Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

І.БЛІМ жауабы

.docx
Скачиваний:
48
Добавлен:
15.02.2015
Размер:
61.98 Кб
Скачать

Жауаптары

І. Бөлім

1Трансформатор кернеудің шамасын өзгертетін параметрлердің өзара электрлік байланысынсыз өзгертуге арналған электр құрылғы. Кернеуді жоғарылату және төмендету трасформатордың тамаша қасиеті. Егер желіге трансформатордың орам саны көп орамасын қосса кернеуді төмендетеді,ал орам саны аз орамасын электр энергия көзіне қосса кернеуді жоғарылатады.

2. Трансформатор негізгі екі бөлшектен: магнитөткізгіштен және екі орамнан тұрады.

3. Магнитөткізгіштің негізгі қызметі-оған бекітілген орамдар арасында мүмкіндігінше жоғары магниттік байланысты қамтамасыз ету. Олар өзара жалғасқан болат өзекше мен орамдардан тұрады.

4. Трансформатордың магнитөткізгіші арнайы электр техникалық болаттан жасалады,ондай болаттың электр магниттік өткізгіштігі жоғары,сондықтан да,тұйықталған желіде оның электр магнит ағынына кедергісі төмен.Ол электр энергиясын трансформациялау кезінде электр өткізгіштігі жоғары (кедергісі аз) мыс немесе алюминий өткізгіштерді пайдаланумен бірдей. Сонымен қоса,электр техникалық болат,кәдімгі конструкциялық болатқа қарағанда,гистерезис құбылысынан пайда болатын магниттік шығыны әлдеқайда төмен.

5. Трансформатордың орамдары кернеулері (ЭҚК) өзара электрлі байланыссыз трансформациялауды қамтамасыз етуге арналған. Олар кем дегенде екеу болады. Олардың бірі электр энергиясының көзіне жалғанады да электр энергиясын магнит энергиясына айналдырады. Екінші орам- магнит энергиясын электр энергиясына айналдырып,берілген ЭҚК бар электр энергиясының көзіне айналады.

6. Асинхронды машиналар айнымалы ток машиналарына жатады және олардың жалпы өндірістік орындалуы асинхронды қозғалтқыш түрінде жасалады. Асинхронды машиналар электр техникалық құрылысы бойынша энергияны түрлендіргіш болып табылады,асинхронды генератор ретінде қосымша конструкциялық және сұлбалық өзгеріс кіргізбей жұмыс істей алмайды.

7. Асинхронды қозғалтқышты ойлап тапқан орыс инженері М.О. Доливо-Добровельский болып саналады.

8. Ауыл шаруашылығында шаңды орта мен химиялық зиянды орталарда жұмыс жасай алатын бірден-бір электр қозғалтқыш осы асинхронды машина ғана. Асинхронды қозғалтқыштарды, үшфазалы және бірфазалы электр желілеріне қосу үшін үшфазалы немесе бірфазалы етіп жасайды. Үшфазалы асинхронды қозғалтқыштар роторларының орамаларының түрлеріне қарай,фазалық немесе қысқа тұйықталған роторлары асинхронды қозғалтқыштар деп бөлінеді. Ауыл шаруашылығында, негізінде механикалык энергияның ең арзан әрі сенімді көзі ретінде қысқа тұйықталған роторлы асинхронды электр қозғалтқыштар қолданылады.

9. Үшфазалы асинхронды электр қозғалтқыштың негізгі құрылыс бөлшектеріне статор,ойықтарға орналасқан үшфазалы екі орама және орамасы бар статор,орамасы бар ротор,айгөлек қалқаны,желдеткіш жатады. Жақсы суыну үшін оның(кіндігіне) білігіне желдеткіш орнатылып,қаңқасы көп қырлы етіп құйылған. Құрастыру.орнату,ажырату кездерінде алып-салуға қолайлы болу үшін қорабының жоғарғы жағынан ілгекті болт болады.

