Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТЛИЖДСУ кр на каз.doc
Скачиваний:
41
Добавлен:
08.04.2015
Размер:
1.86 Mб
Скачать

М. Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар акакдемиясы

«Көліктегі логистика» кафедрасы

«Темір жол стансалары мен тораптарының көліктік - логистикалық инфрақұрылымы»

050901 – бакалавр «Тасымалды ұйымдастыру, қозғалыс және көлікті пайдалану»

мандығының 3-курс студенттеріне «Аралық стансаны жобалау» тақырыбына курстық жобаны орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар

Алматы - 2010

М. Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар акакдемиясы

«Көліктегі логистика» кафедрасы

БЕКІТЕМІН

Оқу және ғылыми жұмыс проректоры

______________ А.Д. Монастырский

«________» _______________ 2010 ж.

«Темір жол стансалары мен тораптарының көліктік - логистикалық инфрақұрылымы»

050901 – бакалавр «Тасымалды ұйымдастыру, қозғалыс және көлікті пайдалану»

мандығының 3-курс студенттеріне «Аралық стансаны жобалау» тақырыбына курстық жобаны орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар

Алматы – 2010

УДК 656.21

050901 – «Тасымалды ұйымдастыру, қозғалыс және көлікті пайдалану» бакалавр мамандығының 3-курс студенттеріне, «Аралық стансаны жобалау» тақырыбына курстық жобаны орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар, «Темір жол стансалары мен тораптарының көліктік - логистикалық инфрақұрылымы» элективті пәнінің жұмыстық оқу бағдарламасына сәйкес құрастырылған

Пікір жазғандар: К.Х. Кушукбаев – т.ғ.д., «М.Тынышбаев атындағы ҚазККА» АҚ профессоры

А.Д. Нуртаев – «КазРефТрансСервис» ЖШС Бас директоры

Авторлар: А.Т. Асильбеков – э.ғ.к., профессор

Г.А. Бихимова – аға оқытушы

Б.Т. Мусабаев - оқытушы

Әдістемелік нұсқауларда аралық стансаны жобалау бойынша бірқатар мәліметтер берілген. Жобаны орындауда студент, темір жол стансаларын жобалау ережелері мен талаптарына сәйкес, аралық стансаны жобалау бойынша машықтанады. Теориялық білімдерін бекіту мен тәжірибелік машықтану мақсатында, курстық жобаның мазмұнына станса элементтерін жобалау бойынша есептік жұмыстарды орындау енгізілген.

Әдістемелік нұсқаулар «Көліктегі логистика» кафедрасының отырысында талқыланған және оң шешім алған (« 06 » мамыр 2010 ж. № 16-хаттама).

Әдістемелік нұсқаулар «Тасымалдауды ұйымдастыру және логистика» факультетінің Оқу-әдістемелік бюросының отырысында қарастырылған және ұсынылынған (« 18 » мамыр 2010 ж. № 9-хаттама).

Әдістемелік нұсқаулар «ҚазККА» АҚ Оқу-әдістемелік кеңесімен ашық басылымға және оқу үрдісінде қолдануға ұсынылған (« 27 » мамыр 2010 ж. № 4а-хаттама).

КІРІСПЕ

Темір жол көлігі ауыл шаруашылығындағы жүк және жолаушылар тасымалының қажеттіліктерін қамтамасыз етеді. Темір жолдағы жолаушылар және жүк тасымалы жоспарының орындалуы көп жағдайда, техникалық және коммерциялық, жүк және жолаушылар операцияларын орындайтын станса жұмысына тәуелді. Тораптар мен стансалардың жолдарын және өндірістік – техникалық құрылыстары мен құрылғыларын дамыту құны темір жол құнының 30-40 %-ын құрайды. Стансалар мен тораптардың дамуына арналған күрделі салымның техника-экономикалық тиімділігі белгілі мөлшерде темір жол көлігінің дамуына кеткен шығындардың тиімділігіне әсерін тигізеді, осыған байланысты олардың жобалануына үлкен көңіл бөлінуі керек.

Жобада шешілуі тиіс негізгі міндет, белгіленген уақытқа жолаушы және жүк тасымалының, жергілікті және сұрыптау жұмыстарының, өткізу және өңдеу қабілетінің қажетті мөлшерін, сонымен қатар жолаушылар мен тұрғындарға қолайлы болатын және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жаңа стансаны (торапты) салудың немесе жұмыс істеп тұрған стансаны (торапты) дамытудың экономикалық жағынан неғұрлым тиімді нұсқасын таңдау болып табылады. Сонымен қатар, стансаның немесе тораптың ары қарай дамуы міндетті түрде есепке алынуы керек.

Аралық стансаны жобалауда келесі негізгі талаптарды басшылыққа алу керек:

- пойыздар жүрісінің қауіпсіздігін және станса жұмысшылары мен жолаушылардың тіршілік қарекетін және жеке басының қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

- қажетті өткізу қабілетін, жүктердің сақтығын, стансаның ең жақсы эксплуатациялық жұмысын қамтамасыз ету;

- темір жол стансалары мен тораптарын жобалау және салу кезінде талаптарды сақтау;

- стансаның ары қарай дамуына кедергі келмейтіндей мүмкіндікті қамтамасыз ету;

- жолаушыларға, жүк қабылдаушыларға және жүк жөнелтушілерге қолайлы жағдай жасау.

Станса мен тораптарды жобалауда, жұмыс істеп тұрған ғимараттарды, құрылыстарды және кәсіпорындарды техникалық қайта жабдықтау, қайта құру, дамыту, олардың жаңаларын салу жұмыстары жүзеге асырылатын, жобалар мен сметаларды келісуді және бекітуді анықтайтын, олардың құрамын, мазмұнын, өңдеу ретін белгілейтін жобаларды және сметаларды өңдеу бойынша қолданыстағы нұсқауларды, сонымен қатар темір жол уставындағы ережелерді, темір жолдардың техникалық пайдаланылу ережелерінің лауазымдық нұсқауларын, темір жол стансалары мен тораптарын жобалау бойынша нұсқауларды, техникалық нұсқауларды және т. б. басшылыққа алу қажет.

Курстық жобаны орындау алдында студент, оқулықтағы материалдарды және ұсынылған әдебиеттерді оқып білуі керек. Курстық жобаны орындаудың мақсаты аралық стансаны жобалау бойынша теориялық білімді бекіту және тәжірибелік машықтану болып табылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]