Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТУП_АЭТПУ ИП-10-4к1.doc
Скачиваний:
8
Добавлен:
15.02.2015
Размер:
73.73 Кб
Скачать

Ф.7.11-10

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ

ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М.ӘУЕЗОВ атындағы ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК

УНИВЕРСИТЕТІ

«Бекітемін»

М.Әуезов атындағы ОҚМУ

ӘК төрағасы ОІ

және ақпараттық технологиялар

жөніндегі проректоры

Сабырханов Д.С.

________________________

«____» ___________ 2013ж.

БАҒДАРЛАМА

«Типтік өнеркәсіптік қондырғылардың автоматтандырылған

электр жетегі» пәнінен

жоғару оқу орындарының

5В071800 – «Электрэнергетика» мамандығының

студенттеріне арналған

Шымкент – 2013

Құрастырушы:

Бейсакулов Т.Т., т.ғ.к., доцент

Бағдарлама «Электрэнергетика» кафедрасының мәжілісінде ұсынылған

№ _1 хаттама 28.08.2013 ж.

Кафедра меңгерушісі __________________ Романенко А.Ф.

Бағдарлама «АТТжАЖ» факультетінің әдістемелік комиссиясының мәжілісі ұсынған

№ 1______ хаттама 28,08,2013ж_________________

ӘК төрағасы _______________ Шаймерденова Л, Е,

Бағдарлама М.Әуезов атындағы ОҚМУ әдістемелік кеңесінің мәжілісінде келісілді және ұсынылды

№ _____ хаттама ___________-2013ж_________________

ОӘБ жетекшісі _____________ Торебекова Г.

© М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, 2013

Түсініктеме жазба

"Типтік өнеркәсіптік кондырғылардың автоматтандырылған электр жетегі" курсы жоғары оқу орындары студенттері үшін міндетті пән болып табылады және оқу жоспарына арнайы пән ретінде енгізіледі.

Пәнді окып білудің максаты типтік өндірістік механизмдердін электр жетектері жүйелерін тандап алуды анықтайтын талаптар кешенін, осы көрсетілген талаптарға жауап беретін электр жетектерін жобалау ерекшеліктерін және оларды нактылы аймақтың әртүрлі өндіріс салаларында техникалық жүзеге асыру мысалдарын табу болып табылады.

Курстың мәселелері- шынайы өндірістік электр жетектері туралы практикалык түсінігін дамыту және күрделі электр механикалык жүйелерге катысты негізгі заңдылыктар туралы алған білімін нығайту.

"Автоматтандырылған электр жетегінің теориясы" мен "Электр жетектерін басқару жүйелері" пәндерінде баяндалған арнайы дайындықтың теориялық негіздері және "Электр аппараттары мен автоматтандырылған электр жетегінін элементтері" курсында қаралған элементтік негіздері осы курстың негізі болады.

Курсты оқу "Типтік технологиялык кешендерді автоматтандыру" пәнімен тығыз байланыста болады.

Курсты игеру нәтижесінде студент типтік өндірістік қондырғылар ерекшеліктері туралы түсінігі болу керек, сол электр жетегінің схемалық шешімдерін және кондырғыларын білу керек, электр жетегі жүйесін таңдай және параметрлерін есептей алуы керек.

1 Пәннің мазмұны

1.1 Кіріспе

Технологиялық, көтеру-тасымал машиналары және басқалары. Механизм машиналардың қүрамдас бөлігі ретінде. Механизмдерді электр жетегінің жүйесінің принциптік шешімін таңдап алуды анықтайтын белгілері бойынша, басқару жүйесін таңдап алуды анықтайтын белгілері бойынша және нақтылы электр жетегі жүйелерінің ерекшеліктерін анықтайтын белгілері бойынша жіктеу. Типтік механизмдер.

Автоматтандырылған электр жетегінің осы заманғы жоғары өнімділікті және дәлдікті машиналарды, кешенді технологиялық қондырғыларды, өндірістік роботтарды жасаудағы ролі.

Электр жетегі жүйелерінің қазіргі күйі және даму болашағы, жаңа элементтік базаның қолданылуы, есептеуіш, басқарғыш жүйелердің және микропроцессорлық техниканың өндірісті автоматтандыруды ары карай дамытудағы рөлі.