10. Асинхронды қозғалтқыштың статоры арнайы электр техникалық болаттан қалыпқа құйып жасалған тісті қаңылтырлардан жасалған,іші қуыс цилиндр,оның магнит өткізгіштігі кәдәмгі конструкциялық болаттан жоғары. Статорды құйып жасамайды,қалыңдығы 0,35мм тісті қаңылтырдан жинайды, мақсаты –ол арқылы Фуко құйынды тогының өтуіне кедергіні көбейту. Статор асинхронды қозғалтқыштың қаңқасына мықтап тығыздалады. Қаңқа шойыннан немесе салмағы жеңіл арнайы қорытпалардан құйылады және жұмыс жағдайына арналған іргетасқа немесе арнайы тірекке бекітіледі. Статорды тісті қаңылтырдан құрастырған кезде оның ішкі бетінде белгілі пішінді ойық пайда болады. Асинхронды қозғалтқыштартың статорындағы ойықтары негізінде тік бұрышты болады. Ойықтардың ашықтықтарына қарай олар жартылай жабық қуаттылығы 100кВт-тан төмен машиналар үшін,жартылай ашық қуаттылығы 100кВт-тан жоғары машиналар үшін және ашық қуаттылығы өте жоғары машиналар үшін.

11, Үшфазалы трансформаторлар фазалық құрылымы жағынан екі немесе үш орамалы болады да,оларды екі немесе үш орамлы деп атайды.

12, Техникалық немесе экономикалық тиімділігіне қарай инженерлік тәжірибеде бір трансформатордың орнына жалпы қуаттылығы бір трансформатордың қуаттылығына тең бірнеше трансформатор қойылып оларды параллель іске қосады. Мұндай жағдайда жүктеменің қосындысына қарай жүктеменің технологиялық қалыпты тәртібін қамтамасыз ете алатын керекті трансформатор санын ғана жұмысқа қосады. Трансформаторларды параллель қосқанда олардың бірінші және екінші жағының орамалары өздерінің ортақ шиналарына жалғанады. Трансформаторларды параллель жұмыс істеуге қосу үшін белгілі шарттарды сақтау керек,олардың негізгілері мына үшеуі:

-параллель жұмыс істейтін трансформатордың жалғануы бір топқа жатуы;

- параллель жұмыс істейтін трансформаторлардың қалыпты бірінші және екінші кернеулері тнң болуы;

- параллель тұйықталудың қалыпты кернеулері олардың арифметикалық орташа мәніне тең болуы немесе одан айырмашылығы 10%-дан аспауы тиіс. Егер трансформатор жоғарыдағы шарттарды толық қанағаттандырса,ортақ шинадағы жүктеменің қосындысы әрқайсысының қуаттылығына сәйкес бөлінеді.

13, Электр қуатының мыстағы шығыны жылуға айналады да,статор орамасын қыздырады. Желіден тұтынылған қуаттың енді бір бөлігі асинхронды қозғалтқыш статорының болаттарында пайда болған айнымалы магнит өрісінің әсерінен болатын құйынды токтар мен гистерезис құбылысына шығындылады. Олар статор болатындағы электр шығындары делініп,мына өрнекпен анықталады:

Рс1 = Р1құй 1гс

14, Статор болатындағы шығын статорды қыздыратын жылу ретінде де көрінеді. Мыстағы шығындар Рм мен статор ормасындағы және ротор болатындағы шығындарды алып тастаған соң қалған қуат – электр магниттік қуат делінеді.

РЭМ 1 –( РМ1 –РС1 )

15. Тұрақты ток машиналары –өзара қайтымды электрлі техникалық құрылғы. Олар ешқандай құрылыстық өзгерістерге түспей-ақ генератор немесе қозғалтқыш ретінде істей алады. Тұрақты ток генераторлары,әдетте шағын шағын қуатты электр энергиясының желілік көзі ретінде,мысал,синхронды генраторлардың қоздыру орамаларын қоректендіруге қолданылады. Генератор құрылысында электр энергиясын алатын щеткалы-түйіспелі құрылғының болуы ,оның қуаты мен кернеуінің шамаларына шектеу қояды. Сондықтан электр энергиясын өнеркәсіптік өндіру синхронды генераторлар арқылы атқарылады. Олардың қуаттылығын теория жүзінде шексіз етіп жасауға болады. Тұрақты ток қозғалтқыштары ,негізінде айналу жылдамдығын кең ауқымда ақырындап реттеу мүмкіндігі болғандықтан ,біртіндеп өзгертуді қамтамасыз ететін электр жетектерінде,сондай-ақ арнайы құрылыстағы есептеу және басқару машиналарына қолданылатын шағын жүргізгіштер ретінде қолданады. Ауыл шаруашылығы өндірісінде тұрақты ток машиналары іс жүзінде қолданылмайды деседе болады . сырғымалы щеткалы түйіспелі тетіктері ауыл шаруашылығының ылғалды және шаңды рталарда және т.б. орындарда олардың қарқынды қажалуына соқтырады.

