиет

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру,сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Өткен сабақтар бойынша оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1.Сөз құрамына қарай нешеге бөлінеді ? 2.Дара сөз дегеніміз не ?

3.күрделі сөз дегеніміз не ? 4.Күрделі сөз жасалу жолдарына қарай нешеге бөлінеді ?

5.Біріккен сөздер деп қандай сөздерді айтамыз ? 6.Қос сөздер депқанедай сөздерді айтамыз ?

7.Қысқарған сөздер дегеніміз не ?

8. Тіркесті сөздер мен қос сөздердің арасында қандай айырмашылық бар ?

б) Жаңа сабақты түсіндіру :

Морфология – сөз және оның формалары туралы ілім.Сөйлеу дағдысында әр сөз сөйлем ішіндегі өзге сөздермен белгілі заң бойынша әрқилы қарым-қатынасқа түседі де,әлденеше қилы өзгеріске ұшырап,әр алуан қызмет атқарады. Морфология осындай сөздерді жеке-жеке қарамай,жалпы сөз атаулыны алып,оларды белгілі топтарға бөліп,сол топ-топтың әрқайсысына тән жалпы грамматикалық сыр-сипатын анықтайды.Соның арқасында сөздердің әр тобына өзіне лайық жалпы грамматикалық мағыналары мен грамматикалық формалары анықталады,сөз топтары ажыратылады,әр сөз тобына тән категориялардың сыр-сипаттары ашылады.Осындай талдаулардың нәтижесінде сөздің жасалу,түрлену,өзгеру жүйелері,сөздің бөлшектенуі және олардың әрқайсысының грамматикалық мағыналары мен қызметтері анықталады.

  • Жаңа сабақты түсіндіргеннен кейін жаттығулармен кеспе қағаздермен жұмыс жүргіземін.

Білімді бекіту : 1.Тіл білімінің неше саласы бар ?

2.Фонетика нені зерттейді ?

3.Лексика нені зерттейді ?

4.Грамматика нешеге бөлінеді ?

5. Қазақ тілінде неше сөз табы бар ?

Бағалау : Оқушылардың ынтасына қарай білімдері бағаланады

Үйге тапсырма : Әдеби кітаптардан төрт сөйлем алып лексикалық талдау жасап келуге беремін.

Сабақтың тақырыбы : Сөздің түрлері

Сабақтың мақсаты :

а ) Оқушыларға ұлттық тіліміздің өркендеп оянуына ана тілін аяққа баспай мәртебесін биік ұстау жөнінде түсіндіру, соған дәріптеу

ә) Сөйлеу тілін,сөз мағынасын түсініп,шапшаң ой қорыта алуға,көркуем,ұқыпты жазуға дағдыландыру.

б) Оқушылардыңбойына әдептілік,инабаттылық,қарапайымдылық қасиеттерін қалаыптастыру..

Сабақтың түрі : Аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,тіл дамыту әдістерін қолданамын

Сабақтың көрнекілігі : плакат,кеспе қағаздар

Халықтық педагогика мақал-мәтелдер

элементтерін қолдану :

Пәнаралық байланыс : әдебиет

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру. Оқушылардың зейінін сабққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін.

1.Тіл білімі неше салаға бөлінеді ? 2. Грамматика нешеге бөлінеді ? 3. Фонетика нені зерттейді ?

4. Лексика нені зерттейді ? 5. Морфология нені зерттейді ? 6.Қазақ тілінде неше сөз табы бар ? 7. Қазақ тілінде неше сөйлем мүшесі бар ?

б) Жаңа сабақты түсіндіру :

Сөйлемде қолданылған сөздердің мағыналары бірдей бола бермейді.Сөздердің көпшілігі белгілі бір ұғымның атауы болады да,және тұрғанда белгілі бір лксикалық мағынаны білдіреді. Ал кейбір сөздер жеке тұрғанда ешбір мағына білдіре алмайды,сөйлемде басқа бір сөздің мағынасынтолықтырып,күшейтіп тұрады немесе сөздерді бр –бірімен байланыстыру қызметін атқарады. Мысалы : Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін.Бұл сөйлемдегі бес сөздің төртеуі жеке тұрып белгілі бір мағынаны білдіреді.

Мен – айтушы адам ;

Жазбаймын – қағаз бетіне сөзді түсіру

өлеңді – белгілі бір ұйқаспен айтылатын сөз

ермек – уақыт өткізу үшін жасалатын әрекет.

Ал үшін дегенннің мұндай мағынасы жоқ.Бұл сөйлемде үшін деген сөз ермек деген сөздің жетегінде тұрып,солсөзге мақсаттық мән үстейді де, ермек сөзін жазбаймын дегенмен байланыстырады.

Сабақты түрлендіру :

Бүкіл оқушылармен жұмыс. 116-жаттығуды жазып,көмекші сөздердің астын сызғызып,олардың неліктен көмекші сөз делінетіндіктерін сұраймын.

 Мына өлең шуағының ішінен көмекші сөздерді тапқызамын.

Білген сайын келеді біле бергім,

Біле беру емес пе тілегі елдің.

Белден ассаң,алдында бел көрінсе,

Қызыққаннан келмей ме жүре бергің

Сондықтан да келеді біле бергім

Білімдіні сүйетінін білем елдің.

 Оқушыларға кеспе қағаздарды үлестіріп жауап талап етемін.

 Бірнеше сөйлемдерді сөз таптарына талдатқызамын.

Омар Қодардың ең малды ағайыны болатын

Омар – аттаушы сөз,есім,атаушы есім,зат есім,деректі,жалқы

Қодардың – атаушы сөз,есім,атаушы есім,зат есім,деректі,жалқы.

ең – атаушы сөз,есім,үстеуші есім,үстеу,күшейткіш үстеуі.

малды – атаушы сөз, есім,атаушы есім,сын есім,қатыстық сын.

ағайыны – атаушы сөз,есім,атаушы есім,зат есім,деректі,жалпы есім.

болатын – атаушы сөз,етістік,есімше,салт олымды.

Білімді бекіту : 1.Тіл білімі неше салаға бөлінеді ? 2.Фонетика нені зерттейді ? 3. Лексика нені зерттейді ?

4.Қазақ тілінде неше сөз табы бар ? 5. Зат есім дегеніміз не ? 6. Сан есім дегеніміз ен ?

7.Сын есім дегеніміз не ? 8.Етістік нені білдіреді ?

Бағалау : Оқушылардың ынтсына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : 117-жаттығуды жазып,мәтіндегі одағай сөздерді тауып келуге беремін.

6-сынып Қазақ тіл

Сабақтың тақырыбы : Сөз таптары

Зат есім

Сабақтың мақсаты :

а) Сөздердің тоғыз сөз табы бар екендігі,олардың орналасуындағы заңдылыққа қарай ретінің де тұрақты болатындығы.

ә)Зат есімнен алған білімдерін жаттығу жұмыстары арқылы дамыту,өз бетінше орындау дағдыларын қалыптастыру,топпен жұмыс жүргізу арқылы әр оқушының дербестігін жетілдіру.

б) Зат есім тақырыбын түсіндіру кезінде сөздер мен сөйлемдердің тәрбиелік мәніне көңіл бөле отырып,оқушыны отаншылдыққа,адалдыққа әтрбиелеу,топпен жұмыс істеу арқылы ынтымақ пен бірлікке,жолдастық көмек көрсетуге баулу.

Сабақтың түрі : аралас сабақ

Сабақтың әдісі : топпен жұмыс,сайыс сабақ,сұрақ – жауап,жаттығу және талдау,ой сергіту ойындары

Сабақтың көрнекілігі : плакат,кеспе қағаздар Халықтық педагогика Халық айтса қалып айтпайды

элементтерін қлдану :

Пәнаралық байланыс : әдебиет,тарих,география

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1.Тіл білімі неше салаға бөлінеді ? 2.Морфология нені зерттейді ? 3.Фонетика нені зерттейді ?

4.Қазақ тілінде неше сөз табы бар ? 5.Атауыш сөздер сөйлем ішінде сөйлем мүшесі бола ала ма ?

6. Көмекші сөздер белгілі бір сұраққа жауап бере ала ма ?

б) Жаңа сабақты түсіндіру :

Сөздердің білдретін мағынасына,түрлену тұлғасына,қойылатын сұрағына,сөйлемде атқаратын қызметіне қарай топталуын сөз таптары деп атайды. Қазақ тілінде 9 түрлі сөз табы бар.

Заттың атын білдіріп,кім ?не ? деген сұрақтарға жауап беретін сөздер зат есім деп аталады. Мысалы : әке (кім?) оқушы (кім?)ақыл (не?)мал (не?)

Зат есім жалпы есімжәне жалқы есім болып екіге бөлінеді. Біркелкі заттардың жалпы атауы жалпы есім деп аталады.Заттардың ішіндегі бір түрінің өзіне ғана қойылған аты жалқы есім деп аталады. Мысалы : кісі,адам деген жалпы адам атаулыға тән ат болса,Байжан,Гүлнұр дегендер адам атулының бәріне емес,жеке кісілерге ғана қойылған.Жалқы есім әдетте,жеке кісінің аты-жөні,мемлекет,республика,облыс,аудан,қала,көше,ұйым,мекеме аттары жатады.Жалқы есімдер бас әріптен бастап жазылады.

Кітаппен жұмыс : 118-жаттығуда жалқы есімдерді жазғызамын.

Білімді бекіту : «Шығамын білім шыңына» ойыны арқылы сабақты қорытындылаймын.

Ондағы сұрақтар :

1.Морфология нені зерттейді ? 2.Зат есім дегеніміз не ?

3.Зат есім нешеге бөлінеді ? 4.Жалпы есімдер деп қандай сөздерді айтамыз ?

5.Жалқы есімдерге қандай сөздер жатады ? 6.Деректті зат есімдер дегеніміз не ?

7.Дерексіз зат есімдер дегеніміз не ?

Үйге тапсырма : Көркем шығармадан сөйлем жазып зат есімнің түрлеріне қарай тауып келуге беремін .

Сабақ соңында оқушылардың білімдері бағаланады.

6 – с ы н ы п Қ а з а қ т і л і.

Сабақтың тақырыбы : Зат есімнің жасалуы

Сабақтың мақсаты :

а) Зат есімдер құрамына қарай негізігі,туынды, күрделі болатындығын түсіндіру.

ә) Сөйлеу тілін ,сөз мағынасын түсініп,шапшаң ой қорыта алуға,көркем ,ұқыпты жаза білуге дағдыландыру.

б)Сабақ барысында оқушылардың білімін бақылай отырып сауатты жазуға дағдылындыру.

Сабақтың түрі : Аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,тіл дамыту

Сабақтың көрнекілігі : плакат,кеспе қағаздар Халықтық педагогика Еңбек түбі - береке

элементтерін қлдану :

Пәнаралық байланыс : әдебиет,сурет

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу

ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін

1.Морфология нені зерттейді ? 2.Зат есім дегеніміз не ?

3.Қандай сұрақтарға жауап береді ? 4.Зат есім нешеге бөлінеді ?

5.Деректі зат есім дегеніміз не ? 6.Дерексіз зат есім дегеніміз не ?

7.Жалқы есім дегеніміз не ? 8.Жалпы есім дегеніміз не ?

Б) Жаңа сабақты түсіндіру :

Зат есімдер негізгі,туынды және күрделі болып үшке бөлінеді.Туынды зат есімдер жұрнақтар арқылы жасалады.

Мысалы :қойшы,күй-ші,ай-лық,жақсы-лық,біл-ім,аялда-ма,айт-ыс,күре-к т.б.

Зат есімдер бірігу,қосарлану,тіркесу арқылы да жасалады.Олар күрделі зат есімдер деп аталады.Мысалы : өнеркәсіп,белбеу,ашутас,Көкшетау,Сарысу,аяқ-табақ,азық-түлік,ауыл-аймақ,қант т.б.

Кітаппен жұмыс : 119-жаттығуды жазып,деректі,дерексіз зат есімдерді анықтап айтады.

Бүкіл оқушылармен жұмыс : Екі баланың суретіне қарап мінездеме береді.Олардың бойындағы қасиеттерді салыстырып жазады.Міндетті түрде дерексіз зат есімдерді пайдалану керек.

Білімді бекіту :

1.Тіл білімі неше салаға бөлінеді ? 2.Лексика нені зерртейді ?

3.Фонетика нені зерттейді ? 4.Грамматика нешеге бөлінеді ?

5.Морфология нені зерттейді ? 6.Синтаксис нені зерттейді ?

7.Зат есім дегеніміз не ? 8.Зат есімнің қандай түрлері бар ?

9.Зат есім жасалуына қарай нешеге бөлінеді ?

Үйге тапсырма : 120-жаттығуды жазып,жалқы есімдерді тауып келуге беремін.

Бағалау : Сабақ соңында оқушылардың біімдері бағаланады.

6 – с ы н ы п Қ а з а қ т і л і

Сабақтың тақырыбы : Көмекші,атауыш,одағай сөздер

Сабақтың мақсаты :

а) Сөздердің мағынасы мен қызметіне қарай атауыш,көмекші,одағай болып қолданылатындығы әрқайсысының өзіндік ерекшкліктерін түсініру.

ә) Оқушылардың бойына әдептілік,қарапайымдылық,инабатттылық қасиеттерін қалыптастыру.

б)Сабақ барысында оқушыларды сауатты жазуға үйрету.

Сабақтың түрі : Аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,тіл дамыту

Сабақтың көрнекілігі : плакат,кеспе қағаздар Халықтық педагогика Оқы да – біл,ойна да - күл

элементтерін қлдану :

Пәнаралық байланыс : әдебиет,география

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу

ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін

1.Тіл білімі неше салаға бөлінеді ? 2.Морфология нені зерртейді ?

3.Қазақ тілінде неше сөз табы бар ? 4.Атауыш сөздер дегеніміз не ?

5.Қосымша нешеге бөлінеді ? 6.Жұрнақ нешеге бөлінеді ?

7.Жалғау нешеге бөлінеді ? 8.Сөз құрамына қарай нешеге бөлінеді ?

Б) Жаңа сабақты түсіндіру :

Сөйлемде белгілі бір мағынаны білдіретін,белгілі бір ұғымның атауы болып табылатын сөздерді атауыш сөздер деп атайды.Ал ондай мағына білдіре алмайтын,тек басқа сөздердің жетегінде жұмсалатын сөздерді көмекші сөздер дейді.Атауыш сөздер өз бетімен белгілі бір мағынаны білдіретіндіктен,белгілі бір сұраққа жауап бере алады,сондықтансөйлем ішінде оның бедгілі бір мүшесі бола алады.Ал көмекші сөздер жеке тұрып белгілі бір мағынаны білдіре алмайтындықтан,белгілі бір сұраққа жауап ере алмайды.

Дәптермен жұмыс : көмекші,атауыш сөздерді қатыстырып сөйлем құрап жазғызамын.

Екеуара жұмыс : екі оқушыға жеке тапсырма беремін.Мына сөздерден зат есімді бір бөлек,етістікті бір бөлек жазады.

Кітап,оқы,жаз,ойна,қалам,дәптер,парта,мектеп,тұр,жүр,қағаз.

Білімді бекіту :

1.Көмекші сөздер дегеніміз не ?

2.Атауыш сөздер дегеніміз не ?

3.Одағай сөздер нешеге бөлінеді ?

4.Қазақ тілінде неше сөйлем мүшесі бар ?

5.Зат есім дегеніміз не ?

6.Етістік дегеніміз не ?

Үйге тапсырма : Одағай сөздерді қатыстырып мәтін құрап келуге беремін.

Бағалау : Сабақ соында оқушылардың білімдері бағаланады

6 – с ы н ы п Қ а з а қ т і л і

Сабақтың тақырыбы : Сын есім

Сабақтың мақсаты :

а) Сын есімнің зат есіммен байланысы ; заттың сынын,сапасын,сипатын,көлемін білдіретіндігі,қандай,қай сұрағына жауап беретіндігі.Сын есімнің ойды көркемдеп берудегі мәнін түсіндіру.

ә) Оқушылардың ұлттық тіліміздің өркендеп оянуына ана тілімізді сүюге,ана тілін аяққа баспай мәртебесін биік ұстау жөнінде түсіндіру,соған дәріптеу.

б) Сөйлеу тілін,сөз мағынасын түсініп,шапшаң ой қорыта алуға,көркем,ұқыпты жаза білуге дағдыландыру..

Сабақтың түрі : Аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,тіл дамыту

Сабақтың көрнекілігі : плакат,кеспе қағаздар Халықтық педагогика Елдің көзі - елу

элементтерін қлдану :

Пәнаралық байланыс : әдебиет,бейнелеу

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезең:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу

ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін

1.Затесім дегеніміз не ? 2.Затесім қандай сұрақтарға жауап береді ?

3.Зат есім нешеге бөлінеді ? 4.Жалпы есім дегеніміз не ?

5.Жалқы есім дегеніміз не ? 6.Деректі зат есім дегеніміз не ?

7.Дерексіз зат есім дегеніміз не ?

б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Қазақ тілі - өте бай тіл.Оның құрамында әлденеше мыңдаған сөз бар.Сын есім заттың,құбылыстың сын,сипатын,көлемін,түр – түсін,сапсын білдіреді.

Сын есім қандай ? қай ? деген сұрақтарға жауап береді. Мысалы : жақсы (қандай?)бала,таза(қандай?)бөлме, қызыл(қандай?) орамал.

Мысалы : Желсіз түнде жарық ай Сәулесі суда дәрілдеп ... (Абай) Осы сөйлемде желсіз,жарық сөздері түнжәне ай деген зат есімдердің сын – сапасын білдіріп тұр,қандай ? деген сұраққа жауап береді.қандай түн ? – желсіз түн,қандай ай ? жарық ай

Кітаппен жұмыс : 128-жаттығу дағы сын есімдерді мағыналық жағынан байланысатын зат есімдермен тіркестіріп жазады.

Салқын,терең,әдемі,жеңіл,ұзын,қатты,ақ,жасыл,күрең,әдепті,саырлы.

Білімді беіту : 1. Сын есім дегеніміз не ?

2. Сын есім қандай сұрақтарға жауап береді ?

3. Сын есім қандай сөздермен тіркеседі ?

Үйге тапсырма : 130-жаттығуды жазып,сын есімдерді тауып келуге беремін

Бағалау : Жауап бергеніне қарай оқушылардың білімдері бағаланады.

6 – с ы н ы п Қ а з а қ т і л і

Сабақтың тақырыбы : Сын есімнің жасалуы

Сабақтың мақсаты :

а) Сын есімнің құрамы мен тұлғасы жағынан негігі,тынды күрделі болып бөлінетінін түсіндіру.

ә) Сымбатты шымыр туған жердің абиғатын сүйе білетін,оған құрметпен қарай алатын көзқарасқа тәрбиелеу.

б)Сабақ барысында оқушылардың білімін бақылау арқылы сауатты жазуға дағдыландыру.

Сабақтың түрі : Аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі : плакат,кеспе қағаздар Халықтық педагогика Жолдасы жақсы жолды болар

элементтерін қлдану : Жолдасы жаман қоды болар

Пәнаралық байланыс : әдебиет,бейнелеу

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу

ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы тексеремін.

1.Зат есім дегеніміз не ? 2.Зат есім нешеге бөлінеді ?

3.Жалпы есім дегеніміз не ? 4.Жалқы есім дегеніміз не ?

5.Деректі зат есім дегеніміз не ? 6.Дерексіз зат есім дегеніміз не ?

7.Сын есім дегеніміз не ? 8.Сын есім қандай сұраққа жауап береді ?

б) Жаңа сабақты түсіндіру :

Сын есім құрамы жағынан негізгі сын есім және туынды сын есім болып бөлінеді.Ешбір қосымшасыз негізгі түбір күйінде жұмсалатын сын есімді негізігі сын есім дейді. Мысалы : қара,көк,ақ,биік,таза,терең т.б.

Бұл сияқты сөздер - әрі қарай бөлшектеуге келмейтін негізгі түбірлері.

Басқа сөз табынан жұрнақ арқылы жасалған сын есімдітуыны сын есім дейді. көш-пей(ел),кеш-кі(ауа),өнер-лі(жігіт)

Тұлғасы жағынан туынды сын есім негізгі түбір мен қосымшадан тұрады.Демек туынды сын есімдер дегеніміз – жұрнақтар арқылы жасалған сын есімдер.Туынды сын есімдер жұрнақтар арқылы есім сөздерден де,етістіктерден де жасалады. Мысалы : қыс-қы(күн),су-сыз(жер)сын есімдердің түбірі зат есімдер.

