Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лекция 3к.doc
Скачиваний:
15
Добавлен:
08.04.2015
Размер:
193.54 Кб
Скачать

3 Лекция Беру жүйелерінің дамуы және түрлері

Мазмұны:

  1. Ауа тораптары тізбектерінің алғашқы параметрлері ;

  2. Симметралыкабельдер тізбегі алғашқы параметрлері;

  3. Ауа және кабельдік тізбектері толқындық параметрлері;

  4. Құрылымдалынған кабельдер айнымалы жұбы алғашқыпараметрлері;

  5. Құрылымдалынған кабельдер айнымалы жұбы екіншіпараметрлері.

Ауа тораптары тізбектерінің алғашқы параметрлері

Ауа торабы - екі өткізгішті сым тізбегі. Алғашқы параметрлерді анықтағанда тізбектер оқшауланған деп саналады. Алғашқы параметрлер 1 км ұзындыққа жатқызады. Сонымен тұрақты тоққа кедергі анықтамасынан шығады ρ0 - меншікті кедергі, l – линия ұзындығы км-да, S - қиынды мм2.

Сонда 1 км екі өткізгішті сымдар тізбегі.

, (3.1)

dсым диаметрі мм.

Кедергі металдық сымдар үшін температураға тәуелді:

R'0=R0[1 + α'(t0-200)], (3.2)

R0 - 20º С кедергі.

Екі өткізгішті сымдарда кедергі тұрақты тоққа [Ом/км] диаметрі d=4 мм болғанда:

дағдылы құрыш - 22 Ом/км,

жезді құрыш - 23,3 Ом/км,

жұмсақ жез - 2,8 Ом/км,

қатты жез - 2,84 Ом/км,

алюмини - 4,66 Ом/км,

биметалл (құрыш-жез) - 4 Ом/км,

Торап кедергісі жақындық эффект есебімен мынадай формуламен шешіледі

, (3.3)

функция F(x) – график түрінде көрсетіледі, x = |ka| = |k|,.

Екі өткізгішті сымдар бір текті дөңгелек өткізгіштермен индуктивтігі [28]

, Гн/км (3.4)

а – өткізгіш сымдардың өз ара қашықтығы, d – өткізгіш сымдары диаметрі, Q(x) - үстіңгі эффект есепке алынатын функция, оның графигі [1] көрсетілді, x = |k|d . Бірінші қосылғыш – бұл сыртқы индук­тивтік, екіншісі - ішкі.

Екі өткізгішті сымдар тізбегі сиымдылығы мына формуламен есептелінеді

, Ф/км (3.5)

ε r – ортаның салыстырмалы диэлектрикалық өткізгіштігі.

1,05 коэффициенті – ауа тізбектері үшін енгізіледі және изоляторды есепке алады. Бұдан көрінгендей сиымдылық жиелікке тәуелді емес.

Ауа тізбектері сымдары арасындағы оқшаулықтар өткізгіштігі көптеген факторлармен анықталады. Сондықтан оны эмпирикалық формуламен анықтайды:

G = G0+kf, См/км (3.6)

G0тұрақты тоққа өткізгіштік, k – оқшаулық күиің есепке алатын кейбір коэффициенттер, ƒ – ауыспалы тоқ жиелілігі, Гц.

G0 ≈ 0,01·10-6 См/км, k ≈ 0,05·10-9 – құрғақ ауа райында.

G0 ≈ 0,05·10-6См/км, k ≈ 0,25·10-9 – ылғал ауа райында.

Симметралы кабельдер тізбегі алғашқы параметрлері

Кабельдердің ауа торабынан айырмашылығы, олардың ішіндегі тарамдардың ара қашықтығы сол тарамдардың диаметріне және көрші жұпқа дейінгі қашықтыққа пара пар. Сондықтан жақындық эффектісі үлкен рөль атқарады. Сонымен қатар барлық тарамдар түйіндері бұралады, себебінде тарамдар ұзындығы кабель ұзындығынан асып кетеді.

Кабельдік жұптың тұрақты тоққа кедергісі және ауа торабы үшін де осы формуламен есептелінеді, алайда бұрылған жағдайда ұзарғандығы есепке алынады, яғни

, Ом/км (3.7)

χ сым диаметріне D тәуелді өзгереді. Егер D=30÷80 мм болса, онда χ=[1,01÷1,07]. Кабельдік жұптың айнымалы тоққа кедергісі

, Ом/км (3.8)

Мұнда G(x) және Н(х) графикпен анықталады және сымдардың жақындығы есепке алынады. Р параметрі бұралу түрі:

Р=1 жұпты бұралуда (3.1 сүгірет)