Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

15 д-ріс СМС

.doc
Скачиваний:
15
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
79.36 Кб
Скачать

15 дәріс. Сертификаттау жүйелері. Сертификаттау жүйелері – осы жүйеде орнатылған ережелер бойынша сертификаттау жұмыстарын жүргізуге қатысушылар жиынтығы. Техникалық реттеу жүйесі сертификаттау жұмыстарын жүргізуге өз ережелері мен басқару процедураларын қолданады. Жүйелер ұлттық, мемлекетаралық, аймақтық және халықаралық деңгейде қалыптасады.

Сертификаттау жүйесі басқаруды да, процедураларды да өзінің ережелерімен жүзеге асыратын жүйе. ҚР сертификаттау жұмыстарын ұйымдастырып, жүргізу үшін Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесі құрылған. Сертификаттау жүйесінің типтік құрылымы 7 суретте көрсетілген.

Ғылыми-әдістемелік сертификаттау орталығы

ААҚ «Сараптама және сертификаттау ұлттық орталығы»

Сертификаттау жөніндегі органдар

Сынау хаттамасы

Келісім-шарт

Сынау зертханалары

Сынау хаттамасының көшірмесі

Келісім-шарт

Өтінім берушілер (дайындаушылар, сатушылар, орындаушылар)

7 сурет – Сертификаттау жүйесінің типтік құрылымы

Сертификаттау процесін құрайтын процедуралар, ережелер, сынаулар және басқа да іс-әрекетті түрлі факторларға байланысты қарастыруға болады. Егер сертификаттау жүйесі нақты бір өнімнің (процесс, қызмет) сәйкестігін дәлелдеумен айналысса –өз тәжірибесінде нақты осы өнімге қатысты стандарттар, ережелер мен процедура қолданатын біртекті өнімді сертификаттау жүйесі. Осындай бірнеше біртекті өнім сертификаттау жүйелері жалпы сертификаттау жүйесін құрайды. Сәйкестікті бағалау деп берілген талаптарға сәйкестік дәрежесін жүйелік тексеруді айтамыз. Сәйкестікті бағалаудың бір жеке басын өнімнің нақты сипаттамасын өлшеу жолымен сәйкестікті бағалауды тексеру деп атаймыз. Сертификаттау стандарттарға сүйенеді және оның негізінде сертификаттау нормаларына сай сынау жатыр. Тұтынушының қауіпсіздігін қамтамасыз етудің объективті қажеттілігі өнім мен қызметтің сапасын арттыру. Нарықтық қатынас жағдайында өнімнің нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес болуына кепілдік беретін негізгі құрал – сертификаттау.

Сертификаттау жұмыстарын басқару сертификаттаудың өкілетті ресми органына жүктелген – АҚ «Сараптау және сертификаттаудың ұлттық орталығы». Өкілетті орган өзінің іс-әрекетін ҚР «Техникалық реттеу туралы» Заңында бекітілген функциясына сәйкес жүргізеді және өзінің құзыреттілігі шегінде келесі функцияларды орындайды:

- заңнамаға, РК СМЖ талаптарына, ҚР мемстандарт ережелеріне сәйкес сертификаттау процедураларын орнатады;

- біртекті өнімдер (ережелерді, ретті) сертификаттау жүйесін бекітуді жасау және дайындауды ұйымдастыру, осы бағыттағы жұмыстарды басқару мен бағыттау;

- жүйедегі сертификаттау жұмыстарын жүргізуге қажетті нормативтік құжаттардың қорын жаңарту мен жетілдіру жұмыстарына қатысады. Атқарушы биліктің органы ретінде сертификаттау жұмыстарын нормативтік қамтамассыздандыру: жабдықтар мен құралдарды жасау, пайдалану және оларда қауіпсіз жұмыс істеу талаптарын жасайды және бекітеді, қажетті жағдайда ұсынылған ережелер мен нормалардың бірыңғай талаптарын, олардың сертификаттау мақсатына жарамдылығын ескере отырып тағайындайды ;

- қаіпсіздік талаптарын тағайындайтын халықаралық ережелер, нормалар және стандарттарды жасау мен келістіру;

- жүйе Мемстандарты мен біртекті өнімді сертификаттау ережелерін мемлекеттік реестрге тіркеуге ұсынады;

