Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тест / ТЕСТ МА#U049aТА 2014 / #U04d8д_стемел_к.docx
Скачиваний:
25
Добавлен:
15.02.2015
Размер:
2.09 Mб
Скачать

КІРІСПЕ

11 – БӨЛІМ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2.1. Типтік технологиялық карталар әзірлеу тақырыбының жұмыс бағдарламасының негізгі мазмұны

Технологиялық карта әзірлеу алдында фермер (тауарөндіруші):

- Қазақстандағы және әлемдегі негізгі ауыл шарауашылық дақылдарын күтіп–баптаудың озық ресурсүнемдеуші технологияларын агрономиялық тұрғыдан сараптау, сұрыптау негізінде таңдауы;

-Ресурсүнемдеуші технологиялар кешеніне кіретін жаңа техникалық жабдықтарды агротехникалық тұрғыдан сараптау, сұрыптау, таңдауы;

-Өндіріске ұсынылатын ресурсүнемдеуші технологияларды өнім бірлігіне жұмсалатын өндіріс шығындары нормативтеріне сәйкес дақыл түрлері бойынша бизнес-жоспар жобалау қағидалары негізінде экономикалық тұрғыдан негіздей білуі қажет, онсыз қәзіргі жағдайдағы диқаншылық бизнесінде пайда алуы екі талай.

Ауыл шаруашылғын заманауи тәсілмен басқару үшін: агротехникалық іс-шараларды дер кезінде сапалы орындау, дақыл сорттарын жаңалау-таңдау, оларды жер жағдайына қарай орналастыру, ауыл шаруашылық машина және техникалық жабдықтарынан тиімді пайдалану, қажетті материалдар шығыны мен материалдық стимулдау тізімін өзара байланыстыра отырып жүргізуді қажет етеді.

Ғалымдар мен озық шаруа қожалықтары мамандарының пікірінше, шаруа қожалықтары ерікті түрде бірлесіп, немесе өзара келісім-шарт негізінде қауымдасып, дақыл өсіру, күтіп-бапптау мен жинаудың типтік және инновациалық технологиялық карталарына сәйкес агрошараларды ұйымдастыру агроқұрылымдарға төмендегідей артықшылықтар береді:

-ғылыми негізделген әрбір дақыл саласына мамандандырылған шаруашылықты ұйымдастыру және ауыспалы егіс жүйелерін ендіру арқылы топырақтың құнарлылығын арттырады;

-озық инновациялық технологияны және жоғарғы өнімді ауылшаруашылық техникасын қолдану мүмкіндігін береді;

-еңбек өнімділігі мен өндірістің пайдалылық деңгейін арттыру мүмкіндігін береді.

Фермер заманауи бизнес-жоспарлар жасауда өте қажетті болған қолданбалы технологиялық карта түзу арқылы, агротехникалық жұмыстарды жүйелі түрде жоспарлы ұйымдастыруды жүзеге асыра алады.

Әзірленетінтехнолгиялық карта – агрономиялық, -инженерлік, экономикалық және ұйымдастырушылық үйлесімділігі бағытындағы сапа көрсеткіші талаптарына сәйкестікті қамтамасыз етуге, өнім түсімін арттыруға, өнімнің өзіндік бағасын төмендетуге бағытталған анық ғылыми ұсыныстарға, озық тәжрибелерге негізделіп құралған жоспарлы – болжалды (прогноздық) құжжат саналады.

2.2.Типтік технологиялық карта және қолданбалы технологиялық карта түсінігі және оның мәні.

Типтік технологиялық карталар 5 жыл мерзімге әзірленеді. Типтік технологиялық карта нұсқасы – қосымшада берілген.

Әдістемелік қолданбада пайдаланылған қысқартулар:

ТТК – типтік технологиялық карта;

ҚТК – қолданбалы технологиялық карта;

а/ш – ауыл шаруанылығы;

ЖЖМ – жағар - жанар май;

АШМ – ауыл шаруашылығы машинасы;

МТА – машина-трактор агрегаты;

т – тонна;

ткм – тонна-километр;

кв.м – шаршы метр;

куб.м – куб метр;

км – километр;

пм – погон метр;

га – гектар;

м – метр;

N –азот тыңайтқышы;

Р –фосфор тыңайтқышы;

K –калий тыңайтқышы.

