Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Тесты для ТЦ КАЗ Нефро С отв.6курс

.doc
Скачиваний:
65
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
429.06 Кб
Скачать

Дәрігер-интерндерге (терапевт) арналған ««АМСК (ПМСП) тәжірибесіндегі нефрология сұрақтары» элективті циклы бойынша емтихан тесттері

! Қандай физикалдық белгі нефротикалық синдромды өте жақсы сипаттайды?

*+Ісіну

* Гипертензия

* Макрогематурия

* Перифериялық нейропатия

* Тері мен кілегей қабықтардың боздығы

! Бүйрек патологиясы бар науқастардағы ісінулерді қалай бақылайды?

* Мак-Клюр сынамасы

*+Дене салмағын күнделікті бақылау

* Тек қабылдаған сұйықтықты есептеу

* Тек шығарылған сұйықтықты есептеу

* Қандағы жалпы белок пен альбуминді бақылау

! Нефротикалық синдром кезінде альбуминнің жоғалуы жиі мына жағдайға әкеледі:

*+Гиповолемияға

* Гиперволемияға

* Нормоволемияға

* Өзгерістер болмайды

* Гипер- және нормоволемияға

! 20 жасар науқас. Шағымдары: бетінің, алдыңғы құрсақ қабырғасының, аяқтарының ісінуіне шағымданады. Қарағанда: ісінулер анасаркаға дейін. АҚ 90/60 мм с.б. Қан анализінде: жалпы белок 40 г/л, альбумин 16 г/л, холестерин 9,8 ммоль/л. ЖЗА: белок 4,5 г/тәу., Ле – бірен-саран, Эр 0-1 к/а. Осы гипотензияның даму механизмі қандай?

* Эндокриндік бұзылыстар

*+Тамыр ішілік көлемнің азаюы

* Жүрек лақтырысының бұзылысы

* Нейрогендік белсенділіктің бұзылысы

* Ренин-ангиотензин жүйесінің белсенуі

! Артериалдық қан қысымының қандай көрсеткіші гипертензияның 1 сатысына сәйкес келеді?

* < 120/80

* <130/85

* 130/85-139/89

*+140/90-159/99

* 160/100-179/109

! Артериалдық қан қысымының қандай көрсеткіші гипертензияның 2 сатысына сәйкес келеді?

* < 120/80

* <130/85

* 130/85-139/89

* 140/90-159/99

*+160/100-179/109

! Артериалдық қан қысымының қандай көрсеткіші гипертензияның 3 сатысына сәйкес келеді?

* <130/85

* 130/85-139/89

* 140/90-159/99

* 160/100-179/109

*+180/110

! СБЖ-ң терминалды сатысы бар науқастарда гиперкалиемия анықталғанда ЕҢ алдымен жүргізілетін іс-әрекет?

*+ЭКГ

* Бүйрек УДЗ

* УДЗ-допплер

* Компьютерлік томография

* Кеуде торының R-граммасы

! Поллакиурия – бұл:

* Зәрдің жалпы көлемінің азаюы

* Зәрдің жалпы көлемінің артуы

* Ауыру сезімімен зәр бөлу

* Сирек зәр бөлу

*+Жиі зәр бөлу

! Энурез – бұл:

* Жиі зәр бөлу

* Сирек зәр бөлу

*+Еріксіз түнде зәр бөлу

* Ауыру сезімімен зәр бөлу

* Зәрдің жалпы көлемінің артуы

! Зәр бөлудің күндізгі бұзылыстарының жиі ЕҢ себебін көрсетіңіз:

* Жедел цистит

* Тубулярлық аурулар

* Зәр жүйесінің инфекциясы

* Қуықтың гипорефлекторлық дисфункциясы

*+Қуықтың гиперрефлекторлық дисфункциясы

! Никтурия – бұл:

* Зәрді түнде ұстай алмау

* Зәрді күндіз ұстай алмау

* Еріксіз түнде зәр бөлу

* Аз мөлшерде ауыру сезімімен зәр бөлу

*+Түнгі диурездің күндізгі диурезден басым болуы

! Дизурия – бұл:

* Түнгі диурездің күндізгі диурезден басым болуы

* Аз мөлшерде ауыру сезімімен зәр бөлу

* Зәрді күндіз ұстай алмау

* Зәрді түнде ұстай алмау

* Еріксіз түнде зәр бөлу

! Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі бар науқастардың жалпы қан анализіндегі МЕЙІЛІНШЕ тән өзгерісті көрсетіңіз:

*+Анемия

* Лейкоцитоз

* Лимфоцитоз

* Тромбоцитоз

* Нейтрофилез

! Балалардағы гемолитико-уремиялық синдромға анемияның қандай түрі тән?

