Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
merdigerlik keis.docx
Скачиваний:
32
Добавлен:
28.03.2015
Размер:
34.61 Кб
Скачать

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

Мердігерлік шартының түсінігі.

Мердігерлік шартының элементтері.

Мердігерлік шартының түрлері.

Қорытынды

Кіріспе.

Мердiгерлiк шартынан туындайтын құқықтық қатынастар жұмыс орындау бойынша мiндеттемелерге жатады. Солардың көмегiмен, белгiлi бiр тұлғаның (тұлғалардың) жұмысының нәтижесi тиiстi ақшалай құндылыққа айырбасталады.

Экономикалық тұрғыда мердiгерлiк бұл қызмет, оның нәтижесi заттай мiнезде болып келедi (белгiлi мүлiк пайда болады). Одан басқа, орындалатын жұмыстардың өзге де (зат емес) нәтижелерi болуы мүмкiн, бiрақ бұл мердiгерлiк қатынастарының мәнiсiн жоққа шығармайды, себебi оларда қол жететiн нәтижемен қатар белгiлi қызметтiң өзi де (оның барысы) маңызды болып келедi. Осы қызметтi негiзiнен (жалпылама) оңды (пайдалы) қызмет деп мiнездеуге болады, сондықтан мердiгерлiк шарттарында тараптардың өзге қатынастарымен бiрге жүзеге асырылатын қызмет те реттеледi.

1.Мердігерлік шартының жалпы сипаттамасы.

1.1 Мердігерлік шартының түсінігі.

Мердiгерлiк шарты бойынша бiр тарап (мердiгер) екiншi тараптың (тапсырысшының) тапсырмасы бойынша белгiлi бiр жұмысты атқаруға және белгiленген мерзiмде оның нәтижесiн тапсырысшыға өткiзуге мiндеттi, ал тапсырысшы жұмыс нәтижесiн қабылдап алуға және оған ақы төлеуге (жұмыстың бағасын төлеуге) мiндеттi.

мүмкiндiк беретiн зерттеулердi жүзеге асыру үшiн қолданған жөн. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының негiзгi экономикалық әсерi кейiнiрек шығуы мүмкiн, ол мердiгер берген ұсыныстарын (оның ойларын, шешiмдерiн) тәжiрибеде қолдануға байланысты болып келедi. Ғылыми-зерттеу жұмыстарына мердiгерлiк шартының нысанасы болып белгiлi тақырып, мәселе, мәселелер топтары бойынша аяқталған ғылыми жұмыс немесе одан әрi зерттеулер үшiн аралық буын бола алатын ғылыми зерттеудiң бөлiгi келуi мүмкiн.

Қорытынды

Мердігерлік шарты ол екі жақты консенсуалды, ақылы түрде жасалатын шарт. Шарт тараптары тапсырысшы, мердігер.

Мердігерлік шарттың басқа шарттардан ерекшелігі онда тараптар өзара келіседі әғни тапсырысшы мердігерге белгілі бір тапсырма береді олар әртүрлі болуы мүмкін Тұрмыстық мердігерлік, Құрылыс мердігерлігі, Жобалау және іздезтіру мердігерлі, Ғылыми зерттеу, тәжірибе конструкторлық және технологиялық жұмыстарға мердігерлік

ұйымдардың қызметiн тиiстi реттеуге мүмкiншiлiк бередi. Басқа шарттарда сияқты бұл шартта да тараптардың мүдделерi ескерiлуi мүмкiн.

