Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
практика.doc
Скачиваний:
43
Добавлен:
15.02.2015
Размер:
292.35 Кб
Скачать

Жоспар

Кіріспе..................................................................................................3

І. Негізгі бөлім

    1. Компьютерлік желілер және түрлері........................................4

    2. Желі және желілер типі..............................................................4

1.3 Компьютерлерді желілерге біріктіру........................................7

1.4 Мәліметтер базасы………………………………………..……8

1.5 Желілік операциялық жүйелер ………………………..……...8

1.6 Жергілікті желілер......................................................................9

1.7 Ауқымды компьютерлік желі ИНТЕРНЕТ.............................10

1.8 Компьютерлік жүйелердің архитектурасы.............................11

ІІ. СҒЗЖ бойынша: Жүйелік бағдарламалық қамту....................13

Қортынды.........................................................................................15

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……………………………….......……...16

КІРІСПЕ Әлемде болып жатқан ақпараттық коммуникациялардың даму процестері әлем қоғамының жаһандық ақпараттық қоғамды құруға жылжуының объективті факторы болды. Іс жүзінде «ақпараттық» деген атқа ие болған кезекті өнеркәсіптік революцияның басталатыны туралы әңгіме болып жатыр. Ақпараттық ресурстардың және компьютерлік желілердің дамыған инфрақұрылымының халықаралық интеграциясы кез келген пайдаланушылардың қашықтыққа және пайдаланылатын есептеу техникасы құралдарына қарамастан, нақты уақыт масштабында ақпараттың кез келген түрін алу үшін іс–қимылдарын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Ақпараттық технологиялар осы жүз жылдықтағы озық елдердің дамуындағы негізгі ресурстарының бірі болып жатыр. Алғаш рет жеке елдер арасында, сондай–ақ ел ішінде де ақпараттық теңсіздікті жою мүмкінідігі пайда болады. Әсіресе бұл кең аумағында ақпараттық дамыған қалалары және өңірлерімен қатар әлсіз телекоммуникациялық инфрақұрылымы бар аумақтары бар (бірінші кезекте бұл ауыл аудандарына қатысты) Қазақстан үшін аса маңызды. Цифрлық ақапараттық технологиялар мен ақпарат берудің кеңжолақты сымсыз желілерінің дамуы – осы проблеманы шешудің перспективтік жодарының бірі. Компьютерлік желілерді жер – жердегі енгізу осы саладағы фундаментальдәік теорияның алда келе жатқан дамуымен, талдау және жинақтаудың инженерлік әдістерін жасаумен, компьютерлік желілерді жобалау мерзімдерін қысқарутға және сапасын жақсартуға бағытталған жобалауды автоматтандыру жүйелерімен сүйемелденуі тиіс. Бүгін изоляцияланған компьютердің функционалдығы өте шектулі болады. Істің мәні пайдаланушылардың алыстатылған жүйелерде орналасқан ауқымды ақпараттық ресурстарға қол жетімділіктен айырылуында да емес. Изоляцияланған жүйе қазіргі кезде талап етілетін икемділік пен масштабтыққа ие болмайды. Бөлек орнатылған жүйелер арасында деректермен ауысу мүмкіндігі бөліп таратылған ресурстар, оларға әкімішілік теу және акқпаратты бөліп сақтаудан бастап (желілік файлдық жүйелер, файлдық жүйелер, файлдық мұрағаттар, жойылған қолжетімділігі бар ақпараттық жүйелер) желілік есептеу ортасымен аяқталатын толықтыру үшін жаңа мүмкіндіктер ашты. Бүгінгі күні желілер – бұл қарапайым және жеңіл қызмет көрсетілетін құрылғылар ғана емес. Олар қорғауды, қадағалауды және қызмет көрсетуді талап етеді. Бұдан өзге, желілер жиі бір мекеменің шегінен шығады және жаһандық болып кетеді. Компьютерлер арасында локальді байланыстарды жасау үшін кабельдік жүйелердің, желілік адаптерлердің, қайталама–концентраторлар, көпірлер, коммутаторлар және бағыттаушылар, сондай–ақ ұзақ желілер бойынша деректер беру аппаратурасы–модемдер пайдаланылады. Қазіргі уақытта бірқатар стандарттар, желілік технологиялар, әр түрлі желілік операциялық жүйелер бар.

3

Компьютерлік желілер

Сіздер дербес компьютердің желілері (торабы) туралы естіген де шығарсыздар. Олардың ауқымды жалпы және жергілікті желілерге бөлінетінінен да хабардар боларсыздар. Бұқаралық ақпараттық жүйеде “Ethernet… 100-мегабитті технология...Желілік технологиялар...Интернеттегі женжал...Интражелілер...'' деген сөздер жиі естіліп жатады. Бірақ біз бұл материалдарды түсіндіру кезінде оқушылар жиелілермен таныс емес, тек компьютер құрамы біледі деп есептейміз.

Компьютерлі желілердің түрлері

Желі деген не?

Негізі "компьютерлі желі" сөзі емес, "локальды желі" деген түсінік қолданылады. Бұл атау компьютерлік желілер, локальды типті болуына байланысты.

Компьютерлі желілер типі 

Масштабы бойынша желілік байланыстар бірнеше түрге бөлінеді.