* Тапшылықты

* Апластикалық

* Геморрагиялық

*+Гемолитикалық

* Орақ тәрізді-жасушалық

! Эритропоэтин бүйректе қай жерде өндіріледі:

* юкстагломерулярлы аппаратта

* дисталді өзекшелердің macula densa аймағында

* жинақтаушы түтікшелердің қондырма жасушаларында

* Генле ілмегінің жоғары өрлеуші бөлімінің жасушаларында

*+перитубулярлы интерстицийдің фибробластоидты жасушаларында

! Гемодиализ бөлімшесіне дене қызуының жоғарылауымен, катаралді белгілермен 18 жасар пациент түсті. ЖБЖ, қанда фрагменттелген эритроциттері бар гемолитикалық анемия, тромбоцитопения анықталды. Диагноз:

*+гемолитико-уремиялық синдром

* жедел диффузды ГН

* аутоиммунды анемия

* Верльгоф ауруы

* АФС-синдром

! БСА үшін тән емес?

*+сарысуда 1,25 Д3 витаминінің деңгейінің артуы

* сарысулық эритропоэтин деңгейінің төмендеуі

* метаболикалық ацидоз

* гиперпаратиреоидизм

* гиперфосфатемия

! БСА кезіндегі анемияның патогенезі:

* гемодилюция

* аутоиммундық гемолиз

* В12 витаминінің тапшылығы

*+эритропоэтин синтезінің төмендеуі

* несеп нәрінің сүйек кемігіне токсикалық әсер етуі

! 30 жасар әйелде жиі зәр бөлу байқалады, бірақ ауыру сезімі жоқ. Тексергенде: зәр және қан анализдері қалыпты. Визуализирлеуші зерттеулер ешқандай патологияны анықтамады. Бірінші кезекте не туралы ойлауға болады:

* артқы уретраның клапаны

*+гиперрефлекторлы қуық

* гипорефлекторлы қуық

* пиелонефрит

* цистит

! 33 жасар науқас әйел ауқымды ісінулерге шағымданып келді. Лабораторлы: протеинурия 6,0 г/тәу., гипопротеинемия 42 г/л, гиперхолестеринемия 7,5 ммоль/л, АҚ 90/60 мм.с.б. Бүйрек биопсиясын жүргізу ұйғарылды. Қандай аурулардың арасында ажырату диагнозын жүргізу керек:

* бүйректің туа біткен ақаулары мен гломерулонефриттің

* бүйректің тұқым қуалайтын аурулары мен амилоидоздың

*+гломерулонефрит пен амилоидоздың

* ЗШЖИ мен гломерулонефриттің

* зәр-тас ауруы мен амилоидоздың

! Дизуриялық көріністердің болуы нені көрсетеді?

* өзекшелердің зақымдалғанын

* шумақтардың зақымдалғанын

* бүйректің туа біткен патологиясын

* зәр шығару жолдарының тек органикалық патологиясын

*+зәр шығарудың бұзылуымен өтетін төменгі зәр шығару жолдарының зақымдалуын

! Қандай әдісті қолдану зәрдің сапалы зерттелуін жүргізуге мүмкіндік береді?

*+Тест-жолақтар

* Протеомдық анализ

* Амбурже сынамасы

* Нечипоренко сынамасы

* Аддис-Каковский сынамасы

! Зәрдің қара түсі науқаста мына жағдайдың бар екендігін көрсетеді:

* Қант диабетінің

* Гломерулонефриттің

* Механикалық сарғаюдың

* Паренхиматоздық сарғаюдың

+Жедел гемолитикалық анемияның

! Шумақтардың функциясын қандай әдіспен анықтайды:

* Зәрмен электролиттердің тәуліктік бөлінуі бойынша

*+Эндогенді креатинин клиренсі бойынша

* Зимницкий сынамасы бойынша

* Зәрдің осмолярлығын тексеру

* Жалпы зәр анализі бойынша

! Зәрмен белоктың шығуын қандай сандық әдістер анық көрсетеді?

