Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Социология_типовая 1 курсс

.doc
Скачиваний:
13
Добавлен:
02.05.2015
Размер:
570.37 Кб
Скачать

0101.Контентті талдау дегеніміз –

A) ашық түрде жүргізілетін ғылыми бақылау

B) жабық түрде жүргізілетін ғылыми бақылау

C) жүргізілген сауалдаманы талдау

D) ақпарат құралдарынан жүйелі түрде әлеуметтік фактілерді жинақтап талдау

E) сұхбат мәліметтерін талдау

0102.Сауалдаманың қандай түрлері бар?

A) жабық және ашық

B) сұхбат және анкета

C) ресми және ресми емес

D) сұхбат

E) анкета

0103.Әлеуметтік фактілер жинақтаудың негізгі әдістеріне қайсы жатпайды?

A) әлеуметтік эксперимент (тәжірибелеу)

B) ауыспалы факторларды зерттеу

C) ресми статистикамен жұмыс

D) контентті талдаулар

E) зерттеу методологиясын анықтау

0104.Бір әлеуметтік сапаның екінші бір сапаға ауысуының себебі мен салдарларын қатар көрсететін қоғамдық факторларды зерттеу –

A) ауыспалы факторларды зерттеу

B) контентті талдау

C) әлеуметтік тәжірибелеу

D) әлеуметтік бақылау

E) әлеуметтік институт

0105.«Әлеуметтік институт» айқындамасын табыңыз

A) Қоғамдық байланыстардың стандартталған, заңдастырылған, жүйеленген құрылымы

B) әлеуметтік қатынастарды реттеуші әлеуметтік нормалар мен стандарттардың жиынтығы

C) қоғамдық байланыстарды зерттеудің әдіс-тәсілдерін анықтайтын методология

D) білім мекемесі

E) әлеуметтік тәжірибелеу

0106.Қоғамдағы әлеуметтік институттарды атқаратын қызметтеріне қарай қандай топтарға бөлуге болады?

A) әлеуметтендіруші және экономикалық институттар

B) әлеуметтік бақылау және әлеуметтендіруші институттар

C) әлеуметтендіруші, экономикалық, әлеуметтік бақылау, саяси институттар

D) әлеуметтік зерттеу, саяси, мәдени және әлеуметтік бақылау институттары

E) саяси және экономикалық институттар

0107.Экономикалық институтқа жататын субъектілерді атаңыз

A) бала бақша, мектеп

B) экономикалық колледждер мен жоғарғы оқу орындары

C) үкімет және саяси партиялар

D) банктер және өндіріс орындары

E) құқық қорғау органдары

0108.Әлеуметтендіруші институттардың әлеуметтік қызметі –

A) қоғамдық материалдық байлықты жасау

B) қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету

C) қоғамның өркениет жолымен басқарылуын, дамуын қамтамасыз ету

D) әлеуметтің әлеуметтік мәдениетін қалыптастыру, дамыту, тәрбиелеу

E) аталғандардың барлығын жүзеге асырады

0109.Әлеуметтану тұрғысынан «қоғам» деп нені айтуға болады?

A) бір мемлекет шеңберіндегі экономикалық, әлеуметтік және саяси салалардың біртұтас жиынтығы

B) дүние жүзілік капитализм жүйесін

C) көршілес отырған мемлекеттердің әлеуметтік-мәдени, саяси-экономикалық қатынастарын реттеу мақсатында құрылған бірлестіктері

D) қоғамдағы адамдардың кездейсоқ, жүйесіз, ретсіз жиынтығын

E) Біріккен Ұлттар Ұйымын (БҰҰ)

0110.Адамдардың ортақ қасиеттері мен қабілеттерін сипаттау үшін қандай ұғым қолданылады?

A) тұлға

B) адам

C) жеке адам

D) адамдық қасиеттердің бәрін нақты алып жүруші

E) нақты адам

0111.Әлеуметтік құбылыстың әрқайсысы жеткілікті түрде эмпирикалық негізделген екі сипаттамасы арасындағы қайшылық қалай аталады?

