Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

CPC_AiCD

.doc
Скачиваний:
21
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
54.27 Кб
Скачать

1) Уақыт айнымалысын (сағат, минут, секунд)құрылым ретінде сипаттау. Функцияны құру және тестілеу:

a) t1 уақыт параметрін d секунд параметріне меншіктейтін, t уақытында қарағанда КЕЛЕСІ_СЕК(t, t1, d ) үлкен (тәуліктің ауысуы мүмкін);

б) ара-қашықтық (t1, t2, d) t1 уақыттан t2 уақытқа өткен d уақытын есептейді.

2) Рационал сан түсінігін сипаттайтын құрылымды енгізу (жұп және тақ өрістермен)функцияны құру және тестілеу:

a) ТЕҢ (А, В), А және В рационалды сандардың бір-біріне тең екенін тексереді;

б) МАКС (X, N) рационал сандардың X[N]массивінен ең үлкен санын қайтаратын.

3) Келесі өрістер бар құрылымды енгізу: фамилия, қала, адрес, тұрғындеген ұғымын мазмұндау үшін ТАҒДЫР-ТӘЛКЕГІ (С) функцияны құрастыру және тестілеу. Бұл функция С тізіміне әр түрлі бір адресі бойынша екі (кез келген) тұрғынның фамилияларын басып шығарады.

4) Дата деген ұғымды мазмұндау үшін (күн, ай, жыл өрістер бар) құрылымды енгізу. Келесі шарттар бойынша функцияны құру және тестілеу:

a) екі датаның өткен аралығын (күндер) есептейді;

б) жыл күннің реттік нөмірі бойынша осы күнге сәйкес келетін айы мен күнін анықтау;

в) N күн бұрын енгізілген дата бойынша датаны басып шығарамыз;

5) Үш өлшемді кеңістікте шар мен нүктені мазмұндайтын құрылымды анықтау. Нүкте берілген шардың ішіне кіретінін тексеріп функцияны құру және тестілеу.

6) Рационалды сан түсінігін сипаттайтын құрылымды(жұп және тақ өрістер) енгізу. Функцияны құру және тестілеу:

a) ҚОСУ (А,В,С) А және В рационал сандар қосындысының нәтижесін С-ке жазады;

б) МИН (А,В) Ажәне В рационал сандарының ішіндегі кішісін қайтарады;

в) КӨБ (А,В,С) А және В рационал сандарды көбейту нәтижесін С-ке жазады.

7) Комплекс санды сипаттайтын құрылымды енгізу. Келесі шарттар бойынша функцияны құру және тестілеу:

а) алгебралық формадан комплекс санды көрсеткіштік формаға түрлендіру;

б) көрсеткіштік формадан комплекс санды алгебралық формаға түрлендіру;

в) түйіндес комплекс санды алу.

8) Алгебралық полином түсінігін сипаттайтын құрылымды енгізу. Келесі үшін функцияны құру және тестілеу:

а) полиномды енгізу;

б) полиномды шығару;

в) полиномды қалыптастыру.

9) Комплекс санды сипаттау үшін құрылымды енгізу. Келесілер үшін функцияны құру және тестілеу:

a) Комплекс санды бүтін оң дәрежеге шығару;

б) алгебралық формада комплекс санды көбейту;

в) көрсеткіштік формада комплекс санды көбейту.

10) Алгебралық полином түсінігін сипаттайтын құрылымды енгізу. Келесілер үшін функцияны құру және тестілеу:

а)полиномдарды қосу;

б) полиномдарды алу;

в) полиномдарды көбейту.

11) Автомобиль түсінігін сипаттайтын тіркеу күні, автомашина маркасы,шыққан жылы, түсі, нөмер өрістерімен берілген құрылымды енгізу. Функцияны жазу және тестілеу:

a) жаңа машинаны тіркеу;

б) машинаны тіркелген тізімнен жою;

в) кез-келген белгілер комбинациясы бойынша машиналарды іздеу.

