Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДК+ОБЖД.docx
Скачиваний:
47
Добавлен:
02.05.2015
Размер:
129.29 Кб
Скачать

1

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Д. СЕРІКБАЕВ атындағы ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК

ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Б. К Нұрғазина

Тіршілік әрекеті қауіпсіздігінің негіздері

пәнінен дәрістер конспектісі

Өскемен

2014

ӘОЖ 614.8.08.084(075.8)

Б. Нурғазина. «Тіршілік әрекеті қауіпсіздігінің негіздері»: пәнінен дәрістер конспектісі / ШҚМТУ, 2014 –50 бет.

Тау-кен металлургия факультеттің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды

№____ хаттама ______________________2014ж.

© Д. Серікбаев атындағы

шығыс қазақстан мемлекеттік

техникалық университеті, 2014

МАЗМҰНЫ

Кіріспе 4

1ДӘРІС ТАҚЫРЫПТАРЫНЫҢ МАЗМҰНЫ 5

1.1Тақыпып «Тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ұйымдастыру негіздері» 5

1.2 Тақырып «Шарашылық объектілерінде АҚ ұйымдастыру және жүргізу» 9

1.3Тақырып «Төтенше жағдайлар» 12

1.4Тақырып «Тұрғындарды қорғаудың негізгі принциптері және тәсілдері» 30

1.5Тақырып «Қорғаныс ғимараттары» 35

1.6 Тақырып «Шаруашылық объектілерінің тұрақтылығы» 40

1.7 Тақырып «Зақымдану ошағында құтқару және кезек күттірмейтін қалпына

келтіру жұмыстарын жүргізу» 42

Әдебиеттер 50

Кіріспе

Қазақстан Республикасының жаңа экономикалық және әлеуметтік саясаты өнеркәсіптің барлық салаларының қарқынды дамуына кең жол ашты. Еліміздің жер қойнауы минералды және мұнай-газ қорына өте бай болғандықтанреспубликамыздағы тау-кен,химиялық,қара және түрлі-түсті металлургия, сирек және асыл затты метал, алтын, алмас өңдеу және тағы басқа өндірістерді әлем экономикасының озық қатарына қосылуда.

Өнеркәсіптің әр саласының дамуымен бірге оны қауіпсіздендіру міндетті өзекті мәселеге айналуда. Осы орайда төтенше жағдайлар зор көлемді зиян келтіруі мүмкін екеніне көз жетерлік.

Төтенше жағдайлар, белгілі түрде, табиғи, техногендік және жаппай қыру құралдарын пайдалану кезіндегі төтенше жағдайлар өнеркәсіп орындарын қирату мен істен шығаруға, жергілікті халықты зардап шегуге , ал жалпы алғанда, елдің экономикасына зор нұсқан келтіруге әкеліп соқтырады.

Сондықтан төтенше жағдайлардың алдын алу, оның салдарын азайту, сондай-ақ ең бастысы түрлі әдістерді пайдаланып, халықты төтенше жағдайлардың жойқын күштерінен сақтау, үйрету және құтқару жұмыстарын кешенді түрде ұйымдастыру- алдағы тұрған басты мақсат.

Техносфераны жасай отырып, адам баласы тіршілік жағдайларын әр жақты жоғарлатуға тырысты. Дегенмен бұл прогресс адамзатты ең жоғарғы деңгейге шығарды, бірақ ол өзінің кері әсерін, яғни жер қойнауының кедейленуіне әкеліп соқтырды.

Технологиялық үрдістерде қолданылатын аппараттардың қуаты артып, соған сәйкес қауіпті заттардың мөлшерлері де көбеюде. Энергия көздері болып табылатын мұнай және газ саласы 70 процентке өсті.Заманауи нысандардың да энергия тұтыну қуаты да қатты өсті. Жылына қуаты 10-15млн/ тонналық мұнай өңдеу өнеркәсіптері аймақтарда 300-500 мың тоннаға дейін көмірсутекті отын қоры жинақталады. Бұл қордың энергиясы эквивалентті түрде 3-5 Мт тротил мөлшеріне тең.Қолданылатын технологиялардың қарқынды дамуынан температура, қысым, қауіпті заттардың мөлшері сияқты көрсеткіштер де артып отырады. Бұл жағдай қазіргі заманғы өндірістік кәсіпорындардың апаттық жағдайларын жоғарлатады.

Студенттерге жаппй қирату қаруларының салдарынан, табиғат құбылыстарының, техногендік апаттардың себебінен туындайтын төтенше жағдайларда қабылдайтын шешім, жүзеге асыратын іс-қимылдар, жүріп-тұру тәртәбін үйрету, оларды құтқару жасақтардың басшылары ретінде дайындау болып табылады

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]