Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Философия / Уч. пособие по фил Куленов.doc
Скачиваний:
57
Добавлен:
27.04.2015
Размер:
315.39 Кб
Скачать

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

Б.Ә.Күленов

Г.М.Қаппасова

Хіх - хх ғасырлардағы классикалық емес еуропа философиясы

оқу құралы

барлық мамандықтын студенттеріне арналған

Павлодар

УДК 101.1.(075.8)

ББК 87я73

К93

С. Торайғыров атындағы пму ғылыми кенесінде мақұлданды

Рецензенттер:

К.Ф.Загупаров – философия ғылымының кандидаты, ПМПИ профессоры.

А.А.Ақышев – философия ғылымының кандидаты, профессор, «Тарих және құқық» факультеттің деканы.

Г.Ғ.Ахметова – философия ғылымының кандидаты, доцент, «Философия, әлеуметтану және саясаттану» кафедраның меңгерушісі.

К93 Күленов Б.Ә.

Қаппасова Г.М.

ХІХ - ХХ ғасырлардағы классикалық емес еуропа философиясы: оқу құралы. – Павлодар, 2007. – 34 б.

Ұсынылған оқу құралында ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдағы Батыс философиясының негізгі ағымдары қамтылған. Осы дәуір философиялық мәдениетті байытқан тамаша ойшылдарды шығарды. Студент қауым және колледж оқушылары осы оқу құралы арқылы, олармен кеңінен таныса алады.

Жоғары оқу орындары мен колледждерінің студенттеріне арналған.

УДК 101.1.(075.8)

ББК 87я73

© Күленов Б.Ә., Қаппасова Г.М., 2007

© С. Торайғыров атындағы Павлодар

мемлекеттік университеті, 2007

Кіріспе

Классикалық философияның әртүрлігіне қарамастан, мақсаттары және философияның міндеттері жағынан ортақ мәселелері көп болды. Қазіргі философияда классикалық философиямен ұқсастығынан гөрі, айырмашылығы басым. ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында көптеген философиялық ұғымдар «нео» жалғауымен шыға бастады. Олар, біржағынан алғашқы философиялық жүйелермен генетикалық туыстығын сақтаса, екінші жағынан керісінше классикалық философиядан айырмашылығын баса көрсетеді. Тегі, барлық мәселелерді қамтитын философиялық жүйелердің уақыты өткен сияқты.

Өткен ғасырларда адамзаттың философиялық тәжірибесі ұлғайды. Қазіргі философиялық сана позитивизмнің, экзистенциализмнің, марксизмнің, герменевтиканың, неотомизмнің және т.б. философиялық ілімдердің пікір таласынан, сұхбаттасуынан құралған.

Сондықтанда, философиялық бағыттарды мазұнының ұқсастығына байланысты бір принципке біріктіру оңай емес. Тіпті, ондай классификация жоқ.

ХІХ - ХХІ ғасыр аралығында философияның классикалық схемасының бүгінгі күні жұмыс істемеуі заңды нәрсе, өйткені, адамзат алдында «табиғат-адам-қоғам» жүйесінде шешімін таппай тұрған мәселелерге әрқилы жауап іздеуге болады. Сондықтан, құбылыстарды, оқиғаларды монистік тұрғыдан түсіндірудің философиялық плюрализммен алмасуы тиімді болар.

Осыны басшылыққа ала отырып 20 ғасырда өздерін белсенді танытқан философиялық ойдың алты бағытын қарастырайық:

Сциентистік бағыттағы философиялық мектептер.

Іс-әрекеттік бағыттағы философиялық мектептер.

Антропологиялық бағыттағы философиялық мектептер.

Діни (теологиялық) бағыттағы философиялық мектептер.

Әлеуметтік сыни бағыт.

Герменевтика және «постструктуралистік-постмодернистік кешен».