Ғылыми-зерттеу, тәжiрибе-конструкторлық және технологиялық жұмыстарында мердiгерлiк шарты экономикалық қатынастарды бiр жақты реттеуден сақтайды. Бұл шарт өндiрiстiк салалардың қызметiн оның неше түрлi қасиеттерiн қамтамасыз ететiн субъектiлердiң қызметiмен байланыстырады. Тағы да бұл шарт шығармашылық (ғылыми) қызметтiң интеллектуалдық меншiк объектiнi өңделiп (оны жасау жұмыстары аяқталғанға дейiнгi қызметтi) ол құқықпен қорғалатындай болғанға дейiнгi кезеңдерiн (тұстарын) реттеуге мүмкiншiлiк бередi. Кейбiр жағдайларда қымбат тұратын зерттеулердi қаржыландырады. Сонымен қатар мердiгерлiк шарты мердiгердiң шығармашылық (ғылыми-зерттеу) қызметiнiң нәтижесi болып келетiн объектiге құқықтардың ауысуын да қамтамасыз ете алады. Осы бөлiгiнде ғылыми-зерттеу, тәжiрибе-конструкторлық және технологиялық жұмыстарға мердiгерлiк шарты лицензиялық шартпен тығыз байланыста болады. Ғылыми-зерттеу, тәжiрибе-конструкторлық және технологиялық жұмыстар бiр-бiрiне толығынан тепе-тең емес. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң 32-тарауының §5 бiр-бiрiмен тығыз байланысты, бiрақ кейбiр айырмашылықтары бар қатынастарды реттейдi.

Бұл айырмашылықтар жасалған интеллектуалдық қызмет объектiлерiнiң интеллектуалдық меншiк құқығының әртүрлi қорғау нормаларына жатуына байланысты. Ғылыми-зерттеу жұ-мыстарының нәтижесi – бұл авторлық құқық объектiсi. Сондықтан ғылыми-зерттеулер жүргiзу шартты көбiнесе фундаменталды зерттеулердi немесе қандай да болсын бiр өндiрушiге жаңа технология енгiзу, өндiрiстi қайта жабдықтау, өндiрiсте және материалдар, құбылыстарды пайдалану туралы шешiм қабылдауға

Мердiгерлiк шарты консенсуалды ақылы және өзара шарт. Жұмысты орындау үшiн белгiлi уақыт керек, сондықтан мердiгерлiк шарт бойынша шарт жасалу кезi және оның орындалу кезi сәйкес келмеуi мүмкiн. Өз кезегiнде бұл оларға тәуелдiлiкке мердiгердiң жұмыс орындары қойылатын мерзiмдерге әсер етедi. Кейбiр мердiгерлiк шарттардың орындалуы және жасалуы бiр уақытта болуы мүмкiн, мысалы, суретке түсiру шарттары “тез” фотосуреттер дайындаумен байланысты мердiгерлiктiң осындай мерзiмдерiнiң ерекшелiгi олардың барынша қысқалығы болады, және осы мердiгерлiк жасайтын шарттың тапсырысшының себептенушi негiзiнде болуы мүмкiн.2222222222222

Мердiгерлiкке арналған нормалар, көбiнесе Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде (616-683-б) ұстанылып келедi. Одан басқа Қазақстан Республикасында халыққа тұрмыстық қызмет ету, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк комитетiнiң 22.09.1996ж. №9/7-қаулысымен бекiтiлген, құнды және антимонопольды саясат туралы тәртiптерiнде қолданылады. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiн Ерекше бөлiмiн қабылданғаннан кейiн құрылыс аясында мердiгерлiк қатынастарда бұрын қолданған, Қазақстан Республикасының Құрылыс министрлiгiнiң 3 наурыз, 1994. №5-5-өкiмiмен бекiтiлген, Қазақстан Республикасының күрделi құрылыста мердiгерлiк шарттарының уақытша тәртiптерi, Қазақстан Республикасының Құрылыс Министрлiгiнiң 30.06.1994ж. №7-5-Қаулысымен бекiтiлген, бас мердiгерлердiң ұйымдарының қосалқы мердiгерлiк қатынастарымен өзара қатынастарының ережелерi күшiн жойды.

1.2 Мердігерлік шартының элементтері.

Мердiгерлiк шартының тараптары болып мердiгер және тапсырысшы болып табылады.