A) әлеуметтік қайшылық

B) әлеуметтік патология

C) әлеуметтік революция

D) әлеуметтік антиномия

E) әлеуметтік аномия

0201. Экономикалық институттардың әлеуметтік қызметін анықтаңыз

A) қоғамдық саясатқа қызмет ету

B) қоғамдық байлықты өндіру, өңдеу, бөлу, әлеуметпен үйлестіру

C) елдің ішкі және сыртқы қуаттылығын нығайту

D) қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету

E) әлеуметтің әлеуметтік мәдениетін қалыптастырып, дамыту, тәрбиелеу

0202. Қоғамның саяси ұйымының әлеуметтік қызметін анықтаңыз

A) таптар мен әлеуметтік топтардың мүдделерін қорғау

B) қоғамның стратегиясын айқындап, соған сай дамуын қамтамасыз ету

C) өзінің негізгі элементтерінің арақатынасын реттеу

D) қоғамдық байлықты өндіру, өңдеу, бөлу, әлеуметпен үйлестіру

E) қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету

0203. Әлеуметтендіруші институттар функцияларын анықтаңыз

A) тәрбиелеу, әлеуметтік бақылау

B) әлеуметтік тәжірибені (білім мен мәдениетті) жас ұрпаққа жеткізіп беру арқылы оның тұлғалық дамуын қамтамасыз ету

C) әлеуметтің біртұтастығын және қабілеттілігін сақтап тұру

D) қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету

E) өзінің негізгі элементтерінің арақатынасын реттеу

0204. Құқықтық-санкциялық мекемелердің әлеуметтік қызметін анықтаңыз

A) әлеуметтік тәжірибені (білім мен мәдениетті) жас ұрпаққа жеткізіп беру арқылы оның тұлғалық дамуын қамтамасыз ету

B) тәрбиелеу, әлеуметтік бақылау

C) қоғам мен адамдардың қауіпсіздігін қорғау

D) елдің ішкі жєне сыртқы қуаттылығын нығайту

E) қоғамдық саясатқа қызмет ету

0205. Әлеуметтік институттың дисфункциядан шығу жолдарын көрсетіңіз

A) оның қызметін реформалау

B) жұмысын тоқтату

C) кадрлар сапасы мен біліктілігін жетілдіру

D) қызметін реформалау немесе тоқтату

E) ұйым қызметіне талдау жүргізу

0206.«Әлеуметтік стратификация» дегеніміз -

A) адамдардың белгілі бір жиынтығының (халықтың) таптарға жіктелуі

B) қоғамдық байланыстарды зерттеу

C) миграциялық процестерді зерттеу

D) қоғамдық байланыстарды стандарттау, реттеу, заңдастыру

E) ұлтаралық үйлесімділікті сақтау

0207. Қазақстан қоғамының стратификациялық құрылымын зерттеген ғалымдарды атаңыз

A) Д.Бейсембаев пен М.Аженов

B) Э.Дюркгейм, Ле Бланш

C) К.Ғабдуллина, М.Садырова

D) П.Сорокин, М.Аженов

E) К.Биекенов, Н.Аитов

0208. Э.Гидденс негізгі үш (жоғарғы, орта, төменгі) тап, сонымен қатар төртінші таптың да бар екенін айтады. Төртінші тап ретінде ол кімдерді қарастырды?

A) ауыл шаруашылығымен шұғылданушы фермерлерді

B) көлемді меншік иелерін

C) саяси басшыларды

D) үйсіз-күйсіз адамдарды, көше жезөкшелерін және ұсақ қылмыскерлерді

E) қоғамдағы жоғары білікті жұмысшыларды

0209. Әлеуметтану тұрғысынан зерттеу тұлғаның қай қасиетіне ерекше назар аударады?

A) темпераментіне

B) мінезіне

C) әлеуметтік іс-әрекетіне

D) жүріс-тұрысына

E) физиологиялық дамуына

0210. Тұлғаның дүниетанымы, әлеуметтік құндылықтары нені айқындауға мүмкіндік береді?

A) өз сезімін

B) өмірлік бағытын

C) өзіндік талдауын

D) өзін-өзі реттеуін

E) өзін-өзі бақылауын

0211. Әлеуметтік қатынастарға бейімделудің пассив формасы -

A) әлеуметтік адаптация

B) әлеуметтік реабилитация

C) аккомодация

D) аккультурация

E) ассимиляция

0301. Аталғандардың қайсысы орта тапты қалыптастырушы негізгі факторларға жатпайды?