16. Тұрақты ток генераторы мен қозғалтқышы құрылымдық тұрғыдан бірдей машиналар болғандықтан құрылыстарын бірге жұмыс жасау принциптерін жеке-жеке қарауға болады. Тұрақты ток машинасы статор жармасынан (статина),зәкірден(ротор), негізгі және қосалқы полюстерден, коллектордан, щетка құрылғысынан, полюс ұштамаларынан, зәкір орамасынан,қоздыру орамасынан және т.б. құрылғы көмекші арналымды бөлшектерінен тұрады.

17. Стасатор табаны тұрақты ток машинасының қозғалмайтын бөлігі, ол полюстер мен машинаның өзін іргетасқа бекітуге қызмет етеді. Статинаның полюстер бекітілетін бөлігі жарма деп аталады. Ол магнит өткізгіштің бөлігі болып табылады, сондықтан ол арқылы ток өтетін магнит ағынына қолайлы жағдай жасау үшін,оны жоғары магнитөткізгіштігі бар болаттан,болмаса шойыннан жасайды. Жарманы жасау технологиясы құйма болаттан немесе тұтас тартылған болат құбырдан даярлайды. Негізгі полюстердің магнит өрісі тұрақты болғандықтан,мұнда гистерезис құбылысы мен құйынды токтар болмайды.

18. Зәкір машинаның айналатын бөлігі,ол қалыңдығы 0,55мм қалыпты,тиісті дөңгелек электр техникалық болат қаңылтырдан жиналған цилиндр. Қаңылтырларды жинаған соң, арнайы тетікпен қысады, зәкірдің сыртқы бетін бойлай ойықтар мен тістер қалыптасады. Зәкірдің ойықтары ,әдетте ашық болады, ал шағын машиналар үшін асинхронды машиналар роторының ойықтары сияқты жабық болады. Жинағаннан кейін пайда болған бойлық ойықтарға зәкірдің орамаларын төсейді.

19. Зәкірдің қаңылтырлары арнайы электр техникалық болаттан істеледі,оның магнитөткізгіштігі ,кәдімгі конструкциялық болаттағыдан айтарлықтай жоғары. Бұл магнит ағынының магнитөткізгіш темірінен өтуіне қолайлы жағдай туғызады және магнитөткізгіште гистерезис құбылысы артық магниттелу шығындарын азайтады. Зәкірдегі құйынды токтарға электр кедергісін көбейту үшін тұтас емес,қаңылтыр жиынтығынан жасайды. Электр кедергіні көбейту үшін қаңылтырдың қалыңдығын ,оның механикалық бекемдігін сақтау шегіне дейін жұқартады. Зәкірді жинағаннан кейін электр тұрғысынан қаңылтырлар қатарласа жалғасқан болмау үшін ,оны оқшаулағыш лакпен жағады ол қаңылтырдың саны қанша болса сонша есе Фуко тогы кеміген болады.

20. Негізгі бас полюстер машинада негізгі магнит ағынын жасауға және өткізуге арналған полюс өзектен және полюстік ұштамадан мұны кей жағдайда ’’башмак’’ деп атайды, себебі мұның конструкциясы темір жол башмағына ұқсайды,полюс ұштамаларына мұндай пішін ауа саңылауы арқылы магнит ағынын өткізуді жеңілдету мен оның эәкір бетінің полюсіне біртегіс орналасуын қамтамасыз ету үшін берілген. Қосымша полюстер қосымша магнит өрісін жасауға арналған,ол зәкір реакциясының орынын толтырады және машина жұмысының түрлі тәртібінде ,коллектордағы щетканың ұшқынсыз жұмысын қамтамасыз етеді.

21. Электр жетегі дегеніміз-злектр энергиясын механикалық энергияға түрлендіретін электр механикалық жүйе.

22. Электр жетегі-қазіргі автоматты басқару және реттеу жүйелерінің ішіндегі өте жауапты маңызы бар техниканың саласы. Ол өнеркәсіптің барлық салаларында ,транспортта ,ауыл шаруашылығында және т.б. қолданылып ,өндірілетін электр энергиясының 70%-ын тұтынады.