Тапсырысшы – екiншi тарапқа – мердiгерге шарт бойынша

келiсiлген белгiлi-бiр жұмысты орындауға тапсыратын тұлға. Тапсырысшы ретiнде азаматтық-құқықтық қатынастарының кез келген тұлғасы бола алады. Мердiгерлiк шарттарда мемлекеттiң қатысу ерекшелiктерi жеке заң актiлерiмен белгiленген, мысалы, Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникация ми-нистрлiгiнiң 18.01.1998ж. №123-бұйрығымен бекiтiлген, жол жұмыстары жайындағы конкурстарды (мердiгерлiк саудалар) ұйымдастыру және өткiзу тәртiбiнiң ережелерi.

Мердiгер – шарт бойынша белгiлi жұмысты орындауға мiндеттенетiн тұлға, көбiнесе кәсiпкерлiк қызметiнiң субъектiсi, жеке тұлға немесе жеке кәсiпкер, коммерциялық заңды тұлға. Бiр реттi (жүйелi емес) негiзде мердiгерлiк жұмысты кез келген әрекет қабiлеттiлiгi бар жеке тұлға атқара алады. Кейбiр жағдайларда, “Лицензиялау туралы” 17.04.1995ж. Қазақстан Республи-касының заңына сәйкес, (содан кейiнгi өзгерiстер мен және толықтырулармен) мердiгерлердiң қызметi лицензиялануы тиiс. Мысалы, жобалау-iздестiру, құрылыс-монтаждық жұмыстары ж.б. лицензиялануы керек.3333333333333

Кейбiр жұмыстарды орындау үшiн арнайы дағды, дәрежелi мамандық қажет. Сондықтан мердiгер, мердiгерлiк шартты жал-пы жасап, шартты орындауға басқа тұлғаларды тартуға құқылы. Бұл мердiгер болып заңды да және жеке де тұлғалар қатысатын мердiгерлiк шарттарында мүмкiн.

Бүкiл жұмыстың мөлшерiн орындауға алғашқы шарт жаса-ған және басқа тұлғаларды тартқан тұлға бас мердiгер деп аталады (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң 619-б. 1-тармағы). Тартылған тұлға (тұлғалар) қосалқы мердiгер болып табылады. Алғашқы мердiгер оның алдында тапсырысшы болады. Жалпы тәртiп бойынша қосалқы мердiгерлiк шартты жасауға тапсырысшысының келiсiмiнiң керегi жоқ. Бас мердiгер

иеленбесе, (қам етпесе) онда болашақта ол едәуiр мүлiктiк және рухани қолайсыз зардаптарға тап болуы мүмкiн.

Ғылыми-зерттеу, тәжiрибе-конструкторлық және технологиялық жұмыстардың мердiгерлiк шарты.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi (жалпы бөлiм) шығармашылық, интеллектуалдық қызмет нәтижелерiн мүлiктiк игiлiктерге жатқызады. Осыған байланысты, бiз қарастырайын деп жатқан мердiгерлiк шарттарының маңызы мен рөлi өсе түстi. Ғылыми-зерттеу, тәжiрибе-конструкторлық және технологиялық мердiгерлiк шартты дамыту болашақ қоғамдағы ғылымның дамуына бағытталған саясаттың ағымында болып келедi. Осыны Қазақстан Республикасының 03.07.2002 жылы қабылданған “Инновациялық қызмет туралы” Заңы дәлелдейдi.

Бұл заң айтылған мердiгерлiк шарттың рөлiнiң көтерiлуiне ықпалын тигiзедi. Болашақта ғылым едәуiр бөлiгiнде жасалған шарттармен қаржыландырылатын қолданбалы зерттеуге және де нарықта бәсекелестiкке түсе алатын интеллектуалдық меншiк объектiлерiне жататын зерттеу нәтижелерiн сатуға сүйенетiн болады. Кейбiр жағдайларда мердiгерлiк шарт бойынша түбiрлi (фундаменталды) зерттеулер де жүргiзiлуi мүмкiн, бiрақ әрине мұндай зерттеулердiң көлемi (салыстырмалы үлесi) қолданбалы зерттеулерге қарағанда едәуiр болады.