A) экономиканың дамуы

B) нормативтік-құқықтық база

C) бағалық саясат

D) ғылым мен техниканың дамуы

E) ұлттық ерекшеліктер

0302. Халықты «орналастыру» мәселесіне байланысты өзінің ғылыми еңбегін жазып жарыққа шығарған қазақстандық социолог кім?

A) Кеңес Биекенов

B) Қанапия Ғабдуллина

C) Нариман Аитов

D) Матипулла Аженов

E) Мансия Садырова

0303. Ауылдық елді мекендерінің көптігі жағынан алдыңғы қатардағы облыстар қайсы?

A) Оңтүстік Қазақстан, Алматы және Шығыс Қазақстан

B) Қостанай , Ақмола, Қарағанды

C) Атырау, Манғыстау, Павлодар

D) Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Батыс Қазақстан

E) Атырау, Қостанай, Шығыс Қазақстан

0304. Ауылды индустриялық-инновациялық дамытуда шешуші роль атқара алатын мамандық қайсысы?

A) агроном

B) дәрігер

C) инженер

D) фермер

E) мұғалім

0305. Неліктен әлеуметтік-территориялық тұрғыдан зерттеу - аймақтық социологияның басты методологиялық негізі?

A) аймақтар дамуын адамдардың әлеуметтік мүддесіне бағындыру қажеттілігіне байланысты

B) аймақ дамуы географиялық жағдаймен байланыстылығынан

C) аймақ дамуы оны басқаратын адамдар қабілетімен байланысты

D) аймақтардың дамуының ерекшеліктеріне байланысты

E) аймақтық қоғамдастықты бағындыру үшін

0306. Отбасының әлеуметтік функциясына аталғандардың қайсысы жатпайды?

A) бала тәрбиелеу

B) жыныстық қатынастарды реттеу

C) адамзат өміртіршілігін жалғастыру

D) отбасы мүшелерінің тұрмыстық қажеттіліктерін қамтамасыз ету

E) материалдық байлықты жасау, бөлу

0307. «Баламалы отбасы» дегеніміз -

A) дәстүрлі (кеңейтілген, туыстық) отбасы

B) баласыз отбасы

C) бір балалы шағын отбасы

D) бір жынысты адамдардан құралған отбасы

E) толық емес (ата-анасының біреуі жоқ) отбасы

0308. «Әлеуметтік жетім» деп қандай балалар аталады?

A) әкесі жоқ балалар

B) шешесі жоқ балалар

C) ата-анасы дүние салған балалар

D) ата-анасы тірі бола тұра қараусыз қалған, тастанды балалар

E) асыранды балалар

0309. Қоғамның әлеуметтік құрылымы нені қарастырады?

A) әлеуметтік жүйені

B) әлеуметтік-таптық, ұлттық және демографиялық құрылымды

C) қоғамдық байланыстарды

D) әлеуметтік мәртебені

E) әлеуметтік тәжірибелеуді

0310. Маркстік теория бойынша әлеуметтік құрылымның өзегі -

A) таптар

B) қоғамдық жіктер

C) әлеуметтік жіктер

D) әлеуметтік топтар

E) әлеуметтік институттар

0311. Индивидтің немесе топтардың әлеуметтік ортаның белгілі бір материалдық жағдайларына, нормаларына, құндылықтарына белсенді түрде бейімделу процесі қалай аталады?

A) аккультурация

B) аккомодация

C) ассимиляция

D) әлеуметтік реабилитация

E) әлеуметтік адаптация

0401. Қазақстан қоғамындағы гендерлік саясаттың басты міндеті қандай?

A) әйелдердің әлеуметтік-саяси жағдайын жақсарту

B) ерлер мен әйелдер арасындағы өркениетті арақатынасты қоғамдық дәстүрге айландыру

C) ер адамдардың әлеуметтік беделін арттыру

D) әйел мен әйелдің некелесуін және олардың әлеуметтік мүдделерін қолдау

E) ер мен ердің некелесуін және олардың әлеуметтік мүдделерін қолдау

0402. Жас ұрпақтың тұлғалық қасиетін қалыптастыруда, көп жағдайда, қандай отбасының ролі жоғары?

