Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

dana

.docx
Скачиваний:
30
Добавлен:
08.04.2015
Размер:
54.52 Кб
Скачать

Кіріспе

Берілген өндірістік практикада электрмен жабдықтау дистанциясын басқару құрылымы түйіспелі тораптың ұстап тұрушы және тіректік конструкциясының жұмыстық жағдайы толығымен қарастырылады.

Электрмен жабдықтау дистанциясы электрлендірілген темір жолдарындағы тартылым қосалқы станцияларын және түйіспелі торапты, кейбір электр станциялары мен төмендеткіш трансформаторлық станцияларды, сонымен қатар БОБ құрылғыларын қоректендіру үшін арналған сыртқы электр тораптарын, бойлық электрмен жабдықтау желілерін, сыртқы жарықтандыру үшін (шамдарды және прожекторлық жарықтандыруды қоса есептегенде) электр тораптарын техникалық және шаруашылық қызмет көрсетеді.

Электрмен жабдықтау дистанциясын ұйымдастыру-экономикалық және техникалық басқару жүйелерінен тұратын күрделі жүйеге жатқызуға болады. Соңғы уақытта бұл жүйені интегралданған деп атайды. Бұндай жүйенің күрделілігі бір мезгілде ұйымдастырушылық жүйені басқару функциясын да, технологиялық үрдісті де басқару функциясын бір мезгілде орындайтындығымен ерекшеленеді. Ол негізгі және айналымдық құрал болып табылады; өндірістік-шаруашылық жұмысын шаруашылық есептің негізінде бекітілген жоспарға сәйкесті ұйымдастырады; өзінің аяқталған есеп-қисабы болады. Қаржылық және шаруашылық жұмыс бойынша электрмен жабдықтау дистанциясы жол бөлімшелеріне бағынады.

1 Электрмен жабдықтау дистанциясын басқару құрылымы

Электрмен жабдықтау дистанциясы электрлендірілген темір жолдарындағы тартылым қосалқы станцияларын және түйіспелі торапты, кейбір электр станциялары мен төмендеткіш трансформаторлық станцияларды, сонымен қатар БОБ құрылғыларын қоректендіру үшін арналған сыртқы электр тораптарын, бойлық электрмен жабдықтау желілерін, сыртқы жарықтандыру үшін (шамдарды және прожекторлық жарықтандыруды қоса есептегенде) электр тораптарын техникалық және шаруашылық қызмет көрсетеді.

Электрмен жабдықтау дистанциясын ұйымдастыру-экономикалық және техникалық басқару жүйелерінен тұратын күрделі жүйеге жатқызуға болады. Соңғы уақытта бұл жүйені интегралданған деп атайды. Бұндай жүйенің күрделілігі бір мезгілде ұйымдастырушылық жүйені басқару функциясын да, технологиялық үрдісті де басқару функциясын бір мезгілде орындайтындығымен ерекшеленеді. Ол негізгі және айналымдық құрал болып табылады; өндірістік-шаруашылық жұмысын шаруашылық есептің негізінде бекітілген жоспарға сәйкесті ұйымдастырады; өзінің аяқталған есеп-қисабы болады. Қаржылық және шаруашылық жұмыс бойынша электрмен жабдықтау дистанциясы жол бөлімшелеріне бағынады.

Барлық электрмен жабдықтау дистанциясы жол бөлімшелерінің шекарасында орналастырылады. Электрлендірілген телімдердің орташа эксплуатациялық (пайдалану) ұзындығы бір ЭБ (электрлік бөлік) шектікте -250 км, алайда электрмен жабдықтау дистанциясының кеңеюіне (үлкеюіне) байланысты одан да көп болуы мүмкін. Электрмен жабдықтау құрылғыларын дұрыс пайдалану үшін ЭБ-те негізгі, қосымша және желілік бөлімшелер құрылған. Негізгі бөлімшеге Тартылым қосалқы станциясы (ЭЧЭ), түйіспелі торап аймақтары (ЭЧК), энергодиспечерлік топ (ЭЧЦ); ал қосымшаға - жөндеу-ревизиялық бөлім (РРУ), механикалық шеберханалар (ЭЧМ), қойма шаруашылығы жатады.

Электрмен жабдықтау дистанциясының негізгі технологиялық үрдісі сыртқы электрмен жабдықтау жүйесінен алынған электр энергиясын өңдеп тасымалдау үрдісіне қатысатын тұтынушыларға таратумен қорытындыланады. Электрмен жабдықтау құрылғыларының функциялану сенімділігі техникалық қызмет көрсетуді және жоспарлық-ескертулік жөндеулерді жүргізумен қамтамасыз етіледі. Бұл үрдіс энергодиспетчермен жүзеге асырылатын шұғыл басқару кезінде сәйкесті құрылғыларға қызмет көрсететін персоналмен орындалады.