Қазiргi кезде мердiгерлiк шартын қолдану арқылы ғылымды қаржыландыру толық iске асып жатқан жоқ, өтйкенi экономикалық ақиқат әлi де ескi технологияны қолдануды мүмкiн етiп отыр. Импорт орнын ауыстыру тетiгi толық көлемде iске асып отырған жоқ және мемлекеттiк деңгейде ғылымға қолдау жетпейдi.

Мiндеттемелiк құқық құралдарын толық көлемде пайдаланып бұл шарт нысаны олар үшiн ғылыми-зерттеушiлiк қызмет (тiршiлiк) пайда табудың негiзгi көзi болып келетiн ғылым адамдарының,

келедi. Егер заңнама актiлерiнде немесе шартта өзгеше көзделмесе, шарттың кездейсоқ орындалмау қаупi оған жүктеледi.

Жобалау және iздестiру жұмыстарын орындау кезiнде, тапсырысшы мердiгерге шартта қарастырылған көлемде және жағдайларда қызмет көрсетiп тұруы керек. Мысалы, көлiк бөлiнiп берiлуi, бiр немесе өзге қажеттi мәлiметтер өз уақтылы берiлуi, материалдар сатып алынуы, оларға кiрудiң арнайы (ерекше) тәртiбi бекiтiлген аумақтарға кiруге (олардан өтуге) рұқсат алынуы мүмкiн т.б. Басқаша айтқанда, жалпы мердiгерлiк шарттары бойы-нша да сияқты бұл мердiгерлiк шарты бойынша да тапсырысшының және мердiгердiң ынтымақтастығы орын алуы тиiс. Жобалау және iздестiру жұмыстарына мердiгерлiк шартының басқасынан айырмашылығы, тапсырысшының көмегi тапсырманы тиiстi орындау үшiн қажеттi болуы немесе көмек көрсетпеу мердiгерге елеулi қиындықтар туғызуы мүмкiн, сондықтан тапсырысшының ынтымақтастық бойынша мiндетi тiкелей шартта көрсетiледi. Осының жеке мысалы ретiнде, тапсырысшының мердiгермен бiрге жобалау-сметалық құжаттаманы жергiлiктi өзiн өзi басқарудың органдарымен немесе мемлекеттiк өкiлеттi органдарымен келiстiруде қатысу мiндетiн атауға болады. Бұл мiндеттi заңмен бекiтуде тапсырысшының мүддесiн ескеру айқын сезiледi. Ол тапсырманы тиiстi орындауда мүдделi, сондықтан өзiнiң нұсқауларын жүзеге асыруға бақылаушы органдар жағынан қандай да бiр кедергiлер болып тұрса ол мердiгерге сол кедергiлерден құтылуға көмектесуi керек. Сондай-ақ ол өзiн келешекте жобалау-сметалық құжаттамаларды мердiгерден алған соң олар мемлекеттiң сертификаттау, архитектуралық бақылау органдарының және т.б.талаптарына сәйкес келмеуi салдарынан жарамсыз болып шығуы қаупiнен сақтандыру керек. Ал тапсырысшы жеткiлiктi қожайын сезiмiн, қамқор-лықты

тапсырысшысының алдында мердiгерлiк шартының толығынан орындалуына жауапты болады.

Бас мердiгердiң келiсiмiмен, тапсырысшы жекелеген жұмыстарды орындауға үшiншi тұлғалармен шарт жасасуға құқылы. Мердiгердiң келiсiмi барлық жұмыс орындайтын тұлғалардың iс әрекеттерiн үйлестiру қажет болғасын талап етiледi, болмаса бас мердiгердiң құқықтары мен мүдделерi тiкелей немесе жанама зиян шегуi мүмкiн. Алғашқы мердiгер және үшiншi тұлға тапсырысшысының алдында iс жүзiнде ортақ (немесе үлестi) борышкерлер болып келедi, себебi олардың жасаған барлық әрекеттерiне (орындаған жұмыстарына) жұмыстың ақырғы нәтижесi де байланысты болады. Құқықтық мағынада әрине, олар бөлек, бiр-бiрiне байланысты (тәуелдi) емес құқықтық қатынастардың субъектiлерi, өйткенi олардың әрқайсысымен бөлек (дербес) мердiгерлiк шарттары жасалады.4444444444

