Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

27-01-2013_10-52-07 / осэт гос ГУЗИ

.doc
Скачиваний:
53
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
2.94 Mб
Скачать

16. Автомобильдің техникалық күйі туралы түсінік. Автомобиль жүйенің техникалық және пайдалану көрсеткіштерін анықтайтын көптеген параметрлермен сипатталатын және көліктік әрекетті орындауға арналған күрделі техникалық жүйені құрайды. Мұндағы жүйе дегеніміз берілген функцияларды орындауға арналған бірдей әрекет ететін элементтердің жиынтығы. Автомобильге қатысты элементтерге-агрегаттар, тораптар, механизмдер мен бөлшектер жатады.

Автомобиль элементтерінің жұмысқа қабілеттілігі оның техникалық күйімен анықталады. Техникалық күй дегеніміз техникалық құжаттамада көрсетілген белгілі бір сәтте белгілермен сипатталатын пайдалану процесінде өзгеретін объект қасиеттерінің жиынтығы. Автомобильдің және оның элементтерінің техникалық күйі конструктивті параметрлердің сандық көрсеткіштерімен анықталады: у1, у2, у3...уn. Мысалы, қозғалтқыш үшін бұл цилиндр-поршенді топ және иінді-бұлғақты механизм ( КШМ)бөлшектерінің өлшемі, тежегіштер үшін – тежегіш баптамаларының қалыңдығы, тежегіш барабандары мен олардың арасындағы саңылаулардың өлшемі.

17. Автомобиль элементтерінің техникалық күйінің өзгеру себептері. Автомобиль элементтерінің техникалық күйін өзгеруінің себептерін 2 топқа бөліп қарастыруға болады: кездейсоқ және бірқалыпты әрекет.

1-кездейсоқ (стохастический) өзгерістер-дұрыс пайдаланбау салдарынан кездейсоқ бұзылулар , сақтау мен күту сапасыздығы, сонымен қатар жол-көліктік жағдай(ДТП) нәтижесінде пайда болады.

2-бірқалыпты (монотонды) өзгерістердің себептері : тозу, қажу, коррозия, ескіру.

Тозу- бөлшектің өлшемдері мен салмағының өзгеру дәрежесі. Ол бөлшек материалына, бөлшектердің өзара әрекеттесу сипаттамасына, жүктемелерге, химиялық әрекеттесу, әрекеттесу ұзақтығына тәуелді. Тозудың өзі механикалық, молекулалы-механикалық және коррозиялы-механикалық болып бөлінеді.

Автомобиль элементтерінің техникалық күйінің өзгеру себептерінің жіктелуі.

18. Механикалық тозу. Механикалық тозу механикалық әрекеттесу нәтижесінде пайда болады, ол абразивті, эрозиялық, кавитациялық және фреттинг кезінде тозу болып бөлінеді.

Абразивті тозу-механикалық тозудың ең көп тараған түрі болып табылады. Абразивті тозудың пайда болу себебі-үйкелісетін беттерге абразивті бөлшектердің түсуі. Үйкелісетін беттерге абразивті бөлшектер түскен кезде кесу, тырнау және тозу қарқындылығын арттыратын беттің қирауына әкеліп соқтырады.

Эрозионды тозу—(гидро-, газэрозионды) бөлшекке сұйық немесе газ ағынының әрекетінен пайда болады.

Кавитациялық тозу-қатты дененің сұйыққа қатысты әрекеті кезінде пайда болады.

Фреттинг кезінде тозу-аз гана орын ауыстыру(тербелу) кезінде үйкелісетін денеледің тозуы.

Үйкеліс түрінің жіктелуі

Коррозиялық бұзылудың түрлері

а-біртегіс; б-дақты коррозия; в-язвалық коррозия; г-нүктелік коррозия; д-жарылу коррозиясы; е- жазықтық астындағы коррозия.

19. Молекулалы-механикалық тозу-ол адгезионды және желіну кезінде тозу болып бөлінеді. Адгезионды тозу-жұқа қабаттың түзілуі мен материалды тасымалдаумен байланысты қарқынды молекулалық өзара әрекеттесу бетінде контакт зонасында пайда болатын тозу. Нәтижесінде желіну мен жанасу тоқырауына әкеліп соқтырады.

Желіну кезінде тозу-материал ұстасуы, терең тіліп алу, бір үйкеліс бетінен екіншісіне орын ауыстыру, жанасушы беттегі тегіс еместік әсерінен пайда болады.

20. Автомобиль элементтеріндегі тозудың негізгі түрлері- 1-механикалық,2-молекулалы-механикалық,3-коррозиялы-механикалық. 1-ге абразивті және эрозионды, кавитациялық, фреттинг,пластикалық ағын жатады; 2-ге адгезионды және желіну; 3-ге электрохимиялық коррозия және химиялық коррозия жатады.

