Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
22
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
186.37 Кб
Скачать

Лекция3

Деректерінің қоры жүйесінің архитектурасы

Үш деңгейлі архитектура ANSI SPARC

ДҚБЖдың үйреншікті терминалогияны және ДҚБЖның жалпы архитектурасы 1971 жылы DBTG атты топтың адамдарымен жасалынды. Олар екі деңгейлі архитектураның қолданылуының мақұлдайды. Ұқсас терминологиялар және архитектуралар стандарты АҚШ Ұлттық институтымен 1975 ұсынылған және 3 деңгейлі жолдың қолданылуын мақұлдаған. 3 деңгейлі архитектураның мақсаты оның физикалық құрылымын қолданбалы деректер қоры құрылымынан бөлу болып табылады. Төменде осылай бөлудің бірнеше себептері көрсетілген

  • Әрбір қолданушы мәліметтерді өзгерту мүмкіндігіне ие өзінің қалауынша мәліметтерді өзгертіп және әрбір қолданушының сол мәліметтерге қол жетімділігін қарастыру керек

  • Қолданушылар деректер қорының физикалық құрылымына, индекстелуіне және хеширленуіне тікелей қатысыты болмауы керек

  • Деректер қорының администраторы базадағы мәліметтерді сақтауда құрылымды өзгерту мүмкіндігіне ие болуы керек

  • Деректер қорының ішкі құрылымы оның физикалық құрылымымен мәліметтерді сақтап өзгертуімен байланысты болмауы керек

  • Деректер қорының администраторы деректер қорының концептуалды немесе глобалды құрылымын қолданушының ықпалынсыз өзгерту мүмкіндігіне ие болуы керек

ДҚБЖда қолданушыларды қабылдайтын деңгей сыртқы деңгей деп аталады сонда операциондық жүйедегі ішкі мәліметтерді ішкі деңгей деп атайды. Осы ішкі деңгейдегі мәліметтің құрылымы өзгертіліп, қолданылып сақталады.

Концептуалды деңгей ішкі мен сыртқы денгейдің бір біріне тәуелсіздігін қамтамассыз етеді.

Сыртқы деңгей қолданушылардың кезқарастарынан қаралатын деңгей. Бұл деңгей әрбір қолданушының базадағы мәліметтерінің бір бөлігін суреттейді.

Сыртқы деңгей деректер қорының әр түрлі сыртқы көзқарастарынан тұрады. Сыртқы көзқарастар тек қолданушыға қызықты. Нақты дүниелегі мәліметтерді атрибуттарды көрсетеді.

Одан бөлек, әр түрлі көзқарастар туынды немесе есептелетін деректер қорын құрастыруы мүмкін. Олар мәліметтер сияқты сақталмайды. Сонымен бірге көзқарастар бірнеше құрамалы мәліметтерден немесе туындылардан тұруы мүмкін.

Концептуалды деңгей – деректер қорын жалпылашы көзқарас. Бұл деңгей деректер қорын сақтайтын және олардың арасында қандай байланыстар бар екенін анықтайтын деңгей.

Аралық концептуалды деңгей барлық мәліметтердің логикалық құрылымынан тұрады. Іс жүзінде, олардың сақталуы өзгертілуі ұйымның пікірлеріне байланысты болады.

Концептуалды деңгейде келесі компоненттер көрсетілген

  • Барлық мәндер, олардың атрибуттары және байланыстар

  • Деректерге қойылатын шектеулер

  • Деректер туралы семантикалық мәліметтер

  • Қауіпсіздік қамтамассыз ету және мәлімет бүтіндігін сақтау шаралары туралы мәлімет

Концептуалды деңгей, мәліметтердің қолданушыға тсүнікті болуын қамтамассыз етеді. Бірақ бұл деңгей мәліметтерді қалай сақтау керектігі жайлы ешқандай мәлімет бермейді

Ішкі құрылым Компьютердегі деректердің физикалық көзқарасы болып табылады. Бұл деңгей мәліметтің қалай сақталатынын көрсетеді

Ішкі деңгей деректер қорының физикалық құрылымын суреттейді, өнімнің ұтымдылығын, және дисктегі кеңістікті үнемді қолдануын қамтамассыз етуі үшін арналған. Ол мәліметтердің құрылымын және жеке файлдардың ұйымын, есте сақтайтын құралдардағы мәліметті сақтау үшін қолданылады. Бұл деңгейде ДҚБЖның операциялық жүйемен байланысы болады, мақсаты, деректер қорын есте сақтау құрылғыларында сақтау, индекстерді жасау, мәліметтерді шығару және тағы басқа.

Ішкі деңгейде келесі мәліметтер сақталады

  • Мәліметтерді сақтау және индекстеу үшін диск сияқты кеңістіктің үлестірілуі

  • Жазуларды сақтаудың толық сипаттамасы

  • Жазуларды орналастыру туралы хабар

  • Мәліметтерді тығыздау және шифрлау туралы хабар

Ішкі деңгейдің астында физикалық деңгей орналасқан, ол операциялық жүйемен басқарылады

Деректер қорының жалпы аты деректер қорының схемасы деп аталады. Деректер қорының 3 схемсасы болады.Олар 3 деңгейлі архитектураның көмегімен анықталады. Ең жоғарғы деңгейде сыртқы схемалар болады. ОЛар әр түрлі деректерге байланысты болады. Концептуалды деңге йде деректер қоры концептуалды схема деп аталады. Ал ең төменгі деңгейде ішкі деңгей болады оны ішкі схема деп атайды.

Коцептуалды схема деректер қорының барлық элементтерін және олардың байланыстарын көрсетеді. Әрбір деректер қорына бір ғана концептуалды схема болады. Төменгі деңгейде ішкі схема орналасады. Ол ішкі модел толық сипаттамасы болып табылады.

Ол сақталатын жазулардың сипаттамасын, олардың индекстері жайлы мағлұматтарды хеширлеуді анықтайды. Әрбір деректер қорында бір ғана ішкі схема болады.

ДҚБЖ бұл түрлі схемалардың арасындағы сәйкестікті анықтауына жауап береді. Сонымен қатар олардың бір біріне қайшы еместігіне жауап береді. Басқаша айтқанда, ДҚБЖ әрбір схеманы концептуалды схеманың негізінде шығаруына көз жеткізген.

Кез келген сыртқы және ішкі схемалардың арасындағы сәйкестіктің анықталуы үшін концептуалды схемадан мәліметті пайдалану керек. Концептуалды схема ішкі схема ішкі көріністерді көрсетуарқылы байланысты. Ол ДҚБЖ ға іс жүзіндегі жазуларды және жазылған деректердің физикалық құрылымын есте сақтайтын құрылғыларды тауып алуды жүзеге асырады, олар логикалық жазылымды концептуалды схемада көрсетеді. Әрбір сыртқы схема концептуалды көрсетілулермен байланысты болады. Оның көмегімен ДҚБЖ қолданушы концептуалды схеманың бір бөлігінде атымен көрсете алады.

Соседние файлы в папке Лекция