23. Автоматтандырылған электр жетегі-жұмысшы механизмнің (машинаның) орындаушы құралын қозғалысқа келтіру үшін арналған электр қозғалтқыш ,түрлендіргіш,беріліс және басқару құрылғылардан құрылатын электр механикалық жүйені айтады.

24. Электр жетегінде- негізгі элемент (электр энергияны механикалық энергияға түрлендіретін) электр қозғалтқыш болады.

25. 1.ішіне жұмысшы механизмі (ЖМ) , жұмысшы машинаның орындаушы құралына электр жетегінің электр қозғалтқыш құрылғысынан механикалық энергияны беруге және жылдамдықты өзгертуге арналған беріліс құрылғысы (Бер.Қ) кіретін механикалық бөлім(МБ).

2.электр қозғалтқыш құрылғы(ЭҚК)- электр энергиясын механикалық энергияға түрлендіретін электр механикалық түрлендіргіш(ЭМТ)

3.күштік түрлендіргіштен (Т), басқару құрылғыдан(БҚ) тапсыру құрылғыдан (ТҚ) және кері байланыс бергіштерден (электрлік ҚБЭБ және механикалық КБМБІ, КБМБ2) құралған басқару жүйе.

26. Топтық , дербес және өзара байланысты

27. А) реттелмейтін

Б) реттелетін

В) бағдарламалық басқарылатын

Г) қадағалаушы

28. 1876ж П.Яблочков жасады

29. Электр энергиясын механикалық энергияға айналдыратын машиналарды электр қозғалтқыштар дейді.

30. Айнымалы токтың үшфазалы жүйесін М.О.Доливо-Добровольский жасады.

31.

32. Орам дегеніміз кернеуді(токты) көбейтіп ж/е азайтып беруші құрылғы.

33. Двигатель дегеніміз электр энергияны механикалық энергияға айналдыратын құрылғы

34. Өзін-өзі қоздыру ж/е тәуелсіз қоздыру.

35. Электр тежелудің 3 түрі бар: электр энергиясын желіге қайтару(рекуперативтік) арқылы тежеу; динамикалық тежеу; қарсы қосу арқылы тежеу.

36. Осы режим ЭҚ-тың жылдамдығы,идеал бос жүріс жылдамдықтан жоғары болған кезде болады. Қозғалтқыштың ЭҚК-і Е,кернеу U-дан асып кетеді,ал ток І өзінің бағытын кері өзгертеді.қозғалтқыш желімен параллель генераторлық режимде жұмыс істейді,яғни ол энергияны желіге қайтарады. Бұл мына теңдеуден көрініп тұр:

Сол себептен моменттің таңбасы керіге өзгереді де, тежеуші болып табылады.

М=-КФІ. Егерде тежеуші моментті Мт=-М белгілесек,онда теңдеудің түрі мынадай болады:

Мұндай тежеу режимі жүкті түсірген кезде көтергіш механизмдердің ЭЖ-терінде болады. Мұндай тежеу өте үнемді,себебі қозғалтқыш білігінен келетін механикалық энергия электр энергиясына түрлендіреді де, желіге қайтарылады

37. Динамикалық тежелу режимі қозғалтқыштың зәкірін желіден ажыратып кедергіге қосқан кезде жүзеге асады,ал қоздыру орамасы желіге қосылған күйінде қалады. Бұл режимде электр энергиясы желіге қайтарылмайды,ол Rp кедергіде жылу түрінде бөлініп шығып қоршаған ортаға тарайды. Қозғалтқыштың ЭҚК-нің таңбасы өзгермеген себептен,ал зәкірге кернеу берілмегендіктен зәкірдің тогы

I= мұндағы R-зәкір тізбегінің кедергісі.

38. КФІ=-

39. Мұндай тежеу режимі қозғалтқыштың орамалары бір бағытқа айналуға арналып айналғанда,ал зәкір сыртқы моменттің әлде инерциялық күштердің әсерінен қарсы жаққа айналғанда пайда болады. Мысалы: көтергіштің жетегі , ЭҚ жүкті көтеруге қосылғанда, ал жүктің әсерімен туатын момент жетекті жүк түсіру жаққа айналдырғанда болады.