Дәптермен жұмыс :

Дәптерлеріне мақал-мәтелдер жазып,сын есімнің мағыналарын айқыгдап,негізгі және туынды сын есім екенін ажыратады.

Білімді бекіту :

1.Сын есім дегеніміз не ?

2.Сын есім қандай сұрақтарға жауап береді ?

3.Сын есім құрамына қарай нешеге бөлінеді ?

4.Неігізгі сын есім дегеніміз не ?

5.Туынды сын есім дегеніміз не ?

6.Туынды сын есім жұрнақтарын атап бер ?

Бағалау : Жауап бергеніне қарап білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : 134-жаттығуды жазып,көп нүктенің орнына тиісті сын есім жұрнағын қойып келуге беремін.

6 – с ы н ы п Қ а з а қ т і л і

Сабақтың тақырыбы : Деректі және дерексіз зат есімдер

Сабақтың мақсаты :

а) Деректі және дерексіз зат есімдердің ерекшелігін түсіндіру.

ә) Оқушылардың бойына әдептілік,қарапайымдылық,инабатттылық қасиеттерін қалыптастыру.

б) Сөйлеу тілін,сөз мағынасын түсініп,шапшаң ой қорыта алуға,көркем,ұқыпты жаза білуге дағдыландыру.

Сабақтың түрі : Аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,тіл дамыту

Сабақтың көрнекілігі : плакат,кеспе қағаздар Халықтық педагогика Дос жылатып айтады,

элементтерін қлдану : Дұшпан күлдіріп айтады.

Пәнаралық байланыс : әдебиет,география

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу

ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін.

1.Зат есім дегеніміз не ? 2.зат есім нешеге бөлінеді ?

3.Жалпы есім дегеніміз не ? 4.Жалқы есім дегеніміз не ?

5.Жалқы есім қалай жасалады ? 6.Морфология нені зерттейді ?

7.Тіл білімі неше салаға бөлінеді ? 8.Фонетика нені зерттейді ?

9.Лексика нені зерттейді ?

Б) Жаңа сабақты түсіндіру :

Айналадағы заттар мен құбылыстардың адамға танылуы әрқалай.Олардың бірін қолмен ұстап,көзбен көруге болады,ал енді бірін оймен,ақылмен ғана сезіп білеміз.Осындай ерекшелігіне байланысты олардың өзі деректі және дерексіз болып бөлінеді .

Нақтылы тануға болатын зат атаулары деректі зат есім деп аталады.Олар мектеп,қағаз,ағаш,қалам т.б.

Көзге көрінбеген мен,адамның ойлауы нәтижесінде ғана танылатын құбылыс,ұғым атаулары дерексіз зат есімдер деп аталады.Мысалы : адамгершілік,ақыл,ой,қуаныш,парасат т.б.

Тақтамен жұмыс : 121-жаттығу. Төрт мақал-мәтел жазып,ондағы зат есімдерге сұрақ қою арқылы олардың мағыналарын,тұлғасын анықтап береді.

Екеуара жұмыс : 1. Екі зат есімнен біріккен екі қала атын тауып жазыңдар.

2. Сын есім мен зат есімнен біріккен үш қала атын жазыңдар

3. Екі зат есімнен біріккен бес адам атын жазыңдар.

Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Үйге тапсырма : 122 –жаттығуды көшіріп жазып,зат есімдердің астын сызып келуге беремін.

Бағалау : Сұрақтарға жауап беріп,сабаққа қатысып отырғандарына қарай оқушылардың білімдері бағаланады.

6 – с ы н ы п Қ а з а қ т і л і

Сабақтың тақырыбы : Cын есімнің мағыналық түрлері

Сабақтың мақсаты :

а) Сапалық сын есім 1) түбір сын есім болуы ; 2) сол қалпында сынды анықтайтындығы. Қатыстық сын есім,туынды сын есім болуын түсіндіру.

ә) Оқушылардың ой қабілетіне әчер ету арқылы өздігімен жұмыс әрекеттерін дамыту.Тапқырлық,ізденімпаздық,алған білімдерін пайдалана білу қасиеттерін арттыру;

б) Сөздің мағынасына мән беруге тәрбиелеу.Білім алуға,оқуға деген құштарлық сезімінің артуына ықпал ету. Сабақтың түрі : білім,іскерлік дағдыны жетілдіру сабағы.

Сабақтың әдісі : түсіну,тану,қолдану,ой қозғау,ізденіспен жұмыс істеу.

Сабақтың көрнекілігі : плакат,кеспе қағаздар Халықтық педагогика Жақсы қойшы жерін бір күн жейді

элементтерін қлдану : Жаман қойшы жерін бір күн жейді

Пәнаралық байланыс : әдебиет,бейнелеу,әдеп.

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу,сабаққа назарын аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін. Өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1.Сын есім дегенміз не ? 2.Сын есім қанадй сұраққа жауап береді ?

3.Сын есім жасалу жолына қарай нешеге бөлінеді ? 4.Негізгі сын есім дегеніміз не ?

5.Туынды сын есім дегеніміз не ? 6.Күрделі сын есім дегеніміз не ?

7.Зат есім нешеге бөлінеді ? 8.Жалқы есім дегеніміз не ?

9.Деректі зат есім дегеніміз не ?

б) Жаңа сабақты түсіндіру :

Сын есім мағынасына қарай сапалық сын есім және қатыстық сын есім болып екіге бөлінеді.Сапалық сын есім мен қатыстық сын есімнің айырмасы,ең алдымен,білдіретін мағынасына байланысты болады.

Негізгі түбір сын есімнің өзінен болып,заттың сынын,түр-түсін тікелей анықтайтын болса,сол сапалық сын есім болғаны.Мысалы : көк (шөп),қызыл (бояу)

Сын есім басқа сөз табынан да жасала береді.Зат есім,есімдік,етістік,үстеу сөз таптарына сын есім тудыратын жұрнақтар жалғанып,туынды сын есім жасалады.Оны қатыстық сын есім дейді. Мысалы : өнерлі жігіт,орманды алқап.

Сонымен , заттың түр-түсін,сын-сапасын тікелей анықтайтын сын есімді сапалық сын есім дейміз.

Ал заттың сын-сипатын,әр түрлі белгісін басқа сөз табының қатысы арқылы білдіретін сын есімді қатыстық сын есім дейміз.

Кітаппен жұмыс : 146-жаттығу. Оқып шығып,қатыстық сын есімдерді тауып,олардың қай сөз табынан жасалғанын айтады.

Тақтамен жұмыс : 147-жаттығудағы сөздерді сапалық сын есімдерді бір бөлек,қатыстық сын есімдерді бір бөлек,екі баған етіп жазады.

Бүкіл оқушылармен жұмыс : Берілген сөз тіркестерін қатыстырып,сөйлем құрайды.

Өнелі кісі,Сыншыл адам,Қайратты жігіт,Ақылды бала,Жеңімпаз команда,Үлгілі қыз,Әдеби мұра,Жершіл ат.

Мысалы : Өнерлі кісінің өрісі кең.

Білмді бекіту : 1. Сын есім мағынасына қарай нешеге бөлінеді ?

2. Қатыстық сын есім дегеніміз не ? 3.Сапалық сын. Есім дегеніміз не ?

4.Күрдел сын есім дегеніміз не ? 5.Туынды сын есім дегеніміз не ?

Үйге тапсырма : 148-жаттығуды жазып,құрамындағы қатыстық және сапалық сын есімдерді ажыратып келуге беремін.

Бағалау : Оқушылардың жауап бергендеріне қарай білімі бағаланады.

6 – с ы н ы п Қ а з а қ т і л і

Сабақтың тақырыбы : Диктант

Сабақтың мақсаты :

а) Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету.Ойлау шеберлігін,сөйлеу мәдениетін арттыру.

ә)Сөйлеу тілін,сөз мағынасын түсініп,шапшаң ой қорыта алуға,көркем,ұқыпты жаза білуге дағдыландыру.

Сабақтың түрі : Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі : Баяндау

Сабақтың көрнекілігі : түсінігі қиын сөздерді тақтаға жазамын Халықтық педагогика

элементтерін қлдану :

Пәнаралық байланыс : әдебиет

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу,сабаққа назарын аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Өткен сабақтар бойынша бірсыпыра шолып өтемін.

б) Жаңа сабақты түсіндіру :

Шоқан өлгенде,Шыңғысқа көңіл айту.

Қазақтың дәстүрлі әдетінде кісі өлгенде,оның артында қалған ең жақын адамына жолдас-жораларының барып,жүз көрісіп,көңіл айтуы деген жол –жора бар. Мұндайда көңіл айту,жұбату сөздерді елге беделді,сөзге шешен адам ғана бастап,басқалары соны қостап,көңіл айтады.Атамыз қазақ : «Қол бастаудан топ алдында сөз бастау қиын»,- дегенді бекер айтпаған.Мұндайда жолыңның үлкен-кішісіне,лауазым дәрежесіне қарамай,

сөзді «айыр көмей,жез таңдай» дейтін,аузы епті,аяғы желді кісіге ғана береді.Басқалары оның сөзін бөліп қосанжарламайды.

Шоқанның дүниеден жастай қайтуы әкесі үшін орны толмас қайғы болғаны белгілі.Шыңғыс төсектен басын көтермей,бүк түсіп жатып алыпты.Ел жиналып,көңіл айтып,жұбатып,басын көтеруді ойлайды.Сол елде Шыңғыстың өзі қатты сыйлайтын Әділбек батыр атанған жігіт бар екен.Сол Әділбек сөзге шешен,өткір тілді де болыпты.

Көңіл айтуға барушылар Әділбекті алдыға салып барады. Келгендер Шыңғыстың әлі де басын көтермей,бүк түсіп жатқнын көреді.Әділбек барған бетінде Шыңғысқа таяу отырып,қайғысына ортақтастық білдіріп,мақалдап,мәтелдеп,термелеп сөлей келіп,сөзінің соңында :

Көктен биік алтын ай,

Қылышпен шауып жіберейін бе ?

Басыңды көтер, тұр былай! –

Дегенде,Шыңғыс басын көтеріп,көңіл ашып, «Әділбек келіп қалған екен ғой», - деген екен дейді.

( « Өркен » газетінен ) ( 109 сөз )

Сабақ соңында оқушылардың дәптерлерін жинап аламын.

6 – с ы н ы п Қ а з а қ т і л і

Сабақтың тақырыбы : Сан есім

Сабақтың мақсаты :

а) Сан есімнің зат есіммен байланысы ; заттың санын,мөлшерін,ретін білдіреді.Құрамына қарай дара және күрделі болып бөлінетіндігін түсіндіру.

ә) Сан есім туралы оқушыардың өздеріне ой қорытындысын жсату,оқушылардың сөз байлығын,ойлау қабілетін дамыту

б) Халқымыздың ұлттық салт – дәстүрлерін,өнерді бағалай білугебаулу ; ұлағатты сөздердің мәнін түсіндіре отырып шешендік өнерге,алғырлыққа,тез ойлауға, жүйелі сөйлеуге дағдыландыру.

Сабақтың түрі : Аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,топтастыру т.б

Сабақтың көрнекілігі : плакат,кеспе қағаздар Халықтық педагогика Ер жігіттің екі сөйлегені - өлгені

элементтерін қлдану : Еменнің иілгені - сынғаны

Пәнаралық байланыс : математика

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу

ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін

Сын есімді қалай меңгергенін білу үшін оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1.Сын есім дегеніміз не ? 2.Сын есім мағынасына қарай нешеге бөлінеді ?

3.Сапалық сын есім дегеніміз не ? 4.Қатыстық сын есім дегеніміз не ?

5.Сын есімдер жасалу жолына қарай нешеге бөлінеді ?

6.Негізгі сын есім дегеніміз не ? 7.Туынды сын есім дегеніміз не ?

8.Күрделі сын есім дегеніміз не ?

б) Жаңа сабақты түсіндіру :

Алпыс бестен асқанда,Жетпіске қадам басқанда Атадан алтау,анадан төртеу Жалғыздық көрер жерім жоқ деген сөйлемдрдегі алпыс бестен,жетпіске,алтау,төртеу деген сөздер белгілі бір заттардың мөлшерін,санын білдіріп тұр.Осындай заттың санын,мөлшерін ретін білдіріп,қанша ? нешеу? Нешінші? Тәрізді сұрақтарға жауап беретін сөз табын сан есім дейміз.

Сан есім заттың санын,мөлшерін,ретін білдіріп,тікелей зат есіммен тіркесіп қолданылады.Мысалы : Бұл Жамбыл жасап отыр тоқсан жасты деген сөйлемде тоқсан деген сан есім ( неше? ) жас деген зат атауының санын білдіріп тұр.

Бүкіл оқушылармен жұмыс : Құрамында сан есімі бар мақал-мәтелдер айтқызамын.

1.Жеті жұрттың тілін біл,

Жеті түрлі білім біл.

2.Ұлға отыз үйден тыю

Қызға қырық үйден тыю.

3.Білекті бірді жығады

Білімді мыңды жығады.

Білімді бекіту : 1.Сан есім дегеніміз не ?

2.Сан есім қай сөз табымен тіркеседі ?

3.Сан есім қандай сұрақтарға жауап береді ?

Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Бағалау : Үй тапсырмасын орындағанына,жаңа сабаққа қатысып отырғанына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : 158-жаттығу. Берілген тірек сөздерді қатыстырып,сан есімі бар сөйлемдерден тұратын мәтін құрап келуге беремін.

6 – с ы н ы п Қ а з а қ т і л і

Сабақтың тақырыбы : Сан есімнің мағыналық түрлері

Есептік,реттік сан есімдер

Сабақтың мақсаты :

а) Сан есімнің мағынасына қарай алты түрге бөлінетіндігін түсіндіру

ә) Оқушылардың ұлттық тіліміздің өркендеп оянуына ана тілімізді сүюге,ана тілін аяққа баспай мәртебесін биік ұстау жөнінде түсіндіру,соған дәріптеу.

б) Сабақ барысында оқушыларды сауаттылыққа баулу.

Сабақтың түрі : Аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі : плакат,кеспе қағаздар Халықтық педагогика Алтау ала болса аыздағы кетеді

элементтерін қлдану : Еменнің иілгені - сынғаны

Пәнаралық байланыс : математика

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу

ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1Сын есім дегеніміз не ?

  1. Сын есім жасалуына қарай нешеге бөлінеді ?

  2. Негізгі сын есім дегеніміз не ?

  3. Туынды сын есім дегеніміз не ?

  4. Күрделі сын есім дегеніміз не ?

  5. Сын есім мағынасына қарай нешеге бөлінеді ?

  6. Сан есім дегеніміз не ?

  7. Сан есім қандай сұрақтарға жауап береді

б) Жаңа сабақты түсіндіру :

Сан есімдер мағынасына қарай алты түрге бөлінеді ; есептік сан есім,реттік сан есім, болжалдық сан есім,жинақтық сан есім,топтау сан есім,жинақтық сан есім,бөлшектік сан есім.

Есептіксан есім заттың нақтылы санын білдіріп,қанша? Неше? Деген сұрақтарға жауап береді.Мысалы: бес,он екі,жүз,жиырма сегіз.

Реттік сан есім заттың саналу ретін білдіріп,нешінші деген сұраққа жауап береді.Реттік сан есімдерге,егер ол дауысты дыбысқа бітсе, -ншы, -нші, ал дауыссыз аяқталса –ыншы, -інші жұрнағы жалағану арқылы жасалады.Мысалы :бір – інші,тоғыз – ыншы т.б.

Реттік сан есімдер кейде цифрмен де беріліеді.Ондайда сан есімдердің жазылуы төмендегіше болады. Реттік сан есімдер араб араб цифрмен берілсе, -ыншы,-інші, ншы, -нші жұрнағының орнына дефис ( - ) қойылады.

Кітаппен жұмыс : 164-жаттығу.Берілген есептік сан есімдерден реттік сан есім жасап,оларды сөзбен жазады. 7,10,1,3,100,28,37,695,470,259,677,1992.

Үлгі : жеті – жетінші

Бүкіл оқушылармен жұмыс : Есептік сан есімдерді қатыстырып сөзбен есеп құрастырады.

Жаңа оқу жылында кітапханашы мектепке 3000 оқулық әкелді.Оның 600-і математика,351-іорыс тілі,458-іқазақ тілі,280-іқазақ әдебиеті пәндерінің оқулықтары.Қалған оқулықтар бастауыш сыныптікі.Сонда бастауышқа қанша оқулық әкелінген ?

Білімді бекіту : 1.Сан есім дегеніміз не ? 2.Сан есім мағынасына қарай нешеге бөлінеді ?

3.Есептік сан есім дегеніміз не ? 4.Реттік сан есім дегеніміз не ?

Бағалау : Сабаққа қатысып отырған оқушылардың білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : 166-жаттығу.Реттік сан есімдердіқатыстырып,берілген сұрақтарға жауап жазуға беремін.

6 – с ы н ы п Қ а з а қ т і л і

Сабақтың тақырыбы : Сан еcімнің түрлері

Есептік сан есім

Сабақтың мақсаты :

а) Оқушылардың ойлау қабілетін сабаққа деген қызығушылығын арттыру және негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету..

ә)Сөйлеу тілін,сөз мағынасын түсініп,шапшаң ой қорыта алуға,көркем,ұқыптыжаза білуге дағдыландыру..

б) Тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып,ерлікке,адамгершілікке баулу.

Сабақтың түрі : Аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,тіл дамыту әдстері

Сабақтың көрнекілігі : плакат,кеспе қағаздар Халықтық педагогика

элементтерін қлдану : Бір тал кессең,он тал ек

Пәнаралық байланыс : математика,әдебиет

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу

ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін

1.Сан есім дегеніміз не ? 2.Сан есім құрамына мқарай нешеге бөлінеді ?

3.дара сан есім дегеніміз не ? 4.күрделі сан есім дегеніміз не ?

5.Сын есім дегеніміз не ? 6.Сын есім мағынасына қарай нешеге бөлінеді ?

б) Жаңа сабақты түсіндіру :

Сан есімдер мағынасына (нені білдіруіне) қарай алты түрге бөлінеді:есептік сан есім,реттік сан есім,болжалдық сан есім,топтау сан есім,жинақтық сан есім,бөлшектік сан есім.

Есептік сан есім заттың нақтылы санын білдіріп,қанша ? неше? Деген сұрақтарға жауап береді.Мысалы : бес,он,жүз,жиырма сегіз,тоғыз жүз бір т.б.

Есептік сан есімдер дара да,күрделі де болып,сан есімнің басқа түрлерін жасуға негіз болады.

Кітаппен жұмыс : 162-жаттығуды жазып, құрамындағы есептік сан есімдерді теріп жазады.

Топпен жұмыс : Оқушыларға құрамында сан есімі бар мақал-мәтелдер айтқызамын.

1.Бір тал кессең,он тал ек. 2.Білекті бірді жығады,білімді мыңды жығады.

3.Бес саусақ брдей емес. 4.Отыз тістен шыққан сөз,отыз рулы елге жайылар.

Екеуара жұмыс : құрамында сан есімі бар жұмбақ айтқызып,екіншсіне шешуін шешкіземін.

Таңертең төрт аяқты

Түсте екі аяқты

Кешке үш аяқты ( балалық,жстық,кәрілік )

Білімді бекіту :

1.Сан есім дегеніміз не ? 2.Сан есім құрамына қарай нешеге бөлінеді ?

3.Сан есім мағынасына қарай нешеге бөлінеді ? 4.Дара сан есім дегеніміз не ?

5.Күрделі сан есім дегеніміз не ? 6.Есптік сан есім қандай сұрақтрға жауцап береді ?

Бағалау : Оқушылардың білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : 163-жаттығу.

6 – с ы н ы п Қ а з а қ т і л і

Сабақтың тақырыбы : Реттік сан есім

Сабақтың мақсаты :

а)Реттік сан есімдердің,затың саналу ретін білдіретіндігін,реттік сан есімдердің жазылуын түсіндіру.

ә)Түрлі әдістерді пайдалана отырып балаларды тапқырлық,жылдамдық,есте сақтау қабілеттерін арттыру.Сөйлеу тілін жетілдіріп,шешендік өнерге баулу.

б) Сымбатты шымыр туған жердің табиғатын сүйе білетін,оған құрметпен қарай алатын көзқарасқа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі : Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,тіл дамыту әдстері

Сабақтың көрнекілігі : плакат,кеспе қағаздар Халықтық педагогика

элементтерін қлдану : Алты ұл туған ананы,ханым десе болады.