- сертификаттаудың келешегі бар бағыттарын жасайды;

- ҚР міндетті сертификаттауға жататын өнім мен қызметтің түрлері бойынша ұсыныс дайындайды;

- сертификаттау органдары мен сынақ зертханаларын аккредиттеуге, олардың іс-әрекеттеріне инспекциялық тексеруге қатысады;

- сертификаттау органдары мен сынақ зертханаларының іс-әрекеттерін басқарады;

- сертификаттау органдары мен сынақ зертханаларын санаққа алады;

- шетел сертификаттарын, сәйкестік белгісін және сынақ нәтижелерін мойындау туралы ұсыныстар дайындайды;

- біртекті өнімдер топтарын сертификаттау жүйесі құрамын, сертификаттау органдары, сынақ зертханалары жүйесін ұтымды ұйымдастырады, сертификаттау органдары мен сынақ зертханаларына қатысты шағымдарды қарастырады;

- қатерлі өнеркәсіп өндірістері, объектілері және жұмыстарын сертификаттау Кеңесін құрады.

Ғылыми-әдістемелік орталық сертификаттау жөніндегі органдардың біреуінің негізінде құрылып, келесі функцияларды ұсынады:

  • жүйелік зерттеулерді жүргізеді және сертификаттау обьектілерінің құрылымы және құрамы бойынша ғылыми ненгізделген ұсыныстарды өңдейді;

  • өнім сертификаттауы бойынша нормативтік-техникалық қамтамасыздандыру қорын өзектендіреді және жүргізеді;

  • сертификаттау органдарын, сынау зертханаларын, сарапшыларды аттестаттау бойынша аккредиттеу комиссиясының жұмыстарына қатысады;

  • ғылыми зерттеулер жүргізеді және өнімді сертификаттау бойынша жұмыстар әдістемесі мен тәжірибелерін жетілдіруде, соның ішінде Ережелерді жетілдіруде, олардың негізінде басқарушы құжаттар кешенін әзірлеуге ұсыныстарды дайындайды;

  • жұмысқа қатысушылар ақпаратын таратады және реестр жүргізеді, ҚР мемлекеттік реестріне арналған қажетті мәліметтерді дайындайды;

  • сертификаттау және аккредиттеу обьектісі бойынша ақпараттарды таратады және талдайды, реттеуші және басқарушы функцияларды қамтамасыз етуге бағдарланған, автоматтандырылған деректер банкін жүргізеді;

  • халықаралық және озық шетелдік тәжірибенің есебімен сертификаттау бойынша жүргізілетін жұмыстардың тиімділігін техника-экономикалық талдау мен бағалаудың әдістемелік ұсыныстарын әзірлейді;

  • Орталық органы үшін жоғарыда көрсетілген бағыттар бойынша тәжірибелік ұсыныстарды дайындайды.

Сертификаттау жөніндегі орган (бұл мемлекеттік ұйым немесе жекеменшік фирма болуы мүмкін) – сәйкестік сертификаттауын жүргізуші орган. Ол заңды тұлға атағына ие және үшінші жақ, яғни өндіруші мен тұтынушыдан тәуелсіз болып табылатын ұйымның негізінде құрылады. Сертификаттау бойынша органдар көп болуы мүмкін, олардың әрқайсысы қандай-да бір біртипті өнімді сертификаттауда негізделеді, мысалы машина жасау бұйымдары, тамақ өнімдері, отын және т.б.. Негізгі функциялары:

  • біртипті өнімді сертификаттау кезінде қолданатын нормативтік құжаттар қорын қалыптастыру және өзектендіру;

  • берілген сертификаттау жүйесінің ұйымдастыру-әдістемелік құжаттарын әзірлеу және жүргізу;

  • сертификаттауға өтінімдерді, сондай-ақ шағымдарды қабылдау мен қарастыру, осылар бойынша шешімдерді дайындау және сертификаттауды жүргізу кезінде өтініш берушілермен өзара әрекет ету;

  • әрбір нақты өтінім бойынша сынау зертханаларын және өндірістерді тексеру жөніндегі органды анықтау, егер ол сертификаттау сұлбасымен қарастырылса, олармен өзара әрекет етудің негізінде сынауларды және өндірісті тексеруді ұйымдастыру;

