Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

9

.docx
Скачиваний:
9
Добавлен:
15.02.2015
Размер:
15.61 Кб
Скачать

9) Тұрақты ток – ток күшінің шамасы мен бағыты уақытқа байланысты өзгермейтін электр тогы. Тұрақты ток тұрақты кернеудің әсерімен тек тұйықталған тізбекте ғана пайда болады. Тармақталмаған тұйық тізбектің кез келген қимасында тұрақты ток күшінің мәні өзгермейді. Тұрақты токтың негізгі заңдарына ток күші мен кернеудің байланысын сипаттайтын Ом заңы, өткізгішпен ток жүрген кезде бөлініп шығатын жылуды анықтайтын Джоуль-Ленц заңы және тармақталған тізбек үшін жазылатын Киргхоф ережелері жатады. Тұрақты ток көздеріне электр машиналарының генераторы, гальвани элементтері, термоэлементтер, батареяларға топтастырылған фотоэлементтер, күн көзінің батареялары, алдын ала зарядталған аккумуляторлар және — пайдалы әсер коэффициенті жоғары магниттік гидродинамика генераторлары жатады. Тұрақты токты жартылай өткізгіштердің және басқа түзеткіштердің көмегімен, айнымалы токты түзету арқылы өндіруге болады.

9) Кернеу күшейткіші — төменгі жиілікті тербеліс көзінен алынатын кернеуді қажетті шамаға дейін арттыратын күшейткіш. Күшейткіш шығысындағы кернеудің орныққан мәнінің кірісіне берілген кернеуге катынасы күшейткіштің күшейту коэффициенті делінеді. К= Uшығ/Uкір. Логарифмдік есептеу бойынша Kдб = 201 gUшығ/Uкір= lg K Егер Күшейткіш бірнеше каскадтан тұрса, онда- оның күшейту коэффициенті оған кіретін барлық каскадтардың күшейту коэффициенттерінің көбейтіндісіне тең болады. К = K1K2K3... Күшейткіштің схемаларын есептеу кезінде кернеу бойынша бастан-аяқ күшейту коэффициентін есептеуге тура келеді. Кск = UH/Uист, мұндағы UH — күшейткіштің жүкке беретін кернеуі, Uист — дабыл көзінің электр қозғаушы күші.

9) Жиілік бөлгіш — бастапқы тербелістен бүтін сан есе кем жиілікті тербеліс алуға арналған электрондық құрылғы. Жиілік бөлгіш көмегімен әр түрлі жиілікте жұмыс істейтін бірнеше генераторлардан когерентті толқын алуға болады. Атомдық және молекулалық генераторлардың жиіліктері осы Жиілік бөлгішпен төмендетіледі. Жиілік бөлу генерациялау, импульстік немесе параметрлік, т.б. әдістермен іске асырылады. Жиілік бөлгіш радиотехникада, автоматикада, жиілік синтезаторларында және өлшеуіш приборларда қолданылады.

7) Микросхеманың интеграция дәрежесі (степень интеграции микросхем) — микросхеманың интеграция дәрежесі оған қанша элемент (транзистор) сыйып кететінін көрсетеді. Мысалы кіші дәрежелі интегралдық микросхема — оншақты элемент пен сыңарлардан тұрады; орташа дәрежелі интегралдық микросхема — оншақтыдан бірнеше жүзге дейінгі элементтер мен құрауыштардан тұрады; үлкен дәрежелі интегралдық микросхема — бірнеше жүзден бірнеше мыңға дейінгі элементтер мен құрауыштардан тұрады; аса үлкен дәрежелі интегралдық микросхема — ондаған мың элементтер мен құрауыштардан тұрады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]