Пәнаралық байланыс : математика,әдебиет

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу

ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін

1.Сан есім дегеніміз не ? 2.Сан есім құрамына мқарай нешеге бөлінеді ?

3.дара сан есім дегеніміз не ? 4.күрделі сан есім дегеніміз не ?

5.Сан есім мағынасына қарай нешеге бөлінеді ?

6.Есептік сан есім қандай сұраққа жауап береді ?

б) Жаңа сабақты түсіндіру :

Реттік сан есім заттың саналу ретін білдіріп, нешінші ? деген сұраққа жауап береді.Реттік сан есімдер есептік сан есімдерге,егер олар дауысты дыбысқа бітсе,ншы, -нші,алдауыссызға аяқталса –ыншы, -інші жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Мысалы : бір – інші,тоғыз – ыншы,екі – нші,алты –ншы.

Реттік сан есімдер кейде цифрмен де беріледі. Ондайда сан есімдердің жазылуы төмендегіше болады.

1. Реттік сан есімдер араб цифрымен берілсе, -ыншы, інші, -ншы, -нші жұрнағының орнына дефис қойылады. Мысалы : Ол 6 – қатардан орын алды,біз 3 – қабатта тұрамыз.Сен биыл 7 – сыныпқа барасың

2. Реттік сан есімдер рим цифрымен берілсе,жұрнақтың орнына дефис қойылмайды Мысалы : шығарманың I I томы т.б.

3. Жыл,ай аттарының алдынан келген сан есімдер араб цифрымен берілсе,одан кейін дефис қойылмайды 1991 жылы.

Кітаппен жұмыс : 164-жаттығу. Берілген есіптіксан есімдерден реттік сан есімжасап,оларды сөзбен жазады.

Топпен жұмыс : Қасиетті сандардың мәнін түсіндіріп берулерін талап етемін. Жеті,үш,төрт,тоғыз.

Мысалы : үш шақ : балалық,

жастық

кәрілік

Білімді бекіту :

1.реттік сан есім дегеніміз не ? 2.Реттік санесім қандай жұрнақтар арқылы жасалады ?

3.Реттік сан есімдердің жазылу емлесі қандай ?

Бағалау : Сабаққа белсене қатысып отырған оқушылардың білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : 166-жаттығу.Реттік сан есімдердіқатыстырып,берілгенсұрақтарға жауап жазып келуге беремін.

6 – с ы н ы п Қ а з а қ т і л і

Сабақтың тақырыбы : Жинақтық сан есім

Сабақтың мақсаты :

а) Жинақтық сан есімдердің жетіге дейін болатыны,Жинақтық сан есімнің табиғаты зат есімге ұқсаса да сандық ұғымды беруін түсіндіру.

ә) Оқушылардың ойын кеңейтіп,тілді байытатын мазмұнды да көркем сөз үлгілері мол мақал-мтелдер,нақыл сөздер үйрету;

б) Сымбатты шымыр туған жердің табиғатын сүйе білетін,оған құрметпен қарай алатын көзқарасқа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі : Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,іздену

Сабақтың көрнекілігі : плакат,кеспе қағаздар Халықтық педагогика 100 теңгең болғанша

элементтерін қлдану : 100 досың болсын.

Пәнаралық байланыс : математика,әдебиет

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу

ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін

1.Сан есім дегеніміз не ? 2.Сан есім құрамына мқарай нешеге бөлінеді ?

3.дара сан есім дегеніміз не ? 4.күрделі сан есім дегеніміз не ?

5.Сан есім мағынасына қарай нешеге бөлнеді? 6.Есептік сан есім дегеніміз не ?

7.Реттік сан есім қандай жұрнақтар арқылы жсалады ?

б) Жаңа сабақты түсіндіру :

Жинақтық сан есім заттың жинақталған санын білдіріп,нешеу ? деген сұраққа жауап береді.Жинақтық сан есім бірден жетіге дейінгі есептік сан есімдерге –ау, -еу жұрнағы жалғану арққылы жасалады. Мысалы : біреу,екеу,үшеу,төртеу.

Дауысты дыбысқа біткен екі,алты,жеті деген есптік сан есімдерге –ау, -еу жұрнағы жалғанғанда,түбірдің соңындағы –ы, -і дауысты дыбыстары түсіріліп қолданылады. Мысалы : екі + еу= екеу, алты – ау = алтау.

Жинақтық сан есімдер әдетте зат есімдермен тіркеспей,жеке қолданылады да,заттанып тұрады,яғни әрі сандық,әрі заттық мағынаны бірдей беріп тұрады. Мысалы : Алтау ала болса,ауыздағы кетеді,төртеу түгел болса,төбедегі келеді.

Топпен жұмыс : Ребусты шешеді.Құрамында жинақтық сан есімі бар мақал – мәтел шығады.

Бүкіл оқушылармен жұмыс : Жинақтық сан есімдерді қатыстырып,еркін тақырыпқа мәтін жазады.

Білімді бекіту :

1.Жинақтық сан есім дегеніміз не ?

2.Жинақтық сан есім қаншаға дейін саналады ?

3.Қандай жұрнақтар арқылы жасалады ?

Бағалау : Үй тапсырмасын орындап,жаңа сабаққа белсене қатысып отырған оқушылардың білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : 168-жаттығу. Көшіріп жазып,құрамындағы сан есімдерді талдап келуге беремін.

6 – с ы н ы п Қ а з а қ т і л і

Сабақтың тақырыбы : Кіріспе сабақ

Сабақтың мақсаты :

а) Оқушылардың сөйлеу тілін дамыту,ойларын еркін жеткізуге дғдыландыру.

ә) Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту,тапқырлық,іздемпаздық қасиеттерін қалыптастыру ;

б) Мысалдар арқылы,ізеттілікке ,әдептілікке баулу.

Сабақтың түрі : Жаңа сабақты игерту.

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,түсіндіру т.б.

Сабақтың көрнекілігі : кітаптар,деңгейлік тапсырма т.б. Халықтық педагогика 100 теңгең болғанша

элементтерін қлдану : 100 досың болсын.

Пәнаралық байланыс : әдебиет т.б.

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезең

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу

ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Өткен сабақтарды еске түсіру үшін бірнеше сұрақтар қоямын.

1. Қазақ тілінде неше сөз табы бар ?

2. Неше сөйлем мүшесі бар ?

б) Жаңа сабақты түсіндіру :

Адам белгілі бір қоғамда өмір сүреді,сол қоғамның материялдық және рухани байлығын

жасаушысы болып табылады.Сол себепті адамдар үнемі қрым-қатынаста болады.Адамдардың өмір сүруінің,тіршілігін жүзеге асыруының құралы – тіл.Адам тілімен адам.Тіл жеке адамның туындысы емес,қоғамның жемісі,қоғамның нәтижесі.

Жаттығумен жұмыс : 1-жаттығуды жазып,сұрақтарға ауызша жауап беріңдер.

Шығармашылық тапсырма : Тіл туралы өз ойларын дәптерлеріне жазады.

Білімді бекіту : 1. Тіл туралы заң қашан қабылданды ?

2. Неше баптан тұрады ?

Білімді бағалау : Оқушылардың білімдеріне қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : 2-жаттығу.

6 – с ы н ы п Қ а з а қ т і л і

Сабақтың тақырыбы : Қазақ тілі – қазақ халқының ана тілі.

Сабақтың мақсаты :

а) Оқушыларға ұлттық тіліміздің өркендеп оянуына ана тілімізді сүюге,ана тілін аяққа баспай мәртебесін биік ұстау жөнінде түсіндіру.

ә) Оқушылардың бойына әдептілік,инабаттылық,қарапайымдылық қасиеттерін қалыптастыру.

Сабақтың түрі : Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,іздендіру т.б.

Сабақтың көрнекілігі : үлестірмелі кеспе қағаздар т.б. Халықтық педагогика нақыл сөздер

элементтерін қлдану :

Пәнаралық байланыс : әдебиет.

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу

ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін.Оқушыларға брнеше сұрақтар қоямын.

1. Оқу – білім туралы қандай мақал – мәтелдер білесіңдер ?

2. Қандай ақын – жазушылардың оқу – білімге шақырған өлеңдерін білесіңдер ?

б) Жаңа сабақты түсіндіру :

Қазақ ұлтының тілі - қазақ тлі. Қазақ тілі қазақ халқының тілі ретінде таным,дәстүр,рухани құндылықтарды сақтаушы,ұрпақтан – ұрпаққа жеткізуші қызметін де атқарып келеді.Кез келген ұлт,халық ең бірінші рухани өресімен, жан байлығымен өлшенеді.Ал халықтың өнері,мәдениеті –тілінде.

Жаттығумен жұмыс : 4 – жаттығуды көшіріп жазып түсінгендерін ауызша айтып береді.

Шығармашылық тапсырма : қазақ тілі туралы өлең немесе шағын шығарма жазады.

Білімді бекіту : Қазақ тілінің қыр – сырымен таныстыру. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қойылады.

Білімді бағалау : Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : 5 – жаттығуды жазып,берілген тапсырмаларды орындау.

6 – с ы н ы п Қ а з а қ т і л і

Сабақтың тақырыбы : Әдеби тіл оның нормалары

Сабақтың мақсаты :

а) Түрлі әдістерді пайдалана отырып,балаларды тапқырлық,жылдамдық,есте сақтау қабілеттерін арттыру.Сөйлеу тілін жетілдіре отырып,шешеендік өнерге балу.

ә) Оқушылардың бойына әдептілік,инабаттылық қасиеттерін қалыптастыру.

б) Оқушыларды сауатты жазуға дағдыландыру.

Сабақтың түрі : Аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,түсіндіру т.б.

Сабақтың көрнекілігі : ребус,кеспе қағаздар т.б. Халықтық педагогика мақал – мәтелдер

элементтерін қлдану :

Пәнаралық байланыс : әдебиет

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу

ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1. Зат есім дегеніміз не ?

2.Сын есім дегеніміз не ?

3.Қазақ тілінде неше әріп бар ?

б) Жаңа сабақты түсіндіру :

Тілді бір адам жасамайды және әркім өз білгенінше сөйлей бермейді.Тіл өзі қызмет ететін адамдардың бәріне ортақ,түсінікті болу керек. Ондай жалпыға ортақ тіліді әдеби тіл дейді.

Әдеби тіл екі түрде өмір сүреді.Оның – бірі ауызша тіл,екіншісі – жазбаша тіл.Ауызша тіл деп үй ішінде,теле – радио хабарларында сөйлеген сөзді айтады.

Жаттығумен жұмыс : 6 – жаттығуды көшіріп жазып,сұрақтарға ауызша жауап береді.

Мәтінмен жұмыс : Оқушыларға кеспе суреттерді үлестіріп беремін,ондағы суретке қарап,зат есім,сын есім,сан есімді қатыстырып сөйлем құрайды.

Білімді бекіту : 1. Әдеби тіл дегеніміз не ?

2. Әдеби тіл нешеге бөлінеді ?

3. Ауызша тіл дегеніміз не ?

Білімді бағалау : Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : 7 – жаттығу.

6 – с ы н ы п Қ а з а қ т і л і

Сабақтың тақырыбы : Мәтіннің тақырыбы мен мазмұны

Сабақтың мақсаты:

а) Түрлі әдістерді пайдалана отырып балаларды тапқырлық,жылдамдық,есте сақтау қабілеттерін арттыру.Сөйлеу тілін жетілдіре отырып,шешендік өнерге баулу.

ә) Оқушылардың ойын кеңейтіп, тілді байытатын мазмұнды да көркем сөз үлгілері мен мақал-мәтелдер,нақыл сөздер үйрену.

Б) Оқушылардың бойына әдептілік, инабаттылық,қарапайымдылық қасиеттерін қалыптастыру.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, іздендіру

Сабақтың көрнекілігі: плакат,дидактикалық материялдар

Халықтық педагогика Дос жылатып айтады,

элементтерін қолдану: Дұшпан күлдіріп айтады.

Пәнаралық байланыс: Әдебиет

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,щқу құралдарын тексеру,сыныптың тазалығына көңіл бөлу

ә) Үй тапсырмасын пысықтау.

Үйге берілген тапсырманы тексеремін.

Оқушыларға деңгейлік тапсырма беремін.Үлгерімі төмен оқушыларға қосымша сұрақтар қоямын.

1.Әдеби тіл дегеніміз не ?

2.Әдеби тіл нешеге бөлінеді?

б) Жаңа сабақты түсіндіру :

Мәтін деп айтылған ой – пікірдің,белгілі бір шығармашылық жұмыстың,біреудің шығармасының не оның үзіндісінің қағазға түскен немесе ауызга айтылған түрін айтады.

Жаттығумен жұмыс : 12 – жаттығуды жазып, ішіндегі антоним сөздердің астын сызады.

Шығармашылық жұмыс : Оқушылар «Алтын күз» тақырыбына мәтін жазады.

Топпен жұмыс : Мәтіннің ішіндегі кез – келген сөйлемді морфологиялық талдау жасайды.

Білімді: бекіту 1.Мәтін дегеніміз не ?

2.Мәтіннің мазмұны мен тақырыбының байланысы дегенді қалай түсінесіңдер ?

Білімді бағалау : Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : 13 – жаттығу.

6 – с ы н ы п Қ а з а қ т і л і

Сабақтың тақырыбы : Мәтіндегі ой бөліктері

Сабақтың мақсаты :

а) Оқушылардың ойлау қабілетін сабаққа деген қызығушылығын арттыру және негізгі мәселелерге көңіл бөлуге үйрету

ә) Сөйлеу тілін, сөз мағынасын түсініп, шапшаң ой қорыта алуға, көркем, ұқыпты жаза білуге дағдыландыру.

б) Сымбатты ,шымыр туған жердің табиғатын сүйе білетін оған құрметпен қарай алатын көзқарасқа тәрбиелеу.

Сабақтығ түрі: Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,іздендіру т.б.

Сабақтың көрнекілігі: плакат, кеспе қағаздар

Халықтық педагогика

Элементтерін қолдану: Талапты ерге нұр жауар

Пәнаралық байланыс: Әдебиет

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген жаттығуды тексеремін.Кеспе қағаздарды үлестіріп жауап талап етемін.

1.Мәтін дегеніміз не ?

2.Әдеби тіл дегеніміз не ?

3.Әдеби тілдің неше нормасы бар ?

б) Жаңа сабақты түсіндіру :

Мәтін бірнеше сөйлемдерден құралады. Мәтіндегі ой бөліктері жаңа жолдан бастап жазылады.

Деңгейлік тапсырма : 1. Бір буында қанша дыбыс болады ? а) Ең азы ; ә) Ең көбі.

2. мына з,с,т,н,б,м дыбыстарынан буын құрала ма ?

3.Берілген дыбыстарға тиісті дауысты дыбыстарды қосып буын құрап,сөз жасаңдар ;

а) е,т,қ ; б) м,ш,н

ә) к,л,б в) м,к,т,п

жеке оқушылармен жұмыс : Әрбір сөздің басқы дыбыстары біркелкі бірдей дыбыстан басталған сөз тіркесі мен сөйлемдер ойлап айту керек.

Білімді бекіту : Өтілген тақырыптар бойынша бірнеше сұрақтар қоямын.

Білімді бағалау : Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : 24 – жаттығу

6 – с ы н ы п Қ а з а қ т і л і

Сабақтың тақырыбы : Мәтіндерге тілдік талдау жасау.

Сабақтың мақсаты :

а) Оқушылардың ойлау қабілетін сабаққа деген қызығушылығын арттыру және негізгі мәселелерге көңіл бөлуге үйрету

ә) Сөйлеу тілін, сөз мағынасын түсініп, шапшаң ой қорыта алуға, көркем, ұқыпты жаза білуге дағдыландыру.

б)Туған жердің табиғатын сүйе білетін,оған құрметпен қарай алатын көзқарасқа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,тіл дамыту

Сабақтың көрнекілігі: кеспе қағаздар,суреттер

Халықтық педогогика

Элементтерін қолдану: мақал – мәтелдер

Пәнаралық байланыс: Әдебиет

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген жаттығуды тексеремін.оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1.Мәтін дегеніміз не ?

2.Мәтін тақырыбы мен мазмұнының бірлігі дегенді қалай түсінесіңдер ?

3.Мәтіндегі ой бөліктері дегеніміз не ?

б) Жаңа сабақты түсіндіру :

Өткен тақырыптарды шолып шығу.

Топпен жұмыс : Төмендегі сөздерге синонимдес сөздер тауып жазыңдар.Тауып жазған сөздеріңнің басқы әріптерінен синоним деген сөз шығатын болсын.

Көркем,жақсылық,келбет,епсіз,сенім,жасқану,қоныс

Екеуара жұмыс : Құрамында төмендегідей әріптер қатар келген сөз тауып,әрқайсысына 10 сөзден мысал ойлап табу тапсырылады.

1) а + й + ы - қайық

2) е + й + і – мейіз

3) ү + й + і – үйір

Білімді бекіту : Оқушыларға өткен тақырыптардан бірнеше сұрақтар беріледі.

Білімді бағалау : Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : 35 – жаттығу.

6 – с ы н ы п Қ а з а қ т і л і

Сабақтың тақырыбы : Тіл ұстарту

Сабақтың мақсаты :

а) Оқшылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету. Ойлау шеберлігін сөйлеу мәдениетін арттыру;

ә) Оқушыларға ұлттық тіліміздің өркендеп оянуына ана тілімізді сүюге,ана тілін аяққа баспай мәртебесін биік ұстау жөнінде түсіндіру,соған дәріптеу;

б) Оқушылардың білімін бақылау арқылы дұрыс жаза білуге үйрету.

Сабақтың түрі : Қайталау сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,іздену

Сабақтың көрнекілігі : кеспе қағаздар

Халықтық педагогика

элементтерін қолдану : нақыл сөздер

Пәнаралық байланыс : әдебиет

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру,сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1. Мәтін дегеніміз не ?

2. Мәтіндегі ой бөліктері дегенді қалай түсінесіңдер ?

3. Тақырып пен мазмұнның байланысы дегеніміз не ?

б) Жаңа сабақты түсіндіру :

тақтамен жұмыс :

1) Сөздің оң жақта бір бөлігі,солжақта бір бөлігі берілген.Екі бөлікті қосып,күрделі сөз жасау. Сөз мағыналарын түсіндріп беру.

Бел – құлақ кемпір қазық

Қырық қосақ темір басқа

Саңырау аяқ тас беу

2) Оңнан оқыса да, солынан оқыса да өзгермейтін 3 әріптен тұратын 10 сөз ойлап жазу.

Нан шаш кек тұт іні

көк қақ тот сұс құқ

3) Беоілген буындардан сөз құрап жазу.

Най зе ре шың о лау

ба те ғай жа ұр нын

пан ла за дық ше кө

Білімді бекіту : Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Білімді бағалау : Оқушылардың білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма :Оңнан солға қарай оқыса да,соңнан оңға қарай оқыса да өзгермейтін 5 әріптен тұратын сөздер жазып келу.

6– сынып Қ а з а қ т і л і

Сабақтың тақырыбы : Түбір мен қосымша

Сабақтың мақсаты :

а) Қазақ тіліндегі қосымшалардың түбір сөзге жалғану заңдылықтары туралы ұғымдарын дамыту,жұрнақ пен жалғаудың атқаратын қызметін таныту ;

ә) Ана тілін қадірлеуге,білімділікке,сауаттылыққа тәрбиелеу ;

б) Фонетика,лексика тараулары бойынша алған білімдеріне сүйене отырып сауатты жазу,оқу дағдыларын жетілдіру,дұрыс сөйлеуге машықтандыру.

Сабақтың түрі : Жаңа білімді меңгеру сабағы.

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,тіл дамыту

Сабақтың көрнекілігі : кеспе қағаздар

Халықтық педагогика

элементтерін қолдану : Аттың сыры иесіне мәлім

Пәнаралық байланыс : әдебиет.

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын иексеру. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау

Үйге берілген жаттығуды тексеремін. Оқушыларға өткен сабақтар бойынша сұрақтар қоямын.

1. Мәтін дегеніміз не ?

2. Әдеби тіл дегеніміз не ?

3. Әдеби тіл нешеге бөлінеді ?

