Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
KZ СРС каз 14-15.doc
Скачиваний:
71
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
738.3 Кб
Скачать

С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА

ПАТОФИЗИОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

«СТОМАТОЛОГИЯ» МАМАНДЫҒЫ ҮШІН СИЛЛАБУС

1.6 Студенттердің өзіндік жұмысына арналған әдістемелік ұсыныстар (сөж)

СӨЖ сұрақтарын барлық студенттер оқиды, студент СӨЖ-дің бір тақырыбын семестрлік жұмыс ретінде таңдап, көрсетілім немесе реферат түрінде орындайды.

1 тақырып. маскүнемдік, нашақорлық, уытқорлық, ШЫЛЫМ ШЕГУДІҢ ПАТОФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ (3 сағ)

Мақсаты:

  • Әдебиет көздерімен және internet сайттарымен жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру

  • Наркотиктің, алкоголдің, уытқорлықтың организмге дерттуындатулық әсерінің патогенезін, маскүнемдік, нашақорлық, уытқорлық, шылым шегудің әлеуметтік, заңдық, жалпы медициналық аспектілерін өзбетінше оқып-үйрену

  • Алған білімдерін патогенездік сызбанұсқа құрастырғанда, тест тапсырмаларын шешуде қолдану машығын қалыптастыру

Тапсырмалар:

  1. Нашақорлық, уытқорлық және маскүнемдіктің жалпы медициналық, әлеуметтік және құқықтық жайлары.

  2. Нашақорлықтың этиологиясы, патогенезі, сатылары.

  3. Уытқорлықтың этиологиясы, патогенезі, сатылары.

  4. Маскүнемдік туралы түсінік, сатылары, патогенезі.

  1. Шылым шегудің организмге зақымдаушы әсері

СӨЖ-ді орындаудың түрі:

  • Ұсынылған әдебиеттер бойынша материалды өзбетінше оқып-үйрену, эссе құру, мультимедийлік таныстыру, тест тапсырмаларын орындау

  • Көрсетілім және реферат түрінде семестрлік жұмыс. Талаптар «СӨЖ бағалау критерийлері» бөлімінен қараңыз.

Орындаудың нышандары:

  • СӨЖ-ң осы тақырыбының сұрақтарына аралық бақылауда жауап беру

  • СӨЖ-ң осы тақырыбының тест тапсырмаларының сұрақтарына қорытынды бақылауды

жүргізгенде жауап беру

  • Реферат немесе мультимедиялық көрсетілімді қорғау

СӨЖ-ді тапсыру мерзімдері

№ 1 аралық бақылау.

СӨЖ-ын бағалау нышандарын «СӨЖ бағалау критерийлері» бөлімінен қараңыз

ӘДЕБИЕТТЕР

Негізгі

  1. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. - Алматы: РПО «Кітап» 2007. – С. 26 – 46

  2. Общая патофизиология под/ред В.А. Фролова, Г.А. Дроздовой, Д.П. Билибина. Москва, МИА. – 2013.

  3. Патофизиология для внеаудиторной самостоятельной работы студентов // Под ред. Ударцевой Т.П. – Алматы: КазНМУ им. С.Д.Асфендиярова, 2006. – С. 29 - 48

  4. Патофизиология под/ред П.Ф. Литвицкого. М.:«ГОЭТАР-мед». Т. 1, 2004.- с. 624 -649.

  5. Патофизиология. Учебник для студ. Стом.факультетов/ А.И. Воложин, Г.В. Порядин.-Изд-во «Академия», 2007. – Т. С. 111-120

  6. Патологиялық физиология бойынша сынамалық тапсырмалар // Қазақ тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова. – Алматы.: изд-во «Эффект», ҚазҰМУ, 2007.- Б. 34 - 48

Қосымша

Өздігінен таңдау

Тест тапсырмалары:

1. Нашақорлық, уытқорлық және маскүнемдік мәселелерінде I) медициналық, II) әлеуметтік, III) құқықтық жайлар түсінігіне кіреді

A) адам организміне есірткілер және басқа психикалық белсенді заттармен зиян тигізу

B) ҚР Үкіметі жанындағы есірткілерді таратуды бақылайтын Мемлекеттік комиссиямен жасалған есірткілік заттар тізіміне кіретін есірткілік заттарды пайдалану

C) тек жекелеген адамдар, топтарға ғана емес, бүкіл қоғамға қауіп тудыратын есірткілік және басқа психикалық белсенді заттарды медициналық емес жолмен қолдану

2. Есірткілік заттарға жатады

A)……………………………..

B)……………………………..

C)……………………………..

D)……………………………..

E)……………………………..

F)……………………………..

G)…………………………….