* Таңғы зәрдегі

*+Тәулік бойы жиналған зәрдегі

* 6 сағат бойы жиналған зәрдегі

* 2 сағат бойы жиналған зәрдегі

* 12 сағат бойы жиналған зәрдегі

! Зәр анализіндегі қандай көрсеткіш бүйрек зақымдалуының ерте индикаторы болып табылады?

* Эритроциттер к/а 5-ке дейін

* Лейкоциттер к/а 4-6-ға дейін

* Протеинурия 70-100 мг/тәул.

*+Микроальбуминурия 20-100 мг/л

* Белоктың зәр креатининіне қатынасы 0,2

! Зәр тұнбасында тұздардың анықталуы мынаның белгісі:

* Уролитиаздың

* Зәр-тас ауруының

* Кристаллурияның

*+Патология болып саналмайды

* Дисметаболиттік нефропатияның

! Қант диабеті бар науқастарда жүйелі түрде мына зерттеу жүргізіліп отырылуы тиіс:

* ЖЗА

* Зимницкий сынамасы

* Нечипоренко сынамасы

* Аддис-Каковский сынамасы

*+Микроальбуминурияға сынамалар

! Зәр шығару жолдарының инфекциясын анықтаудағы «алтын стандарт»:

* Жалпы зәр анализі

* Амбурже сынамасы

* Нечипоренко сынамасы

* Биохимиялық қан анализі

*+Зәрді бактериологиялық зерттеу

! Зәрді жинағаннан кейін оны микробиологиялық себуі қашан жүргізіледі:

*+Бірден

* 24 сағаттан кейін

* 12 сағаттан кейін

* 36 сағаттан кейін

* 48 сағаттан кейін

! Еркін зәр бөлуде 1 мл зәрдегі микроб денелерінің қандай санының болуы айқын бактериурия деп саналады?

* 5000-ден кем емес

* 1000-нан кем емес

* 10 000-нан кем емес

* 50 000-нан кем емес

*+100 000-нан кем емес

! Бүйрек ауруларын анықтауда зәрдегі мына көрсеткіштер үлкен диагностикалық үлкен маңызға ие:

* Мөлдірлігі, тұздар

* Өт пигменттері, қант

* Қант, зәрдің меншікті салмағы

* Эпителий жасушалары, зәрдің рН

*+Белок, лейкоциттер, эритроциттер

! Нефрологиядағы ӨТЕ жиі қолданылатын және ақпаратты тексеру әдісі:

* Бүйрек УДЗ

*+Жалпы зәр анализі

* Аддис-Каковский сынамасы

* Компьютерлік томография

* Магниттік-резонансты томография

! Жасөспірім қызда етеккір алдында зәрінде к/а 10-15 лейкоцит анықталды. Басқа клиникалық симптомдар жоқ. Қандай жағдай ықтимал:

*+қынаптың кілегей қабығына эстрогендердің әсер етуіне байланысты физиологиялық лейкоцитурия

* Сandida-мен шақырылған вагинит

* трихомонадты вагинит

* арнайы емес вагинит

* бөгде зат

! Зәрдің түсінің қызаруына шағымданғанда қандай зерттеулер жүргізу қажет:

*+жалпы зәр анализі мен бүйрек УДЗ

* жалпы қан анализі мен бүйрек УДЗ

* цистоскопия және жалпы зәр анализі

* қанның және зәрдің биохимиялық талдауы

* көктамыр ішілік экскреторлық урография және зәрдің жалпы анализі

! Зәр микрофлорасының антибактериялдық дәрілерге сезімталдығын анықтау:

*+зәр жолдарының инфекциясын емдеуде клиникалық маңызы жоғары

* тек гломерулонефритті емдеуде клиникалық маңызы жоғары

* тек интерстициялды нефритті емдеуде клиникалық маңызды

* тек зәр-тас ауруын емдеуде клиникалық маңызы жоғары

* зәр жолдарының инфекциясын эмпирикалық емдеуде маңызды

! Диабеттік нефропатияның ерте белгісі:

*+микроальбуминурия

* шектен толу протеинуриясы

* қызба кезіндегі протеинурия

* ортостатикалық протеинурия

* жүктеме кезіндегі протеинурия

! Нефропатия кезінде болатын гематурияны урологиялық ауруларда кездесетін гематуриядан ажырату әдісі:

* цистоскопия

* үшстаканды сынама

* экскреторлық урография

* радиоизотопты ренография

*+зәр тұнбасының фазалық-контрастты микроскопиясы

! Гипопротеинемия мына ауруға тән:

* Миеломды ауруға

* Нефриттік синдромға

* Жедел пиелонефритке

*+Нефротикалық синдромға

* Тез үдейтін гломерулонефритке

! Қандағы калийдің қалыпты көрсеткіші:

* 1,5-3,0 ммоль/л

*+3,5-5,0 ммоль/л

* 6,0-6,5 ммоль/л

* 7,0-7,5 ммоль/л

* 8,0-8,5 ммоль/л

! Терминалды созылмалы бүйрек жетіспеушілігі бар науқастарда электролиттің құрамының қандай бұзылысы диализ үшін көрсеткіш болып табылады?

*+Гиперкалиемия

* Гипонатриемия

* Гипернатриемия

* Гипофосфатемия

* Гиперкальциурия

! Терминалды созылмалы бүйрек жетіспеушілігі бар балалардағы калийдің ұсталу себебі:

* Ацидоз

* Анемия

* Алкалоз

* Дегидратация

*+ШФЖ төмендеуі

! Қандағы натрийдің қалыпты көрсеткіші:

* 115-124 ммоль/л

* 125-134 ммоль/л

*+135-145 ммоль/л

* 146-155 ммоль/л

* 156-160 ммоль/л

! Гипокалиемия деп калий деңгейі мына деңгейден азайғанда айтылады, ммоль/л:

*+3,5

* 4,0

* 5,0

* 6,0

* 7,0

! Мына төменде көрсетілгендердің ішіндегі қандай көрсеткіш нефрологтар үшін маңызды болып табылады:

Мыс

  1. Мырыш

  2. Фосфор

  3. Магний

  4. Церулоплазмин

! Қызыл жегілік нефритті анықтау үшін қолданылады:

* С4 деңгейін зерттеу

* Цитокиндерді анықтау

* Т- және В-лимфоциттерін анықтау

*+Анти-ДНҚ-антиденелерін анықтау

* IgG, IgA, IgM иммуноглобулиндерін анықтау

! Бүйректің азот бөлу функциясын мына параметрлердің біреуі бойынша бағалайды:

* Зәрдегі белок

* Қандағы белок

* Қандағы калий мен кальций

* Зәрдегі несеп нәрі мен креатинин

*+Қандағы несеп нәрі мен кpеатинин

! Қандай лабораторлық көрсеткіш бүйрек функциясының бұзылуын нақты көрсетеді?

* Сарысу калийі

* Сарысу натрийі

* Зәрдегі кальций

*+Сарысу креатинині

* Зәрдегі зәр қышқылы

! СБЖ кезіндегі анемияның патогенезі:

* несеп нәрінің сүйек кемігіне токсикалық әсер етуі

*+эритропоэтин синтезінің төмендеуі

* В12 витаминінің тапшылығы

* аутоиммундық гемолиз

* гемодилюция

! Қызыл қанның құрамын қандай гормон реттейді?

* Антидиуретикалық гормон

*+Эритропоэтин

* Паратгормон

* Ангиотензин

* Ренин

! Артериалды қысымды реттеуде қандай жүйе маңызды рөл атқарады?

*+Ренин-ангиотензин-альдостерон

* Фосфатуриялық гормон

* Паратиреоидты гормон

* Эритропоэтин

* Кальцитонин

! Антидиуретикалық гормон бүйректе мынадай әсер көрсетеді:

*+Судың реабсорбциясы және вазоконстрикция

* Вазодилятация және судың секрециясы

* Альдостерон мен калийдің секрециясы

* Натрий мен калийдің реабсорбциясы

* Гиперфильтрация мен анемия

! Ренин өндіріледі:

* Гломерулярлы базалды мембранада

*+Юкстагломерулярлы аппаратта

* Эндотелиалды жасушаларда

* Эпителиалді жасушаларда

* Бүйрек интерстицийінде

! Төменде көрсетілгендердің қайсысы әкетуші артериоланың қатты тарылуын шақырады?

*+Ангиотензин II

* Ангиотензин I

* Паратгормон

* Альдостерон

* Ренин

! Балаларда шумақ фильтрация жылдамдығын анықтау үшін қолданылады:

* Эндогенді креатинин клиренсі

* Кокрофт-Голттың есептеу әдісі

*+Шварцтың есептеу әдісі

* МДРД 1 және 2 формулалары

* Инулин клиренсі

! «Симптомсыз бактериурия» диагнозы қай кезде қойылады?