б) Жаңа сабақты түсіндіру :

Сөздің негізгі мағыналыбөлшегін түбір дейміз. Түбірге жалғанған бөлшекті қосымша дейміз. Қосымша екіге бөлінеді. Жұрнақ және жалғау.Жұрнақ екіге бөлінеді. 1. Сөз тудырушы, 2. Сөз түрлендіруші.Жалғау төртке бөлінеді : 1.көптік 2.септік, 3.тәуелдік, 4. жіктік.

Жаттығумен жұмыс : 71 – жаттығудағы сөздерді түбір мен қосымшаларын ажыратып жазу.

Топпен жұмыс : Мына берілген сөздерге мақал – мәтелмен сөйлем құраңдар.

өнерлі, дос, ақыл, бала, еңбек т.б.

Білімді бекіту : 1. Түбір дегеніміз не ?

2. Түбірге жалғанған бөлшекті не дейміз ? 3.Қосымша нешеге бөлінеді ?

4. Жалғау нешеге бөлінеді ?

Білімді бағалау : Оқушылардың білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : 73 –жаттығу.

6– сынып Қ а з а қ т і л і

Сабақтың тақырыбы : Дара сөздер мен күрделі сөздер

Сабақтың мақсаты :

а) дара сөздер мен күрделі сөздер түсінік беру.Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру ;

ә) Оқушылардың бойына әдептілік,инабаттылық,қарапайымдылық қасиеттерін қалыптастыру;

б) Сабақ барысында түбір мен қосымшаны ажырата білуге үйрету.

Сабақтың түрі : Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,тіл дамыту

Сабақтың көрнекілігі : кеспе қағаздар

Халықтық педагогика

элементтерін қолдану : Аттың сыры иесіне мәлім

Пәнаралық байланыс : әдебиет.

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын иексеру. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау

Үйге берілген жаттығуды тексеремін. Оқушыларға өткен сабақтар бойынша сұрақтар қоямын.

1. Сөзжасам дегеніміз не ? 2.Түбір дегеніміз не ?

3.Түбірге жалғанған бөлшекті қалай атаймыз ? 4.Қосымша нешеге бөлінеді ?

5.Жұрнақ нешеге бөлінеді ?

б) Жаңа сабақты түсіндіру :

Бір ғана түбірден немесе туынды түбірден тұрған сөзді дара сөздер дейміз.Екі немесе одан да көп сөздердің бірігуі,тіркесуі,қосарлануы,қысқартуы арқылы жасалған сөздерді күрделі сөз дейміз.

Мысалы : 1. әке,сандықша

2.түйеқұс,әке – шеше,Б:Ұ:Ұ: т.б.

Жаттығумен жұмыс : 72 – жаттығудағы сөздерді дара сөздерді бір бөлек,күрделі сөздерді бір бөлек жазады.

Тақтамен жұмыс : күрделі сөздердің әрқайсысына алты сөзден тауып жазады.

Білімді бекіту : 1. Дара сөздер дегеніміз не ?

2. Күрделі сөздер дегеніміз не ?

3. Күрделі сөздер нешеге бөлінеді ?

Білімді бағалау : Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : 73 – жаттығу

6– сынып Қ а з а қ т і л і

Сабақтың тақырыбы : Қос сөздер

Сабақтың мақсаты :

а) Оқушылардың ойлау қабілетін,сабаққа деген қызығушылығын арттыру және негізгі мәселелерге асакөңіл бөлуге үйрету.

ә) сөйлеу тілін,сөз мағынасын түсініп,шапшаң ой қорытуға,көркем ұқыпты жаза білуге дағдыландыру

б) Оқушыларға қазақ тілін оқыту арқылы ой -өрісін,таным абілетін,сөзжасам туралы түсініктрн дамыту.

Сабақтың түрі : Жаңа сабақты игерту

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,тіл дамыту

Сабақтың көрнекілігі : плакаттар

Халықтық педагогика

элементтерін қолдану : мақал - мәтелдер

Пәнаралық байланыс : әдебиет.

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын иексеру. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау

Үйге берілген жаттығуды тексеремін. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1.Дара сөздер дегеніміз не ? 2.Күрделі сөздер дегеніміз не ?

3.Біріккен сөздер қалай жасалады ? 4.Кіріккен сөздер қалай жасалады ?

б) Жаңа сабақты түсіндіру :

Қос сөздер дегеніміз екі сөздің қосарланып немесе қайталанып жасалуын айтамыз. Қос сөздер екіге бөлінеді.1.Қайталама қос сөздер 2. Қосарлама қос сөздер. Қайталама қос сөз дегеніміз бір түбірдің екі рет қайталануын айтамыз.Қосарлама қос сөздер екі сөздің қосарлануы арқылы жасалады.

Жаттығумен жұмыс : 91 – жаттығудағы қос сөздерді мағынасына қарай ажыратып жазады.

Шығармашылық жұмыс : Ішінде қос сөзі бар мақал – мәтелдер тауып айтады.

Сабақты бекіту : Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.бірнеше сұрақтар қоямын.

Білімді бағалау : Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : 94 – жаттығу

Сабақтың тақырыбы : Диктант

Сабақтың мақсаты :

а) Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету.Ойлау шеберлігін,сөйлеу мәдениетін арттыру.

ә)Сөйлеу тілін,сөз мағынасын түсініп,шапшаң ой қорыта алуға,көркем,ұқыпты жаза білуге дағдыландыру.

б)Сабақ барысында оқушыларды сауатты жазуға дағдыландыру.

Сабақтың түрі : Қайталау

Сабақтың әдісі : мәнерлеп оқу

Сабақтың көрнекілігі : түсінігі қиын сөздерді тақтаға жазамын Халықтық педагогика

элементтерін қлдану :

Пәнаралық байланыс : әдебиет

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу,сабаққа назарын аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Өткен сабақтар бойынша бірсыпыра шолып өтемін.

б) Жаңа сабақты түсіндіру :

Ұйқыдан тұрған адамдай мең – зең болған Ақылбайдың құлағына сыбыр – сыбыр дыбыс естілді.Ол тұра сала,жан – жағына сезіктене көз салды.Бұрын оянған Әнуар тозығы жеткен етігімен жерде жатқан қурайды ерсілі – қарсылы бытыр – бытыр басып жүр екен.Сұлап – сұлап жығылып жатқан ұзын – ұзын қарағайларды көрді.Оқшау жатқанзәулім үйеңкінің басында жалғыз аққұтан отыр.Ол адамнан жасқанып,ұшып кетпеді,керісінше,көзі жасаурап,көмек сұрағандай,жалтақ – жалтақ қарай береді.Оның балапандары шыр – шыр етеді.Олар тамақ сұрап жатқанға ұқсайды,ұшайын десе шама жоқ.Аппақ қардай ақ қанатының бірі қып – қызыл.

Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс :

Мәтіннің ішінен қос сөздерді тауып астын сызады.Қос сөздің қай түріне жататындығын ажыратады.

Білімді бағалау. Оқушылардың білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : Күрделі сөздердің түрлерін оқып келуге беремін.

6– сынып Қ а з а қ т і л і

Сабақтың тақырыбы : Қайталау

Сабақтың мақсаты :

а) Оқушылардың ойын кеңеңйтіп,тілді байытатын мазмұнды да көркем сөз үлгіліері мол мақал-мәтелдер,нақыл сөздер үйрету.

ә) Оқушылардың бойына әдептілік,инабаттылық,қарапайымдылық қасиеттерін қалыптастыру.

б) Оқушыларға сабақ барысында сөйлемдерді талдай білуге үйрету.

Сабақтың түрі : қайталау

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі : кеспе қағаздар,плакат

Халықтық педагогика Оқусыз білім жоқ

элементтерін қолдану : білімсіз күнің жоқ

Пәнаралық байланыс : әдебиет.

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын иексеру. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген жаттығуды тексеремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1.Сөз құрамына қарай нешеге бөлінеді ? 2.Дар сөздер дегеніміз не ?

3.Күрделі сөздер дегеніміз не ? 4.Қосымша нешеге бөлінеді ?

б) Жаңа сабақты түсіндіру :

Оқушыларға сөйлем талдатқызамын.

Мысалы : Олар өздері атап отырып,Әйгерімнің рсы жаз бойы Біржаннан үйренген бар әндерін кезек – кезек айтқызды. ( М.Әуезов )

Олар – дара,түбір сөз

өздері – дара,түбір сөз

атап – дара туынды түбір,ат – а,зат есімнен етістік жасаушы –а –жұрнағымен жасалған.

Отырып – дара,түбір сөз.

Әйгерімнің – күрделі,біріккен сөз,Әй және керім сөздерінің бірігуі арқылы жасалған.

осы – дара,түбір сөз.

жаз бойы – күрделі,тіркескен сөз.

Біржаннан – күрделі біріккен сөз.

үйренген – дара,түбір сөз.

бар – дара,түбір сөз

әндерін – дара түбір сөз

кезек – кезек – күрделі,қос сөз

айтқызды – дара.

Білімді бекіту : Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Білімді бағалау : Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : қайталау.

6– сынып Қ а з а қ т і л і

Сабақтың тақырыбы : Диктант

Сабақтың мақсаты :

а) Оқушылардың есте сақтау қабілетін дмыту,өз ойын еркін жеткізе білуге,сауатты жазуға дағдыландыру

ә) Мұқият тыңдап,ұқыпты жазуға дағдыландыру ;

б) Өз ісіне ұқыпты,мейрімді,кешірімшіл болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі : қайталау

Сабақтың әдісі : баяндау

Сабақтың көрнекілігі : диктанттар жинағы

Халықтық педагогика

элементтерін қолдану : мақал – мәтелдер

Пәнаралық байланыс : әдебиет.

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын иексеру. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Жаңа сабақты түсіндіру :

Тақтаға бүгінгі күн мен диктанттың тақырыбын жазып қоямын.

Күз

Күзге салымғы шуақ күндердің бірі.Танабай аулы Ақмоланың оңтүстік жағындағы Нұра өзенінің бойындағы қыстауында еді.Өзеннің жағалары қалың биік тас,кей жерлерде талмен араласа шыққан қамыс.Араларында, қырат жерлерде биік ұшқат,қараған,тобылғы.Өзенннің екі жағындағы жалпақ шыққан неше түрлі өсімдіктің сары ала алтынданып,әбден піскен кезі.Талдардың жапырақтары сап – сары ала алтын түстеніп,ақырын сыбдырлап желбірейді.

Қарағандардың да жапырақтары сарғайып,бүршіктері қызарып,құндақтары тұқым шашқан.Тікендердің жазғы ал қызыл гүлдерінің орындарына қып – қызыл моншақтай,сабақтаған қызыл моншақ түймелердей болып,итмұрындар самсаған. Қызыл тобылғылардың жасыл жапырақтары алтындай сараланып құбылған.Өзеннің және қара сулардың жағаларындағы селдіреген қамыстардың әдемі шашақтары үлбіреп,жел соқса,ақырын ырғала желбіреп,сары үкідей болып сарғайған.Қамыстардың әдемі сыбдырлаған жапырақтары да сары ала болған.

( С:Сейфуллин ) ( 114 сөз )

Жазып болғаннан кейін мәтіннен сын есімдерді тапқызып,құрамына қарай талдатамын.

Үйге тапсырма : салмақты,жібектей,судай,мөлдір,бұлтты сөздеріне сөйлем құрап келуге беремін.

6– сынып Қ а з а қ т і л і

Сабақтың тақырыбы : Диктант

Сабақтың мақсаты :

а) Балалрды есте сақтау қабілетін дамыту,өз ойын жеткізе білуге,сауатты жазуға дағдыландыру

ә) Мұқият тыңдап,ұқыпты жазуға дағдыландыру ;

б) Өз ісіне ұқыпты,мейрімді,кешірімшіл болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі : қайталау

Сабақтың әдісі : баяндау,мәнерлеп оқу

Сабақтың көрнекілігі : диктанттар жинағы

Халықтық педагогика

элементтерін қолдану : мақал – мәтелдер

Пәнаралық байланыс : әдебиет.

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Жаңа сабақты түсіндіру :

Мәтінді бір рет мәнерлеп оқып беремін

Халық – сыншы

Бала анадан туады.Халыққа қызмет істейді. Анадан туған балада екі ана бар. Бірі – тапқан ана,екіншісі тәрбиелеген ана.Соңғысы – халық.Ана тәрбиесі балаға алғашқы адым жолын көрсетедіХалық тәрбиесі болашақ өмірдің соқпағына салады.Ана сүтін ақтаған бала –халық қызметкері.Халық анасынан тәрбие алған бала халық тілегін,үмітін ақтауға тиіс.

Атағын шығарған балаға халық разы болса,тапқан ананың да қуанышы.

Мен батырмын, мықтымын,өнерлімін,білімдімін дейтін адам,өзін -өзі тарих таразысына салушы адам халық баласы емес. Ол – қара басының қамын ойлаушы топас адам. Сенің кім екеніңе сыншы – халық.Халық сыны – қадірлі сын.Халық сынынан өту,халық баласы атану оңай емес. Ол кімнің алдына болса да,орасан көп тілектер,талаптар қояды,соларды орындасаң ғана халық баласы атанасың.

( М.Ғабдуллиннен. ) ( 117 сөз )

Мәтінді тағы бір рет оқып беремін.Оқушылар тыныс белгісін қояды.

Үйге тапсырма : Үш сөйлемге морфологиялық талдау жасайды.

6– сынып Қ а з а қ т і л і

Сабақтың тақырыбы : Дара сөздер мен күрделі сөздер

Сабақтың мақсаты :

а) дара сөздер мен күрделі сөздер түсінік беру.Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру ;

ә) Оқушылардың бойына әдептілік,инабаттылық,қарапайымдылық қасиеттерін қалыптастыру.

б) Сабақ барысында түбір мен қосымшаны ажырата білуге үйрету.

Сабақтың түрі : Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,тіл дамыту

Сабақтың көрнекілігі : кеспе қағаздар

Халықтық педагогика

элементтерін қолдану : Аттың сыры иесіне мәлім

Пәнаралық байланыс : әдебиет.

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын иексеру. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау

Үйге берілген жаттығуды тексеремін. Оқушыларға өткен сабақтар бойынша сұрақтар қоямын.

1. Сөзжасам дегеніміз не ? 2.Түбір дегеніміз не ?

3.Түбірге жалғанған бөлшекті қалай атаймыз ? 4.Қосымша нешеге бөлінеді ?

5.Жұрнақ нешеге бөлінеді ?

б) Жаңа сабақты түсіндіру :

Бір ғана түбірден немесе туынды түбірден тұрған сөзді дара сөздер дейміз.Екі немесе одан да көп сөздердің бірігуі,тіркесуі,қосарлануы,қысқартуы арқылы жасалған сөздерді күрделі сөз дейміз.

Мысалы : 1. әке,сандықша

2.түйеқұс,әке – шеше,Б:Ұ:Ұ: т.б.

Жаттығумен жұмыс : 72 – жаттығудағы сөздерді дара сөздерді бір бөлек,күрделі сөздерді бір бөлек жазады.

Тақтамен жұмыс : күрделі сөздердің әрқайсысына алты сөзден тауып жазады.

Білімді бекіту : 1. Дара сөздер дегеніміз не ?

2. Күрделі сөздер дегеніміз не ?

3. Күрделі сөздер нешеге бөлінеді ?

Білімді бағалау : Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : 73 – жаттығу

6– сынып Қ а з а қ т і л і

Сабақтың тақырыбы : Шылау

Сабақтың мақсаты :

а) Шылау туралы түсінік бере отырып,шылаулардың сұраққа жауап бере алмайтындығын,оның лексикалық мағынасының болмайтындығын түсіндіру;

ә) сөйлеу тілін,сөз мағынасын түсініп,шапшаң ой қорытуға,көркем ұқыпты жаза білуге дағдыландыру

б) Оқушыларға қазақ тілін оқыту арқылы ой -өрісін,таным абілетін,шылау туралы түсініктрін дамыту.

Сабақтың түрі : Жаңа сабақты игерту

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,тіл дамыту,іздендіру

Сабақтың көрнекілігі : плакаттар,тірек сызбалар

Халықтық педагогика

элементтерін қолдану : мақал - мәтелдер

Пәнаралық байланыс : әдебиет.

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын иексеру. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау

Үйге берілген жаттығуды тексеремін. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1. Көмекші есімдер дегеніміз не? 2. Көмекші етістіктер дегеніміз не?

3. Одағайдың қандай түрлері бар?

б) Жаңа сабақты түсіндіру :

Тілімізде толық лексикалық мағынасы жоқ,бірақ сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстырып немесе сөзге қосымша мән үстеп тұратын көмекші сөздер бар. Ондай көмекші сөздер шылаулар деп аталады.

Шылаудың басқа сөз таптарынан мынадай айырмашылықтары бар.

  1. Шылаудың толық лексикалық мағынасы болмайды.

  2. Сөйлем ішінде шылау сөйлем мүшесі бола алмайды.

  3. Шылаулар сөз бен сөзді,сөйлем мен сөйлемді байланыстырады.

  4. Шылаулар түрленбейді.

Жаттығумен жұмыс : 323 – жаттығудағы шылауларды тауып олардың сипатын анықтаңдар.

Шығармашылық жұмыс : Ішінде шылау бар мақал – мәтелдер тауып айтады.

Отан үшін отқа түс, күймейсің

Семіздікті қой ғана көтереді

Сабақты бекіту : Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.бірнеше сұрақтар қоямын.

1 Шылау дегеніміз не?

2. Не себепті шылаулар сөйлем мүшесі бола алмайды?

Білімді бағалау : Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: 324-жаттығу

6– сынып Қ а з а қ т і л і

Сабақтың тақырыбы : Септеулік шылау

Сабақтың мақсаты :

а) Шылау туралы түсінік бере отырып,шылау сөздер білдіретін мәні мен сөйлемде атқаратын қызметіне қарай үшке бөлінетінін түсіндіру;

ә) сөйлеу тілін,сөз мағынасын түсініп,шапшаң ой қорытуға,көркем ұқыпты жаза білуге дағдыландыру

б) Сабақ барысында шылаулардың түрін ажырата білуге үйрету;

Сабақтың түрі : Аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,тіл дамыту,іздендіру

Сабақтың көрнекілігі : плакаттар,тірек сызбалар

Халықтық педагогика

элементтерін қолдану : мақал - мәтелдер

Пәнаралық байланыс : әдебиет.

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын иексеру. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау

Үйге берілген жаттығуды тексеремін. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1 Шылау дегеніміз не?

2. Не себепті шылаулар сөйлем мүшесі бола алмайды?

б) Жаңа сабақты түсіндіру :

Септеулік шылаулар белгілі бір септік тұлғадағы толық мағыналы сөздермен тіркесіп келіп,оған қосымша мән үстеп тұрады да, оны екінші сөзбен байланыстырады. Бұл тұрғыдан келгенде септеулік шылаулар септік жалғауларының білдіретін мағынасы мен атқаратын қызметіне ұқсайды.

Септеулі шылаулар мыналар: үшін,сайын, туралы, арқылы,жайлы, сияқты, қарай ,таман,бері,бұрын,бірге, соң, кейін т.б

Жаттығумен жұмыс : 325– жаттығу. Септеулік шылау арқылы байланысып тұрған сөздерді септеулігімен бірге теріп жазыңдар.

Тақтамен жұмыс : Шылауларды қатыстырып,бірнеше сөйлем жазып морфологиялық талдау жүргізеді.

Ж.е з.е ш з.е з.е т.с ет ж.ж ш

Сен «Асан мен Үсен» ертегі/сін оқыдың ба?

Сабақты бекіту : Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.бірнеше сұрақтар қоямын.

  1. Қай септіктердің шылауында айтылады?

  2. Шылаулар атауыш сөздерге жата ма?

3. Септеулік шылау дегеніміз не?

Білімді бағалау : Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: 326-жаттығу

6– сынып Қ а з а қ т і л і

Сабақтың тақырыбы : Жалғаулық шылау

Сабақтың мақсаты :

а) Шылау туралы түсінік бере отырып,шылау сөздер білдіретін мәні мен сөйлемде атқаратын қызметіне қарай үшке бөлінетінін түсіндіру;

ә) сөйлеу тілін,сөз мағынасын түсініп,шапшаң ой қорытуға,көркем ұқыпты жаза білуге дағдыландыру

б) Сабақ барысында шылаулардың түрін ажырата білуге үйрету;

Сабақтың түрі : Аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,тіл дамыту,іздендіру

Сабақтың көрнекілігі : плакаттар,тірек сызбалар

Халықтық педагогика

элементтерін қолдану : мақал - мәтелдер

Пәнаралық байланыс : әдебиет.