A) Кеңейтілген (көпбалалы, көпұрпақты)

B) нуклеарлық (шағын отбасы)

C) толық емес отбасы

D) дәстүрлі емес отбасы

E) девианттық отбасы

0403. Аймақтық социология методологиясына қомақты үлес қосқан Қазақстан социологтарын атаңыз

A) М.Садырова, К.Биекенов

B) М.Тәжин, М.Тәжімбетов

C) Е.Григорьев, Т.Қалдыбаева

D) Н.Аитов, Қ.Ғабдуллина

E) Ш.Жаманбалаева, З.Шаукенова

0404. Аталғандардың қайсысы діни ұйымға жатпайды?

A) мешіт пен шіркеу

B) секталар

C) халықтар ассамблеясы

D) деноминация

E) культ

0405. Қоғаммен қалыпты арақатынас ұстауға тырысатын шіркеу (мешіт) мен секта аралығындағы діни құрылым (сенімдік ілім) қалай аталады?

A) шіркеу

B) деноминация

C) культ

D) секта

E) мешіт

0406. Сенушілерін қоғамды және адамды түбірлі өзгертуге итермелейтін, шектен тыс көзқарастық нанымға берілген, секталық ұйымдардың құрылымдық топтары қалай аталады?

A) секта

B) деноминация

C) культ

D) шіркеу

E) мешіт

0407. Қазіргі кезде Қазақстан қоғамында қызмет атқарып жатқан діни конфессиялардың саны қанша?

A)оннан астам

B) жиырмадан астам

C) отыздан астам

D) қырықтан астам

E) елуден астам

0408. Қоғамдағы діншілдер санының тез артуына қатысты емес факторды көрсетіңіз

A) ғарыштық ғылыми зерттеулер

B) экономикалық жєне єлеуметтік қиындықтар

C) ақпараттық насихат жұмыстарының жетілуі

D) кедейшілік

E) єлеуметтік-білімдік шектеулер

0409. Әлеуметтік мобильділік -

A) адамның немесе топтың әлеуметтік мәртебесін өзгертуі

B) Мамандықтың, кәсіптің өзгеруі

C) Биліктің өзгеруі

D) Қоғамның ашықтық деңгейінің өзгеруі

E) Адамдар мен топтардың діни сенімдерінің өзгеруі

0410. Қоғамның ең ірі әлеуметтік ұйымдарының бірі -

A) әлеуметтік топ

B) формальды емес топ

C) бюрократизм

D) тап

E) мемлекет

0411. «Полигамия» ұғымы қандай жағдайды анықтайды?

A) Көп әйел алушылықты

B) Көпкүйеулілікті

C) Бір жыныстылардың некелесуін

D) Көпнекелілікті

E) Көп балалылықты

0501. «ХХІ ғасырдағы халықтар қақтығыстарының себебі - діндер бәсекелестігі болуы мүмкін», - деп тұжырымдаған әлеуметтанушы кім?

  1. Аженов М.

  2. Сорокин П.

  3. Тощенко Ж.

  4. Гидденс Э.

  5. Григорьев Е.

0502. Әлемдік және дәстүрлі дін басыларының 2003 және 2006 жылғы съездері қай мемлекетте өтті?

  1. АҚШ-да

  2. Ұлыбританияда

  3. Қазақстанда

  4. Израильда

  5. Біріккен Араб Әмірліктерінде

0503. Әлемдік және дәстүрлі дін басыларының 2003 және 2006 жылғы съездері қандай мақсатта өткізілді?

  1. бүкіл әлемге ислам дінін насихаттау

  2. діннің саяси ролін күшейту

  3. әлемдік сахнада христиан дінінің ролін күшейту

  4. барлық діндерді ынтымаққа, өзара түсінікке шақыру

  5. халықтар мен территорияларды бөлісу

0504. Мұсылман фундаментализмі сияқты Батыстан тараушы жүйелі діни идеологияны қалай атайды?

  1. атеизм

  2. деизм

  3. интегризм

  4. көсемге табыну

  5. секуляризация

0505. «Секуляризация» деп нені айтады?