40. Зәкір орамасын тез тоқтатуға немесе айналу бағытын керіге өзгертуге ауыстырып қосқан кезде қарсы қосу арқылы тежелу режимі пайда болады

ІІ. Бөлім

2,1, Трансформатордың орамдары цилиндрлі жарғы түрінде сымдарының қима ауданы дөңгелек немесе тік болып жасалады. Олардың орам сандары әдетте,әр түрлі болып келеді. Орам саны көп орама жоғары кернеулік (Ж.К) деп аталады. Жоғары кернеу орамасының орам талшықтарын w1 белгілейді. Жоғары кернеу орамасы төмен кернеудің орамдардың сыртынан оралады. Жоғары кернеулі ораманың басы мен аяғы ретінше А және Х әріптерімен белгіленеді.

2,2 Трансформатордың орам саны аз орамасын төменгі кернеулік (Т.К) деп атайды. Төмен кернеу орамасының орам талшықтарын w2 деп белгілейді. Төменгі кернеу орамасы өзекшеге жақын орналасады. Төмен кернеулі орамдардың ұшының басы а және аяғы х әріптерімен белгіленеді.

2,3 Трансформациялау электр магниттік индукция заңына негізделген: өзгермелі магнит өрісіндегі кез-келген ток өткізіп денеде электр қозғаушы күш индукцияланады да,оны электр энергиясының көзіне айналдырады.

2,4 Бірінші орамадағы оралым санының оралым санының екінші орамадағы оралым санына қатынасы трансформациялау коэффициенттерімен сипатталады:

W1 / W2= КТ

Бұл трансформатордың бірінші және екінші орамасындағы ЭҚК қатынасы болады.

2,5 Кернеу трансформаторларын эксплуатациялаудың негізгі жұмыс ережесі – бұл бірінші орам желіден қоректенгенде,ал екіші орамның қыспаларына трансформаторлардың ұзақ мерзімдік жұмысын және орамалар мен магнитөткізгіштің қызуын қалыпты деңгейден асырмайтын жұмысын қамтамасыз ететін тұтыну қуатына қосу. Трансформатор жұмысы тәртібінің тіркелген түрлері мыналар:

-қалыпты режимі;

-жүктемесіз бос жүріс режимі;

-зертханалық қысқа тұйықтау режимі.

Трансформатордың жұмысының шекті режимі,бұл екінші ораманың ажыратылуы кезінде трансформаторлардың бос жүрісі режимі және екінші орама қысқа тұйықталған режимі. Трансформаторды эксплуатациялаудың барлық режимдері оның шексіз уақыт мерзімінде артық қызбай жұмыс істеуін қамтамасыз етуі тиіс.

2,6 Асинхронды қозғалтқыштартың статорын электр техникалық болаттан құйып жасамай,неге өзара оқшауланған жұқа қаңылтырлардан жинайды,мақсаты- ол арқылы Фуко құйынды тогының өтуіне кедергіні көбейту. Қаңылтырдың арасында электрлік түйіспе болдырмау үшін қаңылтырларды электр оқшауландырғыш лакпен бояйды. Осының барлығын бірге алғанда,статор болатында құйынды токтармен гистерезистен болатын электрлік және магниттік шығындарды азайтуға әкеледі,қорытындысында оның қызуын азайтады. Құйынды токтармен гистерезистерден болатын электрлік және магниттік шығындар,ақыр соңында, ПӘК-нің мөлшеріне әсер етеді. Болаттың магнит өткізгіштігі неғұрлым жоғары және қаңылтыр неғұрлым жұқа механикалық бекемдігі жеткілікті болса,соғұрлым асинхронды қозғалқыштың шығыны аз және ПӘК жоғары болады, 98%-ға дейін және одан жоғары болады. Іштен жанатын қозғалтқыштардың бірде-бірінде мұндай көрсеткіш жоқ.

