Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тест / АПК / Практика МУ А#U04e8К тех сервис.doc
Скачиваний:
36
Добавлен:
15.02.2015
Размер:
3.24 Mб
Скачать

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университеті

«Су ресурстары, жерді пайдалану және агротехника» кафедрасы

Нурманов Б.Д.

5В080600 «Аграрлық техника және технология» мамандығы бойынша оқитын

студенттер үшін арналған

«Агроөнеркәсіп кешеніндегі техникалық сервис» пәнінен

практикалық сабақтарға арналған

Әдістемелік нұсқаулар

Оқыту түрі: күндізгі

Шымкент, 2014 ж.

ӘОЖ 631.256

Құрастырған: Нурманов Б.Д.

«Агроөнеркәсіп кешеніндегі техникалық сервис» пәні практикалық сабақтары бойынша әдістемелік нұсқаулар.

Шымкент: М.Әуезов атындағы ОҚМУ, 2013ж бет.

Әдістемелік нұсқаулар «Агроөнеркәсіп кешеніндегі техникалық сервис» пәні оқу жоспарының және бағдарламасының талаптарына сай құрастырылған және курстың практикалық сабақтары тақырыптарын орындауға қажет барлық мәліметтерді қамтиды

Әдістемелік нұсқауларда агроөнеркәсіп кешеніндегі техникалық сервис туралы түсініктемелер, түрлі жөндеу әдістері және тәсілдері, студенттердің ойлау қабілеттерін дамытуға және творчестволық белсенділігін арттыруға арналған тапсырмалар берілген

Әдістемелік нұсқаулар 5В080600 «Аграрлық техника және технология» мамандығы студенттеріне арналған

.

Пікір берушілер:

_________________________________________________________________________________________________________________________________

«Су ресурстары, жерді пайдалану және агротехника» кафедрасының мәжілісінде, хаттама № , « » 20 ж.

Агроөнеркәсіп факультеті әдістемелік комиссиясымен,

хаттама № « » 20 ж. талқыланды және баспаға ұсынылды

МӘуезов атындағы ОҚМУ Оқу-әдістемелік Кеңесімен баспаға ұсынылды

хаттама № « » 20 ж.

© М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, 20 ж

Шығаруға жауапты : Нурманов Б.Д.

№1 Практикалық сабақ

Тақырыбы: Техникалық сервис саласындағы дилерлік қызмет

Тапсырма: Техникалық сервис саласындағы дилерлік қызметтің мәнісін, түрлерін, қазіргі кездегі кең тараған түрлерін талдап, ұсыныстар беру.

Әдістемелік нұсқаулар:

Техникалық сервистегі маркетингтің негізгі міндеті – бұл нарықты зерттеу және тұтынушылық сұранысқа белсенді ықпал ету.

Маркетингтің негізгі қызметі:

1.Тауарға меншік құқығын берумен байланысты айырбас қызметі.

2.Тауардың формасы мен орнын ауыстырумен байланысты материалдық қызметтер (сақтау, тасымалдау, өңдеу).

3. Орнатуды стандарттау және өнімге қойылатын ортақ талапты қолдау.

4.Қаржыландыру, ақшаны маркетинг жүйесіндегі операцияларды қамтамасыз ету үшін пайдалану.

5.Тәуекелді қабылдау - өнім маркетингіндегі мүмкін болатын шығындарды қабылдау.

6. Нарықты зерттеу - әртүрлі ақпараттарды жинау, сараптау және тарату.

Маркетинг есебінен жүргізілетін техникалық сервистің тиімділігі жөндеу жұмыстары мен техникалық қызмет көрсетулерді орындауға ғана байланысты емес, ол қосалқы бөлшектер мен қызметтерді өткізуге байланысты. Әдетте, техниканың иесі техникалық қызметке жақсы ақша төлеуге дайын, алайда ол жылдам және сапалы қызмет көрсетуді талап етуге құқылы. Ал бұл техникалық жабдықталу мен мамандардың біліктілігіне байланысты.

Техникалық сервисті жүзеге асыру үшін потенциалды клиенттерді білу, сондай - ақ маркетинг бойынша мамандар болу, техниканың қызмет ету мерзімінің ықпалын білу, көрсетуге арналған зал, қосалқы бөлшектер қоймасы, шеберхана керек. Жарнаманы, техникалық сенімділігі туралы ақпаратты пайдалану керек.

Қазіргі жағдайда техниканың негізгі тұтынушылары болып ауылдық тауарөндірушілер табылады (акционерлік қоғамдар, фермерлік шаруашылықтар және т.б.). Сондықтан жаңадан құрылатын дилерлік пунктте ең алдымен оның қызметінің бағытын анықтап алу керек. Осы тұстағы негізгі іс – шаралар мыналар болып табылады:

1.Техникаға және техникалық сервис қызметіне деген сұранысына сәйкес нарықты топтарға бөлу.

2. Дилерлік пункттің жұмысы бағыталатын тауарөндірушілерді бағалау және іріктеп алу.

3. Нарықтағы тауарға көзқарас білдіру және маркетингтің детальды кешенін жасау.