  1. адамдардың бір діннен екіншісіне өтуі

  2. адамдардың діни сенімнен іргесін аулақ салуы

  3. адамдардың діни ритуалдарды қатаң ұстануы

  4. дінге ғылыми сипат беру

  5. діни насихат жүргізу

0506. Қазақстан Республикасының зайырлылық саясатына қайшы келетін нұсқаны көрсетіңіз

  1. тіршілік қырларына ғылыми тұрғыдан қарау

  2. діннің саяси билікке араласпауы

  3. діннің мектептен бөлінуі

  4. діни саяси партиялар құру мүмкіндігі

  5. діни сенім еркіндігі

0507. 2005 жылы Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынған бірқатар агрессияшыл, лаңкестік идеяны басшылыққа алушы діни ұйымдар еліміздің қай облыстарында көп анықталды?

  1. Шығыс Қазақстан, Атырау, Қарағанды

  2. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Алматы

  3. Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қостанай

  4. Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қызылорда

  5. Орталық Қазақстан, Ақтөбе, қостанай

0508. Аталғандардың қайсысы дінді құраушы элемент емес?

  1. жоралар мен мінез-қылықтар үлгілері

  2. сенуші топтың болуы

  3. секуляризация

  4. дұрыс ғұмыр жөніндегі түсініктер

  5. табиғаттан тыс, қасиетті деп саналатын құбылысқа мүдделілікпен қатынасу

0509. Болжау мен жоспарлау қандай негізде жүзеге асырылады?

  1. Мамандарды басқару функцияларымен қамтамасыз ету арқылы

  2. Басқару жүйесін қолдау мен жетілдіру негізінде

  3. Басқаруды реттеу негізінде

  4. Басқаратын және басқарылатын жүйелерді қалыптастыру негізінде

  5. Ақпараттар негізінде

0510. Әлеуметтік инфрақұрылымды сипаттайтын не?

  1. өнеркәсіп дамуының деңгейі

  2. өндірістің техникамен жабдықталу деңгейі

  3. материалдық-заттық орта мен әлеуметтік субъектінің байланыстары

  4. ұжымның өндірістік-техникалық байланыстары

  5. қоғамдық тәртіп

0511. Әлеуметтік белсенділік төменділігінің шарықтау шегі, саяси өмірге қатынасудың кез-келген түрінен алшақтау -

  1. әлеуметтік аномия

  2. маргиналдылық

  3. әлеуметтік апатия

  4. аккомодация

  5. абстиненция

0601. «Дін - адамдар топтарының табиғаттан жоғары және қасиетті күш бар деп сеніп, оған өз қатынастарын білдіретін сенімдері мен жоралар (ритуалдар) жүйесі», - деп тұжырымдаған батыс әлеуметтанушысы кім?

  1. Э.Гидденс

  2. Н.Смелзер

  3. Дж.Масионис

  4. Поль Ле Бланш

  5. К.Манхейм

0602. Қазақстан Еуропалық Одақтың Болон декларациясына қай жылы қосылды?

  1. 1995 жылы

  2. 2000 жылы

  3. 1992 жылы

  4. 1999 жылы

  5. 2005 жылы

0603. Білім социологиясын негіздеуші француз социологы

  1. Изамбер-Жамати

  2. Ж. Шамбередон

  3. П.Бурдье

  4. Р.Будон

  5. Э.Дюркгейм

0604. Ресей ғалымы В.С.Леднев пікірінше «Білім» дегеніміз –

  1. оқыту мен тәрбиелеудің жиынтығы

  2. оқытудың, тәрбиелеудің және дамытудың біртұтас жинақталған бейнесі

  3. адам тұлғасын жасаушы жүйе

  4. әлеуметтендіруші жүйе

  5. дамытушы құрылым

0605.Отандық білім социологиясын алғаш негіздеуші, балалардың білім мекемесі негізінде ішкі оқу-тәрбие процесінің социологиялық қырын талдап, әлеуметтік негіздеп шыққан ғалым -

  1. Биекенов С.

  2. Аженов М.

  3. Қалдыбаева Т.

  4. Садырова М.

  5. Сейдуманов С.

0606. Халықаралық даму мен тәртіпті бақылаушы, реттеуші ұйым қалай аталады?