2,7 Қаңылтырлар гистерезис құбылысынан болатын магниттік және электрлік шығындарды азайту үшін арнайы электр техникалық болаттардан жасалып,құйынды токтың өтуіне кедергіні арттыру үшін лакпен оқшауландырылады. Ротордың қаңылтырлары цилиндр түрінде престеледі,оның қажет пішінде ұзына бойында ойығы болады. Ротор білікке мықтап отырғызып шпонкамен бекітіледі,ол жүктеме кезінде айналып кетпеу үшін сақтандырылады. Айналған кезіндегі ортадан тепкіш күштердің әсерінен,ротордың ойықтары статордың ойығынан қарағанда жабықтығы жоғары болғандықтан,оның орамаларына әсер етеді. Қысқа тұйықталған роторлар үшін ойықтың жабық түрлерінді қолдануға болады. Қозғалтқыштың жұмыс кезіндегі шуын азайту және оның іске қосу сипаттамасын жақсарту мақсатында ойықты тайқылығында (қиғаштығын) пайдаланады.

2,8 Қысқа тұйықталған ротордың ойықтарының саны Znp асинхронды қозғалтқыштардың жұмысын нашарлататын зиянды сәттерді азайту үшін,статор ойыұтарының санымен Znp сәйкес келуі тиіс.

2,9 Қозғалтқыштың жұмыс кезіндегі шуын азайту және оның іске қосу сипаттамасын жақсарту мақсатында ойықты тайқылығын да пайдаланады.

2,10 Үшфазалы асинхронды электр қозғалтқыштарда статор мен ротор орамаларының бірнеше түрі,олардың ішінде тұзақты,толқынды және қысқа тұйықталған (тек қысқа тұйықталған роторлар үшін) орамалар қолданылады. Қуаттылығы кіші машиналар үшін тұзақты орамаларының бір түрі ретінде,тіркеспелі орамаларда қолданылады. Асинхронды машинаның қуаттылығына кернеуінің мөлшері мен ойықтарының пішіне қарай орамаларының түрін таңдап алады. Бір қабатты тізбекті орамалар қуттылығы 7кВт –қа дейінгі асинхронды қозғалқыштарда қолданылады. Қуаттылығы жоғары болса,екі қабатты тұзақты орамалар қолданылады. Толқынды орамалар негізінде,фазалық роторлы асинхронды қозғалтқыштардың роторларында қолданылады.

2,11 Жалпы қолданымдағы күштік трансформаторлардан басқа арнайы қызметтерге арналған,пісіруге арналған трансформаторлар да кеңінен қолданылады. Сонымен қатар мұндай трансформаторларға:автотрансформаторлар және өлшеуге арналған трансформаторлар жатады. Арнайы қызметке арналған трансформаторлардың үлкен тобын құрайтындар қатарына радиода және электронды техникада қолданылатын трансформаторлар жатады.

2,12 Электр техникалық құрылғылар арасында,жүктеулі кезде кернеуін реттеуге келетін,автотрансформаторлар делінетін трансформаторлар кең таралған. Олардың негізгі құрылыстық айырмашылығы –олардың қуаттылығы мен кернеуі шағын автотрансформаторлардың жоғары және төмен кернеулі орамалары біртұтас, өткізгіштерінің көлденең қимасы бірдей ,бір қабат боп оралады. Орам сандары,әр орамға 0,5....-1,0 Волть келетіндей етіп алынады,бұл бір жағы оқшаулағыштан тазартылған арнайы құбылысты щетканы жылжыту арқылы кернеуді баяу реттеуге мүмкіндік береді. Мұндай автотрансформаторлар бір және үш фазалы етіп жасалады,қалыпты қуаттылығы 250кВА және кернеулері 220-380 В болады. Кернеуі 220Вольттық автотрансформаторлар зертханалық деп аталады,екінші кернеудің реттелуі нөлден қалыпты мәніне дейін , кейде одан біраз артық деңгейге дейін жетеді. Автотрансформаторлардың ПӘК-і трансформаторлардыкіне қарағанда айтарлықтай төмен. Кернеулерін өзгерту арқылы аса зор емес екі еседен аспайтын трансформаторлар құрылысы жағынан айтарлықтай жоғары қуаттылық пен кернеуге арналып жасалады. Оларды үшфазалы синхронды және асинхронды электр қозғалтқыштарды жүргізуге,сондай-ақ кернеуі бойынша бір-біріне айырмасы аз байланыс желілерінде пайдаланады. Мұндай автотрансформаторлардың кернеулерін реттеу сырғымалы жанасуы жоқ. Мысалы:жылжымалы қысқа тұйықталған шарғының көмегімен атқарылады.

2,13 Асинхронды қозғалтқыш бірлігіндегі айналдыру моменті механикадан белгілі,мына өрнек арқылы Ньютонмен анықталады.