* Тек лейкоцитурия болса

* Бактериурия 103 м.д./млмен гематурия клиникалық көрініссіз

* Бактериурия 102 м.д./мл басқа белгілерсіз болғанда

*+Бактериурия 105 м.д./мл басқа белгілерсіз болғанда

* Бактериурия 105 м.т/мл және лейкоцитурия басқа белгілерсіз болғанда

! Пиелонефрит кезінде бүйрек паренхимасының қай бөлімі зақымдалады:

* Шумақшалар

*+Милы қабат

* Қыртысты қабат

* Астауша-тостағанша кешені

* Юкстагломерулярлы аппарат

! Сау адамның зәр шығару жүйесіне микроорганизмдер қоныстанған ба?

* Мүмкін, тек төменгі зәр жолдары

*+Стерильді, уретраның дистальді бөлімінен басқа

* Тек қана вирустар болуы мүмкін

* Хламидиялар кездеседі

* Саңырауқұлақтар бар

! Төменгі зәр жолдарының инфекциясынан пиелонефритті ажырататын симптомдар:

* Бактериурия дәрежесі

* Лейкоцитурия дәрежесі

* Гематурия

*+Улану белгілері, бүйрек қызметінің бұзылуы

* Дизурия

! «Уросепсис» термині сепсис симптомдары болып, бактериялар мен олардың өнімдерінің қанға түсуінде қолданылады:

* Гломерулонефритпен науқастарда

*+Пиелонефритпен науқастарда

* Токсикалық нефритпен науқастарда

* Альпортсиндромыбар науқастарда

* Амилоидозбен науқастарда

! Балалардағы асқынбаған зәр шығару жүйесінің инфекциясында ішек таяқшасының кездесу жиілігі:

* 30%

* 60 %

* 50 %

* 3-5 %

*+90%

! Қуық-несепағар рефлюксін диагностикалау үшін төменде келтірілгеннің арасында ЕҢ бірінші кезектегі зерттеу әдісі:

* Цистоскопия

*+Цистоуpетpогpафия

* Көктамырлық уpогpафия

* Pетpогpадты пиелогpафия

* Ультpадыбыстық зерттеу

! Бүйректің және жоғарғы несеп жолдарының жағдайын бақылайтын бірінші кезектегі зерттеу әдісі:

*+Бүйрек УДЗ

* Цистография

* Цистоскопия

* Сцинтиграфия

* Экскреторлық урография

! Ауруханаішілік жағдайда дамыған зәр шығару жолдарының инфекциясында төменде келтірілгеннің арасында емдеуге резистентті қандай қоздырғыш ЕҢ жиі анықталады?

* Клебсиелла

* Стрептококк

* Ішек таяқшасы

*+Көкірің таяқшасы

* -гемолитикалық стрептококк

! Зәр шығару жолдарының инфекциясына күдік болғанда жалпы зәр талдауымен қатар қандай зерттеу міндетті түрде жүргізіледі:

* Амбурже сынамасы

* Зимницкий сынамасы

* Нечипоренко сынамасы

* Аддис-Каковский сынамасы

*+Зәрді бактериологиялық себу және флораның антибиотиктерге сезімталдығын анықтау

! Науқас М., 25 жаста. Белдегі, әсіресе оң жақтан сыздаған ауру сезіміне, дене қызуының 39С-қа дейін жоғарылауына, қалтырауға, зәрінің лайлануына шағымданды. Объективті: тері жабындылары табиғи түстес, ісінулер жоқ, АҚ 100/70 мм.с.б. Қан анализінде: лейкоциттер 16 мың., ЭТЖ 40 мм/сағ. Зәр анализінде: меншікті салмағы 1009-1016, белок 0,66 г/л, лейкоциттер – жаппай, эритроциттер 1-2 к/а, гиалинді цилиндрлер – бірен-саран.

Аталған зерттеу әдістерінің қайсысын ЕҢ бірінші жасау керек?