12) Құрылым массиві топтағы студенттер туралы ақпараттан тұрады: бірінші өрісте фамилиясы, екіншіде-жасы, үшіншіде-бойы,төртіншіде-сессиядағы орташа балы және т.б. тұрады(массивтің і-ші элементі і-ші студентті сипаттайды).

Студент k параметрі бойынша орташа статистикалық деп аталады, егер онда k-ші бағанның орташа арифметикалық санның айырмасының кіші модулі және оны студенттіңk-ші мәні жететін болса. Сол сияқты k-ші параметр бойынша жалғыз студенттер анықталады (онда максимумға жетеді)

Студент ең ортасы деп аталады, егер ол параметрлердің ең үлкен саны бойынша орташа статистикалық болып табылды. Сол сияқты ең жалғыз студент анықталады.

Топта қай студент қандай екенін анықтау:

a) ең ортасы;

б) ең жалғызы;

в) ең жалғызының арасындағы ең ортасы;

г) ең ортасының арасындағы ең жалғызы.

13) Үй N қабат пен үш лифтен тұрады. Әр лифт бос немесе бос емес болуы мүмкін. Адам қабаттың біреуінде тұр және сол адам тұрған қабатқа қарай бағытталған жақын бос емес лифті шақырайын деп тұр.

Бастапқы конфигурацияның (адамның орнын, лифтің қозғалысының бағыты және жұмыс істеу, кідірісі), сондай-ақ шақырылатын лифтің нөмірін басып шығару. ЕНГІЗУ, ШЫҒАРУ, ЛИФТІ ТАҢДАУ функцияларын қолдану.

14) Катеттерімен, координаттар өсіне параллель және төменгі солжақ тік бұрышпен берілген,теңбүйірлі тікбұрышты ұшбұрышты сипаттайтын құрылымды анықтау.

Екі берілгендердің қиылысу аймағы-жаңа үшбұрышқа көрсеткішті қайтаратын, функцияны жазу және тестілеу. Егер қиылысу болмаса NULL қайтарылады.

15) Полярлы және декарт координаттар жүйесіндегі нүктені сипаттайтын құрылымды анықтау. Келесілер үшін функцияны құру және тестілеу:

а) декарттық координаттар нүктесін алу,егер олар полярлы координаттарда берілсе;

б) декарттық координаттар жүйесінде берілген екі нүктелердің арақашықтығын есептеу.

16) Маңызды тарихи күндер-құрылымын анықтау. Оның өрісі - жыл,оқиға. Функцияны жазу және тестілеу:

- өрістердің кез-келгені бойынша құрылымды сұрыптаушы;

- күндердің арасындағы орташа интервалды есептейтін;

- оқиға аттарында бірінші жиі кездесетін әріпті анықтайтын.

17) Координаттар өсіне параллель, қабырғаларымен берілген тік бұрышты сипаттайтын құрылымды анықтау (тікбұрыш – сол жақ төменгі және оң жақ жоғарғы екі нүктесімен берілген).

Екі тік бұрыштардың қиылысу аймағына, жаңа тікбұрышқа көрсеткішті қайтаратын, функцияны жазу және тестілеу. Егер қиылысу болмаса NULL қайтарылады.

18) Полярлы және декарт координаттар жүйесіндегі нүктені сипаттайтын құрылымды анықтау. Келесілер үшін функцияны құру және тестілеу:

а) полярлы координаттар нүктесін алу,егер олар декарт координаттарда берілсе;

б) полярлы координаттар жүйесінде берілген екі нүктелердің арақашықтығын есептеу.

19) Комплекс санды сипаттайтын құрылымды шығару. Келесілер:

а) көрсеткіштік формада комплекс сандарды бөлу;

б) алгебралық формада комплекстік сандарды жаз.

20) Алгебралық полином түсінігін сипаттайтын құрылымды шығару. Келесі үшін функцияны құру және тестілеу:

а) полиномдарды бөлу;

б) полиномды дифференциалдау;

в) полиномды интегралдау.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]