М2 = Р2 /w2

2,14 Бірфазалы асинхронды қозғалтқыштардың жұмысшы және жұмысқа қосу сипаттамалары үшфазалы асинхронды қозғалтқышына қарағанда нашар. Негізгі себебі магнит өрісінің эллипсоида тәрізді айналуы. Оларды жақсарту үшін әр түрлі іске қосу құрылғыларын –резисторларды ,индуктивті шарғы немесе конденсатор қолданады. Бірақ олардың көмегімен істі түбегйлі шешуге қол жеткен жоқ.

2,15 Қоздыру орамасы машинаның зәкір айналатын полюс аралық кеңістігінде магнит өрісін туғызуға арналған. Қоздыру орамасы полюс өзекшесіне кигізілетін ,каркасқа оралған шарғы түрінде жасалған. Шағын және орта қуатты машиналарды қоздыру орамасы карқассыз шарғылар жиі қолданылады. Ылғал өткізгіштігін азайтып ,жылу өткізгіштігін арттыру үшін қоздыру орамасы шарғысын ,лакпен көп қайтара қанықтырады. Негізгі және қосалқы полюстердің қоздыру орамаларын дайындау технологиясы бірдей.

2,16 Зәкір орамасы тұрақты ток машинасының маңызды құрамды бөлігі,ол электр энергиясын магнит энергиясына (қозғалтқыш) немесе магнит энергиясын электр энергиясына айналдырады(генератор).

2,17 Коллекторды сына тәрізді етіп,мыс қаңылтырдан жасайды,оларды бір-бірінен сондай-ақ коллектордың сыртынан миконит төсеніштермен және манжеттер арқылы оқшаулайды. Коллектордың қаңылтырларын ыстық кезінде цилиндр корпусқа оның қисық беттері дәл цилиндр сияқты болу үшін айналдыра жонылады.

2,18 Коллектор механикалық түзеткіштің құрамдық бөлігі,ол зәкір орамасында индукцияланатын айнымалы синусоидалы ЭҚК-ін генератордан шығатын (үзбелі) ЭҚК-ке айналдырады.

2,19 Өркениеттің қазіргі дамыған кезеңінде электр энергиясын өндіру үшфазалы синусоидалы ЭҚК-і бар электр генераторлармен өндіріледі. Өндіріс жағдайына байланысты тұрақты ток қажеттілігі туындағанда оны айнымалы токты тұрақты токқа (түзеткіш) айналдыру арқылы алады. Тұрақты ток генераторы алғашқы ток көзі ретінде ,негізінде жеке қондырғыларда электрмен пісіру кезінде синхронды машиналардың қоздырғышы ретінде және т.б. қолданылады.

2,20 Тұрақты ток генераторлары арасында ерекше кең тарағандары,параллель және аралас қыздырғыштары бар генераторлар , олар магнит ағынын туғызу үшін жеке тұрақты ток көзін талап етпейді. Мұндай генераторлардың қоздыру орамалары машинаның өздігінен қозуы есебінен қоректенеді,оның алғашқы себепшісі ретінде машинаның полюстері мен жармасындағы магнетизм қалдықтары әсер етеді. Зәкірдің магнетизм қалдықтары өрісінде айналған кезінде онда магнетизм қалдығының азырақ ЭҚК-і индукцияланады. Ол қалыпты мәннің 5....10% құрайды. Зәкір орамасында индукцияланған магнетизм қалдығынан зәкір орамасына параллель жалғанған қоздыру орамасында шамалы ток пайда болады,ол қоздыру орамасы мен зәкір орамаларының келісімді жалғасуынан полюстердің магнит ағынын көбейтеді. Енді магнетизм қалдықтарынан пайда болатын магнит өрісімен ток қыздыру орамасы арқылы өткенде пайда болған магнит өрістерінің қорытынды магнит өрісімен машинаның зәкірі айналады. Соған байланысты зәкірдің магнит өрісінің шамасына тәуелді болып келетін ЭҚК-і артады. Ол қоздыру орамасында үлкен ток туғызады,сол ток машинаның магнит өрісін және соған лайықты зәкірдің ЭҚК-ін артады. Бұл өздігінен қоздыру процесі машинаның магнитөткізгіштігі қаныққанша жүреді,қоздыру орамасындағы токтың одан ары артуы магнит өрісін арттырмайды, демек зәкірдің ЭҚК-ін молайтпайды. ЭҚК-тің өсуі әуелі баяулай бастайды,одан соң тіпті қоздыру орамасын тұрақты ток көзінен қоректендірсең де мүлде тоқталады.