Тапсырысшы ең басында бiрнеше тұлғалармен бiр шарт жасасуы мүмкiн, осы жағдайда тұлғалардың көптiлiгi орын алған бiр мiндеттемелiк құқықтық қатынас пайда болады. Жоғарыда сипатталған және осы жағдайлардың кейбiр айырмашылықтары орын алады. Бiр мердiгерлiк шартын жасаудың себебi болып мiндеттеме затының бөлiнбейтiнi келуi мүмкiн (ҚР АК 287 ба-бының 1 тармағы), сондықтан мердiгерлiк, кәсiпкерлiк қызметiмен байланысты болуы себебiнен бiрнеше борышкер тапсырысшысының алдында ортақтасқан борышкерлер болып келе алады. (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң 287 бабы, 2 тармағы).

Бiрнеше мердiгерлер өзара қосымша (акцессорлық) келiсiмдер жасауы мүмкiн және олардың мәнi де төмен емес, өйткенi оларсыз жұмыстарды орындау тәртiбiнде түсiнiспеушiлiктер пайда болуы мүмкiн. Басқа жағынан, акцессорлық (қосымша) келiсiмдер, олар аталғандай мәселелердi шешуге көмектесетiнiне қарамастан, өзге

тұрғыдағы мәселелердiң пайда болуына әкелуi мүмкiн. Ю.Г.Басин мынадай мысал келтiредi: Төрелiк сот тә-жiрибесiнде үш жеке орындаушы тапсырысшы үшiн ортақ төлем ақыны алып бiр жұмысты орындауға келiскен соң пайда болған дау орын алды. Алғашқы (негiзгi) шартты жасасқан соң мердiгерлер алынатын ақыны өзара бөлуге байланысты келiсiм жасасқан болатын. Көп кешiкпей, тапсырысшы мердiгерлердiң бiреуiнiң қызметiнен бас тартқан бiрақ сол мердiгер басқа мердiгерлерден соманың 35 пайызын құрайтын өз үлесiн берудi талап еткен. Бұны ол ақыны бөлу туралы мердiгерлердiң өзара келiсiмiне сүйенiп жасаған және шарт бойынша төлемақыны бөлу туралы келiсiмде сол шарттың бiреуге қатысты тоқтатудың салдары қарастырылмағанға сiлтенген.

Келтiрген мысалды талдай отырып бұндай талаптарды, олар ақыны бөлу туралы акцессорлық келiсiмге негiзделген соң негiзгi шарт тиiстi бөлiгiнде тоқтатылғасын негiздi деп тануға болады.1 Қосымша мердiгерлер өзара келiсiмдермен тапсырысшының құқықтық жағдайын өзгерте ала алмайтыны туралы қорытынды жасай аламыз.55555555555555

Мердiгерлiк шартының нысанасы – бұл мердiгер мен орындаған жұмыстың нәтижесi. Мердiгерлiктiң нәтижесi әрқашан олармен жұмыс жүргiзiлетiн белгiлi заттармен, материалдармен байланысты, оларда өзiнiң бейнеленуiн табады.

Мысалы, бұл мүлiктiң құнын көбейтетiн күрделi жөндеу, тек заттың тиiстi халiн қалпына келтiретiн ағымды жөндеу болуы мүмкiн. Сол сияқты кейбiр өзге жұмыстар да мысалы, көгал алаңдарды қию, киiмдердi химиялық тазалау, мүлiктiң тиiстi күйiн қалыпқа келтiруге және оны күтiп ұстауға бағытталған.

Мердiгерлiк жұмыстар кезiнде мердiгердiң қызметiнiң өзi де реттелiнедi. Кейбiр жағдайларда мердiгер мердiгерлiк жұмыстарды өзi орындауға мiндеттенедi. Тапсырысшы жұмыстың жүргiзiлуiн

Тапсырысшы қажеттi шараларды қолдаған күнде (қолданса) жобалау және iздестiру шартының нәтижесi ҚР АК-сының “Ашылмаған ақпаратты заңсыз пайдаланудан қорғау құқығы” деп аталатын 55-тарауының нормаларына сәйкес қорғалуы мүм-кiн.