Диқаншылықта мол өнім алуға кепілдік беретіннегізгі ауыл шаруашылық дақылдарын күтіп-баптау, өнім өндірісі агротехникасы, орындалу кезектерін, мерзімдері және олардың сапа көрсеткіштерін, механикаландырылған әдіспен орындалатын жұмыстар үшін прогрессивтік агротехнологиялар мен техникалық жабдықтардан пайдалануды өзара үйлесімді, тиімділікпен, қаражаттар шығынын азайтуды қамтамасыз ететін, ғылыми негізделген - егінді күтіп баптау және өнім өндірудің әр бір дақыл түрі бойынша типтік және инновациалық технологиялық карталар(ТТК, ИТК)әзірленген.

Технолгиялық карталар(ТК) – агрономиялық, инженерлік, экономикалық және ұйымдастырушылық үйлесімділігі бағытындағы сапа көрсеткіші талаптарына сәйкестікті қамтамасыз етуге, өнім түсімін арттыруға, өнімнің өзіндік бағасын төмендетуге бағытталған анық ғылыми ұсыныстарға, озық тәжрибелерге негізделіп құралған жоспарлы мемлекеттік құжжат саналады.

Ғылыми зерттеу институттары тарапынан дайындалған типтік технологиялық карталар (ТТК) 2 бөліктен құралып, төмендегі дақыл түрлері бойынша әзірленген:

1-бөлік: дәнді және техникалық дақылдарды күтіп-баптауға арналған типтік технологиялық карталар;

2-бөлік: майлы дақылдар, бау-бақша және жүзім картоп, бақша дақылдары, теплицалық егіндер және Қазақстанда тұңғыш рет өсірілетін жаңа дақылдарды күтіп-баптауға арналған типтік технологиялық карталар.

-Дәнді дақылдар (күздік қара бидай, күздік арпа, жаздық бидай, жаздық арпа, жүгері, тары, күріш, бұршақ, үрме бұршақ, ноқат, маш);

-Техникалық (мақта, темекі, қант қызылшасы); майлы дақылдар: күнбағыс,сафлор, максары, жержаңғақ;

-Бақша дақылдары: картоп, көкөністер (сәбіз, пияз, сарымсақ, қызанақтар, қияр, орамажапырақ, асқабақ, перец); бақшалық: қауын және қарбыздар;

-Жем-азық дақылдары: жүгері - сүрлемге және дәнге, пішенге (біржылдық және көпжылдық); жоңышқа - пішенге және сүрлемге, пішендемеге, тұқымдық жоңышқа;

-Миуалы бақ, жүзім дақылдарынан: жүзімдіктер (көшеттік және миуалы, аласа бойлы (карлик) алма, алмұрттар, айва, шабдалылар, алхорылар, қызыл шие, және т.с.с.);

-Теплицалық дақылдар(қияр, қызанақтар, құлпынай және т.с.с.).

Жаңа типтік және инновациялықтехнологиялық карталар 5 жыл мерзімге әзірленеді, аграрлық салаға жоғары дәрежедегі ғылым мен технологиялар жетістіктерін ресурсүнемдеуші технологияларға негізделіп мол және сапалы аз қаражат шығымды өнім алуды қамтамсыз етеді.

Жоғарыдағы ТТКларға негізделген қолданбалы технологиялық карталарды әзірлеуді үйретумақсатында осы әдістемелі нұсқау дайындалды.

Ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру күтіп-баптау және жинау агротехникасы және технологиясы:

Агротехника-ауыл шаруашылық дақылдарынанкөзделген мол және сапалы өнім алуға кепілдік беруші – егінді күтіп баптау және тауар өнімі өндірудегі орындалуы тиісті болған жұмыстар (операциялар) тізіміні анықтау, орындалу кезектері, мерзімдері және оның сапа көрсеткіштері, орындау әдістері, заңдылықтары және техникалық жабдыктар туралы ғылыми негізделген мағлуматтар кешені.