2,21 Реттелмейтін – бір ғанаөзгермейтін жылдамдығы бар жұмысшы машинаның орындаушы құралдарын қозғалысқа келтіретін ЭЖ

2,22 Реттелетін – жұмысшы машинаның орындаушы құралына өзгеріп тұратын жылдамдықпен әсер ететін ЭЖ.

2,23 Бағдарламалық басқарылатын -тапсырылған бағдарлама бойынша басқарылатын ЭЖ.

2,24 Қадағалаушы- белгілі дәлдікпен жұмысшы машинаның орындаушы құралының жылжуын қадағалайтын ЭЖ.

2,25 2-ге бөлінеді

А) автоматтандырылмаған-қолмен басқарылатын ЭЖ.

Б)автоматтандырылған-параметрлері автоматты реттелу арқылы басқарылатын ЭЖ.

2,26

Токтың түрі бойынша: тұрақты және айнымалы ток ЭЖ.

2,27 Өндірістік механизмнің сипаттамасы деп-қозғалтқыштың білігіне келтірілген жылдамдықпен механизмнің кедергі моментінің арасындағы тәуелділікті айтады,яғни

Өндірістік механизмнің механикалық сипаттамасының эмпириялық формуласы:

2,28 Жүкті түсірген кезде көтергіш механизмдердің ЭЖ-терінде электр энергиясын желіге қайтару арқылы тежеу режимі болады

2,29 Жүкті көтерген кезде кедергі моменті де өседі.

2,30

2,31 Динамикалық тежеу ж/е қарсы қосу арқылы тежеу.

2,32 Егерде жүкті түсіру моменті электр қозғалтқыштың қысқа тұйықталу Мқ.т. моментінен үлкен болса ғана қарсы қосу арқылы тежеу мүмкін болады.

2,33 Зәкірге келтірілген кернеуді қарама-қарсы өзгерту арқылы,қарсы қосу арқылы тежеу режимін құрауға болады.

2,34. 2 опораның арасы 50-70м болады

2,35. 50Гц

2,36

2,37 П. Борлоу жасаған

2,38. Айнымалы токтың үшфазалы жүйесін М.О.Доливо-Добровольский 1889ж жасады.

2,39. Эквивалентті ток –бұл тұрақты мәні бар қозғалтқышта ағатын нақтылы токтың жасайтын шығыны сияқты шығындарды шығаратын ток.

2,40. А) жылулық бару және бұрыштық жылдамдық тұрақты кездегі қозғалтқыштың білігіндегі орташа қуатты механизмнің жүктеме диаграммасы бойынша анықтаймыз:

Б) анықталған қуат бойынша каталогтан сәйкес келетін қозғалтқышты таңдаймыз.

В) әр түрлі бұрыштық жылдамдық кезінде жүктеменің функциясы ретіндегі ПӘК-тердің қисықтарын пайдаланып , жүктеме диаграммасының әрбір интервалындағы қуат шығынын табамыз да , ) графигін саламыз.

Г) циклдің орташа шығындарын тауып,оларды номиналды шығындармен салыстырамыз

2,1, Трансформатордың орамдары цилиндрлі жарғы түрінде сымдарының қима ауданы дөңгелек немесе тік болып жасалады. Олардың орам сандары әдетте,әр түрлі болып келеді. Орам саны көп орама жоғары кернеулік (Ж.К) деп аталады. Жоғары кернеу орамасының орам талшықтарын w1 белгілейді. Жоғары кернеу орамасы төмен кернеудің орамдардың сыртынан оралады. Жоғары кернеулі ораманың басы мен аяғы ретінше А және Х әріптерімен белгіленеді.

2,2 Трансформатордың орам саны аз орамасын төменгі кернеулік (Т.К) деп атайды. Төмен кернеу орамасының орам талшықтарын w2 деп белгілейді. Төменгі кернеу орамасы өзекшеге жақын орналасады. Төмен кернеулі орамдардың ұшының басы а және аяғы х әріптерімен белгіленеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]