Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Касиби билет .docx
Скачиваний:
44
Добавлен:
08.04.2015
Размер:
130.88 Кб
Скачать

ҚазККА

«Тілдер » кафедрасы

Емтихан билеті № 1

Пән: Кәсіби қазақ тілі

Бекітемін:

кафедра меңгерушісі

Жардамалиева Ж.Б.

________________________

«_31_»_10_ 2013ж

Хаттама № ____2___

Блок 1. Мәтін бойынша тесттерге жауап беріңіз.

1. 2009 Жыл «Қазақстан темір жолына» не берді?

А) Магистратура ашылды

Ә) Әкімшілік ғимарат ашылды

Б) Түркістан вокзалы қайта салынды

В) Транзиттік жолдар ашылды.

Г) Институт ашылды

2.2009 жылы қосылған маңызды екі инфрақұрылымдық серпінді жоба ...?.

А)Алматы- Талдықорған

Ә)Орал-Саратов

Б)Батыс Қазақстан - батыс Европа

В) Қорғас-Шонжа

Г) Түркіменстан шекарасы – “Жетіген” темір жол учаскесі.

3.Басқару орталығының міндеті не?

А) Көрші мемлекеттердің көлік жүйелері және темір жолдарымен арадағы өзара ықпалдастықтарды реттеп отыру, темір жолдың инфрақұрылымдарын техникалық тұрғыдан жарамды деңгейлерде ұстап тұру;

Ә) завод салу

Б) адамдардың жұмысына бақылау жасау

В) көрші мемлекеттермен қарым-қатынас орнату

Г) Қызметкерлердің жалақысын бағалау

4. Локомотивтерді құрастыруға арналған жаңа заводтың іргетасы қашан қаланды?

А)2009 жылы

Ә)2010 жылы

Б)2011 жылы

В) 2007 жылы

Г) 2006 жылы

5. Темір жолдың артықшылықтары?

А) транзиттілігінде

Ә) көп салалы болғандығында

Б) шекараға жақын болғандығында

В) маневрлі болғандығында

Г) вагондарының аз болғандығында

6. Мақсат бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.

1.Институтқа ерте жету үшін, біз тез жүрдік.

2.Күн жарқырап тұрғанымен, қатты аяз.

3.Олар су ішіп, шөлдерін қандырды.

4.Марат келмей, жұмыс бітпеді.

5.Бұлт болса да, жаңбыр жауған жоқ.

7. Мезгіл сабақтас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.

1.Ол кеткелі, біз оны көргеніміз жоқ.

2.Жұрт сүйсінетіндей етіп, ол ән салды.

3.Ол қалаға келгенімен, жұмысын бітіре алмады.

4.Студенттер түгел келмегендіктен, сабақ басталмады.

5.Жаз шықса, жер көктейді.

5.Шілде айында жаңбыр жиі жауады.

8. Талғаулы салалас сөйлемді көрсетіңіз

1. Қалаға не мен барамын, не сен барасың.

2. Таң атты да, мен ояндым.

3. Тыңда дала – Жамбылды!

4. Күн жылынып, қар еріді.

5. Алтын көрсе, періште жолдан таяр.

9.Қимыл-сын бағыныңқылы сөйлемді көрсетіңіз.

1.Күн жылынып, қар еріді.

2.Ол еңбекқор еді.

3.Жұмысқа барсаң, маған телефон соқ.

4.Көзден кетсе де, көңілден кетпейді.

5.Оқы, оқы және оқы.

10.Ғылыми стиль саласына жататын сөз тіркесін көрсетіңіз.

1. темір жол желісі.

2.қарулы қақтығыс.

3.қызметкердің қолы.

4. асты-үстіне түсті.

5.ой, пәлі!

Блок 2.Көп нүктенiң орнына тиiстi сөз бен сөз тiркестерiн қойып жазыңыз.

Автомобиль көлiгiнiң жүк тасымалдауда маңызы зор. Сондықтан да көптеген аймақтарда жүк тасымалы автомобиль көлiгi арқылы атқарылады. Автомобиль көлiгiнiң жұмысы тас жолдардың сапасына көп байланысты. Автомобиль көлiгi республикамыздағы халық шаруашылығын өркендетуде негiзгi көлiктiң бiрi болып табылады. Ежелгі заманнан келе жатқан көлікке негізінен түйе,Жылқы,құлан,есек,сиыр,бұғы т.б.жатады. Мініс малы көне замандардан бері шөл далалы,орманды,батпақты,таулы-қыратты жерлерде негізгі көлікке айналды. Жылқы да көшпенді халықтың тұрмыс-салтына аса қолайлы көлік болды. Ғылыми техникалық жетістіктерге орай көлік малын бірте-бірте автомобиль,ұшақ ығыстыра бастады.

Блок 3. «Бағдаршам» туралы айтып беріңіз.

Бағдаршам – жарықпен белгі беру арқылы көшедегі автомобиль жолы мен темір жолдағы қозғалысты реттеуге арналған құрылғы. Ол белгі беру тәсілдеріне қарай: түрлі түсті бағдаршам (жарығы жасыл, сары және қызыл түсті, ал темір жолда бұларға қосымша көгілдір және ақ жарық), позициялық бағдаршам ( бір түсті жарық) және құрама бағдаршам болып ажыратылады. Алғашқы бағдаршам типтес құрылғы 1868 жылы Лондон көшелерінде, үш түсті электрлік бағдаршам 1918 жылы Нью-Иоркте, 1930 жылы Мәскеуде орнатылған. Темір жолда 20 ғасырдың басынан бері бастап қолданылды. Бағдаршам іске автоматты түрде не қолмен қосылады.

ҚазККА

«Тілдер » кафедрасы

Емтихан билеті № 2

Пән: Кәсіби қазақ тілі

Бекітемін:

кафедра меңгерушісі

Жардамалиева Ж.Б.

________________________

«_31_»_10_ 2013ж

Хаттама № ____2___

Блок 1. Мәтін бойынша тесттерге жауап беріңіз.