  • сәйкестік сертификатын рәсімдеу және беру, оны мемреестрінде тіркеу;

  • шетел сертификаттарын және де басқа сәйкестік куәліктерін мойындау;

  • ҚР Мемстандартының аумақтық органдарының қатысуымен өнім сипаттамаларының тұрақтылығына инспекциялық бақылауды ұйымдастыру;

  • берілген сертификаттардың және сәйкестік белгілерінің жұмысын жою немесе тоқтату ;

  • өнім үшін түзету шараларын әзірлеуге қатысу, сертификаттық талаптардың бұзылуы туралы ақпараттар бойынша жедел іс-шараларды қабылдау;

  • сертификатталған өнім реестрін және сертификаттау нәтижелері туралы ақпаратты жариялау дайындамаларын жүргізу;

  • ағымдағы қаржы қызметін және іс-қағаздарын жүргізу;

  • қызметкерлер біліктілігін жоғарылатуды және аттестаттауды ұйымдастыру;

  • стандарттар талаптарының өзгеруі кезінде өнімді уақтылы сертификаттау бойынша дайындаушымен өзара жұмыс істеу.

Сертификаттау жөніндегі орган ретінде жұмыс істеу құқығына үміттенуші ұйым аккредиттеу процедурасынан өтуі керек. Аккредиттеудің тәртібі мен талаптары Мемстандарттың нормативтік құжаттарында және сертификаттау жүйесінің құжаттарында орнатылады. Аккредиттеу кезінде назарға алынатын критерийлер, сертификаттау бойынша органда: білікті және арнайы дайындықтан өткен қызметкерлердің; сертификатталатын өнімге нормативтік құжаттардың өзектендірілген қорының және оның сынау әдістерінің; сертификаттауды жүргізуге арналған әкімшілік құрылымның, заңды және экономикалық мүмкіндіктердің, соның ішінде сертификатталған өнімге сынау мен инспекциялық бақылаудың; сертификаттау ережелері мен тәртібін, соның ішінде шағымдарды қарастыру және сертификаттарды, сәйкестік белгілерінің әрекетін жою ережелерін орнатушы ұйымдастыру-әдістемелік құжаттардың; сертификатталған өнім реестрінің бар болуын ескереді. Барлық өтінім берушілер сертификаттау жөніндегі органның қызметтері жайлы ақпаратқа бөгетсіз қол жеткізу мүмкіндігі болуы керек.

Сынау зертханасы (орталығы) өздігінен ұйым және заңды тұлға дәрежесіне ие, әлде сәйкестікті растау бойынша органның немесе басқа заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі бола алады. Орталықтың негізгі мақсаты нақты өнімнің сынауын немесе нәтижелердің анықтылығын және обьективтілігін қамтамасыз ететін стандартты әдістемелерді пайдалану арқылы сынаудың нақты түрлерін жүргізу болып табылады. Зертхана сынау хаттамаларын ҚР МСЖ НҚ орнатылған қалпында рәсімдейді. Қызметтер мен сапа жүйелерін сертификаттау жүйелері сынау зертханаларының сертификаттау процесінде қатысуын қажет етпейтінін білген жөн. Олардағы сәйкестікті бағалау бойынша барлық тәжірибелік жұмысты сертификаттау жөніндегі орган жүзеге асырады. Сынау зертханалары сертификаттау жөніндегі органға бағынады. Сертификаттау жөніндегі органның біреуінде сынаудың әр түрімен айналысатын бірнеше зертханалары болуы мүмкін. Сертификаттау жөніндегі орган және оның зертханалары әдетте бір заңды тұлға, яғни фирма немесе кәсіпорын болып табылады. Негізгі талаптар: тәуелсіздік, алаламайтындық, дербестік және техникалық құзырлық. Тәуелсіздік үшінші тұлға дәрежесімен анықталады. Алаламайтындық қызметте сынауларды жүргізу, шешімдер қабылдау және сынау хаттамаларын толтыру кезінде айқындалады. Дербестік сынау зертханалары және олардың қызметкерлері қорытындыларға немесе бағаларға әсер етуге қабілетті коммерциялық, қаржылық, әкімшілік не басқа да қысымға ұшырамауы керектігінде анықталынады. Техникалық құзырлық ұйым мен басқарманың сәйкес келуші құрылымымен, білікті қызметкерлердің, сынау үшін бөлме мен жабдықтардың, сапаны қамтамасыз ету жүйесінің құжаттарын қоса, сынау әдістері мен процедураларға нормативті құжаттардың бар болуымен расталады. Талаптарға сәйкестік сынау зертханасын аккредиттеу кезінде тексеріледі. Сертификаттау жүйесі өнімді сынауға тек аккредиттелген зертханаларды жіберуді қарастырады.