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын иексеру. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау

Үйге берілген жаттығуды тексеремін. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1. Қай септіктердің шылауында айтылады?

  1. Шылаулар атауыш сөздерге жата ма?

3. Септеулік шылау дегеніміз не?

б) Жаңа сабақты түсіндіру :

Тірек сызба арқылы түсіндіремін.

Жалғаулық шылаулар

Ыңғайластық қатынасты білдіретін

Қарсылықты қатынасты білдіретін

Талғаулықты қатынасты білдіретін

Себеп-салдар қатынасты білдіретін

Мен,бен,пен,

да,де,та,те

Бірақ, алайда,дегенмен,

әйтседе,сонда да

әлде,біресе,

бірде, не, болмаса

Себебі,өйткені,

сондықтан

Жалғаулық шылаулар сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді салаластыра байланыстырады. Жалғаулық шылаулар жалғаулықтар деп аталады.

Жаттығумен жұмыс : 328 – жаттығу. Жалғаулықтарды тауып,олар қандай сөздерді және сөйлемдерді байланыстырып тұрғанын көрсетіңдер.

Сабақты бекіту : Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.бірнеше сұрақтар қоямын.

  1. Жалғаулық шылау дегеніміз не?

2. Жалғаулық шылаулар қандай мағыналық қатынасқа бөлінеді?

Білімді бағалау : Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: 329-жаттығу

6– сынып Қ а з а қ т і л і

Сабақтың тақырыбы : Демеулік шылау

Сабақтың мақсаты :

а) Шылау туралы түсінік бере отырып,шылау сөздер білдіретін мәні мен сөйлемде атқаратын қызметіне қарай үшке бөлінетінін түсіндіру;

ә) сөйлеу тілін,сөз мағынасын түсініп,шапшаң ой қорытуға,көркем ұқыпты жаза білуге дағдыландыру

б) Сабақ барысында шылаулардың түрін ажырата білуге үйрету;

Сабақтың түрі : Аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,тіл дамыту,іздендіру

Сабақтың көрнекілігі : плакаттар,тірек сызбалар

Халықтық педагогика

элементтерін қолдану : мақал - мәтелдер

Пәнаралық байланыс : әдебиет.

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын иексеру. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау

Үйге берілген жаттығуды тексеремін. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1. Жалғаулық шылау дегеніміз не?

2. Жалғаулық шылаулар қандай мағыналық қатынасқа бөлінеді?

б) Жаңа сабақты түсіндіру :

Тірек сызба арқылы түсіндіремін.

Демеулік шылаулар

Сұраулық демеуліктер

күшейткіш

шектік

болжалдық

болымсыздық

нақтылау

Ма,ме,бе,ба

,па,пе,ше

-ақ,-ау,

-ай, әсіресе

Ғана, тек,кейде

-мыс,-міс

Түгел,тұрсын,

тұрмақ

Қой,-ды,-ді,-ты,-ті

Жаттығумен жұмыс : 331– жаттығу. Демеуліктерді тауып,олар қандай сөзбен бірге жұмсалғанын табыңдар.

Суретпен жұмыс: Суреттерге қарай отырып демеулік шылауларды қатыстырып шағын мәтін құрастырады.

Сабақты бекіту : Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.бірнеше сұрақтар қоямын.

Білімді бағалау : Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: 326-жаттығу

6– сынып Қ а з а қ т і л і

Сабақтың тақырыбы : Шылауды қайталау

Сабақтың мақсаты :

а) шылау тақырыбы бойынша алынған білім,білік дағдыларын бекіту;

ә) алынған білімді есте сақтауға дағдыландыру,логикалық ойлау қабілеттерін ,нақты,дәлелді сөйлеу дағдыларын дамыту;

б) орындалған тапсырмалар арқылы бірін-бірі тыңдауға ,сыйлауға дағдыландыру,өз еңбегін әділ бағалауға тәрбиелеу;;

Сабақтың түрі : білім дағдыларын бекіту

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап, талдау,ойлау,дәлелдеу

Сабақтың көрнекілігі : плакаттар,тірек сызбалар,слайдтар

Халықтық педагогика

элементтерін қолдану : мақал - мәтелдер

Пәнаралық байланыс : әдебиет.

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын иексеру. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау

Үйге берілген жаттығуды тексеремін. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

б) Жаңа сабақты түсіндіру :

Оқушыларға сабаққа мақсат қойғызу.

Тапсырма. Кестені толтыру.Интербелсенді тақтада үш оқушы шылаудың үш мағыналық түріне байланысты кластерді толтырады.

Тапсырма. Менің атым Қожа повесінен шылау кездесетін 5 сөйлем теріп жазу. Шылауларды мағыналық түрлеріне ажырату.

Тапсырма. Шылау тақырыбына 5 жолды өлең жазу.

  1. Шылау

  2. Жалғаулық,септеулік,демеулік

  3. Байланыстырады,құрады,демейді

  4. Сөздер ,сөйлемдердің жетегінде жүреді.

  5. Сөз табы.

Тапсырма. Көру диктанты. Интербелсенді тақтада өлеңді жазып, пердемен жазып қойып жатқа жазғызу.

Қайрат пен ақыл жол табар

Қашқанға да қуғанға

Әділет,шапқат кімде бар,

Сол жарасар туғанға!

Тапсырма. Шылау ережесін сатылай кешенді талдау.

Сөз табы: Шылау

1. Лексикалық мағынасы: жоқ,бірақ сөз тіркесінің құрамында белгілі мағынаға ие болады.

2. Түрленуі: түрленбейді.

3. Қызметі: сөз бен сөзді байланыстырады.

4. Мағыналық түрлері: жалғаулық,септеулік, демеулік

5. Синтаксистік қызметі: жоқ

Білімді бағалау : Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: I деңгей: 346-жаттығуды орындау

II деңгей: шылау қатысқан мақал-мәтел жазып келу

III шылауларды қатыстырып «Біздің атамыз» тақырыбында ойтолғау жазып келу.

Сабақтың тақырыбы : Қатемен жұмыс

Сабақтың мақсаты :

а) Балалардың есте сақтау қабілетін дамыту,өз ойын еркін жеткізе білуге,сауатты жазуға дағдыландыру.

ә) Мұхият тыңдап, ұқыпты жаза білуге үйрету.

б) Өз ісіне ұқыпты,мейірімді,кешірімшіл болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі : қайталау

Сабақтың әдісі: талдау,түсіндіру

Сабақтың көрнекілігі : деңгейлік тапсырмалар

Халықтық педагогика мақал-мәтелдер.

элемен н қолдану ттері:

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын тексеру:

Жіберілген қателер бойынша тақтаға шығып қатемен жұмыс жүргізеді.

Орфографиялық сөздікпен жұмыс жүргіземін

Тақтамен жұмыс: Тақтаға бірнеше сөздерді жазып буынға бөліп, фонетикалық талдау жүргізеді.

Білімді бекіту : Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоя отырып түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Бағалау : Оқушылардың ынтасына,сұраққа жауап бергеніне қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : Ережелерді жаттап келуге беремін

Сабақтың тақырыбы : Қатемен жұмыс

Сабақтың мақсаты :

а) Балалардың есте сақтау қабілетін дамыту,өз ойын еркін жеткізе білуге,сауатты жазуға дағдыландыру.

ә) Мұхият тыңдап, ұқыпты жаза білуге үйрету.

б) Өз ісіне ұқыпты,мейірімді,кешірімшіл болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі : қайталау

Сабақтың әдісі: талдау,түсіндіру

Сабақтың көрнекілігі : деңгейлік тапсырмалар

Халықтық педагогика мақал-мәтелдер.

элемен н қолдану ттері:

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын тексеру:

Жіберілген қателер бойынша тақтаға шығып қатемен жұмыс жүргізеді.

Орфографиялық сөздікпен жұмыс жүргіземін

Тақтамен жұмыс: Тақтаға бірнеше сөздерді жазып буынға бөліп, фонетикалық талдау жүргізеді.

Білімді бекіту : Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоя отырып түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Бағалау : Оқушылардың ынтасына,сұраққа жауап бергеніне қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : Ережелерді жаттап келуге беремін

Сабақтың тақырыбы : Қатемен жұмыс

Сабақтың мақсаты :

а) Балалардың есте сақтау қабілетін дамыту,өз ойын еркін жеткізе білуге,сауатты жазуға дағдыландыру.

ә) Мұхият тыңдап, ұқыпты жаза білуге үйрету.

б) Өз ісіне ұқыпты,мейірімді,кешірімшіл болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі : қайталау

Сабақтың әдісі: талдау,түсіндіру

Сабақтың көрнекілігі : деңгейлік тапсырмалар

Халықтық педагогика мақал-мәтелдер.

элемен н қолдану ттері:

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын тексеру:

Жіберілген қателер бойынша тақтаға шығып қатемен жұмыс жүргізеді.

Орфографиялық сөздікпен жұмыс жүргіземін

Тақтамен жұмыс: Тақтаға бірнеше сөздерді жазып буынға бөліп, фонетикалық талдау жүргізеді.

Білімді бекіту : Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоя отырып түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Бағалау : Оқушылардың ынтасына,сұраққа жауап бергеніне қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : Ережелерді жаттап келуге беремін

Сабақтың тақырыбы : Қатемен жұмыс

Сабақтың мақсаты :

а) Балалардың есте сақтау қабілетін дамыту,өз ойын еркін жеткізе білуге,сауатты жазуға дағдыландыру.

ә) Мұхият тыңдап, ұқыпты жаза білуге үйрету.

б) Өз ісіне ұқыпты,мейірімді,кешірімшіл болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі : қайталау

Сабақтың әдісі: талдау,түсіндіру

Сабақтың көрнекілігі : деңгейлік тапсырмалар

Халықтық педагогика мақал-мәтелдер.

элемен н қолдану ттері:

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын тексеру:

Жіберілген қателер бойынша тақтаға шығып қатемен жұмыс жүргізеді.

Орфографиялық сөздікпен жұмыс жүргіземін

Тақтамен жұмыс: Тақтаға бірнеше сөздерді жазып буынға бөліп, фонетикалық талдау жүргізеді.

Білімді бекіту : Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоя отырып түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Бағалау : Оқушылардың ынтасына,сұраққа жауап бергеніне қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : Ережелерді жаттап келуге беремін

Сабақтың тақырыбы : Тіл ұстарту

Сабақтың мақсаты :

а) Оқушыларға ұлттық тіліміздің өркендеп оянуына ана тілімізді сүюге,ана тілін аяққабаспай мәртебесін биік ұстау жөнінде түсіндіру,соған дәріптеу ;

ә) жаттығулар , мәтін арқылы бекіту,дағды – машықтарын қалыптастыру,шешен сөйлеуге мақал – мәтелдің оқушы тілінде қолданыс аясын кеңейту ;

б) Ақыл – ойларын,іскерлік белсенділіктерін арттыру,өз ойын дұрыс айта білу негізінде әдемі сөйлеуге баулу,адмгершілік тәрбиесін бойына сіңіру.

Сабақтың түрі : Аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ – жауап,іздендіру т.б.

Сабақтың көрнекілігі : суреттер,деңгейлік тапсырмалар

Халықтық педагогика нақыл сөздер

элементтерін қолдану :

Пәнаралық байланыс : әдебиет

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін.Кеспе қағаздар үлестіріп беріп жауавп талап етемін.

1.Кірме сөз дегеніміз не?

2.Диалект сөздер дегеніміз не?

3.Кәсіби сөздер дегеніміз не?

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

«Кім сөз табар екен?» ойыны.

1 деңгей: Қосар дауыссызға аяқталған бірнеше термин сөз тауып жазыңдар.

2 деңгей: Г әрпіне аяқталған бірнеше термин сөздер тауып жазыңдар.

3 деңгей: Құрамында ф,ң,э әріптері бар әр түрлі термин сөздер тауып жазыңдар.

Әрқайсысына алты мысал жазу.

1 деңгей: Ауыл шаруашылығына байланысты кәсіби алты сөз жаз.

2 деңгей:Мал бағу кәсібімен байланысты алты сөз

3 деңгей: Аңшылық кәсібімен байланыстыалты сөз

«Не игі?» ойыны.Игі сөзімен аяқталатын алты мақал тауып айтыңдар.

Білімді бағалау : Оқушылардың ынтасына,жауаптарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма . Құрамында мынадай екі дауыссыз дыбыс қатар келген сөздер жазу.

кк, ққ, тт, сш, зш.

Сабақтың тақырыбы : Мәтінмен жұмыс

Сабақтың мақсаты :

а) Түрлі әдістерді пайдалана отырып балалардың тапқырлық,жылдамдық,есте сақтау қабілеттерін артыру.Сөйлеу тілін жетілдіріп,шешендік өнерге баулу. ;

ә) Оқушылардың туған жер тарихына деген патриоттық сезімін ояту,адамгершілікке баулу,,халық даналығы,халық өсиеттерінен нәр алғызу,сөз өнеріне деген қызығушылығын арттыру ;

б) Ой еркіндігіне,ізденімпаздыққа баулу,сөйлеу мәдениетін жетілдіру,өз бетімен әрекеттенуге дағдыландыру.

Сабақтың түрі : Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ – жауап,тіл дамыту т.б.

Сабақтың көрнекілігі : суреттер т.б.

Халықтық педагогика сақтықта қорлық жоқ.

элементтерін қолдану :

Пәнаралық байланыс : әдебиет

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1.Дауысты дыбыс дегеніміз не?

2.Дауысты дыбыстар тілдің қатысына қарай нешеге бөлінеді?

3.Қазақ тілінде неше дыбыс бар?

б) Жаңа сабақты түсіндіру :

Көп нүктенің орнына жіңішке дауыстылардың тиістісін қойыңдар.

Б... р жарлы шал есг ... не м .. н .. п келе жатыр ед ... Олар шалды ... жуалап, мазақ етк ... пе ...р ... кел ... п :

- Ата, неге есег ..ң..зд ... өлең айтуға үйретт ... ң ... з? депті. –Есег..м ...лең айтпайды.Сендердей жақсы жолдасын к...рген соң қуанғаннан бақырады,-депт...

Топпен жұмыс : Мына сөздермен сөз тіркестерін құрыңдар.

бала

бала

әдепті әдепсіз

ниет

ізетті ізгілік

Білімді бекіту : Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

Білімді бағалау : Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: «Егер де мен ...» тақырыбына мәтін жазып келу.

Сабақтың тақырыбы : Тіл мәдениеті

Сабақтың мақсаты :

а) Тіл мәдениеті туралы түсінік бере отырып балалардың тапқырлық,жылдамдық,есте сақтау қабілеттерін артыру.Сөйлеу тілін жетілдіріп,шешендік өнерге баулу. ;

ә) Оқушылардың туған жер тарихына деген патриоттық сезімін ояту,адамгершілікке баулу,,халық даналығы,халық өсиеттерінен нәр алғызу,сөз өнеріне деген қызығушылығын арттыру ; б) Ой еркіндігіне,ізденімпаздыққа баулу,сөйлеу мәдениетін жетілдіру,өз бетімен әрекеттенуге дағдыландыру.

Сабақтың түрі : Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ – жауап,тіл дамыту т.б.

Сабақтың көрнекілігі : кітаптар т.б.

Халықтық педагогика сақтықта қорлық жоқ.

элементтерін қолдану :

Пәнаралық байланыс : әдебиет

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1.Шылау дегеніміз не? 2. Шылау нешеге бөлінеді?

3.Септеулік шылау дегеніміз не? 4. Жалғаулық шылау дегеніміз не?

б) Жаңа сабақты түсіндіру :

Тіл екі түрде қызмет етеді. Бірі-сөйлеу тілі,екіншісі-жазба тіл.Сөйлеу тіл мен жазба тілдің бір-бірінен үлкен айырмашылықтары бар. Сөйлеу тілі бетпе-бет сөйлеу арқылы жүзеге асады. Сондықтан ол көбіне диалог түрінде өтеді. Алжазба тіл- әр түрлі жазба әдебиеттердің тілі. Ол-қолма-қол оқуға да, келесі ұрпақтардың оқып үйренуіне де ,білуіне де арналатын мәңгілік мұра.

Жаттығумен жұмыс : Мәтінді түсініп оқыңдар. Ақыл-білімді ауыр, оқу-ғылымды терең, адам өмірін ыстық, тәкаппардың көңілін биік деудің мәнісін түсіндіріңдер.

Білімді бекіту : Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

Білімді бағалау : Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: 349-жаттығу.

Сабақтың тақырыбы : Жұрт алдында сөйлеу мәдениеті

Сабақтың мақсаты :

а) Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету.Ойлау шеберлігін сөйлеу мәдениетін арттыру

ә) Оқушылардың оқулықпен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіре отырып,логикалық ойын дамыту жолдастық көмекке қашанда әзір болу қасиетіне,ұлттық дәстүрді қатерлеуге үйрету.

б) Оқушыларды тілдерін бұрмаламай ашық, таза сөйлеуге дағдыландыру.

Сабақтың түрі : Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,тіл дамыту әдістері

Сабақтың көрнекілігі : плакат,кеспе қағаздар

Халықтық педагогика

элементтерін қолдану : Көз жетпеген жерге сөз жетеді

Пәнаралық байланыс : әдебиет

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру,сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы тексеремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1.Шылау дегеніміз не? 2. Шылау нешеге бөлінеді?

3.Септеулік шылау дегеніміз не? 4. Жалғаулық шылау дегеніміз не

5.Тіл мәдениеті дегеніміз не? 6.Тіл қанша түрде қызмет етеді?

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Жұрт алдында сөйлеуге адам бірте-бірте дағдыланады.Сондықтан сөйлеуге үйренудің жолдарын меңгеру әр адамға қажет нәрсе.Ол үшін,біріншіден,адам сөйлеуге өзін-өзі психологиялық жағынан дайындауы тиіс.Өз бойындағы қорқынышты,сенімсіздікті жоюдың бірден-бір жолы – сол сөздің айтылу қажеттігіне деген сенім,не айтатынды және не үшін айтатыныңды анық түсіну,өз ойыңды қалай жеткізетініңді жоспарлап алу.Екіншіден,жұрт алдында сөйлейтін сөздің мағыналы,жүйелі шығуы үшін,әрине,күнделікті оқып,жинайтын ақпараттардың мәні зор.Атап айтқанда,түрлі ғылыми-көпшілік әдебиеттер,баспасөз материалдары,көркем әдебиеттер саған үлкен көмек береді.Оларды жай оқып қана қоймай,олардан қажетіңді іріктеп жазып алып отыруға,дәйек сөздерді арнайы қойын кітапшаңа түсіріп алуға дағдыланасың,ол қашан да саған сүйеніш болады.Оның үстіне қаламмен қағазға жазғаның ойыңа жазғаның емес пе?! Өзіңнің жеке папкіңде газет-журнал қиындыларын,өзіңе ерекше әсер еткен сұрақтарды,үлкен оқымыстылардан естіген сөздеріңді жинақтаудың да көмегі үлкен.Үшіншіден,сөйлеу техниакасына төселуің қажет.Оңашада айнаға қарап,өзіңнің бет құбылысыңды байқап,дене,қол қимылдарыңды басқаруға үйренуге тырыс.Даусыңды айтатын сөзіңе қарай құбылту – тыңдаушыны еліктірудің бір тәсілі.Сөзің қанша мәнді болса да,оны соған лайық әуенмен,әуезбен айта білмесең,еңбегің еш болатынын жадыңда ұста! Төртіншіден,ауызша сөйлейтін сөзіңді ең әуелі жазбаша құрып ал.Сонда сөзің әрі жүйелі,әрі көркем болып шығады.Бірақ,мүмкіндігінше,қағазға қарамай сөйлеуге дағдылан.Қағаздан оқып сөйлеу сөздің әсерлілігін төмендетеді.Бесіншіден,шешендердің сөзіне үнемі құлақ түріп жүр.Өзің үлгі тұтатын достарыңның,мұғалімдеріңнің,ата-аналарыңның сөзін мұқият бақылап,жақсысын үйренуден,жаманнан жиренуден жалықпа! Егер осы кеңеске құлақ асып,үнемі есте ұстасаң,сен де өзіңнен кейінгілер үлгі алатын шешен боларың анық.Саған табыс тілейміз,оқушым!