  1. Біріккен ұлттар ұйымы

  2. Еуропалық одақ

  3. Тәуелсіз мемлекеттер достастығы

  4. ЕврАзЭҚ

  5. Шанхай ынтымақтастық ұйымы

0607. Дамытушы қоршаған орта жасаудың қажеттілігі неде?

  1. жас адамның қоршаған ортаға қарап өсетіндігінде

  2. тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру кезінде баланың өз танымы мен іс-әрекетіне талабы жоғары ортаның шешуші ықпал ететіндігінде

  3. дамытушы орта жасауға ересектердің жауапты екендігінде

  4. жеке адам мүддесін орта мүддесінен кейінгі орынға ысырып тастау мақсатында

  5. адамдық арақатынастарды реттеуде

0608. Әлеуметтік жетімдікті шектеудің негізгі жолы -

  1. адамдардың мәдениетін арттыру

  2. түсіндірме-насихат жұмыстарын жүргізу

  3. жастар мен ересектердің бала алдындағы жауапкершілігін күшейту

  4. әлеуметтік (заңдық) нормаларды жетілдіру

  5. экономикалық әл-ауқатты көтеру

0609. Әлеуметтік инфрақұрылымның объектілері мыналар -

  1. Салыстырып қарағанда тұйықталған экономикалық жүйе

  2. Салыстырып қарағанда тұйықталған әлеуметтік жүйе

  3. Қоғамдық өмірдің барлық саласында адамның тиімді қызметін қамтамасыз ететін шарттардың заттық элементтерінің жиынтығы

  4. Адамның әлеуметтік және тұрмыстық жағдайын қамтамасыз ететін құжаттар

  5. әлеуметтік инфрақұрылымның көрсеткіштері

0610. Білім, денсаулық сақтау, мәдени, әлеуметтік қорғау мекемелері инфрақұрылымның қандай түріне қатысты?

  1. Әлеуметтік инфрақұрылым

  2. Транспорттық инфрақұрылым

  3. Құрылыстық инфрақұрылым

  4. Салалық инфрақұрылым

  5. өндірістік инфрақұрылым

0611. Халықтың жекелеген топтарын нәсілдік, ұлттық, этникалық немесе діни белгілеріне қарай жою, сондай-ақ осы топтарды біртіндеп немесе толық жою мақсатында жағымсыз өмірлік жағдайларды қасақана ұйымдастыру қалай аталады?

  1. сионизм

  2. агрессия

  3. экспансия

  4. геноцид

  5. гегемония

0701. Жастардың «әлеуметтік мәдениеті» дегенді қалай түсінесіз?

  1. қоғам алдындағы жауаптылығы

  2. өзінің адамдық ары алдындағы жауаптылығы

  3. сапалы білім алуы

  4. өзі және қоғам, әлем үшін пайдалы және жасампаздық өмір сүруге психологиялық және мамандық даярлығы

  5. адамгершілікті болуы

0702. Индустриялық-инновациялық даму неге білікті инженерлер қызме­тімен байланысты?

  1. шикізаттық экономиканы ары қарай да дамыту үшін

  2. индустриялық-инновациялық дамудың инженерлік қызметпен еш байланысы жоқ

  3. шикізатты өңдеп сапалы өнімге айналдыру инженерлік ойлаумен байланысты болғандықтан

  4. өндіріс саласына тек инженерлер жауапты болғандықтан

  5. шет мемлекеттер тәжірибесінде солай болғандықтан

0703. «Постиндуст­риялық қоғам» тұжырымдамасын жасай отырып, Д.Белл қоғам дамуын қандай кезеңдерге бөледі?