Сертификаттар түрлері. Сәйкестік сертификаты өнімге негізгісі сынақ хаттамасы болатын өнімге берілген құжаттар негізінде, сәйкес салада аккредиттелген сертификаттау органымен беріледі. Бекітілген ретпен таңдап алынған үлгілерге сынақ жүргізу негізінде жасалған сынақ хаттамасын аккредиттелген сынақ зертханасы жасайды.

Сертификаттың төмен жағында 2 қол қойылады: сертификаттау органының басшысы мен берілген өнім бойынша сарапшы-аудитор. Сарапшы да таңдап алынған өнім саласында аккредиттелген болуы тиіс, ал егер сертификаттау органы осы салада аккредиттеліп, сарапшы аккредиттелмеген болса, жақын жақында немесе қол жетер жерде табылмаса, онда сертификат бере алмайды.

1. Таңдап алынған сұлба бойынша жасалған барлық процедуралардан кейін оң нәтиже алынған жағдайда Сәйкестік сертификаты өтінім берушіге сәйкестікті растау органымен беріледі.

2.Сәйкестік сертификатында мыналар көрсетілуі тиіс:

1) өтінім берушінің, өнім өндірушінің, сертификат берген органның аты мен орналасқан жері;

2) сәйкестендіруге көмектесетін сертификатталған өнім атаулары;

3) талаптарына сәйкес сертификаттау жүргізілген техникалық реглемент атауы;

4) жүргізілген зерттеулер мен өлшеулер туралы ақпарат;

5) техникалық регламентпен бекітілген талаптарға өнімнің сәйкестігі туралы дәлел ретінде өтінім берушінің сертификаттау органына ұсынған құжаттар туралы ақпарат;

6) сертификаттау жұмыс жасау мерзімі.

3. Сәйкестік сертификаты пішімі мен толтырылу реті өкілетті органмен бекітілген нысанда рәсімделеді. Сәйкестік сертификаты сертификат берген ұйымда тіркеледі.

4. Сериялық өнімге сәйкестік сертификаты сәйкестікті растау сұлбасында қарастырылған мерзімге беріледі. Сәйкестік сертификаты жұмыс жасау әрекеті Қазақстан Республикасының барлық жеріне таратылады.

Сәйкестік декларациясы — әкелінген өнімнің нақты бір сапа стандарттары талаптарына сәйкестігін өндірушінің куәландыратын құжаты. Егер өнім «Міндетті сертификаттауға жататын өнім түрлері» тізіміне кірсе, онда оның кедендік бақылаудан өтуіне немесе таратылуына ҚР МТРЖ жүйесінде сәйкестік сертификатын алуы қажет. Ал өнім міндетті сертификаттауға жатпаса ерікті сертификат немесе қабыл алмау хаты рәсімделеді. Қабыл алмау хат — берілген жүйеде міндетті сертификаттауға жатпайтыны туралы, сәйкес салада аккредиттелген орган беретін, анықтама.

1. Сәйкестік декларациясы сәйкестігін міндетті растау техникалық регламентпен қарастырылған жағдайда, сондай-ақ міндетті сертификаттауға жатпайтын қандайда болмасын өнімге ерікті жағдайда өнім өндірушімен (орындаушымен) рәсімделеді.