21.Агрегаттардың (тораптардың) және олардың элементтерінін бұзылуы

Тозу, қажу сияқты өзгерістер нәтижесінде автомобиль элементтерінің функциясы нашарлайды, жұмыс істеу қабілеттігі жоғалады. Осындай бұзылу нәтижесінде пайдалану сапасы мен машиналардың жұмыс істеу қабілеттілігінің жоғалуына әкеліп соғады. Физикалық әсер кезінде пайда болатын бұзылулар, қирау: деформация, қирау,балқу.

22. Автомобильдердің техникалық күйінін өзгеру қарқындылығына әсер ететін факторларга өндірістік, пайдалану шарты, пайдалану-өндірістік факторлар жатады.

Өндірістік фактор-автомобильдің техникалық күйінің өзгеруіне әсеріне: автомобиль маркасының конструктивті ерекшеліктері; өндіріс біркелкілігі; сенімділік жатады.

Пайдалану шарты факторына жол шарты, қозғалыс шарты және қарқындылығы, табиғат-климаттық, маусымдық шарттар, қоршаған ортаның агрессивтілігі жатады.

Пайдалану-өндірістік факторында автомобиль жасымен қатар автомобильдің нақты техникалық күйі анықталады, яғни қолданылатын пайдалану материалдарының (май, сұйықтық) сапасы, жүргізуші квалификациясы, сонымен қатар техникалық күту мен жөндеу сапасының деңгейін сипаттайтын факторлар жатады.

23. Автомобильдердің техникалық күйінің өзгеру заңдылықтары параметрдің шектік немесе белгіленген күйіне жеткенге дейінгі орташа жұмыс шамасын анықтауға мүмкіндік береді. Кездейсоқ процесстерді сипаттайтын заңдарды білу техникалық күту және жөндеу жұмыстарын жүргізу моменті мен еңбек сыйымдылығын нақты жоспарлауға, қор бөлшектерінің қажетті санын анықтауға және басқа да технологиялық, ұйымдық сұрақтарды шешуге мүмкіндік береді. Қалпына келтіру процесінің заңдылығы берілген түрдің істен шыққан автомобиль санының ауысым ағынында жөндеу аймағына түсуін анықтайды.

24. Істен шығулардың жіктелуі. Істен шығуды мына категориялар бойынша жіктейді: пайда болу сипаттамасы мен болжау мүмкіндіктері бойынша; пайда болу себебі бойынша; басқа элементтерінің істен шығуына байланысы бойынша; тізбек бойынша; жою әдісі бойынша; пайда болу жиілігі бойынша; жоюдың еңбек сыйымдылығы бойынша; жұмыс уақытының шығынына әсері бойынша.

Пайда болу сипаттамасы мен болжау мүмкіндіктері бойынша- біртіндеп және кенеттен істен шығу болып бөлінеді. Біртіндеп істен шығу машинаның бір немесе бірнеше параметрлерінің біртіндеп өзгеруімен сипатталады. Мысалы поршенді сақина мен цилиндр гильзасының тозуынан қозғалтқыш қуатының біртіндеп төмендеуі.

Кенеттен істен шығу жүктемені жоғарылату, сонымен қатар автомобиль элементтерінің сапасыз күйі салдарынан машинаның жұмысқа қабілеттігін анықтайтын, бір немесе бірнеше параметрлердің кенеттен өзгеруімен сипатталады.

Пайда болу себебі бойынша-құрылымдық(конструкциясының жетілдірілмегендігі салдарынан); өндірістік(бұйым жөндеуінің немесе дайындаудың технологиялық процесінің дамытпағау немесе бұзу салдарынан); пайдалану (ережелерді бұзу-автомобильді асқын жүктеу, техникалық күтуден уақытылы өтпеу салдарынан туындайды).

Басқа элементтерінің істен шығуына байланысы бойынша тәуелді және тәуелсіз істен шығу болып бөлінеді. Тәуелді істен шығу-бұйымның басқа элементтерінің істен шығуына қатысты болады, ал тәуелсіз істен шығу кезінде қатысы болмайды.

Тізбек бойынша істен шығу объектіні пайдаланудан шығарып тастау немесе істен шығуды жойған соң жалғастыру.

Жою әдісі бойынша элементтерін ауыстыру немесе олардың арасындағы қажетті өзара байланысты қайта қалпына келтіру- автомобиль түріне,маркасына,моделіне байланысты аз наработка кезінде

3...4 мың км, орташа 16 мың км-ге дейін, үлкен 16 мың км-ден жоғары.

