Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

І.БЛІМ

.docx
Скачиваний:
32
Добавлен:
15.02.2015
Размер:
17.71 Кб
Скачать

Электр жетекке кіріспе сұрақтары .

ИП-11-4К1

І. БӨЛІМ.

1. Кернеу трансформаторларының қызметі?

2. Кернеу трансформаторының құрылысы?

3.Магнитөткізгіштің негізгі қызметі?

4. Кернеу трансформаторының магнитөткізгішін арнайы электр техникалық болаттан жасау себебі не?

5. Кернеу трансформаторының орамдары?

6.Асинхронды қозғалтқыштар қандай (тұрақты немесе айнымалы) электр машиналарына жатады?

7.Асинхронды қозғалтқышты кім ойлап тапты?

8.Асинхронды қозғалтқыштардың қызметі?

9.Үшфазалы асинхронды электр қозғалтқыштың құрылысы?

10.Асинхронды қозғалтқыштың статоры қалай жасалады?

11. Үшфазалы трансформаторлар?

12. Үшфазалы трансформаторларды параллель жұмысқа қосу?

13. Электр шығындары деген не және өрнегі?

14. Электр магниттік қуат деген не?

15. Тұрақты ток машиналарының қызметі және олардың қолдану аймағы?

16. Тұракты ток машиналарының құрылысы?

17. Тұрақты ток машиналары статорының табаны неге құймалы болаттан жасалады?

18. Тұрақты ток машиналарындағы зәкір деген не?

19. Неге тұрақты ток машиналары зәкірі электрлік болаттың оқшауландырылған қаңылтырынан жасалады?

20. Тұрақты ток машиналарының негізгі және қосымша полюстерінің қызметі?

21. Электр жетегі дегеніміз не?

22. Электр жетегі қайда қолданылады?

23. Автоматтандырылған электр жетегі дегеніміз не?

24. Электр жетегінде негізгі элемент не?

25. Электр жүйесі үш негізгі бөлімдерден құралады?

26. . Әр түрлі электр жетектерді (ЭЖ) ,олардың механикалық энергияны тарату әдістері бойынша негізгі үш түрге бөлуге болады,олар?

27. Басқару дәрежесі бойынша электр жетектері мынадай болып бөлінеді?

28. Бірфазалы трансформатордың өнеркәсіптік үлгісін кім ж/е қай жылы жасады?

29. электр қозғалтқыштар дегеніміз не?

30. Айнымалы токтың үшфазалы жүйесін кім жасады?

31. Сорап қозғалтқышының қуатын анықтайтын формуланы жаз?

32. Орам дегеніміз не?

33. Двигатель дегеніміз не?

34. Динамикалық тежеу 2 әдіспен жүргізіледі. Оларды ата?

35. Электр тежелудің неше түрі бар?

36. Электр энергиясын желіге қайтару (рекуперативтік) арқылы тежеу дегеніміз не?

37. Динамикалық тежелу деген не?

38. Динамикалық тежеу моментінің формуласын жаз?

39. Қарсы қосу арқылы тежеу деген не?

40. Зәкір орамасын тез тоқтатуға немесе айналу бағытын керіге өзгертуге ауыстырып қосқан кезде қандай тежелу режимі пайда болады?

ІІ.БӨЛІМ.

1. Кернеу трансформаторының орам саны көп орамасын қалай атайды?

2.Кернеу трансформаторларының орам саны аз орамасын қалай атайды?

3.Кернеу трансформаторының жұмыс ретінің негізіне қай заң жатады?

4. Кернеу трансформаторының трансформациялау коэффициенті деген не?

5. Кернеу трансформаторының жұмыс режимі деген не және оның ерекщеліктері?

6. Асинхронды қозғалтқыштартың статорын электр техникалық болаттан құйып жасамай,неге өзара оқшауланған жұқа қаңылтырлардан жинайды?

7. Асинхронды қозғалтқыштардың роторлары қалыпталып жасалған тісті дөңгелек қаңылтырдан құрастырылады деген не?

8. Асинхронды қозғалтқыш роторы ойықтарының саны,статор ойықтарының санына неге сәйкес болуы тиіс?

9. Асинхронды қозғалтқыш роторындағы немесе статорындағы тайғылықтың мақсаты не?

10. Асинхронды қозғалтқыш орамаларының типтері?

11. Арнайы қызметтерге арналған трансформаторлар деген не?

12. Автотрансформаторлар?

13. Асинхронды қозғалтқыштың айналдыру моменті?

14. Бірфазалы асинхронды қозғалтқыштың жұмысшы сипаттамасы үшфазалынікінен неге нашар ?

15. Тұрақты ток машинасының қоздыру орамасының қызметі?

16. Тұрақты ток машинасы зәкірі орамасының қызметі?

17. Тұрақты ток машиасы коллекторын қалай жасайды?

18. Тұрақты ток машиасы коллектордың қызметі?