Электрмен жабдықтау дистанциясының жалпы функциялануы мен жоғарыда келтірілген үрдістердің өзара үйлесімділігі дистанцияның барлық жұмысына қойылатын техникалық және экономикалық талаптарға сәйкес келетін әкімшілік басқарумен жүзеге асырылады.

Әкімшілік басқару ақпаратты қабылдаумен, сақтаумен және берумен, сонымен қатар келіп түскен және сақталған ақпараттың негізінде шешім қабылдаумен қорытындыланады.

Осы себепті электрмен жабдықтау дистанциясының функциялануы төрт негізгі үрдістерге байланысты болуы мүмкін: электрмен жабдықтау, жоспарлық-ескертулік жөндеулер, шұғыл (оперативті) және әкімшілік басқару. Бұлардың алғашқы екеуі технологиялық үрдістерге, ал соңғы екеуі - ақпараттыққа жатады.

1.1 суретте электрмен жабдықтау дистанциясын басқару құрылымы жалпылама түрде келтірілген. Әр түрлі электрмен жабдықтау дистанцияларын басқару құрылымын талдау кезінде олардың бір бірінен аз ғана айырмашылығының бар екендігін көрсетті., яғни олардың спецификасы жағынан, алып жатқан көлемі жағынан және жұмысшылардың саны жағынан сәл ғана айырмашылы болады. Алайда әрбір электрлік бөліктерде ЭБ басқару звеньяларының арасында жауапкершіліктерді және функцияларды бөлу жағынан едәуір айырмашылық бар және бұл әр түрлі факторларға байланысты болады. Сондықтан да 1.1 суретте келтірілген құрылымда басқару функциясының мүмкін болатын варианттар келтірілген деп айтуға болады.

Дистанциямен басқару құрылымы көп сатылы болады, яғни төрт басқару сатысынан және бір бағыну сатысынан тұрады. Басқару сатысынан тысқары (басқарудың ішіне кірмейтін) бөлімшеге машина-есептік станциялардың қарамағына кіретін есептік-бақылау тобы жатады. Бұл топ айлық жалақыны есептеу және жалақы тарату жұмыстарымен айналысады.

ЭБ бастығы бекітілген қаржылық және өндірістік тапсырмаларды орындауға, сонымен қатар жол қатынасының Министрлігі және темір жол басқармасы бекіткен заңдар мен нұсқаулардың орындалуын қадағалап отыруға міндетті.

Электрмен жабдықтау дистанциясының бастығына екі орынбасар, бас инженер және энергодиспетчерлік топ, сонымен қатар бухгалтердің жұмысын қатар атқаратын экономист, және кадр бойынша инспектор тікелей бағынады.

Орынбасардың әрқайсысы әдетте, біртекті бөлімшелерді басқарады және электрмен жабдықтау құрылғыларын пайдалануды ұйымдастыруды жабдықтайды. Оларға сәйкесті бөлімшелердің бастықтары, яғни түйіспелі торап аймақтарының бөлімшелері, тартылым қосалқы станциялары, электрмен жабдықтау бөлімшелері, жөндеу-ревизиялық бөлімдер, көлік шаруашылығы мен шеберханалық бөлімдер, сонымен қатар ЭБ техникалық басқаруды жабдықтайтын техникалық бөлімнің инженерлері бағынады.

Бас инженер күрделі жөндеу жұмыстарымен және құрылыстармен айналысады, сонымен қатар ЭБ барлық бөлімшелерінде жұмыстың техникалық қауіпсіздігіне жауап береді, Бас инженерге еңбекті қорғау инженері мен техникалық бөлімнің аға инженері бағынады.

Аға энергодиспетчер басқаратын энергодиспетчерлік топ (ЭЧЦС) электрмен жабдықтаудың технологиялық үрдістерін және жоспарлы-ескерту өндірісін оперативті басқаруды жүзеге асырады. Оған ЭЧК, ЭЧЭ, ЭЧС, РРУ барлық бөлімшелерінің басшылары оперативті бағынады (1.2-сурет). Энергодиспетчерлік топ жол бөлімшелерінде орналасқан энергодиспетчерлік пунктте орналасады.

Аға инженер бас инженерге бағынады және бөлімше инженерлерін басқарады, бұл жағдайда энергиямен жабдықтау бөімшелерінің барлығында күрделі жөндеуді ұйымдастыруды және құрылысты басқарады. Техникалық бөлімнің инженерлеріне біртекті бөлімшелерді бекітеді, сонымен қатар олар мақсаттық функцияларды да орындауы мүмкін. Техникалық бөлім құрамына электрмен жабдықтау инженерлері, тартылым қосалқы станциялары бойынша, түйіспелі тораптар бойынша, автоблоктау мен бойлық электрмен жабдықтау, энергонадзор бойынша инжерелер кіреді. Техникалық бөлімнің әрбір инженері тікелей аға инженерге және электрмен жабдықтау дистанциясының орынбасарына бағынады.

