Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОЭТ метод семинар 2014-2015 (1).docx
Скачиваний:
35
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
182.9 Кб
Скачать

С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА

"ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖӘНЕ ФАРМАЦИЯДАҒЫ ЭКОНОМИКА" МОДУЛІ

ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚҚА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

Тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік өңдеу құрылымы

Курс-1

Пән «Экономикалық теория негіздері», ЭТН 2110

Құрастырған: Жуматай Ж.Ж.

Алматы, 2014

«Денсаулық сақтау және фармациядағы экономика» модулінің мәжілісінде

«__» _________________ 2014ж., хаттама № ___ қарастырылған.

Модуль жетекшісі _____________________ Садыров Г.А.

Тақырып 1. Экономикалық теория пәні және әдістері

2. Мақсаты

  • Экономикалық теория негіздері бойынша білім қалыптастыру

  • Экономикалық теория негіздерін оқу барысында ынталандыруды дамыту.

3. Оқыту мақсаты

  • Сабақ тақырыбына сәйкес жаңа түсініктерді меңгеру.

  • Экономикалық тоерияның құрылымы мен логикасын бекіту.

  • Экономикалық мектептер мен экономикалық ілім бағыттарына салыстырмалы түрде сипаттама беру.

  • Шағын топтарда, тестік тапсырмалармен және пікір сайыс сұрақтарымен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары

1. Экономикалық теорияның пайда болуы және даму кезеңдері.

2. Экономиканы зерттеу пәні ретінде.

3. Экономикалық теорияның зерттеу әдістері.

4. Экономикалық заңдары және категориясы.

5. Білім берудің және оқытудың әдістері: Шағын топпен жұмыс жасау, тесттік тапсырмалар (бақылау сұрақтары).

6. Әдебиет

  1. Шеденов Ө,Қ., Жүнісов Б.А., Байжомартов Ү.С., Комягин Б.И. "Жалпы экономикалық теория" Алматы-Ақтөбе, 2009.

  2. Экономикалық теория бойынша практикалық оқу құралы /профессор Жатқанбаевтың жетекшілігімен/ Алматы, 2006ж. 300 бет.

  3. Әубәкіров Я.Ә., Байжұмаев Б.Б., Жақыпова Ф.Н., Табеев Т.П. Экономикалық теория курсы - Алматы, 2005.

  4. Әубәкіров Я.Ә., Досқалиев С.Ә.,Байжұмаев Б.Б., Жәйшибеков Ж.Қ. Экономикалық теория негіздері. Оқуқұралы - Алматы, Санат, 2004.

  5. Есқалиев М.Д., Өткен кезеңнің ойшыл экономистері және қазіргі көзұарас. Алматы, 2004.

  6. Экономикалық теория (оқу құралы) С. Әкімбаев, А.С. Баймұхамбетов Астана, 2002ж.

7. Бақылау (тесттік тапсырмалар)

1. Қандай анықтама экономикалық теорияның зерттеу пәнін дәл анықтайды?

а) адамның материалдық және рухани қажеттіліктерінің динамикасы туралы ғылым

б) адам іс-әрекетінің құлшыныстары туралы ғылым

в) игіліктерді өндщіру және бөлу туралы ғылым

г) ресурстардың шектеулілігі жағдайында қоғам дамуының жалпы заңдары туралы ғылым

д) ақша ресурстарын басқару туралы ғылым

2. “Политэкономия” терминін өз еңбегінде ең алғаш қолданған кім?

а) адам смит

б) антуан де монкретьен

в) аристотель

г) карл маркс

д) альфред маршалл

3. “Экономикс” терминін өз еңбегінде қолданысқа енгізген кім?

а) Жан Батист Сэй

б) Артур Фон Хайек

в) Альфред Маршалл

г) Джон Мейнард Кейнс

д) Пол Самуэльсон

4. Экономикалық теорияның тарихи ең алғаш қалыптасқан мектебі қандай?

а) марксизм

б) меркантилизм

в) кейнстік ілім

г) классикалық политэкономия

д) монетаризм

5. Байлықтың көзі- ауыл шаруашылығы өнімдері мен табиғи ресурстар деп санаған экономикалық мектеп:

а) физиократтар

б) меркантилизм

в) монетаризм

г) институционализм

д) маржинализм

6. Институционалдық пікір бойынша экономикалық талдауда келесі мәселелер қаралуы тиіс:

а) әлеуметтік

б) этикалық

в) құқықтық

г) саяси

д) әлеуметтік, этикалық, құқықтық, саяси

7. Экономиканың жекелеген субъектілері деңгейінде шектеулі ресурстарды тиімді пайдалануды оқытатын бөлім:

а) микроэкономика

б) менеджмент

в) макроэкономика

г) маркетинг

д) мегоэкономика

8. Экономика ғылымының әдісі түсінігін қамтиды:

а) пәннің құрылымы

б) нақты мәліметтер жиынтығы

в) барлық танымдық құралдарды оптималды пайдалану тәсілдері

г) ғалымның дүниетанымдық ұстанымдары

д) шаруашылық процестер арасында туындайтын байланыстарды дұрыс әрі терең түсінуге мүмкіндік беретін ғылыми құралдар

9. Ғылыми абстракция әдісінің мазмұны қандай?

а) зерттелетін процесс туралы біздің ойымызды кездейсоқ және өтпелі мәліметтерден арылту

б) зерттелетін процестің аса елеулі жақтарын бөліп алып, кездейсоқ және екінші ретті жағдайлардан бас тарту

в) экономикалық процестерді модельдеу

г) тәжірибе жасау

д) зерттелетін құбылысты жекелеген элементтерге бөлу

10. Егер экономикалық жалпылау мәліметтерге сүйенетін болса, онда ол- :

а) бақылау

б) ғылыми абстракция

в) дедукция

г) индукция

д) экономикалық- математикалық модельдеу

11. Экономикалық заңдар дегеніміз не?

а) экономикалық құбылыстардың елеулі жақтарын анықтауға мүмкіндік беретін ғылыми абстракция

б) экономикалық құбылыстар туралы формальды түсініктер

в) өндірістік қатынастардағы елеулі және тұрақты байланыстар

г) себеп-салдарлы байланыстар

д) экономкалық қатынастарды реттейтін құқықтық заңдар

12. Экономикалық категориялар дегеніміз не?

а) өндірістік қатынастардың әртүрлі жақтарын сипаттайтын ғылыми абстракция

б) түсініктерді субъективті бағалау

в) қарапайым пікірлер

г) себеп-салдарлы байланыстар

д) экономикалық құбылыстар туралы формальды түсініктер

13. Макроэкономиканың зерттейтін мәселесі:

а) экономикадағы мемлекеттің рөлі

б) жалпы ұлттық экономикадағы процестер

в) адамзаттың экономикалық дамуының жаһандық мәселелері

г) политэкономия алғаш қалыптасқан кездегі мәселелер

д) баға қою механизмі

14. Дедукция дегеніміз не?

а) экономикалық құбылыстырға тарихи ұстанымды қолдану

б) жекелеген ұстанымдардан жалпы жағдайлар шығару

в) қарапайым пікірлер

г) экономкалық процестерді модельдеу

д) жалпы дағдайлардың негізінде жеке пікірлер шығару

15. Синтездеу әдісін қалай түсіндіруге болады?

а) экономкалық процестерді модельдеу

б) жалпы дағдайлардың негізінде жеке пікірлерді негіздеу

в) тәжірибе жасау

г) жекелеген элементтерді біртұтастылыққа біріктіру және оларды өзара байланыста зерттеу

д) құбылысты жекелеген бөліктерге бөліп зерттеу