Жобалау және iздестiру жұмыстарына мердiгерлiк шарт бойынша мердiгер (жобалаушы, iздестiрушi) тапсырысшының тапсырмасы бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзiрлеуге және (немесе) iздестiру жұмыстарын жүргiзуге мiндеттелiнедi, ал тапсырысшы оларды қабылдап алуға және ақы төлеуге мiндеттенедi.

Оның ерекшелiктерiн реттеу Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң 32-тарауы § 4 нормаларымен жүзеге асырылады, жобалау және iздестiру жұмыстарына мердiгерлiк шартына мердiгерлiк шартының жалпы нормалары да қолданылады.

Аталған мердiгерлiк түрi де субъектiлiк құрамының өзгешелiгiмен ерекшеленедi, бiрақ бұл заңнамада тiкелей көрсетiлмеген. Бiрақ, әрине, лицензиялау туралы заңнамаға сәйкес жобалау және iздестiру жұмыстары лиензияланатын қызметке жатқан соң мердiгер мiндеттi түрде “арнайы” субъект болады.

Жобалау және iздестiру жұмыстарына мердiгерлiк шарттарын реттейтiн нормалардың мәнiсi бойынша, орындайтын жобалау және iздестiру жұмыстарына материалды-техникалық қамтамасыз ету мiндетi көбiнесе мердiгерде болады. Себебi, бiрқатар жағдайларда арнайы жабдықтар, керек жарақтар қолданылуы керек болады, ал олар өз кезегiнде тек мамандарда (мамандандырылған ұйымдарда) ғана болады. Мердiгерлiк шарты туралы нормалардың диспозитивтiлiгi бұл мiндеттi тапсырысшыға жүктеудi де жоққа шығармайды немесе шартты орындау кезiнде тапсырысшы қажеттi қаржыландыруды жүзеге асырып отыруға мiндеттi болады. Жобалау және iздестiру жұмыстарына мердiгерлiк шарты көбiнесе тапсырысшы үшiн тәуекелдi болып

де оларды салу стандартты жоба бойынша жүргiзiлуi тиiс емес (басқаларға ұқсамайтын болуы тиiс) ғимарат (құрылыс) олардың кешенi болып келуi мүмкiн.

Алдағы жұмыс көлемi үлкен болып құрылыс арнайы мақсатқа жоспарлануы мүмкiн. Сондықтан жобалаудың алдағы шығынды бағалау, болашақ құрылыстың экономикалық тиымдылығын көтеру үшiн маңызды болып табылады. Iздестiру жұмыстары салынған ғимаратты болашақта пайдаланудың жолдарын құрылыс салу орнын, құрылыс тәсiлдерiн және т.б. анықтауға мүмкiншiлiк бередi. Бiрқатар жағдайларда, жобалау және iздестiру жұмыстарына мердiгерлiк шарттары бойынша тапсырысшы болып құрылыс ұйымдары қатысады. Олар құрылыс мердiгерлiк шарты бойынша мердiгерлер құрылыс қызметiнiң белсендi жүзеге асыруды, жаңа шешiмдер (инновацияларды) ұсынуды, мемлекеттiк органдар немесе жеке тапсырысшылар ұйымдастыратын тендерге әлеуметтiк-мәдени, өндiрiстiк тұрғын үй ғимараттарын салуды болжаулары мүмкiн.

Жобалау және iздестiру жұмыстарына мердiгерлiк шартының ерекшелiгi болып олардың нәтижесiнде коммерциялық, ұйымдастыру техникалық маңызы бар жаңа ақпараттар өңделетiнi келедi. Сол ақпаратқа құқықтар белгiлi бiр дәрежеде тапсырысшыға да және мердiгерге де тиесiлi болады.

