Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кейс.аза тілі Балташева Жанна.docx
Скачиваний:
36
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
60.29 Кб
Скачать

Кейс №1 Әлеуметтік жұмыс

Әлеуметтік жұмыс – жеке адамдардың әлеуметтік мәселелерін, ең алдымен әлеуметтік жәбір шеккен жеке тұлғалар мен коғамдық топтардың әлеуметтік мәселелерін шешуге, азаматтардың әлеуметтік кепілдігі бар құқықтары мен қажеттіліктерін қамтамасыз етуге, әлеуметтік қызметін атқару қабілетін қалпына келтіруге немесе көтеруге қолайлық туғызатын жағдайлар жасауға бағытталған кәсіптік іс-әрекеттің ерекше, бірлестірілген, пәнаралық түрі.

Әлеуметтік қызмет көрсету- бір өзі еңсере алмайтын қиын тұрмыстық жағдайдағы (мүгедектік, жасының ұлғаюына, сырқаттығына байланысты өзін-өзі күтуге қабілетсіздік, жетімдік, қараусыз қалушылық, аз қамсыздандырылушылық, жұмыссыздық, белгілі бір түрғылықты мекенінің жоқ болуы, отбасында қатігездікпен қарауы, жалғызіліктілік, т. б.) азаматтарды әлеуметтік қорғау, әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-медициналық, психологиялық-педагогикалық, әлеуметтік-құқықтық қызметтер менматериалдық көмек көрсету, әлеуметтік жерсіндіру және сауықтыру жөніндегі әлеуметтік қызмет орындарының қызметі. Демек «әлеуметтік қорғау» дегеніміз мемлекеттің әлеуметтік кепілдігімен заңды қойылған қағидалалр, ережелер, әдістер жүйесі, түрлі әлеуметтік санаттар мен топтардың өмір сүру жағдайын ұсыну бойынша, тұтынушылықтарын қанағаттандыруға, тұлғаның өмірін қамтуды жане әрекетті тірлігін қолдау; азаматтардың нормалы өміріндегі тәуекел жағдайына қарсы бағытталған мемлекет пен қоғамның шаралар, әрекеттер, қаражаттардың жиынтығы (ауру, жұмыссыздық, кәрілік, асыраушысының қайтыс болуы, мүгедектік және т.б.); экономикалық ауыспалылық кезеңіне байланысты өмір сүру деңгейінің төмендеу жағдайында халықтың әлсіз санаттарын мемлекетпен кепілденген материалдық қолдаудың минималды деңгейін қамтамасыз ету бойынша әлеуметтік-экономикалық және құқықтық мінезді мемлекеттік шаралар кешені.

Тапсырмалар:

1.Мәтінді мәнерлеп оқыңыз, мазмұндаңыз.

2. Мәтіннен термин сөздерді теріп жазыңыз.

3. «Әлеуметтік жұмыс» сөзіне фонетикалық талдау жасаңыз.

4. Мәтін бойынша 3-5 сұрақ құрастырыңыз.

5. Әлеуметтік жұмыс дегеніміз не?

6. «Әлеуметтік жұмыс» мамандығына сәйкес сөздерді теріп жазыңыз.

7. Әлеуметтік қызмет көрсету құрамына не кіреді?

8. Әлеуметтік қызметінің маңызы қандай?

Кейс №2 Әлеуметтік жұмыс теориясының даму тарихы.

Әлеуметтік жұмыс, қоғамдық құрылыс ретінде қалыптаса отырып, қоғамдық институт болып табылады және адамдардың қызмет сферасы біртіндеп жан- жақты ғылыми зерттеудің, объктісіне айналды, және ХХ ғ. соңына қарай қоғамдық өмірдің осындай құбылыстарының ғылыми түсінуі және теория тарихы туралы айтуға болады, бұл тарих тек қана қоғамның “әлсіз” топтарын әлеуметтік қорғау практикасы мәселесінің теориялық меңгеруі мен ғана емес, сонымен қатар теориялық білімнің өзіндік дамуымен, эвалюциясын, және жеке ғаламдардың қызметімен тікелей байлансты. Шетелдің ғылыми дәстүрінде көптеген жұмыстар бар. Мүнда әлеуметтік жұмыстарды теориялық зеттеу тарихы мәселесі қарастырылған, және ол туралы ғылыми ойлар эвалюциясы көрініс алады.

Шетелдердегі әлеуметтік жұмыс тарихына шолуларда оның мамандық ретінде қалыптасуы қайырымдылық қоғамдардың дамуы және қалыптасуымен байланыстырылады. ХІХ-ХХ ғғ. ІІ жартысындағы әлеуметтік жұмысқа байланысты ерте кездегі теориялық еңбектерде тұлғаның әлеуметтік – тұрмыстық және материялдық жағдайын жақсарту, түзету қабілетіне әлеуметтік көмек субъектісінің әсер ету тиімділігі қарастырылады. Отбасына көмек көрсету, қоғамның, мемлекеттің, соңдай-ақ түлғаның моральді міндеті ретінде болады.

ХІХ-ХХ ғғ.-әлеуметтік жұмыстың ғылыми зерттеу тенденцияларының дамыған кезі және оның шетелдерде теориялық қатынасқан шағы болып саналады. Осы кезеңде “Ғылыми әлеуметтік жұмыс” дамыды, осыған 1915-1920 жж. Мерри Ричмодтың еңбектері мысал бола алады. Мерри Ричмонд әлеуметтік жұмыс сапасын зерттеудің, бағалаудың үлкен жүйесін, және әлеуметтік жұмыскер шешуші қажет. Әлеуметтік мәселелерді диагностауды ұсынды, әлеуметтік жұмыс теориясының даму тарихындағы бұл дәстүр қайырымдылықтың түрлі формулаларын түсінуге сүйене отырып, этикатерапевті болып ұсынылуы мүмкін. Әлеуметтік жұмыс тәжірибесінің ғылыми қалыптасу деңгейін көтеруге талпыныс негізінде, 20-30 жж. өзінде 3, Фрейд және оның ізбасарларының психоаналитикалық идеялары әлуметтік жұмысты териялық түсінудіруде психоаналитикалық құрылыстарды алдынғы орынға қойды.