Білімді бекіту: Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Білімді бағалау: Оқушылардың ынтасына қарай,сұраққа жауап бергеніне қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: 355-жаттығу.Өздерің ұнататын өнер түрі туралы шағын шығарма жазыңдар.Мәтіндегі сөздердің мағыналы,жүйелі,әсерлі болуына көңіл бөліңдер.Биылғы өткен грамматикалық тақырыптардың пайдасы тиді ме,өзіңе есеп бер.

6 – сынып Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы : Біріккен сөздер

Сабақтың мақсаты :

а) Оқушылардың ойын кеңейтіп,тілді байытатын мазмұнды да көркем сөз үлгілері мол мақал-мәтелдер,нақыл сөздер үйрету.

ә) Оқушылардың оқулықпен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіре отырып, логикалық ойын дамыту,оқу материалына сын көзбен қарап жолдасының көмекке қашанда әзір болу қасиетіне,ұллтық дәстүрді қастерлеуге үйрету.

б) Оқушыларды сауаттылыққа баулу

Сабақтың түрі : Аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі : плакат,кеспе қағаздар

Халықтық педагогика нақыл сөздер

элементтерін қолдану :

Пәнаралық байланыс : әдебиет,тарих

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру,сыныптың тазалығына назар аудару. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін. Оқушыларға кеспе қағаздарды үлестіріп, жауап талап етемін.

1.Сөзөжасам дегеніміз не? 2.Түбір дегеніміз не? 3.Қосымша дегеніміз не?

4.Дара сөздер дегеніміз не? 5.Күрделі сөздер дегеніміз не? 6.Қосымша қанша түрге бөлінеді?

7.Жұрнақ қанша түрге бөлінеді?

б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Екі я одан да көп түбірден бірігіп,тұтас бір ұғымды білдіретін күрделі сөздер біріккен сөздер деп аталады.Мысалы, белбеу,баспасөз,ашудас,өнеркәсіп,тоқсан деген сөздер екі сөзден құралып (бел және бау,баспа және сөз,ашу немесе ащы және тас (кейінді ықпал заңы бойынша т дыбысы т-ға айналып,тас сөзі дас болған),өнер және кәсіп,тоғыз-тоқс және он-ан),бір ұғымның ғана атауы болып тұр.

Қазақтілінде біріккен сөз екі түрліболады.Бірінде құрамына енген түбірлердің тұлғалары сақталып отырады.Мысалы: түйеқұс(түйе+құс),бұзаубас(бұзау+бас),қарақұрт(қара+құрт),басмақала(бас+мақала) т.б.

Екіншісінде құрамына енген түбірлердің тұлғалары сақталмай,кейбір дыбыстық өзгерістерге ұшырайды.Мсыалы: биыл(бұл және жыл: бірінші сөздегі л дыбысы түсіп қалған,екінші сөздің басындағы ж дыбысы и-ға айналған),жаздыгүні(жаздың және күні:бірінші сөздегі сорңғы ң дыбысы түсіп қалған,екінші сөзің басындағы к дыбысы ілгерінді ықпал заңы бойынша г-ге айналған), Бұлар ғылым тілінде кіріккен сөздер деп аталады.

Біріккен сөздерге көбіне мынадай атаулар жатады:

1)аң,құс,жәндік,өсімдік атаулары:қосаяқ,тасбақа,егеуқұйрық,жолбарыс,көкқұтан,текесақал,алабота,аққу,қарақұрт,итмұрын,саңырауқұлақ,бәйтерек,бәйшешек т.б. ;

2)Географиялық атаулар (жер,су,планета аттары): Жетіқарақшы,Темірқазық,ақбозат,Көкбозат,Сарысу,Қызылорда,Әулиеата,Алакөл т.б.

3) Кісі аттары: Орынбасар,Сейілбек,Мұхаметжан,Қойбағар,Жаңбырбай,Есенәлі,Бейсенбай т.б.

Кітаппен жұмыс: 78-жаттығу.Берілген біріккен сөздердің қандай түбірлерден біріккенін көрсетіңдер.Біріккен сөздердің мағыналарын айтыңдар.

Үлгі: Қаптесер – қап және тесер сөздерінен біріккен,тышқанның бір түрі.

Білімді бекіту : Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.Оқушыларға сұрақтар қоямын.1.Біріккен сөздер дегеніміз не? 2.Қазақ тілінде біріккен сөздер қаншаға бөлінеді?

3.Кіріккен сөздер дегеніміз не? т.б.

Білімді бағалау :Оқушылардың ынтасына,сабаққа жауап бергеніне қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: 79-жаттығу Түбірлері өзгермей біріккен сөздерді бір бөлек,түбірлері дыбстық өзгеріске ұшыраған кіріккен сөздерді бір бөлек және қандай түбірлерден біріккенін көқрсетіп көшіріп жазыңдар.

Сабақтың тақырыбы : Біріккен сөздердің емлесі

Сабақтың мақсаты :

а) Оқушылардың ойын кеңейтіп тілді байытатын мазмұнды да көркем сөз үлгілері көп мақал-мәтелдер,нақыл сөздер үйрету.

ә) Түрлі әдістерді пайдалана отырып балаларды тапқырлық, жылдамдық,есте сақтау қабілеттерін арттыру. Сйлеу тілін жетілдіріп,шешендік өнерге баулу

б) Сымбатты,шымыр туған жердің табиғатын сүйе білетн, оған құрметпен қарай алатын көзқарасқа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі : Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі : плакат,кітаптар

Халықтық педагогика нақыл сөздер

элементтерін қолдану :

Пәнаралық байланыс : әдебиет , тарих

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу, түгелдеу оқу құралдарын тексеру.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару

ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1.Сөзөжасам дегеніміз не? 2.Түбір дегеніміз не? 3.Қосымша дегеніміз не?

4.Дара сөздер дегеніміз не? 5.Күрделі сөздер дегеніміз не? 6.Қосымша қанша түрге бөлінеді?

7.Жұрнақ қанша түрге бөлінеді 8.Біріккен сөздер дегеніміз не? 9.Кіріккен сөздер дегеніміз не?

б) Жаңа сабақты түсіндіру.

1.Біріккен сөздер әрқашан бірге жазылады.Мысалы: баспасөз,қарақұс,әлденеше,әркім,Ақтөбе,

Талдықорған,бесжылдық.

2. Біріккен сөздердің әрбір тұлғасы дыбстық өзгеріске түскен қалыпта жазылады.Мысалы: ашудас(ашутас немесе ащы тас емес),ендігәрі(ендігіден әрі емес),сөйтіп(солай етіп емес),Бегәлі(бекәлі емес), бүгін(бұлкін емес).

3.Еш,бір,әр,кей,әлде деген сөздер есімдіктермен (мысалы, еш сөзі кім,бір,қандай,қайда,қашан,

Теңе Сөздерімен, бір сөзі неше,талай,аз,ыңғай,келкі,жола,жолата,қыдыру сөздерімен,кей, сөзі бір,біреу сөздерімен,әлде сөзі кім,қашан,қалай,қайда сөздерімен) бірігіп жазылады.Ал жеке тұрып зат есімдердің анықтауышы ретінде жұмсалғанда,бұл сөздер олардан бөлек жазылады. Мысалы;еш бала,еш жерде,бір мектепте,әр оқушы, кей адам т.б.

Кітаппен жұмыс: 81-жаттығу. Берілген біріккен сөздердің жазылуына назар аударыңдар.Қандай түбірлерден тұрғанын анықтаңдар.

Дәптермен жұмыс : 86-жаттығу. Мәтіннен біріккен сөздерді ғана теріп жазыңдар.

Білімді бекіту : Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.Өздеріне бірнеше сұрақтар қоямын.

Білімді бағалау: Оқушылардың сұраққа жауап бергеніне қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: 83-жаттығу. Төмендегі сөздерді қатыстырып сөйлем құрап жазыңдар.

Үлгі: Беташар - әдет-ғұрыпқа байланысты туған жыр.

84-жаттығу.Сөздерді көшіріп жазып,қандай түбірлерден бірігіп жасалғанын үлгідегідей дефиспен бөліп көрсетіңдер.

Үлгі: халық-аралық, ...

Сабақтың тақырыбы : Қосарлама қос сөздер

Сабақтың мақсаты:

а) Оқушылардың ойлау қабілетін,сабаққа деген қызығушылығын арттыру және негізгі мәселелерге асакөңіл бөлуге үйрету.

ә) Оқушылардың бойына әдептілік,инабаттылық,қарапайымдылық қасиеттерін қалыптастыру.

б) Оқушылардың білімін бақылау арқылы сауатты жазуға дағдыландыру.

Сабақтың түрі : Аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,іздендіру

Сабақтың көрнекілігі : плакат, кеспе қағаздар

Халықтық педагогика «Ұяда не көрсе,

элементтерін қолдану : ұшқанда соны ілер»

Пәнаралық байланыс : әдебиет.

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеғңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін. Кеспе қағаздарды үлестіріп жауап талап етемін.

1.Сөзөжасам дегеніміз не? 2.Түбір дегеніміз не? 3.Қосымша дегеніміз не?

4.Дара сөздер дегеніміз не? 5.Күрделі сөздер дегеніміз не? 6.Қосымша қанша түрге бөлінеді?

7.Жұрнақ қанша түрге бөлінеді 8.Біріккен сөздер дегеніміз не? 9.Кіріккен сөздер дегеніміз не?

10.Қос сөздер дегеніміз не? 11.Қайталама қос сөздер дегеніміз не? 12Қос сөздер қаншаға бөлінеді

б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Екітүбірден қосарланып жасалған қос сөзді қосарлама қос сөз дейді.Әдетте мағыналары бір-біріне жақын синоним немесе мағыналары бір-біріне қарама-қарсы келетін антоним сөздер қосарланады.Мысалы:аяқ-табақ,құрт-құмырсқа,құрбы-құрдас,әке-шешет.б. Мұнда аяқ та ,табақ та – ыдыстар,құрт та,құмырсқа да – жәндіктер,құрбы да, құрдас та – замандастар, әке де,шеше де – ата-аналар.Ал кәрі-жас,үлкен-кіші,ұзынды-қысқалы,қысы-жазы деген қос сөздердің бірінші сыңары екіншісінің мағынасына қайшы келіп тұр.Осы қасиеті жағынан қосарлама қос сөздер сөйлемнің бірыңғай мүшелеріне ұқсас,жақын болып келеді,олардың сыңарлары тұлғалас болып отырады.Бұл тәрізді қос сөздерді кейде арасына жалғаулық шылауларды келтіріп,бірыңғай мүше етіп қолдануға болады.Мысалы: кәрі-жас түгел жиналды – кәрі мен жас түгел жиналды, айқай-шу тыйылды – айқай да,шу да тыйылды т.б.

Қосарлама қос сөздердің құрамы мынадый болады.

1.Мағынасы бір-біріне жақын(синоним)я қарама-қайшы(антоним)сөздер қосарланадыМыс:аға-іні.

2.Бір сыңары мағыналы,екінші сыңары мағынасыз сөздер қолданылады.Мсыалы: бала-шаға

3.Екі сыңары да мағынасыз сөздер қолданылады.Мыс:ығы-жығы,оқта-текте,некен-саяқ

4.Кейінгі кезде ғана қалыптаса бастаған бір топ қосарланған сөздер бар.Олардың сыңарлары кейде бір тұлғада бола береді.Мысалы: үгіт-насихат бөлімі,оқу-ағарту саласы,саяси-экономикалық жағдай,қоғамдық-саяси әдебиет,саяси-көпшілік әдебиет, т.б.

Қос сөздердің қайталама түрі де,қосарлама түрі де әрқашан дефис арқылы жазылады

Дәптермен жұмыс: 93-жаттығу. Қосарлама қос сөздерді теріп жазып,олардың қлай жасалғанын айтыңдар,дефис арқылы жазылатынына көңіл аударыңдар.

Кітаппен жұмыс: 99-жаттығу.Мәтінді мәнерлеп оқыңдар.Қос сөздің түрлерін анықтап,олардың қандай жолмен жасалғанын айтыңдар.

Білімді бекіту: Оқушыладың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін,сұрақтар қоямын.

1.Қосарлама қос сөз дегеніміз не? 2.Қосарлама қос сөздердің құрамы қандай?

3.Қосарлама қос сөздер әрқашан қандай тыныс белгісі арқылы жазылады?

Білімді бағалау: Оқушылардың сұраққа жауап бергендеріне қарай бағалаймын.

Үйге тапсырама: 95-жаттығу. Берілген қос сөздерді пайдаланып,сөз тіркесін жасаңдар.Үлгі: ойын-тойдың сәні, ...

6 – с ы н ы п Қ а з а қ т і л і

Сабақтың тақырыбы : Сөзжасам

Сөз тұлғасы

Сабақтың мақсаты:

а) Түрлі әдістерді пайдалана отырып балаларды тапқырлық,жылдамдық,есте сақтау қабілеттерін арттыру.Сөйлеу тілін жетілдіре отырып,шешендік өнерге баулу.

ә) Оқушылардың ойын кеңейтіп, тілді байытатын мазмұнды да көркем сөз үлгілері мен мақал-мәтелдер,нақыл сөздер үйрену.

б) Оқушылардың бойына әдептілік, инабаттылық,қарапайымдылық қасиеттерін қалыптастыру.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, іздендіру

Сабақтың көрнекілігі: плакат,дидактикалық материалдар т.б.

Халықтық педагогика Дос жылатып айтады,

элементтерін қолдану: Дұшпан күлдіріп айтады.

Пәнаралық байланыс: Әдебиет

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,щқу құралдарын тексеру,сыныптың тазалығына көңіл бөлу

ә) Үй тапсырмасын пысықтау.

Үйге берілген тапсырманы тексеремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1.Әдеби тіл дегеніміз не? 2.Мәтін дегеніміз не? Әдеби тіл қаншаға бөлінеді?т.б.

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Сөз түрлі бөлшектерден тұрады.Сөз бөлшектерінің өзіне тән белгілі бір мағынасы және қызметі болады.Мысалы, жолдастыққа деген сөз мынадай төрт бөлшектен тұрады: жол-дас-тық-қа. Бірінші жол бөлшегі «салған із» немесе «сапар» деген мағынаны білдірсе, оған –дас қосымшасы қосылған жолдас сөзі «серік» деген мағынаны беріп тұр.Бұл сөзге –тық қосымшасы жалғанып,адамдар арсындағы қатынас мағынасын білдіретін сөз жасалған.Соңғы –қа бөлшегі бұл сөзге жаңа мағына үстеп тұрған жоқ,басқа сөзбен байланыстыру қызметін атқарып тұр.

Сөйтіп,сөздің тұлғасы деген ұғымға түбір және қосымша деп аталатын бөлшектер кіреді.Сөз жалғыз бір түбірден де (мысалы,үй,әке,бала т.б.),қосымшалы түбірден де(мысалы,маңдай-ша,өнер-паз,біл-ім т.б.), екі түбірден де (мысалы,некен-саяқ,жақсы-жаман,аққу,Марқакөл т.б.) құралады.

Кітаппен жұмыс: 66-жаттығу. Сөздерді оқып,олардың құрамын ауызша ажыратыңдар.

Үлгі: күзетшілік: күзет – түбір;оған – ші жұрнағы қосылғанда,кісі мағынасын білдіреді;-лік жұрнағы қосылғанда,қызмет түрін білдіреді.

68-жаттығу Мақал-мәтелдердегі қосымшалардың түрлерін ажыратыңдар.

Үлгі: Ел ағасыз болмас: аға түбіріне жалғанған –сыз қосымшасы – жұрнақ..

1.Ел ағасыз болмас,

Тон жағасыз болмас.

2. Ақылды адам елге қарайды,

Ақылсыз адам өрге қарайды.

3.Берекелі елдің бетін ешкім қақпайды.

4.Жолдасын таппаған ер азады.

Білімді бекіту: Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.Оқушыларға сұрақтар қоямын. 1.Түбір дегеніміз не? 2.Қосымша дегеніміз не?

Білімді бағалау: Оқушылардың белсенділігіне,ынтасына,сұраққа жауап бергеніне қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : 67-жаттығу. Суретке қарап,күз көрінісін бейнелеп жазыңдар.Сөздерге қосылған қосымшалардың астын сызыңдар.

Сабақтың тақырыбы : Өзгелік етіс

Сабақтың мақсаты :

а) Оқушылардың ойын кеңейтіп,тілді байытатын мазмұнды дакөркем сөз үлгілері мол мақал-мәтелдер,нақыл сөздер үйрету.

ә) Оқушылардың оқулықпен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіре отырып, логикалық ойын дамыту,оқу материалына сын көзбен қарап жолдасының көмекке қашанда әзір болу қасиетіне,ұллтық дәстүрді қастерлеуге үйрету.

б) Оқушыларды сауаттылыққа баулу

Сабақтың түрі : Аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі : плакат,кеспе қағаздар

Халықтық педагогика Отыз тістен шыққан сөз,

элементтерін қолдану : отыз рулы елге жайылады.

Пәнаралық байланыс : әдебиет,тарих

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру,сыныптың тазалығына назар

аудару. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоя отырып білімдерін бағалаймын.

1.Етістік нені білдіреді?

2.Етістік тұлғасына қарай нешеге бөлінеді?

3.Етістік құрамына қарай нешеге бөлінеді?

4.Етістік мағынасына қарай нешеге бөлінеді?

5.Сабақты етістік дегеніміз не?

6.Салт етістік дегеніміз не?

7.Етіс дегеніміз не?

8.Өздік етіс дегеніміз не?

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Өзгелік етіс қимылдың,іс-әрекеттің сөйлемдегі іс иесі,яғни субъектінің тікелей өзі емес,екінші бір басқа субъект,қимылды орындаушы арқылы істелетінін білдіріп,белгілі бір жұрнақтар арқылы жасалады.Ол жұрнақтар мыналар:

  1. ғыз,-гіз,-қыз,-кіз: отыр-ғыз,жүр-гіз,айт-қыз,жет-кіз,жаз-ғыз,көр-гіз;

  2. дыр,-дір,-тыр,-тір,-ыр,-ір: сал-дыр,сен-дір,ас-тыр,тік-тір,кет-ір,ас-ыр;

  3. т; жаса-т,сөйле-т т.б.

Демек, өзгелік етісті сөйлемде қимылды,іс-әрекетті іске асырушы екі субъект болады: бірі – сол қимылды орындатушы,екіншісі – қимылды тікелей орындаушы.Мсыалы,Ол баласына өлең айтққызды.Үй иесі бізге малды күзеттірдіСен жұртты сөйлетпедің деген сөйлемдегі айту,күзету,сөйлеу қимылдарын істеуші – ол,үй иесі,сен. Бірақ бұлар өздері тікелей істеп отырған жоқ,қимыл,іс-әрекетті екінші біреу арқылы,яғни баласы,біз,жұрт арқылы істеп отыр.

Кейде бір түбірге өзгелік етістің бірнеше жұрнағы бірінен кейін бірі жалғана береді : сөй-лет-кіз-бе-ді,қаз-ды-т-қыз-ды,оқы-т-тыр-мады т.б.

Жаттығумен жұмыс: 241-жаттығу. Берілген сөздерден қажетті жұрнақ арқылы өзгелік етіс жасап жазыңдар.

Үлгі: көбей-т-тір, ...

Көбей.Ойлан.Оқы.Өсір.Жуын.Айқайла.Ал.Өшір.Құтқар.Жина.Жап.Түсір.Сын.Күй.Өт.Ақта.Апар.Әкел.Жет.Күл.Бас.Ойна.Жаз.Айт.

Білімді бекіту: Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.Өздеріне бірнеше сұрақтар қоямын.

Білімді бағалау: Оқушылардың ынтасына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: 242-жаттығу. Сөйлемдерің құрамынан өзгелік етісті теріп алып,олардың түбірі мен жұрнақтарын дефис арқылы ажыратып жазыңдар.

Үлгі: тарт-тыр-ып, ...

6 – с ы н ы п Қ а з а қ т і л і

Сабақтың тақырыбы : Ортақ етіс

Сабақтың мақсаты :

а) Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету.Ойлау шеберлігін,сөйлеу мәдениетін арттыру.

ә)Сөйлеу тілін,сөз мағынасын түсініп,шапшаң ой қорыта алуға,көркем,ұқыпты жаза білуге дағдыландыру.

Сабақтың түрі : Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі : Баяндау

Сабақтың көрнекілігі : түсінігі қиын сөздерді тақтаға жазамын Халықтық педагогика

элементтерін қлдану :

Пәнаралық байланыс : әдебиет

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу,сабаққа назарын аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоя отырып білімдерін бағалаймын.

1.Етістік нені білдіреді?