2. Сәйкестік декларациясында болу керек:

1) өтінім берушінің аты мен орналасқан жері;

2) объектіні сәйкестендіруге қажет сәйкестігін растайтын объект туралы ақпарат;

3) талаптарына сәйкес өнімге сертификаттау жүргізілген техникалық реглемент атауы;

4) өз мақсатына сәйкес қолдануға және техникалық регламентпен белгіленген талаптарды камтамасыз ету бойынша шараларды қолға алып, өнімнің қауіпсіздігі туралы өтінім берушінің өтініші;

5) жүргізілген зерттеулер (сынаулар) мен өлшеулер, сапа жүйесін басқару сертификаты, техникалық регламентпен тағайындалған талаптарға өнімнің сәйкестігін растауға негіз болған құжаттар туралы мәліметтер;

6) сәйкестік декларациясының жұмыс жасау мерзімі;

7) басқа да сәйкес техникалық регламенттермен қарастырылған мәліметтер.

Сәйкестік декларациясы пішімі, рәсімдеу реті және тіркеуі өкілетті органмен тағайындалады.

4. Сәйкестік декларациясы өнім өндірілген уақытқа байланысты, бірақ бір жылдан көп емес мерзімге өнім өндірушімен тағайындалады.

5. Өнімнің сәйкестік декларациясы аккредиттеу саласына кіретін сәйкестікті растайтын органда тіркеледі.

6. Сәйкестік декларациясы, мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінде орнатылған рет бойынша рәсімделеді және тіркеледі, Қазақстан Республикасы территориясында сәйкестік сертификатамен бірдей құқы бар.

7. Сәйкестікті деклараттау жүзеге асырылады:

1) өзіндік дәлелдер негізінде сәйкестік декларациясын қабылдау;

2) сәйкестікті растау органының қатысуымен алынған дәлелдер негізінде сәйкестік декларациясын қабылдау.

Сәйкестікті растауға дәлел ретінде қолдануға болатын материалдар тізімі сәйкес техникалық регламентпен анықталады.

Дәлел ретінде техникалық құжаттар, өзіндік зерттеу (сынау) және өлшеу немесе өнім сәйкестігін растауға негіз болған, техникалық регламентпен тағайындалған басқа да құжаттар.

Сәйкестікті деклараттау кезінде өзіндік дәлелдер негізінде және сәйкестікті растау органының қатысуымен алынған дәлелдер негізінде, өтінім беруші өз қалауымен өзіндік дәлелдеріне зертханаларда жүргізілген зерттеулер (сынаулар) мен өлшеулер хаттамасын, сапа жүйесін басқару сертификатын қолдана алады.

Сапа жүйесін басқару сертификаты өнімнің сәйкестік декларациясын қабылдау кезінде дәлелдер құрамында қолданыста бола алады, егерде бұл өнім үшін техникалық регламентпен сәйкестікті растаудың басқа түрі қарастырылмаса.

8. Сәйкестік декларациясының мерзімі аяқталған соң декларацияның бір данасы мен сәйкестікті растауға дәлел болған материалдар өтінім берушіде үш жыл сақталады, ал екінші данасы оны тіркеген сәйкестікті растау органында сақталады.

Сәйкестік Белгісі. 1. Сәйкестік Белгісі сәйкестікті растау процедурасынан өткен өнімді таңбалауға арналады.

2. Сәйкестік Белгісі көрінісі, оған қойылатын талаптар және таңбалау тәртібі өкілетті органмен бекітіледі.

3. Сәйкестік сертификатын алған өндіруші (орындаушы), сатушы өздеріне ыңғайлы, сәйкестікті растау саласында мемлекеттік техникалық реттеу жүйесі ережелерімен орнатылған тәсілмен сәйкестік Белгісін қолдана алады.

4. Міндетті сертификаттауға жататын өнімдер, техникалық талаптар тағайындаған ретпен сәйкестікті растаудан өтпесе ондай өнімдерге сәйкестік Белгісін соғуға болмайды.

Лицензия — қандайда бір іс-әрекетті жүзеге асыруға берілген құқық (рұқсат), көрсетілетін қызметке сертификат – көрсетілетін қызмет анықталған талаптарға сапасының сәйкестігін растайтын құжат.

Қазақстан Республикасында лицензиялау мемлекеттік қауіпсіздік, мемлекеттік монополияны іске асыру, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, қоршаған ортаны қорғау, азаматтардың меншігін, өмірін және денсаулығын сақтау мақсатында енгізілді. ҚР лицензиялау жүйесі барлық дамыған елдердегідей. ТМД елдерімен процедура және тәжірибе жағы ортақ негіз алған. Қазақстан Республикасы Заңнамасы бойынша заңды немесе жеке тұлғаға анықталған іс-әрекет жасауға мемлекеттік құзыретті орган берген рұқсат –лицензиялау деп аталады.