Мердiгердiң жұмысы шығармашылық тұрғыда да болып келедi және жобалау жұмыстарының нәтижесiнде тапсырысшының ынтасына сәйкес құжаттама өңделуi еместiгi немесе iздестiру жұмыстарының бiр кезеңiнде болжанған құрылысты жүзеге асыру мүмкiн еместiгi анықталуы мүмкiн. Осындай сипаттағы ақпаратта жобалау немесе iздестiру жұмыстарына мердiгерлiк шартының нәтижесi болып келедi және сондықтан мердiгердiң тиiстi шығындары өтелуi тиiс.

бақылай алады, демек оларды орындауға қойылатын белгiлi талаптар да бар. Бақылау жасалмаса мердiгер жұмысты орындау технологиясынан ауытқып кетуi, материалдарды арзанға ауыстыруы мүмкiн және т.б. бұзушылықтарға жол беруi мүмкiн. Мердiгер бұзушылықтарының нәтижесi көрiнбеуi де мүмкiн, кейде олар оларға қатысты наразылық ұсыну мерзiмдерiнiң шегiнде анықталмауы мүмкiн. Мердiгердiң қызметiнiң өзi реттелетiнiн растайтын келтiргеннен өзге де мысалдарды келтiруге болады. Жалпы аталған қызметтiк реттелуi жұмыстың соңғы нәтижесiне де өз әсерiн тигiзетiнi түсiнiктi.

Шарттың бағасы орындалған жұмыстың құнына сәйкес келуi керек. Баға әр кезде ақша сомасымен белгiленедi, бiрақ төлеудiң нысандары әртүрлi болуы мүмкiн. Мердiгерлiк шартында орындалатын жұмыстың бағасы немесе оны анықтау тәсiлдерi көрсетiледi. Шартта мұндай нұсқаулар болмаған және тараптар баға туралы келiсiмге келмеген жағдайда бағаны, әдетте осыған ұқсас жұмыстарға қолданылатын бағаларды негiзге алу арқылы сот белгiлейдi. Бағаны есептеу үшiн, тараптарға келтiрiлген шығындар еске алынуы қажет. Егер, шарт негiзiнде орындалатын жұмыстың күрделi құрамы болса, яғни сол жұмыстың өзi бiрнеше олардың түрiнен құрылса, бiрнеше кезеңдердi қамтыса және т.б. жұмыстың бағасы смета жасау жолымен белгiленуi мүмкiн. Смета бұл мердiгерлiк шарты бойынша орындалатын бар-лық жұмыстың құнын жұмсалатын материалдарды (олардың құнын) анықтайтын құжат.666666666666

Мердiгер жұмыстың және материалдардың құндары жөнiнде бiлiктiлеу болған соң смета көбiнесе онымен дайындалады. Сонымен қатар, тапсырысшының өзiнiң де сметаны жасауына шек қойылмайды. Мердiгермен жасаған смета, тапсырысшымен бекiтiледi және шарттың ажырамас бөлiгiне айналады. Өз кезегiнде тапсырысшы дайындаған смета мердiгердiң келiсiмiн

талап етедi. Жалпы смета жөнiнде келiсуде оны шартты жасасу тәртiбiмен салыстырғанда ешқандай жаңалық жоқ.

Смета шамалас және тұрақты болуы мүмкiн. Мердiгер тұрақты сметаны көбейтудi талап ете алмайды, ал тапсырысшы оның азайтылуын талап ете алмайды. Тұрақты сметаны бiр жақты өзгертуге құқық шартты жасау кезiнде орындалуға тиiс жұмыстардың толық көлемiн немесе бұл үшiн қажеттi шығындарды анықтау мүмкiн болмаса да пайда болмайды. Шарт жасас-қаннан кейiн мердiгер беруге тиiстi материалдар мен жабдықтардың, сондай-ақ оған үшiншi тұлғалар көрсететiн қызметтердiң құны едәуiр өскен кезде мердiгердiң белгiленген бағаны (сметаны) көбейтудi талап ету құқығына иеленедi. Егер тапсырысшы осымен байланысты талаптарды орындаудан бас тартса, онда мердiгердiң шартты бұзуды талап ету құқығы пайда болады.77777777777

 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]