2.Етістік тұлғасына қарай нешеге бөлінеді?

3.Етістік құрамына қарай нешеге бөлінеді?

4.Етістік мағынасына қарай нешеге бөлінеді?

5.Сабақты етістік дегеніміз не?

6.Салт етістік дегеніміз не?

7.Етіс дегеніміз не?

8.Өздік етіс дегеніміз не?

9.Өзгелік етіс дегеніміз не?

10.Ырықсыз етіс дегеніміз не?

б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Қимыл,іс-әрекеттің орындаушысы біреу емес,бірнешеу болып, -ыс,-іс,-с жұрнақтары арқылы жасалатын етістің түрі ортақ етіс деп аталады.Мысалы,Омар мен Оспан хат жаз-ыс-ты.Қыз бен жігіт сөйле-с-ті.Ол бізге үй сал-ыс-ты деген сөйлемдердегі жазу,сөйлеу,салу қимылдары бір ғана субъект(іс иесі) тарапынан емес,бірнеше орындаушы (Омар мен Оспан,қыз бен жігіт,ол мен біз) арқылы іске астынын көрсетеді.

Ырықсыз етіс пен өздік етіс жұрнақтары сабақты етістікке жалғанып,оны салт етістікке айналдырады: әңгімені айтты-әңгіме айтылды, сөзді сөйледі-сөз сөйленді,қолын жуды-қол жуылды т.б. Өзгелік етіс жұрнағы салт етістікке жалғанса,салт етістікті сабақты етістікке айналдырады: шам сөнді-шамды сөндірді,оқушы орындықты отырды-оқушыны орындыққа отырғызды,хат жеткізілді-хатты жеткізді т.б.Ал ортақ етіс жұрнағында ондай қызмет жоқ (хат) жазысты-сабақты етістік,сөйлесті-салт етістік.

Етіс жұрнақтары кейде бірінің үстіне бірі қабаттасып та жалғана береді:сөйле-с-іл-ді,жүр-гіз-дір-іл-ді,айт-ыс-тыр-ды т.б.

Кітаппен жұмыс: 248-жаттығу.Сөйлемдерден ортақ етісті тауып,қалай жасалып тұрғанын байқаңдар.Оларға тұлғалық талдау жасаңдар.

Үлгі:Ортақ етіс – дуылдасып.Түбірі – дуыл, -да – бұйрық рай тудыратын жұрнақ, -с – ортақ етіс жасайтын жұрнақ, -ып – көсемшенің жұрнағы.

Жаттығумен жұмыс: 247-жаттығу. Берілген етістіктерге жұрнақ жалғап,ортақ етіс жасаңдар.Түбір мен қосымшаның арасын дефис арқылы ажыратып жазыңдар.

Үлгі: айт-ыс-ты, ...

Білімді бағалау: Оқушылардың белсенділігіне қарай білімдерін бағалаймын.

Білімді бекіту : Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Үйге тапсырма: 249-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазыңдар.Құрамындағы етістерді түрлеріне қарай ажыратып,тұлғалық талдау жасаңдар.

Сабақтың тақырыбы : Есімшенің жасалуы мен түрлері

Сабақтың мақсаты :

а) Есімше,оның жасалу түрлері,ерекшеліктері,сөйлмдегі қызметі туралы түсінік беру;

ә) Оқушы бойында адамгершілік қасиеттерін қалыптастыра отырып,танымдық белсенділігін артыру;

б) Сауттылыққа баулу,алған білімінегізінде ойлау қабілетін дамытып,шығармашылық қабілетін дамыту;

Сабақтың түрі : Аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,тіл дамыту әдістері

Сабқтың көрнекілігі : плакат, кеспе қағаздар

Халықтық педагогика Батамен ел көгерер

элементтерін қолдану Жаңбырменен жер көгерер

Пәнаралық байланыс : әдебиет

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу, түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1.Етіс дегеніміз не ? 2. Етіс нешеге бөлінеді ?

3.Өздік етіс дегеніміз не? 4.Өзгелік етіс қандай жұрнақтар арқылы жасалады?

5. Ырықсыз етіс дегеніміз не? 6. Ортақ етіс дегеніміз не?

7.Етістік құрамына қарай нешеге бөлінеді?8.Етістік мағынасына қарай нешеге бөлінеді?

9.Болымсыз етістік қалай жасалады? 10.Есімше дегеніміз не?

б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Есімше етістіктің негізг және туынды түбірлеріне,сондай-ақ етіс және болымсыз етістік тұлғаларына төмендегідей жұрнақтар қосылу арқылы жасалады.

1) –қан,-кен,-ған,-ген жұрнақтары арқылы өткен шақ есімше жасалады: ал-ған,көр-ген,берме-ген, айт-қан,көрсет-кен,жүргіз-ген т.б.Сөздің соңғы дыбысы дауысты,не үнді,не ұяң болса,жуан буыннан кейін –ған,жіңішке буыннан кейін –ген жалағанады.Қатаң дыбысқа біткен сөзге жуан буыннан кейін –қан, жіңішке буыннан кейін –кен жалғанады.

2) –ар,-ер,-р және болымсыз етістіктен кейін –с жұрнақтары қосылу арқылы болжалды келер шақ есімше жасалады: бар-ар,көр-ер,айт-ар,сөйле-р,жүргіз-ер,берме-с,көрме-с,айтпа-с т.б.Дауыссыз дыбысқа біткен сөзге жуан буыннан кейін –ар,жіңішке буыннан кейін –ер жалғанады да,дауысты дыбысқа біткен сөзге –р,етістіктің болымсыз тұлғасынан кейін –с жалғанады.

Жаттығумен жұмыс:251-жаттығу.Қарамен жазылған есімшелердің қандай жұрнақтар арқылы жасалып тұрғанын және олардың мағынасын түсіндіріңдер.

Білімді бекіту: Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.Өздеріне бірнеше сұрақтар қоямын.

Білімді бағалау. Оқушылардың ынтасына қарай,сұраққа жауап бергеніне қарай бағалаймын.

Үйге тапсырма: 252-жаттығу. Құрамында есімше кездесетін бес сөйлемнен тұратын мәтін құрастырыңдар.Есімшелерге тұлғалық талдау жасаңдар.

Сабақтың тақырыбы : Көсемшенің жасалуы мен түрлері

Сабақтың мақсаты :

а) Оқушылардың ойын кеңейтіп тілді байытатын мазмұнды да көркем сөз үлгілері көп мақал-мәтелдер,нақыл сөздер үйрету.

ә) Түрлі әдістерді пайдалана отырып балаларды тапқырлық, жылдамдық,есте сақтау қабілеттерін арттыру. Сйлеу тілін жетілдіріп,шешендік өнерге баулу

б) Сымбатты,шымыр туған жердің табиғатын сүйе білетн, оған құрметпен қарай алатын көзқарасқа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі : Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі : плакат,кітаптар

Халықтық педагогика Тұлпар шаба жетіледі

элементтерін қолдану : Сұңқар ұша жетіледі.

Пәнаралық байланыс : әдебиет , тарих

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу, түгелдеу оқу құралдарын тексеру.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару

ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1.Есімше дегеніміз не? 2.Етіс нешеге бөлінеді?

3.Етістік мағынасына қарай нешеге бөлінеді? 4.Етістік тұлғасына қарай нешеге бөлінеді? 5.Туынды етістік қалай жасалады? 6.Сабақты етістік дегеніміз не?

7.Болымды етістік дегеніміз не? 8.Болымсыз етістік қалай жасалады?

9.Көсемше дегеніміз не?

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Көсемше етістік түбірлеріне (негізгі және туынды)немесе етіс,болымсыз етістік тұлғаларына мына жұрнақтар жалғану арқылаы жасалады.:

1) –а,-е,-й жұрнақтары арқылы ауыспалы осы шақ көсемше жасалады.Дауыссыз дыбысқа біткен сөздерге жуан буыннан кейін –а, жіңішке буыннан кейін –е, дауысты дыбысқа біткен етістікке –й жұрнағы жалғанады: жаз-а,күл-е,айт-асөйле-й,қара-й т.б.;

2) –ып,-іп,-п жұрнағы арқылы өткен шақ көсемше жасалады.Даукыссыз дыбстарға біткен етістіктерге жуан буыннан кейін –ып,жіңішке буыннан кейін –іп,дауысты дыбысқа біткен етістікке –п жұрнағы жалғанады:жаз-ып,күл-іп,айт-ып,сөйл-п,қараа-п т.б.

3) –ғалы,-гелі,-қалы,-келі жұрнағы арқылы көсемшенің үшінші түрі жасалады.Дауысты,үнді,ұяң дауыссыз дыбыстарға біткен етістіктерге жуан буыннан кейін –гелі жалғанады да,қатаң дыбыстарға біткен етістіктерге жуан буыннан кейін –қалы, жіңішке буыннан кейін –келі жалғанады:жаз-ғалы,бер-гелі,қара-ғалы,сөйле-гелі,айт-қалы,кет-келі т.б.

-а,-е,-й және –ып,-іп,-п тұлғалы көсемшелер жіктеледі де,-ғалы,-гелі,-қалы,-келі тұлғалы көсемшелер жіктелмейді.Көсемше тұлғасына көптік,септік,тәуелдік жалғаулар жалғанбайды.

Кітаппен жұмыс: 258-жаттығу. Көсеишелерді тауып,сұрақ қойып,сөйлемде қандай мүшенің қызметін атқарып тұрғанын айтыңдар.

Білімді бекіту:Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын. 1.Көсемшенің түрлерін айтыңдар? 2.Көсемшенің жіктелу ерекшеліктері қандай? 3.Көсемшенің қай түрі жіктелмейді?4.Не себепті көсемше етістіктің ерекше түрі деп аталады?

Білімді бағалау: Оқушылардың сұраққа жауап бергеніне қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: 257-жаттығу. Көсемшелерді теріп жазып,тұлғалық талдау жасаңдар.

Сабақтың тақырыбы: Сын есім.

Сабақтың мақсаты: а) білімділік – сын есім туралы түсініктерін қалыптастыру,сын есім туралы жалпы мағлұмат беру,сын есімнің сындық қасиеттерін ашу;

ә) дамытушылық – түрлі әдістерді пайдалана отырып,оқушылардың ой-қабілеттерін,сөздік қорларын,байқағыштық қасиеттерін дамыту;

б) тәрбиелік – Абай өлеңдерін,әндерін жатқа айтқызып,талдау барысында әдемілікті,әсемдіктітүсінуге,туған табиғатқа қамқорлық жасауға тәрбиелеу,эстетикалық тәрбие беру.

Сабақтың түрі: дәстүрлі.

Сабақтың әдісі:түсіндіру,баяндау,сұрақ-жауап,көрнекілік,оқулықпен жұмыс,жаттығу,салыстыру әдістері.

Көрнекіліктері: Абайдың табиғат лмрмкаларынан буклет,әндері,аудармалары,карточкалар,ойын түрлері,плакат,бейнесөз,мемлекеттік елтаңба,ту.

Пәнаралық байланыс:әдебиет,музыка,орыс әдебиеті,бейнелеу өнері.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру бөлімі:

Өткен тақырыптар бойыншы сұрақтар қоямын.

1.Қазақ тілінде неше сөз табы бар?

2.Зат есім дегеніміз не?

3.Жалқы есім дегеніміз не? Мысал келтір.

4.Деректі және дерексіз зат есімдер дегеніміз не?

Жаңа сабақтың тақырыбын жазбас бұрын бейнесөз шешіп көрелік.Бейнесөзде қоржын мен киіз үйдің есігі бейнеленген.Қоржынның алдыңғы 4 дыбысын алып тастап,орнына «с» дыбысын, есіктің соңғы дыбысын алып тастап,орнына «м» дыбысын қойса, «сын есім» деген сөз шығады.

Қазақ тілі - өте бай тіл.Оның құрамында әлденеше мыңдаған сөз бар.Сол сөздердің мағыналарына,атқарылатын қызметіне,сұрағына қарай тоғыз топқа бөлінеді,соның бір табы зат есім деп аталса,келесі бір табы сын есім деп аталады.Зат есім заттың,құбылыстың атын білдірсе,сын есім сол заттың,құбылыстың сын-сипатын,көлемін,түр-түсін,сапасын білдіреді.

Мысалы:

ақылды қызыл

Бала саналы гүл әдемі

ойлы нәзік

Сын есімнің мынадай маңызды белгілері болады.

1

Заттың түрін,түсін білдіреді

ақ(қағаз),көк(сия),сұр(бұлт),т.б.

2

Заттың көлемдік,аумақтық белгісін,сынын білдіреді

биік(үй),тар(бөлме),ұзын(ағаш),т.б.

3

Заттың сапалық сипатын білдіреді

жақсы(сөз),сараң(адам),тентек(бала),т.б.

4

Заттың дәмін,иісін және басқа сипатын білдіреді

ащы(пияз),тұщы(су),тәтті(тоқаш),т.б.

5

Затқа,қимыл іс-әрекетке,мезгіл-мекенге қатысты сынды білдіреді.

тасты(жер),балалы(үй),көтеріңкі(көңіл),т.б.

Сын есім қандай,қай деген сұрақтарға жауап береді.Мысалы:желсіз түнде жарық ай. Мұнда желсіз,жарық сөздері түн,ай деген зат есімдердің сынын,сапасын білдіріп,қандай деген сұраққа жауап береді.Жарық (қандай) ай,желсіз (қандай) түн.

Сонымен,заттың сынын,сипатын,түр-түсін,иісін,дәмін,көлемі мен аумағын білдіріп,қандай,қай деген сұрауларға жауап беретін сөз табын сын есім дейміз.

(Оқушылардан жекелеп қайтадан сұраймын).

  • Балалар,қазір жылдың қай мезгілі? ...

  • Тағы қандай жыл мезгілдері бар? ...

  • Жылдың төрт мезгіліне де өлең жазған қай ақынды білеміз? ...

  • Дұрыс айтасыңдар,Абай - қазақтың ұлы ақыны.

Кім «Күз» өлеңінен үзінді жатқа оқи алады? ...

Оқушыдан өлеңді жатқа сұрап,сын есімдерін тапқызып,тақтаға жазғызамын.

Сұр бұлт,түсі суық,қаптайды аспан,

Күз болып,дымқыл тұман жерді басқан.

Білмеймін тойғаны ма,тоңғаны ма,

Жылқы ойнап,бие қашқан,тай жарысқан.

«Қыс» өлеңінен де үзінділерді жатқа сұрап,сын есімдерін табу.

Ақ киімді,денелі,ақ сақалды,

Соқыр,мылқау танымас тірі жанды.

Үсті-басы ақ қырау,түсі суық,

Басқан жері сықырлап келіп қалды.

«Көктем» туралы өлеңінен үзінді оқып,сын есімін табу.

Ай,жұлдызға жылы жел хабар беріп,

Жан-жануар қуанар тойға еліріп.

Азалы ақ көрпесін сілке тастап,

Жер күлімдер,өзіне шырай беріп.

«Жаз» өлеңінен үзінді оқып,сын есім табу.

Жаздыкүні шілде болғанда,

Көкорай шалғын болғанда

Ұзарып өсіп толғанда.

Күркіреп жатқан өзенге,

Көшіп ауыл қонғанда.

Абай тек өлең жазып қана қоймаған,ән де шығарған.Абай - өзінің отыздан астам өлеңіне ән жазған сазгер.Енді Абай әндерін орындаймыз.

I топ «Желсіз түнде жарық ай»

II топ «Көзімнің қарасы».

Әр топтан 2 оқушыдан шығып,өлеңдегі сын есімдерді табады.

Абай А.С.Пушкин,М.Ю.Лермонтов,Л.Н.Толстой,И.С.Тургенов,И.А.Крылов шығармаларын қазақ тіліне аударған.

Біздер қазір И.А.Крыловтан аударған мысалдарына тоқталамыз.

I топ «Есек пен бұлбұл».

II топ «Бақа мен өгіз».

Әр топ мүшелері алдымен қысқаша мазмұнын айтады да,кейіпкерлерге сипаттама береді.

Есек Бұлбұл Өгіз Бақа

Оқулықпен жұмыс. 129-жаттығу (63-бет).

Оқып шығып,өлең жолдарындағы сын есімдерді табыңдар,олардың мағыналық белгілерін ажыратыңдар.

128-жаттығу. Берілген сын есімдерді мағыналық жағынан байланысатыг зат есімдерімен тіркестіріп жазыңдар.Мсыалы: салқын су,салқын ауа,салқын түн,салқын күз, ...

Ойын: «Бір сөзбен айтқанда қандай дейді?»

  • Жақсы оқитын оқушы (үлгілі).

  • Сөзге шебер адам (шешен).

  • Тез ашуланатын адам (ашуланшақ).

  • Сабақ оқымайтын оқушы (жалқау).

«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасы бойынша «екі жақты күнделік»стратегиясымен жұмыс.

I топ Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ,

Қой мойынды,қоян жақ,бөкен қабақ.

Ауыз омыртқа шығыңқы,майда жалды,

Ой желке,үңірейген болса сағақ.

II топ Жарық көрмей жатсаң да ұзақ,кен тілім,

Таза,терең,өткір,күшті,кең тілім.

Тарап кеткен балаларыңды бауырыңа

Ақ қолыңмен тарта аласың,сен тілім!

Осы өлеңдерді оқу арқылы оқушылар қорытынды түйін шығарады,соған байланысты мақал-мәтелдер жазады.Мақал-мәтелдерге сын есім болу керек.Оқушылар топтарымен бірлесіп жұмыс жасайды.

Мысалы: Ең тәтті де,ең ащыда – тіл.

127-жаттығу.ҚР-ң Туы мен Елтаңбасын суреттеп жазыңдар.Мәтіндеріңде сын есімнің болуын ескеріңдер.

Тақтаға екі топтан бір-бір оқушыдан шығарамын.

I топ. Елтаңбаны сипаттап жазу.

II топ.Туды сипаттап жазу.

Қорытынды.

Өткізілген сабақты қорытындылаймыз.Оқушыларға сұрақ қою арқылы сын есімді,оның сұрақтарын,оның сындық қасиеттеріне тоқталып кетеміз.

Үйге тапсырма: сын есім,ережелері,130-жаттығу.

Білімдерін бағалау.

Бір тамшы ой

Күн болсаң да күншілдер кім демейді,

Көк есекті Тайбурыл күндемейді

Сабақтың тақырыбы: Етістер,оның түрлері

Білімділік: оқушыларға етістіктен өткенді қайталай отырып,етістіктің категориясын меңгерту.

Дамыту:етіс түрлеріне тоқталу,жасалу жолдарын көрсете отырып,айырмашылықтарын айқындау.

Тәрбиелік: көру қабілетін арттыру,жаңа технологияны қолданып білімдерін көтеру.

Сабақ жабдығы: таблица,карточка.

Өту әдісі: деңгейіне қарай,сатылай оқыту (қабілетіне).

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру.

Үйге етістіктен өткенді қайталап келуге берілген.Ол үшін таблицанықолдану және төрт балаға қайталауға арналған карточкалар беру.

Етістік

Түрлері

Мысалдар

1.Тұлғасына қарай

негізгі

оқы,жаз,бар,кел,бер

туынды

тұзда,гүлде,ойа, ойла,кешік,тазар

2.Мағынасына қарай

негізгі

ал,қал,көр,сөйле,әкел

көмекші

а/е,ет,де,

ә/бол,әкет,тұр,шық

3.Нысанға қатысына қарай

салт

бар,кел,отыр,жүр,тұр

сабақты

жаз,ал,бер,айт,

аш,жап

4. Іс-әрекеттің орындалуына қарай

болымды

бар,кел,оқы,жаз

барма,барған жоқ,

келген емес

5.Құрамына қарай

Күрделі

Етістік

Аналитикалық формалары

дара

жаз,оқы,ойна,гүлде

күрделі

а/құрама

(етістік+

етістік)

барып кел,кіріп шық,келіпкет,

алып бар,алып қайт.

ә/құранды

/есім+етістік/

жәрдем ет,қызмет қыл,адам бол,арман ет,үлгі қыл,қабыл ал

б/қосарлы

алдап-сулап,арып-ашып,шаршап-шалдығып,жығыла-сүріне

в/біріккен/кіріккен/

апар,әкел,әпер,бүйт,сүйт,өйт

г/тұрақты

ауыз жаласу,таяқ жеу,жүрек жалғау,опық жеу,жігері құм болу,бос қою

г/аналитикалық

/етістік+көмекші

етістік/

барып еді,айта сал,оқи бер,алып жібер.