Еңбекті қорғау бойынша инженерге еңбекті қорғау мәселелері бойынша барлық бөлімшелердің жетекшілері мен олардың персоналдары бағынады.

Бөлімшелердің бастықтары өз бөлішелеріндегі персоналдарға әкімшілік-техникалық жетекшілік етеді және оларға бекітілген электрмен жабдықтау құрылғыларының дұрыс (бұзылмай) жұмыс істеуіне жауап береді, сонымен қатар қауіпсіз жұмыс өндірісін жабдықтауға міндетті. Сәйкесті бөлімшелердің құрамына кіретін оперативті және жөндеу бойынша персоналы өздеріне бекітілген құрылғыларға қызмет көрсету жұмыстарын атқаруға тікелей қатысады.

Жалпы электрмен жабдықтау дистанциясы басқару құрылымы жетекшісі өзіне бағынатын барлық бөлімшелердің жұмысына тікелей жауап беретін бірегей принципті сызықтық өндіріске жатады. Мұндай құрылымда координацияланбаған тапсырмаларды қарастырмайды және басқарудың әр түрлі жүйелерінің өзара әсерлесуін жеңілдетеді. Алайда бұл жағдайда басқару тиімділігі жүйенің өсуімен және шешілетін мәселелердің күрделілігіне байланысты төмендейді, бөлімшелердің бастықтары эксплуатация бойынша сәйкесті орынбасарларға және сонымен қатар техникалық бөлімдердің инженерлеріне бағынады, ал ірі күрделі жөндеулердің кезінде бас инженерге де бағынышты болады. Бөлімшелердің бастықтары энергодиспетчерлік топқа оперативті қармағында болады. Бұндай күрделі бағыну координацияланбаған тапсырмаларды алуға, кейбір жағдайда қайшы тапсырмаларды орындауға әкеліп соқтырады.

1.1 сурет Электрмен жабдықтау дистанциясын басқарудың құрылымдық сұлбасы

Электрмен жабдықтау дистанциясын жұмыстың көлемі бойынша тартылым қосалқы станцияларында жұмсалған электр энергияның бір жылдық мөлшерінен және олардың энергетикалық шаруашылықтағы көлемінен (шартты бірлікте) тәуелді болатын топтарға бөледі.

Әрбір электрмен жабдықтау дистанциясы негізгі қорлармен (фондылармен) - өзінің натуралды формасын өзгертпестен көптеген өндіріс үрдістеріне қатысатын еңбек құралдарымен бөліктенген. Олар негізгі өндірістік қорларға бөлінеді. Негізгі өндірістік қорлар - бұл өндірістік үрдістерге тікелей қатысатын еңбек құралы немесе оның жүзеге асырылуын болжамдайтын еңбек құралы, шаруашылық құрамына кіретін, бірақ өндірістік үрдіске тікелей қатысы болмайтын өндірістік емес (тұрғын үйлер, бала бақшалар және тағы басқа) еңбек құралдары.

Тозуға байланысты негізгі қорлар күрделі жөндеулерді және қалпына қайта келтіруді талап етеді. Олар амортизациялық шығындар арқылы жүзеге асырылады, амортизациялық шығындардың мөлшері негізгі қорлардың құнынан, олардың қызмет теу мерзімінен, бір күрделі жөндеудің бағасынан және қызмет ету мерзімі ішінде қанша жөндеу талап етілетінен тәуелді болады. Амортизациялық шығындардың бір жартысы негізгі қорларды қайта қалпына келтіруге кетсе, ал екінші жартылары күрделі жөндеуге және жаңарту үшін қаржыландыруға кетеді, өйткені негізгі қорлар физикалық тозуымен қатар, олар моралды түрде де тозады. Физикалық тозу (ескіру) - бұл негізгі қорлардың технико-экономикалық қасиеттерінің жоғалуы, ал моралды ескіру үнемді және өндірісі жоғары машиналардың немесе құрылғылардың пайда болғанда болуы мүмкін.

Негізгі құралдарды ауыстыруге және күшейтуге жұмсалатын капиталдық салымдар орталықтандырылған немесе жолдарда құрылған өндірістік даму қорларынан бөлінеді. Мұндай салымдар темір жол тораптарында көптеп талап етіледі, себебі, мысалы, Ресей темір жолының тек түйіспелі торабының өзінде 5000 аса екі таврлы бағандар және 40 жыл қызмет еткен 65000 аса істен шығудың аз алдындағы бағандар қолданымда болған.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]