Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ндірісі.doc
Скачиваний:
99
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
1.82 Mб
Скачать

1-Дәріс.

Құбыр өндірісінің жалпы мәселелері.

Болат құбырларының негізгі түрлерінің жіктелуі.

Болат құбырларының негізгі түрлерін дайындау әдісімен екі топқа бөлуге болады: жіксіз және пісірілген құбырлар.

Жіксіз құбырларды өндіру процестері «Арнайы пішіндер мен құбырларды өндіру» пәнінде қаралатындықтан пәннің бұл курсында құбырларды пісірумен өндіру процестері мен жабдықтары қарастырылған.

Қимасының пішіні бойынша құбырларды келесідей бөледі: шеңберлі және пішінді, сопақ, тікбұрышты, квадратты, төрт‑, алты‑ және сегізқырлы, сегментті, тамшы тәріздес және басқалар (1‑сурет). Құбырлардың сыртқы диаметрі 0,3‑ 2520 мм, қабырғасының қалыңдығы 0,05‑ 75 мм құрайды. Құбырларды сыртқы диаметрі бойынша келесі топтарға бөледі, мм:

‑ кіші мөлшерлі (қылтүтікті) 0,3 – 4,8

‑ кіші мөлшерлі 5 – 102

‑ орташа мөлшерлі 102‑ 426

‑ үлкен мөлшерлі 426‑дан жоғары

Сыртқы диаметрінің қабырғасы қалыңдығының қатынасына байланысты құбырларды келесі топтарға бөледі:

D/S S/D

‑ ерекше қалыңқабырғалы 5,5 0,18

‑ қалыңқабырғалы 5,9‑ 9 0,18 – 0,12

‑ нормалы 9,1 – 20 0,12 – 0,05

‑ жұқақабырғалы 20,1 – 50 0,05 – 0,02

‑ ерекше жұқақабырғалы > 50 < 0,02

Бойлық қималарымен құбырларды конусты, сатылы шеттері шөктірілген т.б. деп бөледі. Бөлек топта екі және үш қабатты металдан тұратын, өзара қондырмамен, пісіру немесе балқытумен берік байланысқан, биметалды және үшметалды құбырлар бар.

1‑сурет. Пішінді болат құбырлар

Арналуына байланысты құбырларды келесі негізгі топтарға бөледі:

  1. мұнай және газ өнеркәсібіне арналған;

  2. құбыржолдарға арналған;

  3. өнеркәсіптік және азаматтық құрылысқа арналған;

  4. машинажасауға;

  5. ыдыстар мен баллондарға арналған: бұларды кеме жасауда, атомдық, медициналық өнеркәсіптерде және басқа халық шаруашылығының салаларында қолданады.

Болат құбырларды 350‑ден аса болат таңбаларынан жасайды: көміртекті, легірленген және жоғары легірленген (хроммолибденді, хромникельді, марганецті тоттануға берік, ыстыққа шыдамды) және әртүрлі қорытпалардан жасайды.

Құбырлардың стандарттары мен техникалық шарттарында құбырлардың өлшемдері мен техникалық сипаттамалары, металдың химиялық құрамы, пішіннің түрі, механикалық‑құрылымдық қасиеттері, сынау тәртіптері, қабылдау, орау және тасымалдау шарттары анықталады.

Техникалық шарттар (ТУ) нақты өнімге қатысты техникалық шарттардың мемлекеттік стандартында жоқ болғанда құбырларды дайындау және жеткізуге, сондай‑ақ стандарттардағы бұйым қасиеттерін қатаңдату немесе толықтыру мақсатында жасалады.

Болат құбырларын сынау тәсілдері.

Құбырлар сапасының мемлекеттік стандарттарға және әртүрлі техникалық талаптарға сайлығын қамтамасыз ету мақсатында, құбырларды бақылайды және сынайды. Бұл тәсілдердің біреулері барлық металл өнімдеріне тән, кейбіреулері құбырлардың сапасын бақылауға арнайыландырылған болады (1‑кесте).

Химиялық құрамын, макроқұрылымын, кристаларалық тоттану, микроқұрылымы, металдың металемес қосындылармен ластануын сынау, металл өнімдерін сынаудың жалпы тәсілдеріне жатады. Құбырларды сынау түрлері 2‑суретте келтірілген.

2‑сурет. Құбырларды сынау түрлері:

А‑ құбырларды иіліске сынау; б‑ құбырларды шетін қайыруға сынау; в‑ құбырларды алдын‑ала құралбілікпен кеңейту; г‑ құбырды кеңеюге сынау; д‑ құбырларды қысылуға сынау

1‑кесте. Құбырлардың сапасын бақылау әдістері

Бақылау әдістері

Жіксіз құбырлар

Пісірілген құбырлар

Мұнайгаз жолдарына арналған

Жылу қондырылғыларына арналған

Мойынтіректерге арналған

Бұрғылауға арналған

Шегендеу құбыры

Тоттанбайтын

Мұнайгаз жолдарына

Су газ жолдарына

Құрылғылық

Қирататын әдістер

Механикалық сынақтар:

созылуға

соққы тұтқырлығына

қаттылыққа

Технологиялық сынақтар:

иіліске

кеңейтуге

жалпайтуға

*

*

-

-

-

-

*

*

-

-

*

*

*

-

*

-

-

-

*

*

-

-

-

-

*

*

-

-

-

-

*

-

-

-

-

-

*

*

-

-

*

*

*

-

-

*

*

*

*

-

-

*

*

*

Киратпайтын әдістер

Геометриялық өлшемдерін бақылау

Беттік қызуын бақылау

Жалпайтуға сынау

Жік сапасын бақылау

Бұранды бақылау

Өлшеу

*

*

*

-

-

-

*

*

*

-

-

*

**

*

-

-

-

*

*

*

*

-

*

*

*

*

*

-

*

*

*

*

*

-

-

*

*

*

*

*

-

*

*

*

*

-

*

*

*

*

*

*

-

*

* - таңдап бақылау, ** - 100% бақылау, «-» - бақылау қажеттілігі жоқ

Сынақтарды жүргізу үшін сынақтың түріне сай стандарттар бойынша тиісті үлгілер дайындалады.

Жіксіз және пісіру құбырларын ең үлкен қысымы р=200S Gдоп /dвн қысыммен сынайды (МЕСТ 3845‑75). Сынағанда қысымды, гидравликалық соққысыз, баяу көтеру керек. Құбырларды берілген қысыммен ұстап тұру уақыты құбырдың нормативті‑техникалық құжаттарымен анықталады. Сынағанда құбырда тамшылау және ылғалдану белгілері болмаса, онда ол сынақтан өткен болып саналады.

2-Дәріс.