3.Нашақорлық және уытқорлық патогенезінің жалпы құрамбөлшектері болып табылады (4)

A) психикалық белсенді заттарды қайталап пайдалануға дерттік аңсау

B) заттарға психикалық тәуелділіктің қалыптасуы

C) психикалық белсенді заттарға төзімділіктің өзгеруі

D) заттарға физикалық тәуелділіктің қалыптасуы

E) неврастениялық және психастениялық синдромның қалыптасуы

4.Нығайтудың дерттік жүйесінің дәнекерлеріне жатады (4)

A) дофамин

B) норадреналин

C) брадикинин

D) серотонин

E) эндогендік апыйындар

5. Доғару синдромы кезінде аса жиі бұзылыстарға жатады (6)

A) мазасыздану

B) тоқмейілсу

C) жайсыздану

D) ызақорлық

E) бұлшықеттік ауыру

F) жүрек айну, құсу

G) брадикардия

H) ұйкышылдық

I) тырыспа

6.Нашақорлық және уытқорлықтың сатылары (3)

A) бастапқы

B) рухани тәуелділік

C) физикалық тәуелділік

D) шешуші

E) ақырғы

7. Маскүнемдік синдромдары мен симптомдарына жатады

A)

B)

C)

D)

E)

8.Бауырда этанол алмасуының көрсетілмеген тізбегі болып табылады (1)

этанол → алкогольдегидрогеназа → ? → альдегиддегидрогеназа →ацетил КоА → оксалоацетат → цитрат → Кребс орамы

A) глюкурон қышқылы

B) пируват

C) ацетальдегид

D) лактат

E) глюкозо - 6 - фосфатаза

9. Ішімдіктің организмге уыттық әсерінің патогенезінде маңызы бар (4)

A) бауырдың антиденелермен зақымдануы

B) альдегиддегидрогеназа өндірілуінің жоғарылауы

C) альдегиддегидрогеназа өндірілуінің төмендеуі

D) бауырда ацетальдегид ыдырауының баяулауы

E) организмде ацетальдегидтің жиналуы

10. Ішімдікпен масаюдың ауырлығын анықтайтын белгілерді көрсетіңіз

A)……………………………..

B)……………………………..

C)……………………………..

D)……………………………..

E)……………………………..

F)……………………………..

G)…………………………….

11. Нашақорлық пен уытқорлық сатыларын дұрыс бірізділікпен орналастырыңыз

  1. физикалық тәуелділік

  2. ақырғы

  3. рухани тәуелділік

12. Маскүнемддіктің көріністеріне жатады (5)

A) рухани тәуелділік синдромы

B) физикалық тәуелділік синдромы

C) доғару синдромы

D) өзгерген реактивтілік синдромы

E) ішімділік галлюцинозы

F) экзофтальм

2 тақырып. ЗАҚЫМДАНУҒА ЖЕРГІЛІКТІ ЖӘНЕ ЖАЛПЫ ӘСЕРЛЕНІСТЕРІ (4 сағ)

Сабақтың мақсаты:

  • тақырып материалдарын өздігінен оқып өзін өзі дамыту құзыреттілігін қалыптастыру

  • алған білімін ситуациялық есептер шығарғанда қолдану машығын қалыптастыру

  • Әдебиет көздерімен және internet сайттарымен жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру

Тапсырмалар:

  1. Тақырыптың негізгі сұрақтары бойынша меңгеру:

  • Жасушаның бүлінуі, анықтамасы. Жасушаның жіті және созылмалы бүліністерінің сатылары.

  • Жасуша өлімінің түрлері. Некроз және апоптоз, даму тетіктері.

  • Жасуша бүліністерінің арнайы және арнайыланбаған көріністері, даму тетіктері. Жасуша мембранасы бүлінулерінің патогенезі.

  • Бүліністер кезіндегі жасушадағы теңгерілулік тетіктер. Патогенді жайттардың әсеріне жасушаның төзімділігін арттыратын және зақымданған жасушада қалпына келтіру үрдістерін күшейтетін алдын алу және емдік шаралардың патогенездік негіздері.

  • Жалпы адаптациялық синдром (стресс), себептері, кезеңдері, даму тетіктері. Стрестің қорғаныстық – бейімделулік және дерттуындатулық маңызы. Адаптация дерттері туралы түсінік.

  • Сілейме. Этиологиясы және патогенезі бойынша жіктелуі. Жарақаттық сілейме, себептері, сатылары, қанайналымы және микроциркуляцияның өзгерістері.

  • Кома, түрлері, даму тетіктері.

СӨЖ-ді орындаудың түрі:

  • материалды өзбетінше оқып-үйрену, есептер шығару, тестілеу

Орындаудың нышандары:

  • есептер бойынша қорытынды, тест тапсырмаларының жауаптары

СӨЖ-ді тапсыру мерзімдері

Семестр ішінде

СӨЖ-ын бағалау нышандарын «СӨЖ бағалау критерийлері» бөлімінен қараңыз

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]