Жоюдың еңбек сыйымдылығы бойынша аз (2 адам/сағ дейін), орташа (2-4 адам/сағ), үлкен(4 адам/сағ-тан жоғары).

Жұмыс уақытының шығынына әсері бойынша істен шығуды былай бөледі: техникалық күту кезінде жұмыс уақытының шығынынсыз қалпына келтірілетін істен шығу және жұмыс уақытының шығынымен қалпына келтіру.

25. Сенімділіктің қасиеті және оның көрсеткіштері Сенімділік деп белгіленген уақыт ішінде объектінің шектік мәнінің барлық параметрлері сақталынып, өзіне жүктелініп функцияны тағайындалған жағдайда пайдалану, техникалық күту, жөндеу, сақтау және тасымалдау ережелерін қолдана отырып іс тәртібін атқару қасиетін айтады.

Ақаусыздық(безотказность)-объект қасиетінің өзінің жұмыс істеу қасиетін белгіленген уақыт ішінде үздіксіз сақтау.

Ұзақ мерзімділік-автомобильдің жұмысқа қабілеттілігін техникалық күту мен жөндеу жұмыстарын жүргізудің бекітілген жүйесінде шектік күйге дейін сақтау қасиеті.

Жөндеуге жарамдылық(пайдалану технологиялығы)- автомобильдің техникалық күту мен жөндеу жүргізу жолымен жұмыс істеу күйін бірқалыпты ұстап тұру немесе қалпына келтіру себептерін ескерту қасиеті.

Сақталулық-автомобильдің ақаусыздық, ұзақмерзімділік және жөндеуге жарамдылығын сақтау мен тасымалдау кезінде сақтау қасиеті.

26. Автомобильдік көлікті жұмысқа қабілеттілікпен қамтамасыз ету және басқару әдістері жайлы түсінік. Жұмыс істеу процесінде автомобиль және оның агрегаттарының техникалық күйінің өзгеруі пайда болады. Бұл оның жұмысқа қаблеттілігін жоғалтуына әкеліп соғады. Қосындысы аз материалдық және еңбек шығындары мен уақыт шығыны кезінде пайдаланғанда автомобильдің жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз етудің екі әдісі бар: жұмысқа қабілеттілігін бір қалыпты ұстап тұру, яғни техникалық күту және жұмысқа қабітеттілігін қайта қалпына келтіру- жөндеу.

27.Автомобильдік көліктің жылжымалы құрамын техникалық күтудің және жөндеудің жоспарлық-ескертпелік жүйесі

8.Автомобильдердің техникалық күтудің негізгі операцияларының мазмұны.Күнделікті техникалық күту. Автомобильді техникалық күтудің түрлері техникалық күтудің негізгі операциялары көлемінде жүргізіледі. Техникалық күту кезінде ақау пайда болғанда жөндеу немесе сәйкес бөлшектерді ауыстыру жұмыстары жүргізіледі.

Күнделікті техникалық күту(КК) мына жұмыстардан тұрады:

Бақылау жұмыстары. Автомобильді тексеру, кабина, платформа(кузов), әйнек, артқы көрініс айнасы, қозғалтқыш пен багаж капоты, аспа күйі, дөңгелек, шиналарын тексеру.Жарық беру және сигнализация аспаптарының әрекетін, әйнек тазалағыштарды бақылау жүргізіледі; рөлдік дөңгелектің еркін жүрісін,тежеуіш жетектерін, қозғалтқыш жүйесін, агрегаттар,тораптар жұмыстарын, автомобиль бір орында тұрғанда немесе жүру кезінде бақылау-өлшеу аспаптарын тексеру.

Тазалау және жуу жұмыстары. Автомобильді жуу және кептіру, қажет болған жағдайда санитарлық тазалау; артқы көрініс айнасын, фар,фардың астын, бұрылуды көрсеткіштер,

29.Автомобильдердің техникалық күтудің негізгі операцияларының мазмұны. Бірінші техникалық күту. ТК-1 бақылау-диагностикалық, бекіту және реттеу жұмыстарынан тұрады:

-трансмиссия және артқы көпір.Ілініс басқышының еркін жүрісін тексеру, карданды берілістің шарнирлі және оймакілтекті(шлицевой) қосылысындағы люфта, карданды білік фланецін бекіту;

-рөлдік басқару.Рөлдік басқару күшейткішінің герметикалылығын тексеру, шар саусағын бекіту, бекіту, рөлдік дөңгелектің люфтасы;

-тежеу жүйесі.Тежеу жүйесі мен оның басқышының еркін және жұмыс жүрісінің әрекетінің тиімділігін тексеру;

-жүріс бөлімі.Аспа бөлшектері мен тораптарының күйін, шиналардың және ондағы ауа қысымын тексеру;

-кабина, платформа(кузов) және тіреуіш. Замокты, тұзақ(петля) және кабина есігінің тұтқасын тексеру;

-қоректендіру жүйесі. Қоректендіру жүйесінің аспаптары мен жетектерінің күйін және қосылыстарының герметикалылығын тексеру;

-электржабдық. Аккумулятор батареясы, генератор, аспаптар мен электрөткізгіштерді тазалау және тексеру.

