Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
27-01-2013_10-52-07 / Материал тану.doc
Скачиваний:
190
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
1.95 Mб
Скачать
  1. Соғылмалы шойын. Қасиеттері, таңбалануы және қолданылуы.

Соғылғыш шойын.Шойынның бұл түрінің тұтқырлығы жоғары. Соғылғыш шойын құйма күйінде ақ шойындар қатарына жатады. Құрамындағы темірдің карбидін бөліп,бос графит алу үшін термиялық өңдеуден өткізеді. Мұндай графиттің ұзындығы сұр шойындағы графиттің ұзындығынан қысқа келеді. Қасиеті шойынның беріктігі жоғары шойындар мен сұр шойындар қасиеттерінің аралығында болады.

Соғылғыш шойын структурасына қарай перлитті және ферритті деп бөлінеді.

  1. Ферритті соғылғыш шойын алу үшін құрамында 1.7-2.7%көміртегі бар ақ шойынды мынадай тәртіппен термиялық өңдеуден өткізеді:1. Құрамындағы сутегін бөлу үшін ақ шойынды алдын ала қыздырады.;2. Температурасын 950-1000 С-қа жеткізеді, сонда ледебурит құрамындағы цементиттің графитке айналуының бірінші кезеңі басталады;

3.Температурасын 950-780 С-қа дейін төмендетеді, сонда екінші цементиттен графит бөлінуінің екінші кезеңі басталады.4. Температураны 720-730 жеткізеді , сонда перлит құрамындағы цементиттің ыдырауы басталады.

2. Перлитті соғылғыш шойын алу үшін ақ шойынды 950- 1000 С темп дейін қыздырып, осы температурада ұзақ уақыт ұстайды, эвтектойдтық цементиттің графитке айналып кетпеуі үшін , эвтектоидтық өзгерістер аймағында ақ шойынды үлкен жылдамдықпен суытады. Осылайша ақ шойын термиялық өңдеуден өткен соң структурасы жағынан перлитке айналады.

Соғылғыш шойын алу технологиясының басты кемшілігі оны алуға көп уақыт кетеді. Бұл шойынды алу уақытын кеміту үшін оған 0.01 % ақ шойын қосу арқылы модификациялайды.Соғылғыш шойынның мынадай түрлері бар: КЧ-37-12, КЧ-40-6, КЧ-30-3, мұндағы КЧ- соғылғыш шойын ,бірінші цифр – созуға беріктік шегін, екінші цифр – салыстырмалы ұзару коэф көрсетеді.

  1. Пісіру тәсілдерінің жіктелуі.

Метал бөліктерін бір-біріне тығыз жанастырып, балқу температурасына немесе пластикалық күйге дейін жеткенше қыздырып біріктіруді ПІСІРУ д.а.Металды қыздыруға жұмсалатын жылу энергиясын алу жолына байланысты пісіру электрмен және химиялық жолмен пісіру болып екіге бөлінеді.

Электрмен пісіру әдісі электр доғалық және контактілі болып бөлінеді.

  1. Пластмассалар. Құрамы, қасиеттері және жіктелуі.

Пластмасса дегеніміз белгілі температура мен қысымда пластикалық қасиеті жоғары органикалық заттарға әр түрлі қоспалар қосу арқылы жасалынған материал. Пластмассаның негізгі құраушысы жоғары молекулалы органикалық шайырлар болып табылады.

Шайыр табиғи және жасанды болып екі топқа бөлінеді. Табиғи шайырға битум, асфальт, канифоль, ал жасанды шайырлар тобына органикалық шыны, полиэтилен, вискоза, капрон, нейлон, синтетикалық каучуктер жатады.

Пластмассаның құрамына байланыстырушы, толықтырғыш, жұмсартқыш, бояғыш сияқты көптеген заттар енеді.

Пластмасса жасау үшін шайырға ұнтақ, талшық, пластина күйіндегі толықтырғыш заттар қосылады.Бұл заттар пластмассаның механикалық қасиетін жақсартып, өзіндік құнын кемітеді.Пластмассаның салмағы 60-70 %-і толықтырғыштың үлесіне тиесілі.

Пластмассаның пластикалық қасиетін арттыру үшін оған күрделі эфирлер, кетондар, хлорланған сутекті көміртегі сияқты пластификаторлар қосылады.

Пластмассаның құрамына сондайақ оны металға жабыстырмайтын майлаушы заттар, суға төзімділік қасиетін арттыру үшін кварц ұнтағы, қаттылығын арттыру үшін қатайттырғыш заттар және оның қасиеттері уақытқа байланысты өзгермеу үшін стабилизатор заттарын қосады.

Біздің елде пластмассалар полимерлер табиғаты, физико- механикалық қасиеті, ішкі құрамы т.б қасиеттері бойынша бірнеше түрге бөлінеді.Пластмасса байланыстырушы затының түріне байланысты 4 класқа жіктеледі:

А класы- этиленопласт, винипласт, фторопласт, стириопласт, акрилопласт сияқты полимерлеу жолымен алынған пластмассалар;

Б класы- фенопласт, эфиропласт, эпоксипласт сияқты поликонденсация өнімдері;

В класы- целлопласт, протейнопласт сияқты табиғи полимерлерді химиялық жолмен модификациялау арқылы алынған пластмассалар;

Г класы- битумопласт сияқты мұнай өнімдері – асфальт пен битумнен алынған пластмассалар.

Химиялық құрамына қарай пластмассалар фенопласт, аминопласт, аниленопласт болып бөлінеді.

  1. Көміртекті болаттардың жіктелуі.

Көміртекті болаттар қорыту технологиясына байланысты қайнау және тыныш қорыту болаттары болып 2-ге бөлінеді.Қайнау, тыныш қорыту болаттарының тұрақты қоспалары кремний, марганец, күкірт, фасфор, оттегі элементтері болып табылады.

Көміртекті болаттар мынадай түрлерге бөлінеді:жалпы мұқтаждық, сапалы, жоғары сапалы, арнаулы болаттар.

  1. Жалпы мұқтаждық болаттар құрылыс конструкцияларын, машина детальдары мен аспап,құрал – сайман жасау үшін қолданылады.Ж.М.Б мех. Қасиеті мен хим. Құрамына байланысты кәдімгі сапалы және жоғары сапалы болып 2 бөлінеді.

Кәдімгі сапалы болаттар механикалық қасиеті мен химиялық құрамына қарай үш топқа бөлінеді. А, Б, В тобы.

Жоғары сапалы болаттар құрамында зиянды қоспалар мөлшері мен ақауыаз болады. Болаттың бұл түрінің маркалары бар: 15А, 20А, УОА, УВА... а әрпі болаттың жоғары сапалы екендігін көрсетеді.

Арнаулы болаттар жону, созу, штамптау әдісімен суық күйде өңделеді.Бұл болат түрінің Автомат болаты деп аталатын түрі машина жасау өндірісінде гайка, бұранда жасау үшін пайдаланылады.Құрамындағы көміртегі аз болаттардың өңделу қасиетін арттыру үшін оларға күкірт пен фосфор қосады.А12 маркалы автомат болаттарының құрамында 0.08-0.16% көміртегі, 0,08-0.15 фосфор, 0.08-0.2 күкірт болады.

Соседние файлы в папке 27-01-2013_10-52-07