  1. патриархат және матриархат

  2. индустриялыққа дейінгі, индустриялық және индустриялықтан кейінгі

  3. капиталистік және социалистік

  4. капиталистік және постиндустриялық

  5. феодалдық, капиталистік және социалистік

0704. Индустриялыққа дейінгі қоғамның негізгі айқындаушылары -

  1. ауыл шаруашылығы саласы, шіркеу және армия

  2. ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіптер

  3. өнеркәсіп, оның корпорациялары

  4. теориялық білім, оны өндіруші және шоғырландырушы университеттер

  5. жаңа интеллектуалдық технологиялардың жасалып, технологиялық өзгерістерді бақылау мен жоспар­лаудың рөлінің артуы

0705. Индустриялық қоғамның басты айқындаушылары –

  1. ауыл шаруашылығы, әскер, шіркеу

  2. өнеркәсіп және өндірістік қатынастар

  3. әскер мен шіркеу

  4. жоғары ой еңбегіне деген сұраныс

  5. ақпараттық жаңа технологиялар

0706. Индустриялықтан кейінгі (постиндустриялық) қоғамның басты айқындаушылары -

  1. ауыл шаруашылығы, әскер, шіркеу

  2. ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіптер

  3. жаңа интеллектуалдық технологиялардың жасалуы

  4. әскер мен шіркеу

  5. экономикалық институттар

0707. Ғылым мен білімнің тереңдей түсуімен байланысты адамдардың діни сенімнен, яғни көзге көрінбейтін, әрі табиғаттан жоғары бір күш бар деген тұжырымға иланудан сейіліп, діни сенімдерден іргесін аулақ салуын қалай атайды?

  1. интегризм

  2. либерализация

  3. секуляризация

  4. трансформация

  5. абсентеизм

0708. Әлеуметтану ғылымы іштей үш құрамды бөліктің біртұтастығынан тұрады. Олар –

  1. әлеуметтік іс-әрекет, әлеуметтік мінез-қылық, әлеуметтік сана

  2. әлеуметтік қатынастар, әлеуметтік фактілер, әлеуметтік арабайланыстар

  3. теория, методология және эмпирика

  4. қоғам, әлеуметтік топтар және әлеуметтік таптар

  5. теория, методология және ғылым объектісі

0709. Әлеуметтік инфрақұрылымның міндеттерінің бірін көрсетіңіз

  1. Шаруашылық құрылымның тиімділігін арттыру

  2. Шаруашылық құрылымның тиімділігін азайту

  3. әлеуметтік қуатын тежеу

  4. саяси процестерді реттеу

  5. жастардың бос уақытын ұйымдастыру

0710. Этнос деген не?

  1. әлеуметтік ұйым

  2. әлеуметтік қауымдастық

  3. әлеуметтік ұжым

  4. әлеуметтік институт

  5. әлеуметтік бірлестік

0711. Халықтың денсаулығының әлеуметтік проблемаларын еңбектің және тұрмыстың жағдайымен, мәдениет пен қоғамның даму деңгейімен байланыста қарастыратын, әлеуметтік патология құбылыстарының (нашақорлықтың, жезөкшеліктің, жастар арасындағы қылмыс пен бұзақылықтың, т.б.) алдын алатын тұжырым мен тәжірибе -

  1. әлеуметтік гигиена

  2. геронтология

  3. әлеуметтік реабилитация

  4. аккультурация

  5. әлеуметтік психология

0801. Мешіт пен шіркеудің өзге діни ұйымдардан айырмашылығы неде?

  1. өз сенушілерінен діни сенімдер мен ритуалдарға біржола берілуді талап етуінде

  2. қоғамдағы өзге де әлеуметтік институттармен үйлесімді қызмет етуінде

  3. діни нормаларды заңдық нормалардан жоғары қоюында

  4. әлеуметтік зиянды іс-әрекеттермен айналысуында

  5. адамды түбірлі өзгертуге итермелейтін шектен тыс көзқарас қалыптастыруында

0802. Әлеуметтік факт –

  1. әлеуметтік мінез-қылық және іс-әрекет

  2. қоғамдық және адамдық арақатынастар шындығының көрінісі

  3. ғылыми болжамдар топтамасы

  4. зерттеу принциптері мен әдістерінің жиынтығы

  5. зерттеу объектісі мен пәні

0803. Методология дегеніміз –

  1. әлеуметтік қатынастар шындығының көрінісі

  2. әлеуметтік фактілердің өзара байланысы

  3. теория мен эмпириканы үйлестіруші зерттеу принциптері мен заңдылықтарының, әдістерінің жиынтығы

  4. жекелеген әлеуметтік құбылыстарды танып білу

  5. әлеуметтік фактілерді жинақтап, өңдеу

0804. «Тап дегеніміз - белгілі бір шамадағы материалдық игілік, өмір сүру жағдайы, өмір жолын жүріп өтуге әрқайсысының әртүрлі мүмкіндігі бар адамдар топтары», - деген тұжырымның авторы –

  1. П.Сорокин

  2. М.Аженов

  3. Ж.Тощенко

  4. М.Вебер

  5. Э.Гидденс

0805. Ресей социологы Ж.Тощенко адамдардың әлеуметтік қабаттағы жағдайын анықтаудың бірнеше белгілерін атап көрсетеді. Аталған жауаптардың қайсысы оның тұжырымы емес?