Агроехнология – (техно-шеберлік, логос-білім, түсінік) ауыл шаруашылык дақылдарын күтіп-баптау және тауар өндіруагротехникасынорындауға жұмсалатын еңбек, жабдықтар, энергия каражаттарының оңтайлы мөлшерін белгілейді.

Әрбір агроқұрылымдар: диқан-шаруа қожалықтары, ЖШС, агрофирмалар, Акционерлік қоғамдар әр өңірдің топырақ – климаттық жағдайын ескере отырып, өздеріне қарастытүрлі конфигурациялы, агроландшафтты егістік дала алқаптарында егілетінәрбір дақыл түрі бойынша жеке-жеке типтік технологик карталар негізінде қолданбалы технологиялық карталарәзірлеуі тиіс[7].

Ауыл шаруашылғын заманауи тәсілмен басқару үшін: агротехникалық іс-шараларды дер кезінде сапалы орындау, мақта сорттарын жаңалау-таңдау, оларды жер жағдайына қарай орналастыру, ауыл шаруашылық машина және техникалық жабдықтарынан тиімді пайдалану, қажетті материалдар шығыны мен материалдық стимулдау тізімін өзара байланыстыра отырып жүргізу қажет.

Мақта өсіретін агроқұрылымдардың шаруашылықты интенсивті жолмен және тиімді ұйымдастырудың маңызды шарты- өндірістік факторлардың шоғырлануы, ресурстарды тиімді пайдалану.

Біздің пікірімізше, шаруа қожалықтары ерікті түрде бірлесіп немесе өзара келісім-шарт негізінде қауымдасып, мақта өсіру мен жинаудың технологиялық картасына сәйкес жұмыстарды ұйымдастыру агроқұрылымдарға төмендегідей артықшылықтар береді:

- ғылыми негізделіп мақта саласына мамандандырылған шаруашылықты ұйымдастыру және ауыспалы егіс жүйелерін ендіру арқылы топырақтың құнарын арттырады.

- озық инновациялық технологияны және жоғарғы өнімді ауылшаруашылық техникасын қолдану мүмкіндігін береді.

- өндіріске капитал үшін инвестиция салуға, қомақты несие алуға және ғылыми-техникалық өркендеудің озық жетістіктерін тиімді пайдалануға жол ашады.

- өндірістің экономикалық және қаржылық тиімділігін арттыруға, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді;

- мақта саласында жаңа техника және технология қолдау мүмкіндігі негізін қалайды;

-еңбек өнімділігімен өндірістің пайдалылық деңгейін арттыру мүмкіндігін береді;

-жерді және басқа да материалдық ресурстарды пайдаланудың ең жоғарғы экономикалық тиімділігін арттырады;

-агроқұрылымдардың жер-су, капитал және еңбек ресурстарының тиімді пайдалану қамтамасыз етедеді;

-агротехнологиялық операцияларды дер кезінде жоғары сапада орындап, өнімді арттыру және шығындарды азайту мүмкіндіктерін береді.

Мақта өсіруде және жинау технологиясында 1га егістіктің еңбек сиымдылығын анықтаудың, қолда бар техника мен технологияның мүмкіндіктерін есепке алудың маңызы ерекше. Көп жылдық зерттеулер мен озық тәжірибеге сүйенетін болсақ, мақта өсіруде еңбек жүктеменің оптимальды мөлшері әрбір адамға 4-5 гектардан артық болмауы керек. Бұл өлшем шаруашылықтың техника және технологиялармен қарулану деңгейіне қарай өзгеруі мүмкін.

Жер мөлшері жағынан және жалпы өнім тұрғысынан ауылшаруашылық құрылымдардың қалыптасқан шағын мөлшерлері технологиялық процестің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ете алмайды, бұл өз кезегінде өндірістің тиімділігінің, бәсекелестік қабілетінің төмендеуіне алып келеді.

