Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

ИВЛ каз

.doc
Скачиваний:
47
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
1.31 Mб
Скачать

Өкпені жасанды желдету

Өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) газ алмасу бұзылысын қалпына келтіретін, күшті және маңызды вентиляциялық сипатымен ерекшеленетін әдіс.

ӨЖЖ шұғыл жүргізу көрсеткіштері: жіті тыныс жетіспеушілігінің III дәрежесі-комада немесе айқын қозғыштықта, цианозбен бірлесіп жүретін ентігу, қан айналымның ауыр бұзылыс-тары (гипотония, тахи- немесе брадиаритмияларда), қарашықтың кеңеюі, тыныс бұлшықеттерінің қатысуымен, консервативті емнің нәтижесіздігінен әр түрлі этиологиялы гиповентиляцияларда (апноэ).

ӨЖЖ- нің ең қарапайым түрі экспираторлы әдіс («ауыздан ауызға», «ауызбен мұрынға» және бір мезгілде «ауызбен мұрынға» үрлеу) негізінен госпитализация алды кезеңде қолданылады және ешқандай аппаратураны қажет етпеуі, мұның үлкен жетістігі болып табылады.

Көбінесе жасанды тыныс «ауыздан ауызға» (1 сурет) үрлеу әдісі кеңінен қолданылады. Бұл біріншіден мұрын жолдарынан ауыз қуысын тазалау оңайлығын, ал екіншіден ауаны үрлегенде кедергілік аз екендігін түсіндіреді.

«Ауыздан ауызға» ӨЖЖ жасау ережесі: реаниматор дем алып, науқастың мұрын жолдарын екі саусақпен немесе өзінің бетімен жауып, ернімен науқастың аузын толық жабады, сосын науқас өкпесіне дем жібереді. Артынан реаниматор ауаның өкпеден шығуы үшін, өзінің басын алады. Жасанды тыныс циклінің жиілігі науқас жасына байланысты. Негізінде ол физиологиялық жасқа жақын болуы керек. Мәселен, жаңа туған нәрестеде ӨЖЖ жиілігі минутына шамамен 40, ал 5-7 жастағы балаларда 24-25 рет жүргізілуі тиіс. Үрленетін ауа көлемі баланың жасына және физиологиялық дамуына байланысты.Кеуде клеткасының қозғалыс амплитудасы қажетті көлемнің критериі болады.

Сурет 1. Ауыздан ауызға жасанды дем беру

«Ауыздан мұрынға» жасанды дем беру: ауыз айналасында максимальді герметика бермейтін жарақат болған жағдайда жасалады. Бұл әдіс ауаны мұрынға үрлеп, ауызды тығыз жабу арқылы ерекшеленеді. Бір уақытта «мұрынға және ауызға» үрлеу әдісі жаңа туылған нәрестелерге де жасала береді. (2 сурет)

Сурет 2. Жаңа туылған нәрестелерге бір уақытта «мұрынға және ауызға» үрлеу әдісі.

ӨЖЖ жүргізу кезінде дәрігерлік көмек көрсету этапында (Амбу) тыныс алатын қапшығы немесе автоматты респираторлар қолданылады. (3 сурет)

Сурет 3. Өкпенің жасанды желдету аппараты Ambu® Baby

Тыныс алатын қаптың қазіргі заманға сай модификациясының үш міндетті бөлігі бар:

• пластикалық немесе резеңкелі қап өзінің эластикалық сапасына немесе эластикалық қаңқасына байланысты басқаннан кейін өз қалпына келеді;

• өткізгіш клапаны, ауаның атмосферадан қапқа түсуі (қалпына келген кезде) және науқасқа түсуі үшін (қысқан кезде);

• маскаға арналған адаптері бар немесе атмосфераға баяу дем шығаруға көмектесетін интубациялық эндотрахеальді түтікке арналған қайтымсыз клапан.

Қазіргі кезде өзі түзелетін қаптардың көбісі тыныс қоспасын оттекпен қанықтыратын штуцермен жабдықталған.

Сурет 4. Маскалы тыныс алатын қапшықпен өкпені жасанды желдету

ӨЖЖ кезінде дем алатын қаптың ерекшелігі науқас өкпесіне 21% жоғары оттегі бар газды қоспа түседі, және де қолдан жасалған респиратор арқылы жасанды дем алдыру, дәрігердің күшін үнемдейді. Дем алатын қаппен өкпе вентиляциясы науқастың мұрын және ауыз аймағына толық жанасқан бет маскасы арқылы, интубациялық эндотрахеальді түтік немесе трахеостомиялық канюля арқылы жасалады (4 сурет). Автоматты түрдегі респираторлардың көмегімен жүргізілетін ӨЖЖ ең тиімді болып есептеледі.

Сонымен қатар жедел медициналық жәрдем беру бригадалары ӨЖЖ жүргізуге арналған ыңғайлы аппаратпен жабдықталады.

(5 сурет)

Cурет 5. Ауруханаға дейінгі кезеңде ӨЖЖ жүргізуге арналған портативті аппарат

стр. 3 из 3