- Ал енді бүгінгі өтетін тақырыбымыз – «Етістер» (Дәптерлеріңді ашып жазыңдар.(Балалар жазып жатқанда карточка тксеру).

Етістер іс істеуші мен іс-әрекеттің арасындағы қатынасты білдіретін етістіктің бір түрі екен.Ол төрт түрге бөлінеді.

Өздік етіс

Орындаушы Әрекет

Жұрнағы: -н,-ын,-ін Мысалы: көрінді,таранды.

Өзгелік етіс

Орындаушы Әрекет

Жұрнағы. –қыз,-кіз,-ғыз,-гіз,-дыр,-дір,-тыр,-тір,-ыр,-ір,-т

Орындатушы Мысалы:ашқызды,бергізді,ойдырды,оқытт

Ортақ етіс

Орындаушы Әрекет Орындаушы

Жұрнағы : -ы,-ыс,-іс

Орындаушы Мысалы : айтысты,тарасты

Ырықсыз етіс

? Әрекет

Жұрнағы : -ыл,-іл,-л,-ын,-ін,-н

Мысалы : терілді,шегеленді.

  1. Жанат жуынды,таранды,киінді.

  2. Омар Әсияғакітап оқытты,мазмұнын айтқызды.

  3. Студенттер егін жиысты,алма терісті.

  4. Мәдениет үйіне орындық қойылды,шам жағылды.

  • Балалар,тақтадағы сөйлемдерден етістіктерді тауып,астын сызайық./Бір-бірлеп шығып көк не қызыл бормен астын сызады/.

1-сөйлемде жуынды,таранды,киінді.Мұнда қимыл,іс әрекет жасаушы кім?Қимыл жасаушы да,қимылдың жұмсалатын нысаны да өзі(Жанат).Ендеше қимыл өзінен шығып(бір адамнан),өзіне бағытталған етістің түрі өздік етіс деп аталады.Мұнда орындаушы біреу/таблица көрсету/.Өздік етіс –ын,-ін,-н жұрнақтары арқылы жасалып тұр.

2-сөйлемде қимылды істеуші Әсия да(оқытты,айтқызды),оған ұйтқы болған жасатқан,қозғаушы күш – Омар,кітап –нысан.Яғни істі орындатушы бар,орындаушы бар.Іс-әрекетке қатысты адам (субъект) екеу.Етістің мұндай түрін өзгелік етіс дейміз.

3-сөйлемде жиысты,терісті дегенде қимылды орындаушы көп,бір адам емес,бірнеше адам,ортақтасып істеген (жиысқан,теріскен).Сондықтан мұндай етіс ортақ етіс деп аталады.

Тек бір ескертетін жайт:ортақ етісте істелетін зат адам баласына бағытталған жағдайда,істеушілер де,нысан да адам болғанда,қимыл қарама-қарсы жасалады.

Мысалы: Асан мен Үсен күресті.Олар айтысты.Мұнда нысан да.иесі(субъект) де – адам.

4-сөйлемде қойылды,жағылды дегенде қимылды орындағандар айтылмайды.Іс-әрекет өзінен-өзі істелген сияқты.Демек істелушісі көрсетілмейтін етіс түрі ырықсыз етіс деп аталады.

Жасалу жолдары таблицасына қарасақ,өздік етіс пен ырықсыз етістің жасалуында ұқсастық бар екен.Ал біздер онықалай ажыратуымызға болады сөйлем ішінде? ... – Дұрыс, іс-қимылмен орындаушыға қатысына қарап (өздік пе,ырықсыз ба) білуімізге болады екен.

Сонымен етістер дегеніміз не екен?

Іс-әрекет,қимыл мен істі орындайтын адамның бір-біріне қатысын білдіретін етістіктің түр екен.

Жаңа сабақты қорытындылаймын.

242-жаттығу. Өзгелік етістерді теріп жаз.Жауратып,іздеттіргенде,өндірмейді,өткізіп,ішкізді, жатқызды.

245-жаттығу.Сөйлем құра.

1.Біздің үйдің жанынан үлкен үй салынды (ырықсыз)

2.Жинақ кассасына жылу энергиясы үшін ақша төленді.

3.Мектеп айналасына ағаш отырғызылды.

Өз бетімен жұмысқа деңгейлік тапсырма беру.

I деңгей.

1.Етістерді тауып,түрлеріне ажырат.

Ханшайымға жібек көйлек кигізді.Асқар мына жәшіктерді әкелісші.Олар топтасып,жамыраңқырасып сөйлесіп,ақырын сыңқылдап күлісіп,ауылдың солтүстік жағына қарай жүрісті.

Бір сөйлемге морфологиялық талдау жаса.

« Көйлек» сөзіне фонетикалық талдау жаса.

II деңгей. Етістіктерді тап,ажырат.

1.Абайға үйдегі кемпір де бұрылып қарады.

2.Ыңырсыған қалың елдің қайғысын табанға таптатып,аз ғана топтың шаттығына айналдырды.

3.Әлия көйлектің тігісін сөгісті.

Бірінші сөйлемді сөйлем мүшесіне талда.

Ш деңгей

1.Етістерді тап,түрлеріне ажырат. (мысал беру)

2.Өздік етіс жаса : ойла,қозға,қара,кер.

3.Бөлен,зуылда,қуан,ұста етістіктерінен өзгелік етіс жасап,сөйлем құра.

Бес-алты минуттан соң жинап алып,бағалау.Қорыту.

1.Бір жұрнақ екі етіске ортақ.Ол қай етістер?Оны қалай ажыратамыз?

2.Көп адамның қатысуымен істелетін іс қай етіске жатады? (ортақ)

Бағалау.

Сабақтың тақырыбы: Күшейткіш үстеу

Сабақтың мақсаты: күшейткіш үстеудің қимыл мен сынның белгісі мен сапасын күшейтіп не солғындатып көрсететіндігін меңгереді.

Міндеттері: 1) күшейткіш үстеу туралы толық мағлұмат алады; 2) сөз мәдениеті және ойлау қабілеті дамиды ; 3) топта жұмыс жүргізе отырып қорытынды шығарады.

Түрі: Жаңа сабақ.

Әдісі: сұрақ-жауап.

Пәнаралық байланыс: әдебиет.

Сабақтың өтілу барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: Топ басшыларын сайлау

Үй тапсырмасы: мекен,мезгіл,мөлшер,сын-қимыл үстеулерінен мысалдар келтіру,ережесін айту.

Семантикалық кесте

Үстеу

Мезгіл

Мекен

Мөлшер

Сын-қимыл

Жаңа

+

Кеше

+

Бүгін

+

Ерте кезде

+

Жол-жөнекей

+

Жолшыбай

+

Анағұрлым

+

Сонша

+

Бірлі-жарым

+

Бірқатар

+

Келе-сала

+

Біржолата

+

Қызығушылығын ояту

Сын есім Етістік

жақсы білмейді

өте мүлдем

жаман түсінбейді

Жаңа сабақ. Білім жүйесі

Білім.

қалай? қалай?

Өте әдемі,тым биік,жөнсіз сөйлейді,әбден шаршаған.

Сұрақ. 1.Күшейткіш үстеу қандай сөз табымен тіркесіп тұр? Қандай шырай түрін жасауға негіз болып тұр,қимылдың,іс-әрекеттің белгісін қалай көрсетеді?

2.Күшейткіш үстеу етістікпен тіркесіп,қандай сұраққа жауап беріп тұр? Қимылдың сипатын бұл жерде де қалай көрсетеді?

Ереже шығарту. 1.Күшейткіш үстеу сынның немесе қимылдың,іс-әрекеттің белгімін,сапасын күшейтіп яки солғындатып көрсетеді.Күшейткіш үстелер көбінесе сапалық сын есімдермен тіркесіп жұмсалады да,сын есімнің күшейтпелі шырай түрін жасауға негіз болады.

2.Күшейткіш үстеулердің біразы етістікпен тіркесіп,қалай деген сұраққа жауап беріп,қимылдың сипатын күшейте я солғындата көрсетеді. Құрамы жағынан күшейткіш үстеулер негізгі түбір болып келеді.

Түсіну. Кітаппен жұмыс.

Тақтаға бір оқушы шығады. 285-жаттығу.Қатты құлпырып алған,мүлдем шаршаған болатын,аса үлкен,ең қадірлі,өте дәмді,мүлдем жүдеу екен,тіпті тірлік белгісі жоқ.

Қалған оқушылар орнында жазып,топ басшылары қалай орындағанын тексереді.

Талдау.Осы жаттығуды күшейткіш үстеулердің қандай сөзбен тіркесіп тұрғанын ажырату.Өте,төмен ...

Қолдану. Алған білімді тәжірибеде нақты қолдану.

286-жаттығу. Күшейткіш үстеулерді қатыстырып,халқымыздың салт-дәстүрлері және өмірімен байланыстыра отыра сөйлем құрап жазу.

Жинақтау. Тақырып бойынша ойымызды жинақтайық.

Кубиктің (шаршының) алты жағындағы тапсырманы орындау.

1.Баяндаңыз. Күшейткіш үстеудің анықтамасы. Сұрақтары.Мысалдар.

2.Салыстырыңыз. Өзге үстеулерме салыстырып,айырмашылығын айту.

3.Зерттеңіз. Орхон ескерткіштерінң тарихы.Орхон ескерткіштеріне Моңғолия жеріндегі бір замандарда түркілер мекендеген Орхон өзені маңайларынан табылған тастағы жазулар жатады.Олар: Білге қаған,Күлтегін,Тоныкөк ескерткіштері.Ескерткіштер VII-VIII ғасырда түркі ру-тайпаларының іргелі елі Түрік қағанатының тұсында жазылған.

Орхон ескерткіштеріндегі үстеулер үшке бөлінеді.Олар:мекен,мезгіл,амал үстеулер.

4. Қолданыңыз. «Арқалығым – арайлым».Күшейтпелі үстеулерді қатыстырып шағын әңгіме жазу.

5.Белгілеңіз (тест жұмысы).

1.Дұрыс жазылған үстеуді тап.

а) Жолжөнекей ә) Ала-жаздай б) Тасыр-тұсыр в) Ендігәрі г)Быйыл

2.Туынды үстеуді көрсет.

а) Әдейі бардым ә) Ертең келеді б) Әрең жүрді в) Жылдамырақ жүр г) Талай жүрген жер

3.Мезгіл үстеуді көрсет.

а) Бүрсігүні аттандым ә) Ілгері жүрді б) Қаннен қаперсіз в) Қыруар жұмыс істедік г) Өте үлкен

4.Мекен үстеуді көрсет

а)Алға қадам басты ә)Әрең-әрең бара жатты б)Қасақана істеген в)Амалсыздан үйіне жүрді.г)Қолма-қол тапсырды

5. «Тым,ең,кілең» үстеулері мағына жағынан үстеудің қай түріне жатады?

а) Мекен үстеуі ә) Мезгіл үстеуі б) Күшейткіш үстеуі в) Мақсат үстеуі г) Себеп-салдар үстеуі

6.Дефис арқылы жазылатын үстеуді көрсет.

а) Қыстыгүні ә) Құр босқа б) Емін еркін в) Таң сәріде г) Биыл

7.Үстеу бастауыш қызметін атқарып тұрған сөйлемді тап.

а) Бірі – қартаң,бірі – жас қонақ. ә) Қасына қайта отырғызды. б) Тезірек қимылда. в) Ел ертеңі білімді жастар қолында. г) Ары таза болмаған адам бұрын қағады кірпігін.

Жауаптары: 1.в 2.в 3.а 4.а 5.б 6.б 7.в

6.Ойланыңыз (Талқылаңыз) Үзінділерден үстеулерді табу.Әңгімелердің авторы мен тақырыбын ата.

1.Бұл кезде таң әбден атқан.Тұман сәл сейілгендей болды,бірақ күн сол бұлыңғыр қалпы.

2.Түні бойы қылауланған болу керек,кеше ғана айнадай ғып сыпырып,күреп тастаған есік алдында жаздағы көк теректің басынан төгілген ақ үлпек сияқты боп жұлықтан асар-аспас қылау қар көрініп жатыр.

3.Әжемнің әжімді маңдайынан шөп еткізіп бір сүйдім де,жүгіріп тысқа шығып кеттім.шіркін,бүгінгі кеш қандай әсем еді!

4.Ұғыса алмай қалғанда,екеуі бір-біріне қарап тұрады да,ақырын күліп жібереді.Галя кемпірді иығынан бауырына қысып,ар жағын өзі топшылап алып кетеді.

5.бірлі-жарым кешіккен шәкірттер жүгіре басып ішке енді.Приходко мырзаның балалары ең құрметті шәкірттер болғаны ғой.

7.Бекіту Семантикалық кесте.

Үстеу

күндіз

едәуір

тұс-тұстан

кілең

күні бойы

үнемі

азырақ

ілгеріде

нағыз

жедел

Мезгіл

Мекен

Мөлшер

Сын-қимыл

күшейткіш

Үстеу

жатпай

тұрмай

мұнда

өңкей

түні бойы

азырақ

жедел

күнде

мейлінше

тұс-тұстан

осынша

Мезгіл

Мекен

Мөлшер

Сын-қимыл

Күшейткіш

Үстеу

Кезек-кезек

азырақ

келе-сала

ерте

керемет

сонда

тіпті

ерте бастан

тосыннан

осында

мезгіл

Мөлшер

сын-қимыл

күшейткіш

Бағалау : Топ басшылары бағалайды.

Үйге тапсырма: көркем әдебиеттен,газет-журналдардан күшейткіш үстеулерге мысалдар келтіру.

Сабақтың тақырыьы : Есімдерді қайталау

Сабақтың мақсаты: танымдық – зат есім,сын есім,сан есім тақырыптарынан алған білімдерін тиянақтау,сөз қолданыста пайдалана білуге үйрету,мәтін ішінен тауып,талдай білуге баулу; тәрбиелік – оқушылардың туған жер тарихына деген патриоттық сезімін ояту,адамгершілікке баулу,халық даналығы,халық өсиеттерінен нәр алғызу,сөз өнеріне деген қызығушылығын арттыру; дамытушылық – ой еркіндігіне,ізденімпаздыққа баулу,сөйлеу мәдениетін жетілдіру,өз бетімен әрекеттенуге дағдыландыру.

Сабақтың әдісі: мәнерлеп оқу,материалды деңгейлеп беру,бірін-бірі тексеру арқылы жұмыстың дұрыстығына көз жеткізу,өз бетімен жұмыстану,рөлдік,іскерлік т.б.

Сабақ жабдықтары: зат есім,сын есім,сан есім,олардың түрлері туралы таблицалар,сабақ жоспары жазылған плакат,дидактикалық карточкалар т.б.

Сабақ түрі: проблемалық,деңгейлік саралап оқыту технологиясы.

Пәнаралық байланыс: әдебиет,бейнелеу өнері,музыка.

Сабақ барыс.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.Оқушыларға сабақ мақсаты түсіндіріліп,сабақ жоспары тақтаға көрсетіледі.

  1. «Бірін-бірі үйрету» сабағы

  2. «КВН» ойыны

  3. «Бетпе-бет» ойыны

  4. «Мені түсін» ойыны

  5. «Бірін-бірі тексеру» ойыны

  6. «Ән сала білесің бе?»

  7. Деңгейлік тапсырмалармен жұмыс

  8. Үйге тапсырма

Сабақта өтілген материалдар бойынша оқушылардың алған білімі тексеріледі.Оқушылар үш топқа бөлінеді.Әр топ алдын-ала жоспар бойынша дайындалады.Әр түрлі кітаптар өтілген шығармалардағы қажетті мақал-мәтел,жаңылтпаштарға көңіл аударады.Ойын шарты бойынша тақырыпқа сай материалдар іздейді,ішінен сөз таптарын табады.

  1. «Бірін-бірі үйрету» сабағы

Ойын шарты бойынша әр топқа тапсырма беріледі.1)тапсырма бойынша біреуі мұғалім болып сол тапсырманы түсіндіреді,екіншісі оқушы болып жауап береді.2) тапсырмада орындарын алмастырады,яғни зат есім,сан есім,сын есім,олардың түрлері туралы айтып,мысалдармен дәлелдеп түсіндіру қажет.Оқушылар схема-таблицамен жұмыс істейді.

  1. «КВН» ойынының шарты 3 турдан тұрады: топты таныстыру;үй тапсырмасы; шығармашылық кезең.

.1) тур бойынша әр топ өздерін таныстырады.

2) турда оқушылар үйге берілген тапсырма бойынша жауап береді.Әр топ зат есім,сын есім,сан есімі бар мақал-мәтел, жаңылтпаштар айтып талдау жасайды.

Әдепті бала – арлы бала.

Әдепсіз бала – сорлы бала.

Бала – мағынасына қарай жалпы,деректі зат есім,құрамына қарай негізгі,дара зат есім.

3) тур бойынша берілген тақырыптағы шығарған өлеңдері, ой-толғаныстары тыңдалады.

3. «Бетпе-бет» ойынында 1 оқушыны жүргізуші етіп сайлап,3 топтан 3 оқушыны «Бетпе-бет» студиясына қонаққа шақырамыз.3 топтың оқушылары өзге топтан келген қонаққа алма кезек сұрақ қояды.Ал жауаптарын жүргізуші бағалап отырады.

«Зат есім» тобынан келген қонаққа: «Атауыш сөздер деп қандай сөздерді айтамыз,деректі,дерексіз зат есімдер жайында айтсаңыз».

«Сын есім» тобынан келген қонаққа : «Сын есімнің шырайлары туралы айтсаңыз,сын есімнің маңызды белгілері қандай?»

«Сан есім» тобынан келген қонаққа : Сан есім туралы қызықты әңгіміелер айтсаңыз,қасиетті сандар туралы әңгімелессңіз.

4. «Мені түсін» ойынның шарты бойынша 3 топтан оқушылар шығып бір автордың шығармасындағы кейіпкерлер бейнесін сомдап береді және де жұмбақтап сұрақ қояды.Келесі топ жұмбақтың шешуін тауып,сол кейіпкер бейнесін сомдап көрсетеді

5. «Бірін-бірі тексеру» ойынында әр топ өзара бірін-бірі тексеру мақсатында бір-біріне сұрақ қояды.

«Зат есім» тобына

1.Жалпы,жалқы есім деген не? Мысалдар келтір.

2.Тыйым сөздерден зат есімді тауып,талдау жүргіз.

3.А әрпінен басталатын жалқы есімдер.

«Сын есім» тобына

1.Сын есімнің мағыналық түрлері туралы не білесің? Мысалдар келтір.

2.Өлең жолдарынан сын есімді тауып, талда.

3.Бояумен сурет салып,сөзбен суретте.

«Сан есім» тобына

1.Реттік,жинақтық сан есімдер туралы не білесің? Мысалдармен дәлелде.

2.Билер сөзінен сан есімді тауып,талда.

3. Сан есімнен басталатын ұлттық ойын атауларын ата.

6. «Ән сала білесің бе?» Мәтін ішінде зат есім,сын есім,сан есім кездесуі керек.

Оқушылар «Саржайлау», «Сегіз аяқ» әндерін айтады.

7. Деңгейлік тапсырмалармен жұмыс жүргізіледі.Оқушы мүмкіндігіне қарай материалды деңгейлеп беру тәсілі қолданылады.

Оқушылық деңгей тапсырмасында оқулық бойынша жұмыстанады.166-жаттығу орындалады.

Алгоритмдік деңгей тапсырмасы

А,Т,С әріптерінен басталатын қатыстық сын есімдер табу қажет.

Алғыр Тапқыр Сулы

Арлы Төзімді Сабырлы

Арыстандай Тәртіпті Сезімді

Алмадай Тебеген Сезгіш

Аққудай Тиімді Сезімтал

Айтқыш Толық Сөзшең

Ақылды Таулы Сүзеген

Айлалы Тасты Сауықшыл

Ақылсыз Түнгі Сыншыл

Аққулы Тарихи Сазандай

Эвристикалық деңгей тапсырмасы.

«Егер мұғлім болсам ...», «Мектебім – мақтанышым» тақырыптары бойынша мәтін құрайды,ішінде зат есім,сын есім,сан есім түрлерін қолдануы керек.

Шығармашылық кезең

« Туған елім – Қазақстан» тақырыбында пікір таластыру,яғни ой-толғау немесе «Батырлар жырынан» үзіндіні жыр мақамымен айту,зат есім,сын есім,сан есімдерге талдау жасайды.