Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Камиля Жунусова.docx
Скачиваний:
148
Добавлен:
08.04.2015
Размер:
220.5 Кб
Скачать

Мазмұны.

Кіріспе ---------------------------------------------------------------------------------------- 2

ТЕОРИЯЛЫҚ МӘЛІМЕТТЕР

1.1.ЖҚТЖ құрылу принциптері---------------------------------------------------------- 3

1.2.Радиотелефонды желілердің құрылу принциптері------------------------------ 5

1.3.Ұялы байланыс желілері (ұрпақтары, GSM стандарты)------------------------ 6

1.4.Спутниктік байланыс желілері----------------------------------------------------- 11

1.5. Темір жол көлігіндегі байланыс желілері(технологиялық желілер иерархиясы,байланыс түрлері TETRA стандарты)-------------------------------------------13

1.6. Құжатталған байланыс желілері (локальді және глобальді желілердің құрылу принциптері, OSI моделі, Ethernet технологиясы)---------------------------------- 15

ЕСЕПТЕУ БӨЛІМІ

2.1 Сөйлесу тракт сұлбаның құрылуы------------------------------------------------- 17

2.2 Жалпы қолданыстағы телефон желілерінің сұлбасын құру----------------- 18

2.3 Жалпы қолданыстағы телефон желілерінің бөлігін анализдеу-------------- 19

2.4 Арналар тарату жоспарын құру----------------------------------------------------- 20

ҚОРЫТЫНДЫ:---------------------------------------------------------------------------------

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:---------------------------------------------------------

Кіріспе

Телекоммуникация (Telecommunications) — компьютерлік жүйелер мен қазіргі заманғы техникалық электрондық байланыс құралдары негізінде телефон желілері, спутниктік байланыс және т.б. арқылы мәліметгерді қашықтан жеткізуге қатысты жалпы ұғым; жалпы немесе арнаулы байланыс желілері (телеграф, телефон, радио арқылы мәліметтер алмастыруға арналған қатынас). Телефон жүйесі арқылы ақпарат жеткізу; ара қашықтықтық байланыс; мәліметтерді ара қашықтыққа жіберу. 

Қазіргі телекоммуникациялық желілерді құрған кезде желілік деңгейдің үш түрі болады: біріншілік желінің деңгейі, екіншілік желінің деңгейі және электрбайланыс қызметі мен жүйелер деңгейі.Яғни, біріншілік желі (БЖ) – бұл таратудың типтік универсалдық цифрлық арналардың негізгі торабы, желілік коммутация станцияларының немесе біріншілік желінің соңғы құрылғыларының негізінде құрылған және олардың тарату желілерін қосатын көліктік желі. Желілік түйіндер жататын біріншілік желінің түріне байланысты оларды магистралдық, ішкі аймақтық, жергілікті немесе корпоративтік, ведомстволық (мекемелік) желілер. БЖ негізінде әртүрлі екіншілік желілерді (ЕЖ) құрады және қалыптастырады.

Телекоммуникация, телеқатысым (латынша тele – қатынасу, байланысу, грекше – қашық және ағылшаруашылығы communіcatіon – байланыс) – ғылым мен техниканың халықты ақпараттық қызметтің барлық түрімен қамтамасыз ететін саласы; қашықтықтан ақпарат алмасуды жүзеге асыратын технологиялар жиынтығы. Телекоммуникация саласы Қазақстанға 20 ғасырдың 90-жылдарынан ене бастады. Телекоммуникация электрбайланыс және компьютердің көмегімен ақпараттың барлық түрлерін (дыбыс, дерек, қозғалмалы және қозғалмайтын бейне, мультимедиа) талшықты оптикалық байланыс кабелі, радио, Жердің жасанды серігі, т.б. байланыс түрлері арқылы таратады. Электр сигналдарын таратып-қабылдауды телекоммуникация жүйесі атқарады. Бұл жүйе ақпаратты пайдаланушыларға дыбыс немесе бейне-көрініс түрінде тарататын жабдықтар жиынтығынан тұрады. Телекоммуникация жүйелері жиынтығының аумақтық орналасу принципіне, жұмыс істеуі мен бір-біріне тәуелділігіне қарай біріктірілуін телекоммуникация желісі деп атайды. Барлық мемлекеттегі құрастырылатын, өндірілетін және пайдаланылатын телекоммуникация жабдықтарының параметрлерін үйлестіру және телекоммуникация саласының даму сатысын анықтау мәселесімен Халықаралық Электрбайланыс Одағы айналысады.  Телекоммуникацияжелісіне  радио, теледидар, телефон желілері және компьютерлік желі жатады. Радио және теледидар желілері тұтынушыларға ақпаратты бір жақты, кеңінен (желіден абоненттерге) тарату қызметін атқарады.