 

Байланыстың қарапайым түрі РАN (Personal Area Network) деп аталады. АN "Area Network" деген ұғым. Басқа да желілерде АN аббревиатрасы осы ұғымды білдіреді. Р  "персоналды" дегенді білдіреді. Бұл тәсіл бір адамға тиесілі әр түрлі құрылғылар арасындағы мәліметтерді қосу және жіберу үшін қолданылады.

 

4

 

Жиі қолданылатын және кең таралған әдіс – LAN (Local Area Network). L – локальды. Локальды желі деген не? Бұндай желі бір бөлмедегі, офистағы, үйдегі  бір немесе одан да көп компьютерлердің байланысы үшін қолданылады. Сонымен қатар бұған заводтағы және сол сияқты үлкен алаңдағы байланысты қамтамасыз ететін желілер де жатады.

САN (Campus Area Network) - кампусты желі. Бір­-біріне жақын орналасқан ғимараттар, үйлер, кеңселер арасындағы ақпаратты айырбастау үшін қызмет етеді.

MAN (Metropolitan Area Network) - бір немесе бірнеше қалаларда орналасқан көптеген компьютерлерді байланыстыратын үлкен желі. Осындай әдісті қалалық, мемлекеттік басқару қызметі қолданады. Мысалға, көлікті басқару немесе басқа да әлеуметтік құрылымдар. Бұл желі өзіне бірнеше локальды немесе кампусты желілерді қоса алады.

 

5

 

WAN (Wide Area Network) - ең үлкен желі, яғни жаһандық желі. Жер шары емес, қандай да бір географиялық район немесе аумақ. Бұндай байланыстарды  телекоммуникация қызметін ұсынатын ұйымдар қолданады.  Сонымен бірге осы байданыстарды жаһандық желілердің каналдарына интернетті орнату үшін қолданады. Бұл желілер өте үлкен және көпшілік қолданушыға арналғандықтан, жалпыға бірдей қол жетімді және ашық болып келеді. MAN - желілер сияқты, WAN желілер де өзіне кішігірім байданыстарды қосады.

 

 

 

6

Желідегі компьютерлердің саны мен көлемінен бөлек, желілер басқа да белгілері бойынша жіктеледі. Байланыстың әр түрі қолданылады, телефон желісінен бастап, серіктерге дейін. Сонымен қатар желілер мәліметтердің берілу жылдамдығына байланысты да бөлінеді.

 

Жоғарыда айтылған желілерден басқа, пирингті (файл айырбастайтын) желілер де бар.

Пирингті желі деген не?

Мұндағы байланыс белгілі бір байланыс каналдары арқылы емес, интернет берілетін каналдар негізінде іске асады. Бұл қолданушылар файл немесе басқа да мәліметтерді алмастыру үшін бірігетін виртуалды желі. Желіге кіру немесе оны қолдану үшін арнайы бағдарламалар қолданылады. 

Компьютерлерді желілерге біріктіру.

Егер сіздердің тек бір ғана компьютеріңіз ғана болса, модеміңіз болмаса, онда компьютерлік жиелінің ерекшеліктерін түсіне қою қиын. “Қойы жоқтың қорамен ісі жоқ ” дегендей көптеген мүмкіндіктер қалтарыста қалады.

Бірақ сіздердің бінеше компьютеріңіз болып, олардың біріндегі мәлеметті екіншісінде беру керек болғанда желідік технология өте қажет-ақ. Желілік технологиялар қаржы мен уақытты үнемдеуге өте үлкен мүмкіндіктер береді. Сондықтан компьютерлік желілерді пайдалану туралы қысқаша мағлұмат берейік.

Жергілікті желілер – бір-бірімен қатар орналасқан компьютердің біріктерін жүйелер (бір бөлмеде немесе бір ғимаратта орналасқан әйтпесе қатар орналасқан компьютерлер). Мұндайда компьютерлерді байланыстыру осы мекеменің өздеріне бөлінген байланыс каналдары арқылы жүргізіледі. Ал компьютерлік ауқымды желіге келетін болсақ, онда олардың ара қашықтығына ешбір шек қойылмайды. Әр түрлі мемлекеттердегі, айта берсек, әр құрылықтарда орналасқан компьютерлерді бір-бірімен байланыстыратын ауқымды желілер бар. Әрине мұндай байланыстыру желісін шағын не орташа фирмалар жасай алмайды. Ауқымды желі құру үшін біраз қаражат керек, көптеген телефон каналдары, жер серіктері байланысу мүскіндіктері қажет.

7

Жергілікті желілерде компьютерлер арасында ақпаратты жеткізу жылдамдығы өте жоғары болады, олар секундына 10, айта берсек 100мегабитке де жетеді. Гигабиттік жылдамдықтың да аулы алыс емес . Ал, ауқымды желілер жүйесінің компьютерлері арасындағы жылдамдық мұндай жоғары емес, телефон каналдарын пайдалану кезіндегі оның жылдамдығы секундына 2400 – 57600 биттер аралығында болады.

Ауқымды және жергілікті желілердің қолданылу мақсаттары әртүрлі, бұл екуі де компьютерлік технологияның зор жетістіктері қатарына жатады, сондықтан оларды мұқият оқып – үйренуге көңіл бөлген артық бола қоймас.