Қазіргі мемлекеттің аграрлық саясаты майдатауарлылықты жоюға, орта және ірі кәсіпорындар қалыптастыруға және шаруа қожалықтарды біріктіруге оларды жеңілдетілген тәртіпте материалдық-техникалық ресурстармен және қаржыландырумен қамтамасыз етуге бағытталуы тиістігін ескере отырып ТТК осы саясатты қолдауға бағытталады.

Біз қарастырып жатқан жағдайда агроқұрылымдарды ірілендіруді техника, яғни капитал мөлшерін есептеуді реттеу арқылы өзге параметрлерді – жер көлемін, адам санын анықтауға болады. Сондықтан шаруа қожалықтары ірілендіріліп қауымдасқан жағдайда мысалы, жалпы егістігі 100га оңтайлы өлшем бірлігі болып қабылданды.

Біз қарастырып жатқан жағдайда,мақта шаруашылығы аймақтарында минерал тыңайтқыштар, ЖЖМ, химиялық және басқа материалдар, технологиялық үрдістерді орындау барысындағы еңбек шығындары, механизаторлар мен жұмысшылар саны және олардың категориялары, а/ш машиналары мен агрегаттарына болған талап технологиялық карталар негізінде анықталады. Агроқұрылымдарда технологиялық карталар негізінде өндрілген өнімнің өзіндік құны болжамдық, прогнозды жоспарланады және кез-келген өлшемдегі егістік алқабы контурында немесе шаруашылық бойынша белгілі бір түрдегі ауыл шаруашылық өнімін өндіруге жұмсалатын ресурстар лимиттерін есептеп табылады.

Фермер заманауи бизнес-жоспарлар жасауда өте қажетті болған қолданбалы технологиялық карталар түзу арқылы, агротехникалық жұмыстарды жүйелі түрде жоспарлы ұйымдастыруды жүзеге асырады

Сол тізімде өнім өндірудегі технологиялық үрдістерді тиімді ұйымдастыруды және шаруашылықтың жағдайына орай ең аз ақшалай, материалдық және еңбек шығынын жұмсап көбірек өнім алуды қамтамсыз ететін технологиялық карталарда орындалауы тиісті жұмыс түрлері қарастырылады.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірісі бойынша қолданблы технолгиялық карталарды түзуде дақылдар өнімділігі еңбек пен материалдар шығынын азайту және де еңбек өнімділігін арттыруды жоспарлау үшінбарлық үрдістер бойынша орындалу тиісті жұмыстар көлемі анықталады.

Таңдап алынған технология, өндіріс үрдісін механикаландыру әдісі және еңбекті ұйымдастыру формаларына, дақылды күтіп-баптау және жиын-терімде орындалатын жұмыстардың көлеміне әсерін тигізеді. Осы себепті,фермерлер қолданбалы технологиялық карталар әзірлеуде фермер өз қожалығы жағдайына сәйкес, өнім өндірудің экономикалық тиімді ресурстежеуші әдістерін таңдау мен қолданысқа енгізуге басты назар аударуы қажет. Мұндай технологиялық карталар перспективті технологияларды, жоғары өнімділікпен жұмыс атқаратын машина мен техникаларды қолдануды және олардың жұмыстарын ұйымдастырудың оңтайлы әдістерін қарастыруды қажет етеді.

ҚТКанық бір түрдегі өнім өндіру үшін сол шаруашылық жағдайында қандай жұмыстар атқарылуы тиістілігін көрсетеді.

Қолданбалы технолгиялық карта – фермер қожалағының агрономиялық, инженерлік, экономикалық және ұйымдастырушылық бағытындағы есептеулер нәтижесінде әзірленген жоспарлы (болжамды, прогноздық) бизнес-жоспар жасау үшін ең негізгі құжжаты саналады.

1.Диқан (фермер) қожалығы үшін орналасқан аумаққа сәйкес келетін технологиялық карта таңдау.

Оңтүстік Қазақстанның мақта өсіретін аймақтарына сәйкес түзілген типтік технологиялық карталар негізінде диқан фермер қожалығы мамандары тарапынан өз қожалығы жағдайына сәйкес келетін қолданбалы технологиялық карталарды түзуде осы әдістемелік нұсқауды пайдалану мақсатқа сай келеді.