I.ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ

1.1.ЖҚТЖ құрылу принциптері.

Негізгі түсініктемелер мен анықтамалар.

Электробайланыс құралдарының негізінде құрылған байланыс желілері телекоммуникациялық желілер деп аталады. Хабарларды беру мен оларды тарату үшін, тарату жүйелері мен хабарларды тарату жүзеге асырылу керек. (СПРС), яғни, кең мағынадағы байланыс жүйесі, ал оларды электробайланыс желілері деп атайды.

ЖҚТЖ иерархиялық деңгейлері.

Кез-келген ірі желіде иерархиялық деңгейді бөлектеу туралы шешім қабылданған. Бұл процесті негізгі белгі бойынша топтастыру деп қарастыруға болады. Көптеген жаңа кәсіпорындар мекемелік АТС (МАТС-УАТС), локальді есептеуші желілерді (ЛЕЖ-ЛВС) және бизнес процестерді қолдайтын телекоммуникациялық жүйелерді пайдаланады. Иерархиялық деңгей – қол жеткізу желісі. Оның мақсаты болып тұтынушы жабдығы мен базалық желі арасындағы байланысты ұйымдастыру табылады.

Жергілікті телефон желілері. Қалалық телефон желілері (ҚТЖ).

XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында барлық ҚТЖ бір ғана телефон станциясын орнату арқылы құрылған. Желілер қаратының көбеюі екінші, үшінші және тағы да басқа телефон станцияларын орнату қажеттілігіне әкеліп соқты. Бірақ сонда да, кішкене қалаларда көбінесе бір ғана АТС жұмыс істейді.

3- сурет. Қолданыстағы аудандандырылмаған қалалық телефон желісі

Бұндай желілер аудандандырылмаған желілер деп аталады. Декадты-адымды және координатты АТС қолдану кезінде, егер қызмет көрсетілетін абоненттердің максималды саны 8000 нөмірден аспаса, ҚТЖ-нің осындай құрылу әдісі тиімді болып табылады. Цифрлы коммутациялық станцияларды пайдалану үнемді ондаған мың нөмірлі аудандандырылмаған ҚТЖ салуға мүмкіндік береді. Осындай жағдайда ҚТЖ құрамында бөлек шағарылатын АТС модульдері – концентраторлар қолданылады.

Қазіргі АТС – бұл цифрлық сигналдармен жұмыс істейтін бағдарламалы басқарылатын жалғаушы жүйе болып табылады. Бұл абоненттік жолынан АТС-ға аналогты сигналды енгізген кезде, цифрлық түрге түрленеді және осы түрде басқа абоненттік желісіне түскен кезде қайтадан аналогты түрге айналып, телефон желісі бойынша әрі қарай таратылады. АТС абоненттерінің саны оның сыртқы арналар санына қатынасын (концентрация) коэффициенті деп атаймыз. Осы коэффициенттің қалыпты мәнін 8:1-10:1 реітінің шамасы деп есептеледі (коэффициент, егер АТС барлық абоненттер қосылуды сұраса, онда олардың ішінде 12,5 пайызды ғана сұранымын қанағаттандыра алады, бірақ бірмерзімді АТС 10000 ішіндегі 1 250 абоненттерін өсіру ықтималдығы бір абонентті жүктеудің статистикалық орта қарқымдылығы шамалы, сондықтан жоғарыда келтірілген шоғырлану коэффициенттері толығымен орындалуын білдіреді).