Майлау және тазалау жұмыстары. Майлау картасына сәйкес үйкеліс тораптарын майлау және автомобиль гидрожетегінің шанашығы(бачка) мен агрегат картеріндегі май деңгейін тексеру.

Арнайы автомобильдер мен тартқыштар бойынша қосымша жұмыстар.

Таситын элементтер, қосылыстар мен коммуникациялардың күйін, платформаның көтергіші механизмінің шанағындағы майдың деңгейін тексеру.

30.Автомобильдердің техникалық күтудің негізгі операцияларының мазмұны. Екінші техникалық күту. ТК-2 бақылау-диагностикалық, бекіту және реттеу жұмыстарынан тұрады:

-қозғалтқыш, суыту және майлау жүйесі. Суыту жүйесінің герметикалылығын тексеру; қозғалтқыштың цилиндр-поршенді тобының күйін тексеру; құбырөткізгіш пен глушительдің қабылдау құбырын тексеру; қозғалтқыш картер поддонын және іліністі тексеру;

-трансмиссия және артқы мост. Ілініс серіппесінің әрекетін, басқыштың еркін және толық жүрісін, ілініс жұмысын тексеру; карданды берілістің шарнирлі және шлицті қосылыстарындағы люфтаны тексеру; жетекші мост картерінің күйін тексеру;

-рөлдік басқару және алдыңғы ось. Алдыңғы дөңгелектердің қиралаңдау, алдыңғы дөңгелектер бұрылу бұрышының бойлық және көлденең көлбеулігін, балансировкасын тексеру.Тежегіш барабаны немесе диск, колодка, баптау, тежегіш басқышының еркін және жұмыс жүрісінің тозу дәрежесін, серіппе, мойынтірек, дөңгелектерінің күйін тексеру. Қажет болған жағдайда тораптары мен бөлшектерін алмастыру;

-жүріс бөлігі. Тежегіш жүйесінің құбырөткізгішінің күйін,герметикалылығын тексеру, реттеу; тежегіш жүйесінің жұмыс параметрлерін тексеру; автомобильдің тежеу қасиетін қамтамасыз ететін басқа элементтерінің жұмыс қабілеттілігін тексеру. Автомобиль конструкциясы мен элементтерінің күйін, артқы мост орналасуының дұрыстығын тексеру; дөңгелек дисктері мен дөңгелек бекітуінің күйін тексеру

-кабина(салон), платформа(кузов) және тіреуіш; Кабина, кузов, тіреуіш беттерін тексеру; салонды желдету және жылыту жүйесін тексеру, сонымен қатар есіктерді тығыздалуы мен желдеткіш люктерді тексеру. Кузовтың ішкі және сыртқы бекітулерін, кірқалқандарды(брызговик) бекіту;

-карбюраторлы қозғалтқыштардың қоректендіру жүйесі. Элементтері мен коммуникациялардың бекітуін, қосылысын және герметикалылығын тексеру.

-дизельді қозғалтқыштардың қоректендіру жүйесі.Отын багы, құбырөткізгіш, отын сорабы, форсункалардың элементтері мен коммуникациясының бекітілуін, герметикалылығын тексеру.

-аккумулятор батареясы. Аккумулятор батареясының функционалдығын тексеру;

-генератор, стартер және реле-регулятор(реттегіш). Контактты элементтер, мойынтіректердің күйін тексеру, қажет болған жағдайда генераторды шашып- жинау және тозған бөлшектерді ауыстыру. Стартер мен реле-регулятордың жұмысын тексеру, жыл мезгілін қарастыра отырып реле-регулятор кернеуін реттеу.

-оталдыру аспаптары. Оталдыру шамы мен катушкасын, тоқтату-таратқышты тексеру. Қажет жағдайда саңылауларды реттеу;

-Жарық беру мен сигнализация аспаптары. Функциясы мен реттеуін тексеру.

Майлау мен тазалау жұмыстары. Автомобиль үйкелісінің торабын майлау, қозғалтқыш элементтеріндегі май деңгейін тексеру, фильтрлеуші элементтерін ауыстыру.

Соседние файлы в папке 27-01-2013_10-52-07