19. Тұрақты ток генераторы қандай энергияны,қандай энергияға айналдырады?

20. Өздігінен қозатын тұрақты ток генераторы?

21. Реттелмейтін электр жетегі дегеніміз не?

22. Реттелетін ЭЖ деген не?

23. Бағдарламалық басқарылатын ЭЖ деген не?

24. Қадағалаушы ЭЖ деген не?

25. Автоматтандыру дәрежесі бойынша ЭЖ нешеге бөлінеді?

26. Токтың түрі бойынша ЭЖ нешеге бөлінеді?

27. Өндірістік механизмнің сипаттамасы дегеніміз не?

28. Жүкті түсірген кезде көтергіш механизмдердің ЭЖ-терінде қай тежеу режимі болады?

29. Жүкті көтерген кезде кедергі моменті қалай өзгереді?

30. Электр механикалық сипаттаманың теңдеуін жаз?

31. Тізбектей қоздырылатын ЭҚ тежеудің екі режимі болады,оларды ата?

32. Қарсы қосу арқылы тежеу қай кезде мүмкін болады?

33. Қарсы қосу арқылы тежеу режимін қалай құрауға болады?

34. Опоралардың арақашықтығы қанша болыу керек?

35. Айнымалы токтың жиілігі қанша?

36. Қозғалтқыштың қуаты қандай формуламен анықталады?

37. Бірінші электр қозғалтқыштарының негізгі сұлбасын жасаған кім?

38. Айнымалы токтың үшфазалы жүйесін М.О.Доливо-Добровольский қай жылы жасады?

39. Эквивалентті ток дегеніміз не?

40. Орташа шығын әдісімен қуатты есептеудің ретін айт?

ІІІ.БӨЛІМ.

1. Трансформатордың қалыпты жұмыс тәртібі режимі деген не?

2. Трансформатордың бос жүтіс режимі деген не?

3. трансформатордың қысқа тұйықталу режимі деген не?

4. Трансформатордың сыртқы сипаттамасы?

5. Трансформатордың пайдалы әсер коэффициенті деген не?

6. Асинхронды қозғалқыш орамаларының орамы,бөлігі және шарғысы деген не?

7. Фазалы роторлы асинхронды қозғарқыш деген не?

8. Асинхронды қозғалтқыштардың электр энергиясын механикалық энергияға түрлендірудің электр физикалық процесі?

9. Асинхронды қозғалтқыш неге асинхронды деп аталған?

10. Асинхронды қозғалтқыштың синхронды жылдамдығы деген не?

11.Пісіру трансформаторлары ?

12. Бірфазалы асинхронды қозғалтқыш құрылысы жағынан үшфазалы қозғалтқышқа ұқсас,айырмашылығы айт?

13. Тұрақты ток генераторларының негізгі сипаттамалары?

14. Жүктеме сипаттамасы?

15.Тұрақты ток қозғалтқыштары?

16. Тұрақты ток қозғалтқыштарының электрлік тепе-теңдік теңдеулері?

17. Тұрақты ток қозғалтқышы қуатының энергетикалық теңдігі?

18. Тізбектей қоздырғышты генератордың сырқы сипаттамасы?

19. Тұрақты машиналардың щеткалары неге геометриялық бейтарапқа орнатылады?

20. Тұрақты ток қозғалтқыштарының айналу жылдамдығы мен бағытын реттеу тәсілдері?

21. Электр қозғалтқышының механикалық сипаттамасы дегеніміз не?

22. ЭЖ-нің механикалық сипаттамасының қатаңдығы деген не?

23. ЭҚ-дың механикалық сипаттамаларын негізгі 4 түрге бөлуге болады,соларды ата.

24. ЭҚ-дың абсолют қатаң механикалық сипаттама деген не?

25. ЭҚ-дың қатаң механикалық сипаттама деген не?

26. ЭҚ-дың жұмсақ механикалық сипаттама деген не?

27. ЭҚ-дың абсолют жұмсақ механикалық сипаттама деген не?

28. Динамикалық тежеу неше әдіспен жүргізіледі?

29. Қай тежеу кезінде қозғалтқыштың зәкірі ж/е қоздыру орамасы желіден ажыратылып кедергіге жалғанады?

30. Генератор дегеніміз не?

31. Айнымалы токты тұрақты токтан қалай ажыратамыз?

32. Диодтың мақсаты не?

33. Тұрақты токта жұмыс істейтін электр құрылғыларын ата?

34. Электр транспортына қай токты қолдану өте қолайлы?

35. Опоралардың түрлерін ата?

36. Ең бірінші құрылған опоралар қайсы?

37. Желдеткіш қозғалтқышының қуатын анықтайтын формуланы жаз?

38. Жүктеменің статикалық моменті анықталатын формуланы жаз?

39. Орташа шығындар әдісі қалай анықталады?

40. Магнитөткізгіштің өзекшелері мен жармасын неге арнайы электр магниттік болаттан жасайды?

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]