* Бүйрек биопсиясы

* Цистография, бүйрек УДЗ-і

* Цистоскопия, бүйрек УДЗ

*+Зәрді бактериологиялық себу, бүйрек УДЗ

* Экскреторлық урография тұрып жасалынған

! Бүйрек ауруы бойынша ұзақ уақыт диспансерлік бақылауда тұрған науқастарға қандай зерттеу әдісі міндетті түрде жүргізілуі керек:

* Цистография

* Зимницкий сынамасы

* Экскреторлы урография

* Компьютерлік томография

*+Сарысу креатинині және ШФЖ есептеу

! Науқаста ЗЖИ клиникалық белгілері жоқ, бірақ жалпы зәр талдауында лейкоциттер саны көру аймағында 7-8-ден асады, сіздің тактикаңыз:

* Шұғыл түрде бұлшықетке цефтриаксон тағайындау

* Фурагин тағайындау

*+Зәр талдауын қайталау және зәрді бактериологиялық себу

* Бүйректің УДЗ және уролог кеңесі

* Экскреторлық урография жүргізу

! Мына жалпы зәр анализі көрсеткіштерінің ішінен зәр шығару жолдары инфекциясына тән белгілерді табыңыз:

* Зәр сары түсті, мөлдір

* Реакциясы қышқыл

* Эпителий клеткалары – көру алаңында тұтасымен

*+Лейкоциттер көру алаңында 20-ға дейін

* Эритроциттер – көру алаңында тұтасымен

! Геморрагиялық циститтің қоздырғыштары:

* Стрептококк, стафилококк

* Вирус, бактериялар

*+Вирус, саңырауқұлақтар

* Микоплазма, хламидиялар

* Гельминттер, саңырауқұлақтар

! Зәр жүйесінің қайталамалы инфекциясында УДЗ кейінгі жүргізілетін аспаптық зерттеу әдісі:

* Экскреторлық урография

* Зәр жолдары УДЗ

*+Цистография

* Компьютерлік томография

* Магнитті-ядролық резонанс

! Зәр жүйесі инфекциясының өршуі келесі тексеру арқылы анықталынады:

* УДЗ-де тостағанша-түбекше деформациясы

* Шумақ фильтрациясы

*+Зәрді бактериологиялық себу және зәр талдауы

* Зәрдегі кристаллдар

* Зәр шығару жиілігін анықтау

! Нейтрофилді лейкоцитурия қай аурудың белгісі болып табылмайды:

* Цистит

* Уретрит

* Пиелонефрит

*+Гломерулонефрит

* Зәр жүйесі инфекциясы

! Жедел пиелонефритке ТӘН ЕМЕС зертханалық белгіні анықтаңыз:

* Лейкоцитурия көру аймағын тұтас жауып жатыр

*+Ет жуындысы тәрізді зәр

* Лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарылауы

* Зәрдің меншікті салмағының төмендеуі

* Бактериурия 1 мл зәрде 100000 м.д. асады

! Төмендегі аурулардың біріне ісіну синдромы ТӘН ЕМЕС:

*+Пиелонефрит

* Бауыр циррозы

* Нефротикалық синдром

* Жедел гломерулонефрит

* Жүрек жетіспеушілігі

! Науқаста қалтырау, интоксикация белгілері байқалады. Зәр талдауында лейкоцитурия бар. Төменде келтірілген зерттеулердің ішінде бірінші кезекте өткізіледі:

* Цистография

*+Зәрді бактериологиялық себу

* Анамнез жинау

* Зимницкий сынамасы

* Экскреторлы урография

! 18 жасар бойжеткен 3-4 күн бойы жиі зәр бөлуге, зәр бөлгенде ашу сезіміне шағымданады. Зерттеген кезде зәр талдауында лейкоциттер 10-15 к/а, эритроциттер 10 к/а, бактериурия. Болжамды диагноз:

*+Цистит

* Жедел пиелонефрит

* Нефротикалық синдром

* Нефритикалық синдром

* Тубулоинтерстициалды нефрит

! 18 жастағы бойжеткен ауруханаға жоғары температурамен, интоксикациямен түсті. Зәр талдауында өзгерістер бар – лайлы, ақуыз 0,066%, лейкоциттер – өте көп, бактериурия. Қанда: лейкоцитоз, жоғары ЭТЖ. Төменде көрсетілген диагноздардың ішінен МЕЙІЛІНШЕ жуық диагнозды таңдаңыз:

* Цистит

* Уретрит

* Гломерулонефрит

*+Жедел пиелоненфрит

* Интерстициалды нефрит

! Гипертермия – төмендегі қай ауруға тән маңызды симптом болып табылады:

*+Пиелонефрит

* Бауыр циррозы

* Нефротикалық синдром

* Альпорт синдромы

* Жүрек жеткіліксіздігі

! Науқас әйел, 30 жаста. Түскендегі шағымы – бел аймағындағы қатты ауру сезімі. Жалпы зәр талдауында: ақуыз жоқ, зәрдің меншікті салмағы 1016, зәр тұнбасында жалпақ эпителий көру аймағында 10-15, бірен-саран лейкоциттер кездеседі, эритроциттер көру аймағында 0-1, ШФЖ 90 мл/мин. Бүйректің УДЗ: өлшемдері қалыпты, «құм», тостағанша-түбекше жүйесінің деформациясы. Қандай зерттеу әдісін өткізу дұрыс:

* Цистография

* Цистоскопия

* Экскреторлы урография

* Компьютерлік томография

*+Зәрді бактериологиялық себу және омыртқаның бел бөлігін рентгенологиялық зерттеу

! Науқас әйел, 30 жаста. Түскендегі шағымы – бел аймағындағы қатты ауру сезімі. Жалпы зәр талдауында: ақуыз жоқ, зәрдің меншікті салмағы 1016, зәр тұнбасында жалпақ эпителий көру аймағында 10-15, бірен-саран лейкоциттер кездеседі, эритроциттер көру аймағында 0-1, ШФЖ 90 мл/мин. Бүйректің УДЗ: өлшемдері қалыпты, «құм», тостағанша-түбекше жүйесінің деформациясы. Бірінші кезекте қандай маманның кеңесі қажет?

* Ортопед

* Уролог

+Невролог

* Нефролог

* Фитотерапевт

! Жүктілік кезінде уродинамиканың бұзылуы мына жағдайдың туындауына бейімдейді:

*+Пиелонефриттің

* Гломерулонефриттің

* Зәр-тас ауруының

* Жекелеген зәр синдромының

* Тубулоинтерстициалдық нефриттің

! Бүйрек қызметінің бұзылуын КӨРСЕТПЕЙДІ:

* ШФЖ төмендеуі

* Несеп нәрінің жоғарылауы

* Креатининнің жоғарылауы

*+Билирубиннің жоғарылауы

* Қалдық азоттың жоғарылауы

! Жүктіліктің барлық мерзімінде антибактериалдық препараттардың қай тобын қолдану қарсы көрсеткіш болып табылады:

* Макролидтер

* Нитрофурандар

*+Тетрациклиндер

* Цефалоспориндер

* Пенициллиндер

! Қыз 20 жаста. Жүктілік I, 32 апта. Клиникаға жоғары температурамен, белдегі ауру сезімімен, бас ауруына, шаршағыштыққа шағымданумен түсті. Қарау кезінде: ісіктер жоқ, АҚ 110/70 мм с.б. Тексеру кезінде зәр анализдерінде өзгерістер анықталды: лайлы, белок 0,066%, лейкоциттер – тұтасымен, бактериурия. Қанда: лейкоцитоз, ЭТЖ жоғары. Өткізілген антибактериалды терапия фонында оң динамика байқалды: жалпы жағдайы жақсарып, зәрі санацияланды. Бұл жағдайда өткізілуі қажет қандай алдын алу шаралары ЕҢ қолайлы болып табылады?

* Бисептол

* Амоксиклав

* Офлоксацин

* Гентамицин

*+Нитрофурантоин

! Жүктілерде зәр шығару жолдарының инфекциясына күмән туғанда, жалпы зәр анализімен қатар міндетті түрде жасалатын зерттеу түрін көрсетіңіз:

* Амбурже сынамасы

* Зимницкий сынамасы

* Нечипоренко сынамасы

* Аддис-Каковский сынамасы

*+Флораға сезімталдығын анықтай отырып зәрді бактериологиялық себу

! Жүктілік кезінде созылмалы пиелонефриттің өршуі мен жедел гестациялық пиелонефриттің дамуына ЕҢ маңызды бейімдеуші фактор:

* Туыт саны

* Төмендеген иммунитет

*+Уродинамиканың бұзылысы

* Жүктілік саны

* Инфекция ошақтарының болуы

! Жүкті әйел 22 жаста. Жиі, аз мөлшермен, ауру-сезімімен жүретін зәр шығаруына шағым жасады. Тексеру кезінде: t° қалыпты, ісінулер жоқ, АҚ 110/70 мм с.б. ЖЗА-де зәрі лайлы, Л – 20 к/а, Эр 6-8 к/а, бактериурия ++. Аталған тактикалардың қайсысын ЕҢ бірінші жасау керек?