Типтік технологиялық карталарда барша технологиялықүрдістердің қаражат шығындарын анықтауда оңтүстік өңірі аймақтарының әртүрлі топырақ және табиғи жағдайларынасәйкес (топырақ сорын жуу жұмыстары, кейбір аймақтарда суғару үшін су насостар жәрдемімен жеткізіп берілуі сияқты)жалпы жағдайлар үшін ескерілген.

ТТК әрбір дақыл түрі бойынша жеке-жеке дайындалады. Кейбір дақыл түрі үшін бірнеше түрлі технологиялар бойынша (мысалы мақта дақылы бойынша 6 түрлі технологияоық карта әзірлеуге болады: 90см және 60см қатараралық; қос қатарлы 60х30см, плёнка астына егу, жал-жүйекті, күзде дайындалған арнайы пұшталарға егу т.б,) дайындау мүмкін.

Облыстың ауыл шаруашылығына жарамды жерінің аумағы 10,3 млн. га, оның ішінде жыртылатын жер аумағы 0,8 млн. га.

Ауыл шаруашылығында 63,3 мың шаруа (фермер) қожалығы, 956 ӨК, 6 АҚ, 608 ЖШС жұмыс істейді. Олар жалпы республика ауыл шаруашылығы өнімінің 12,2%-ын береді. Ауыл шаруашылығының басты саласына стратегиялық маңызы бар мақта өсіру мен өндіру жатады. Оның егіс көлемі 170 мың га-ға (егіс көлемінің 30%-ы) жетті. Шитті мақтаны өңдеумен жылдық қуаты 650 мың тонналық 19 мақта зауыты айналысады. Олар облыстың Мақтаарал, Сарыағаш, Шардара ауданында және Түркістан қалалық әкімдігі жерінде орналасқан. Облыс әкімшілігі 2003 жылдың соңында мақта иіру фабрикаларының құрылысын бастады.

Егіннің орташа жылдық өнімі: бидай – 400 мың т, күріш – 10 мың т, шитті мақта – 360 мың т, көкөніс – 400 мың т, бақша өнімдері – 291 мың т, картоп – 115 мың т.

Оңтүстік Қазақстанның мақта өсіретін аумақтары табиғи климат жағдайларына орай төрт аймаққа бөлінеді: [29-сх ОҚО]

Мырзашөл аймағына –Мақтаарал аудан

Қызылқұм аймағына – Шардара ауданы, Арыс қаласы

Түркістан аймағына –Түркістан қаласы, Ордабасы, Бөген аудандары

Келес аймағына- Сарыағаш ауданы

Бірінші аймақ - аймақтар ішінде ең үлкені - Мырзашөл аймағы. Мақта егістігінің -2/3 бөлегіне жуығы осы аймақта орналастырылған. Мырзашөл аймағының жері сұр топырақты, әртүрлі деңгейде сорланған. Жер асты минералданған су деңгейі жер бетіне 1,5-2,0м жақын орналасқан. Ыстықтың режімі басқа аймақтарға қарағанда мақта үшін қолайлы.

Екінші аймақ - Қызылқұм аймағы Сырдария өзенінің ойпатты жағалауында орналасқан бастапқы кезеңде күріш егуге бейімделіп, инженерлік дайындық жұмыстары жүргізілген, жері сұр топырақты сазды, жердің сорлану деңгейі әртүрлі, кейбір өңірлерде жер асты суы тереңде жатыр.

Үшінші аймақ - Түркістан аймағының жері құмшауытты және аралас сұрғұлт топырақты. Жылына 180-200 мм жаңбыр жауады, сортаңдану деңгейі төмен.

Төртінші аймақ - Келес аймағының жері адырлы, насоспен суғарылатын алқаптар басым. Сұртопырақты, сортаңдану мөлшері аз, жер асты сулары тереңде жатыр.

Соседние файлы в папке ТЕСТ МА#U049aТА 2014