Мемлекеттік өкілетті органдар мен олардық құзыреттілігі толық тізімі заңнамамен бекітілген. Аталған тізімге уақыт өткен сайын өзгерістер енгізіліп отырады, сондықтан рұқсат мен лицензия беруге жауаптыларды мемлекеттік органдары тексеріп отырады. Сонымен қатар лицензиялауға жататын іс-әрекет тізімі де өзгеруі мүмкін.

Қазақстандық және шетелдік тұлғалардың іс-әрекеттері лицензиялау түрінің тағайындалған талаптарына сәйкес болса, теңдей негізде жасалады, тек мемлекеттік құпия ақпараттарға қол жеткізу іс-әрекеті болмаса болды. Заңнамалық актілермен мемлекеттік монополияға жататын іс-әрекет түрлелі мемлекеттік кәсіпорындарға басым беріледі.

Лицензия алу процедурасы субъектілерге бойынша бөлінеді, субъектіге қатысты лицензия алуға қосымша талаптар тағайындалған.

Лицензиялар іс-әрекет көлемі бойынша бөлінеді:

1. Бас – мерзімі шектелмейтін (нақты бір іс-әрекет немесе жұмыс түріне лицензия беру);

2. Бір реттік – рұқсат етілген көлемі, салмағы немесе саны және мерзімі шектелген анықталған шаруашылық операцияларын атқаруға (мысалы, экспорттық немесе импорттық лицензиялар);

3. Опеpациялық – валюталық заңнамамен анықталған, валюталық бағалы заттарды қолданумен байланысты және нақты бір банктік операциялар атқаруға.

Лицензиялар заңды тұлға өтінімі бойынша бір не екі облыс территория шамасында жұмыс істей алады және басқа жеке немесе заңды тұлғаға қолдануға болмайды. Міндетті лицензиялауға жататын іс-әрекет тізімі заңмен көрсетілген. Іс-әрекет түріне байланысты лицензия алуға қойылатын талаптар тізімі бекітілген.

Лицензия алуға қажетті құжаттар, бірақ шектелмейді:

• пішімі Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен нысандағы өтінім;

• лицензиаттың біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар;

• іс-әрекеттің түрімен айналысуға құқық үшін бюджетке лицензиялық алым төленгенін растайтын құжат ;

• заңды тұлғалар үшін – мемлекеттік тіркеу куәлігінің көшірмесі.

Лицензия алу кезінде өтінім берушіге мемлекеттік органдардан ұсынылған құжаттары бойынша алдынала бағалаудан өтіп, қорытынды алу қажеттілігін ескеруі қажет.

Тәжірибеге жүгінсек, қорытындыны береді:

- экологиялық бақылау органдары ;

- санитарлық бақылау органдары;

- тау-кен техникалық бақылау органдары және т.б..

Өкілетті мемлекеттік органдар анықталған ақпараттар жетіспеген жағдайда өтінім берушіден толық құжаттар талап етуге құқықты. Қорытынды барлық қажетті құжаттар болған кезде ғана береіледі.

Кейбір импорттық операциялар жүргізу үшін мемлекеттік органдардан қосымша рұқсат алу қажеттілігі туындайды. Қажетті лиценжия рәсімделіп алынған соң, өкілетті мемлекеттік органдарға орнатылған мерзімде, қажетті құжаттармен бірге есеп немесе ақпарат беріп отыру керек.

Назар аударатын жағдай - қандайда болмасын лицензиялауға жататын іс-әрекетті лицензиялау ережелері мен нормаларын бұзып іс-әрекет жасағандар жауапкершілікке тартылады, істері сәйкес бюджетке алынады.

Сондықтан, Қазақстан Республикасы территориясында іс-әрекет жүргізу кезінде лицензиялау заңнамасы талаптары мен ережелерін сақтау өте маңызды.

Нег.: 1  22-53, 17  1-10

Бақылау сұрақтары:

    1. Сертификаттау жүйесінің типтік құрылымы

    2. Сертификаттау органы мен сынақ зертханалары

    3. Сертификаттар түрлері

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]