  1. адамдардың қоғамдағы меншіктің түрлеріне қатынасы

  2. әлеуметтік-кәсіптік (мамандық) құрылымы

  3. қоғамның материалдық және рухани байлығын бөлу жүйесіндегі олардың орны және оған ықпал етуші жағдайлар

  4. жаһандық әлеуметтік-саяси процестер

  5. әлеуметтік-демографиялық құрылымы

0806. Американдық социолог П. Сорокин (ХХ ғ.) әлеуметтік қабаттарға бөлінудің қандай түрлерін атап көрсетеді?

  1. экономикалық, саяси және кәсіптік

  2. ұлттық және әлемдік

  3. экономикалық және әлеуметтік

  4. идеалистік және материалистік

  5. экономикалық, кәсіптік және рухани

0807. Қазіргі Қазақстан қоғамының орта табына кімдерді жатқызуға болады?

  1. қаржы магнаттары мен жоғары биліктегі лауазым иелері

  2. біліктілігі төмен жұмысшылар мен жұмыссыздар

  3. жоғары білікті жұмысшылар мен дәрігерлер

  4. үйсіз-күйсіз адамдар мен жұмысшылар

  5. жұмыссыздар мен ұсақ бұзақылар

0808. Төменгі тап жөнінде тұжырымдай келе, Э.Гидденс қоғамда ең төменгі қабат та болатындығын айтады. Аталғандардың қайсысы, оның пікірінше, ең төменгі қабатқа жатады?

  1. біліктілігі жоғары жұмысшылар

  2. көше жезөкшелері

  3. қызметкерлер

  4. фермерлер

  5. лауазымды билік адамдары

0809. Этнос әлеуметтануының негізгі мәселесіне не жатады?

  1. Қоғам мен тұлғаның өзара қарым-қатынастары

  2. Тапаралық қатынастар

  3. Ұлтаралық қатынастар

  4. Отбасылық қатынастар

  5. Рухани қатынастар

0810. Ұлт дегеніміз не?

  1. Бір аумақта тұратын адамдардың жиынтығы

  2. Ортақ тілдік белгілері бар адамдар жиынтығы

  3. Территорияның тұтастығымен, тілімен, экономикалық өмірімен, салт-дәстүрімен, ортақ психологиялық қасиеттерімен байланысқан адамдардың жиынтығы

  4. Кәсіби мүдделерімен және дағдыларымен біріккен адамдар

  5. Меншікке қатынасына қарай ерекшеленетін адамдар топтары

0811. Индивидтің (жеке тұлғаның) немесе топтың өз қажеттіліктерін өздері өтей алмауын сипаттайтын экономикалық жағдай қалай аталады?

  1. жұмыссыздық

  2. кедейшілік

  3. экономикалық дағдарыс

  4. абулия

  5. әлеуметтік тұрақсыздық

0901. Белгілі бір қоғамдағы адамдардың әлеуметтік қабаттарға жіктелуі қандай факторға тәуелді емес?

  1. қоғамдағы билігі мен ықпалының болуына

  2. материалдық игіліктердің тең бөлінбеуіне

  3. кәсіби біліктілігі мен мамандығына

  4. құқық пен артықшылықтарының болуына

  5. дінге көзқарасына

0902. Батыс ғалымы И.Валлерстайнның пікірінше, кірісі жоғары елдер - капиталистік әлемдік экономиканың үстемдік етуші ядросы, орта кірісті мемлекеттер - жартылай периферия. Ал кедей елдер -

  1. шикізат көзі

  2. жаһандық периферия

  3. жойылуға жақын тұрған мемлекеттер

  4. экспансиялық объект

  5. артта қалған қоғамдастық