Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

эссе

.doc
Скачиваний:
13
Добавлен:
15.02.2015
Размер:
49.66 Кб
Скачать

Прямоугольник 2Прямоугольник 3Прямоугольник 4Прямоугольник 5

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті

Мемлекет және құқық теориясы кафедрасы

Тақырыбы: «Салыстырмалы құқықтану»

Орындаған: Намаз Ж.

Тобы: ЮМ-11-2к

Қабылдаған: Тлеулов Б.

Шымкент 2014ж.

Салыстырмалы құқықтанудың пәні және функциялары.

Әр түрлі құқықтық жүйелердің ерекшеліктерін салыстырмалы құқытану арқылы зерттеу ертеректен бері қолданып келеді. Құқықт ық әдет-ғұрыптарды салыстыру арқылы Францияда жалпы әдет құқығының принциптері, Германияда неміс жеке құқығының принциптері белгіленген. Алайда ол уақытта «Салыстырмалы құқық»термині қолданылмаған. Салыстырмалы зерттеудің маңызы құқықтануда ХIХ ғасырдың аяғында ХХ ғасырдың басында өседі.

Әлемдегі құқықтық жүйелердің дамуы Қазақстанда социалистік құқықтық жүйенің орнын роман-германдық құқықтық жүйенің басуы қазіргі замандағы басқа елдердің құқық мәселелеріндегі тәжірибелерін қарастырып қана қоймай, құқықтанудың қазіргі танымдары мен әдістерін салыстыра зерттеуді қажет ете бастады. Ал дамудың біздің республикамызға ұқсас жолдарынан өткен елдердің тәжірибесін ескеру өз еліміздің құқығының өзіндік ерекшеліктерін мұқият талдап, шет елдік құқық институттарының жақсы үлгілерін өзімізде пайдалануға, соған керісінше, өзін-өзі ақтамағандарынан іргені аулақ салуға мүмкіндік береді.

Ал ондай мүмкіндіктерді дұрыс пайдалану үшін әркелкі үлгілер мен институттарды біліп қана қоймай, оның артықшылықтары мен кемістік тұстарында мұқият зерттеуге тура келеді. Оған зерттеу мен зерделеу ісін сын көзбен қарай отырып, салыстыру үстінде көз жеткізуге болады.

Құқық ғылымының объектісі – құқық және мемлекеттің нақты құбылысы.

Нақты құқықтық құбылыс дегеніміз – мемлекеттегі әрекет ететін күші бар заңдар, ал нақты мемлекеттік құбылыс – мемлекеттегі нақты ресми билік. Құқықтық ғылымның объектісі екеу бола тура, оның пәні біреу. Ол құқық пен мемлекеттің мәніне негізделген оларға ортақ түсініктерді дайындап, зерттеуі керек.

Салыстырмалы құқықтанудың пәні – ғылымның осы саласына тән әдістер арқылы алынған құқық түсінігі.

Салыстырмалы құқықтану мынандай функцияларды атқарады:

1. танымдық, яғни өз пәнін зарттейді;

2. әдістемелік;

3. идеологиялық, құқықтық сананың қалыптасуына қатысады;

4. тәрбиелік, құқықтық мәдениеттің өсуіне көмектеседі;

5. қолданбалы құқық шығару және құқық қолдану деңгейлерінің өсуіне мүмкіндік жасайды.

Салыстырмалы құқықтанудың өзіндік сипаты салыстыруға келетін құқықтың нормалардың, жүйелердің және институттардың айырмашылығы мен ұқсастығын шығару және зерттеу функциясы кезінде пайда болады. Басқа жағдайларда ұлттық құқыққа қатысты көмекші сипатта болады. Бірақ осы қойылып отырған сұрақ дұрыс емес.Ол риторикалық сұрақ болып қала береді.

Әлі күнге дейін салыстырмалы құқықтанудың функцияларын ашық жазып, оны жүйеге келтірген жоқ. Әлі күнге дейін функцияныңқайсысының маңызы жоғары не төмен екенін анықтайтын критерий толықтай зерттелмеген.

Функциялар түбірлес болғандықтан бір-бірімен ажырата біліп, айырмашылығы мен ерекшеліктерін, ұқсастықтарын айқындау керек.

Біріншіден, осы тақырыпты ашу үшін, ұлттық құқықтың функцияларына, олардың түсінігіне, әлеуметтік жіктелуіне және мазмұнына көз салайық.. Ұлттық(мемлекет ішіндегі) функция терминінің түсінігі қандай? Мазмұны ше?

Біріншіден, ұлттық құқықтың функциялары өзінің құндылықтары болады.

Екіншіден, ұлттық құқықтың функциялары негізінде салыстырмалы құқықтану функцияларына қарағанда ұлтаралық мақсат пен мүдделер емес, ұлттық мақсат пен мүдделер жатыр.

Үшіншіден, ұлттық құқықтың функциялары өзінің ұлттық қоғамы мен мемлекетімен тығыз байланыста, тікелей оларға әсер етеді. Осы әсер ету тұрақты сипатта. Ол мемлекет пен құқықтың нысандарының өзгеруіне тәуелді емес.

Мемлекет пен қоғамға байланысты ұлттық құқық қоғамдық қатынастардың реттеушісі болып табылады. Ол қоғамда қалыптасқан экономикалық, саяси және басқа да қатынастарды реттейді. Құқық сол елдің мемлекеттік және қоғамдық құрылысын сақтайды. Осында ұлттық құқықтың функциясы мен маңызын көруге болады. Белгілі бір құқықтар мен міндеттерді бекіткенде,ұлттық құқық мемлекет пен қоғамға белгілі тәртіпті орнатады.

Қоғамдық қатынастарды реттеу мен тұрақтандыру функциясын қоса ұлттық құқықтың әр қоғам мен мемлекетте тәрбиелік ролін атқарады. Тәрбиелік ролі адамдарда әділеттік, шындық,мейірімділік сезімдерін дамытады.

Осы ұлттық құқықтың функцияларымен танысып болғаннан кейін салыстырмалы құқықтанудың функциясына көз жүгіртетін болсақ, авторлар салыстырмалы құқықтанудың ғылыми, білім беру және тәжірибелік функциясын бөліп қарастырады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]